Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Қазақ жеріндегі ХҮ.ХҮІ ғ.ғ. саяси және әлеуметтік.мәдени
өзгерістер және М.Х. Дулатидың ойшыл ретінде қалыптасуы ... ... ... ... .
1.1 М.Х.Дулати дүниетанымы және оның эволюциялық кезеңдері ... ... ...
1.2 Сопылық ағым . ойшылдың моральдық.этикалық және
діни көзқарасының қалыптасуының бірден.бір қайнар көзі ... ... ... ... ... ..
2 Адам өмірінің мәні . М.Х. Дулати шығармасының
философиялық өзегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ортағасырлық түркі ойшылдарының адам мәселесін
талдаудағы үндестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 М.Х. Дулати шығармаларындағы адамның рухани болмысы
және оның философиялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 М.Х. Дулатидың жас ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік.
адамгершілік үлгілері туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша А «Тарих.и Рашиди» (өлең үзінділері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша Б «Тарих.и Рашиди» (қара сөз үзінділері) ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша В Философиялық сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
12
12
32
58
58
68
86
108
112
115
125
129

Жұмыстың көкейкестілігі. Таңдалып алынған диссертация тақырыбының өзектілігі бірнеше мәдени-әлеуметтік, саяси бағдарлық және рухани факторлармен анықталады. Біріншіден, қазақ философиясы тек ұлттық мәдениеттің өзіндік санасын, рухани мәйегін қарастырады. Сол себепті ұлттық философияның өткен құндылықтарын жаңа заман талабы бойынша қайтадан зерделеу рухани мәдениетті шыңдай түседі. Түркі тектес халықтар негізінде бөлініп шыққан қазақ ойшылдары халықты ұлтқа, топқа бөліп, алалаудан аулақ болды, халықтың атынан сөйледі, көкейкесті ойларын жалпы жұртқа арнады (Мұхаммед Хайдар Дулати), яғни қазақ ойшылдары үшін ұлттық құндылықтарға сүйенетін философияны жаңғырту мәселесі тұрды. Екіншіден, қазақ тарихында екі тәуелсіз мемлекетті атап өтуге болады – Қазақ хандығы және Қазақстан Республикасы. Хандық дәуірінде М.Х. Дулатидың философиялық ойларын қарастыру тек тарихи-жадылық маңыздылығымен қоса қазіргі Қазақстан үшін тағылымдық өзекті мәселеге жатады.
Отаршылдықтан кейінгі рухани күйзелістен, тұрақсыздықтан арылудың жолы – жалпы ұлттық рухани байлыққа қайтадан бет бұру шағында, философия тарихындағы әр түрлі көзқарастардың қалыптасуында жатыр. Даламыздың тарихында қаншама бетке ұстар ойшыл - ғұламаларымыз ұмыт болып, тарих беттерінен өшіріліп қала жаздады. Солардың бірі ХҮІ ғасырда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати. Сондықтан тарих беттеріне қайта үңіліп, ұрпақтарына қалдырып кеткен баға жетпес асыл мұраларды бүгінгі көзқарас тұрғысымен қарап, әлі де жұмбақ болып сыры ашылмаған М.Х. Дулати сияқты бабаларымыздың шығармаларындағы философиялық көзқарастарына мән беріп, зерттеу қажеттігі туып отыр.
Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Егер мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларынан түсінгеніміз жөн» – деп, орынды атап өтіп, рухани мұраларымызды жаңарту үшін, оны жаңа көзқараспен толықтыру керектігін айтып өтеді [1, 320 б.].
Қандай да болсын белгілі бір халықтың философиялық ойлау жүйесі өздігінен дербес өмір сүрмей, қайта оның өткендегі танымдары мен наным-сенімдерінен, кең ауқымды рухани мәдениеті қайнарынан, әдебиеті мен өнерінен өріс алып, дамып отыратындығы белгілі.
ХҮ ғасырдың Ұлы ескерткіші болған, орталық Азия тарихына арналған М.Х. Дулатидың 1541-1546 жж. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегі мен «Жаһан-намэ» поэмасы ғылыми ортада Үндістан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Англия, Франция, Германия, Ресей т.б. елдерге танымал болып отыр. Бұл жөнінен алғанда М.Х. Дулатидың еңбектері тұтас бір қазына. Оның еңбектері бірнеше түркі тектес халықтардың 200 жылдық мәдени, саяси-әлеуметтік өмірінің дамуына, тарихына байланысты жәйттерді мәлімдейді. Шығармаларының философиялық астарын арнайы ашып көрсету біздің басты міндетіміз болып табылады.
Бүгінгі материалдық тіршілік қысымынан қиналған жұртшылық арасында қиғаш істер мен қисық сөздер көптеп кездеседі, қоғам үшін бұқаралық,

1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. –320 б.
2 Омарбеков Т. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» //Ақиқат. -1999. -№ 2. – 41 б.
3 Албани Б.Қ. Мұхаммед Хайдар Дулати. – Алматы: Ататек, 2000. –27 б.
4 Молдабеков Ж.Ж. Заманның келбеттенуі және оған тарихи талдау //Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы:
// Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы. 1999. –200-201 бб.
5 Молдабеков Ж.Ж. Мыслитель и гуманист М.Х. Дулати //Мысль. – 2000. - № 1. – с 70-74
6 Молдабеков Ж.Ж. Рухани тұлға тарихтағы бір алып // Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: //Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы. 1999. – 188-189 бб.
7 Қасабек А.Қ. М.Х. Дулатидың қазақ философиясындағы орны туралы // Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: //Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы. 1999. – 188-189 бб.
8 Алиева Д. Некоторые предпосылки формирования мировоззрения ученого историка ХҮІ века М.Х. Дулати //Поиск. – 2001. -№ 4. – с 90
9 Дербісәлиев Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Санат, 1999. – 159 б.
10 Қасабек А.Қ. Тарихи-философиялық таным. – Алматы: ҚазГЗУ, 2001.
– 264 б.
11 Есім Ғ. Жалғанда жар жағалап ғұмыр кешеміз... Сұхбат //Қазақ әдебиеті. -2004. - № 11. – 4-5 бб.
12 Абайдың философиясы мен дүниетанымы. /Жауапты редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: Ғылым, 1995. – 184 б.
13 Бішімбаев У., Күлімбет М. Бабалар тағылымы – тәрбие. Сұхбат //Ақиқат.
-1993. -№ 3. –52 б.
14 Мырзабеков Б., Жолдасов Д. Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасы - ұлттық байлығымыз //Ақиқат. - 2000. - № 6. – 58 б.
15 Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы: Санат, 2003. – 616 б.
16 Домбай Қ. Намастэ. Кашмир немесе жүрекке жылы жағдайаттар //Ақиқат.
–2000. - № 12. – 46-48 б.
17 Бабыр Заһир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама. – Алматы: Ататек, 1993. – 410 б.
18 Есім Ғ. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы: Эксито-Верена, 1994. – 272 б.
19 Қозыбаев М. Мұхаммед Хайдар Дулати дала өркениетінің шежірешісі //Парасат. - 2000. - № 1. –10-11 бб.
20 Назарбаев Н.Ә. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде //Жұлдыз. – 1999.
- №3. – 26 б.
21 Иассауи Қ.А. Диуани хикмет. Ақыл кітабы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000.
– 208 б.
22 Нуртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам. – Алматы: ҚазМӨҒЗИ, 2002.
– 208 б.
23 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. /Жалпы редакциясын басқарған профессор Кұсайынов А.Қ.
– Алматы: Мектеп, 2002. – 256 б.
24 Арынғазинова Б. Қазақ философиясындағы адам мәселесінің қалыптасу үрдістері //Ізденіс. - 2004. - № 3. – 111-112 бб.
25 Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану сөздігі. – Алматы: Сорос қоры, 2001. – 180 б.
26 Қазақ даласының ойшылдары (ХІІ – ХҮ ғғ.). 2 кітап. – Алматы: ФСИ, 2001. – 160 б.
27 Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 298 б.
28 Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди (Рашидова история): Перевод с персидского языка, 2-е изд. Дополненное. – Алматы: Санат, 1999. – 656 с.
29 Дербісәлиев Ә. Ислам және заман. – Алматы: Дәуір, 2003. – 560 б.
30 Қаратышқанова Қ. Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар турасында //Ізденіс. – 2004. - № 3. – 97 б.
31 Ошақбаева Ж. Адам өмірі мәнінің жыраулар шығармашылығындағы құндылық сипаты //Саясат. - 2003. -№ 10. – 62-65 бб.
32 Педагогика: оқу құралы. /Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М.
– Алматы: Дарын, 2004. – 448 б.
33 Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 615 б.
34 әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 419 б.
35 Хамзеева Б. Қазақ халқының қоғамдық ой дамуындағы адам проблемасы.
– Алматы, Дәуір, 1996. – 339 б.
36 әл-Фараби. Фиолософиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1972. – 429 б.
37 Молдабеков Ж.Ж. Историческое и гуманистическое мировозрение М.Х.Дулати //Мысль. –2000. -№ 1. – с 126.
38 Баярисов Р.У. М.Х. Дулатидың тарих философиясы мен исламның әлеуметтік доктринасы арасындағы байланыс //ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. – 2001. -№ 1. –57 б.
39 Ислам энциклопедиясы.
40 Дербісәлиев Ә. Жақсыдан қалған жәдігер //Ақиқат.–2001. -№3. -33 б.
41 Дербісәлиев Ә. М.Х. Дулатидың Жаһан-намэ поэмасы //Евразия. -1999. -№3. -14 б.
42 Әлсатов Т. Орта ғасырлардағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері. (ХҮ-ХҮІғ.) –Алматы: Қазақ университеті, 1986. – 76 б.
43 Исаев Ә. Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру //Саясат. - 2004. -№ 6. – 58 б.
44 Әлсатов Т. М.Х.Дулатидың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері //Ізденіс. – 1999. - №-2. – 162-164 б.
45 Нұрышева Г. Тұлға және философия немесе жоғары білім беру жүйесінде философияны оқытудың кейбір мәселелері //Хабаршы. 2004. -№2. – 81 б.
46 Молдабеков Ж.Ж. Тектілік - өнеге ажары //Ұлт тағылымы. - 2000. - № 3. – 106-111 бб.
47 Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм //Ақиқат. – 2000. - № 8-9. -18-21 бб.
48 Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті хлық үшін: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана. 2004. 19 наурыз.
49 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы. 1999. –292-293б.
50 Назарбаев Н.Ә. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. //Жұлдыз. 1999. №3. – 7 б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 1(091) (574)
Қолжазба құқығында
Қалыбекова Баянсұлу Кеңесқызы
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық
тұрғыдан талдау
09.00.03 – философия тарихы
Философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін
Ғылыми жетекші:
философия ғылымдарының
докторы, профессор
Молдабеков Ж.Ж.
Алматы, 2005
Мазмұны
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 12
1 Қазақ жеріндегі ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. саяси және әлеуметтік-мәдени 12
өзгерістер және М.Х. Дулатидың ойшыл ретінде қалыптасуы
... ... ... ... . 32
1.1 М.Х.Дулати дүниетанымы және оның эволюциялық кезеңдері ... ... ...
1.2 Сопылық ағым – ойшылдың моральдық-этикалық және 58
діни көзқарасының қалыптасуының бірден-бір қайнар көзі ... ... ... ... ... ..
2 Адам өмірінің мәні - М.Х. Дулати шығармасының 58
философиялық өзегі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
... ... ... ... ...
2.1 Ортағасырлық түркі ойшылдарының адам мәселесін 86
талдаудағы үндестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 108
2.2 М.Х. Дулати шығармаларындағы адамның рухани болмысы 112
және оның философиялық 115
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 125
2.3 М.Х. Дулатидың жас ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік- 129
адамгершілік үлгілері туралы ойлары 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... .
Қосымша А Тарих-и Рашиди (өлең
үзінділері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша Б Тарих-и Рашиди (қара сөз
үзінділері) ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша В Философиялық сөздер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Жұмыстың көкейкестілігі. Таңдалып алынған диссертация тақырыбының
өзектілігі бірнеше мәдени-әлеуметтік, саяси бағдарлық және рухани
факторлармен анықталады. Біріншіден, қазақ философиясы тек ұлттық
мәдениеттің өзіндік санасын, рухани мәйегін қарастырады. Сол себепті
ұлттық философияның өткен құндылықтарын жаңа заман талабы бойынша қайтадан
зерделеу рухани мәдениетті шыңдай түседі. Түркі тектес халықтар негізінде
бөлініп шыққан қазақ ойшылдары халықты ұлтқа, топқа бөліп, алалаудан аулақ
болды, халықтың атынан сөйледі, көкейкесті ойларын жалпы жұртқа арнады
(Мұхаммед Хайдар Дулати), яғни қазақ ойшылдары үшін ұлттық құндылықтарға
сүйенетін философияны жаңғырту мәселесі тұрды. Екіншіден, қазақ тарихында
екі тәуелсіз мемлекетті атап өтуге болады – Қазақ хандығы және Қазақстан
Республикасы. Хандық дәуірінде М.Х. Дулатидың философиялық ойларын
қарастыру тек тарихи-жадылық маңыздылығымен қоса қазіргі Қазақстан үшін
тағылымдық өзекті мәселеге жатады.
Отаршылдықтан кейінгі рухани күйзелістен, тұрақсыздықтан арылудың жолы
– жалпы ұлттық рухани байлыққа қайтадан бет бұру шағында, философия
тарихындағы әр түрлі көзқарастардың қалыптасуында жатыр. Даламыздың
тарихында қаншама бетке ұстар ойшыл - ғұламаларымыз ұмыт болып, тарих
беттерінен өшіріліп қала жаздады. Солардың бірі ХҮІ ғасырда өмір сүрген
Мұхаммед Хайдар Дулати. Сондықтан тарих беттеріне қайта үңіліп, ұрпақтарына
қалдырып кеткен баға жетпес асыл мұраларды бүгінгі көзқарас тұрғысымен
қарап, әлі де жұмбақ болып сыры ашылмаған М.Х. Дулати сияқты бабаларымыздың
шығармаларындағы философиялық көзқарастарына мән беріп, зерттеу қажеттігі
туып отыр.
Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев: Егер мемлекет болғымыз келсе,
өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық
руханиятының бастауларынан түсінгеніміз жөн – деп, орынды атап өтіп,
рухани мұраларымызды жаңарту үшін, оны жаңа көзқараспен толықтыру
керектігін айтып өтеді [1, 320 б.].
Қандай да болсын белгілі бір халықтың философиялық ойлау жүйесі
өздігінен дербес өмір сүрмей, қайта оның өткендегі танымдары мен наным-
сенімдерінен, кең ауқымды рухани мәдениеті қайнарынан, әдебиеті мен
өнерінен өріс алып, дамып отыратындығы белгілі.
ХҮ ғасырдың Ұлы ескерткіші болған, орталық Азия тарихына арналған М.Х.
Дулатидың 1541-1546 жж. жазылған Тарих-и Рашиди еңбегі мен Жаһан-намэ
поэмасы ғылыми ортада Үндістан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан,
Англия, Франция, Германия, Ресей т.б. елдерге танымал болып отыр. Бұл
жөнінен алғанда М.Х. Дулатидың еңбектері тұтас бір қазына. Оның еңбектері
бірнеше түркі тектес халықтардың 200 жылдық мәдени, саяси-әлеуметтік
өмірінің дамуына, тарихына байланысты жәйттерді мәлімдейді. Шығармаларының
философиялық астарын арнайы ашып көрсету біздің басты міндетіміз болып
табылады.
Бүгінгі материалдық тіршілік қысымынан қиналған жұртшылық арасында
қиғаш істер мен қисық сөздер көптеп кездеседі, қоғам үшін бұқаралық,
тобырлық сана басым. Ұлтымызда дәстүрлі қалыптасқан ауыз бірлік пен
ынтымақтастық, азаматтық татулық пен ұлттық тұтастық мәселелері қисындылық
тұрғысынан тұйыққа тіреліп, күрделенуде. Қазіргі ұлттық сана еркіндігіне
ұмтылған шақта, қазақ елі үшін ішкі тұтастық пен татулық, ішкі реттілік пен
тәрбиелілік, ішкі мәдениет пен жұмырлық - ендігі түйсік-санамыздың
темірқазығы, дамудың ірге тасы болуы керек.
Адамның ұлттық рухани сезімі қаншалықты жоғары болса, оның халқы мен
өзге ұлт өкілдеріне қатынасы соншалықты ізгілікті, игі болады. Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздігі ХХІ ғасырдағы жастардың этикалық - мәдени даму
жағдайымен тікелей байланысты болатындығы сондықтан.
Жастарды рухани-мәдени дәстүрлерге, мәдениетке, тарихи тәжірбиеге
негіздей отырып, санасына ұлттық рухани өмірін, халқын, оның тарихын,
дінін, мәдениетін т.с.с, ұғымдарды сіңіру міндеттерін көздеуіміз қажет.
Осы орайда сыңаржақты пікір туып қалмаса керек. Өйткені, Одақ кезеңінде
жастарды жалпыадамзаттық, интернационалдық құндылықтарға баулу барысында
олардың бойына туған халқы тағдырына, тілі мен мәдениетіне немқұрайлықпен
қарау қатынастарының қалыптасқаны мәлім. Сол сияқты бүгінгі жастарды ұлттық
рухани - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу мақсаты жеке тұлғаны тек өзіндік
таным саласымен шектеп қалу деген сөз емес. Кез келген адам өзінің рухани
ой өрісін өзге халықтың танымымен, тарихымен, тілімен, әдебиетімен,
экономикасымен кеңейте түскенде ғана әлем биігінен көріне алады. Олай
болса, әр түрлі ұлт өкілдері мекендейтін Қазақстанда рухани мәселелерді қай
тұрғыдан шешуге болады? Ол үшін Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың жас
ұрпақты қалыптастырудың негізгі философиялық жолдарын айқындап, зерттей
отырып, жастардың:
- ұлттық сана-сезімін, мақтанышын қалыптастыру, рухын көтеру;
- азаматтылығын және ұлтжандылығын, өз Отанына, ұлттық дәстүрлерге
сыйластығын тәрбиелеу;
- рухани шығармашылық, физикалық (денелік) мүмкіндіктерін, адамгерші-
лік қатынастарын дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- республикадағы әрбір ұлт өкілдерінің өсіп өркендеуіне, рухани
жетілуіне жағдайлар жасап, ынтымақтастықты орнату;
- Қазақстан халықтарының рухани-мәдени, тарихи-дәстүрлерін құрметтеу
және де ата-бабаларымыздың жасаған іс-әрекеттерінен үлгі алу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Мұхаммед Хайдар Дулати жөніндегі еңбектерді топтасақ, ең алдымен орыс
шығыстанушыларының арасында Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармалары кеңінен
танымал бола бастағанын байқауға болады. Белгілі шығыстың тарихшысы, Орта
Азия мен Қазақстан тарихын зерттеушісі академик В.В. Бартольд: М.Х.
Дулатидың Тарих-и Рашиди еңбегін ХҮІ ғасырдың тарихи - әдеби ескерткіші
болып табылады және Шығыс Түркістан тарихы бойынша аса маңызды деректердің
бірі десе, алғаш Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасынан үзінді аударған В.В.
Вельяминов-Зернов (1830-1904) Хайдар Мырзаның қазақтар туралы деректеріне
қатты мән бере келе: М. Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік – жаңалық
және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді
және жауапкершілігімен ерекшелінеді... бұл шағатайлардың кейінгі тарихына
арналған жалғыз дерек. Оның әңгімелері қай жағынан да адал ниетті және
айқын. Дегенмен мұндай құндылықтарды автордың өзінен де күтуге болатын еді
- дейді. Оның өзінің қоғамдық жағдайы оған оқиғаларды білуге және оларды
қаз-қалпында бейнелеуге мүмкіндік береді [2, 41 б.].
Белгілі шығыстанушы тарихшылар С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанов Тарих-
и Рашидиді жинақтап айтқанда, орта ғасырлық мұсылман тарихнамасындағы
Қазақ хандығының ерте тарихын баяндайтын жалғыз шығарма ретінде бағалады.
Ал орта Азияны зерттеуші П.П. Ивановтың ойынша Тарих-и Рашиди – ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы Моғолстан өмірі туралы мәліметтерге негіз болатын жалғыз дерек
деген қорытындыға келеді [2, 42 б.].
Қазақ оқымыстыларының ішінен мұраны ең бірінші болып зерттеп, зерделей
оқып, құрметпен қараған Ш. Уәлиханов (1835-1865) еді.
Тарих-и Рашиди түркі тілдес халықтарға тұңғыш ұсынған Мұхаммед Салық
Қашқари мен Мұхаммед Нияз (ХҮІІІ-ХІХ ғ.), дүние жүзінің халықтарына ағылшын
тіліне аударып таратқан Е.Д. Росс (1895 ж.), 1972 жылы орыс тіліне толық
тәржімелегендер: А. Орынбаев, Р.П. Жәлелова, Л.М. Епифанова (Ташкент 1996
ж.). Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, этнология институтының жетекші
ғалымы, парсы тілінің маманы К.А. Пищулина-Жандосова М.Х. Дулатидың Тарих-
и Рашиди еңбегін зерттеу нәтижесінде 1969 жылы жарық көрген Материалы по
истории казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ веков, Извлечения из персидских и
тюрских сочинений деген еңбектерінде Тарих-и Рашидидің бірінші
дәптерінен, сондай-ақ, Юго-Восточный Казахстан в середине ХҮІ - начале ХҮІ
веков (Алматы 1977 г.), Мингулов Н. екінші дәптерінен үзінді аударды.
Қазақстан тарихшыларынан Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и Рашиди еңбегін
парсы тілінен тәржімелеуді алғаш қолға алып, тек аударып қана қоймай,
тарихи басылымдарға, Қазақ совет энциклопедиясына мақала жазушы ғалымдар.
Ә. Дербісәлиев Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірбаяны, шығармалары және іс-
әркеттері жөнінде әдебиеттер жиынтығын жасап, мерзімді басылымдардағы
мақалаларды топтастырған ғалым. Осы орайда ойшыл Мұхаммед Хайдар Дулати.
Өмірбаяндық библиографиялық анықтамалық (Алматы 1994 ж.) кітабын жарыққа
шығарды.
Кеңес дәуірінде де Тарих-и Рашиди жайлы әр жылдары Ә.Х. Марғұланнан
бастап, М. Қозыбаев, Б. Көмеков, Қ. Байпақов, Н.Н. Мингулов, Т.И. Султанов,
Б. Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г. Муминов, А. Урунбаева, С.
Әзімжанова, Х. Хасанова және тағы басқалардың зерттеулері жарияланды. Ә.
Марғұлан Мұхаммед Хайдар Дулатиді қазақ халқының тарихшысы ретінде
таныстырған академик. Сондай-ақ, тарихшы ғалымдар С. Жолдасбеков, М.
Қозыбаев, Б. Албани, Қайратжан т.б. еңбектерінде ХҮІ ғасыр қазақ хандығы
дәуіріндегі күрделі мәселелер мен шешімі табылмай шиеленіскен саяси-
әлеуметтік мәселелер, қоғамдық ойдың екпінді қарқынмен дамуына әсер етіп,
Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты ойшылдардың тарих сахнасына шығып, қоғамдық
ойдың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын сипаттай отырып, олардың саяси -
әлеуметтік ойларына талдау жасайды. Байұзақ Қожабекұлы Албани өзінің
Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде: Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и
Рашиди шығармасы – тарихи энциклопедиялық шығарма болып табылатындығын
айтады [3, 27 б.]. Сондай-ақ Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихшы аталуының
негізгі себебін анықтап – оның өз заманынан бұрынғы түркі халқының
өмірінен, жалпы Азия тарихынан, Тұран елінен мағлұмат беретін тарихшы,
этнограф, саяхатшы, географтардың шығармаларынан деректер пайдаланып,
көптеген жұмбақ деректердің сырын аша білуінде болу керек деген тұжырым
жасайды. Онда тарихшы моғолдардың атадан балаға қалып, желісі үзілмей келе
жатқан аңыз - әңгімелерімен қатар Мір Қияс ад-дин Мансұрдың Жами-и-гити-
нумасын, Йақұттың Мұджам әл-бұлданын, Жамал-ад-диннің Маджма ат-
тауарихын, Хамдаллах-Мустафур Қазунидің Сувар-и ақалим, Тарих-и
манзумын, Ұлықбектің Ұлыс арбасын, Хазрат Маулан Мұхаммед Қазының
Силсиат әл-арифиін, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың Бабырнамасын
пайдаланғаны жөнінде айтады [3, 28 б.]. Ал, Мұхаммед Хайдар Дулатидың
педагогикалық - психологиялық көзқарасын зерттеп, жастарды тәрбиелеудегі
орны туралы мына авторлардың Т. Әлсатовтың, Қ. Жарықбаев, Д. Алиева
еңбектерін атауға болады. Олардың пікірінше, ұлы ғалымның этикалық-
психологиялық көзқарастарын жастарды тәрбиелеуде баға жетпес мұра екендігін
ескере отырып, жастардың адамгершілік, патриоттық, ұлтаралық, эстетикалық
санасының толықтыра түсетіндігіне сенеді. Соңғы кезде Т. Кенжебаев, И.
Сусаев бабамыздың еңбегіндегі экономикалық қарым - қатынас мәселесіне көңіл
бөліп, мақалаларын жариялап жүр.
М.Х. Дулатидың философиялық көзқарастары туралы арнайы зерттеулер
жоқтың қасы, дегенмен Қазақстан философ ғалымдары ішінен Ғ. Есім, Ж.
Молдабеков, А. Қасабек, Ж. Алтаев еңбектерін атауға болады. Бабамыздың
еңбегін философиялық тұрғыдан жан-жақты көңіл аударған ойшылдарымыздың бірі
– Ж. Молдабеков. Автор сол кезеңді (ХҮІ ғ.) философиялық тұрғыдан талдай
отырып, оның дүниетанымдық бағдарына сипаттама беріп, Мұхаммед Хайдар
Дулатидың келбетін жасауға тырысады [4, 200 б.]. Келесі бір мақаласында
Мұхаммед Хайдар Дулатиді тұлға, қажырлы тұлға ретінде сипаттайды [5,188
б.]. Ал, А. Қасабек Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегін зерттей келіп, М.Х.
Дулати тарих философиясының негізін қалаушылардың бірі деген қорытындыға
келеді [6, 72 б.].
Жоғарыда аталған еңбектер маңызды болғанымен М.Х. Дулати
шығармаларындағы адам мәселесі туралы ойлары толық қамтылмайды. Бұл
зерттеулерді біз өз ізденісіміздің арналары және ой тудырушы мәтіндері деп
қабылдаймыз.
Дегенмен, әлі күнге дейін Мұхаммед Хайдар Дулатидың философиялық
идеялары жүйелі зерттеудің арнайы пәні болған емес. Ойшыл арнайы
философиялық еңбектер қалдырмағанымен, адам мәселесі, адамның мәні, тәрбие
туралы ойлары, ақиқат, шындық, зұлымдық сияқты идеялары өзінің Тарих-и
Рашиди атты тарихи шығармасы мен Жаһан-намэ поэмасында кездеседі. Біздің
ойымызша, Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың философиялық ойларын тереңдей
зерттей отырып, сол кезеңдегі халықтың болмысын сомдауға, тұрмыс тіршілігін
білуге, ішкі жан дүниесін сезінуге болады. Ұлы ойшыл бабамыздың
шығармаларына тарихи-философиялық талдау жасай отырып, адамның болмысы мен
мәнін зерттей келе, жастарды тәрбиелеуде патриоттық, азаматтық, рухани-
адамгершілік және эстетикалық тәрбиеге көңіл аударуымызға мүмкіндік туады.
Ойшылдың философиялық идеяларын жүйелеп, анықтау үшін, М.Х. Дулати
дүниетанымындағы жалпы мәдени және саяси әлеуметтік алғышарттарға талдау
жасауымыз керек.
Оның өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектерден Ә. Дербісәлиев,
Б.Қ. Албани, Т. Әлсатов, Қ. Жарықбаев, Ғ. Есім, Ж. Молдабеков, У.
Бишімбаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Ә. Дербісәлиев Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегін зерттеу барысында: ХҮІ
ғасыр ортасында Тарих-и Рашиди шығармасына бірінші болып, 1854 ж. Эрскин
өзінің Индияның тарихы еңбегін жарыққа шығарғанда көңіл бөлген. Содан
соң, 1895ж. Е.Д. Росстың ағылшын тілінде аударған еңбегі жарыққа шықты,-
деп ескерте кетіп, ойын әрі қарай жалғастырады. Сондықтан да Қазақстан мен
Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіпті түркі тектес халықтардың
мәдениетін зерделеген Еуропа ғалымдарының сол себепті күні бүгінге дейін
Тарих-и Рашидиге жүгінбей, оған соқпай кете алмайды... осы күнгі қазақ,
өзбек, қырғыз, ұйғыр, үнді, ауған, тибет халықтарының тарихын зерттеушілер
оның шығармаларын аттап кете алмайды – деген болатын [7, 159 б.].
Сондай-ақ М.Х. Дулати шығармаларында адамгершілік, адам құндылықтары,
әлем, дүние, өз замандастары туралы үлкен философиялық толғаныстар,
пайымдаулар бар. Әсіресе Мұхаммед Хайдар Дулатидың әдеби тілі, кітабының
мазмұны, ондағы тарихи бүкпесіз дәлелдер, автордың өз шығармасына деген
үлкен жауапкершілігін, білімдарлығын, ұлылығын айқын көрсетеді. Қазақ
ғалымдары үшін бұл мұраны танып білу, біздің өткен тарихымыз бен
мәдениетімізді, философиялық дүниетанымымызды, әдебиетімізді, сондай-ақ
тарих философиясын түсіну үшін үлкен маңызды ғылыми дүниелердің бірі
болмақ.
М.Х. Дулатидың өз дүниетанымы, философиялық ойшылдығы, тарихты терең
түсінуі, оның үлкен қайраткер екендігін, терең білімділігін, ойшылдығын
көрсетеді. Сонымен қатар, М.Х. Дулати мұрасының қазақ рухани мәдениеті мен
тарихи философиясында алар орны мен тигізер әсері де мол. Бұл мәселе
жөнінде А. Қасабек: М.Х. Дулати өзінен бұрынғы замандағы тарихи оқиғаларды
объективті қарастырып, оларды эмперикалық жүйелі түрде зерттеген.
Оқиғалардың ішкі байланыстарына, даму логикасына негізгі мән берілген және
қандайда бір тарихи фактіні баяндағанда міндетті түрде оған өз көзқарасын
білдіріп отырған. Мұндай әдіс шындықтан ауытқымауға тегеріш болады – дейді
[6, 134 б.]. Нәтижесінде М.Х. Дулати бабамыздың еңбегін философиялық
тұрғыда зерттеу барысында, жалпы, жоғары деңгейде тарихи-философиялық
тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер ашуға болады.
Еліміздің тәуелсіздікке бет бұрған өтпелі кезеңінде ұлттық философиялық
дүниетанымды кешенді түрде зерттеу үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осы
мүмкіндіктерді толық пайдаланып, түркі тектес халқының етек-жеңі жиналмай
жатқан философиялық санасын, көшпелі өмір салтының рухани кеңістігінде
бастары қосылмай тарыдай шашырап жатқан ғақылиятты ой маржандарын
жинақтап, арнайы ғылыми жүйелерге түсіре отырып, Мұхаммед Хайдар Дулати
кезеңіндегі ақын-жыраулардың , ойшылдардың және т.б. философиялық сананың
қайталанбас ерекшеліктеріне арқау болған рухани құбылыстар ретінде көрсету
– бүгінгі күннің талабынан туындап отыр. Сондықтан, сол кездің өзінде де,
көкірек көзі ашық, көңілі ояу, әпсаналық ой кешуге бейім тұрған М.Х. Дулати
сөз өнерінің философиялық, танымдық тағылымын өте жақсы білген. Біздің
заманымызға сан ғасырлар қойнауынан халық зердесі арқылы келіп жеткен
шығарманың философиялық астарын ашып көрсету - бүгінгі күнгі ұлтжанды
философ ғалымдардың қасиетті парызы.
Қазіргі біздің алдымызда тұрған мақсат – тарихи шындықты қалпына
келтіру, тарихи даму барысында кеңістік пен уақыттың өзгерістерін болжау
болып табылады. ХҮІ ғасырда өмір сүрген М.Х. Дулатидың шығармашылығындағы
адам мәселесі әлі де болса бүгінгі күннің талабына сай зерттелмей отыр. Бұл
мәселенің қажеттілігі мен оны іске асыру барысында, қоғамның талабы мен
аталмыш мәселенің философия тарихында бұрын соңды жүйелі қарастырылмауы
арасында қарама-қайшылық байқалады. Осы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу
мәселесін анықтап, тақырыпты М.Х. Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін
философиялық тұрғыдан талдау деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі – М.Х. Дулати шығармалары.
Зерттеу пәні – М.Х. Дулати шығармаларындағы адам мәселесі.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты М.Х. Дулатидың философиялық
көзқарасына талдау жасап, ХҮІ ғасырдың өзіндік келбеттену ерекшеліктерін
ашып көрсету. Осы мақсат тұрғысынан мына міндеттерді шешуге ұмтылыс
жасалды:
- М.Х. Дулатидың тұлға, қолбасшы, мемлекет қайраткері ретінде
қалыптасуының рухани дүниетанымдық бастауларына тарихи-философиялық
талдау жасау;
- М.Х. Дулати шығармасындағы адам мәселесі туралы моральдық-этикалық және
діни көзқарастарының Шығыс философия тарихына қосқан үлесі екенін
айшықтау;
- тарихи-философиялық көзқарастардың, философия тарихына қосқан үлесі
екенін дәлелдеп, адамның философиялық мәнін, тұжырымдарын жүйелеу, діни-
этикалық тұрғыда қорыту;
- М.Х. Дулатидың Тарих-и Рашиди мен Жаһан-намэ шығармаларында-ғы
гуманистік бағдарға талдау жасау арқылы оның ұрпақ қалыптастырудың
философиялық негіздерін анықтау;
- М.Х. Дулатидың философиялық ойларының қазақ философиясында алатын орнын
айқындау, оның саяси-әлеуметтік, рухани-көркемдік көзқарасының бүгінгі
жастарды тәрбиелеудегі тарихи-философиялық мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- М.Х. Дулати шығармаларындағы адам мәселесінің дамуына мазмұндық
сипаттама беру;
- Адам мәселесінің философиялық, педагогикалық, психологиялық астарын
ашу;
- М.Х. Дулати шығармаларындағы адам мәселесінің ұлттық мәдени
мұралармен және орта ғасыр ойшыл-ғұламаларының философиялық көзқарастарымен
үндестігін дәлелдеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жан-жақты толық қарастыруға талпыныс
болғанымен, мәселе ары қарай зерделеуді қажет етеді. М.Х. Дулати
шығармаларындағы ерлік пен елдік, азаматтық пен адамгершілік, ел тағдыры,
өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық толғамдары өскелең ұрпақтың
рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда ойлылыққа баулып,
көркемдік әлемін байытуға пайдалана алсақ, үлкен жетістік болар еді.
Ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі естерінде ұстар М.Х. Дулати сияқты
даналарымыздың әрқайсысының өмір жолдары сол өзі өмір сүрген заман
тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр. Жалпыға дами құндылық болып табылатын
ата-анаға құрмет, халқын, елін сүю, қорғау, ар-намыстылық, ата-текті
қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік деген
ұғымдарды тәлім-тәрбиеде адамдық өлшемдердің көрсеткіші деп санасақ, адам
бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда М.Х. Дулати
шығармаларынан алар тәлім-тәрбиеміз мол. Өзінің шығармаларында тұтастай
белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік тарихи сипатын таныта алатын
дидактикалық-философиялық сарындағы шығармалар, адамгершілік, этика, мораль
тақырыптарында да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре жазып,
ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғандығы байқалады. Ерлік пен елдік,
ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық - бәрі де М.Х. Дулати
шығармаларында философиялық тұрғыдан қарастырылып, бүкіл адами асыл
қасиеттерді жинауға зор көмек беретін адам тәрбиесінің бастау бұлағы деп
айтсақ, артық кеткендік емес.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, М.Х. Дулати шығармаларындағы адам
мәселесі жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп,
философиялық астарларын ашса, онда адамзаттық құндылықтарды бағалай
білетін, ұлттық сана сезімі жоғары, иманжүзді, инабатты жаңа мінез-
құлықтарын бойына жинақтаған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік
туындайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. М.Х.
Дулати шығармасындағы адам мәселесін зерттеу барысында, зерттеудің
методологиялық принциптері ретінде қазақ даласында өмір сүрген әл-Фараби,
Ж. Баласағұн, А. Иассауи сынды ерте заманның дана ғалым, ойшыл
философтарының еңбектері пайдаланылды.
Ғылыми әдістемеде қолданылып жүрген талдау, синтез, индуктивтік,
дедуктивтік, герменевтикалық әдістер арқылы М.Х. Дулати шығармаларының
бағытын анықтап, топтап, сипаттама жасалынды. Оның философиялық көзқарасын
зерттеуде біз тарихилық пен логикалық, компаративистік тәсілдерді кеңінен
қолдануға тырыстық. Құбылыстың көпжақтылығы мен тұтастығының бірлігі
принципі сөз өнеріндегі ақыл-кеңестер, өсиет, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер
тарихи-әлеуметтік құбылыстардың көріністеріне проблемалық талдау жасауда
пайдаланылды.
Тарихи принцип бүгінгі қазақ философиясындағы үрдістің тарихи
тамырларын ашып, қазіргі қоғамдағы сананың тарихи динамикасын көрсетуде
басшылыққа алынды. Тарихи логикалық принцип арқылы кешегі мен бүгіннің
арасындағы логикалық сабақтастық сақталатыны көрсетілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы: М.Х. Дулатидың
шығармасындағы адам мәселесі зерттелмеген тың тақырып, сондықтан Мұхаммед
Хайдар Дулатидың ойлары тарихи-философиялық тұрғыдан ғылыми айналымда алғаш
рет жүйеленді.
- М.Х. Дулатидың философиялық көзқарасы қазақ философиясы тарихында тұтас
құбылыс ретінде философиялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми айналымға
түседі;
- М.Х. Дулати көзқарасындағы адамның философиялық-этикалық бағдарларын
айқындап, адам мәселесінің әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық
астарларын ашып, адамның мінез-құлқындағы көріністерін талдап,
сарапталды. Бұл мәселелерден оның философия ғылымына қосқан жаңалығы
дәлелденді;
- М.Х. Дулатидың шығармаларында қазақтың ұлттық болмысы, танымы, ой-санасы
сараланды және қоғам мен адам арасындағы қатынас, оның философиялық
дүниетанымында ерекше орын алатындығын дәлелдеуіміз ХҮІ ғасырдағы
философия тарихындағы зор үлес болып табылады;
- М.Х. Дулати шығармаларындағы адам мәселесі алғаш діни және этикалық-
моральдық тұрғыдан жіктеліп, ғылыми айналымға түседі;
- Бүгінгі жаһандану дәуірінде Қазақстандағы қайта құруларға байланысты
ғылыми-теоретикалық талдауларды іске асыруда М.Х. Дулатидың философиялық
көзқарастарының маңызы айқындалып, қазіргі жалпы адамзат өркениетінің
ағымына енудегі орны сипатталады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- М.Х. Дулати қазақ халқының тұңғыш философы, қоғамтанунышысы,
тарихшысы екені дәлелденді;
- М.Х. Дулати шығармасындағы адам мәселесі туралы идеялары теориялық
тұрғыда негізделіп және жүйеленіп, қазақ тарихындағы орта ғасырлық
дүниетанымдық мұралармен үндестігі сараланды;
- М.Х. Дулати сомдаған Адам бейнесі жақсылық пен жамандықтың арасын саналы
түрде айыра білетін, теріс қылықтардың өршіп кетпеуіне жол бермейтін,
олардан арылудың жолдарын іздестіре алатын, өзіндік пікірі мен ойы бар
адам екендігі дәлелденді;
- М.Х. Дулати көзқарасындағы адам болмысының арқауын жіктеп, адамды әр
түрлі деңгейге, топқа бөліп қарастыра отырып, адам ұғымы жан-жақты
талқыланды;
- Ғалым шығармаларында тектілік басты кісілік қасиеттердің бірі ретінде
көңіл бөлініп, сондай-ақ пенде, пақыр, мәрт, тақуа түсінігіне алғаш рет
философиялық талдау жасалынды;
- М.Х. Дулати шығармасындағы патриотизм, ерлік тәрбиесі, адамгершілік,
ізгілік, парыз бен ұлттық намыс, еркіндік және жас ұрпақтың қалыптасу
мәселелері, сондай-ақ әділдік, туралық, ақиқат, болмыс категорияларына
көңіл бөлуі оның қазақ философиясына қосқан үлесі екені дәлелденді;
- М.Х. Дулати шығармасындағы адам мәселесі, дүниетанымы әр түрлі тарихи,
мәдени дәстүрлердің синкретті тұтасуы негізінде қалыптасатындығы және
оның маңызы дәлелденді;
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірбиелік маңызы: Зерттеу жұмысының
ғылыми нәтижелері философия тарихы ғылымының дамуына өз үлесін қосады.
Зерттеу нәтижелерін жоғарғы оқу орнындарында философия тарихы, саясаттану,
тарих, социология, мәдениеттану пәндерін оқытуда көмекші құрал ретінде
пайдалануға, қоғамдық ғылымдар бойынша жүргізілетін зерттеулерде, жоғарғы
оқу орнындағы дәрістерде, философия және саясаттану факультеттерінде өтетін
арнайы курстарда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Нәтижелері мен негізгі
мәселелері әр түрлі ғылыми басылымдарда, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі
ғылыми-теориялық және практикалық конференциялардың материалдар жинағында
жарияланды. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
философия және мәдениеттану тарихы кафедрасының мәжілісінде 2005 жылдың 30
сәуірде (хаттама №12) талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 150
бет, 12 сызба, қосымшалардан тұрады.
1 ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ХҮ-ХҮІ ғ. САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР
ЖӘНЕ М.Х. ДУЛАТИДЫҢ ОЙШЫЛ
РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Мұхаммед Хайдар Дулати дүниетанымы және оның эволюциялық кезеңдері
Халқымыз өзінің қоғамдық ой-пікір дамуының тарихында МХ. Дулати арқылы
белеске шықты.
Халқымыздың философиялық, әлеуметтік ой-пікірлерінің өрістеуі біркелкі
болған жоқ. Әр түрлі тарихи дәуірлерде, уақыт ерекшеліктеріне байланысты
оның ең бір өміршең, өзекті, қайшылықты жақтары алға шығып, өзінің шешімін
талап етті. Басқаша айтқанда, қоғам дамуы өзінің әр түрлі кезеңдерінде
бірінші кезекте нақты мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылды. Осыған
байланысты, біздің ойымызша ХҮІ ғасырдың көрнекті өкілі Мұхаммед Хайдар
Дулатидың батырлық, ерлік, дәстүрді дәріптеген шығармалары өзі жайдан жай
дүниеге келмеген. Оның қоғамдық ой сана көшіне, адамдар психологиясына
қыруар ықпалы болған.
Айталық, Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің шығармаларында халық бірлігін
нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Өзінің
ақындық қуатын туыстас ұлттарды, түркі тектес халықтарды бір орталықты
қуатты мемлекет етіп ұйымдастыру жолына арнайды. Соның бәріне үлкен
қоғамдық, саяси-әлеуметтік мазмұн беріп қарағаны байқалады. Қол бастайтын
ерлердің, ел басқарар патшалар мен көсемдердің бойында асыл қасиеттер
қалыптастыру керек дегенді көп айтады [8, 90 б.].
ХҮІ ғасыр өмір сүрген М.Х. Дулати тарихи заман сұраныстарына сай,
елінің ішкі және сыртқы қайшылықтарына баса назар аударып қана қоймай,
олардың шешу жолдарын қарастырды.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзі өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын
әр түрлі деңгейде зерттеп, түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақ
халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесін
жасады. Ол шығармаларында діни көзқарастармен қоса, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, қоғамның құқықтық, саяси және философиялық жайлы сөз болады.
Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ философиясының негізін қалаушы, ұлы
ғұлама. Дегенмен ойшылдың философиясын жүйелі, толыққанды философия деп
айта алмаймыз. Бірақ өзінің шығармаларында бірқатар философиялық ойлар
толғап, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдыра білген. Ойшыл өз философиясында
халқының өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын
көрсете білген. Бұдан біз объективті шындықтың элементтерін байқаймыз. М.Х.
Дулати бірінші орынға адам мәселесін, діни сенім, ақыл-ой, өмір мәселелерін
қойған. Осы мәселелерді тиянақты ойластыру арқылы ол экономикалық, соғыс
жағдайларын және шиеленістерді шешуде зор рөл атқарған.
Қасабек А. қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар -
қоғам, қоғамдастық, қоғамдық пікір дей келіп, қоғамдық ойдың бір бөлігі
ретінде халықтық философияның және халықтық саяси көзқарастарын айту керек
дейді [9, 176 б.]. Адамдардың күнделікті іс тәжірбиесін даналық колданып
қана қоймай, оны ой елегінен өткізіп қорытындылаған. Ойшылдар озық
идеялардың әсерімен осы күнделікті көрген білгенінен терең де ауқымды ой
түйе білген. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі ойлау сатысына көтеріледі және
оқиғаларға философиялық, логикалық және ғылыми көзқарас қалыптастырады. Бұл
құбылыс қазақ философиясы тарихының ерте кезеңнен бастап ХІІ ғасырға
дейінгі кезеңдеріне тән болды. (Олар атап айтсақ: әл-Фараби, Қ.А. Йассауи,
Ж. Баласағұн сияқты ғұламалар еді.)
Екінші белес философиялық кезең деп атауға болады. Бұл кезеңде ойлау
дәрежесінің ауқымы ұлғайып, қоршаған дүниені, қоғамды және адамды дұрыс
бейнелеу белесіне жету еді. Осы құбылыс қазақ философия тарихының ХІҮ
ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Сондықтан да біз М.Х.
Дулатиды қазақ халқының тұңғыш философы деп батыл айта аламыз.
Үшінші белес теориялық-әдістемелік жолмен пайымдалған, классикалық
жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезеңді
қамтиды.
Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, қазақ философиялық ойларының
қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады
деуге болады.
Бірінші кезең рулық құрылыс үстем болып тұрған уақытты және соған
сәйкес келетін алғы философиялық (философияға дейінгі) сананы қамтиды.
Екінші кезеңге ортағасырлық, хандық және бодандық дәуірдегі
философиялық ілім және мұрасы мен еңбектері жатады. Оларды саналы түрде
ауызша-жазбаша ғылымға дейінгі және теориялық пайымдаулары орныққан әртүрлі
бағыттағы көзқарастар деуге болады. Қалыптасқан пікірлерді ескере отырып,
нағыз философиялық тұжырымдамалар деп атауға болады. Себебі ойшылдардың
дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әрқилы
бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатады.
ХҮІ ғасыр ғалымдарының бірі М.Х. Дулатидың басты назары: даналыққа,
тұтастық пен синкреттік көзқарасқа ұмтылу, адамның адамгершілігін,
тектілігін асқақтату, шындықты іздеу, табиғатқа деген шынай көзқарас
болатын.
Олай болса, ХҮІ ғасырдың өзіндік ерекшеліктерін зерттеуде философияның
атқарар рөлі зор.
Сондықтан ХҮІ ғасырдың өзіндік еркшелігін зерттеп үйренбейінше, қазақ
халқының қазақ болып қалыптасқан тұсында Мұхаммед Хайдар Дулати негізін
қалаған қазақ философиясының тарихын, саяси идеологиясын, адамгершілік
қағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін емес.
Ал, үшінші кезең - ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ
философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай
қалған асулары, жіберілген методологиялық, теориялық және тұжырымдық
қателері.
Қазақ философиясының дамуының өзіндік ерекшеліктерін баяндап беру
біздің мақсатымыз емес. Біз дисертациямызда ХҮІ ғасырдың Мұхаммед Хайдар
Дулатидың дүниетанымына әсер еткен кейбір тұстарына, басты оқиғаларына
көңіл аудару көзделген. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ қоғамы өзінің классикалық
түрінде, дәстүр ретінде, әлемдік тарихтан өзіндік орын алып көріне білді.
Бұл тұста ислам дінінің ықпалына соқпай кетуге болмайды. Ислам діні қазақ
қоғамының, мемлекетінің, мәдениеттің идеялық, құқықтық, саяси және рухани-
адамгершілік негізі болды. Қазақ хандығы рухани факторларға, дінге үлкен
мән беріп отырды. Сондықтан Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің шығармаларында
Қасым хан, Тоғылық Темір хан, Жүніс хан, Саид хан сияқты хандардың жеке
басының діндарлығына мән беріп, оларды атақты шейхтардың муриді болғандарын
жазады. Бұдан біз, ХҮ–ХҮІІІ ғасырларда ислам діні бүкіл әлемде, соның
ішінде Қазақ хандығында да әлі де болса өзінің рухани қуаты сарқылмағанын
көрсетіп, қоғамдық-мемлекеттік өмірге, халықтың санасы мен күнделікті
тұрмысына әсер етіп отырғандығын байқаймыз.
Араға бес жүз жыл өтсе де, М.Х. Дулатидың тарих сахнасына қайта келуі
- ұлы тұлға болғандығын айғақтайды. Оның шығармасының философиялық мәні
неде? Тарихи тәжірбиесі қандай? Сол кезеңдегі халықтардың дүниеге көзқарасы
қандай еді еді? Бұл сұрақтарға жауап бермес бұрын, ең алдымен халық пен
мемлекеттің қалыптасуын, адам болмысы қандай дәрежеде болғандығын
білуімізге байланысты.
Осы мәселеге орай, Ғ. Есім Жалғанда жар жағалап ғұмыр кешеміз атты
тақырыптағы сұхбатында: Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі
кезеңнен тұрады. Біріншісі, ұлттық даналықтың генезисі. Қазақ халқы
кенеттен пайда болған жоқ, оның қалыптасу тарихы, тегі болған. Қазақтың
тегі қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мен тайпа
одақтары. Қазақстан территориясынан шыққан данышпандар – Қорқыт,
Ж.Баласағұн, әл-Фараби, М.Қашкари, К.Иассауи даналық дәстүрлері жойылып
кетпеген, олар қазақ этносының ойлау мәдениетінің бастау арналарына
айналған, сондықтан кейбір зерттеушілер қазақ философиясының тарихын
осылардан бастап жүр. Бұл данышпандардың заманында қазақ этносы
болмағандықтан, оларды ұлттық философияның қайнар бастауларында тұрған
түркілік дүниетанымының аса көрнекті ойшылдары деп таныған жөн. Екінші
кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы, төл философиясы тұр. Қазақ хандығы
1456 жылы Шу өзені бойында Қозы-Басы деген мекенде құрылды. Осы заманда
ілгерілі-кейінгі екі данышпан өмір сүрді. Алғашқысы Асан Қайғы, кейінгісі
мырза Мұхаммед Хайдар. Қазақ философиясының төл тарихы осылардан басталады
- дейді [10, 4-5 бб.]. Яғни бұдан байқайтынымыз, Мұхаммед Хайдар Дулати -
ХҮІ ғасырдың ұлы ойшылы, ақыны, тарихшысы, этнографы, қоғам қайраткері,
философы. Ол түркілік мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, дамуына, қалыптасуына
үлкен ықпалын тигізген ұлы ғұлама. Оның ұрпақтарына қалдырып кеткен Тарих-
и Рашиди еңбегі мен Жаһан-намэ поэмасы бүкіл түркі халқына ортақ, тарихи-
философиялық және әдеби құндылықтар қатарына жатады. Мұхаммед Хайдар Дулати
Орта Азиядағы мемлекеттер мен халықтардың ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығындағы екі
жүз жылға жуық тарихына шолу жасап, соның негізінде сол дәуірдегі қоғам
өміріне, ондағы болған тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың іс-
әрекеттеріне рухани және адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беріп,
терең әлеуметтік – философиялық тұжырымдар жасаған. Сондықтан да біз,
Мұхаммед Хайдар Дулатиді қазақтың ұлттық философиясының бастамасын қалаған
деп батыл айта аламыз.
ХҮ-ХҮІ ғасырдың саяси-әлеуметтік жағдайына тарихи шолу жасай отырып,
біз шығыс ойшылының дүниетанымдық қайнар көзін, қоғамдық әрекетін дұрыс
зерттеуімізге мүмкіндік туады. Бұл тарауда біз ХҮІ ғасырдың өзіндік
ерекшеліктерін сипаттай отырып, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмір жолын
зерттей отырып, оның дүниетанымының қалыптасуына, мемлекетті басқару
қабілетінің ұштауына себепші болған, қоғамдық әрекетіне әсер еткен
ойшылдар, қоғам қайраткерлері – Сұлтан Саид хан мен Захир-ад-Дин Бабырдың
тигізген көмегі мен жасаған іс-әрекеттері жайлы сөз болады.
Ең алдымен дүниетаным деген ұғымды философиялық тұрғыдан талдаудан
бастайық. Дүниетаным – ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде
тұтастай алғанда адамдардың білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраттары мен
әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға
психологиялық және эстетикалық көзқарас. Дүниені танып- білу нәтижелері
дүниетаным ұғымында бейнеленеді, бұл – жеке адам үшін өзінің қоғамдағы
орны жайлы ұғымдардың жиынтығы, сана-сезім қалпы, дүниені біртұтас ретінде
түсіну нәтижесі [11, 43 б.].
Мұхаммед Хайдар Дулати дүниетанымының қалыптасуын қазақ және шығыс
мәдениеттері біртұтас дүние ретінде байытты, бұл оған жалпы адамзаттық
құндылықтарға меңзеген қазақ мәдениетінің шыңы болуға жағдай жасады.
Дүниетанымдың бір бөлігі, негізі халық мәдениеті болса, одан ойшылдың
көзқарасы, ар-ождан мұраты, саяси мақсаты осыдан нәр алды, ал Шығыс
мәдениеті оның дүниетанымын адамның өзін-өзі танып-білуімен, айналадағы
ортаға эстетикалық көзқараспен толықтырылды. Өйткені, Шығыс мәдениетінде
философиялық моральға, адамгершілікке айрықша мән берілді.
Ойшылдың өмір баянына келетін болсақ, М.Х. Дулати 1499 жылы Ташкент
қаласындағы Ұратөбе деген жерде, ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан
Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.
Шешесінің қашан, қалай қаза болғандығы туралы нақты деректер жоқтың
қасы. Оның анасы, әжесі және нағашы әпкелерінің бәрі де хан тұқымынан
шыққан, ханның әпкелері-тін. Ал, әкесі моғол мен өзбек хандығының
арасындағы талас-тартыстың құрбаны болған. М. Шайбани хан мен Сұлтан Махмұд
ханның Ташкент және оның аймағы үшін болған соғыс кезінде, өзбек ханы М. Х.
Дулатидың әкесін қауіпті адамдардың бірі деп есептеп, Хорасан қаласына
шақыртып алып, Ходжент суына (Амудария) батырып өлтірген. Осындай жазамен
баласын да жазалауды бұйырған.
Әкесінің қазасы жайлы хабар жеткен соң, Мұхаммед Хайдар Дулатиды
туыстары Кабыл қаласындағы Бабыр патшаға жіберуге келіседі.
Бабыр – орта Азиялық облыстардың белгілі билеушісі, Үнді мемлекетінің
негізін қалаушы, өте білімді адам болған.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірлік жолына тоқталып өтейік. Оның өмірлік
жолын әр ғалымдар өздерінше әр түрлі кезеңдерге бөледі. Мысалы, профессор
Бишімбаев У.Қ. Бабалар тағылымы – тәрбие атты мақаласында Мұхаммед
Хайдар Дулатидың өмірлік жолын төрт кезеңге:
бірінші кезең - жастық шағы 1599-1614 жж;
екінші кезең - шығармашылық кезеңі 1614-1633 жж;
үшінші кезең - хандық басқаруға қатысу;
төртінші кезең - Индияны еркін жаулап алуы 1640-1651 жж. деп шартты
түрде бөледі [12, 52 б.]. Ал Мырзабеков Б., Жолдасов Д. өздерінің
Мұхаммед Хайдар мұрасы ұлттық байлығымыз атты мақаласында бірінші
кезеңді балалық шағы, екінші кезеңді Сұлтан Саид ханның отбасымен
байланыстырады, үшінші кезеңді оның тағдыры күрт өзгеріп, екі бөлікке
бөлінеді дей келіп, 1533-36 жылдары бұдан кейінгі тағдыр жолын таңдау, өз
орнын анықтау, өткен өмірдің қорытындыларына баға беру кезеңі деп есептеп,
1536-40 жылдары ендігі тағдырын Бабырдың ұлдары: Хумаюн мен Камран
шаңырақтарымен байланыстыруға бел буады. Төртінші кезеңі Дулати Кашмирдің
билігіне келген кезде басталады [13, 58 б.].
Біз, Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың шығармасын талдай отырып,
өмірінің басталуы – бірінші кезең, жастық шағы – екінші кезең, кемелденген
кезі - үшінші кезең деп өмірлік жолын үш кезеңге шартты түрде бөлдік.
Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,
санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің
қалыптасуының шарты. Ал әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты.
Тәрбиенің түрлері де алуан түрлі адам өмірге келгеннен бастап, өмірінің
соңына дейін тәрбиеден өтеді.
Адамның саяси жұмысқа саналы түрде және өз еркімен қатысу деңгейіне
байланысты саяси әлеметтенуді ғалымдар әдетте алғашқы (немесе бірінші) және
екінші деп екі түрге бөледі. Осы тұрғыдан алғанда Мұхаммед Хайдар Дулатидың
өмір жолын алып қарасақ, алғашқы кезі бозбала кезінде саяси білім алып,
саяси көзқарасының қалыптасқан кезеңін жатқызуға болады. Бұл кезеңде М.Х.
Дулати саяси ұғымдарды алғаш естіп, мағлұматтар алады. Біртіндеп саяси өмір
құбылыстарында өзінің қатынасын қалыптастырады. Екінші әлеуметтену
кезеңінде бұрынғы алған құндылық бағдарлар мен ұстанымдар негізінде қоғамға
саяси тәжірбиесімен белсене әрекетттесе бастайды.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмір жолы, оның ұстазы, қамқоршы бөлесі –
Шығыстың әйгілі жиһангері, Кіндік Азияның кемеңгер перзенті, Үндістанда
Моғол мемлекетін құрушы, тарихшы, ақын Заһир-ад-дин Мұхаммед Бабырмен
байланысты болады. Сөйтіп әкесін өзбек ханы Шейбани өлтірген соң, Мұхаммед
Хайдар Дулати тоғыз жасынан он үш жасына дейін Бабырдың қолында
тәрбиеленген болатын.
Оның философиялық дүниетанымының қалыптасуына бөлесі, мемлекет
қайраткері, ер жүрек қолбасшы Захр ад-Дин Мұхаммед Бабырдың ролі ерекше.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың ірі қолбасшы дәрежесіне дейін көтерілуіне,
дипломатиялық қарым-қатынаста ұтқыр да келелі ойды ойланып барып, тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін шешендік қабілетін ұштауына
септігін тигізді.
Бабыр Мұхаммед Хайдарға қамқорлық жасап жүргендегі басты бір себеп –
екеуінің аналары апалы-сіңілі адамдар болған. Моғол ханы Жүністің үш қызы
болған, оның ең үлкені Бабырдың шешесі болса, ал екіншісі Сұлтан Саид
ханның шешесі, ал үшінші кіші қызы Мұхаммед Хайдар Дулатидың шешесі
болған. Сонда Бабыр, Сұлтан Саид хан және Мұхаммед Хайдар үшеуі бір-біріне
бөле болып келеді. Сурет 1 – Мұхаммед Хайдар Дулатидың көзқарасына әсер
еткен тарихи тұлғалар.
Мұхаммед Хайдар Дулати мен Бабыр тек қана қан жағынан туысқан адамдар
емес, жаны ұқсас адамдар. Екеуі де әдебиетпен шұғылданып, өлеңдер шығарды,
мемлекетті басқарды. Бабыр келешек ғалымның білім алуына қатты көңіл
бөлген. Егер Мұхаммед Хайдар Дулатидың білім алудың бір саласына көңілі
ауып, ынта-жігерін байқаса, оны тереңдетіп меңгеріп кетуіне ерекше назар
аударған. Дәрістен бос кезінде өзімен серуенге бірге алып шығып, ат үстінде
жүруге үйреткен. М.Х. Дулатидың бос жүруіне еш уақыты болмаған. Сондықтан
ол өзінің Тарих-и Рашиди еңбегінде былай жазады: Патшаның маған деген
қамқорлығының арқасында мен басымнан өткен ауыр күндерді есіме алуыма да
уақытым болмады дейді [14, 12 б.].
Сөйтіп, Ұлы адамның ұлылығы соншалық, М.Х. Дулатидың да ұлы ғұлама
болып өсуіне өзінің аталық қамқорын аямаған.
Олардың еңбектері Тарих-и Рашиди және Бабырнама еңбектері өзі
көріп, бақылап жүрген жағдайларды саралап, тұжырымдап, бір кезеңде болған
оқиғаларды жазып, бірін-бірі толықтырады.
1512 жылы қыркүйек-қазан айларында Бабыр Әндіжандағы немере ағасы Саид
ханның қолына жібереді. Яғни екінші кезең - Сұлтан Саид ханның отбасымен
байланысты. Бұл кезеңде М.Х. Дулатидың тұлғалық келбеті, моральдық-этикалық
көзқарастары одан сайын дамып, қалыптаса бастайды. Болашақ қолбасшылықтың,
мемлекет қайраткерлігінің негізі осында қаланады. Саид хан да Бабыр сияқты
серуенге, аңға шыққан кезінде М.Х. Дулатиді бірге алып жүрсе, кейін
біртіндеп кішігірім жорықтарға алып жүрген. Хан Мұхаммед Хайдар Дулатиды
түрлі мемлекеттік жиын-мәжілістерге қатыстырып, өзінің оң жағына
отырғызған. Ал, мемлекеттік жұмыстарды ұйымдастырып жүрген ағасы, әкесінің
інісі Саид Мұхаммед мырза одан кейін отыратын болған. Мұхаммед Хайдар
Дулатидың жазуына қарағанда, бұл жағдай ағасының ханмен келісімі бойынша
болуы керек десе, екіншіден әкесін сыйлағандары тәрізді дейді.
Хан кеңесі сияқты салиқалы жиындарға қатынасып отыру ол үшін үлкен
сабақ болды. Атақты адамдардың сөздерін тыңдап, кейбір таласқа түскен
пікірлердің шешімі туралы ой жүйелерін естіп, олардан өзіне үлгі-өнеге алу
– келешек ғалымның сана-сезімінің өсуіне себеп болған. Саид хан Мұхаммед
Хайдар Дулатиға түрлі жұмыстар беріп, олардың дұрыс және тиянақты
орындалуын қадағалап отырған және берген жұмысының қалай орындалғанын айтып
беріп, олардың орындалуы туралы атақты адамдардың алдында есеп беруді де
үйретеді. Егер оның жіберген қателігі болса немесе айтайын деген ойын
жеткізе алмай тұрса хан өзі көмектесіп отырған.
Сурет 1 – М.Х. Дулатидың философиялық көзқарасына әсер еткен
тарихи тұлғалар
Сөйтіп, хан М.Х. Дулатиді мемлекет басқару дәрежесіне дейін көтереді.
Бұл жөінде Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и Рашиди шығармасында: Он үш
жасымда Сұлтан Саид ханның қызметінде болдым. Оның маған деген әкелік
мейірімі жетімдіктің қайғы-қасіретін көрсетпеді. Оқу, жазу өнерінен, өлең
шығарудан, шығарма жазудан, сурет салудан, алтынмен аптаудан, сондай-ақ
басқа да қолөнер түрлерінен: асыл таспен безендіру, ағаш оюдан,
зергерліктен, таспа тілуден, оқ жону, садақ ию, сауыт, кездік соғудан,
жабу, ат әбзелдерін жасаудан қатарластарымның арасынан алдыма жан салмадым,
құрылыс жұмыстарында, ағаш ұсталығы мен ісінде аса шеберлікке жеттім.
Қолөнердің барлық түрлерін меңгергенім сондай, бұл кәсіптің шеберлері маған
шәкірт болуға да жарамайтын, осының бәрінде хан мені сүйеп, қолдап отырды
-дейді [ 14, 42 б].
Халық тағдырын терең түсіну – Мұхаммед Хайдар Дулатидың адамдармен
тығыз араласуында. Осының барысында достық пен қастық, ынтымақ пен жауығу,
құрметтеу мен жирену, сүю мен жек көру сезімдері қатар жүрді. Өзара адамдық
қарым-қатынас арқылы Мұхаммед Хайдар Дулати өзгенің рухани өмірін түсініп,
өзіндік дүние бейнесінң анықтады. Ойшылдың текті кісіліермен қарым-
қатынас негізінде сана-сезім қалыптасты. Мұхаммед Хайдар Дулати басқа
адамның ішкі дүниесін тану барысында, оның ішкі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz