Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы


КІРІСПЕ
І АГРАРЛЫҚ АРНАУЛЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
І. 1 Жетісу ауылшаруашылық училищесінің ашылу
тарихы . . . 17-30
І. 2 Қазақстанда ауылшаруашылық орта білім беретін ауылшаруашылық техникумдарының даму барысы . . . 30-43
ІІ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АГРАРЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
2. 1 Қазақстанда алғашқы ауылшаруашылық және мал дәрігерлік жоғары оқу орындарының құрылу тарихы . . . 44-65
2. 2 Қазақстанда ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы . . . 65-79
2. 3 Ағарту саласында аймақтық-облыстық арнайы аграрлық ғылыми-зерттеу орындарының ашылу тарихы . . . 79-91
ІІІ АГРАРЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
3. 1 Республиканың ауыл шаруашылығын дамыту және өркендету бағытындағы аграрлық білімнің атқаратын қызметі . . . 92-108
3. 2 Аграрлық білім беру жүйесінің халықтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуындағы алатын орны . . . 109-124
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 125-132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі - бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты. Дегенменде, әрқашанда ұлттық азық-түлік түрлерін өндірудің жаңа технологиясын, емдік-сауықтыру мен жаппай пайдалануға арналған экологиялық таза өнімдерді әзірлеу, табиғат өнімдерін ұдайы пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда аграрлық жоғары оқу орындарындағы орман және балық шаруашылығын жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және пайдалану сияқты көптеген аграрлық ғылымның салаларымен тікелей байланысты.
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан өзінің аңсаумен алған азаттығымен қоса тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет. Егеменді елінің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі аграрлық білім берудің мақсаты нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, орасан өзінің қыйындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Осы аграрлық білім беру саласында дербестігімізді алған алғашқы азаттық жылдарында, республикамызда көптеген жұмыстар жасалынды. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жоғары аграрлық білім берудің өткені мен бүгінгісін және болашағына кешенді түрде жан-жақты талдау жасалған еңбектердің болмауы, бүгінгі таңда осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Аграрлық жоғары оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы және ауыл шаруашылық мамандарын даярлауды жетілдірудің перспективалары тарихи-педагогикалық әдебиеттерде жеткіліксіз зерттелген, жинақталған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кадрларын даярлауды жетілдірудің қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық салаларында жинақталған тарихи тәжірибені қазіргі жағдайда Қазақстанның аграрлық білім беру орындарының алдында тұрған жаңа міндеттемелерге сәйкес шығармашылықпен пайдалануды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт, » - деп атап көрсетті /1/. Мұндай ғылыми зерттеу жұмысы аграрлық білім беру жүйесін ұйымдастыруда және жетілдіруде өткендегі қателіктерді қайталамау үшін қажет. Қай кезеңде болмасын аграрлық білім беру жүйесі басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол тәжірибе жинақталды. Бұл тәжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда ауыл шаруашылығының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен олардың басшыларының ұйымдастыру, саяси және іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Демек, ауыл шаруашылық кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділік үлгілерін, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық мамндарын тәрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Екінші жағынан, ауыл шаруашылық мамандары мен басшыларының қызметі өз кәсіпкерліктерімен ғана шектеліп қоймай, міндетті түрде мәдени-тәрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, жоғары мәдениетті және аса білімдар болуларын талап етті.
Алматы қаласындағы аграрлық жоғары оқу орны 1930-шы жылдан бері Қазақстан тарихында ірі ғылыми мектептерімен, көрнекті ғалымдарымен және түлектерімен республикаға танымал ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының көш бастаушысы ретінде қалыптасты. Университеттің негізгі міндеті - Қазақстан экономикасының аграрлық секторына жоғары білікті мамандар даярлауда, әлемдік білім кеңістігінде лайықты орын алды.
Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде кеңестік идеология тұрғыда жазылған еңбектерге тән ортақ кемшілік қалыптасқан тарихи тәжірибенің тек қана жағымды жақтары айтылады да, жіберілген кемшіліктер мен орын алған олқылықтардың айтылмайтындығы байқалады. Бұл кемшіліктер 20-шы жылдардың аяғынан бастап, кейбір еңбектерде тіпті күні бүгінге дейін қайталанып келеді. Қазіргі жағдайда қоғамда өткен тарихымызды, оның ішінде кеңестік кезеңде жинақталған тәжірибені, біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау аңғарылады. Әсіресе, жоғары білімді дамытудағы тарихи тәжірибемізді, өткен жолымызды бірыңғай қара түспен бояп көрсету, тарихымызды жоққа шығару дұрыс болмаған болар еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап қамтылған және «кемелденген социализм» айдарындағы қоғамдағы зор секірістер белесі, тоқырау қалтарыстары мен 1980-ші жылдардың аяғындағы мезгілдердің өткір мәселелерін талап сүзгісінен өткере қарастыруға негізделген Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесін зерттеу ғылыми тақырып танымына арқау болады.
Еліміздегі жаңару процестері өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс саласында, оның ішінде жоғары аграрлық білім берудің тарихын жаңаша көзқарас тұрғысында зерделеуге, егеменді еліміздің бүгінгі күн талаптарына сай нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары білімді реформалауға және оның жоғары білім тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалды. Жоғарыда аталған қайшылықтарды болдырмау үшін ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда өткен тарихи тәжірибенің жағымды жақтарын пайдалана отырып, бүгінгі талаптарға сәйкес Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмысымыздың нысанасына айналып отыр.
Зерттеу жұмысының зеттелу деңгейі. Халыққа білім беру саласының даму жолдары республикамызда осы уақытқа дейін біршама зерттелінген тақырыптардың бірі деуге болады. Алайда зерттеу үрдісінде әрдайым шыншылдық, ғылымилық, объективтілік принциптері қатаң сақталды деп айту қиын. Себебі, отан тарихы еліміздің тәуелсіздігіне дейін жалпыодақтық тарих ғылымының құрамдас бөлігі деп табылып, соның даму арнасымен кете барған болатын. Бұл жағдай өзге де орыс емес ұлттар тарихы секілді қазақ халқының тарихын да екінші дәрежелі сипатта деп ұғуға, барлық прогрессивті оқиғалар мен құбылыстар тек орыс халқы арқасында болды деп түсінуге алып келгені белгілі. Бұқара санасына күштеп сіңірілген мұндай тар таптық, партиялық принциптерге құрылған, шамадан тыс идеологияландырылған тарих аграрлық оқу ісін зерттеуге де өз көлеңкесін түсірмей қойған жоқ. Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын зерттеуде бірқатар ғалым-тарихшылар, әдебиет, қоғамтанушы, педагог зерттеушілердің еңбектері жарыққа шығып, әртүрлі кезеңдегі ғылым деңгейінен өзінің қоғамдағы орнын алып жатты. Тақырыптың тарихнамасына тоқталу барысында және шынайы тұжырым орнықтыру үшін пайдаланылған зерттеу жұмыстарын көзқарастық ұстанымдарына қарай топтап қарастыру тәсілі ұстанылды.
Қазақстандағы оқу-ағарту саласындағы реакциялық саясатты алғашқылар болып зерттеген С. Асфендияров, М. Тынышбаевтың /2/ еңбектерінде оқу орындарында орын алған қазақ зиялыларының өлкедегі оқу ісі жайына ат салысқаны, орыс оқу орындарының миссионерлік сипаты ашып көрсетілген және оның жергілікті ерекшеліктеріне басты назар аударылған. Сондай-ақ, Т. Тәжібаев, К. Бендриковтың /3/ еңбектерін атап өткен дұрыс болар. Дегенменде бұл авторлардың еңбектерінің негізгі идеясы кеңестік идеологияның сұраныстарына сай келгенімен, ондағы келтірілген деректер мұрағат құжаттарынан алынған. Қазақстандағы оқу орындарының бастамасы болып табылатын ХІХ ғ. Екінші жартысындағы мұсылмандық оқу орындары туралы жазылғанымен, салыстырмалық талдаулар мен тұжырымдар жасалмаған. Біздің зерттеу жұмысымыздың хронологиялық ауқымынан алшақ болса да, Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Аграрлық жоғарғы оқу орындарының ашылуы Қазақстанда жүргізілген ұжымдастыру мәселесімен тығыз байланысты, өйткені ұжымдастыру тәріздес күрделі де ауыр мәселені дұрыс шешу үшін оның қажеттігін теория тұрғысынан дәлелдеу, оны тәжірибеде шешу жолдарын тұжырымдау, әлеуметтік-экономикалық жақтарының нәтижесін айқындау үшін қажет еді. Алайда, ауылшаруашылық орта арнаулы білім беретін оқу орны 1918 жылы Жетісуда ашылған болатын.
Қазақстандық тарих ғылымында алғашқы аграрлық өзгерістер деп аталатын шараларының жүргізілген уақытын Т. Елеуов /4/ кеңес өкіметінің алғашқы жылдарын төрт кезеңге бөліп қарастырған. Онда 1918 ж. жер мәселесін тезірек шешіп, село кедейлерін 1918 жылдың көктемдегі егіске кірісуі, егіс көлемін ұлғайту, жерді мемлекет меншігіне өткізу шараларын іске асыру жұмыстарын бірінші кезең деп алған. Екінші кезеңі деп 1918 жылдың көктемінен 1920 жылдың аяғына дейінгі аралықты қарастырған. Онда жерді тең пайдалану тәртібі мен еңбек бөлінісі мен жекеменшік жерлерді қайта бөлу. Үшінші кезеңді 1921-1922 жылдардағы жер, су реформасының жүргізілуі деп алған. 1924-1927 жылдардағы егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу шараларын төртінші кезең деп қарастырған. Сол сияқты Қазақстандағы аграрлық реформаларды Н. Байғабылов /5/ өз зерттеулерінде аграрлық өзгерістерді үш кезеңге бөліп қарастырған. Онда 1917-1920 жылдар бірінші кезең, 1921-1924 жылдар екінші кезең және 1925-1929 жылдар үшінші кезең деп алған. Автор аталған жылдар аралығын республикадағы аграрлық өзгерістердің бастамасы, яғни жалпы бірінші кезең деп қарастырған. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қабылданған аграрлық реформалар А. Чупековтің /6/ тұжырымдауы бойынша, бірінші кезеңге коммунистік партия мен кеңес үкіметінің аграрлық мәселелерді шешу жаппай ұжымдастыруға дейінгі уақыт аралығы алынған. Екінші кезеңі 1925 жылмен аяқталып, үшінші кезең 1925 жылмен басталатындығына назар аудартады. Яғни, 1920-1925 жылдардағы аграрлық заңдар бүкіл республикалық міндеткерлік сипат ала алмады, және ең бастысы төңкеріске дейінгі жерге орналастыру жұмыстарындағы әділетсіздікті жоюға бағытталады деп өзі бөліп көрсеткен кезеңдеріне қысқаша сипаттама берген.
Қазақстандық белгілі тарихшы К. Нұрпейісов /7/ жоғарыда аталған үш кезеңді алғашқы аграрлық өзгерістер жүргізілген жылдар деп атамайды, автор оны «Қазақстанның ауылшаруашылығында көпукладтылықты жою және социалистік укладтың жеңу үрдісі» деп тұжырымдаған. Автордың көрсеткен кезеңдері нақты жылдармен белгіленбеген. Аталған кезеңдегі Қазақстан мен Орта Азияда жүргізілген өзгерістерді С. Карамедин /8/ екі кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші кезеңі 1917-1922 жылдар аралығы, онда отаршылдық аграрлық саясаттың, ірі феодалдық жер иеліктері жойылып, өзіндік ерекшеліктерге ие болды деп көрсеткен. Автордың бір кемшілігі, екінші кезең туралы ештеңе айтпаған және зерттеуде Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы жағымды фактор ретінде сипатталған.
Қазақстандағы Кеңес өкіметінің аграрлық саясатын М. Ким /9/ екі кезеңге бөліп қарастырған. Онда бірінші кезең 1918-1920 жж. бір тұтас аграрлық саясаттың қалыптаспаған уақыты, жергілікті жерлерде өкімет ұйымдары өз бастамаларымен жер мәселесіне қатысты жүргізу жұмыстары жатқызылған. Екінші кезең - 1920-1921 жж. өлкеде орталықтандырылған биліктің құрылуымен аграрлық саясаттың жалпы кеңестік жер туралы заңдары негізінде іс-жүзінде жүзеге асырылуы, аграрлық реформалардың кең көлемде жүргізіле бастағандығы туралы қарастырылған. Кеңес үкіметінің орнауы жылдар қарсаңындағы ауыл-село халқының санағы А. Алексеенконың /10/ еңбектерінде көрсетілген.
Кеңестік дәуірдегі аграрлық реформаларды үш кезеңге бөлумен келісетін болсақ, онда бірінші кезеңге - 1917-1940 жылдар аралығын, екінші кезеңге - 1941-1964 жылдар аралығын, үшінші кезеңге - 1965-1990 жылдар аралығы деп алсақ, бұл мәселе зерттеу жұмысымыздың хронологиялық ауқымымен тұспа-тұс келмек. Сондықтан осы кезеңдегі аграрлық реформалардың қабылдануы аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуына алғышарт болды. 1929 жылы Қазақстандағы алғашқы Мал дәрігерлік институты мен 1930 жылы Ауылшаруашылық институттарының ашылуы туралы жүйелі зерттеулердің болмауы өкінішті-ақ. Бұл институттардың құрылу тарихы туралы мәліметтерді тек мұрағат құжаттарынан алуға болады.
Қазақстан бойынша аграрлық білім беретін үшінші жоғарғы оқу орны 1952 жылы Семей қаласындағы Семей Зоотехникалық-ветеринариялық институтының ашылуына 50 жыл толу қарсаңында институттың құрылу тарихы мен шығармашылығы жөнінде жазылған кітаптың маңызы зор болды. Осы сияқты С. Сейфуллин атындағы Ақмола Аграрлық университеті, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Ауылшаруашылық институты /11/ туралы жинақтарда институттың бүгінгі күнге дейінгі шығармашылық қызметі жазылған. Бұл жинақтарда зерттеу жұмысымызға қатысты көптеген мәліметтер берілген. Әсіресе, өзінің ашылуынан бастап 1967 жылдарға дейін Ақмола Ауылшаруашылық институтының 25 жыл көлемінде филиалдары болып келген Көкшетау және Қостанай қалаларындағы Ауылшаруашылық институттарының құрылуы мен өз алдына жеке бөлініп шығу кезеңіне дейінгі шығармашылығы бір жүйеге келтіріліп сипатталған. Бұл ғылыми жинақтардың аграрлық мәселені зерттеуге арналған еңбектер жазуда, осы сала бойынша ізденушілердің зерттеу жұмыстарына берері мол.
1946 жылдан еліміздегі колхоздарды ірілендіру тәрізді өзіндік шырқау шегіне жеткен әкімшіл-әміршіл жүйеге тән, терең жан-жақты ойластырылмаған, қисынсыз шараларға жол берілді. Сталиндік асыра сілтеу әрекеттері өз жалғасын тапты. Дегенменде, ауыл шаруашылығы халық сұранысын өтеумен қатар жүргізілгендіктен, осы кезеңде жарық көрген әдебиеттердің көпшілігі кеңестік сипатта болғанымен, ондағы негізгі ауыл шаруашылығын дамытуда іске асырылған шараларды жоққа шығара алмаймыз. Олардың қатарына А. Пронин, Н. Кудрявцев, А. Киселевтың /12/ еңбектерін жатқызуға болады. Бұл авторлармен ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп өсіру мен жинауды ұйымдастыру және оның технологиясы зерттелген. Онда еңбекті ұйымдастыру және машина-трактор агрегаттарын құрастыру, кешенді механикаландыру және автоматтандыру ұғымдары ашып көрсетілген, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнын арзандату, сондай-ақ ауыл шаруашылық жұмыстарын іске асырудың жоспарлары туралы жазылған.
1946 жылдардағы мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері С. Абдулпаттаев, К. Дияровтың, К. Рыспаевтың еңбектерінде /13/ қарастырылған. С. Абдулпаттаев мақалаларында мал шаруашылығының ауыр жағдайының себептері жем-шөп базасының жоқтығымен, табиғи шабындықтар мен жайылымдардың нашар пайдалануымен, ауылдық жерлердегі фермаларда ауыр жұмыстар және мал шаруашылығында қажетті кәсіби мамандардың жетіспеушілігімен түсіндірген.
Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмір деңгейі және мәдени-тұрмыстық мәселелері А. Аубакиров, С. Байшев, Н. Күзембаев, Х. Абжанов /14/ және тағы басқа тарихшылар еңбектерінде қарастырылған. Аталған авторлар зерттеулерінде әлеуметтік талдау арқылы ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді көрсете отырып, ауыл шаруашылығының кәсіби мамандардың жетіспегендігіне де тоқталған. Ауыл шаруашылық мамандары арқылы осы ауыл шаруашылығын дамытуды ғылыми жолмен ұйымдастыру ұсынылған. Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектерде аграрлық мәселелер ауыл шаруашылығын дамыту деп берілген.
А. Құдайбергенов, Б. Сүлейменовтың /15/ зерттеулерінде Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму үрдісі жан-жақты қарастырылған. Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары Қазақстанның ауыл шаруашылығын зерттеуде, оны дамытуда маңызды орын алатындығы туралы айтылған. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тұрмыстық жағдайының көрінісі екендігі туралы бірқатар деректер берілген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту адамзаттың даму, өсу жолдарымен байланыстырылып, қарастырылған.
1954 ж. СОКП ОК-нің ақпан-наурыз пленумында қолдау тапқан тың және тыңайған жерлерді игеру қолға алынды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің келеңсіз салдарына қарамастан экономикалық жағынан тиімділігі - ауыз толтырып айтарлықтай әрі нәтижелі, мардымды болмады. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің ғылыми негізерін зерттеген В. Е. Казаков /16/, өз еңбегінде осы жылдары Қазақстанға қанша өндіріс техникаларының әкелгендігі (трактор, комбайн, ауыл шаруашылық техникалары) жөнінде нақты сандық көрсеткіштер келтірген. Сонымен қатар, С. Тұрғанбаев пен Б. Қайымовтың /17/ зерттеулерінде тың және тыңайған жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына жол берді - деген қарама-қайшы пікірлер айтылған, бірақ бұл кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектердің көпшілігіне таңылатын кемшілік деп қараған дұрыс болар. 1970-ші одақ көлемінде жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру жөнінде кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгенімен, Қазақстанда осы мәселе әлі жете зерттелмегені жөнінде айтылған. Осы кезеңде жүргізілген аграрлық саясаттың жергілікті қазақ халқы үшін тиімсіз жақтарын ашып көрсеткен М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев, Қ. Алдажұманов, Ж. Б. Абылхожин /18/ және т. б. тарихшылардың еңбектерінде кеңінен қарастырылып, қазіргі көзқарас тұрғысында жаңа тұжырымдар жасалған. Сондай-ақ, Т. Омарбековтың, Қ. Қаражановтың /19/ ғылыми мақалаларында тың игерудің кемшіліктері мен қателіктері ашып көрсетілген. Бұл авторлармен Қазақстанның 1920-1930 жж. қоғамдық-саяси жағдайы кеңінен зерттелген. Әсіресе, аталған кезеңде аграрлық реформалардың жергілікті халық үшін нәтижелі болмағандығын, қазақ халқының үлесіне берілген жерлер жөнінде шынайы деректер негізінде дәлелдеп, көрсеткен.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, күрделі қаржы бөлу, халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті дамыту, совхоздар мен колхоздарды мамандандыруды жетілдіру мәселесі Е. Теміровтың /20/ еңбегінде қарастырылған. Автор ауыл шаруашылығын мамандандыруды жүргізу экономикамен тығыз байланыста болатындығын және ауыл шаруашылығын орналастыруды белгілі бағыттағы немесе, әртүрлі маманданған шаруашылықтардың жағрафиялық орны деп көрсеткен. Аталған авторлардың еңбектерінде жер бөлінісін пайдалану ісі осы уақытқа дейін отан тарихы ғылымында зерттелмеген тың мәселелерге арналған. Сондай-ақ, еліміздің әртүрлі аймақтарында ауыл шаруашылығын өркендетуді ғылыми негізде ұйымдастырудағы еңбек өнімділігі, егіншілік мәдениеті жоғары, әрі сапалы, әрі арзан өнім өндірген шаруашылықтардың іс-тәжірибелері де айтылған. Сонымен қатар, В. Г. Шайкин мен М. В. Глинканың /21/ зерттеулерінде 1980 жылдарға дейін жасалған ауыл шаруашылығын дамытудың жоспарлары ендігі жаңа технологиялық жетістіктерге байланыты ескіргендігі, келешекте елдегі ауыл шаруашылықты дамытудың жоспарларын жаңа ғылыми-техникалық құрылымдармен байланыстыра құруға көшу ұсынылған және егістік, бау-бақшалық, фермалық жұмыстардағы еңбек бөлінісінің тиімділігін арттыруда маңызды тұжырымдар берілген.
Ауыл шаруашылығын зерттеуші ғалымдардың бірі Ә. Байжұмановтың /22/ еңбегінде мал шаруашылығының ғылыми негізі - зоотехния саласының қызметі қарастырылған. Онда мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен сауықтандыру, бағып-күтуді ұйымдастыра отырып, малдан сапалы, мол әрі арзан өнім алудың тиімді жолдары берілген. Автордың зерттеулері ауыл шаруашылығы малын өсіру пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жазылып, жоғарғы аграрлық оқу орындарындағы зоотехния мамандарын және шаруашылық мамандарына даярлауға ұсынылған.
Е. В. Колесниковтың «Оновы сельскохозяйственных знаний» /23/ атты еңбегі ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін кеңестік идеологияның жетістіктерінің бірі ретінде қарастырудан басталғанымен, ауылшаруашылығындағы ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ашылуы ауыл шаруашылығын орталықтандырылған жоспарлы басқаруға мүмкіндік берді - деген тұжырымдар жасалған. Оны іске асыру үшін мемлекет тарпынан қаржыландырудың тиімді жолдары мен ғылыми жетістіктердің негіздерін қолдану ұсынылған. Сонымен қатар, А. Курбатов /24/ өз зерттеуінде ауыл шаруашылығы механизаторларының еңбегін ғылыми жолмен ұйымдастырудың негізгі бағыттарын саралай келіп, ғылымның өндіріспен тығыз байланысы өндірісті басқаруда ауыл шаруашылығы мамандарының рөлін арттыратындығы жөнінде дұрыс тұжырымдар жасаған. Ғылымның жаңа жетістіктері мен өндірістік тәжірибе негізінде еңбек ұйымдастыру, оны өндіріске үнемі енгізіп отыруда, ең алдымен техниканы меңгеретін адамға қойылатын талапты күшейтуді қажет етеді. Арнаулы білім, жоғары кәсіптік даярлық адамның жалпы мәдениеті табысты еңбек етуге барған сайын қызметкерлердің қалың көпшілігін қамтуға жағдай жасайтындығы жөнінде бірқатар тұжырымдар жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz