Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
(қазақ көркем прозасының материалдары бойынша)
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І Тарау. Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық мәселелері
І. 1. Мәтінді зерттеудің жалпы теориялық мәселелері (қысқаша шолу)
І. 2. Мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні
І. 3. Мәтіннің ақпараттық мазмұны. Әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық ерекшелігі
І. 4. Композициялық-сөйлеу формалары. Әңгімелеудің өзге мәтін түрлерімен арақатынасы
ІІ Тарау. Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
ІІ. 1. Әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігі
ІІ. 2. Әңгімелеу мәтінінің тақырыптық-мағыналық түрлері
ІІ. 3. Әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы
ІІ. 4. Әңгімелеу мәтінінің стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөйлеудегі «жанды тілдің» өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Себебі шынайы тіл ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімдеген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады. «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» (А. Байтұрсынұлы) . Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында жинақталған. Мәтін - сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Оның қазақ мәтіні табиғатын танып-білуде айрықша маңыздылығын көруге болады. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Мәтін мәселелері Р. Сыздық, М. Закиев, Т. Қордабаев, Б. Шалабай, С. Құнанбаева, С. Мұстафина, Ж. Жақыпов, С. Мұсаев, А. Жұбанов, М. Серғалиев, Б. Мүсірепова, А. Таусоғарова, Б. Райымбекова, Ф. Жақсыбаева, Ж. Қайшығұлова, З. Ерназарова, О. Бүркіт, Г. Әзімжанова, Г. Смағұлова, Д. Әлкебаева, М. Ахметова т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қазақ мәтіні мәселелері сөз болды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа ғылымдардың пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет. Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени, мәтінді оқытуға қатысты зерттеулерге тірек болатыны анық.
Мәтін лингвистикасында зерттеуді аса қажет ететін маңызды мәселелердің бірі - әңгімелеу мәтінінің тілдік және стилистикалық ерекшелігі мәселелесі жатады. Әңгімелеу - тұтасым, байласым және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық-сөйлеу формаларының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнын құраушы бірлік ретінде әңгімелеу мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық, психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды бойына сақтаған категория болып есептеледі. Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Осы орайда зерттеу жұмысының қажеттілігі және өзектілігі көрінеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, сонымен қатар, әңгімелеу мәтінінің көркем прозалық шығармалардағы қолданысын, стилистикасын зерттеуге бағытталуымен ерекшеленеді. Әңгімелеу мәтінінің сөйлеу композициясы тұтастығындағы қызметі мен жүзеге асу тетіктерін анықтауымен өзекті болып табылады.
Аталған мәселелер қазақ мәтін теориясының толыға түсуіне үлес қосады.
Зерттеудің мақсаты көркем мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің бірі ретінде әңгімелеу мәтінінің құрылымдық-стилистикалық ерекшелігін анықтау болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысы өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздеді:
- әңгімелеу мәтінін зерттеуге тірек болатын теориялық тұғырларды анықтау;
- мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге ала отырып, әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ақпараттық-мазмұндық, композициялық және стилистикалық тұрғыдан ұйымдасу ерекшелігін анықтау;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы мағыналық-тақырыптық түрлерін анықтап, олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау;
- әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің нысанына қазақ көркем прозасындағы әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық-стилистикалық ерекшелігі алынды.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста мәтін лингвистикасына арналған зерттеулердегі ой-пікірлерді түсіндіру, жинақтау, салыстыру, талдау, топтастыру, жүйелеу, сипаттау, эксперимент, модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары ретінде 3000-ға жуық монологтық сөйлеу түріндегі мәтіндері «таза» және өзге мәтінтүзуші мүшелермен «аралас» қолданылған түрде көркем шығармалардан алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ХХ ғасыр қазақ көркем прозасының көрнекті өкілдерінің шығармалары алынды.
Зерттеудің теориялық-әдістанымдық негізін мәтін лингвистикасы, мәтін стилистикасы мен прагмастилистикасы, психолингвистика, тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші А. Байтұрсынұлы, В. В. Виноградов, В. В. Одинцов, М. П. Брандес, И. Р. Гальперин, Г. Я. Солганик, О. А. Нечаева, И. О. Москальская, Г. А. Золотова, Л. С. Выготский, М. М. Мұқанов, М. Жинкин, Лурия, Е. А. Реферовская, И. Я. Чернухина, М. П. Брандес, О. Н. Гришина, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Ә. Т. Қайдар, Р. Сыздық, Т. Қордабаев, Е. Н. Жанпейісов, Т. С. Сайрамбаев, С. С. Құнанбаева, Б. Шалабай, Ж. А. Жақыпов, С. С. Мұстафина, З. Ш. Ерназарова, Г. М. Әзімжанова, Ж. Т. Қайшығұлова сынды қазақ және шетел тіл білімі ғалымдарының мәтін теориясына, мәтіннің психологиясына, сөйлеу әрекеті теориясына, көркем проза тілі, көркемдік даралық мәселелеріне қатысты айтқан ой-пікірлері құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған көркем әдебиет стиліндегі әңгімелеу мәтіні мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылды;
- әңгімелеудің көркем шығарма мәтінін құраушы бірлік болып саналатыны әрі аяқталған мағыналық тұтастық екендігі дәлелденді;
- әңгімелеу мәтіні ақпараттық-мазмұндық жағынан белгілі бір қатысымдық бағыт-бағдары бар, соған сәкес құрылымдық және композициялық ерекшелігі, өзге мәтін түрлеріне ұқсамайтын мәтін түрі екендігі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық ерекшелігі және олардың қызметі анықталды;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы қолданысы, көркем шығарманың стилистикалық композициясын, эстетикалық тұтастығын жасауға қатысы талданды;
- әңгімелеу мәтінінің субъективтік және объективтік уақытқа қатысты тақырыптық-мағыналық түрлері анықталды;
Зерттеудің теориялық мәні. Мәтіннің бір түрі әңгімелеуді зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар көркем мәтіннің құрылымдық және стилистикалық ерекшелігін тануда, оның өзге мәтін түрлерінен (ойталқы, суреттеу) тілдік-стилистикалық айырмашылық-белгілерін айқындауда және жалпы мәтін лингвистикасы мәселелерінің толығуына үлес қосады. Сонымен бірге қазақ мәтінін оқытудың лингвистикалық-теориялық негіздерін анықтауға үлес қосады.
Зерттеудің практикалық мәні. Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімінің салаларын (фонетика, лексика, грамматика) оқытуда, көркем әдебиет стилистикасы, прагмастилистика, функционалды грамматика, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау бойынша оқылатын дәрістерде және арнайы курстарда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- КСФ - әңгімелеу мәтіні - оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін, мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі;
- әңгімелеу мәтіні құрамындағы сөйлем-айтылымдар негізінен тізбектік, сонымен қатар, параллельдік синтаксистік байланысқа құрылып, Бастауыш→Бастауыштық, Баяндауыш→Бастауыштық, Бастауыш→Толықтауыштық, Бастауыш→Анықтауыштық синтаксистік байланысу тәсілдері негізінде жасалады;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы өзіне тән грамматикалық құрылымдармен ерекшеленетін аңдату, мазмұндау, қорыту бөліктерінен тұрып, аңдату бөлігінің қимыл мәнді, мезгіл мәнді, мекен мәнді мағыналық түрлері ажыратылады; әңгімелеу мәтінінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігінің арасында қарама-қарсылық, анықтап-нақтылау, салыстыру, шарттылық, себеп-салдарлық логика-семантикалық қатынас түрлері болады;
- әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері болады;
- әңгімелеу мәтіні мәтінтүзуші бірлік ретінде көркем шығарманың эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық композициясын жасауға қатысып, стилистикалық қызмет атқарады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері « », « », « » ғылыми-практикалық конференцияларда, ғылыми баспаларда 6-мақала түрінде жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен көркем шығарма тізімі берілді.
І Тарау. Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық мәселелері
1. 1. Мәтінді зерттеудің жалпы теориялық мәселелері (қысқаша шолу)
Қазіргі кезде тілдік ғылыми ой-сананың дамуында бірімен бірі тығыз байланысты бірнеше үрдістің қалыптасқандығы байқалады. Олар: экспансионизм (бірнеше ғылымдардың тоғысуы арқылы жаңа «қосарланған» ғылымдардың пайда болуы), антропоцентризм («тілдегі адамды» жан-жақты тануға бағытталған), функционализм (тілдің қолданысын, қолданыс барысындағы мағынасын зерттеуге бағытталған) және экспланатарлық. (Э. Д. Сүлейменова. 3-4-беттен)
Мәтін лингвистикасы интегративтік сипаттағы даму үстіндегі экспансионизм бағытындағы зерттеулердің қатарынан орын алады. Себебі қазіргі таңдағы тілдік зерттеулер тек бір ғана саланың төңірегінде шектеліп қалмай, өз ішінде және сырттай басқа пәндердің ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Соның ішінде мәтін категориясы тек синтаксистің еншісіндегі ұғым емес, ол жан-жақты талдауды қажет ететін көп қырлы күрделі ұғым.
Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасып, бүгінде өзінің дұрыс даму жолына түскен жеке сала ретіде таныла отырып, өркениетті ғылыми ой-санадағы үлкен бір белестен хабар береді. Сондай-ақ, ол әлемдік гуманитарлық, философиялық пайымдаулардың ең алғашқы басқышы ретінде, аталған бағыттардың өріс алуына себепкер болатын тікелей шындық қалпында қабылданады. Әдіснамалық негізі коммуникациялық қатынас ұғымдарынан тұратын тілдің коммуникативтік іс-әрекет концепциясы адамзат танымындағы осы маңызды фактор қызметін атқарады, бұл мәтінің әр түрлі функционалдық қабаттарының жекелеген ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, жүйелік қаңқасын жобалауға итермелейді. Мәтін лингвистикасы «тілді әуел бастан қарым-қатынас құралы ретінде қарастырудың бірізді-логикалық дамуының нәтижесі» болып табылады.
Мәтін лингвистикасы мәселелері қазақ тілі білімінде соңғы жылдары кеңінен қарастырыла бастады. Р. Сыздық, М. Закиев, Т. Қордабаев, Б. Шалабай, С. Құнанбаева, С. Мұстафина, А. Таусоғарова, Б. Райымбекова, Ф. Жақсыбаева, Ж. Қайшығұлова, З. Ерназарова, О. Бүркіт, Г. Әзімжанова, Г. Смағұлова т. б. көптеген қазақ ғалымдарыны зерттеу еңбектерінде мәтін мәселелері әр қырынан қарастырылды. Дегенмен, мәтінді зерттеу мәселесінде әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Солардың бірі - әңгімелеу мәтіні және оның тілдік-стильдік табиғаты мәселесі болып отыр.
Әңгімелеу мәтіні бұған дейін жалпы мәтін аясында, композициялық-сөйлеу формалары аясында қарастырылып келгенмен, арнайы зерттеу нысанына әлі айнала қойған жоқ.
Жалпы мәтін - адамзаттың тілдік қарым-қатынасындағы алғышарттар мен оның ұйымдастырылу ұстанымдары туралы ғылым. Мәселе төңірегіндегі қарқынды да жемісті ізденістер дәстүрлі тілдік лингвистикадағы стилитстика, соның ішінде көркем әдебиет, ғылыми стилъдер саласында жүйелі сипат алып келеді. Мұны сан алуан көзқарастар мен ұстанымдарды, қағидалар мен тұжырымдамаларды тірек ететін ғалым-мамандардың тақырып төңірегіндегі өзекті мәселелерге арналған ғылыми еңбектерінен, монографиялар мен ғылыми-танымдық мақалалардан, оқу құралдарының жарық көруімен, сондай-ақ мәселенің даму бағдарына арналған конференциялар мен симпозиумдардың өткізіліп жатқанынан бағалауға болады. Тіл зерттеушілерінің мәтін мәселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мәселесіне деген ықыласын аңдатады. Мұның астарында тілдік тұлға мен адамзаттың әлемдік образын ашу, тану ниеті жатқаны жасырын емес. Себебі, әрбір мәтінде тілдік жүйеден хабары бар тілдік тұлғаның әрекеті орын алады.
Мәтін табиғатына деген қызығушылықтың кездейсоқтық еместігін дәлелдейтін факторлар баршылық: тілдің қазіргі тіл біліміндегі көзқарастар тұрғысынан қарағанда, өте ауқымды да салмақты құбылыс екенін, коммуникацияның құрамдас бөлігі болып табылатынын түсіндіруге деген талпыныс, мәтін арқылы жүзеге асырылатын адамзат іс-әрекетінің түрлі жақтарымен тілдің өзара айланысын зерттеп тануға деген қадам, сонымен қатар, мәтін арқылы жанды әрі сан қырлы болып келетін тіл болмысын ашуға, оның заңдылықтарын меңеруге деген талап-ниет арқылы уәжделеді. Сондықтан, тілдік зертте пәні ретінде оның басты әрекетінің бірі - мәтінді ұйымдастыру қызметіне тоқталудың өзектілігі орасан.
Мәтін - өте күрделі де қайшылықтарға толы тұтасқан құрылым. Осы тұтастықтың ұйымдасуына негіз болатын - оның композициялық-құрылымдық формалары. Композициялық құрылымдық формалар - мәтіннің негізгі құраушы компоненттері. Мәтінде баяндалатын мәселе, көрініс түрлі мағлұматтар осы формалардың өзара құрылымдық-мағыналық байланысуының нәтижесінде бейнеленеді. Бұл көбінесе, көркем әдебиет мәтіндеріне тікелей қатысты.
Көтеріліп отырған өзекті мәселе туралы көрнекті ғалым М. М. Бахтиннің «Текст естъ как первичная данностъ гуматинарно-философского мышления и является той непосредственной действителъностъю, из которой толъко и могут исходитъ эти дисциплины» деген пікірі бүгінде мәтін лингвистикасы аталып отырған жаңа ізденіс бағытына жол ашатын бағдарлама бола алды. (201-беттен. Бахтин М. М. Проблема текста в лингвистике, филолгии и других гумаитарных науках. -В кн. Эстетика словесного творчества. М., 1979) . Бұл пікірді неміс ғалымы З. И. Шмидт те қолдай отырып, мәтіннің ең алғашқы құрылымдық тұтасқан, базалық категория екендігін айтады. (Бахтин М. М. сонда 91-бет) . Қазіргі кездегі зерттеушілердің еңбектерінен де мәтіннің алъфа мен омега екендігін баяндайтын тұжырымдамаларды келтіруге болады. (Шмидт. 371-б) . Олардың пікірінше, тілдің ең басты бірлігі сөз немесе сөйлем емес - мәтін болып табылады. Тек мәтіннің өзі ғана жанрға тәуелсіз, дербес тілдік тұтастық құрайды.
Мәтін теориясы саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан неміс лингвисті П. Хартманның пікірлері де қазіргі қазақ ғалымдарының мәтін туралы тұжырымдарына негіз болып жүр. «Қазіргі кезде мәтінді зерттеуге бағытталған лингвистика қалыптасып үлгерді, бұл лингвистикалық сала тілдік зерттеулер ішіндегі аса үлкен екпінмен дамып, ғылымға айта қаларлықтай жаңалықтар әкеліп жатқан ғылыми майдан. Ол лингвистика мәселелерінің диапазондық аумағын кеңейте отырып, барлық лингвистикалық идеялардың - өткен, бүгінгі және алдағы ой-пікірлердің басын қосады. Тіл білімінің бұл саласы болашақ лингвистикалық ізденістерге бағдар бола алады» деген пайымдаулары бүгінгі тіл білімінің даму бағыт-бағдарын дәл сипаттайды (Қашқынбаева Қ. С. 207беттен) .
Жалпы тіл білімінде тіл теориясының жалпы мазмұндық аспектісі әр түрлі бағытта қарастырылады. Мәселен, В. В. Виноградов, Л. В. Щерба, В. М. Жирмунский, Б. А. Ларин, С. Д. Кацнелъсон еңбектерінде тіл шынайы практикалық сана ретінде қарастырылады, тілдің санамен, мәдениетпен, психологиялық әрекетпен байланысы сөз болды. Сол кездің өзінде аталған ғалымдар мәтін ұғымы туралы нақты тұжырымдамалар жасамағанмен, мәселенің алғышарттарын ашып үлгерді. Мұны Л. В. Щерба негіздемесіндегі үш жақты жүйенің тілдік материал ұғымына сүйенетін дискриптивистердің пікірлерінен байқауға болады.
Мәтін лингвистикасы өз кезегінде бірқатар тілдік пәндермен байланысып, өзара сабақтасып жатады. Соның ішіндегі, ғылымда жиі айтылып, әдістанымдық, теориялық тұрғыдан жүйелік сипат алып келе жатқаны - мәтін лингвистикасы мен лингвостилистика. Лингвостилистика саласының объектісі, зерттеу пәні - мәиін типтерін айқындау, оларға сипаттама беру болып табылады. Функционалдық лингвистиканың лингвостилистикадағы ең маңызды тараулардың бірі екені белгілі. Екінші жағынан, мәтіндердің типін анықтау, мәтін деңгейіндегі типологиялық құрылымды жүйелеу мәтін лингвистикасының жетекші бөлімі болып таблады. Сондықтан мәтін лингвистикасы мен лингвостилистиканың зерттеу обсерваториясы әрдайым бір арнаға келіп, тоғысып жатады.
Лингвостилистиканың маңызды мідеттерінің бірі ретінде тілдің экспрессивтік құрамдарының зерттелуін атауға болады, яғни әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің экспессивтік-эмоционалдық потенциалын қарастыру және оның сөйлеу әрекеті кезіндегі жүзеге асырылуын қарастырылуы. Бұл стилистикалық парадигматика мен синтагматиканың өзара әсеін көрсетеді. Отандық тіл білімінде стилистика мен мәтін лингавистикасының өзара байланысы изоляцияланбаған тілдік бірліктерді зерттеуге деген жалпы талпынысқа мүмкіндік бергені байқалады (Гальперин И. Р. Проблемы лингвистики // Новое в зарубежной длингвистике, Вып ІХ. М, 1980. Косерну Э. Серия литературы и языка, 1977. №6) .
Қазіргі таңда мәтін лингвистикасының даму бағыты ретінде қалыптасып келе жатқан бірнеше ағымды атауға болады.
1. Негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе ретіндегі мәтіндік зерттеулер.
2. Мәтін типологиясын коммуникативтік көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге құрастыру.
3. Мәтінді құрайтын бірліктерді қарастыру.
4. Ерекше мәтіндік атегорияларды анықтау.
5. Мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің жүзеге асырылуының әр түрлі деңгейлерін айқындай.
6. Фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу.
Мәтін лингвистикасындағы өзге салалар туралы Қ. С. Қашқынбаева неміс лингвисті П. Хартманның мынадай жіктемесі барын алға ттартады:
1) жалпы мәтін лингвистикасы;
2) нақты мәтін лингвистикасы;
3) мәтін типологияларының лингвистикасы (209беттен)
Ал, белгілі неміс ғалымы Э. Косериудің пайымдауына сүйенсек, мәтін лингвистикасы лингвистикалық ой-санадағы, құрылымдық-функционалдық және генеративтік-трансформациялық лингвистикамен қатар тұратын негізгі үш бағыттың бірі болып саналады. (Косерну Э. Современное положение в лингвистике. - Известие АНССР. Серия литературы и языка, 1977, № 6. 17 бет) . Ол жеке дербес тіл білімінің саласы ретінде жаңа ғана қанат жайып келе жатқанына қарамастан, тілдік мәселелерінің ауқымдылығы жағынан жоғарыда аталған ғылым салаларымен иық тірестіре алады.
Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З. Я. Тураева оның қазірде белгілі болған мынадай түрлерін көрсетеді:
1) онтологиялық аспект - мәтіннің өмір сүру формасы, оның мәртебесі, статусы, ауызекі сөйлеу тәсілінен айырмашылығы;
2) гносеологиялық аспект - мәтіндегі объективті шындықтың көріну сипаты, көркем мәтін жағдайында - эстетикалық шындықтың нақты әлемдегі көрінісінің сипаты;
3) жеке лингвистикалық сипат - мәтінді тілдік рәсімдеу сипаты;
4) психологиялық аспект - қабылдау сипаты;
5) прагматикалық аспект - мәтін авторының объективтік шындыққа және мазмұндық материалға деген қаарым-қатынасының сипаты (Тураева З. Я. Лингвистика текста. М. : Просвещение, 1986. 8-бет) .
Әрбір аспектіні жеке-жеке қарастыра отырып, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
1. Мәтінді жоғарғы дәрежелік деңгей ретінде зерттеп тану - мәтіннің сөйлемдегі қарапайым құрылымнан ерекшеленетін, күрделі тұтасқан құрылымдық-семантикалық бірлік екенін көрсетеді. Коммуникативтік тұтастықпен жымдасатын бұл бірлік мағыналық, грамматикалық жақтан аяқталған тұтас ой, логикалық, грамматикалық және семантикалық байланысқа түскен бір бүтін ретінде қабылданады. Мәтіннің ауқымды құрылымдық базасын құрайтын сыртқы және ішкі құрылымдық қарым-қатынастарды бақылау - зерттеудегі ең жемісті бағыттардың бірі болмақ.
2. Мәтін типологиясын құрастыру объектінің өзіндегі қайшылықтар мен үздіксіз байқалып жататын вариативтік секілді едәуір қиыншылықтар мен кедергілердің бары екенін алға тартады. Дегенмен, аталған бағытта айта аларлықтай жемісті еңбектер де жоқ емес. Тіл білімінде бүгінгі күнге дейін ертегілер, балладалар, лирикалық өлеңдер мен мифтер, детективтер, қысқа газет мақалалары мәтіндерінің коммуникативтік, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінің сипаттамасы жасалған.
Бір ғана функционалдық стилъге жататын мәтіндердің типіне сипаттама жасаумен қатар, мәтін типологиясын жүйелеудің басқа да өлшемдері бар екені байқалады. Мәселен, Г. В. Ейгер, В. Л. Юхт мәтін типологиясына деген екі түрлі жолды нұсқайды:
1) біріншісі мәтіндегі өзара үйлесімділіктің типіне сипаттама жасауға, сондай-ақ мәтіннің коммуникативтік ұстанымдары мен құрылымдық семантикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәтін элементтерінің өзара байланысына негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz