Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны



Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ негізгі бөлім
2.1 Этнопедагогика ғылымы, оның пәні міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Этнопедагогикалық білім беру .. болашақ мұғалімдерді даярлауды ізгілендіру негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.3 Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4 Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық білімін дамыту

ІІІҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе
Қазақ халық этнопедаготакасы – этникалық, қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана коймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылымм педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зертіеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халык этнопедагогикасын оқыту тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада колдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Қазақ халық этнопедагогикасы бала денсаулығымен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл - ой мен еңбекке дайындау, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез - құлықты реттеу, өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу студенттеріе окытылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Қоғамды жаңғырту және демократияландыру процесінде, республиканың егемендікке ие болуы жағдайында, біздің; қоғамымыздың тарихы, оның көптеген әлеуметтік институттарының қызметі қайта ой елегінен өткізіліп жатқан кезде халыктың рухани өмірінің өз кезінде ұмытылған немесе тыйым салынған құбылыстары қайтып оралуда, өткеннің мәдени-тарихи мұрасын қаита өркендету қазіргі заманның аса көкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр. Оның компоненттерінің бірі өзінің аса бай прогресшіл дәстүрлері және өскелең ұрпакты тәрбиелеу тәжірибесі бар этникалык педагогика болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Әбенұлы Ш. «Халықтық тәрбиенің тағлымдары» Алматы, 1998ж.
2.Әбілова 3., Қалиева К. «Этнопедагогика оқулығы» Алматы, 1999ж.
3. «Бастауыш мектеп 10 жылдық тәуелсіздік аясында» Шымент, 2001 ж.
4.Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы»
Алматы, 2003ж.
5.Шашақова А. «Халық тәлім - тәрбие бастауы» Алматы, 1994ж.
6.Табылдиев Ә «Қазақ халық педагогикасы және тәрбие» Алматы, 1991ж. 7.Ұзақбаева С, Қожақметова К. «Жоғарғы мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» Алматы, 1998ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ негізгі бөлім
2.1 Этнопедагогика ғылымы, оның пәні
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Этнопедагогикалық білім беру -- болашақ мұғалімдерді даярлауды
ізгілендіру
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.3 Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім
берудің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық білімін дамыту
персиективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Кіріспе
Қазақ халық этнопедаготакасы – этникалық, қауым педагогикасының дамуын
зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге
қарастыру тек қызығушылық туғызып қана коймайды, сондай-ақ тарихи-
педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылымм педагогикалық
теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зертіеудің қажетті
екендігін тексерудің де айғағы.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халык этнопедагогикасын оқыту
тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен
қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған
педагогикалық байлықты практикада колдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Қазақ халық этнопедагогикасы бала денсаулығымен денесінің жетілуі
жөніндегі қамқорлық, ақыл - ой мен еңбекке дайындау, саналы адамгершілік -
эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез - құлықты реттеу, өзін - өзі тәрбиелеу
мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын
қамтитын аса бай фактілермен танысу студенттеріе окытылатын материалға
қызығушылығын арттырады.
Қоғамды жаңғырту және демократияландыру процесінде, республиканың
егемендікке ие болуы жағдайында, біздің; қоғамымыздың тарихы, оның көптеген
әлеуметтік институттарының қызметі қайта ой елегінен өткізіліп жатқан кезде
халыктың рухани өмірінің өз кезінде ұмытылған немесе тыйым салынған
құбылыстары қайтып оралуда, өткеннің мәдени-тарихи мұрасын қаита өркендету
қазіргі заманның аса көкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр. Оның
компоненттерінің бірі өзінің аса бай прогресшіл дәстүрлері және өскелең
ұрпакты тәрбиелеу тәжірибесі бар этникалык педагогика болып табылады.

2.1 Этнопедагогика ғылымы, оның пәні міндеттері
Этнопедагогика ғылымы, оның пәні міндеттері қоғамды жаңғырту және
демократияландыру процесінде, республиканың егемендікке ие болуы
жағдайында, біздің қоғамымыздың тарихы, оның көптеген әлеуметтік
институттарының қызметі қайта ой елегінен өткізіліп жатқан кезде халыктың
рухани өмірінің өз кезінде ұмытылған немесе тыйым салынған кұбылыстары
қайтып оралуда, өткеннің мәденитарихи мұрасын қайта өркендету қазіргі
заманның аса көкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр. Оның
компоненттерінің бірі өзінің аса бай прогресшіл дәстүрлері және өскелең
ұрпакты тәрбиелеу тәжірибесі бар этникалык педагогика болып табылады.
Халықтың әлеуметтік - мәдени және рухани құндылықтары, дәстүрлері
адамның азамат болып қалыптасуында, онмң адамгершілік жене еңбек
қасиеттерін қалыптастыруда, тұтас алғанда жеке адамды әдеуметтендіруде
әрдайым маңызды роль атқарған. Сондықтан осы феномендердің тарихи ролін
объективті бағалау, түрлі тәрбие институттарының қалыптастырушы ықпалын
зерделеу бүгінгітаңда соншалықты қажет. Өткеннің педагогикалық мәдениетін
білу, оны ой елегінен өткізу және ұқсату қазіргі жағдайларда балалар мен
жастарды тәрбиелеудің күрделі проблемаларын ойдағыдай шешуге жердемдеседі.
Этнопедагогиканы зерттемей және пайдаланбай жеке адамды толыққанды
тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі кезде коғам алға қойып отырған тәрбие
міндеттерін шешуде этнопедагогика дестүрлері мен тәжірибесін педагогика
ғылымыңың әдістемелік-теориялық қағидаларымен біріктіру көкейкесті меселеге
айналып отыр. Халықтың ізгілік және демократиялық мұраттары негізіне
алынған этнопедагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету негізінде
білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі ерекше мәнге ие болады.
Бұл мұраттар оларды орынды және мақсатты пайдаланған кезде жеткіншек
ұрпакты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкеңдерді сыилау, түрлі үлыс
өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатка
аялап қарау рухында тәрбиелеуге жәрдемдесе алады.
2.2 Этнопедагогикалық білім беру -- болашақ мұғалімдерді даярлауды
ізгілендіру негізі.
Республикамыздың егемендігі жарияланғаннан бастап этнопедагогика
проблемалары педагогтар қауымының назарын өзіне аудара бастады, мұның өзі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Білім министрлігінің директивалары
мен нормативтік құжаттарында өз көрінісін тапты. Мәселен, Білім министрлігі
алқасының Халықтық педагогика дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану
атты I Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары
туралы шешімінде мыналар атап етілді.
- негізі міндеті ҚазМУ, Абай атындағы АлМУ, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогика институты негізінде оқу жоспарларын, бағдарламаларды,
оқулықтарды, оқу құралдарын талдап жасау, педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру жане т.б. жөніндегі қызметті үйлестіру болып табылатын
этнопедагогика және этнопсихологая проблемалары бойынша Республикалық
ғылыми-үйлестіру орталығын ұйымдастыру;
- пединституттар мен университеттерде этнопедагогика,
этнопсихология кафедраларын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- пединституттар мен университеттердің оқу жоспарларына Қазақ
халық педагогикасы, Қазақ халық психологиясы және т.б. курстарын
енгізу;
- жоғары оқу орындарын халықтық психология және педагогика жөніндегі
бағдарламалармен қамтамасыз ету, оларға оқу құралдарын, әдістемелік және
т.б. әзірлеу.
Алайда Білім министрлігінің бұл шешімі тікелей жоғары оқу орындарына
арналған бөлігінде осы бағыт бойынша білікті кадрлардың жоқтығы,
материалдық-техникалық базаның мейлінше нашарлығы, кажетті оқу-әдістемелік
және ғылыми-теориялық әдебиеттердің болмауы секілді бірқатар себептерге
байланысты іске асырылмай қалды. Республиканың көптеген жоғары оқу
орындарында, тіпті Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті секілді
ірі оқу орындарында кафедралар ашылмады. Этнопедагогика проблемаларын
зерттеудің қиыншылықтары адам туралы басқа ғылымдар саласында ұлттық
сезім, ұлттық мінез, ұлттық психология және т.б. тәріздес үғымдардың
жеткілікті дәрежеде талдап жасалмағанына да байланысты болды. Осының бәрі
жоғары мектепте этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасын талдап жасаудың
және оны педагогикалық процеске белсенді түрде енгізудің қажеттігіне тағы
да көз жеткізе түседі. Мұның өзі жоғары мектеп студенттерінің және тұтас
алғанда бүкіл ұлттың этномәдени білім мен этеюпедагогикалық сауаттылық
деңгетін арттыруға жәрдемдесетіні күдік келтірмейді.
Қазіргі жағдайларда ізгі жүректі, үлтжанды, кемеліне келген мұғалімнің
жеке басын, оның арнаулы теориялық және практикалық этнопсихологиялық және
этнопедагогикалық даярлығын калыптастырудың объективті қажеттігі арта
түседі.
Болашақ мұғалімді этнопедагогика жағынан даярлауда, академик
Г.Н.Волковтың пікіріне карағанда, жоғары педагогикалык білім беру
жүйесіндегі міндетті оқу пәні ретінде саналатын жалпы этнопедагогика басты
орын алады. Мазмұны жағынан алып карағанда жалпы этнопедагогика
этнопедагогикаға кіріспе ретінде қарастырылады, өйткені оның нысанасы
этнопедагогика (халықтық педагогика, дәстүрлі педагогика, тәрбие берудің
дәстүрлі мәдениеті, халықтық педагогикалық мәдениет, педагогикалық ақыл-ой,
тәрбие берудің дәстүрлі нысандары, үйреншікті педагогтік сана, фольклорлык
педагогика және т.б.) жөніндегі жалпы негіздер, оған кажетті жалпы
мәліметтер болып табылады..
Жалпы этнопедагогиканы бағдарлама бойынша міндетті оқып үйрену ұлттық-
аймақтық және жеке дара этнопедагогика жөніндегі білімді ұлғайып, тереңдете
түсуді көздейді. Келесі арнаулы курстарда, арнаулы семинарларда,
факультативтік сабақтарда таңдауына карай тәрбие берудің үлттық-аймақтық
мәдениеті мен жеке-дара этнопедагогика да ерекше оқытылып үйретіледі.
Автордың атап өткеніндей, үлттық-аймақтық этнопедагогика халыктық
педагогикалық мәдениеттің ортақтығын, олардың рухани-адамгершілік
байланыстарын егжей-тегжейлі білуге мүмкіндік береді. Арнаулы курстар,
автордың пікірінше, ауқымды да, сондай-ақ Ресей Федерациясы халықтарының
этнопедагогикасы, Славян халықтарының этнопедагогикасы, Орта Азия
халыктарының этнопедагогикасы, Солтүстік Кавказ
халықтарының этнопедагогикасы, Сібір және Киыр Шығыс халықтарының
этнопедагогикасы, Буддизмнің тәрбие дәстүрлері және т.б. тәрізді арнаулы
тар шеңберде де болуы мүмкін. Автор сондай-ақ тәрбие қызметінің
Этномузыкалық мәдениет, Этнокөркемсурет шығармашылығы, Этноэтика,
Халықтық этикет және т.б. нақты тараптарын этнопедагоикалық жағынан игеру
мүмкіндігін де ескереді.
Академик Г.Н.Волковтың айқындамасымен тұтастай алғанда келісетінімізді
білдіре отырып, біз, алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу
жоспарына мемлекеттің байырғы этносының педагогикасы іспетінде Қазақ
этнопедагогикасы, Қазақ этнопедагогика тарихы негізгі профильдік оқу
пәндері, сондай-ақ қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік мүмкіндіктерін терең
игеру мақсатында өз қалауы бойынша Қазақ музыкалық мәдениеті, Балаларды
тәрбиелеудегі қазақ колданбалы өнері, Қазақтардың шешендік өнері,
Эстетикалық тәрбиедегі қазақ халық билері, Қазақ халықтық педагогикадағы
эстетикалық тәрбие және т.б. секілді қазақ этнопедагогикасынын тәрбиелік
мүмкіндіктерін терең ой елегінен өткізу мақсатында факультативтер, арнаулы
курстар енгізу орынды деп санаймыз.
Қазіргі кезеңде ұлттық проблематиканың ұғымдық-терминологиялық
аспектісін дайындау ісі оған деген түрлі көзқарастардың болуына байла-нысты
белгілі бір қиыншылықтарға кез болып отырғанын атап өткен жөн. Оларды егжей-
тегжей талдап жатпай-ақ, біз көзқарасын колдайтын зерттеушілердін
көпшілігінің пікірі бойынша, ұлыс дегеніміз - ұлттың этникалық
сипаттамасы (А.Козинг), этноұлыстылық (осы сөздің тікелей этностык
мәнде, этникос мағынасында колданылуы. Ю.В.Бромлей).
Осыны ескере келе, оқу пәні мазмұнындағы этникалық өзіндік белгіні біз
оның Қазақ этнопедагогикасы деген атауында атап көрсетіп отырмыз. Осы
жоғарыда айтылғандардың бәрі бізге қазақ этнопедагогикасын оқыту мен тәрбие
процесін қазақ этносы ерекшеліктерін ескере отырып, зерттейтін дербес оку
пәні ретінде карастыруға негіз берді.
Дербес интегралдық пән: жялпы - педагогика ғылымы, ерекше -
этнопедагогика, жеке - қазақ этнопедагогикасы ретінде қазақ
этнопедагогикасына біздің көзқарасымызды негіздеуде К.Д.Ушинскийдің ғылым
тәрбиемен араластырылмауға тиіс. Ол барлык халықтар үшін ортақ... деген
идеясы бастапкы позицияны айқындауда қызмет етті.
Ғылым, шынында да, ұлттық бола алмайды, ол өзінің зерттеп отырған
объектісі, қолданатын әдістері, зандары, заңдылықтары жене т.б. жағынан
ортақ. Бірақ ғылым нысанасының өзіне тән ерекшелігі, яғни кез келген
ғылымның өз нысанасы бар. Демек, бір ұлттың этнопедагогикасы екінші ұлттың
этнопедагогикасынан өзіндік нысанасы, осыдан туындайтын өзіндік салдары
жағынан ерекшеленеді, яғни қазақтың этностық тәрбие ерекшеліктері қазақ
этнопедагогикасының нысанасы бола алады. Педагогика ғалымы мен оқу пәнінің
арақатынасына катысты мәселеге келгенде, біз Н.В.Савиннің көзқарасын
қолдаймыз, ол ғылым шыңына жету негіздерін зерттеуден басталады деп
есептейді. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ бұл
байланыстар өте күрделі болып табылады. Ғылым өз нысанасы жағынан барлық
білімді қамтиды. Онын міндеті сол нысананы толығырақ және тереңірек тану,
ал басты кызметі - зерттеу. Ғылым оқытып-үйретуге де белгілі бір қамқорлық
жасайды, бірақ оның бұл қызметі үстем болып табылмайды. Оку пәні бүкіл
ғылымнан емес, бар болғаны оның негіздерінен түрады. Олар оқыту міндеттері,
окып-үиренушілердің жас мөлшері мен даярлық деңгеиі ескеріле отырып арнайы
іріктеліп алынған. Оның негізгі атқаратын кызметі - окыту кызметі. Пәнінің
ғылым Құрылымының дәлме-дәл көшірмесі болуы міндетті емес. Пәнді құрастыру
кезінде ғылым деректері айтылып қана қоймайды, сонымен бірге үғымдарды
тереңдету, нақтылау, ғылымды жүйелендіру жүріп жатады. Кейбір жағдайларда
оқу пәнін құрудың бұл жүйесі ғылым жүйесіне де оң ықпалын тигізеді.
Оқу пәні ғылымда жемісті болып табылатындардың бәрін өзіне кіріктіреді
және ғылыми қағидаларды тексеру үшін тағы бір сынақ өлшемі қызметін
атқарады. Ғылыми үғымдар, категориялар оқу пәнінде шығармашылыкпен қайта
өңделегеннен кейін, олар ғылымның күнделікті тіршілігінде нақтыланған,
кайта өзгертілген түрде пайдаланылуы мүмкін.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз мынадай жұмыс анықтамасын
үсынамыз: қазақ этнопедагогикасы - қазақ философиясы, мәдениет философиясы
этнопсихология, этнос теориясы, педагогика тарихы, этнографияның, сондай-ақ
отбасында және білім беру жүйесі мекемелерінде бүкіл адамзат өмірі бойында
үздіксіз жүзеге асырылып келе жатқан этностық тәрбие жүйесін нысана еткен
фольклористиканың тоқайласуы арқылы педагогика ғылымы аясында қалыптасқан,
біртұтас жүйелі білім беретін дербес оқу-педагогикалық пән.
Біздің республикамыздың көпұлттық сипатын ескере отырып, студенттер
құрамының үлттық-психологиялық ерекшеліктерін, оның мүдделері мен
сұраныстарын негізге ала отырып, мәселен, өз тандауымыз бойынша,
Корейлердің прогресшіл дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Үйғыр халқының
отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және т.б. секілді аршаулы курстарды,
арнаулы семинарларды, факультативтерді де оқу жоспарына енгізуге болады.

Қазақ этнопедагогикасының материалдары:
* Педагогика, Педагогика тарихы, Тәрбие жұмысының
әдістемесі курстарын;
* қоғамдық-гуманитарлық пәндерді;
* жаратылыстану-математика пендерін;
* көркемсурет-эстетика пәндерін және т.б. окыту процесінде пайдаланылуы
мүмкін.
Жоғары мектепте этнопедагогикалық білім беру аудиториялық және
аудиториядан тыс сабақтар барысында 1-4 курс аралығында үздіксіз жүзеге
асырылуға тиіс.
Тұжырымдама қатарлас және баламалы бағыттарда педагогикалық
шығармашылықты ынталандыра отырып білім беру мазмұнын үздіксіз жетілдіруді,
сондай-ақ жеке оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша этнопедагогикалық
білім беруден бас тартуды көздейді.
Бұл орайда:
1) факультеттің өзіндік ерекшелігі;
2) студенттердің ұлттық құрамы;
3) студентердің мүдделері секілді факторларды ескеру қажет.
Содан соң:
- факультеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты;
- студенттердің жынысына орай;
- олардың кандай аймақтан (ауылдан, каладан) келгеніне орай;
- демографиялық жағдайларына (көп балалы отбасынан шыкқанына; жалғыз
бала екендігіне; кімде: әжесінде, атасында; толық отбасында; толық
емес отбасында тәрбиеленгеніне) орай;
- этностық психологияны ескере отырып, этнопедагогикалық мазмұнды
іріктеп алуға өте мұкият қарауға тиіспіз.
Этнопедагогикалық пәндер өзінің тәрбиелік әлеуетін ашуы үшін жоғары
мектепте бүгін танда калыптасқан жағдайды түбірінен өзгерту қажет. Бұл
орайда этнопедагогика нақты ғылыми пән ретінде оқу жоспарына енізілгенмен
де, түтас алғанда белгілі бір себептермен өзінің тікелей міндетін халық
даналығы казынасына жол ашу міндетін атқара алмайды. Керісіише,
этнопедагогиканы оқытудың қазіргі жай-күйінің бабаларымыздың
этномәдениеттік мұрасын танып-білуге деген тілекті көбіне толығымен жойып
отыратын кездері де кездеседі. Білім беру жүйесінің кызметкерлері
этнопедагогика дербес пән ретінде болашақ мүғалімді өзін коршаған адами
катынастар әлеміне, түрлі заман адамдары мен халықтарының, олардың
мәдениеті, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары тарихы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Мұғалім атқаратын қызметі
Этнопедагогика: лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының жоспарлары
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Пәндер