Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ӘОЖ 314: 316. 334. 55 (574) "1939 - 1979" Қолжазба құқығында
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының
этнодемографиялық және әлеуметтік
дамуы (1939 - 1979 жылдар)
07. 00. 02 - Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші: тарих
ғылымдарының докторы,
профессор Ә. Н. Құдайбергенов
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
АТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
АОММ - Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты
БЛКЖО - Бүкілодақтық лениншіл Коммунистік жастар одағы
БК(б) П - Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы
ГДР - Герман Демократиялық Республикасы
КОКП - Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Кеңшар - кеңестік шаруашылық
Ұжымшар - ұжымдық шаруашылық
Қаз КСР - Қазақстан Кеңестік социалистік республикасы
Украин КСР - Украин Кеңестік социалистік республикасы және т. б. Кеңестік республикалар
Қалмақ АКСР - Қалмақ автономиялы Кеңестік социалистік республикасы
Татар АКСР - Татар автономиялы Кеңестік социалистік республикасы және т. б. автономиялы республикалар
ҚРООМ - Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты
ҚРПМ - Қазақстан Республикасы Президент мұрағаты
МТС - машина-трактор станциялары
МЖС - машина жөндеу станциялары
РК(б) П - Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы
ХКК - Халық комиссарлар кеңесі
ОК - Орталық Комитет
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 1939-1979 жж. аралығындағы Қазақстанның ауыл- 15
село тұрғындарының саны мен құрамындағы
өзгерістер
1. 1 Тұрғындар саны. Ұлттық құрамы 15
1. 2 Жас аралық деңгейі, білім дәрежесі 47
1. 3 Территориялық орналасуы 64
2 Ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік-
мәдени дамуы 77
2. 1 Ауыл шаруашылығы өндірісі мамандарының
әлеуметтік дамуы 77
2. 2 Медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету 88
2. 3 Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 99
2. 4 Мәдени құрылыс 109
Қорытынды 119
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 125
Қосымша 136
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Бүгінгі күні республика тәуелсіздікті нығайту жағдайында демографиялық өсімнің атқарар рөлі үлкен. Елдегі демографиялық өсім мемлекеттің әлеуметтік саясатымен байланысты. Ол елдің қорғаныс қабілетін арттыруда, экономикалық дамуда шешуші фактор екені анық.
Тарихи демография тұрғын хылықтың өткенін зерттейді, ал демография тұрғындардың қазіргі күйі мен болашақтағы сандық, сапалық дамуына болжау жасайды. Сондықтын тарихи демографияның алдындағы міндет қазіргі жағдайдағы тұрғындардың қайта өсу процесінің заңдылығын көрсету және оған табиғи, әлеуметтік, экономикалық факторлардың әсерін ашу. Тарихи-демографиялық зерттеулердің мәнінің өсуіне байланысты қазіргі кездегі әлемдік маңызды мәселе деп танылған демографиялық жағдайлар әлеуметтік өмірдің түрлі салаларын тереңірек зерттеуге итермелейді. Этнодемографиялық ахуалды қорытындылау, болашақтағы өсімді болжау - аса маңызды біртұтас шешілмеген сұрақтардың жауабы болып табылады.
Этнодемографиялық - әлеуметтік құрылымды талдау қоғамдағы әртүрлі топтарды қолдауға мүмкіндік беретін аймақтық демографиялық саясат жүргізу үшін ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Пост-кеңестік кеңістіктегі сияқты Қазақстандағы демографиялық - әлеуметтік процестер де КСРО-дағы болған тарихи өзгерістермен байланысты. Демографиялық ахуалда халықтарды депортациялау, Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы эвакуация, Ұлы Отан соғысына мобилизация, И. В. Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары, тың игеру және т. б. көрініс тапты. “Отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі Қазақ ұлттық тіршілігіне қатысты мәселелер түбегейлі қайта танып түсінуді қажет етеді. Мәселенің мәні, тек патшалық Ресей ғана халықтардың түрмесі болып қойған жоқ, сонымен бірге КСРО-ның да жұмақ болып жарытқаны шамалы еді”, ─ деп жазды Президент Н. Ә. Назарбаев [1] .
ХІХ ғасырдың басынан басталған патша үкіметінің қоныс аудару саясаты ғасырдың ІІ жартысындағы басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүргізілді. Бұл шара ХХ ғасырда да жалғасын тапты. Соғыстың қарсаңынан бастап, 1970 жылдардың аяғына дейінгі кезеңдегі сырттан келушілердің республика аймақтарына қоныстандыру ерекшеліктерін зерделеу бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
ХХ ғасырда өткен демографиялық процестердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі жоғары екендігі еш күмән туғызбайды.
Кеңес үкіметінің жүргізген демографиялық саясатының дағдарысқа тіреліп отырғанын біз сол жылдардағы санақ қорытындыларынан көреміз. Біз қарастырып отырған кезеңнің қарсаңындағы 1937 жылғы санақ қорытындылары көп мәселелерді ашып берді. Халықтың санын көбейту насихатталып отырған қоғамда КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсетті [2] . Сондықтан санақты жүргізген ұйымдар жұмысты дұрыс “ұйымдастырмағаны” үшін жазаланып, бұл санақ мәліметтері туралы көп жылдар бойы жазуға тыйым салынды. Бұл Қазақстанға да қатысты болды.
Ресми түрде келесі кезекті санақ жүргізілген уақыт 1939 жыл. 1926 жыл мен аралықтағы 13 жылда Қазақстандағы барлық тұрғындар саны - 71958 адамға ғана өскен, ал осының ішінде жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 58, 8%-дан, 38, 8%-ға төмендегенін көреміз [3] . Бұл болашақтағы байырғы тұрғын өкілдерінің үлесінің өз жерінде 29, 8%-ға құлдырауының алғышарттарын көрсетсе керек.
1939-1979 жж. аралығының өн бойында жергілікті ұлт өкілдері үлесі жағынан орыстардан аз болды. 1939 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдері - 38, 8% ды, орыстар - 40, 0% көрсеткішті, 1959 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдері - 30, 3%, орыстар - 42, 7%, 1970 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдері ─ 32, 5%, орыстар ─ 42, 4%, 1979 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдері ─ 36, 0%, орыстар ─ 40, 8% көрсеткішті көрсетті [4] . Бұл деректер осы жылдар аралығындағы Қазақстанда жүргізілген демографиялық саясаттың нәтижелерін көрсетсе керек. Ресей өз ішіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстанға өзіндегі село тұрғындарын ─ шаруаларды қоныстандырумен болды, бұл 1897 -1959 жж. (санақ аралығындағы жылдары) жүзеге асырылды. Бұл Қазақстан халқының демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелді.
1960-жылдардың басынан табиғи өсім байқалды. Механикалық өсімге қарағанда табиғи өсім басымдық көрсетті. Негізгі өсімді берген ауыл-село тұрғындары болды. Бұл жылдары халықтың табиғи өсімін қамтамасыз ету мақсатында біршама әлеуметтік жағдайлар жасалды, міндетті түрде орта білім алу енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алынды, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына көрсетілді.
Демографиялық дамуда жетістіктерге жету мемлекеттің әлеуметтік саясатына байланысты. Әрине, бүгінгі күні дамудың қай түріне болмасын жаһанданудың ықпалы бар. Дегенмен, халықтың табиғи өсуіне жағдай жасау, экологиялық қауіптердің алдын алу, әсіресе әлеуметтік саясатқа мән бере отырып, демографиялық өсімге қол жеткізу қандай да мемлекеттің басты мақсаты. Осындай мақсатқа жету үшін, көптеген түйінді мәселелердің шешімін табу үшін еліміздің өткен дәуірдегі демографиялық - әлеуметтік саясатын саралай отырып, жаңа бағдарламалар жасау бүгінгі күнгі қажеттілік.
Халықтың әлеуметтік дамуы оның экономикалық жағдайымен байланысты. Әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылықтар олардың білімі, жұмысқа тартылуы, күн көрісі және өзінің білім деңгейін қолдана білуімен ерекшеленеді. Біз қарастырып отырған кезеңнің алғашқы жартысында ауыл шаруашылығы өндірісі мамандарының өмірінде әлеуметтік даму болғанмен, ол баяу жүрді. Ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік дамуына екінші дүниежүзілік соғыс көп әсер етті. Соғыс жылдарында және одан кейінгі халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру жылдарында халықтың әлеуметтік құрамында ірі өзгерістер болды. Бұл тың игеру жылдары өз жалғасын тапты. 1960-жылдардың басынан бастап сырттан келушілер саны азайып, қоғамда біршама тұрақтану құбылысы байқалды. Осы жағдайларды ескере келе, Қазақстан халқының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсында жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі жылдардағы елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім деңгейін, медициналық қызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т. б. мақсатында қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытындағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т. б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық-әлеуметтік ахуал-тынысына талдау жасау қажет. Сондықтан, 1939-1979 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелерін айқындау біз үшін құнды.
Халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуына сипаттама беру үшін, халықтың сан жағынан өсу себептерін, жанұяның әлеуметтік жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа, қоршаған ортаның тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен қатар өнеркәсіптің дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың өсіміне қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы, ұлттық құрамы туралы мәселелерді талдау қажет. Ол үшін біз халық санақтарының қорытындыларын пайдалана аламыз. Мұндай зерттеу жұмысы еліміздің бүгінгі даму жағдайындағы демографиялық ахуалдың қыр-сырын толық білуге, сол арқылы этнодемографиялық, әлеуметтік және көші-қон саясатын ғылыми негізде саралап жүргізуге өз көмегін тигізеді. Сондықтан да бұл жұмыс ғылыми ғана емес, әрі практикалық та сұранысқа ие болып табылатындығы еш күмән тудырмайды.
Кеңес үкіметі жылдары ауыл-селодағы әлеуметтік саланы дамыту партиялық - мемлекеттік жүйенің жергілікті өкімет органдары арқылы жүзеге асырылды. Кеңестік демократия деп айтылғанмен іс жүзінде барлық мәселе жоғарыдан шешілді. Қоғамдағы барлық тірлік ауыл шаруашылығы өндірісін басқару, әлеуметтік-саяси саладағы билік шын мәнінде КОКП Орталық Комитетінің қолында болды.
60-жылдардағы экономикалық реформалар, 70-80 жылдары белгіленген әлеуметтік сипаттағы шараларды жүзеге асыру саяси құрылымдардағы қайта құрумен, қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына кең жол ашумен қатар жүргізілмеді. Сондықтан да олар сәтсіздікке ұшырады. Жаңа жағдайда қоғамдық өмірдің барлық бір-бірімен тығыз байланыста болуына орай қайта құрудың кешенді сипаты туралы, саясат пен экономикалық бірлігі жөніндегі мәселе ерекше маңызға ие болды.
Бүгінгі мемлекетіміз тәуелсіздікті нығайту жолында Кеңестік мемлекеттік саясаттан бас тарта отырып, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуде. Әлеуметтік-демографиялық салада басталған реформалар, адамдардың өз мүмкіндіктерін кеңінен ашып көрсетуіне жағдай жасап, еркіндік ұстанымдарына сүйеніп отыр. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, аграрлық сектордың таза рыноктық заңдар бойынша жұмыс істемейтінін ескере отырып, бұл саладағы мемлекеттің рөлі бүгінде жаңаша мәнге ие болуда. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасында атап көрсеткеніндей: “Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау, көзделіп отыр” [5] .
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті нығайту жолында жеке әлеуметтік саясатын белгілеп, халықты әлеуметтік жағынан қорғай отырып, оны бүгінгі күнгі нарық заңымен ұштастырып отыр. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, нарық жағдайында әлеуметтік саланың дамуын мемлекеттің белгілі бір дәрежеде реттеп отыруын жүзеге асыру болып табылады. Жинақтап айтсақ, Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуын зерттеудің актуальдығы мен практикалық маңыздылығы республика алдында тұрған міндеттерден туындайды.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Кеңес өкіметі өмір сүріп тұрған кезеңде Қазақстан республикасының этнодемографиялық жағдайы біршама аз зерттелді. Ал әлеуметтік жағдайға байланысты бірнеше жұмыстар бар. Ауыл тұрғындарын арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырған жұмыс А. Н. Алексеенконың «Социализмнің өркендеуі жағдайындағы Қазақстанның ауыл тұрғындары (1959-1985 жж) » атты кандидаттық дисертациясы болды. Автор бұл еңбегінде Қазақстан ауыл тұрғындарының саны мен құрамын 1959, 1970, 1979 жылдардағы статистика негізінде қарастырады. Бірақ жұмыстың мазмұны шын мәнінде автор зерттеудің хронологиялық шеңберін кеңейткенін көрсетеді. Санақ мәліметтерімен қатар автор КОКП құжаттарына, ағымдағы статистика деректеріне, ақпарат құралдарына сүйенген. Сонымен қатар айта кететін бір жәйт, автор жарық көрген санақ деректерін әрдайым белсенді түрде қолданбаған. Соғыстан кейінгі кезеңдегі ауыл тұрғындарының қоныстануына тоқтала келіп, көбіне екі санақтың, яғни 1970 және 1989 жж. қорытындыларына тоқталған. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жас ерекшеліктеріне байланысты деректер бергенде соңғы санақ мағлұматтарына тоқталған.
Демография саласын белсенді зерттеп жүрген ғалымдарымыз бар. М. Б. Тәтімов, Ж. . Ә. Әлиев еңбектерінде [6] санақ деректерін пайдалана отырып, белгілі бір кезең аралығындағы жағдайлармен байланыстырып, халықтың өсуін, кемуін, Қазақстандағы экологиялық проблемаларды, демографиялық процестерді т. б. қарастырады.
А. Н. Алексеенко «Население Казахстана 1920 - 1990 гг. » атты [7] еңбегінде 1920 жылдардан бастап Қазақстан тұрғындарының санын, жасын, жынысын, ауыл-село тұрғындарын қоса зерттеген, әр облыстардағы территориялық қоныстануына тоқталған.
М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков еңбектерінде қазақ халқының демографиялық жағдайларына байланысты көптеген ашылмаған тың деректер кеңінен көтерілген [8] . Ф. И. Голощекин басшылығы тұсындағы жергілікті ұлт өкілдерінің “Қызылтабан” шұбырындыға ұшырап, босқынға айналуы жөнінде мәселелер қамтылған.
М. Х. Асылбеков, А. Б. Галиев еңбектерінде Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестер: тұрғындардың құрамындағы өзгерістер, табиғи қозғалыс, миграция, қоныстану, республикадағы демографиялық дамуға, осының ішінде ауыл-село тұрғындарындағы өзгерістерге де жан-жақты тоқталған [9] . Сонымен қатар бұл еңбек тәуелсіздіктің алғашқы жылы жарық көргендіктен демографиялық саясаттың дамуына көңіл бөлген.
М. Х. Асылбеков, А. И. Құдайбергенова бірігіп жазылған монографияда Қазақстандағы 1939 - 1959 жж. аралығындағы этнодемографиялық процестер, ауыл тұрғындарын қоса халықтың жастық, жыныстық, ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер тарихы қарастырылады [10, -158 б. ] . Мұрағат деректерін кеңінен пайдалана отырып жазылған еңбекте Қазақстандағы қала және ауыл тұрғындарының динамикасы зерттелген.
Н. Э. Масанов, Ж. Б. Абылхожин, И. В. Ерофеева, А. Н. Алексеенко, Г. С. Баратова еңбектерінде [11, -С. 600] Қазақстандағы халықтардың санын, ұлтын, әлеуметтік жағдайын, қала тұрғындарын, ауыл тұрғындарының өсуін санақ мәліметтерін пайдалана отырып, жан-жақты қарастырған. Сондай-ақ Кеңес үкіметі жылдарындағы кезеңнің этнодемографиялық ахуалына, репрессия нәтижесінде депортацияланған ұлттарға және Қазақстан территориясындағы миграция процестеріне де тоқталған.
К. Джаркимбеков, Қ. Меңдаяхова, О. К. Джылысбаев, А. Э. Городецкий, С. Айымбетов, К. М. Төлеубаева, М. Т. Илипов еңбектерінде [12] Қазақстан партия ұйымдарының ауыл еңбеккерлерін тәрбиелеудегі рөлі, олардың материалдық жағдайларын көтеру үшін жүргізген саясаты, этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістері, ауыл шаруашылығындағы зиялы қауым өкілдерінің жағдайы ашып көрсетілген.
Сонымен қатар А. Б. Тұрсынбаев, Б. А. Төлепбаев, Г. Ф. Дахшлейгер, А. Н. Құдайбергенов, К. Н. Нұрпейісов, Т. Б. Балақаев, Х. А. Абжанов, Ф. К. Михайлов, И. Ш. Шамшатов, Н. К. Капесов, Н. З. Такижбаева, О. К. Керімбеков, М. Х. Асылбеков, А. Ш. Алтаев, Р. М. Жұмашев, К. Р. Рыспаев және т. б. еңбектерінде [13] Қазақстан ауыл-село тұрғындарының тарихын, олардың құрамындағы зиялы қауым өкілдерінің қалыптасу, дамуын және демографиялық процестерді зерттеген өте құнды, мұрағаттық көлемді мәселелер ғылыми ортаға енгізілді. Сондай-ақ, бұл еңбектерде әлеуметтік дамудың, мәдени құрылыс тарихының шешуші мәселелеріне талдау жасалған. Ғылыми жұмыстардың ішінде Кеңестік идеология талаптарына сай, партиялық басшылықты насихаттаған көзқарастар да бар.
Бірқатар тарихшы-экономистер К. А. Әліқұлов, С. А. Байтілен, А. Уржанов, Л. Х. Төлешева, С. М. Сыздықов, Ө. Шеденов, М. Есқалиев еңбектерінде Қазақтан ауылдары мен селоларындағы Кеңес өкіметінің әлеуметтік саясатына тұрғындардың материалдық және мәдени деңгейіне тоқталған [14] . Сондай-ақ, зерттеушілер үкіметтің ауыл шаруашылығына байланысты жүргізген саясатының кейбір қателіктерін ашып, оның зардаптарын талдауға тырысқан.
Қазақстан территориясының жекелеген аймақтарының әлеуметтік -демографиялық тарихын зерттеген ғылыми еңбектер бар. Олардың қатарына М. Н. Сдыков, М. К. Төлекова, А. Н. Аскарова, А. С. Адильбаева, З. Шахаман, В. В. Козина т. б., еңбектері жатады [15] . Бұл жұмыстарда біз қарастырып отырған кезеңге сәйкес әр аймақтардың өз даму ерекшелігіне байланысты халықтың әлеуметтік, демографиялық, экономикалық деңгейі зерттелген.
Ғылыми жұмыстарда XX ғасырдағы Қазақстан халқының демографиялық даму ерекшелігіне қарағанда, әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Мұның себебін Қазақстанның тарихи демографиясына кеңестік дәуірде ғалымдардың баса назар аудара қоймауымен байланыстыруға болады. Бірақ бұл жағдай тек Қазақстанда ғана емес Кеңес үкіметі тұсындағы барлық одақтас республикаларға тән, сол кезеңдегі идеологиямен байланысты.
Әлеуметтік мәселелерді тарихшылармен қатар экономистер, философ, қоғамтанушы, саясаттанушылар да зерттеген. Біз жоғарыда аталған кейбір тарихшылардың өздері өмір сүрген кезеңнің идеологиясына сай жұмыс істегендерін мойындаймыз. Бұл кеңес үкіметі тұсында И. В. Сталиннің кезеңінде қалыптасқан идеологияның жалғасын табуына байланысты, сол кезеңдегі өмір сүріп тұрған ұстанымдарға қарсы сөз айту мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіріледі. Сондықтан олар өз жұмыстарында Кеңес үкіметі - демократияның жоғары формасы деп сипаттай келе, оны өзгертпей-ақ, осы саладағы олардың міндеттері мен құқықтарын кеңейтіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға болады деген қорытынды жасайды. Олар А. Айымбетов, М. Баймаханов, М. Имашев, М. И. Акуев, Г. В. Нечитайло, З. Шереметьева, Т. Рысбеков т. б. [16] .
Әлеуметтік - демографиялық мәселелерді зерттеуге өз үлестерін қосқан көптеген тарихшы ғалымдарды атауға болады. Олар жоғарыда аталғандармен бірге: Н. Е. Бекмаханова, Ф. Н. Базанова, Г. К. Кронгардт, Т. Дәуірбаева, Ж. Қуанышев, Л. Т. Қожакеева т. б.
Ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық, әлеуметтік мәселелерін қатар зерттеген және біздің кезеңімізге сәйкес келетін жұмыс жоқтың қасы. Біздің зерттеп отырған тақырыбымызға қатысты жазылған еңбек М. Х. Асылбеков пен А. И. Құдайбергенова бірігіп жазған монографиясы [17, -158 б. ] 1939-1959 жж. аралығын қамтиды, бірақ еңбек тұтас Қазақстан бойынша материалдарға құрылған. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуды зерттеген Б. Г. Аяғановтың жұмысы 1970-1990 жылдар аралығын қамтиды [18] .
XX ғасырдың 80-жылдарының соңы 90-жылдарының басына дейінгі жазылған жұмыстарда Кеңес өкіметі тұсындағы аграрлық саясат мадақталып ауыл-село тұрғындар өміріндегі жағдайлар, олардың әлеуметтік тұрмыс деңгейі тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуі, қызмет көрсету нысандары бәрі біржақты жазылды. Тек, Кеңес өкіметі өмір сүруін тоқтатқаннан кейін, яғни ХХ ғасырдаң соңғы онжылдығында біршама талдау жұмыстары өз дәрежесінде айтылып, сын көзқарастар, халықтың шын мәніндегі өмірі ашып көрсетіліп, оның себептері талдана бастады.
Мәселенің зерттелу деңгейінен өзіміз көріп отырғанымыздай ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуын, 1939 - 1979 жж. аралығын қамтыған еңбек жоқтың қасы. Сондықтан осы кезең аралығындағы Қазақстан тарихын тағы бір қарап, мұрағат, санақ және ағымдағы статистика деректерін пайдалана отырып, жаңа көзқараспен шама келгенше пайымдаймыз.
Зерттеудің алдына қойған мақсаты мен міндеттері. 1939-1979 жж. Қазақстан тарихындағы күрделі кезең екендігін ескере отырып, Ұлы Отан соғысының қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы эвакуация, депортация, мобилизация, тың игеру, демографиялық жарылыс, урбанизация процестерін жан-жақты қарастыра отырып, осы оқиғалар этнодемографиялық дамуға түбірлі өзгеріс әкелгенін және Қазақстан тұрғындарының тұрғын үймен, әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз етілу деңгейін ашып көрсету.
Қазақстан Республикасындағы халықтардың этнодемографиялық даму жолын зерттей отырып, алдағы міндеттерді ашып көрсету, негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстанның халқы өз дамуында тек ішкі факторлар әсерінен ғана емес, сонымен қатар сыртқы күштер әсерінен де дамыды. Ол этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайларды түбірінен өзгертті [19] .
Міне, осындай жағдайларға байланысты алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
─ Одақ көлеміндегі болған оқиғалардың Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамына әсерін анықтау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz