IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 37. 081. 1(09) (574) =943. 42 Қолжазба құқығында

Атемова Қалипа Тұрсынқызы

IX-XII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

13. 00. 01- жалпы педагогика, педагогика және білім

тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

а в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды

Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Бейсенбаева А. А.

филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзахметов М.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Табылдиев Ә. Т.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Халитова І. Р.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Омар Е. О.

Жетекші ұйым: С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті

Диссертация 2007 ж. « 24 » қазан сағат 10. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы; 050010, Алматы қаласы, Қазыбек-би, 30, 3-қабат.

Автореферат жылы «___»таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы: Ш. Ж. Колумбаева

КІРІСПЕ

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу" деген еңбегінде қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемінің әлі де жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние екендігін атап көрсетуі педагог-ғалымдар қауымына өткен тарихымызға көз жібере отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, озық тұстарын бүгінгі күн қажетіне пайдалануды жүктейді. Осы орайда Қазақстан Республикасының соңғы он бес жылдық өзгермелі қоғам жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат. Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен отбасы тәрбиесі арқылы бастау алуы тиіс. Себебі, отбасы тәрбиесі тұлғаны әлеуметтендірудің жетекші және айқындаушы көзі болып табылады.

Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттың дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.

Өткен өмір сабақтарын ой елегінен өткізудің қажеттілігін ескеретін болсақ, тарихи тәжірибеміздегі көп аспектілі де көпқырлы отбасы тәрбиесінің жетістігін оның кемшілігімен қоса қоғамның диалектикалық үрдісі ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Осы тұста біз ертедегі қазақ отбасы тәрбиесі мәселесіне қатынасты, оның қажеттілігіне, сондай-ақ, адамзаттың жарқын болашағы үшін тарихи күресте қосқан үлесіне сәйкес баға беруді де ұмытпауымыз қажет.

Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты бүгiнгi күнi рухани салада жүрiп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістерi нәтижесiнде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң қалыптасуы туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына еткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.

Біз сөз еткелі отырған қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму мәселелері тарихи кезеңнің IX-XII ғасырларына сәйкес келеді. Осы кезеңдерде қазақ халқының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Кейкаус, Қ. Йассауи еңбектерінен бастау алған. Арадан он ғасырды артқа салып, қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерiнде, қазақ зиялылары Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т. б. еңбектерiнде жалғасын тапқан.

Осы тұста ертедегі қазақ отбасы тәрбиесінің сипаты туралы сөз етуде біз бірқатар дерек көздерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат материалдары, қолжазбалар, мамандар зерттеулері және т. б. ) . Арнайы ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе отбасы тәрбиесінің жекелеген мәселелері қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын тапқандығына көзіміз жетті.

Нақтылап айтқанда, түркі тектес халықтардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлерінің даму тарихы бүгінге дейін қырғызстандық ғалымдар Н. Имаева, А. Измаилов және т. б., өзбекстандық ғалымдар Х. Тллашев, Н. Сафаров, З. Нуритдинова, Ө. Әлеуов және т. б, әзербайжандық ғалымдар Г. Ахмедов, А. Сеидов, А. Гашимов және т. б., түркменстандық ғалымдар К. Пирлиев, А. Құрбанов, Г. Чарыев және т. б. тарапынан зерделенсе, қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің және ағарту ісінің даму тарихын отандық ғалымдар Қ. Бержанов, Г. Уманов, Қ. Сейталиев, И. Мадин, Қ. Жарықбаев, Ш. Жұматаева, А. Ильясова, Г. Храпченков, В. Храпченков, Е. Омар, А. Тұрсынова, А. Құдиярова, Э. Урунбасарова, Ж. Ибраимова, Ш. Беркімбаева, Ж. Макатова, Н. Қойшыбаева, Ж. Баймағамбетова және т. б. зерттеген, оның ішінде қазақ қыздарының тәрбиесi мен оларға бiлiм беру мәселелерiн тарихи-педагогикалық тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар К. Құнантаева, Ш. Жалғасова, А. Дайрабаева, Ж. Сарыбековалар және т. б. болды.

Қазақстанда халықтық педагогика негiзiнде отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыру мәселелерiн ғалымдар С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Б. Айтмамбетова, А. Бейсенбаева Р. Төлеубекова, К. Қожахметова, С. Ғаббасов, З. Әбілова және т. б. зерттеген; отбасы тәрбиесiн жетiлдiрудегi мектеппен байланыс жасау жұмыстары Г. Байдельдинова, Н. Тригубова, И. Лысенко, Б. Мұқанова, А. Капенова, және т. б. зерттеулерінде; отбасы тәрбиесі жағдайында балаларды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін А. Жұмадiллаева, А. Шарафадин, Д. Сакенов және т. б. қарастырған.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді арнайы шолу жасау барысында IX-XII ғасырларда өмір сүрген жеке тұлғалардың еңбектері көптеген жылдар көлемінде бірқатар қазақстандық ғалымдар зерттеулерінің негізгі обьектісі болып келгендігін көрсетті. Атап айтқанда, әл-Фарабидің педагогикалық ой-пікірлерін А. Көбесов, Ж. Баласағұнның педагогикалық идеяларының даму тарихын А. Көшербаева, Т. Ахметов, М. Қашғаридің педагогикалық идеяларының қалыптасу тарихын К. Қалиева, М. Х. Дулатидің педагогикалық идеяларының тарихи құндылығын Д. Алиева, VI-VIII ғасырлардағы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын А. Жұмабеков, XV-XVIII ғасырдағы тәлім-тәрбиелік ойлардың даму тарихын Т. Әлсатов және т. б. зерттеген. Дегенмен, бұл жұмыстарда ұлы ғұламалар еңбектеріндегі тәлім-тәрбие мәселелері жалпылама қарастырылып, отбасы тәрбиесі мәселелері оның құрамдас бөлігі ретінде баяндалады.

Сонымен бірге, қазіргі таңда отбасы тәрбиесінің көп аспектілі мәселелері мемлекет тарапынан қолдау тауып, елбасының тікелей бастамасымен бірқатар игілікті істер атқарылды. Оған әрбір туылған нәресте үшін берілетін жөргекпұлдың пайыздық өсуін, балалар ауруханаларының саны мен сапасының артып, балалардың тегін емделуін, балабақшалар мен мектептердің көптеп салына бастауын жатқызуға болады. Бұл фактілер халықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық (бала туу санының арта түсуі яғни 2006 жылы бір ғана Алматының өзінде бала туу көрсеткіші 7 пайызға өскен. Бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш) өсуге деген ынтасын біршама арттырып отырғандығын көрсетеді. Өкінішке орай, қазіргі нарықтық қоғам жағдайында кездесетін қиыншылықтардың шешімін табуға арналған көптеген педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілік назарына ұсынылып отырғанына қарамастан, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктердің көрсеткіштері керісінше төмендемей отыр.

Өйткені, бүгінгі қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды өзгерістер орын алды. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың мәнін күшейте түсті, бұл ата-аналар мен педагогтардың бүкіл қызметінің тұлғалық - педагогикалық, құндылық-адамгершілік факторына қайта бағдар жасау керектігін туғызды. Қазіргі кезде психологиялық қорғаудың және оңды әсерленушлікті қалыптастырудың отбасы қайнар көзі деген көзқарас бұзылды. Отбасындағы ата-аналар өз балаларының тәрбиесін мектеп міндетіне жүктесе, көпшілік әлеуметтік ортаның ықпалын көлденең тартады. Соған қарамай, әр адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып саналады және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру, жас ұрпақты әлеуметтендіру бұрынғысынша отбасының жауапкершілігінде қала береді.

Педагогикалық зерттеулер бойынша осы заманғы отбасының әлеуметтік, рухани және құндылық ахуалының төмендігі салдарынан адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты аналардың, әкесіз, анасыз және тастанды балалардың саны жыл сайын көбейе түскен (жыл сайын 90 мыңнан астам бала тастанды аталады, сонымен қатар бүгінге дейін 5591 бала шетелге сатылған), жастардың отбасылық өмiрге жеңiл қарауы немесе отбасын құруға деген ынта-ықыласының төмендiгiнен асықпауы, тiптi ажырасу фактiлерiнiң көптiгi (жыл сайын үйленуге арыз берушілердің 40% қайта ажырасады ) орын алып келеді.

Сондай - ақ, некеге тұрмай бала табу бүгiнде үйреншiктi жағдайға айналып барады (2004 жылғы санақ бойынша 68004 қыз некесіз бала тапқан) . Мұндай жағдай әсiресе қара көз қазақ қыздары арасында басым болып отырғандығы өкiнiштi-ақ (соның ішінде 39177-сі қазақ қыздары) . Бұл келеңсiз жағдайлардың пайда болуы, біріншіден , табиғатымызға жат батыс мәдениетiнiң жастарға терiс ықпал етуi болса, екіншіден , жастарды отбасылық өмiрге дайындаудың жеткiлiксiздiгi дер едік.

Осы тұста халқымыздың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ғаламдық талаптарды ескере отырып, ұлттық негiзiмiздi сақтап қалу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде отбасы тәрбиесiн дамыту мiндеттерiн шешуде қазақ халқының отбасылық өмiрін ұйымдастыру дәстүрлерiне сүйену жоғары тиiмдiлiк берерi даусыз деп ойлаймыз. Ол қазақ халқының тарихындағы отбасы тәрбиесi тәжiрибелерiн зерделеп, бүгiнгi күн тәжірибесінде озық тұстарын енгізу арқылы жүзеге асырылмақ.

Жоғарыда талдауға алынған ғалымдар еңбектері қазақ отбасындағы тәрбие мәселелерiнің көптеген педагогикалық ой-пiкiрлердiң тарихына арналған зерттеулер мазмұнында қарастырылып келгенiмен, қазақ отбасындағы тәрбиенiң біз қарастырып отырған тарихи кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының мәселелері жеке зерттеу обьектісіне алынбағандығын айқындайды.

Сондықтан, отбасы тәрбиесі мәселелерінің қалыптасуы мен дамуын бақылап отыру және бұл мәліметтерді тек теориялық-педагогикалық тұрғыда ғана емес, көне дерек көздері мен мұрағат материалдарын тереңдете отырып тарихи - педагогикалық мақсатта пайдаланудың қажет екендігіне көзіміз жетеді.

Демек, біздің зерттеу саласында жарық көрген көне дәуірден сақталған тарихи деректерге, арнайы ғылыми еңбектерге жасалған талдау нәтижесінде IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-педагогикалық тұрғыда зерттелмеуі мен бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда оның қажеттілігі арасында; отбасы тәрбиесі тәжірибелерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анық байқалды. Осы қайшылықтарды шешуге байланысты IX-XII ғасырлардағы тарихи - педагогикалық мұраларды жүйелі талдау негізінде бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін жетілдірудің мүмкіндіктерін көрсету біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және зерттеу тақырыбын «IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің обьектісі: қазақ отбасы тәрбиесі.

Зерттеудің пәнi: IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінiң қалыптасуы мен даму үрдісі.

Зерттеудiң мақсаты: Қазақ отбасы тәрбиесiнің IX-XII ғасырлар шеңберіндегі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін айқындап, ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және жүйелеу.

Зерттеудің мiндеттерi:

- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесi туралы ой-пiкiрлердiң дамуына ықпал еткен әлеуметтiк-педагогикалық алғы шарттарын анықтау;

- зерттеу проблемасы аясында қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму генезисін айқындау;

- орта ғасырлардағы ұлы ғұламалар еңбектерін жүйелеу негізінде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оған ықпал еткен факторларды, тұжырымдамалық идеялар мен принциптерді анықтау;

- аталған кезеңдегі қазақ отбасы тәрбиесін тарихи дамуымен байланыстыра отырып «Кемел адам» тұлғасын қалыптастыру үлгісін ғылыми - педагогикалық тұрғыда негіздеу;

- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін айқындау, оларға сипаттама беру;

- аталмыш ғасырлардағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ халықтық педагогикасындағы сабақтастығын көрсету;

- отбасы тәрбиесі бойынша зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.

Жетекшi идея. Отбасы тәрбиесінiң IX-XII ғасырлардағы тарихи даму үрдісінде жинақталған тағылымдық тәжiрибелерiн жүйелі, біртұтастық негізінде қарастыру - бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін тиімді жетілдірудің жетекші факторы.

Зерттеу жұмысының әдiснамалық және теориялық негiзiне философия, әлеуметтану, педагогика және психология ғылымдарының жеке тұлғаны дамыту туралы iлiмдерi, іс-әрекет теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық-мәдени құндылықтардың диалектикалық өзара бiрлiгiне байланысты iлiмдерi, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегi обьективтiлік, құрылымдық-жүйелiлiк, тұтастық, кешенділік, тарихи-салыстырмалылық тұжырымдамалары, сондай-ақ, орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың, қазақ ағартушылары мен зиялыларының және қазақстандық ғалымдардың зерттеу кезеңінің аясындағы отбасы тәрбиесi туралы зерттеулері, гендерлік теорияның идеялары, ғылым мен тәжірибені интеграциялау теориясы алынды.

Зерттеу көздерiне IX-XII ғасырлар аралығында жазылған ұлы ғұламалардың құнды мұралары, философия, педагогика, психология, этнография, әдебиеттану, тарих, әлеуметтану және т. б. ғылымдары саласындағы отбасы тәрбиесi туралы зерттеулер, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Бiлiм министрлiгiнiң ресми-құқықтық құжаттары («ҚР Конституциясы», «Қазақстан Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының Бiлiм беру туралы» Заңы, «Баланың құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конвенциясы», «Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы» және т. б. ), Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, Өзбекстан Республикасының және Қазақстан Республикасының орталық мұрағаттарының материалдары, Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасының, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң сирек кiтаптар мен қолжазбалар қорының материалдары, зерттеу мәселесіне байланысты ұлттық энциклопедиясындағы материалдар жатады.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты сирек кездесетін кітаптар қорларындағы еңбектерді, тарихи-педагогикалық арнайы әдебиеттерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат материалдарын талдау; диссертацияда диалектикалық абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи-салыстырмалылық, жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью алу, сұхбат, сауалнама жүргізу, студенттердің зерттеу мәселесіне қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау әдістері қолданылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (1999-2003 жж. ) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми- педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде қарастырылған отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша материалдар жинақталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, мақсат-міндеттер нақтыланды; проблема төңірегінде қарастырылған философиялық, педагогикалық, филологиялық, тарихи-педагогикалық тұрғыдан және әлеуметтанушылық, мәдениеттану салаларындағы еңбектерге теориялық талдау жасалып, жүйеленді.

Екінші кезеңде (2003-2005жж. ) қазақ отбасы тәрбиесінің генезисі айқындалды. IX-XII ғасырлар аралығында өмір сүрген шығыстың ұлы ғұламаларының құнды педагогикалық ой-пікірлері талданып, өзіндік ұстанымдары анықталды. Зерттеу аясындағы тарихи кезеңдегі отбасы тәрбиесі туралы жинақталған деректерге қазіргі педагогика ғылымының теориясы тұрғысында талдау жасалынды. Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі көзқарастары бойынша қазақ отбасы тәрбиесінің факторлары, негізгі тұжырымдамалық идеялары, принциптері, тәлім-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері жүйеленіп көрсетілді. Аталмыш кезеңдегі отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму үрдісіндегі дәстүрлерінің кейінгі ұрпақ еңбектерінде және халықтық педагогика материалдарында сабақтастығы дәледеніп көрсетілді.

Үшінші кезеңде (2005-2007жж. ) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, арнайы курстың мазмұны бойынша IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына байланысты бағдарлама, оқу құралдары мен монография дайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша туындаған тұжырымдар қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар әзiрленді, диссертация өңделіп, рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары айқындалып, оларға тарихи-педагогикалық сипаттама берiлдi;

- зерттеу проблемасы шеңберінде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының генезисі анықталды;

- орта ғасырдағы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесi қалыптасуы мен дамуының факторлары, тұжырымдамалық идеялары, принциптері және ерекшеліктері айқындалды;

- IX-XII ғасырдағы ғұламалардың педагогикалық мұраларына талдау негізінде қазақ отбасы тәрбиесінің баланың даму ерекшеліктеріне сай құралдары арқылы «Кемел адам» тұлғасын қалыптастырудың үлгісі ғылыми - педагогикалық тұрғыда негізделді;

- IX-XII ғасыр аясындағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң ерекшеліктерін ескере келіп, оның мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері жүйеленді;

- орта ғасырдағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ халықтық педагогикасындағы сабақтастығы көрсетілді;

- IX-XII ғасыр ойшылдарының отбасы тәрбиесі жөніндегі педагогикалық идеяларын жоғары оқу орны және басқа да тәрбие мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- зерттеу проблемасы бойынша «Қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасу тарихы» (2007) атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, „Педагогика және психология“ мамандығының оқу жоспарына енгізілді және «Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі» (2002), «IX-XII ғасырлардағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері» (2007) оқу құралдары, «Қазақ отбасы тәрбиесінің даму тарихы» атты монография дайындалды;

- зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен деректі материалдарын, ғылыми негізделген ұсыныстарын жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы және мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарындағы оқу үрдісі мазмұнында, сонымен бірге, отбасы тәрбиесін жетілдіру жұмыстарында пайдалануға болады;

- зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық оқу орындарындағы студенттер үшін "Педагогика тарихы", "Этнопедагогика", "Педагогика", “Тәрбие жұмысының әдістемесі” және т. б. пәндер мазмұнын жетілдіруде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылады:

- IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының сол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен және Қазақстанға ислам дінінің келуімен байланыстылығы;

- IX-XII ғасырдағы отбасы тәрбиесінің қалыптасу генезисі;

- аталмыш ғасырдағы педагогикалық туындылар мазмұнындағы қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерінің ғылыми-педагогикалық сипаттамасы;

- орта ғасырлардағы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің тұжырымдамалық идеялары негізінде жасалған „Кемел адам“ үлгісі;

- зерттеу кезеңдерінде қалыптасқан қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері ескерілген жүйесі;

- ұлы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ халықтық педагогикасындағы сабақтастығы;

- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің дәстүрлерін бүгінгі күн тәжірибесінде пайдалануға байланысты жасалған "IX-XII ғасырлардағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері" оқу құралы мен "Қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасу тарихы" атты арнайы курс бағдарламасы.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі диссертациялық зерттеу жұмысында алынған нәтижелердің теориялық-әдіснамалық негізде дәлелденуімен, IX-XII ғасыр аралығындағы педагогикалық ойлардың, соның ішінде қазақ отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлердің қалыптасуы мен даму тенденцияларын сипаттайтын тарихи-педагогикалық, сирек кездесетiн кiтаптар қоры деректемелерi, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, Астана қаласының орталық мұрағаты, Өзбекстан Республикасының және Қазақстан Республикасының мұрағаты материалдары теориялық тұрғыдан талдау жасалып, зерттеу жұмысының нәтижелері мен әдістемелік ұсыныстарының жалпы білім беретін орта мектеп пен жоғары білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға енгізілуімен қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Түрік қағанатының ыдырауы
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz