Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I.
Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер теориясының аспектілері . . . 6
1. 1 Банк қызметінің мәні . . . 6
1. 2 Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі . . . 16
II.
Коммерциялық банктің қаржылық қызметіне статистикалық сараптама жасау . . . 33
2. 1 Банктің қаржылық қызметінің көрсеткіштері . . . 33
2. 2 Банктің қаржылық қызмет нарығына талдау . . . 39
III. Банктік қаржылық қызметтердің даму болашағы . . . 58
Қорытынды . . . 73
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 75
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) технологияларды енгізу арқылы өздерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық қызмет процесінде босайтын шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын, және де басқа да бос ақша қаражаттарды тартып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысуларды жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер атқарады. Осылайша, өндіріс тиімділігіне және қоғамдық өнім айналысына тікелей ықпал етеді.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының - ақша және капитал нарықтарының - құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т. б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т. б .
Көп клиенттермен банктік операцияларды орындау - дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдеріндегі қазіргі банктік қызметтің маңызды ерекшелігі.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік қызметтер нарығындағы бәсеке де ықпал етеді.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі. Бұл өзекті мәселе менің дипломдық жұмысымда да кең өріс алып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы экономикасының даму жолындағы алдыңғы қатарлы банктердің тізімінен орын алатын «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң тиімді қызметтері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың, несиелік қабілеттіліктің, банктегі автоматтандыру процесінің анализі болып табылады. Банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелердің шешу жолдары қарастырылған.
Негізгі міндеттер . Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді орындау көзделген:
- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің теориялық аспектілерімен танысу;
- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтеріне талдау жүргізіп, оны бағалау.
- банктік қызметтер нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
- банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелерді қарастыру және шешу жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда банктік қызметтің мәні, экономикадағы ролі және олардың жіктелуі қарастырылған.
Екінші тарауда банктік сектордың ағымдық жағдайының анализі, негізгі көрсеткіштері және «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң қаржылық қызметтерінің көрсеткіштері, банктік қызмет нарығындағы белсенділігі сипатталады.
Үшінші тарауда банктік қызметтің жаңа түрлерін енгізудің мәселелері, яғни траст, факторинг, форфейтинг және т. б. операциялары туралы мәліметтер, жалпы банктік қызметтің даму перспективалары қарастырылады.
І. Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер теориясының
аспектілері
1. 1 Банк қызметінің мәні
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық кызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді «банктің қызметтері» деген түсінікке анықтама беріп кетейік.
Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады.
«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы» заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ғ. С. Сейітқасымовтың «Ақша, Несие, Банктер» кітабында «Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. » делінген.
Жоғарыда банк қызметіне анықтама берерде «банк қызметі», «банк өнімі», «банк операциялары» деген терминдер кездесті. Осы сөздерді шатастырмай, ара-жігін сипаттап көрсеткен жөн.
«
Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне қызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы) . Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды және 1 сурет түрінде көрсетілуі мүмкін. »
Аталған қызметтерді тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек.
Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
1-сурет. Банк технологиясының мазмұны
Жалпы банктердің басқа қаржы делдалдарынан айырмашылығы неде? 1-ден, банктер үшін қарыздық міндеттемелермен екі жақты айырбас тән: олар меншікті қарыздық міндеттемелерді орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражаттарды басқа қаржы мекемелерінің шығарған қарыздық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға орналастырады. 2-ден, банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында қарыздың белгіленген сомасы бар міндеттемелерді өз мойнына қабылдайды. 3-ден, есеп-айырысу-кассалық қызмет көрсетуді іске асыра отырып, электрондық ақшаларды, пластикалық карточкаларды шығарып және оларға қызмет көрсете отырып, банктер мемлекеттердің, кәсіпорындардың, халықтың арасында ақша қаражаттарының қозғалысының ортасын қалыптастырады. Банктердің мәні өндірістік процеске қатыспайтын капиталды шоғырландыруында және бұл капиталды жаңа игіліктер мен қызметтерді өндіру мақсатымен іске пайдалануында. Яғни банктер өндіруші мен тұтынушы арасында делдалдар болып табылады, осы кезде олар екі жақты айырбасқа қатысады.
Банк пен клиенттің арасындағы өзара қатынасты келесідей схема түрінде көрсетуге болады:
Банк қызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін «банк» түсінігінің мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын. Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса, банк сферасында қызмет нәтижесі - банк қызметі болып табылады. Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет - бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бұндай қызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды.
Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады.
Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиенттің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент - банк - клиент схемасына жауап береді және «банктік қызмет» түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк, әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы»1 Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттермелерді) ;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарын сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық2 банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды жіне ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозитер басқа кәсіпорындардың материалдық объетілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимаратты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен, меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатта меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігінің жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесіне ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытқа салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын-ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте, банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып, клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz