Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 171 бет
Таңдаулыға:   

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

ӘОЖ 37. 013:908:[574+008] Қолжазба құқығында

ШАУШЕКОВА БАЯН ҚЫРЫҚБАЙҚЫЗЫ

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

13. 00. 01 -Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Б. Әбдікәрімұлы

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2007


МАЗМҰНЫ

Анықтамалар . . .
3
Анықтамалар . . .: Кіріспе . . .
3: 5
Анықтамалар . . .: 1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері . . .
3: 12
Анықтамалар . . .: 1. 1 Өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде . . .
3: 12
Анықтамалар . . .: 1. 2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері . . .
3: 38
Анықтамалар . . .: 1. 3 Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі (үлгісі) . . .
3: 68
Анықтамалар . . .: 2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс . . .
3: 89
Анықтамалар . . .: 2. 1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі . . .
3: 89
Анықтамалар . . .:

2. 2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының

құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстың нәтижелері . . .

3: 135
Анықтамалар . . .: Қорытынды . . .
3: 158
Анықтамалар . . .: Қолданылған деректер тізімі . . .
3: 162
Анықтамалар . . .: Қосымша . . .
3: 172


АНЫҚТАМАЛАР

ДИССЕРТАЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛҒАН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Экология - қоршаған ортаның шарттары мен тірі организмдерінің қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілерін зерттейтін ғылымдар кешені. Қазіргі кезде терминнің қолданылу аумағы айтарлықтай кеңейді, ол өзінің бастапқы мағынасында жиі қолданылмайды.

Табиғи қоршаған ортаны қорғау - адамды қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және табиғи байлықтарды қалпына келтіру, табиғатты сақтау негізінде қоғамның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық және мемлекеттік шаралар жүйесі.

Табиғатты пайдалану - этикалық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық сипаттағы шектеулері бар табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының алуан түрін қолдану арқылы қоғам қажеттілігін қанағаттандыру.

Табиғатты пайдалану экономикасы - табиғи ортаның ластанудан зиян шегуі мен табиғи ресурстарды экономикалық бағалау мәселелерін зерттейтін экономиканың бөлімі.

Жүйе - белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста тұрған элементтердің басымдығы.

Орнықты даму - адам өмірінің жағдайы жақсаратын қоғамның дамуы, ал қоршаған ортаға әсер ету биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде қалады, өйткені адамзат тіршілігінің табиғи негізі бұзылмайды. Орнықты дамуда қажеттіліктерді қанағаттандыру болашақ ұрпақтарға зиян келтірілмей жүзеге асырылады. Осыған сәйкес орнықты даму тұжырымдамасы қоршаған ортаны қайталанбас құлдырау жағдайына өту мүмкіндігінен сақтандыратын шектеулі сыртқы қолдаумен өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өлкенің дамуын ескереді.

Экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерлікті, білімді меңгеру нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс.

Экологиялық тәрбие - адамдардың санасына, көзқарасына және түсініктеріне әсер ету арқылы ұйымдастырылған, қоршаған ортаға түйсікті және жүйелі түрде үздіксіз көтеру процесі.

Экологиялық білім беру жүйесі - білім беру мен тәрбиелеудің жалпы жүйесінде үздіксіз экономикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын өзара әрекет етуші қажетті ұйымдық құрылымдар жиынтығы.

Экологиялық білім беру стратегиясы - «адам-табиғат», «қоғам-табиғат» салаларың өзара әсер етуі қоғамдық санада ғана емес, керекті өзгерістерді терең түсіну қажеттілігі, экологиялық мәдениеттің қалыптасуы, адам тұрмысын экологияға бейімдеу, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтаушы және экологиялық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын басымды идеялар, қағидалар, мақсаттар жүйесі, сондай-ақ келешекте елдің техника-технологиялық даму жолдарын таңдау жүйесі.

Экологиялық мәдениет - табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің мұра болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін тәжірибе.

Оқу пәндерін экологияға бейімдеу - сабақ беру тәжірибесінде, ең алдымен, организмдердің, соның ішінде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсететін зерттеулерге бағытталған түрлі әдістермен қамтамасыз етілген әр түрлі пәндерді енгізу.

Экологиялық хабардар ету немесе экологиялық насихаттау - адамда экологиялық сананы қалыптастыру және ағарту мақсатында (экологиялық мәдениетті көтеру), табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау идеяларын, экологиялық мәселелер, жағдайлар, болжаулар туралы ақпаратты тарату.

Экология саласында білім беруді мемлекеттік реттеу - экология және табиғатты пайдалану саласында үздіксіз білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде жергілікті өзін-өзі баскару органдары және мемлекеттік өкімет органдарың қызметін реттеу, сондай-ақ ұйымдар қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктерің және азаматтардың санасында жаңа экологиялық жүйені қалыптастыру, оның адам мен жалпы қоғам үшін тұрмыс сапасын жақсарту барысындағы іс-әрекеттер жүйесі.


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып саналатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.

Ел Президенті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: « . . . экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектеп оқушыларын экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [1] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз [2] .

Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әр түрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесі болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев [3], Ы. Алтынсарин [4], Ш. Уәлиханов [5], Ш. Құдайбердиев [6], А. Байтұрсынов [7] еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ. Ж. Аганина [8], Б. Р. Айтмамбетова [9], Қ. М. Арынғазин [10], Б. Әбдікәрімұлы [11], Ш. Ә. Әбдіраман [12], Ғ. З. Әділғазинов [13], А. А. Бейсенбаева [14], Қ. Қ. Жампейсов [15], Ж. А. Караев [16], С. Т. Каргин [17], Қ. М. Кертаева [18], Р. М. Қоянбаев [19], К. Қ. Құнантаева [20], Н. Ә. Мыңжанов [21], Ж. Ы. Намазбаева [22], Д. Қ. Нұрғалиева [23], И. Н. Нұғыманов [24], Т. С. Сабыров [25], Ш. Т. Таубаева [26], Е. К. Төлемісов [27], Г. А. Уманов [28], Э. И. Шыныбекова [29], Н. Д. Хмель [30] т. б. еңбектеріне арқау болды.

Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ. Бөлеев [31], Р. Қ. Дүйсембінова [32], Қ. Жарықбаев [33], С. К. Қалиев [34], К. Ж. Қожахметова [35], Ж. Ж. Наурызбай [36], Ә. Табылдиев [37], С. А. Ұзақбаевалардың [38], қолданбалы салалары Р. М. Айтжанова [39], С. Қ. Әбілдина [40], Ш. М. Мұхтарова [41], Қ. А. Сарбасова [42], Л. С. Сырымбетовалардың [43] және т. б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ж. И. Балтағұлова [44], Ә. С. Бейсенова [45], Н. А. Бәкірова [46], Ж. Бұламбаев [47], Ж. Ж. Жатқанбаев [48], Ғ. Қ. Ділімбетова [49], Конурова [50], М. А. Лигай [51], Г. Мұқышева [52], Д. К. Өмірәлиев [53], Ә. А. Саипов [54], К. Сарманова [55], Қ. Н. Сарыбеков [56], М. Н. Сарыбеков [57], Г. М. Смирнова [58], Н. М. Стукаленко [59], С. Т. Шалғынбаев [60], Ж. Б. Шілдебаев [61], Ш. Ш. Хамзина [62], В. И. Фурсов [63], Г. А. Ягодин [64], А. В. Чигаркин [65] және т. б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.

1970 жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я. И. Габев [66], С. Д. Дерябо [67], Т. В. Кучер [68], В. Г. Иоганзен [69], Э. А. Тұрдықұлов [70] т. б. ) .

Адамның қоршаған ортамен байланысы А. Н. Захлебныйдың [71], И. Д. Зверевтің [72], И. Т. Суравегинаның [73] және т. б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М. Верзилин [74], Н. А. Рыков [75] т. б. дәлелдеген.

Экологиялық білім мәселесін мәдениеттану ғылымы тұрғысынан Э. В. Гирусов [ 76] Ж. Тлепов [77] және т. б. ғалымдар зерттеген.

Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б. Т. Лихачев [79], Д. А. Урсул [80], Е. В. Никонорова [81] , және т. б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары А. В. Миронов[82], Г. А. Иванов [83], И. П. Сафронов [84], С. В Алексеев [85] және т. б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Экологиялық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары (М. К. Жайлауова [86 ], О. А. Иванова [87 ], Н. Д. Киселева [88 ] , Л. В. Моисеева [89, 83], О. В. Попова [90], Константинова Т. В. [91] және т. б. ) . Ғалымдар жергілікті қауымдастықта экологиялық білім кеңістігін қалыптастырудағы негізгі рөлді аймақтық университет атқаратынын атап көрсетеді.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары Г. М. Сәбденәлиева [92], Ф. Н. Жұмабекова [93], А. Е. Манкеш [94], А. Қ. Егенисова [95] еңбектерінде қарастырылған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті Ө. Танабаев [96], А. Құрманбаева [97], Ә. Дайырова [98], Бұзаубақова К. Ж [99], . химия Қ. Шайхислямова [100], физика Р. С. Басекеева [101], математика Қ. Н. Сарыбекова [102], табиғаттану Д. І. Жангелдина [103], ағылшын тілі Ж. Базарбекова [104], Ж. Тілешова [105] пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда И. К. Исламовның [106], агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыру Ш. М. Абеуованың [107], ауызекі шығармашылық арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру Ж. Р. Жексембинованың [108] және т. б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылана түсті.

Дегенмен педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемімізді айқындауға және тақырыпты « Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.

Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.

Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына жанашыр көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуіне негіз болады.

Зерттеудің міндеттері:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  • оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы қалыптастырудың моделін құрастыру;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара қатынасы туралы тұжырымдамалар, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.

Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар т. б. ), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (1994-1999) зерттеу тақырыбы таңдалып алынып, осы проблема бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.

Екінші кезеңде (1999-2005) өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2006) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • экологиялық мәдениеттің түсінігі педагогикалық тұрғыдан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылды;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі құрастырылды;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, нәтижелілігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылымиәдістемелік семинардың және «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты атааналар университетінің бағдарламасына қосымшалар; «Қасиетті қазыналы өлке» атты оқушылар үйірмесінің бағдарламасы мен іске асыру шараларының жоспары; «Өлке қорықтары» атты факультатив курсының бағдарламасы мен оның әдістемелік кешені; «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар бағдарламасы; «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат, жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу іс-шаралары; «Табиғатым - тағдырым» атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.

Жоғары оқу орындарының оқу процесіне «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралдар және «Педагогикаға кіріспе» атты электронды оқулық енгізілген.

Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері;
  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері;
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының № 68 мектеп-интернат балабақша кешені, С. Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейі, Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы № 44 мектебі, Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы т. б. білім беретін мекемелер.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі : зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылымиәдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдістәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі әдістемелік нұсқау, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыруымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.

Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2000; Көкшетау, 2001; Қарағанды, 2005, 2006, 2007), республикалық (Қарағанды, 2004, 2006, 2007), аймақтық (Қарағанды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) ғылыми-практикалық конференцияларда, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың педагогика факультетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды; «Ізденіс» (2005), «Білім берудегі менеджмент» (2005), «География және табиғат» (2006), «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы» (2007), «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» (2007) журналдарында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздері және қосымшалардан тұрады.


1 ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz