Ауа - өмір арқауы



1. Ауа.өмір арқауы
2. Арал дағдарысы
3. Қайран Нарын ... ...
4. Қазақстан териториясындағы әскери полигондар
5. Байқоңыр ғарыш аймағы
6. Радиациялық ахуал және адам экологисы
7. Таза ауа . тіршілік кепілі
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. « Денсаулық – зор байлық » - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күймен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына табиғаттың тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе – оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулық қорын көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта бер, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлартуғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналықкөмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді ата заңымызға кең көлемде жазылған.
Денсаулық әрдайым адамның басты құндылығы болып қала береді. Адам әр уақытта өзіне тәндік рухани және әлеуметтік игілігінің негізгі көзі ретінде денсаулығын сақтауға ұмтылады. Денсаулық, сымбаттылық, сергектік – адамның ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы, жастыққа тән күш-жігерін сақтағысы келеді. Денені шынықтырумен және спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтатындығы және оның ұзақ өмір сүруге ықпал ететіндігі баршамызға мәлім. Дене шынықтыру мен спорттық маңызы техника, көлік және автоматика күрт дамыған қазіргі уақытта арта түсіп отыр. Күнделікті телегей-теңіз ақпарат ағыны адамның белсенділігі мен қозғалысын айтарлықтай төмендетеді. Бұған жүйелік-психологиялық жүктемені қосыңыз. Сондықтан да гипертония, миокард инфаргі, қан тамырының қатаюы және стенокардия сияқты аурулардың соңғы 10-20 жылда 50 пайызға неліктен өскендігін түсінуге болады.
« Тәні саудың жаны сау » дейді көне Ресейдегі өмір сүрушілер. Жүгірумен, туризммен, жүзумен тұрақты шұғылданған немесе таңертең гимнастика жасайтын адамдарға қараңыз. Олар әр уақытта ақкөңіл, ұстамды, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді болып келеді. Ой еңбегі мен дене еңбегі үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналардың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Ауа - өмір арқауы

КІРІСПЕ
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық
елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым
нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің
қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Денсаулық –
зор байлық - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру
хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте
көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай
көңіл аудармайды. Көңілді күймен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік
ете береді. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық
адамзат баласына табиғаттың тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Адамзат
баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе – оның денсаулығы.
Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулық қорын
көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар. Біз денсаулығымызға
немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының
нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу
бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және
биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта бер,
аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами
беруіне қолайлы жағдайлартуғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары
дәрежедегі мамандандырылған медициналықкөмек көрсетуді қамтамасыз ету
біздің тәуелсіз егеменді ата заңымызға кең көлемде жазылған.
Денсаулық әрдайым адамның басты құндылығы болып қала береді. Адам әр
уақытта өзіне тәндік рухани және әлеуметтік игілігінің негізгі көзі ретінде
денсаулығын сақтауға ұмтылады. Денсаулық, сымбаттылық, сергектік – адамның
ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты
болғысы, жастыққа тән күш-жігерін сақтағысы келеді. Денені шынықтырумен
және спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтатындығы және оның ұзақ өмір
сүруге ықпал ететіндігі баршамызға мәлім. Дене шынықтыру мен спорттық
маңызы техника, көлік және автоматика күрт дамыған қазіргі уақытта арта
түсіп отыр. Күнделікті телегей-теңіз ақпарат ағыны адамның белсенділігі мен
қозғалысын айтарлықтай төмендетеді. Бұған жүйелік-психологиялық жүктемені
қосыңыз. Сондықтан да гипертония, миокард инфаргі, қан тамырының қатаюы
және стенокардия сияқты аурулардың соңғы 10-20 жылда 50 пайызға неліктен
өскендігін түсінуге болады.
Тәні саудың жаны сау дейді көне Ресейдегі өмір сүрушілер.
Жүгірумен, туризммен, жүзумен тұрақты шұғылданған немесе таңертең
гимнастика жасайтын адамдарға қараңыз. Олар әр уақытта ақкөңіл, ұстамды,
басқалардың кемшіліктеріне кешірімді болып келеді. Ой еңбегі мен дене
еңбегі үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналардың алдында тұрған
негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

1. Ауа - өмір арқауы

Айналаны қоршаған сыртқы орта – ауа, су, топырақ адам өміріне орасан
зор ықпал жасайтыны белгілі. Денсаулығымыздың жағдайы да осыған байланысты.
Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттерінің бірі
ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар,
жануарлар дүниесін сақтау, халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттығы
туралы заңдармен қатар ҚР Президентінің заң күші бар жер туралы, жер
қойнауларын пайдалану туралы жарлықтары мен қоршаған ортаны қорғау туралы
қатынастарды реттейтін басқа да заңдық және нормативтік құжаттарда адам
өміріне қатер төндіретін экологиялық апаттардың алдын алудың көптеген
шаралары белгіленген. Мұның бәрі қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу жағдайында
қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен оны адамның физиологиялық талаптарына
сәйкестендіру шаралары аса маңызды мәселеге айналып отырғанын көрсетеді.
Ең алдымен адам өмірінің арқауы – ауаны таза сақтаудың мәні зор. Оның
физикалық және химиялық қасиеттері кәдуілгі табиғи қалпынан сәл өзгеріп,
бактериологиялық ластануға ұшырап, шаң-тозаңға батса, адамды сан алуан
ауруға душар етеді. Ауаны ластайтын автокөліктен атқылайтын түтін, зиянды
газдардың өнеркәсіптік тастандылары, түтіндік аймақтар. Металлургия, химия
кәсіпорындары мен өнеркәсіптік басқа да салалары атмосфераға өндірісте неше
түрлі технологияны қолданудан шығатын орасан зоршаң, күкіртті және басқа да
зиянды газдарды жібереді. Автокөлік қазіргі қалаларды көміртегі тотығымен,
азот тотықтарымен, көмірсутегімен, әрі консерогендермен, қорғасын
қоспаларымен ластайды. Бір литр бензинде қорғасынның әртүрлі қоспасы
түрінде тасталатын 1 грамм тетраэтиль қорғасын сақталуы мүмкін.
Автокөліктен атқылайтын газдар фотохимиялық қосылыстар нәтижесінде өте
күшті тотықтырғыш қасиеті бар фотооксиданттарды: озон, органикалық асқын
тотықтар, азот тотықтары, еркін радикалдар деген жаңа өнімдер шығарады.
Жылу электр станциялары, қазан қондырғылар әуеге түтін, көміртегінің
тотығын, күкіртті газ, ұшпа күл, күйе, шайырлы заттар жібереді. Қаланы
түтін қаптап, тұман басып, бұлдыр тарататыны, ультракүлгін радиацияның
кемитіні осыдан. Қара металургия – шойын мен құрыш қою шаң-тозаңмен қоса
алуан газ шығарады. Бір тонна шойыннан 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ бен
0,5-0,1 кг марганец шығады; атмосфераға біраз мөлшерде мишьяк, фосфор,
сурьма, қорғасын, сынап және сирек кездесетін металдардың қоспаларымен
қатар цианды сутегі және шайырлы заттар тарайды. Қара металлургияның
елімізде көп тараған жерлері – Теміртау, Қарағанды, Өскемен қалалары.
Негізгі өндіріс ошақтары еліміздің Қарағанды және Ақтөбе өңірлерінде
орналасқан көмір өнеркәсібіндеқоршаған ортаны қатты ластайтын көмір мен
пириттің өзінен-өзі жануы салдарынан күкіртті газ көміртегінің тотығын,
шайырлы заттарды бөліп шығаратын бос кен жыныстарының үйінділері. Ал
Қызылордада, Атырау, Ақсай(Орал), Ақтөбе, Тараз өңірлеріндегі мұнайөндіру,
мұнайхимия және химия өнеркәсібі ауаға көмірсутегін, күкірт сутегі мен сан
алуан газдарды таратудың орасан зор көзі.

1-сурет

Ауылдық жерлерде ауаның мал шаруашылық және құс фермалары,
энергетикалық және жылу кәсіпорындары ластайды. Мал мен құс асырауға
арналған қорлардың маңынанаммиак, күкіртсутегі және басқа да сасық газдар
көп жерлерге дамиды. Салғырттықтың салдарынан адам ағзаларына зақым
келтіретін улы заттардышектеудің қажетті мөлшері сақтала бермейді. Ауаны
ластауға қарсы күрестің ең тиімдісі - өнеркәсіп өндірісін қалдықсыз
технология принципімен ұйымдастыру екенін өмір тәжірибесі көрсетіп келеді.
Санитарлық-гигиеналық шаралар, электр станциялары мен қазандық
қондырғыларды газдандыру, теміржолдар бойын электрлендіру, өнеркәсіп
тастандыларын көму, автокөліктен атқылайтын газдармен күрес, тазарту
құбылыстарын салу тиімді.
Лабораториялық өлшеудің нәтижелері жақсы болса ғана көлікке жолаушылар
мен тамақ өнімдерін тасуға санитарлық паспорт берілуі керек. Қоршаған
ортаны қорғау шараларын тиімді пайдалану, азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қажетті ортаны сақтау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі болып отыр.

2. Арал дағдарысы

Соңғы 35-40 жылдың аумағында орталық Азияның халқы дүние жүзіндегі ең
ірі су қоймаларының бірі – Арал теңізінің жоғалып бара жатқандығының куәсі
болды. Осынау қасіреттің салдарынан үлкен экономикалық дағдарыс тек Арал
өңірін ғана емес, ол бүкіл аймақты қамтып отырғаны белгілі жайт. Сонымен
Арал дағдарысы бүгінігі таңда теңіз маңайындағы бес мемлекеттің 36 миллион
халқының хал-ахуалына кері әсерін тигізуде: жұмыссыздық деңгейінің
көтерілуі, күнкөріс жағдайының төмендеуі, көшіп-қону үрдісінің үдей түсуі,
адам ғұмырының қысқаруы, балалар мен аналар арасында өлім-жітімнің көбеюі –
қазіргі экологиялық дағдарыс салдарының толық емес тізімі – міне осындай.
Осыдан он бір жыл бұрын, яғни 1993 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Арал теңізі мен Арал
өңірі проблемаларын шешу жөнінде келісім жасап, халықаралық Аралды қорғау
қорын құру туралы шешім қабылдағандығы да міне осындай уақыт талабынан
туындаған игі шара болатын.
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпалықтың дәрежесі орасан
зор екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөлінбесе,
мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін.Өйткені қоршаған ортаның ластану
ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей
дәрежеге жеткені анық.
Республика территориясындағы осындай экологиялық апат аймағы боп
саналатын жерлердің бірі-Арал өңірі.Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы
ауыл шаруашылығының қауырт қанат жаюы мен бұл аймақтардағы су көздерін
ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан теңіздің құрғаған сорлы ұлтаны ұланғайыр
жерге ұшып барып, оны тұншықтырып жатқан шаң мен тұздың үлкен ошағына
айналуда. Соның нәтижесінде бұл өңірде ауыз су мәселесі күрт қиындады.Бұған
Арал өңірінің құрғақ шөлді аймаққа айналуын климатты-географиялық
факторлардың өзгеруін, Байқоңыр космодромына байланысты атмосфераның
геомагниттік ауытқушылығын және топырақ пен судың пестицидтермен,
дефолиаттармен, улы химикаттармен ластануын қосуға болады.
Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша, Арал өңірі апат
аймағының тұрғындарының 91%-нің қанында пестициттердің бар екендігі, сондай-
ақ ана сүтінің құрамындағы тұз бен пестициттердің қалыпты жағдайдан жоғары
екендігі анықталды.Соған орай бұл аймақта әлеуметтік-экономикалық және
санитарлық-гигиеналық жағдайлардың нашарлауы байқалады.
Бір жағынан жұмыссыздықтың өсуі, халық тұрмысының төмендеуі, екінші
жағынан азық-түлік бағасының күрт өсуі халықтың тамақтану жағдайын
төмендетті.Жеткіліксіз тамақтану экологиялық апат аймағы тұрғындары
денсаулығының нашарлауының негізгі себептерінің біріне айналды. Арал
аймағында тұратын аналардың 40%-ке жуығында дене салмағының кемдігі, А,Е,С
витаминдерінің тапшылығы анықталған,жүкті әйелдердің түгелдерлігінде, емшек
жасындағы балалардың 77-85%-ке жуығында қаназдық байқалады.
Бір жасқа дейінгі жас сәбилердің арасында ауру мен шетінеудің көбеюі,
адамдардың өмір жасының қысқаруы, жұқпалы аурулардың кең таралуы, туа бітті
пайда болатын және обыр ауруларының санының жоғарылауы, жүкті әйелдердің
денсаулық көрсеткішінің төмендеуі-Арал аймағына тән жағдай. М.Қ.Құлжановтың
(1993) мәлімет бойынша осы, аймақта тексерілген жергілікті тұрғындардың 70%-
інде иммунитеттің нашарлауы байқалады.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың, әсіресе жүкті әйелдердің
экстремалдық жағдайға бейімделу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр.
Жүкті әйелдің ауруға шалдығуының бірден-бір ерекшелігі-оның бір сәтте екі
өмірге: ана мен іштегі нәрестеге қауіп төндіруде. Ал нәресте-біздің
болашағымыз. Сондықтан бірінші кезектегі міндетіміз-үздіксіз өсіп келе
жатқан экологиялық қолайсыз жағдайда болашақ ұрпақтың денсаулығын әйел бала
көтермей тұрған кезеңнен бастап қамтамасыз ету болып табылады.Экологиялық
зиянды факторлар ең алдымен сезгіштігі жоғары тұқым-бала жолдасы жүйесі мен
(фето-плацентарлық) және иммунитетіне әсер етуі мүмкін.Сол арқылы екіқабат
әйел мен бала ағзаларында бейімделушілік реакциялары бұзылады. Соның
салдарынан жүкті әйелдің бойында акушерлік кеселдердің,ал тұқым –нәрестенің
(шақалақтың) бойында жатыр ішінде кездесетін кеселдер (перинатальдық) мен
әртүрлі аурулардың (соматикалық) асқынған белгілері (клиникалық) жиі пайда
болады.
Сонымен, күтпеген зиянды (экстремалдық) факторлар әсер еткенде ағза
бейімделушілікке көптеген белгілі бір өзгерістер арқылы жетеді. Сондықтан
әйелдердің ағымы мен нәтижесін, тұқым-бала жолдасы (фето-плацентарлық)
жүйесі мен иммунитетін өзара байланысқан бірнеше экологиялық зиянды
факторлардың әсер ету жағдайында зерттеу арқылы, жүкті әйел мен шақалақтың
бойында болып жатқан өзгерістердің ауыртпалығын бағалау және қалпына
келтіру (реабилитациялық) шараларын қолдану бүгінгі таңдағы негізгі иәселе
болып отыр.
Аудандық әйелдер босанатын үйдің 1995 жылғы архивтік материалдарына
талдау жүргізілді.Ол бойынша, қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы жүкті
әйелдердің 99,4%-інде, түсік тастауы-24,2%-інде бар екені анықталды. Қанның
азаюы, түсік тастауды жиілетіп, жүктіліктің және босанудың асқынуларын
көбейтіп, іштегі нәрестенің дамуына кері әсерін тигізеді, жаңа туған
сәбидің ауруының жиілеуіне ықпал жасайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз Арал ауданының қауіпті
топтағы әйелдерінің ( қан аздық, түсік тастау ) жүктілігінің ағымы мен
нәтижесін зерттедік. Босану арасындағы уақыттың азаюы немесе жиі бала
көтеруі және нәрестесін ұзақ емізуі қан аздықтың дамуына итермелеуші
факторлардың бірі болып есептелетіні белгілі. Барлығы дерлік тексерілген
әйелдердің босану арасындағы уақыты үш жылға дейінгі аралықта болды, ал бір
жылға дейінгі қысқа уақыт – жартысында дерлік байқалды. Қаралған аяғы ауыр
әйелдердің көбісі сәбилерін 12 айдан асқанша емізетіні анықталды. Назар
аударатын нәрселердің бірі бала көтеретін әйелдердің жыныс ағзалары мен
басқа да ағзаларында кездесетін гинекологиялық және соматикалық аурулардың
көптігі. Аймақтың ерік-шелігі: жүктілік пен босануға байланысты әртүрлі
бөтен кеселдерге асқыну жиілігінің жоғары екендігі, оның ішінде, әсіресе,
әдебиетте аз кездесетін әйелдің шаранасындағы нәрестені қоршаған судың
көбеюі немесе азаюы, уақытынан кеш босануы.
Әйел ағзасындағы иммунологиялық бұзылулар қан аздықтың, соматикалық
аурулардың, жүктіліктің асқынуының себебі болуы мүмкін. Сондай-ақ иммунитет
көрсеткіштері қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін бағалауда қолданылады.
Иммунологиялық статусты зерттеу бұл аймақтың аяғы ауыр әйелдерінің
иммунитетінің анық нашарлағанын көрсетті.
Қорытындай келгенде, жоғарыда айтырған ауыр жағдайлар мен
көрсеткіштердің барлығы аймақтық бағдарлама жасауды қажет етеді. Бағдарлама
экологиялық шаралардан басқа босануға байланысты және асқынуларды
азайтуғабағытталған алдын алу мен емдеу шараларын қамтуы тиіс. Сонымен,
Арал өңіріндегі нәрестенің дамуы барысында пайда болатын кеселдердің алдын
алу жүктілікті жоспарлау кезеңінен басталуы керек. Оған мыналар жатады:
тұрғындар арасында санитарлық-ағартушылық қызметті күшейту, аймақтық
кеселдердің алдын алу мақсатымен отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысын
жандандырып, кеңейту, оны барынша ауылдық елді мекендерге жақындату,
периконцепциялық терапияны жүргізу. Периконцепциялық терапияның мақсаты –
жүктілік алдындағы дайындықты және іштегі нәрестенің дамуына қолайлы
жағдайлар жасауды қамтамасыз ету. Ол үшін әйелдердің бала көтергенге
дейінгі уақыттағы созылмалы гинекологиялық, соматикалық ауруларын тауып
емдеу, тамақтануларына ерекше көңіл бөлу, поливитаминді-минералды
препараттарды кеңінен қабылдауын бақылау қажет.
Әрине, бүгінгі күні Арал экологиялық апат аймағындағы ауыртпалыққа
душар болып отырған аналар мен балалардың жағдайын жақсартуда бұл әдіс
аздық етеді, дегенмен үнемі ізденумен оларға көмек қолын ұсыну – біздің
міндетіміз. Мемлекетіміздің, халқымыздың ертеңгі тағдыры - өмірге енді
келіп жатқан ұрпақтарымыздың саналылығына, ақыл-ойына, денсаулығының
мықтылығына тікелей байланысты. Ал адамға өмір мен қуаныш сыйлайтын ана
денсаулығы мықты болса, келешек ұрпақтың денсаулығы да мықты болады.
Сондықтан аналар мен нәрестелерді аман сақтау бүкіл халықтың қамқорлығында
болуы тиіс.

3. Қайран Нарын ... ...

Кеңес өкіметінің өз халқына деген солақай саясатының салдарынан кең
байтақ қазақ даласының сынақ аймағына айналып, қасірет шекпеген түкпірі
кемде-кем. Соның бірі – Исатай мен Махамбетті, Бөкей мен хан Жәңгірді,
Құрманғазы, Дәулеткерей, Динаны дүниеге әкелген атақты Нарын құмы.
Елу жылдан бері Қазақстанның батыс өңірінде радиацияның қара бұлтын
төндіріп келген Капустин-Яр полигоны туралы 1992 жылға дейін жұртшылық
ештеңе білген жоқ. Еліміз егемендік алған соң Нарын қозғалысы өмірге
келгеннен кейін ғана көптеген құпия мәліметтер белгілі болып отыр. Елуінші
жылдары жергілікті халықтың өмірлік мүддесін аяқасты еткен биліктің
тұтқасын ұстағандар Капустин-Яр және Азгир (Галит) полигонын ашуға үкім
шығарды. Орда ауданының барлық аумағы 1 миллион 921 мың 445 километр жерді
алып жатса, оның 944 мың 979 гектары, яғни 49,2 пайызы сынақ полигонына
айналды да кетті. Осы аймақтан 28 мың адам ойламаған жерден күшпен
көшіріледі. Оның басым көпшілігі Шымкент облысының тың жерлеріне жер
аударылған. Зорлықпен көшірілген халықтың біршамасы барған жерінің ауа
райына көндіге алмай қырылды. Қарсылық білдіргендерді сот арқылы қорқытқан,
қудалаған.

3-сурет

Антиядролық-антиракеталық Нарын қозғалысының жетекшісі Кәкен
Көбейсіновтың қолындағы құпия мәліметтерге көз жіберсек, Батыс Қазақстан
аймағында барлығы 45 ядролық жарылыс жасалған екен. Ядролық сынақтардың
дені – 17 жерасты жарылысы Азғыр даласының құпия атауы Галит екен. Мұнда
арнаулы Арзамас-16 экспедициясы жұмыс істеген. Алғашқы жарылыс 1966 жылы
300 отбасы тұратын ауылдан бар болғаны 1,5 шақырым жерде 165 метр
тереңдікте жасалған.
Капустин-Ярдың үстінде әуеде жарылған ядролық сынақ әскери соғыс
мақсатында жасалған. Қазір жерасты байлығымен әлем назарын аударып отырған
Қарашығанақ өңірінде 6 жерасты ядролық жарылыс жасалған екен. Капустин-Яр
полигонында 24 мыңнан астам зымырандар мен зенитті ракеталар жарылып,
сынақтан өткен. Мұнда әрқайсысы 60 тонналық улы заттар, 619 орта қашықтығы
СП-1, СП-2 ракеталары жарылып жойылған.
Қазақстан мен шекаралас Ресей полигондарында өткен сынақтардың өзі ауа
ағынын, желдің бағытын ескере отырып жасалған, - дейді Кәкен Көбейсінов.
Яғни радиацияның улы әсері қазақ жеріне қарай бағытталғанын дәлелдейтін
құжаттар Нарын қозғалысы жетекшісінің қолында тұр. Жарылыс жүргізілген
жерлерде диаметрі 40-тан 100 метрге жететін көлшіктер пайда болған.
Радиациялық залалдылық деңгейі 40 микрорентген деп белгіленген. Ал Алматы
қаласының радиациялық орталығының дизиметрисінің қолындағы арнайы құралының
көрсеткіші бойынша бұл радиациялық залалдылық 1000-нан жоғарылап отыр.
Ең сұмдығы – осы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде табиғатты сақтауға,
оның ішінде сол жарылыстардан зардап шегіп отырған халықтың денсаулығын
қорғауға ешқандай көңіл бөлінбеген, әлі де бөлініп отырған жоқ. Батыс
Қазақстан облысына қарасты Орда аудандық медицина бөлімінің дәрігерлерінің
айтуына қарағанда, қазір бұл аудан көлемінде 11 мың тұрғын өмір сүреді.
Оның 7 мыңы-балалар.Мұнда сәби өлімі 1993жылы 33,3 пайызға жеткен. Оның 70
пайызы 1 жасқа толмай шетінейді екен. Барлық тексерілген бала қаназдық
дертіне шалдыққан. Сәби өлімі жөнінен ең жоғарғы көрсеткіш осында. Соңғы 15
жылдың ішінде аудан бойынша обырға шалдыққандардың саны артқан. Соның
ішінде жүрек, бауыр, бөтеке мен ішек-қарын жолдары және ақ қан ауруларына
шалдыққандар өте көп.
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі аталмыш әскери сынақ
полигонын Ресей федерациясына жалға беру жөніндегі келісімді 2007 жылға
ұзарту турасындағы келісім шартқа қол қойды. Бұл тұрғыда жалға алу
төлемақысы 25 миллион долларды құрайтын көрінеді. Дегенмен, жергілікті
халық полигонның түпкілікті жабылғанын қалайды. Халыққа қолына тимейтін
доллар емес, денсаулық керек.

4. Қазақстан териториясындағы әскери полигондар

Батыс Қазақстан және Атырау облысының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық
Капустин Яр атты әскери полигоны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі.
Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зымыран
ұшырылып, 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны бүгінгі күні
ғана баспасөз бетінен ашық жарияланып келеді. 1988-1991 жылдары аралығында
осыф аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып, айналаны қоршаған сыртқы ортаға
30 мың тоннадай өте улы заттар шығарылған. Жоғарыда көрсетілген жылдарда
жер астында – 18, ал атмосферада – 11, қуаты Херосима және Нагасаки (
Жапония ) қалаларының үстінде жарылған атом бомбаларының қуатынан бірде-бір
кем емес, керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар
өткізілген Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында Капустин Яр , Атырау
облысының Теңіз ауданындағы Атырау , Азғыр әскери полигондары
болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17
ядролық жарылыс өткізілген. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының
көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған.
Қазіргі кезде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай
қалған. Өйткені, ондағы улы қосылыстардың (нитраттардың) көлемі 2,6 еседен
800-ге дейін өскен. Бұл суларды адамдардың және жануарлардың ішуіне
болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеулер анықтап шықты.
Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының,
Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көптеген мөлшерде
екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрған халықтардың
өздері жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа, жер, су мәселелері
Экологияның адам денсаулығына кері әсері
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Тігін өнеркәсібі
Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау
Автоотмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез
Миллионер қалалар
Спорт - денсаулық кепілі!
Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру
Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Пәндер