Қаратау қаласындағы ЖШС«Казфосфат» зауытының қоршаған ортаға, адам денсаулығыны, жануарлар мен өсімдіктерге әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е . . . 4
1. Әдебиетке шолу . . . . . . 6
1. 1. Фосфор айналымы . . . 6
1. 2. Табиғатта таралуы . . . 6
1. 3. Фосфор зауытының дамуы және улы қалдықтар шығарудың
көбеюі . . . 8
1. 4 . Қаратау фосфорит кенінің заттық және химиялық құрамы . . . 10
1. 5. Экологиялық - экономиялық проблеммалары . . . 11
1. 6. Жер асты суларының қоқыс қоймалары және фосфорлы тыңайтқыштармен химиялық ластану . . . 14
1. 7. Қоқыс қоймаларының қоршаған ортаға әсері . . . 15
1. 8. Фосфор зауыты қалдықтарының атмосфераны ластуы . . . 16
2. Зерттеу нысаны және әдістері . . . 17
2. 1. Зерттеу нысаны . . . 17
2. 1. 1. Зерттеу аймағының географиялық сипаттамасы . . . 17
2. 1. 2. Қаратау қаласының физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 19
2. 1. 3. Қартау қаласының тұрғындарының денсаулығын зерттеу . . . 20
2. 1. 4. Фосфор өндірісінде жұмыс істеуші еңбекшілердің аурушандық мәселесін талдау . . . 22
2. 1. 5. Зиянды қалдықтардың жануарлар мен өсімдікке кері әсері . . . 29
2. 2. Зерттеу әдістері . . . 31
2. 2. 1. Ауыр металдарды зерттеу әдістері . . . 31
2. 2. 2. Атомдық-абсорбциялық әдіс . . . 32
2. 2. 3. Қондырғының құрылымдық үлгісі . . . 34
3. Зерттеу нәтижелері және оны талдау . . . 36
3. 1. Атмосфералық ауаның ластану мөлшерін талдау . . . 37
3. 2. Су қорларына әсерін талдау . . . 40
3. 2. 1. Су қорғау аймағының жағдайы . . . 40
3. 2. 2. Фосфор өндірісінің суды пайдалануы . . . 41
3. 3. Кен қалдықтарында жүретін физико- химиялық газ түзетін
процестер . . . 42
3. 3. 1. Өндірістік қалдықтардың классификаиясы . . . 43
3. 3. 2. Топыпақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау . . . 44
3. 3. 3. Су құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау . . . 44
3. 4. Қаратау тұрғындарына өндіріс нысандарының денсаулығына кері
әсерін талдау . . . 45
3. 5. Фосфор өндірісінің қалдықтарын сараптау . . . 49
Қорытынды . . . 51
Пайдаланған әдебиеттер . . . 52
К І Р І С П Е
Мәселенің өзектілігі ׃ Қазіргі кезде қоғам мен табиғат арасындағы әрекеттесу тепе-теңдігінің бұзылуы, олардың арасындағы қарым-қатынас қайшылығын туғызуда. Антропогендік әсердің күші мен масштабының күрт ұлғайып, оның планеталық процестерді өзгертуші фактор ретінде қарап, онымен санасуды қажет етіп отыр. Жер жүзі халықтар санының өсуіне, ғылыми- техникалық революциясының одан әрі дамуына байланысты антропогендік фактор салмағы одан әрі артуда. Соларға байланысты қазіргі кезде табиғат қорғаудың бірнеше бүкіл әлемдік (ауқымды) мәселелері айқындалып отыр. Олар:
а) қоршаған ортаны ластанудан сақтау
б) халықты тағамдық өнімдермен (азық-түлікпен) қамтамасыз ету
в) өнеркәсіптерді минералдық шикізатпен қамтамасыз ету
г) әнергетика проблемалары
Осының ішінде алғашқысы мен соңғысы біздің республикамыз үшін ең бірінші кезекте, әкономикалык мәселелермен қатар шешуді қажет етуші проблема болып отыр. Егер Қазақстан көлеміндегі экологиялық мәселелерді жан-жақты саралай келсек, төмендегі мәселелер айғақталар еді.
- Ірі қалалар мен өнеркәсіптік қалалар ауасының ластануы
- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластанған өзен-көлдер мәселелері
Аталған мәселелердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен айырықшаланады. Бірақ та бәріне тән ортақ жағдай біреу-ақ, ол-жер бетіндегі тіршілікке, оның ішінде адамзат өміріне зор қауіп төніп түруында. Табиғатқа бұрын-соңды болмаған қауіп төніп түр. Қалаларда түратын халық арасында тыныс, рак ауруы, ана мен балалар өлімі, сәбилер кемтарлығы жылдан-жылға өсуде. [3]
Әрине, мұның бәрі жайдан-жай емес. Табиғат қорғау мәселелері өз деңгейінде қойылмай, адамзат пен табиғат арасындағы үйлесімдікті жүйелермен, қаулылар мен қарарларды қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүмыс істемей, бұл мәселелерден арылу мүмкін емес. Сондықтан мәселелерді жан-жақты көтеріп, барша халық бірігіп шешпей, тұңғиықтан шығу өте қиын. Сондықтан диссертациялық жүмыс Жамбыл облысы фосфор өндірісінің Тараз қаласының экологиясына және халық денсаулығына тигізетін әсеріне арналып, осы төңіректе мәселе көтеріп, шешімдерін баяндауға тырысып отыр.
Қазіргі кезде қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен ластаудан сақтау бүкіл адамзаттың басты мәселесі болып отыр. Өйткені ғылыми техникалық прогрестің тез қарқындап даму салдарынан бөлінген түрлі қосылыстардың әсері табиғатқа арта түсуде. Атмосфераны, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, су мен топырақты залалдайтын қосылыстардың түрлері мен дәрежелері әртүрлі. Қаратау қаласында ең негізгі ластаушы көз фосфор өндіруші зауыттар болғандықтан, диссертациялық жүмыстың тақырыбы Қаратау қаласындағы ЖШС «КазФосфат» зауытының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына
4
әсерін зерттеу және бағалау деп алдым. Бұл диссертациялық жұмыс фосфор зауыттарының қоршаған ортаға тигізетін әсеріне, хал-ахуалы төмен Қаратау қаласының экологиялық жағдайына арналған. [4]
Жұмыстың негізгі идеясы ׃ Гидросфера, атмосфера тазалығын сақтауды, осы себептен су, ауа тазалығын анықтау шараларын белгілеу арқылы шешу көзделіп отыр.
Мақсаты ׃ Фосфор зауытының қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу.
Міндеттері:
1. Фосфор өндірістерінен шығатын қалдықтардың гидросфераны ластауын анықтау;
2. Атмосфераны ластау дәрежесін анықтау;
3. Халық денсаулығына зиянын тигізуші факторларды анықтау;
4. Тірі организмдерге (жануарлар мен өсімдіктер әлемі) кері әсерін анықтау;
5. Ластаушы заттардың мөлшерін қысқарту үшін шараларды қолдану әдістерін ашып көрсету.
Пайдаланған мәліметтер мен деректер көзі ׃ Өндірістік практика кезіенде Тараз және Қаратау қалаларына барып ЖШС«КазФосфат» зауытынан, СЭС бөлімінен, облыстық денсаулық сақтау департаментінен мәліметтер жинап жұмысты жазуға пайдаландым. Сонымен қатар топырақ пен су үлгілерін алып келіп, лабораторияда химиялық сараптама жүргіздім.
Жаңалық ׃ Қаратау қаласының әкологиялық жағдайының ғылыми-техникалық прогресті жүзеге асыру үшін ландшафтқа антропогендік әсер етуі негізделді. Табиғаттың тепе-теңдігінің ауытқымау кезіндегі қоршаған ортада кері құбылыстардың қалыптасқан заңдылықтары анықталды.
5
1. Әдебиеттерге шолу
- Фосфор айналымы
Биосферада ең алдымен көзі апатит (фосфор қышқылды кальцийден жасалған минерал) болып табылады, ол барлық магмалық жыныстарда кездеседі. Фосфор айналымында тірі зат үлкен роль атқарады. Организмдер топырақтан, су ерітіндісінен фосфорды сіңіріп алады. Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі көбінесе топырақтың кышқылдылығына байланысты болады. Фосфор организмдегі көптеген қосылыстарға кіреді: белоктар, нуклейн қышқылдары, сүйек ұлпалары, фитин және тағы басқа қосылыстар; әсіресе сүйек құрамы көп фосфор қажет етіледі. Жануарлардың зат айналым және энергия жинау процесінде атқаратын ролі зор. Тірі организмдер өлімімен қайта топыраққа және теңіздің тұнбасына түседі. Ол балық сүйектерінде, теңіз фосфат конкрециялары түрінде жиналады, сондықтан биогендік циклда маңызы зор фосформен бай жыныстар шығаруға жағдай жасаушы көз болып табылады. Фосфор құрамы жер қыртысының 8*10 -20 % құрайды (салмағы бойынша) . Тез қышқылданатын себептен табиғатта бос күйінде кездеспейді. Жер қыртысында минерал түрінде (фторапатит, хлоранатит, вивианит және т. б. ) болады және ол табиғи фосфат құрамына апатиттерге және фосфориттерге жатады. Фосфор-өсімдіктер мен жануарлар әлемінде ерекше орын алады. Өсімдіктер фосфорды көп мөлшерде қажет етеді және фосфор қосылыстарының табиғи толықтырылуы жеткіліксіз, сондықтан өнімділікті жоғарылату үшін фосфорлы тыңайтқыштарды топыраққа енгізу басты шаралардың бірі болып табылады. Фосфат рудасын жыл сайын жуық шамамен 125 млн. Тонна табады. Оның көп бөлігі фосфатты тыңайтқыштардың өндірісіне шығындалады. [1]
1. 2 Табиғатта таралуы
Жер қыртысында фосфордың массалык үлесі 0, 08% қүрайды. Табиғатта кездесетін фторопатит Са 5 (РО 4 ) зҒ және фосфорит СА 3 (РО 4 ) 2 фосфор минералдарының маңыздысы болып табылады.
Қасиеттері ׃ Фосфор қасиеттері айқын ерекшеленетін бірнеше аллотропты модификациялар түзеді. Ақ фосфор - жұмсақ кристалды зат. Р 4 малекулаларынан тұрады. 44, 1°С температурада балқиды.
Күкірт оксидінде SO 2 өте жақсы ериді. Өте улы және тез жанғыш болып келеді. Қызыл фосфор - ақ фосфорды қыздыру кезінде түзіледі. Ол ұзындықтары әр түрлі молекулалардан тұратын бірнеше модификациялар қоспасынан түрады. Қызыл фосфор алу шартына және әдістеріне байланысты ашық - қызыл түстен күлгін түске және қара - қоңыр түске дейін өзгере алады. Оның балқу температурасы 585°° - 600° . Қара фосфор - өзгелерге қарағанда модификациясы тұрақты болады. Сырттай қарағанда графитке ұқсас келеді. Ақ
6
фосфордан айырмашылығы қызыл және қара фосфор күкірткөміртегінде ерімейді, олар улы емес және өртке қауіпті емес болады.
Химия тұрғысынан қарағанда фосфор азоттан көрі белсенді келеді. Фосфордың химиялық белсенділігі өзі тұратын аллотропты модификацияға байланысты. Ең белсендісі ақ фосфор, ал қара фосфор белсенді емес болып табылады.
І. Жай заттармен - бейметаллдармен әрекеттесуі. Фосфор көптеген бейметаллдармен әрекеттеседі: оттегі, күкірт, галогендермен, сутегімен фосфор әрекеттеспейді. Фосфордың артық немесе кем болуына байланысты фосфор қосылыстары (III) және (V) түзіледі, мысалы:
2 Р+3 Вг 2 немесе 2Р+5Вг 5 = 2РВг 5 , (1)
2. Металлдармен әрекеттесуі.
Фосфорды металлдармен қыздыру барысында фосфоридтер түзіледі:
3Mg+2P=M g3 P 2 , (2)
Кейбір металлдардың фосфоридтері сумен ыдырап, газ тәрізді фосфорин РН 3 түзуі мүмкін.
Mg 3 P 2 +6H 2 O=3Mg(OH) 2 +2PH 3 , (3)
Химиялық кұрамы бойынша фосфорин РН 3 аммиакқа NH 3 ұқсас келеді.
- Сілтілермен әрекеттесуі. Сілті ерітіндісінде ақ фосфорды қыздырғанда диспропорциялайды: (сәйкестенбеу)
P° 4 +3NaOH+3H 2 CKPH- 3 3+3NaH 2 P +1 O 4 , (4)
Алынуы. Өндірісте фосфорды фосфоридтер мен фторопатиттерден бөлінетін калий фосфатынан Са 3 (РО4) 2 алады. дам әдісі фосфордың қайта қалпына келу Са 3 (РО 4 ) 2 реакциясына негізделеді. Фосфор қосылыстарын қалпына келтіруші ретінде коксты (көміртегі) қолданады. Реакциялық жүйеге кальций қосылысын байланыстыру үшін SiO 2 - нің кварциттік құмын қосады. Бұл процесс электропеште (өндіріс электроқыздырғышқа апарады) жүреді. Реакция мынадай теңдеумен жүреді:
2Ca(PO 4 ) 2 +6SiO 2 +10C=6CaSiO 3 +P 4 +10CO, (5)
Бұл реакция арқылы ақ фосфор өндіріледі. Техникалық фосфор құрамында қоспалардың бар болу себебінен сары түс береді, сондықтан өндірісте оны - фосфор деп атайды.
Фосфор тыңайтқыштары. Өсімдіктердің өсу процесінде фосфор үлкен роль атқарады. Өсімдіктер фосфорды топырақтан алады, сондықтан фосфор тыңайтқыштарын мезгілінде толықтырып отыру қажет. Фосфор тыңайтқыштарын фосфат кальцийден өндіреді, оның құрамында табиғи фосфоридтер мен фторапатиттер болады. Үгітілген фосфорит Са 3 (РО 4 ) 2 -фосфорит ұны қарапайым фосфор тыңайтқышы болып табылады. Бұл тыңайтқыш қиын еритін, кейде тек қана қышқыл топырақта ғана өсімдіктерге таралуы мүмкін.
Фосфат кальцийге күкірт қышқылын әрекеттестіру арқылы жай суперфосфат алады, оның кұрамы негізінен дигидрофосфат кальцийінен Са(Н 2 РО 4 ) 2 тұрады. Ол ерігіш зат болғандықтан, өсімдіктер жақсы сіңіреді. Жай суперфосфатты алу әдісі мынадай реакцияда жүреді:
7
Ca 3 (РО 4 ) 2 +2H 2 SO 4 =Ca(H 2 PO 4 ) 2 +2CaSO 4 , (6)
Суперфосфат негізгі құрамынан басқа 50% кальций сульфатын құрайды, ол балласт болып табылады. Фосфордың мөлшері жоғары болу үшін фосфор қышқылымен фосфоридті өңдейді:
Са 3 (РО 4 ) 2 +4Н 3 РО 4 =Са 3 (Н 2 РО 4 ) 2 , (7)
Алынған тыңайтқыш екі еселенген суперфосфат деп аталады. Фосфор тыңайтқыштарының тағы бір жоғары құрамды фосфоры - преципитат СаНРО 4 • 2Н 2 О болып табылады.
Полифосфорлық қышқыл Н 4 Р 2 О 7 , Н 5 Р 3 Ою, Н 6 Р 4 Оі 3 және т. б. қоспаларынан суперфосфорит қышқылының негізінен жоғары концентрацияланған фосфор тыңайтқыштарын дайындайды. Бұл қышқылдар вакумда фосфор қышқылын НРО 4 қыздырғанда түзіледі.
Полифосфорлы қышқыл аммиакпен әрекеттескенде аммоний полифосфаты түзіледі, ол жинақталған азотты - фосфор тыңайтқышы ретінде қолданады.
Фосфор азотпен бірге кейбір жинақталған басқа тыңайтқыштардың кұрамына кіреді, мысалы аммофос NH 4 H 2 PO 4 және диаммофос (NH 4 ) 2 HPO 4 . [2]
1. 3 Фосфор зауытының дамуы және улы қалдықтар
шығарудың көбеюі
1976-1980 жылдары халык жоспарының шаруашылығы бойынша негізгі бағатта Қаратау - Жамбыл территориялық - өндірістік бірлестігінің әрі қарай дамытуы қаралды. Өйткені елдей ең ірі фосфориттер кен орыны Қаратау еді. 40 жыл бұрын Қаратау таулары мен тек географтар мен геологтар ғана таныс болатын. 1936 жылы Иван Ильич Машкара Қазақстан геологиялық басқармасының қызметкері Қаратау жотасының геологиялық зерттеулер нәтижесінде мұнда фосфорит бар екенін анықтады. Ол халық шаруашылығы үшін өте қажет болатын, сондықтан тез арада осы жаққа геологиялық зерттеу партиясы, көп ұзамай пайдалы кен қазбаларды барлау геологтары да бағытталды. Жер астындағы байлықтарды барлаушылар ретінде Пантелеймон Леонидович Безруков, Борис Михайлович Гиммельфарб, Андрей Сергеевич Коноплянцев және т. б. зерттеушілер Қаратау алабында 40-тан аса фосфоритердің кен орындарын зерттеп шықты және олардың ішінде ең ірі Жаңатас, Ақсай, Шолақтау екенін атады.
Соңғысы Жамбыл қаласына жақын жерде орналасқан және оны өңдеуді бірінші орынға қойды. Тау химиялық комбинаты және теміржолдар Жамбылдан 90 километр қашықтықта соғылды. 1946 жылдың соңына қарай жаңа кәсіпорын ашылды. Кішкентай кен шығарылатын жер «Шолақтау», ұн тарту - уату, транспорттық, әнергиялық және басқа да көмекші цехтар сияқты кәсіпорындарды Қаратау таулы химиялық комбинатын Қаратау өндірістік бірлестігі оңтүстік Республиканың үлкен химиялық кенінде фосфоритті өңдірді. Бұл бірлестікке төрт кен өндіретін орындар кірді. Қаратау фосфорит өңдеу алабы жаңа қалалар Қаратау және Жаңатас пайда болуына себеп болды.
8
Фосфоритті кен Жамбыл минералды тыңайтқыштар және фосфор зауытына, Шымкенттің «фосфор» өндірістік бірлестігіне және т. б. да кәсіпорындарға түсетін болды. Минералды тыңайтқыштар зауыты дамушы кәсіпорындардың бірі болып, онда үлкен мөлшерде жаңа технологиялық өнім шығарды. Мұнда дүние жүзінде алғаш рет қыздырып өңдеу әдісімен фосфордан айырылған фтор азығын практика жүзінде жасап шығарды. Жамбыл қаласы Химия өнеркәсіп тарауларының жетекшісі болды. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты салынды. Тоғызыншы бесжылдықта аудан өнеркәсібі өнімін 71, 5% арттырды, ал бұл уақытта химиялық өнімнің көлемі 3, 3 есе арта жүзеге асырылды. Фосфор шикізатын шығару 2, 9 есе, сары фосфор 3, 9 есе, минералды тыңайтқыштар 2 есе артты. [9]
Жамбыл зауытында 60% фосфат азығы және сары фосфордың жартысы өңдірілді. Дүние жүзіне үлгі болатындай етіліп тыңайтқыштардың көбі ұсақ күйінде шығарылды. Құнарлы заттар құрамын орташа есеппен алғанда 15-50% -ке дейін өсті. Фосфор зауытын әрі қарай дамыту үшін өнім шығару қарқындады. Қаратау, Жамбыл және Жаңатаста тұратын тұрғындар саны көбейді. Жаңа үйлер, мектептер, клубтар, парктер соғылды. Қаратау - Жамбыл территориялық - өндірістік комплексі ауыл шаруашылығын дамыту үшін минералды тыңайтқыш ретінде үлкен роль атқарды. Жамбыл суперфосфат зауытының алғашқы кезегі 1947 жылы салынды. Ал 1950 жылдан бастап «Суперфосфаттық» алғашқы технологиялық цехы іске қосылады. 1951 жылы мұнарлы күкірт қышқыл цехы, 1954 жылы уатылған суперфосфат цехы, 1963 жылы аммофос цехы, 1965 жылы сульфокөмір цехы, ал 1966 жылдан фторсыздандырылған азықтық фосфаттар цехы жүмыс істей бастады. Ол цехтар дүниеге келісімен-ақ атмосфера ластанды. Ауаға фторлы сутегі, күкіртті газ, аммиак және басқа да аса улы зиянды қалдықтар тарайтын болды.
1964 жылдан бастап Жамбылда химия өнеркәсібінің дамуының екінші кезеңі басталды. 1966-1969 жылдарда біріккен суперфосфат зауытының құрылысы бітіп, құрамында сары фосфор өндіретін 3 цехы бар алып жұмысқа кірісті. Зауыт фосфор өндірісінің іске қосылуына сәйкес «Химпром» бірлестігі деп атанды. Осы жылдар ішінде 13 пеш пен минералдық тыңайтқыштар цехтың жұмысқа қосылуы ауаның ластануын б9рынғыдан да күшейіп, фосфин, фосфорлы ангидрид тәрізді улы газдармен толықты. Жамбыл облыстық СЭС-нің мәліметтеріне қарағанда бұл кезде фторлы сутегі қалыпты мөлшерден 8 есе жоғары болған. Мұның басты себебі - жобадағы ауа сүзгіш қондырғыларының әлсіздігі. Деректерге қарағанда фосфин түгелдей атмосфераға кетеді, фосфорлы ангидрид 50%, фторлы сутегі - 96% күкіртті газ - 70% - ке ғана тазарады екен. Жамбыл химия өнеркәсібін дамыту үшін Жаңа Жамбыл Фосфор Зауыты салынды. Жаңа зауыт құрамында агломерациялық цех, 2 пеш цехтары және 8 қуатты руда балқыту пештері бар. Тараз қаласында бүл зауытты орналастыру тек қана әкономикалық мүдде көзделді. Зиянды қалдықтардың кеніші зардаптарын ескермеу, үш алып химия зауытының бір жерге шоғырлануы Жамбыл қаласын апаттарды аймаққа айналдырды. Жамбылдың тұрғындары күкіртті ангидрид, азот және көміртегі тотықтары, фтор қосылыстары, аммиак,
9
бензапирен, фосфор ангидриді, көмірсутегі, күйе, шаң т. б. араласқан ауамен демалады. Түтастай алғанда химиялық улы заттар шығарудың өсуін мына сандардан-ақ байқауға болады: 1969 жылға дейін жылына 7, 5 мың тонна ғана десек, 1975 жылы - 21, 3 мың тоннаға, 1983 жылы - 36 мың тоннаға, 1986 жылы - 35, 5 мың тоннаға, ал 1987 жылы суперфосфат заутының айналысына барлығы 5884 тоннаға зиянды қалдық болған. Оның қүрамында фтор қосындысынан басқа 1218 тонна бейорганикалық тозаң, 3644 тонна күкіртті ангидрид және 685 тонна аммиак бар. Зиянды қалдық мөлшері «Химпром» өндірістік бірлестігінде 13700, Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 17 мың тоннаға жеткен, ал 1988 жылы ауаға барлығы 329, 6 мың тонна зиянды зат тараған болса, 1989 жылы оның 322, 4 тоннасы тараған, 1990 жылы «ЖЖФЗ» өндірістік бірлесігі 15168 тонна «Химпром» өндірістік бірлестігі - 7705, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты-3741 тонна зиянды заттарды ауаға таратқан. Бұның адам денсаулығына зиян келтіретінін есепке алмай, тек халық шаруашылығына тигізетін әкономикалық зиянын ғана есептейтін болсақ, химия кәсіпорны халық шаруашылығына барлығы 10730380 сом зиян әкелген, оның ішінде «ЖЖФЗ» - 6972820, «Химпром» - 2735000, Минералды тыңайтқыштар зауыты - 1022560 сом зиян әкелген. 1990 жылдың басында 468 рет ауаны тексергенде бенз(а) пирен пиктік мөлшерден артық болып, сол тексерудің 67%-де ол 5 есе, 17%-де 10 есе асып түсті. Осының арқасында Жамбыл қаласында ауа-райы бұзылып, қолайсыз күндері болып отырды. Ал 1989 жылдың қарашасы мен 1990 жылдың наурызында «қышқыл» жауын жауған және тағы 1 мысал: 1992 жылы 11 маусымда қала халқын дүрліктірген тағы бір оқиға болған. Сол күні кешкісін «химия өнеркәсібі» өндірістік бірлестігінің маңынан қою қара түтін аспанға бұрқ етіп көтеріліп, қала үстіне қалықтап шыға келген. Кейіннен анықталған, ол әуедегі қою түтін - фосфор екен де, оған себепкер тағы да сол баяғы жауапсыздық. [3]
1. 4. Қаратау фосфорит кенінің заттық және химиялық құрамы
Қаратау кенінің заттық құрамын анықтауда көптеген ғалымдар өз үлесін қосқан. Қаратау рудаларынын фосфориттері ұсақ түйіршіктелген фосфориттер тобына жататын тығыз, қатты тақталы қою сұр түстен қара түске дейін болады. Кендегі негізгі түр құрамын фосфатты минералдар алады ( кремнизем және карбонаттар) . Қоспалар ішінде ең көп тарағаны алюмосиликаттар және темір минералдары. Фосфаттың негізгі бөлігі фосфатты түйіршіктерде және оолиттерде( 0, 1- 0, 2мм) жинақталған. Ал оның кейбір бөлігі метаморфозды рудаларда фосфат жоғары температуралы апатитке қайта кристаданған. Беткі қабаттың кремнийлі фосфориттерінде фосфат төменгі температуралы апатитке кристалданған. Химиялық құрамы және кристалды тордың параметрлері бойынша фосфориттің фосфатты құрамы фторкарбонатапатитке, ал жоғарғы және төменгі температуралы апатит- фторапатитке жатады.
Кремнийлі минералдарға халцедон мен кварц жатады. Түйіршігінің мөлшері 0, 1мм. Кен орындарының беткі қабатының зоналарында және метаморфозды
10
рудаларында халцедон кварцқа қайта кристалданған.
Карбонаттың ішінеде ең көп тарағаны доламит, кен орнының беткі және тектоникалық ұсақталған учаскілерде кальцит кездеседі. Доламит және кальцит негізінен цементті фосфориттерде жинақталған.
Метаморфозды рудаларда ең көп тарағаны тальк және хлорен, аз мөлшерде тремолит және диопсид.
Терең горизонтты рудаларда пирит( 0, 001-0, 002мм) болады. Ол беткі зоналарда гетитке, гидрогетитке және лимонитке дейін тотығады. Қаратау кен орындарының рудалары метаморфозды емес( фосфоритті) және метаморозды(апатитті) . Пайдалы құрам бөлігіне байланысты( P2O5) олар бай (28% шамасында), орташа(21-27%) және кедей(15-20%) рудалар деп бөлінеді. Руданың келесі бөлуінде фосфоритті негіздің құрамына, олардың құрамындағы пайдалы компонентіне және зиянды қоспаларға( карбонаттар, алюмосиликаттар) байланысты болады.
Алғашқы үш түрі негізінен химико- минералды құрамына байланысты біріктіріген. Метаморфозды фосфоритті рудалар ең алдымен құрылымдық ерекшелігіне байланысты бөлінген. Ол негізінен метаморфоздың нәтижесінде пайда болып, оның құрамының өзгеруіне және минералдармен әрекеттесу тәртібін сонымен қатар руданың техникалық құрамының өзгеруіне әкеледі.
Бай фосфоритті рудалар құрамвндағы P2O5-ң көп мөлшерде ал карбонаттар мен кримнийдің аз мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Олар субмономинералды фосфориттерден құралған.
Орташа фосфоритті рудалар карбонатты және карбонатты- кремнийлі фосфориттер орын алады. Карбонатты рудалардың құрамында аз мөлшерде P2O5-ң, сондай мөлшерде кремниземнің және жоғары мөлшерде карбонаттың болуымен ерекшелінеді. Құрамындағы компоненттерге байланысты, олар бай фосфоритті рудаларға жақын болғанымен, мономинералды фосфатты оолиттермен түйіршіктерде фосфат таза күйінде емес, карбонатпен аралас күйде болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz