Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының қазіргі экологиялық жағдайы және су сапасын бағалау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультетінің магистратурасы

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының қазіргі

экологиялық жағдайы және су сапасын бағалау

Орындаған: Қуанова Әсел Мақсотқызы

““ 2007 ж

Ғыл. жетекші, к. г. н., Досқаев Қасым Қоянбайұлы

““ 2007 ж

Каф. меңг. қорғауға жіберді Абдрахимов Рустам Гарифұл

““ 2007 ж

АЛМАТЫ 2007 ж

МАЗМҰНЫ

Реферат 3

Кіріспе 4 1. Жоғарғы Ертіс бассейнінің физикалық -географиялық сипаттамасы . . . 6

  1. Табиғи жағдайы . . . 6

1. 2 Жер бедері . . . 6-7

1. 3 Геологиялық құрылымы . . . 7

1. 4 Климаты . . . 8

1. 4. 1 Радиациялық баланс . . . 8

1. 4. 2 Ауа температурасы . . . 9

1. 4. 3 Жауын-шашын . . . 10

1. 4. 4 Қар жамылғысы . . . 11

1. 4. 5 Ауа ылғалдылығы . . . 12

1. 4. 6 Жел . . . 13

1. 5 Топырақ жамылғысы . . . 14

1. 5. 1 Өсімдік жамылғысы . . . 14-15

2. Гидрографиясы және гидрологиялық зерттеу . . . 16

2. 1 Гидрография . . . 16

2. 1. 1 Өзен торабы . . . 16-18

2. 2. Өзенді пайдалану . . . 18-20

3. Солтүстік - шығыс өндіріс торабы ауданында Ертіс өзені суының

сапасының қалыптасу жағдай . . . 21

3. 1 Су сапасының қалыптасудағы негізгі фактор . . . 21-23

3. 1. 1 Булану . . . 23

3. 1. 2 Қар үйінділерінің және мұздықтардың

3. 1. 3 Қар еру . . .

3. 2. Су режимі су сапасын қалыптастырудағы негізгі фактор . . . 22.

3. 2. 1 Су тасу . . . 22

3. 2. 2. Қысқы су сабасы . . . 23. .

3. 3. Су деңгейінің режимі . . . 23

3. 4 Ағындының жыл ішіндегі таралуы (шығын режимі) . . . 25

3. 5 Жер беті суының химиялық сапасының сипаттамасы . . . 25. .

4. Ертіс өзенінің су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейін бағалау . . . 28

4. 1 Солтүстік - шығыс өнеркәсіп торабындағы Ертіс өзенінің су сапасының қазіргі жағдайы (ластау көздері, ластану динамикасы) . . .

4. 2 Өзен ағындысының орташа ластануының гидрологиялық көрсеткіштерін және консервативтік ластаушы заттардың жалпы мөлшерін есептеу . . . 28

5 Ертіс өз. - Өскемен қ., Боран пос, Шүлбі селосы аусағындағы бекеттердің ақаба суларының еселенуін есептеу . . . 35

5. 1 Ертіс өз. - Өскемен қ., Боран пос, Шүлбі селосы аумағында бекеттердің ақаба суларының еселенуін жазық есеп әдісімен есептеу . . . 35-41

5. 2 Ертіс өз. - Өскемен қ., Боран пос, Шүлбі селосы аумағында бекеттердің ақаба суларының еселенуін құрастырылған әдіс бойынша есептеу . . . 41-45

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша

РЕФЕРАТ

Магистрлік диссертация кіріспеден, 5 бөлімнен, көлемі беттен, 3 суреттен, 8 кестеден, қолданылған әдебиеттен тұрады.

Негізгі қолданылған сөздер: концентрация, ШРК, ластаушы заттар, турбулентті диффузия, ақаба сулар, су шығыны, ағынның облысы, жылдамдығы, тереңдігі, Шези коэффициенті.

Жоғарғы Ертіс су алабы Қазақ қатпарлы елі мен Алтай - Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасқан. Алтайдың бәрін алып жатыр, жер бедерінің формасы әр түрлі және өте күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аймақ.

Ертіс өзенінің солтүстік - шығыс өндірістік торабы ауданындағы су сапасының қазіргі жағдайына баяндама беріліп, ластаушы көздер айқындалды. Ертіс өзенінің су сапасын бағалау үшін ҚазГидрометтің мәліметтері, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігінің кезеңдік басылымдарындағы Өскемен қаласы ауданындағы Ертіс өзенінің су сапасы және ластаушы көздері туралы мәліметтер және де Гидрологиялық жылнаманың мәліметтері мен 1993 жылдың Су Кадастры 1903-1994 жж. мәліметтері қолданылды.

Осы бақылаулар қатарындағы орташа суы мол жыл қарастырылды. Ертіс өзенінің Өскемен қаласы тұсындағы су сапасын Ертіс өзенінің ақаба суларының ерітіндісін есептеу жолымен бағалау жүргізілді.

Сонымен Ертіс өзенінің солтүстік - шығыс өндірістік торабы ауданындағы судың ластаушы көздері табылды.

КІРІСПЕ

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Экономикасы жағынан Қарағанды облысынан кейінгі 2-ші орында. Республикамыздың негізгі экспорт тауарлары болып табылатын - мыс, мырыш, қорғасын, титан және т. б. элементтердің кен орындары бар. Республикамыздағы түрлі-түсті металлургияның орталығы болып табылады.

Солтүстік шығыс өнеркәсіп торабы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтиды. Бұл ауданда ірі қайта өңдеу және «Қазмырыш» АҚ, «Риддер полиметалл комбинаты», «Зырянов қорғасын - мырыш», «Ертіс мыс балқыту комбинаты», «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ сияқты тау - кен өнеркәсіптері орналасқан.

Жоғарыда атап өткендерден көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен комбинаттар Өскемен қаласының маңында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып табылатын Өскемен қаласы 1720 жылы негізі қаланған Өскемен қамалынан бері келе жатыр. Қазіргі уақытта бұл қала Қазақстан Республикасының түрлі - түсті металлургиясының орталығы болып табылады және Жапонияға мырыш, титан және т. б. түрлі-түсті металдарды экспортқа шығарады. Жапонияға шығаратын титанның көлемі Жапониядағы титан шығынының 30% құрайды. Бірақ қазіргі уақытта қалалық қоғамдық тазалау имараттарының жетіспеуінен және техногендік қалдықтарды өңдеудің жетіспеушілігінен, соның ішінде атап кеткен кәсіпорындар мен комбинаттардың өндірістік ластаулары, түрлі- түсті металлургиядан ағып келетін ақаба суларды жақсылап тазаламау осы аймақта суды ластаудың үлкен проблемасы болып табылады. Соның ішінде қалалық суқұбырының негізгі көзі болып табылатын жерасты суының ластануы ең маңызды мәселе. Су жинау көзін өзгертудің керектігі қарастырылып жатыр және бұл мәселе қала тұрғындарының өміріне айтарлықтай әсер етеді. Қазақстан Республикасының солтүстік шығыс ауданындағы ең ірі су көзі болып табылатын Ертіс өзенінің суының ластануы Республикадағы өзендердің ең ластанғанына мысал болады. Жұмысымның мақсаты солтүстік шығыс өндірістік аудандағы Ертіс өзенінің су сапасының қазіргі жағдайын бағалау. Ертіс өзенінің су сапасын бағалау үшін Қазгидромет мәліметтері талданды, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кезеңдік басылымдарынан алынған Өскемен қаласы ауданындағы Ертіс өзенінің су сапасы және нағыз ластаушы көздері туралы мәліметтер қарастырылды.

Жұмысымда Өскемен қаласы маңындағы ақаба сулардың еселену жағдайын бағалау жолымен су сапасын бағалау жүргізілген.

  1. ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Табиғи жағдайы

Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертіс территориясы солтүстік ендіктің 47° және 53° мен шығыс бойлықтың 78° және 90° аралығында орналасқан. Ол Ресей Федерациясының Алтай өңірінің оңтүстік ауданын және Таулы Алтай автономиялы облысын және Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігін алып жатыр. Территорияның шекарасы солтүстікте Шарыш өзенінің сағасынан бастап шығыста Обь пен Енисей өзендерінің су айрығына дейін, оңтүстікте осы өзендердің су айрықтары бойымен, Монғол Халық республикасымен және Қытаймен екі арадағы мемлекеттік шекара бойымен, батыста Ертіс алабының өзендерінің су айрығымен және Балқаш, Алакөл көлдерінің су айрықтарымен, Ертіс өзеніне, Ащысу өзеніне құяр тұсына дейін өтеді. Қарастырып отырған территориямыздың ауданы 306750 км 2 . Территорияның айтарлықтай ұзындығы, оның орографиялық және климаттық біркелкі еместігі табиғи жағдайының мейлінше әр түрлі болуына себеп. Тайгалық ормандар және Обь өзенінің оң жағалауындағы солтүстік шығыс тау етегіндегі орманды дала, батыс және оңтүстік батысқа ойысқан сайын далаға, одан кейін құрғақ далаға, сосын Ертіс өзені су алабының сол жағалау бөлігіндегі жартылай шөлейт зонаға ауысады.

  1. Жер бедері

Жоғарғы Ертіс және Жоғарғы Обь өзендерінің су алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай - Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, Алтайды түгел алып жатыр, жер бедерінің формасы әр түрлі және өте күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аймақ.

Қарастырып отырған территория орографиялық қатынаста абсолюттік биіктіктері 200-ден 4500 м-ге дейін қатпарлы - үйінді таулы аймақ болып саналады. Жоғарғы Обь пен Ертістің оң жағалауына оңтүстік батыстағы Батыс Сібір жазығындағы жоталар мен аңғар табанының жалпы көтерілуі, ал Ертістің батыс сол жақ жағалауына оңтүстік және батыс Қазақ қатпарлы елінің төбелі - қырқалы ұсақ шоқысы мен оңтүстігіндегі орта таулы және биік таулы жер бедеріне дейін аймақ биіктігінің біртіндеп өсу өзгешелігі тән. Алтай орографиясы мен Қазақ қатпарлы елінің шығыс жақ шетінің өзіне тән ерекшелігі - оның батыс және солтүстік - батыс таулы жоталарының созылмалы үстемшілік құруы.

Қарастырып отырған территориямыздың батыс бөлігінде (Ертіс өзенінің сол жағалауы) мынандай 5 геоморфологиялық ауданды ерекшелейді: Қазақ қатпарлы елінің ұсақ шоқылы ауданы, Шыңғыстау жотасы, Сауыр - Тарбағатай, Зайсан қазан-шұңқыры, Ертіс маңы жазығы, Қалба жотасы.

Территорияның солтүстік батыс бөлігінде ұсақ шоқылы аудан орналасқан. Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының жоғарғы беттері көне тау жоталарын желдің әсері тау қалдықтары мен шоқылары деңгейіне дейін тоздыруынан пайда болған. Шағын (500 метрден 600 метрге дейін абс. ) шоқылар көбіне тізбектеле отырып оқшауланған шағын тау биіктерімен (Дегелең 1085 метр, Семейтау 606 метр, Ордатас 604 метр) және кең аңғарлармен алмасып отырады. Солтүстік - шығыста ұсақ шоқылар Ертіс маңы жазығына айналады, ал оңтүстік - батыста Шыңғыстау аласа жотасымен көмкеріледі. Шыңғыстау жотасы Қазақ қатпарлы елінің қатпарлы-үйінді биіктігі деп есептелінеді. Ол қоршаған аймақтан 500-600 метрге жоғарылап, солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 200 км астам созылып жатыр. Жалпы алғанда Шыңғыстау жотасында кең аңғарлар мен бөлектенген аласа түзу бағыттағы таулар мен шоқылар кезектесіп келген. Шыңғыстаудың оңтүстік - шығысында Тарбағатай жотасы орын алады.

Сауыр - Тарбағатай жотасы қарастырып отырған территориямыздың оңтүстігінде ендік бағытта созылып жатыр. Шілікті жазығының бұл орта таулы массиві (1000 метрден 1400 метрге дейін) Тарбағатай және Сауыр жоталарына бөлінген. Тарбағатай жотасының биіктігі 2000 м-ден 2500 м-ге дейін, тек қана ортасында 3000 м-ге жетеді. Сауыр жотасының шығыс бөлігінде орналасқан Мұзтау тауы оның ең жоғарғы нүктесі болып саналады, ортасында оның биіктігі 2200 м-ден 2300 м-ге дейін жетеді, ал батысқа қарай 2000 метрден 1800 метрге дейін төмендейді. Сауыр-Тарбағатайдың шет аймағында таудан шығар тұста терең аңғарлары мықты конустармен ұштасқан кең көлемді аласа таулы облыс.

Зайсан қазаншұңқыры. Оңтүстік Алтай, Сауыр -Тарбағатай, Қалбамен шектелген кең депресссия болып келеді. Жер бедеріне аккумулятивті түрде даму тән. Қазаншұңқыр құрғақ арналар және жыралармен әлсіз қиылысып келген тегіс далалы облыс.

Ертіс маңы жазығы. Бұл ауданға аз иректелген және жондалған жер бедері, мекеннің шамалы биіктігі, көбінесе ұсақ көлдермен толған тұйықталып келген табақша тәріздес көптеген ағынсыз ойпаңдар тән. 300 метрден 1200 метрге дейін жететін жеке қыраттары көлбеу беткей болып келген.

Қалба жотасы. Алтай таулы массивтерінің сол жақ жағалауының жалғасы. Шығысында ол Ертіс аңғарының терең иінін келістіріп, жықпыл тәріздес болып Нарым жотасына енеді. Жотаның шығыс жағы өте биік және Ертіс өзеніне тіке түсетін, жиі құзды беткейлері бар қатты бөліктенген таулы рельеф. Батысқа қарай жота ұсақ шоқыға келіп, 1200 м-ден 800 м-ге дейін төмендейді. Оңтүстік жотасы солтүстік жағына қарағанда қысқа және тіке болып келген.

Орташа таулы және аласа таулы рельефтің қалыптасуында карстық процестердің маңызы өте зор.

Мұның бәрі су ағынының қалыптасуы мен су сапасына әсер етеді.

  1. Геологиялық құрылымы

Қарастырып отырған территориямыздың геологиялық құрылымы өте күрделі. Алтай, Тарбағатай жоталарын және Қазақ ұсақ шоқыларын жауып жатқан тау жыныстары өмір сүру жасына, литологиялық құрамына, дислоциациалану және метаморфизиялану дәрежесіне қарай әртүрлі. Солтүстік батыс бағыттағы басым қатпар мен бөлектенудің остері айрықша құрылымдық ерекшелігі болып саналады.

Қазақ ұсақ шоқысы - өте қатты бұзылған және тегістелген таулы аймақ. Шығыс бөлігі көне геологиялық жарылымдармен қалыптасқан. Әсіресе палеозой шөгінділері кең тараған.

Ертіс маңы жазығы негізінен борпылдақ палеогенді және антропогенді шөгінділермен қалыптасқан. Олардың қуаттылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай, яғни көмілген палеозой көтерілу бағытында жылжыған сайын күрт төмендейді. Бұл шөгінділердің қыртысында палеогенді теңіздік және неогенді континенттік шөгінділер (көгілдір - жасыл, кірпіш түсті - қызыл тұзды саздар және құмдар) кіреді. Антропогенді саздар, құмдар және ағаш тектес саздақтар Белағаш жазықтығында дамыған. Бұл ауданның шығыс бөлігінде палеозой фундаменті Шүлбі өзенінің су алабында көне беткейге шығады. Бұл негізінен тұнба эффузивті және интрузивті шөгінділермен (құмдақтар, сазды тақта тас, жұқа тақта тас, сазды гланцтар, әктастар, граниттер) көрінетін девон мен карбон.

Қалба жотасы орта палеозойлық шөгінділік және ордовиктің, силурдың, девонның, карбонның эффузивті - шөгінді жыныстарынан (кристалдық және саздақ тақта тасты, құмдақтар, алевриттер, лавалар, шымтас, әктастар және әктасты құмдақтар, граниттер) тұрады. Жыныстар өте дислоцирленген және метаморфталған, солтүстік батыс бағытындағы көптеген сыздақтармен және бұзылымдармен шектеседі.

Осы факторлардың бәрі жерасты суларының қалыптасуына және олардың су сапасына әсер етеді.

  1. Климаты

Таулы Алтай және Жоғарғы Ертіс территориясына шұғыл континенталды климат тән. Өте алыстығынан және тау жүйесімен қоршалғандығынан Атлант мұхитынан келетін жылы және ылғал ауа массасы осы өңірге трансформацияға ұшырап келеді, ылғалдың көп бөлігін жоғалтады, ал Солтүстік Мұзды мұхиттан келетін ауа массасы суық және құрғақ болып жетеді. Әсіресе Ертіс өзенінің сол жағалауындағы төбелі ұсақ шоқылы және жазықтық аудандары өте құрғақшылықпен ерекшеленеді.

  1. Радиациялық баланс

Жылдың жылы уақытында оң радиациялық баланс биік таулы Алпі белдеуін қоспағанда, барлық жерде маусым-шілде айларында ғана шамалы көлемде көрінеді (1- кесте) .

Теріс баланс барлық жерде де қараша айынан ақпан айына дейін байқалады және желтоқсан-қаңтар айларында ең аз шамаға жетеді. Белгілі бір жылдарда радиациялық баланс шамасының ауытқуы кестеде көрсеткен орташа мәліметтерге қарағанда айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Радиациялық баланстың орташа айлық максималды қосындысы 9, 8 ден 10 ккал/см дейін, ал минималды қосындысы 1, 7- ден 1, 9 ккал/см дейін болуы мүмкін. Радиациялық баланстың жылдық қосынды шамасы биік тауларда 37 ккал/см-ден, солтүстік тау етектері аудандарында 42 ккал/см дейін, Зайсан қазан-шұңқырының оңтүстігінде 50 ккал/см ге жетеді.

1-Кесте - Радиациялық баланстың орта айлық және жылдық шамалары (ккал/см 2 )

Бекет: Бекет
биіктік, м: биіктік, м
I: I
II: II
III: III
IV: IV
V: V
VI: VI
VII: VII
VIII: VIII
IX: IX
X: X
XI: XI
XII: XII
жыл: жыл
Бекет: Боран
биіктік, м: 409
I: -0, 6
II: 0, 3
III: 2, 5
IV: 6, 4
V: 8, 8
VI: 9, 2
VII: 9, 2
VIII: 7, 9
IX: 5, 3
X: 2. 5
XI: -0, 1
XII: -0, 8
жыл: 50, 6
Бекет: Қосағаш
биіктік, м: 1922
I: -1, 1
II: -1, 0
III: 1 4
IV: 6, 2
V: 8, 0
VI: 8, 2
VII: 8, 2
VIII: 6, 2
IX: 4, 2
X: 1, 2
XI: -0, 6
XII: -1, 0
жыл: 39, 9
Бекет: Семей аэрологи-қ бекеті
биіктік, м: 195
I: -0, 8
II: -0, 2
III: 2, 0
IV: 6, 4
V: 8, 8
VI: 8, 9
VII: 8, 6
VIII: 7, 4
IX: 4, 7
X: 1, 6
XI: -0, 3
XII: -1, 0
жыл: 46, 1
  1. Ауа температурасы

Ауаның орташа жылдық температурасы жазық оңтүстік батыс аудандарда және ірі су қоймалардың маңында (Телецк және Зайсан көлдері) 3, 0°C - “минус„ 3, 6°C дейін, таулы аудандарда “минус„ 6°C “минус„ 7°C қа дейін тербеліп отырады (2 кесте) . Жазықтық және тауалды - аласа таулы аудандарда солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай бағытталуына қарай ауаның орташа жылдық температурасының көтерілгені байқалады. /5/

Орташа жылдық температураның едәуір төмендігіне қарамастан, көп аудандарда жаз жылы. Ең жылы шілде айының орташа температурасы барлық жерде де (таулы аймақты қоспағанда) 15°C, құрғақ шөлдерде және территориямыздың батысындағы және оңтүстік батысындағы жартылай шөлдерде 20- 22°С асады. Жазғы уақытта ауа температурасы төмендей бастайды. Таулы аймақтарда температура градиенті шілде айында 100 метрде 0, 5- 0, 7º С құрайды. Мұздықтардың маңында шілде айының орташа айлық температурасы 6-10ºС аспайды. Таулы далаларда шілде айының температурасы 13-15ºС -ке тең. Ең суық ай - қаңтар айы. Қаңтар айының температурасының таралуы макроциркуляциялық факторға және рельефіне байланысты. Территорияның батысында және оңтүстік батысында басқа бөліктеріне қарағанда қысы жылырақ.

2- Кесте - Ауаның орташа айлық және жылдық температура-

сы, ºС.

Бекет: Бекет
Биік-тік, м:

Биік-

тік, м

I: I
II: II
III: III
IV: IV
V: V
VI: VI
VII: VII
VIII: VIII
IX: IX
Х: Х
XI: XI
XII: XII
жыл: жыл
Бекет: Семей аэролог-қ бекеті
Биік-тік, м: 195
I: -17, 1
II: -16, 6
III: -9, 3
IV: 3, 8
V: 13, 0
VI: 19, 0
VII: 20, 9
VIII: 18, 6
IX: 11, 9
Х: 3, 8
XI: -6, 8
XII: -14, 1
жыл: 2
Бекет: Көкпекті
Биік-тік, м: 510
I: -20, 9
II: -19, 5
III: -11, 0
IV: 2, 6
V: 12, 1
VI: 17, 9
VII: 20, 4
VIII: 18, 6
IX: 11, 9
Х: 2, 4
XI: -9, 3
XII: -18, 4
жыл: 0
Бекет: Бұқтырма
Биік-тік, м: 373
I: -18, 3
II: -16, 0
III: -9, 6
IV: 3, 3
V: 12, 0
VI: 17, 7
VII: 20, 4
VIII: 18, 4
IX: 12, 2
Х: 4, 4
XI: -7, 6
XII: -16, 0
жыл: 1
Бекет: Қатон-Карагай
Биік-тік, м: 1081
I: -14, 8
II: -12, 5
III: -6, 1
IV: 3, 2
V: 10, 2
VI: 15, 1
VII: 17, 2
VIII: 15, 2
IX: 10, 6
Х: 2, 8
XI: -8, 5
XII: -13, 6
жыл: 1
Бекет: Боран
Биік-тік, м: 409
I: -18, 8
II: -16, 5
III: -7, 3
IV: 6, 2
V: 14, 4
VI: 20, 1
VII: 22, 2
VIII: 20, 0
IX: 13, 6
Х: 4, 7
XI: -6, 2
XII: -15, 0
жыл: 3
Бекет: Зайсан
Биік-тік, м: 604
I: -17, 8
II: -15, 8
III: -7, 7
IV: 5, 8
V: 14, 2
VI: 20, 4
VII: 22, 7
VIII: 21, 4
IX: 15, 2
Х: 5. 7
XI: -6, 1
XII: -15, 0
жыл: 3
Бекет: Абай
Биік-тік, м: 617
I: -14, 1
II: -13, 8
III: 7 2
IV: 4, 1
V: 12, 2
VI: 17, 9
VII: 20, 3
VIII: 18, 3
IX: 12, 2
Х: 3, 7
XI: -6, 2
XII: -12, 6
жыл: 2
Бекет: Жарма
Биік-тік, м: 678
I: -15, 4
II: -15, 2
III: -8, 8
IV: 3, 1
V: 11, 4
VI: 17, 1
VII: 19, 3
VIII: 17, 3
IX: 11, 2
Х: 3, 1
XI: -7, 4
XII: -14, 0
жыл: 1
  1. Жауын - шашын

Таулы Алтай және Жоғарғы Ертіс территорияларында атмосфералық жауын-шашынның таралуына орографияның және аймақ биіктігінің үлкен әсері бар. Жауын-шашынның таралымы анағұрлым біркелкі: Ертіс маңы жазығы мен Қазақ ұсақ шоқысында жылдық жауын - шашын мөлшері көпжылдық кезеңде орташа 250 мм-ден 300 мм-ге дейін, ал Зайсан қазан-шұңқырында 180 мм-ден 200 мм-ге дейін өзгереді. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінде, соның ішінде оның көтеріңкі бөліктерінде жылдық жауын - шашын мөлшері тау етегінде 350 мм-ге дейін, орташа таулы белдеу мен биік таулы аудандарында 500 мм-ден 600 мм-ге дейін өседі. Қалба жотасының, Сауыр - Тарбағатай беткейлерінде жауын - шашынның мөлшері жердің биіктігіне қарай қатты өзгеріп отырады. Әсіресе, Алтай территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды: жауын-шашынмен жақсы жұмсаратын беткейлер және тауаралық шұңғылдары жақын орналасқан, сондықтан оларға жауын-шашынның аз мөлшері тән. Жоталардың әр түрлі бағытталған беткейлерінде ылғал ұстағыш ауа массасына қарай жауын-шашынның жылдық мөлшерінің айырмашылығы 300-500 мм-ге жетеді. Орографиялық біртекті аудандарда жауын-шашынның мөлшеріне аймақтың биіктігі әсер етеді.

Жекелеген жылдары жауын-шашын мөлшері көп жылдық кезеңнің орташа шамасына қарағанда анағұрлым өзгеше (1, 5-2 есе) . Жауын-шашынның айлық максимумы көбіне маусым және шілде айларында көрінеді. Ауданның Қазақстан бөлігінде қазан-қараша айларында келетін тағы бір екінші максимум бар. Кейбір аудандарда бұл жаздық максимумнан асып кетуі мүмкін (Зайсан қазан-шұңқыры, Оңтүстік Алтай) . Таулы Алтайдың және Жоғарғы Ертістің басқа аудандарында жаздан күзге қарай жауын - шашын мөлшері біртіндеп азаяды. Территорияның барлық жерінде жауын-шашынның минималды айлық мөлшері ақпан айына келеді (3 - кесте) .

3 кесте - жауын -шашынның айлық, жылдық және мерзімдік мөлшері, мм

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Ертіс алабындағы өзен
Трансшекаралық өзендер
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Сарысу өзені алабының көлдері
Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдаланудың ең тиімді деңгейін анықтау
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz