Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Экономика және бизнес» факультеті

«Қаржы» кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары.

Қаржы мамандығы, 2-курс күндізгі магистратура бөлімінің магистранты

Рахимбаева Лаура Абилкасымовна

Сын-пікір беруші:

э. ғ. к., доцент Жоламанова М. Т.

ЕвразИР.

Ғылыми жетекші:

э. ғ. к., доцент Бохаев Д. Т.

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі,

э. ғ. к., доцент Ермекбаева Б. Ж.

Хаттама № __қаулымен __ 2006-ж.

Алматы, 2006ж.

Мазмұны:

Кіріспе 4

Негізгі бөлім

1. Банктердегі депозиттік операциялардың теориялық негіздері. 6

1. 1. Депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлері. 6

1. 2. Қазақстан Республикасының депозит нарығының

қалыптасуы мен ерекшелігі. 18

1. 3. Депозиттік операциялардың шетелдік тәжірибесі. 26

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық

банктердің депозиттік операцияларының қазіргі жағдайы.

2. 1. Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау. 36

2. 2. «Валют-Транзит банкі» іс-тәжірибесінің

депозиттік операцияларын бағалау. 49

2. 3. ҚР депозиттерді сақтандыру Қорының қызметін талдау. 60

3. Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды

жетілдіру жолдары.

3. 1. Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың

хұқықтық негізі. 69

3. 2. Депозиттік саясат және оның коммерциялық

банктердегі қолданылуы. 78

3. 3. ҚР депозит нарығының құралдары және оларды

жетілдіру жолдары. 88

Қорытынды 93

Қолданылған әдебиеттер тізімі 95

Реферат

Тема работы: Формирование и пути совершенствования депозитных операций коммерческих банков Республики Казахстан.

Актуальность работы состоит в том, что депозиты составляют основную часть средств, используемых для осуществления активных операций коммерческого банка.

Магистерская работа состоит из 96 страниц, использованной литературы, 22 графиков и 7 рисунков.

Цель работы - определить пути совершенствования депозитных операций коммерческих банков.

Исходя из этой цели определены следующие задачи:

  • рассмотрение понятий и видов депозитных операций;
  • определение особенностей депозитного рынка Казахстана и зарубежа;
  • современное состояние депозитных операций банковской системы Казахстана;
  • исследование депозитных операций «Валют-Транзит Банка»;
  • анализ деятельности Фонда гарантирования депозитов;
  • предложения по совершенствованию инструментов депозитного рынка Казахстана.

Объекты исследования - виды, современное состояние и механизм осуществления депозитных операций коммерческого банка.

Субъекты исследования - коммерческие банки, Фонд гарантирования депозитов.

Методологические и теоретические основы работы - исследования отечественных и зарубежных экономистов по депозитным операциям. Были использованы труды Ғ. С. Сейткасимова, Н. Н. Хамитова, У. М. Искакова, Б. Ж. Ермекбаевой.

Новизна научной работы - определено, что некоторые условия депозитных операций банков второго уровня Республики Казахстан требуют внесения дополнений. В результате исследования полученные данные показали, что дальнейшее совершенствование депозитного портфеля позволит увеличить депозитную базу коммерческого банка.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттік операциялар жалпы банктік операциялардың ішінде өздігінше маңызды роль ойнайды. Коммерциялық ұйым түрлерінің бірі ретіндегі банктік мекеменің спецификасы оның ресурстарының көп бөлігі меншікті капиталы есебінен емес, тартылған қаражаттардың есебінен құралатындығында болып табылады.

Коммерциялық банктер шаруашылық қатынастардың басқа субъектілері тәрізді өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі-бір ақша қаражаттарын иеленуі керек. Қазіргі кезде ресурстарды қалыптастыру мәселесі алдыңғы қатарға қойылады. Өйткені, банк қызметінің көлемі ресурстардың көлеміне байланысты. Банктік ресурстар оның иелігіндегі және активтік операцияларды жүзеге асыруда қолданылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығы болып табылады.

Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары) болып табылады.

Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды роль ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізуінен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты. Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктің депозиттік операцияларын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Аталған мақсаттан шыға отырып, жұмыстың келесі міндеттерін анықтаймыз:

- депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлерін қарастыру;

- Қазақстан Республикасының депозит нарығы мен шетел тәжірибесіндегі депозиттік нарықтың ерекшеліктерін анықтау;

- қазіргі кездегі еліміздің банк жүйесіндегі депозиттік операциялардың жүргізілуін зерттеу;

- «Валют-Транзит банкі» іс-тәжірибесінің депозиттік операцияларын бағалау;

- депозиттерді сақтандыру Қорының қызметін талқылау;

- депозиттік операцияларды жүргізудің құқықтық негізін қарастыру;

- депозиттік саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;

- ҚР депозит нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.

Жұмыстың зерттеу обьектісі - ҚР коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларың түрлері, қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің депозиттік операциялардағы орын алатын мәселелер туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономикалық дамудағы ролін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық Банктің статистикалық деректері, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің есеп деректері қолданылды.

Сондай-ақ, жұмыста Ғ. С. Сейтқасымов, Н. Н. Хамитов, У. М. Искаков, Б. Ж. Ермекбаева еңбектері пайдаланылды.

Құқықтық негізіне ҚР «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заңы, ҚР Ұлттық Банктің нормативтік құжаттары мен әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан депозиттік операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігі анықталады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде депозиттік портфель сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы депозиттік базаны көбейтуге болатындығы айқындалды. Депозиттің шарттарын өзгерту арқылы оның жаңа түрі ұсынылады.

Автордың жеке үлесі - ғылыми зерттеудегі өзекті ойдың айқындалуы, мәселенің қойылуы мен оның шешілуі, алынған нәтижелерді талдау автордың тікелей қатысуымен орындалды.

Жұмыстың құрылымы . Көлемі 97 беттен тұратын диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім 3 тарауға бөлінген. Бірінші тарауында банктердегі депозиттік операциялардың теориялық негіздері, екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының қазіргі жағдайы қарастырылса, үшінші тарауда коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары көрсетілген. Диссертациялық жұмыста 22 кесте және 7 сурет бар.

1. Банктердегі депозиттік операциялардың теориялық негіздері

1. 1 Депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлері

Депозит дегеніміз не дейтін болсақ, бұл түсінікке әр түрлі авторлардың анықтамалары бар. Еліміздегі авторлардың көзқарастарын қарастыратын болсақ, С. Б. Мақыш оған келесідей анықтама берген: депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Ғ. С. Сейткасымовтың берген анықтамасы бойынша депозиттік операциялар - бұл банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары болып табылады /1/. Ресей авторы Колесниковтың айтуынша, депозит ( латынша depositum - сақтауға берілген зат) - бұл клиент қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады. Банктік депозит мәнін зерттей отырып, З. С. Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рольде көрінеді: бір жағынан, ақша ролінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал ролінде.

Біздің ойымызша, депозит дегеніміз клиенттің банкке сыйақы төлеу шартымен белгілі бір мерзімге салған, сондай-ақ кез келген уақытта өздері қолдана алатын қаражаттары болып табылады.

Депозиттік операциялар - кең мағыналы түсінік, өйткені оған банктің салымдарға қаражат тартумен байланысты барлық қызметі жатады. Пассивтік операциялардың бұл тобының ерекшелігі - банк мұндай операциялардың көлеміне салыстырмалы түрде әлсіз бақылау жүргізеді. Себебі, салымдарға қаражат салу ниетін салымшылардың өзі білдіреді. Бұл жерде, тәжірибе көрсеткендей, салымшы тек қана банктің төлейтін пайызына ғана емес, сондай-ақ тапсырылған қаражаттардың сақталуына сенім болуына да мүдделі болады /2/.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру келесі қағидалардың сақталуымен жүзеге асырылады:

  • пайда табу;
  • банктің өтімділігін қолдау үшін депозиттік операцияларды басқару кезінде икемді саясат жүргізу;
  • депозиттік саясат пен активтердің табыстылығының арасында сәйкестілік болу;
  • клиенттерді тарту мақсатында банктік қызмет көрсетулерді дамыту.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды мобилизациялау және оны капиталға айналдыру қызметін атқара отырып, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салым түрінде қабылдайды. Тартылған қаражаттарды банк заңды және жеке тұлғаларға несие беруде жұмсайды. Коммерциялық банктердің функцияларының бірі есеп-айырысу - төлем механизмін қамтамасыз ету болып табылады. Төлем жүргізуде делдал бола отырып, банктер өздерінің клиенттері үшін әр түрлі операциялар жүргізеді /3/.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі өте жоғары. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты және ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  1. депозиттік қаражаттар;
  2. депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады /4/.

Депозиттердің қолма-қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы - ол пайыздық сыйақы әкеледі . . . ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы - ¼ болып табылады.

Депозит тек клиентке ғана емес, сондай-ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттер банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.

Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаражатты алмайтындықтан, банктік қолма-қол ақша резерві тым көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар қолма-қолсыз түрде жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма-қол ақша қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін /5/.

Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі /6/.

Салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  1. талап етуіне дейінгі депозиттер;
  2. мерзімді депозиттер;
  3. жинақ салымдары;
  4. бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

  1. мерзімдеріне қарай;
  2. салым иелерінің категорияларына қарай;
  3. қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  4. пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  5. банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай т. б.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрге бөлінеді:

  1. жеке тұлғалардың шоттары;
  2. кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары;
  3. жергілікті билік ұйымдарының шоттары;
  4. қаржылық мекемелердің шоттары;
  5. шетелдік азаматтардың шоттары.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп-айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп-айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолма-қол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен ресімделуі мүмкін /7/.

Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесінде талап етуіне дейінгі депозиттерге келесілер жатады:

  • мемлекеттің, акционерлік кәсіпорындардың және әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Кемшілігі - шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленеді. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  1. ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;
  2. шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
  3. банктер талап етуіне дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  4. талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түріне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокоррент ( итал. conto corrente - ағымдық шот) - бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарда жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан - шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл - активті-пассивті шот болып табылады. Кредиттік сальдо клиенттің өз қаражаты бар екенін білдірсе, дебеттік сальдо лкиент зайымдық қаражат алып, несие бойынша қарыз екенін көрсетеді. Кредиттік сальдо бойынша банк клиент пайдасына пайыз есептесе, дебеттік сальдо кезінде өзі берген несие үшін клиенттен пайыз алады. Бұл жерде пайыз шот иесі пайдасына есептелетін пайызға қарағанда жоғары мөлшерлемемен есептеледі. Контокоррентті шоттар сенімді клиенттерге ашылады. Шот иесі қаражат түсімінен гөрі шығыны асып кеткен жағдайда арнайы құжат толтырмай-ақ банкпен келісілген шарт бойынша белгілі бір сомада несие ала алады /8/.

Контокоррентті шотқа ұқсас овердрафты бар шотты айтуға болады. Бұл шот бойынша клиент пен банктің шартына сәйкес шот иесі шот қалдығындағы қаражаттан көп қаражат алуына болады. Алайда, мұндай шот бойынша қарыз алу сирек болады. Яғни, бұл шотқа пассивті қалдық тән. Овердрафты бар шоттың контокоррент шоттан айырмашылығы - онда бір мезгілде басқа шоттар да ашыла береді. Ал, контокоррент шотта банктік операциялардың барлығы жинақталған. Сонымен қатар, контокоррент шоттар шаруашылық субьектілер үшін ашылса, овердрафты бар шоттар жеке тұлғаларға да ашыла береді.

Талап етуіне дейінгі депозиттерге банктердің корреспонденттік шоттары да жатады. Бір банктің басқа банктерде ашқан шоттары ностро-шот деп аталады. Керісінше, басқа корреспондент банктердің осы банкте ашқан шоттары лоро-шоттар деп аталады. Банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату кезінде жақтар осы шоттар бойынша овердрафтың болуын қарастырады. Кредиттік және дебеттік қалдық бойынша шекті мөлшері, мерзімі, пайыздық мөлшерлемелері банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар туралы келісім-шартпен анықталады. Лоро-шотта пассивті сальдоның құрылуы банк айналымында басқа корреспондент банктерден тартылған қосымша ресурстардың болуын білдіреді. Ал, активті сальдо - овердрафтың пайда болуын, яғни корреспондент банкке несие бергендігін көрсетеді. Ностро-шотта осыған қарама-қарсы қозғалыс болады.

Осылайша, лоро және ностро шоттар бойынша кредиттік сальдо банк балансында корреспондент банктен алған ресурстардың болуын көрсетеді. Көптеген банктерде талап етуіне дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар құрылымында көп үлесті алады. Бұл банктік ресурсты қалыптастырудың ең арзан жолы болып табылады. Талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары мобильділігіне байланысты бұл шот қалдығы үнемі өзгерісте болып табылады. Шот иесінің қаражатты кез келген уақытта алып кету мүмкіндігі банк айналымында жоғары өтімділігі бар активтердің болуын талап етеді. Сондықтан банктер бұл шоттарға өте аз пайыз төлейді немесе тіпті төлемейді. Алайда, талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары қозғалмалылығына қарамастан, оның ең төменгі қалатын сомасын анықтап, соны тұрақты несиелік ресурсқа айналдыруға болады. Талап етуіне дейінгі депозит шотында сақталған және «мерзімді депозитке» ауыстыруға болатын қаражат үлесін келесі формула бойынша есептеуге болады:

А=(Оср/Окр) * 100 %;

мұндағы А - мерзімді депозиттік шоттарға ауыстыруға болатын қаражат үлесі;

Оср - бір жылдағы ағымдық шоттағы орташа қаражат қалдығы;

Окр - бір жылдағы ағымдық шот бойынша несиелік айналым.

Мерзімді депозиттер дегеніміз - банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары /9/.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Мерзімді депозиттердің ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180-360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатын алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz