Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 163 бет
Таңдаулыға:
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОК 378. 02:37. 033:504 Қолжазба құқығында
САҒЫНДЫҚОВА ЭЛЬВИРА ӨМІРҚЫЗЫ
Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
(аймақтық материалдарда)
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы және әдістемесі
Ғылыми жетекшілері:
Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ұзақбаева С. А.,
Биология ғылымдарының кандидаты,
доцент Чилдебаев Ж. Б.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2006
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 9
- Тұлғаның және қоғамның экологиялық мәдениетінің мәні . . . 9
- Экологиялық білімді жүзеге асырудағы тұжырымдамалық көзқарастар . . . 25
- Оқу-жобалық іс-әрекеттің болашақ мамандардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері . . . 51
- Оқу-жобалық іс-әрекет процесін аймақтық материалдарда
жүзеге асыруда болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру тәжірибесі . . . . . . 72
2. 1 Аймақтық материалдардағы оқу-жобалық іс-әрекет негізінде
студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
әдістемесі . . . 72
- Экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудағы тәжірибелік-эксперимент
жұмысының нәтижелері . . . 105
Қорытынды . . . 119
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 125
Қосымшалар . . . 142
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңі адамзат қоғамының өткендегі тарихында күн тәртібінен түспеген көлемді проблемаларының бірқатар кешенімен айқындалатын адамдардың өмірі мен кәсіптік іс-әрекетінің жаңа стратегиясын талап етеді. Экологиялық жағдайдың төмендеп кетуінің негізгі себептерінің бірі - кәсіптік іс-әрекетінің белгілі бір дәрежеде табиғатты пайдалана алатын, экологияға бағытталмаған мамандардың экологиялық мәдениетінің төмендігі.
Жоғары оқу орындары практикасының қазіргі жағдайына жасаған талдау мен ондағы біздің жеке жұмыс тәжірибеміз экологиялық білімге ақпараттық тұрғыдан баса назар аударылатынын байқатады. Сонымен бірге қазіргі экологиялық дағдарыстың көлемді сипаты «қоршаған орта туралы білім» тұжырымдамасының «қоршаған ортаға арналған білім» тұжырымдамасына ауысу қажеттігін талап етеді. Ал, бұл болса экологиялық білім беруде оқытудың белсенді формалары мен әдістерін ендіруді қажет етеді.
Қазіргі ғылымда экологиялық білімнің мазмұны мен әдістері туралы теориялық білімдердің маңызды қоры жинақталған. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының аксиологиялық негіздерін В. Вернадский [1-4], А. Швейцер [5, 6], Н. Н. Моисеев [7-11] және т. б. қарастырған. Экологиялық апатты болдырмау жолдары мен өркениеттің тұрақты даму моделі Рим клубының өкілдері А. Печчеи [21], Э. Янг, Д. Медоуз [22], И. Рендерс, Ш. В. Беренс [22] және т. б. ғалымдар еңбектерінде негізделген.
Адамның қоршаған ортамен өзара байланысы И. Д. Зверевтің [28-32], И. Т. Суравегинаның [33-35], А. Н. Захлебныйдың [36-38] және т. б. зерттеулерінде көрініс тапса М. Верзилин, В. Корсунская [39], В. Г. Иоганзен [40] және т. б. табиғатты тәрбие факторы ретінде қарастырған.
Экологиялық білім проблемасын мәдениеттану ғылымы тұрғысынан Э. В. Гирусов [42-44], В. И. Шинкарук [45], Ж. Тлепов [46], Р. О. Лосаберидзе [47] және т. б. ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Д. А. Урсул [50], Е. В. Никанорова [51-52], Ж. Тастанбекова [53] және т. б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары Г. А. Вахромова [56], Г. А. Иванов [57], И. П. Сафронов [58], С. В. Алексеев [59-60], А. В. Миронов [61], С. К. Сериков [62], Л. К. Шапошников [63], В. Д. Кристя [64] және т. б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық білімді жүзеге асырудағы белсенді әдістердің мүмкіндіктері де бірқатар еңбектерде З. В. Малыхина [70], О. И. Ткачева [71], А. В. Уткин [72], Л. А. Коханова [73], Г. К. Мукушева [74], С. В. Балдина [75], Л. Б. Симағанова [76], А. И. Клюкина [77], В. А. Безуевская [78], В. П. Каленская [79] зерделенген.
Экологиялық даярлық мәселесі де ғалымдар назарынан тыс қалмаған, оның қолданбалы бағытының қажеттілігі В. В. Сериков [80], Т. В. Кучер [81] және т. б. еңбектерінде негізделді.
Экологиялық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары қарастырылған еңбектер де (Н. С. Карташова [84], Н. В. Скалон [85], М. К. Жайлауова [86-87], О. А. Иванова [88], О. В. Попова [89], Л. В. Моисеева [90], және т. б. ) де баршылық. Ғалымдар жергілікті қауымдастықта экологиялық-білім кеңістігін қалыптастырудағы негізгі рольді аймақтық университет атқаратынын атап көрсетеді.
Экологиялық білімнің көкейкесті мәселелерін зерттеген қазақстандық ғалымдар да (Н. Сарыбеков [95-97], А. Бейсенова [98], В. Фурсов [99], Ж. Бұламбаев [100-103], А. Саипов [104], М. Сарыбеков [105-106], Г. Длимбетова [107-108], Ж. Жатқанбаев [109-110], Ж. Чилдебаев [111] және т. б. ) аз емес. Болашақ мамандардың экологиялық даярлық мәселесінің кейбір мәселелері М. А. Құдайқұлов [115], Ш. Т. Таубаева [116], Г. Қ. Нұрғалиева [117], Қ. Б. Тлебаева [118], А. С. Боранбаев [119], Н. А. Чуйкова [120] және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде профессор А. Г. Сармурзинаның [124] жетекшілігімен жергілікті халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында аймақтық өндірістік мекемелермен, оқу орындарымен, қоғамдық ұйымдармен байланыста ғылыми экологиялық мектептер жүйесі құрылған және табысты жұмыс істеп келеді (Ш. Ш. Хамзина [125], Шалғымбаев С. Т. [126] ) .
Біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбына жақын келетін жобалық іс-әрекеттер қарастырылған зерттеу еңбектері де жоқ емес. А. А. Вербицкий [127], П. И. Пидкасистый [128], И. А. Зимняя [129], Е. Заир-бек [130], Г. И. Ильина [131], А. Хуторской [132], Н. Д. Хмель [133], Г. П. Щедровицкий [134], Н. Г. Чанилова [135], И. А. Колесникова, М. П. Горчакова-Сибирская [136], К. Н. Дьяконов, А. В. Дончева [137] және т. б. кәсіптік іс-әрекеттердің кейбір аспекттерін жетілдіру мен білім сапасын көтерудегі мүмкіндіктерін анықтауда жобалық іс-әрекеттерді зерттеген.
Педагогикалық теория мен практикаға жасалған талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін аймақтық материалдардағы оқу-жобалық іс-әрекеттің экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында зерттелмегенін айғақтайды.
Сонымен болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оқу-жобалық іс-әрекет мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі мен осы мәселенің кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінде жеткіліксіз деңгейде зерттелгендігі арасында объективті қарама-қайшылықтар туып отыр.
Сондықтан экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде аймақтық материалдарда оқу-жобалық іс-әрекетті пайдалануды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарды іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру (аймақтық материалдарда) » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі - қазіргі жоғары оқу орындары жағдайында экологияға бағытталмаған мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні - аймақтық материалдарда экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы оқу-жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері.
Зерттеудің мақсаты - аймақтық материалдардағы оқу-жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы : экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың нәтижесі мүмкіндігінше аймақтың экологиялық проблемалары материалдарындағы оқу-жобалық іс-әрекетті жүзеге асырумен айқындалады, өйткені осы педагогикалық құралдың кешенді сипаты мен қолданбалы бағыттылығы қалыптасушы тұлғалық сапаның мотивациялық-құндылық, когнитивтік, мінез-құлықтық, рефлексивтік компоненттерінің ішкі бірлігін және тұтастығын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің міндеттері:
- «Маманның экологиялық мәдениеті» ұғымының мәнін анықтау.
- Оқу-жобалық іс-әрекеттің экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы ықпалын негіздеу.
- Студенттердің оқу-жобалық іс-әрекеттері негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
- Экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесінде аймақтық материалдардағы экологиялық жобаларды пайдалану арқылы әдістемелік нұсқаулар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: аймақтың экологиялық проблемалары материалдарындағы оқу-жобалық іс-әрекет мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды тұлғалық-әрекеттік тұрғыда қамтамасыздандырады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: адам мен табиғаттың ажырамас бірлігі және коэволюция туралы гуманистік идеялар, өркениеттің тұрақты дамуы теориясы, тұлғалық-іс-әрекеттілік, жүйелілік және аймақтық тұрғысынан жасалған талдаулар, жобалық іс-әрекеттің теориясы.
Зерттеудің көздері: үздіксіз экологиялық білім беру жүйесіндегі экологиялық даярлық мәселесі бойынша философтар, психологтар, социологтар, педагогтар мен әдіскерлердің еңбектері, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық, аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың құжаттары, жоғары оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламалары, «Экологиялық өлкетану» арнайы курсының оқытушысы ретінде ізденушінің жеке тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, контент-талдау, сауалнама жүргізу, студенттердің оқу іс-әрекетін бақылау, эксперттік бағалау, эксперимент нәтижелеріне баға беру, студенттердің іс-әрекетіне талдау, экстраполяция, математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Экологияға бағытталмаған мамандардың экологиялық мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейі анықталды;
2. Оқу-жобалық іс-әрекеттің болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретіндегі мүмкіндіктері айқындалды.
3. Оқу-жобалық іс-әрекеттің (аймақтың экологиялық проблемалары материалдарында) бағдарлық, ізденістік және модельдеушілік кезеңдерін қарастыратын әдістемесі жасалды және эксперимент жүзінде тексерістен өтті.
4. Аймақтық материалдардағы оқу экологиялық жобаларының түрлері (ғылыми, қолданбалы, әлеуметтік және кешенді) сипатталады.
Зерттеудің практикалық мәні:
- «Экологиялық өлкетану» арнайы курсына арналған аймақтық материалдарда әлеуметтік мәнге ие экологиялық жобалардың тақырыбы жасалды;
- экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениеті деңгейлерін зерттеуге арналған диагностикалық құралдар кешені анықталды;
- аймақтың экологиялық проблемалары материалдарындағы оқу-жобалық іс-әрекетті пайдалану бойынша ғылыми-практикалық нұсқаулар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін экологияға бағытталмаған мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесінде, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеттерінде пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Экологиялық мәдениет экологияға бағытталмаған мамандардың мотивациялық-құндылық, когнитивтік, мінез-құлықтық пен рефлексивтік компоненттерін қамтитын маңызды интегралды тұлғалық сапасы болып саналады.
2. Аймақтық материалдардағы оқу-жобалық іс-әрекет болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады.
3. Аймақтың экологиялық проблемалары материалдарындағы оқу-жобалық іс-әрекеттің бағдарлық, ізденістік және модельдеушілік кезеңдерінің өзара байланысы болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың нәтижелілігін анықтайды.
4. Экологиялық бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық біліміне іс-әрекеттік қатынас жасау аймақтың экологиялық проблемалары материалдарындағы ғылыми, қолданбалы, әлеуметтік және кешенді оқу жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І кезеңде (1996-1998 жж. ) студенттердің экологиялық білімі мәселесі теориялық тұрғыдан талданды. Болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы жоғары мектептің тәжірибесі зерделенді. Зерттеудің ғылыми аппараты жасалды. Тәжірибелі-эксперимент жұмысын жүргізу белгіленді.
ІІ кезеңде (1999-2004 жж. ) болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, эксперимент жүзінде тексерістен өтті. Аймақтық материалдардағы оқу-жобалық іс-әрекеттің тиімділігі мамандарды экологиялық даярлаудың құралы ретінде зерттелді. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының тиімділігі бағаланды.
ІІІ кезеңде (2005-2006 жж. ) зерттеу барысында алынған нәтижелер жүйеге келтіріліп, өңдеуден өтті, үрдістер анықталды, тұжырымдар мен практикалық нұсқаулар жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі автордың әдіснамалық және теориялық тұрғыдағы ұстанымдарының тұжырымдамалылығымен, зерттеудің әрбір кезеңінің міндеттеріне сәйкес әдістер кешені қолданумен, ізденушінің теориялық қағидалары мен тұжырымдарының эксперимент жүзінде тексерістен өтуімен, зерттеу барысында математикалық өңдеу әдістерін пайдаланумен қамтамасыздандырылды.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмысы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде ізденушінің 10 жыл бойында экологиялық курстар жүргізген бірқатар факультеттерінде және «Қайнар» университетінің Ақтау қаласындағы филиалында өткізілді. Экспериментке 396 адам қатысты. Оның ішінде эксперимент тобына 192 студент, бақылау тобында - 204 студент болды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру эксперимент барысында және ғылыми-практикалық конференцияларда (««Қазақстан-2030» стратегиясы бағытында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық аспектілері», Қаз. мем. қыздар пед. инст., 1999; «Оқытудың жаңа технологиялары», Қаз. мем. сәулет-құрылыс академиясы, 2001; «Қазақстан халықтарының рухани мұралары және мектеп білімі», Парасат, 2001; «Экологияның көкейкесті проблемалары», Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2002; «Мәдениет-өнер-білім: үрдістер мен перспективалар», Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2002) баяндалды, басылым көрген ғылыми мақалаларда ( «Ізденіс», «ҚазҰУ хабаршысы» және т. б. ) көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппарат (мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалары) беріледі.
«Болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда экологиялық қоғам мен жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәні сипатталады, экологиялық білімнің қалыптасу мен даму эволюциясына мәдениеттану тұрғысынан талдау жасалады, студенттерге экологиялық білім берудегі оқу-жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері негізделеді.
«Оқу-жобалық іс-әрекет процесін аймақтық материалдарда жүзеге асыруда болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты екінші тарауда оқу-жобалық іс-әрекеттің мазмұны анықталады, оқу-жобалық іс-әрекет негізінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі сипатталады, экологияға бағытталмаған болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда теориялық талдау мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеудің эмпирикалық материалдары беріледі.
1 БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Тұлғаның және қоғамның экологиялық мәдениетінің мәні
Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың материалдық және рухани еңбек өнімдеріндегі, әлеуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым-қатынастарында көрініс алған тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады (Разенкова Д. Р. [138] ) .
Мәдениет жалпыға ортақ әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адам ның өмір сүру салты болып та анықтала алады. Осы тұрғыдан мәдениет адамзат өмірінің ең маңызды компоненті мен оның дамуы деңгейінің көрсеткіштері болып саналады. Дәстүрлі тұрғыда мәдениет табиғат құбылыстарына қарама-қарсы қойып салыстырылуы арқылы анықталған. Дейтұрғанмен қоғамның дамуы процесінде мәдениет пен табиғат құбылыстарының өзара кірігуі мен өзарабайланыстылығы күшейе түседі (Э. В. Гирусов [42-44] ) .
Қазіргі таңдағы қоғамның алдында экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны сақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі адамзат атаулының өмір сүру шарты болып табылатын субъектінің жаңа этикасын, құндылықтарының жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс-әрекеттерді экологиялық этика нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А. Швейцер [5, 6], Н. Моисеев [7-11] және т. б. ) .
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды (Е. Н. Фадеев [25] ) .
Б. Т. Лихачевтің [139] пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда дамыған сана мен эмоционалдық-психикалық жағдайлардың, ғылыми тұрғыда негізделген еркін қолданбалы-практикалық іс-әрекеттердің органикалық бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады. Мысалы, философиялық мәдениет - адамға өзінің табиғат пен қоғамның өнімі екендігін түсінуіне, ой елегінен өткізуіне мүмкіндік береді; саяси мәдениет - табиғат жағдайы мен адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері арасындағы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыздандырады; құқықтық мәдениет - адамның табиғатпен өзара әрекетін заң талабына қарай шектеп отырады; эстетикалық мәдениет - адамның табиғат сұлулығы мен үйлесімділігін эмоционалдық тұрғыдан қабылдауы үшін жағдайлар жасайды; дене тәрбиесі мәдениеті - адамды өзінің табиғи күш-қуатын дамытып, нығайтуға бағыттайды; адамгершілік мәдениеті - тұлғаның табиғатпен, қоршаған ортамен және т. б. қарым-қатынасын жандандырады. Осы аталған барлық мәдениет түрлерінің өзара әрекеттерінен экологиялық мәдениет туындайды. «Экологиялық мәдениет» ұғымы арқылы «қоғам - табиғат» жүйесін сақтау мен дамытуға септігін тигізетін мәдениет түсініледі.
Мамандардың пікірі бойынша жалпы мәдениеттің, соның ішінде экологиялық мәдениеттің жоғары мәдениеттілік белгісі болып оның әлеуметтілігінің табиғилығынан айырмашылық дәрежесі емес, керісінше олардың бірлігінің дәрежесі саналады. Мұндай бірлікке әлеуметтік табиғи жүйені түзуші табиғаттың да, қоғамның да тұрақтылығы арқылы қол жеткізуге болады. Мұндай жағдайда табиғат «адамның адамдық мәніне», ал табиғатты сақтау - адам мен қоғамды сақтау құралына айналады (Н. Сарыбеков [95] ) .
Айтылып өткендей экологиялық мәдениет адам тіршілігінің рухани-адамгершіліктік саласы ретінде оның табиғатпен өзара байланыстағы ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынас пен экологиялық іс-әрекет элементтерінің өзара байланыстағы жүйесін құрайды. Оның ерекше бір көрінісі ретінде қоғамдық сана деңгейінде және бөлек бір нақты адамға қатысты экологиялық мәдениетті қолдайтын және дамытатын экологиялық институтты атауға болады.
Қазіргі уақытта ғылым дамуының деңгейі бүгінгі адам өмірі үшін ең маңызды болып саналатын пәнаралық проблемалар аумағының күшеюімен сипатталады. Осы айтылғанның бірінші кезекте экологиялық проблемаға тікелей қатысы бар екендігі сөзсіз. Өйткені бүгінгі таңда экологиялық білімнің бүкіл дүние жүзінің тұрақты дамуының моделі ретінде қарастырылып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды (В. Фурсов [99] ) .
Жаңа экологиялық сана бойынша барлық заттардың өлшемі ретінде жалпы өмірдің бірегейлігі (биоорталық парадигма), табиғат құндылықтары және осы табиғаттың бір бөлігі ретінде адамзат құндылығы түсініледі. Осы идеялар адамзаттың ең анық сүбелі ойларынан, атап айтқанда ғаламшарды техногондық шөл далаға айналдырудан, барлық тірі жанды, адамды қоса жойып жіберуге қабілетті ғылыми-техникалық прогрестің қиратушы күштерінен табиғатты және адамды сақтап қала алуын жете түсінген ойларынан туындаған. Бүгінгі таңдағы ғасырлар тоғысында, әлем рухани және экологиялық екі дағдарысты басынан кешіріп отырған кезеңінде антропология мен экологияның өзара байланысы айқын анықталып отыр.
Адамзат өркениетінің даму деңгейі әлем туралы, өндіріс тәжірибесі мен әлеуметтік өмір тәжірибесі туралы, мәдениет пен материалдық құндылықтар туралы білім жиынтығынан да талап етіледі. Қоғамның экологиялық мәдениеті дегеніміз адам еңбегімен жинақталған табиғатты пайдалану тәжірибесі, табиғатпен өзара қарым-қатынас жасаудың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырған оңтайлы тәсілдері туралы білімдер жиынтығы (Никанорова Е. В. [51-52] ) .
Өркениет тарихы мәліметтерінің көрсетуі бойынша адам қоғамы дамуының арта түсуіне байланысты оның қоршаған ортаға экологиялық қысымы күшейе түседі. Соған қарамастан экологиялық мәдениет адам санының өсуіне және адамзаттың дамуына сәйкес әр түрлі қоғамның өзіне тән дамуына және даралануына байланысты белгілі бір мөлшерде өзгеріп отырады. Экологиялық мәдениеттің деңгейіне қарай кейбір қоғамдар гүлденеді, кейбір қоғамдар құлдырайды.
Айтылып өткендей, экологиялық мәдениет әлеуметтік мәдени құбылыс ретінде қоғамның материалдық та, рухани да саласына қатысты болып келеді. Қай қоғамның болмасын экологиялық мәдениетінің негізіне қоғамның экологиялық құрылымы мен оларды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыздандырудағы табиғатты қанау әдістерінің жиынтығын құрайтын материалдық-практикалық бөлік енеді.
Осы материалдық-практикалық бөлік негізінде осы немесе басқа қоғамның этикалық және экономикалық белгілеулеріне сәйкес адамның мінез-құлқы мен ойлауы стандарттарын реттеуші қызметін атқаратын теориялық ақпараттық блок құрылады.
Сонымен қоғамның экологиялық мәдениеті біртұтас құбылыс ретінде қоршаған ортаның өмірге жарамды талаптарына әлеуметтік іс-әрекеттің сәйкес келуін қамтамасыздандырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz