Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультетінің магистратурасы

Құрлық гидрология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

“ІЛЕ АТЫРАУЫНДА АРНАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ГИДРОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ”

Орындаған Әмірғалиева А. С

“” 2007 ж

Ғылыми жетекшісі: Дюсенова Р. Х

“” 2007 ж

Кафедра меңгерушісмен Абдрахимов Р. Г

қорғауға жіберілді

“” 2007 ж

Алматы 2007

РЕФЕРАТ

Іле атрыауындағы арналық процестердің гидроморфологиялық дамуын зерттеу тақырыбында орындалған диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 бөлімнен және қорытындыдан құрылған. Берілген жұмыстың көлемі 68 беттен, 5 суреттен, 8 кестеден, қосымшадан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі қолданылған сөздер: атырау, атырау жүйесі, арналық процесс, меандрлеу, бос меандр, шектелген меандр, бітпеген меандр, гидроморфолгиялық есептеулер, тенденция, арнаның жоспарлық көрінісі.

Жұмыстың мақсаты: Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы.

Зерттеу объектісі: Іле атырауы болып табылады.

МАЗМҰНЫ

:
Б: Б
: КІРІСПЕ . . .
Б: 5
: 1
Б: Іле өзені мен атырауының физико-географиялық сипаттамасы . . .
6
: 1. 1
Б: Жер бедері мен геологиялық құрылымы . . .
6
: 1. 2
Б: Климаты . . .
8
: 1. 3
Б: Ауа температурасы . . .
8
: 1. 3. 1
Б: Ауа ылғалдылығы . . .
9
: 1. 3. 2
Б: Атмосфералық жауын-шашын . . .
10
: 1. 3. 3
Б: Қар жамылғысы . . .
10
: 1. 3. 4
Б: Жел режимі . . .
10
: 1. 4
Б: Топырақ және өсімдік жамылғысы . . .
10
: 1. 5
Б: Іле өзенінің гидрологиясы . . .
12
: 1. 6
Б: Су деңгейінің режимі . . .
13
: 1. 7
Б: Гидрологиялық зерттелгендік . . .
14
: 2
Б: Өзен және су алабы . . .
18
: 2. 1
Б: Өзеннің гидрографиялық желісінің қалыптасуы . . .
18
: 2. 1. 1
Б: Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі ағысы. Атырау . . .
19
: 2. 1. 2
Б: Атыраудың анықтамасы мен жіктелуі . . .
20
: 2. 2
Б: Ішкіконтинентальды атыраулардың қалыптасу механизмдері . . .
21
: 2. 3
Б: Іле атырауының қысқаша тарихы . . .
23
: 2. 3. 1
Б: Іле атырауының қазіргі жағдайының қалыптасуы . . .
24
: 2. 3. 2
Б: Іле атырауының негізгі ағыстары иен көл жүйелері . . .
25
: 2. 3. 3
Б: Іле атырауының су ысырабы . . .
26
: 2. 4
Б: Атырау пайда болу факторлары. Гидроморфологиялық факторлар . . .
27
: 2. 4. 1
Б: Гидрологиялық, гидравликалық, гидродинамикалық факторлар . . .
28
: 2. 4. 2
Б: Антропогендік факторлар . . .
30
: 3
Б: Қазіргі Іле атырауының динамикасы . . .
32
: 3. 1
Б: Іле атырауының су режимі . . .
32
: 3. 2
Б: Іле атырауы жүйесінде ағынның таралуы . . .
33
: 3. 2. 1
Б: Топар жүйесі . . .
33
: 3. 2. 2
Б: Жиделі жүйесі . . .
33
: 4
Б: Өзен арнасы . . .
35
: 4. 1
Б: Өзен арнасының жоспардағы көрінісі . . .
35
: 4. 1. 1
Б: Өзен арнасының құрылымдары . . .
36
: 4. 2.
Б: Арналық процестер . . .
37
: 4. 2. 1
Б: Арналық деформацияладрың даму тенденциясы . . .
39
: 5
Б: Өзендердің жазық бөліктеріндегі арналық процестердің негізгі түрлері және олардың өлшемдері . . .
43
: 5. 1
Б: Меандрлеу. Меандрлеу себебінің қазіргі түсініктері . . .
43
: 5. 2
Б: Таспа тізбекті, бірбүйірлі типтер . . .
43
: 5. 3
Б: Шекті меандр, бос меандр, бітпеген меандр, көпарналы жайылма . . .
44
: 5. 4
Б: Іле атырауының гидрографиялық сипаттамаларының өзгеруі . . .
46
: 5. 5
Б: Сараптама . . .
52
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Б: 55
:
Б:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Б: 56
:
Б:
: ҚОСЫМША . . .
Б: 59

КІРІСПЕ

Іле өзені Балқаш көліне құярда ауқымды атырау құрайды. Іле атырауының ауылшаруашылығындағы маңызы зор. Алапішілік Іле атырауының табиғи жағдайы мен адам іс-әрекетінен тармақталуында болып жатқан арналық процестердің дамуыының көпғасырлық даму тарихы бар. Ең үлкен әсерді Қапшағай су желісі, оның бөгені мен СЭС пайдалану ( 1970 ж) атыраудың сумен қамту режимі бұзылды, су жіберу көлемі азайды, қысқы су ысырабы көбейді және тағы басқа.

Жұмыстың мақсаты: Іле атырауында арналық процесстердің гидроморфологиялық дамуын зерттеу.

Жұмыстың міндеті:

Іле-Балқаш алабының физико-географиялық жағдайының қысқаша сипаттамасы келтіру.

Жалпы өзеннің гидрографиялық желісінің қалыптасуы мен өзеннің жоғарғы ағысы, төменгі ағысы және атырау жайында түсініктер берілген. Сонымен қатар Іле атырауының қысқаша тарихы, атырау қалыптасуына өз әсерін тигізетін атырау пайда болу факторларына анықтау.

Іле атырауының динамикасы, ондағы су жүйелері жайында мәліметтер келтіру.

Өзен арнасы, арналық процестердің деформациясы және жоспардағы ығысуы жағдайы.

Іле атырауында кездесетін арналық процестердің негізгі түрлері мен оның өлшемдерін беру. Сонымен қатар меандрлеу себебінің түсініктері, оның атыраудағы даму түрлері және гидрографиялық сипаттамаларының өлшемдері келтіру.

Магистрлік диссертацияны орындау барысында жарық көрген және қордағы құжаттар пайаланылады.

1 Іле Өзені мен атырауының физико-географиялық

сипаттамасы

1. 1 Геологиялық құрылымы және жер бедері

Балқаш көлі алабы территориясының геологиялық құрылымы үлкен күрделілігімен және әртүрлілігімен сипатталады.

Кембрийге дейінгі түзілімдер шейстер, амфио, болиттер, кристалды тақта тастар Теріскей Алатаудың шектеулі алаңдарында кездеседі. Кембрийлік түзілімдер (сұр түсті құл, диабаза, мәрмәр, мәрмәр тәріздес әктас) Шу-Іле тауында белгілі Іле Алатау және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің едәуір бөлігін алып жатыр. Карбонатты тау жынысы Іле Алатауының батыс бөлігін, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейін және Балқаш маңының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Бұл бөліктер спилиттермен, құмдармен, диабазамен, әктер, эффузиялармен және құмдармен танылады [1] .

Ордовикалық түзілімдер (құм, конгломераттар, тақтатастар, әктас, кремнилі және көмірлі тақтатастар, эффузив және олардың туфтары) . Солтүстік Балқаш маңы, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шу-Іле тауларының едәуір бөлігін алып жатыр. Іле Алатауында және Жоңғар Алатауында, Кетмен, Күңгей-Алатау тауларында карбонатты тау жыныстары көптеп оңтүстік Жоңғарда кездеседі және Іле Алатауы, Кетменде, солтүстік Балқаш маңына белгілі.

Силур түзілімі (құмтүйірлер, әктаскремнийлі тақтатастар, эффузивтер және олардың туфтары) тек Шу-Іле тауларына белгілі. Оңтүстік Жоңғарда, Кетменде, Тарбағатайда, Шыңғыс тауларында карбонатты тау жыныстары кездеседі. Бұл түзілім кезеңі негізінде шамалы тараған. Солтүстік Балқаш маңындағы сиурлық бөлік жасыл түсті террикалық түрде кездеседі (құмтастар, құмайтты яшма) . Барлық жағдайда сипатталатын түзілімдер Іле Алатау, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда қатпарланып жиналған. Ал Тарбағатай, Шыңғыс тау, Іле Алатауларының солтүстік-батысында және солтүстік Балқаш маңында меридионалды созылып жатыр.

Девондық түзілімдер. Каледонды нығаю облыстары орогенді фармациялармен, қызыл түсті конгломераттармен, құмтастар, негізгі ортасы төменде қышқылдардың қабаты эффузиямен туфтардың жоғарғы кескінінде орналасқан. Олар Тарбағатайда, Шыңғыс тау, солтүстік-шығыс Балқаш маңында және Шу-Алатауларында.

Девондық тау жыныстары герцинді нығаю солтүстік Жоңғар мен солтүстік Балқаш маңында каледонды нығаюға қарағанда өте кең жайылған. Бұлар жасыл түсті теңіздік терригенді тәріздес (құмтүйірлер, кремний, сазды тақтатасты, сирек әктасты және орташа құрамды эффузия) .

Төменгі таскөмірлі түзілім. Іле сиклинориясымен оңтүстік Балқаш маңында, Тарбағатайда, атақты Кетменде, Теріскей Алатау беткейінде және Күнгей Алатауда кеңінен жайылған. Шу-Іле тауларында азғантай карбондық мульдалар кездеседі.

Іле синкинориясында тағы солтүстік Балқаш маңында карбондық түзілімдер эффузиясымен және оның туфтарымен қышқыл және орташа құрамда меншіктелген.

Солтүстік-батыс Балқаш маңында, Шу-Іле тауларында, Күнгей және Теріскей Алатау сілемдерінде және Кетменнің оңтүстік беткейінде құмтүбірлер және когломераттар, эффузиялар, әсіресе визей жікқабатында кең жайылған.

Балқаш маңының солтүстік-батысындағы өзендердің алаптары Іле маңының маңызды үлкен аймағын қамтиды. Іле Алатауы мен Кетменге белгілі солтүстік Балқаш маңымен оңтүстік Жоңғардың аймағында таскөмірлі интузиялар кеңінен жайылған.

Таскөмірлі түзілімдер. Герционды нығаю аймағында барлық жерде дерлік девондық құрылымы мен кескініне ұқсас жыныстар көрініс береді. Құмайтастармен, құмтүйірлермен, туфиттермен, яшмамен аймақтың шеткі бөлігінде эффузиялармен және олардың туфтарымен Есіл-Балқаш (су айрығының бөліктері) орталық Жоңғарда және солтүстік Балқаш маңдарында таскөмірлі түзілімдер арасында карбонатты түрлер едәуір қуаттылығымен орталық Жоңғарда да орналасқан.

Жоғарғы палеозойлы түзілім. Солтүстік Балқаш маңында каледонды және герцинді нығаю аудандарында орналасқан. Басқалары оңтүстік Жоңғар мен Кетменде кең дамыған. Түзілім эффузиялар және олардың туфтарынан тұрады. Гранитойды интрузия орташа жоғары таскөмірлі кезеңде кең тараған.

Триас және Юра түзілімдері. Континентальды қызыл түсті жауын-шашынды фармациялардан тұрады. Іле ойпаңының шығыс бөлігінде және Кетмен жотасының солтүстік бөлігінде дамыған. Түзілімнің жалпы қуаттылығы Триасқа 450 м, Юрада 290 м жетеді.

Юра түзілімі Алакөл ойпаңының шығыс бөлігін және барлық жотасы сілемінің азғантай бөлігін алып жатыр.

Бор түзілімі. Іле ойпаңының 2700 м тереңдігінде жататын шығыс бөлігінде және Кетмен жотасының солтүстік беткейінде және Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде және Қарой үстіртінде орналасқан. Бұл жер өзенді және атыраулы фармацияланған. Тербелу қуаттылығы 70 м-ден 220 м-ге дейін.

Палеоген және төменгі неоген түзілімдері. Іле ойпаңына Балқаш және солтүстік Жоңғарларға тән. Бұл жер өзен сазымен, сазыластарымен қабатталған құмтастардан және әксаздардан тұрады. Аккумкляцияның ауданының үлкендігімен төменгі неоген едәуір үлкен деп түсіндіруге болады. Палеоген түзілімінің қуаттылығы 720 м, төменгі неоген 1100 м жетеді.

Жоғарғы неоген түзілімі. Фационалды және литологиялық құрамына қарай әртүрлі болып келеді. Ойпаңның орталық бөлігінде өзеннің көгілдір және жасыл саз, әксаз қабаттарымен құмтүйірлермен гипстелген және тұздалған, ал бүйірінде үлкен кальцийлі аллювиалды-пролювиалды қызғылт түсті шақпақтасты саз. Кесіндінің жоғарғы бөлігі жауын-шашынның көптігінен (ойпаңның ортасында болатын ) аллювиалды-пролювиалды (көлсазы) шақпақтасты саздармен, қойтасты малтатаспен, борпылдақ конгломераттар мен құмтастармен ажыратылады. Түзілу қуаттылығы бірнеше метрден 260 м дейін жетеді. Төрттік түзілім арасында төрт страгиграфиялы түзілімге бөлінеді.

Төменгі төрттік түзілім ( қотыр бұлақ свитасы) қойтасты малтатастармен және массалық саздақтар тау етегінде дамып, суайрықтарда биік террасалар қалыптасады. Олардың тербелуі 10 м-ден 290 м-ге дейін жетеді.

Ортатөрттік түзілім. Массалы саздақтармен және қатысты малтатастар аллювиалды-пролювиалды жайылма беті террасасында ежелгі конус қалыптасады. Тербелу қуаттылығы бірнеще метрден 250 м жетеді.

Жоғарғы төрттік түзілім. Олар қазіргі конуста бірінші қойтасты - малаймен, құмдармен, құмдақтармен, саздақтар да жайылма үсті террасасы өзеннен жайылмаға дейін созылған. Тербелу қуаттылығы бірнеше метрден 150 м дейін.

Қазіргі түзілім. Негізінен малтатастан, құмдардан, құмдақтардан тұрады. Бұлардан өте тұрақсыз өзен арнасы мен жайылма қалыптасады. Әдетте бірнеше метрден аспайды.

1. 2 Климаты

Қарастырылып отырған территория негізінен континентальды, бірақ тым біртекті емес. Осының салдарынан оның едәуір ендік ұзындығымен жер бедерінің құрылысында үлкен айырмашылықтар бар. Климаттың негізгі белгісі солтүстік жазық және аласатаулы аудандарда байқалатын температураның тәуліктік және жылдық суық қыс және ұзақ ыстық және құрғақ жаз болып табылады. Әсіресе жоғарғы температура және құрғақ климатымен оңтүстік Балқаш маңы ерекшеленеді. Таулы аймақтардың климаттық ерекшеліктері өте тұрақсыз.

Жауын-шашынның мөлшері мен режиміне ауаның ылғалдылығы және температурасына, желдің жылдамдығы мен бағытына жергілікті жердің биіктігімен және жер бедерінің формалары үлкен дәрежемен себепші болады. Аласатаулы белдеу қоңыржай белдеумен сипатталады, ол биік таулы ауданның климаттық жағдайлары, поляр климатына тән [1] .

  1. Ауа температурасы

Қарастырылып отырған ауданның ауа температурасының өсу қарқындылығы көктемде байқалады. Наурыз айынан сәуір айына дейін Балқаш маңында ауа температурасы 10 0 -дан 15 0 -ға дейін көтеріледі, тау алдында 7 0 -дан 9 0 -ға дейін, тауға қарай минус 5 0 -дан минус 6 0 -ға дейін төмендейді. Жалпы жағдайда ауа температурасының салқындауы, ауа температурасының төмендеуінен жиі байқалмайды. Жазық жерлерде ең ыстық ауа температурасы 20 0 -дан 25 0 -ды құрайды.

Ең ыстық айдың орташа температурасы 2500-3000 м биіктікте минус 7 0 -дан минус 10 0 -ды құрайды. Ауаның абсолютті максималды темепратурасы солтүстік аудандарда жазда 40 0 , оңтүстік жазықтарда 45 0 , ал таулардағы мұздық аймақтарда минус 2 0 -дан минус 20 0 -ға дейін төмендейді. Темеператураның төмендеуі тамыздан басталады, бірақ солтүстік аудандарда бірінші онкүндігінде теріс мәнге ауысады. Ол оңтүстік таулы аймақтарда қарашаның екінші жартысында байқалады. Тауларда оң мәннен теріс мәнге ауысуы күзде 3000 м биіктікте қазанның бірінші күндерінен байқалады, ал осы айдың соңында 2000-2500 м биіктікте, ал 2000 м төмен қарашаның бірінші онкүндігінде байқалады. Территорияның оңтүстік жазықтығымен тау алды бөлігінде жылы кезеңнің ұзақтығы 8-9 айды құрайды. Ал биік тауларда мәңгі қар мен мұздықтарда 6-7 айдан, орта тау белдеулерінде 1-2 айға жетеді. Қарастырылып отырған территорияның жазық аудандарында жылдық температурасының амплитудасы 35 0 -тан 40 0 -қа дейін, ал тауларда 25 0 төмен болады.

Оңтүстік Балқаш маңы, Алакөл көлі және таулы аймақтарда температура минус 5 0 -дан минус 10 0 -ға дейін өзгереді. Ал солтүстік ауданында ауаның орташа жылдық температурасы минус 2 0 -дан минус 5 0 -ды құрайды. Тауда ауаның температурасы биіктеген сайын төмендейді және өте биікте теріс мәнге жетеді. Ауаның төмендеуіне байланысты биіктікте периодының ұзақ ғылыми теріс мәні өседі, ал жоғарыда қар суығы осы ауа температурасының төмендеуіне байланысты жыл бойына сақталады. Ауа температурасы тау алды аймақтарында жазықтар мен биік таулы аудандарға қарағанда едәуір жоғары. Қарастырылған жердің орташа температурасының ең суығы 1300-1500 м биіктікте білінеді. Солтүстік Іле Алатауы биіктігінің инверсиясы ауа температурасының ең төменін көрсетеді. Ауа температурасының жағдайлары тек биіктікте ғана емес, сонымен қатар жергілікті жердің табиғатына байланысты. Әдетте биіктаулы үстіртте және тау беткейлерінде ең суық жыл болса да ауа температурасы минус 35 0 -дан минус 40 0 -дан төмен болады, ал тау аралық қазаншұңқырларда минимальды температура кейде минус 50 0 -ға дейін төмендейді. Қарастырылып отырған территорияның солтүстік аудандарында жеке жылдары ауа температурасы минус 50 0 -ға дейін төмендейді.

1. 3. 1 Ауа ылғалдылығы

Ауа температурасының орташа абсолюттік ылғалдылығы 7 мб-ды құрайды. Солтүстік жағада төмендеу 6. 3 мб-дан 6. 9 мб-ға дейін, оңтүстік жағада көбірек 7. 2 мб-дан 7. 3 мб-ға дейін жетеді. Жазда үлкен ауа температурасы мен жауын-шашынның аз мөлшерінің әсері тым құрғақшылыққа әкеп соғады, Жылдың суық мезгілінде абсолютті ылғалдылық (қараша-наурыз) 80 % шамасында, өтпелі кезеңде (сәуір-қазан) 57 %-дан 67 %-ға дейін, ал жазда (маусым-тамыз) 40 %-дан 52 %-ға дейін жетеді. Оның орташа жылдық мәні 60-80 %. Жыл бойындағы ауа ылғалдылығының тапшылығы 6. 4 мб-дан 8. 3 мб-ға дейін, ал қыста 0. 8 мб-дан 1. 3 мб-ға дейін өзгереді. Көктемде ауа температурасының өсуімен қатар ылғалдылық тапшылығы өсіп, жазда 20 мб-дан 25 мб-ға жетеді.

1. 3. 2 Атмосфералық жауын-шашын

Атмосфералық жауын-шашынның таралуы батыстан шығысқа қарай өседі. Жаздың жоғарғы температурасы, ауа құрғақшылығы және қатты жел сияқты факторлар көл бетінен булануға жақсы әсерін тигізеді.

  1. Қар жамылғысы

Қар жамылғысының тығыздығы ендік пен жергілікті жердің жер бедерімен тығыз байланысты. Жазық аудандарда тұрақты қар жамылғысы қазан айының соңы мен қараша айының ортасында орнығады. Бірақ кей жылдары ол тіпті байқалмауы да мүмкін. Бұл уақытта ол Іле Алатауының солтүстік экспозициясында тұрақталады. Қар жамылғысының бұзылуы наурыз айында аяқталады. Тауда қар көшкіні наурыз және сәуір айларында бітеді. Қар жамылғысының су қоры аумақ бойынша бірқалыпсыз таралады. Қар қалың жауған жылдары су қоры 70 мм-ден 100 мм-ге жетеді. Мұз құрсау 4 айдан 5 айға дейін созылады.

  1. Жел режимі

Іле өзені алабының жыл бойына солтүстік-шығыс және шығыс бағыттағы желдер тән. Бір жыл ішінде орташа есеппен алғанда жалпы жағдайда солтүстік шығыста желдің қайталанғыштығы 25 %-дан 45 % аралығында ауытқиды. Балқаш көлі алабындағы желдің ұлғаюы негізінен синоптикалық жағдайдың төрт түрі байқалады:

а) Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан үстіндегі жерден жоғары антициклонды немесе барикалық жалы орнығады;

ә) жел негізгі және қосымша шептерден өткенде цикл шептік бөлігінде ұлғаяды;

б) жел Азиаттық антициклонның оңтүстік және оңтүстік-батыс жалындағы шет жағына қарай өседі;

г) жел Баренц, Карск теңіздерінен өткенде малтайтын циклонның өтуіне өседі және Балқаш көлінің меридиан биіктігінің шепті аумағы астына ауысады.

Көп қайталанғыштыққа бірінші және төртінші типті желдер ие (40 %) . Айта кететін жайт көлдің әтрүрлі аудандарында бір уақыт ішінде жылдамдығы мен бағыты әртүрлі болып келетін желдер байқалады.

1. 4 Топырағы мен өсімдігі

Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауына қарағанда, Іле өзені алабының сол жағалауының жоғарыдағы бөлігі, Күнгей Алатауының солтүстік-шығыс беткейі және Теріскей Алатауының топырақты-өсімдікті белдеуі 200-250 м биіктікте жатыр.

Кетмен жотасы басқа жоталарға қарағанда шекарасы биік болғандықтан, көлденең құрған белдеу шекарасынан жоғары жатады. Ал жоғары биік белдеу Альпі болып табылады. Альпінің таулы шалғынды топырағын Альпінің аласа бойлы өсімдіктер басқан.

Субальпіні таулы-шалғынды топырақтар гумусқа бай, бірақ олар тым су өткізгіш 1900-2500 м биіктіктің едәуір ауданын орманды дала белдеуі алып жатыр. Топырағы орманда қоңыр. Өсімдігі қылқан жапырақты орман, шетелді ырғайды итмұрын тоғайларымен араласқан шөпті жамылғысы сирек,

Таулы-далалы бөлігі қара-қоңыр топырақтан, бетегелі және орылған даладан тұрады. Іле өзені алабының тауаралық қазаншұңқырының сол жағалауы және аласатаулы және тау бөктері аудандарының топырағы мен жамылғысы (ашық-қоңыр, сұр-қоңыр, тақыр және аллювилі-шалғынды топырақ) мөлшеріне қарай ауысатын жергілікті жердің төмендеуі және Іле және Шарын өзендерінің аңғарына жақындауы. Өсімдігі көбінесе бетегелі-жусанды Іле өзені жайылмасында тоғайлы-қамысты.

Іле Алатауының солтүстік беткейі биіктік пен тау етегінің айналы және жота суайрығынан, осының салдарынан топырағы мен өсімдік жамылғысы құрамына қарай қаралады.

Жотаның ең биік бөлігіне гляционалды-нивальды белдеу жатады (3800 м биік) .

Субальпілік белдеуінің топырағы таулы-шабындықты және шабындықты-далалы, өсімдіктері шабындық және шабындықты-далалы.

Субальпілік белдеу орманды шабындықты, таулы белдеу 1800-2300 м биіктікте жатыр.

Топырағы қара түсті таулы орман, қара топырақты тектес шабындықты-таулы.

Өсімдігі парктиптес шыршалы орман жергілікті массивтер шабындықты фармациялармен ауысып отырады (жалбыз, түлкіқұйрық, бетеге) .

Таулы орманды-далалы белдеу 1400-1800 м биіктік шекарасында орналасқан. Топырағы таулы-орманды қара сұр және қара топырақты. Өсімдігі жапырақты орман (көктерек, долана, жабайы алма, өрік) . Ағаштардың арасында шөпті жамылғысы жақсы дамыған Іле Алатауының орталық бөлігінде таулы-далалы белдеу аласа таумен таубөктеріндегі 800-1400 м алып жатыр. Топырақ жамылғысы таулы қара топырақ және қою сарғылт. Өсімдігі ақселеулі - бұтақты әртүрлі (ақселеу, бетеге, түлкіқұйрық, жусан, итмұрын, итжүзім) . Тау етегіндегі 600-800 м биіктік арасындағы жазықтық-шөлді тау етегі белдеуіне қисаяды. Топырағы ақшыл-сарғылт, кәдімгі сұр топырақ. Өсімдігі бетегелі - жусанды және ақселеу, ебелек, жалбыз, көкнәр, қияқ. Шу-Іле таулары биіктігіне байланысты екі түрге бөлінеді. Таулы-далалы және шөлді-далалы.

Таулы-далалы белдеу қара-сарғылт және ақшыл-сарғылт карбонатты топтардан тұрады. Қою-сарғылт топырақтың Шу-Іле тауының солтустік шығысында кең таралған, ал ақшыл-сарғылт карбонатты топырақ (жер бедерімен қатты байланысты) тау аралық аңғарлардың жер бедерімен тығыз байланысты. Өсімдігі өте жырымдалған және жалбыз, ақселеу және арпабастан тұрады. Ал солтүстік-шығыс бөлігі талшіліктерден тұрады (қарағай, жабайы шие) .

Шөлді-далалы белдеу ақшыл-сарғылт және кәдімгі сұр топырақтан тұрады. Ашық сарғылт топырақтың тау етегі еңістігінде 700-800 м биіктікте жатыр, ал одан төмен 300 м дейін Шу-Іле тауларының маңдарында кәдімгі сұр топырақ. Өсімдігі бетегелі-жусанды және ақселеулі-дәнді өсімдіктер.

1. 5 Іле өзенінің гидрологиясы

Іле өзені Балқаш-Алакөл ойпаңының күре жолы болып табылады. Іле өзені алабы суының 75 %-ын Балқаш көлінен алады. Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км. ТМД шекарасында 815 км. Алаптың жалпы ауданы 14 км 2 , ал ТМД шекарасында 77400 км 2 .

Іле өзені өзінің бастауын Тәңіртауынан келетін екі өзен Текес және Күнгей арқылы алады.

Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы бөлігін құраушы Текес өзені Теріскей Алатау жотасының солтүстік шығысындағы беткейі 3500 м биіктіктен басталады. Өзеннің ұзындығы 438 км, су жинау алабы 28100 км 2 . Мол сулы жоғарғы ағысы төмен ағында Текес ойпаңымен қиылысында жер суаруға көп бөлігін жоғалтады. Бірақ Хан Тәңірі мұздақтары ерігенде су табиғи жолмен көбейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алапішілік атыраудың дамуы мен қалыптасуы
Ағын - өзін реттегіш жүйе
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Ландшафттарды зерттеудегі геожүйелік - бассейндік тәсілдің дамуының негізгі кезеңдері
Орманды дала зонасы
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экологиялық орнықты дамытудың ғылыми негізі
Бедер түзуші эндогендік факторлар
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Қазақстан Қызыл кітабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz