Халықаралық - өндірістік практика жайлы есеп (Kondor-tour)
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Туристік компанияның тарихы және ұсынылытын қызметінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II. Ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
III. Ұсынылып отырған қызметтердің мінездемесі және оларды өндіру технологиясы. Компания ұсынып отырған маршруттар мен турлардың жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
IV. Компания қарым.қатынас жасайтын қонақ үйлер ... ... ... ... ... ... ... ...20
V. Шет елде білім алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
VI. Визалық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Мен халықаралық - өндірістік практиканы Алматы қаласының ең ірі туристік фирмаларының бірінде, нақты айтқанда «Kondor-tour» туристік фирмасында өттім.
Бұл халықаралық - өндірістік практиканың мақсаты келесідей: теориялық білімді бекіту және тереңдету, мамандығым бойынша қажетті практикалық іскерліктерді және дағдыларды меңгеру, өз мамандығым бойынша кәсіпкерлік сапаны қалыптастыру. Және де теориялық білімді практикалық жұмыспен үйлестіре алуды меңгеру. Практиканың негізгі міндетіне мыналар жатады:
«Kondor-tour» туристік фирмасының жұмысымен танысу;
Таңдаған мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін және практикалық білімді меңгеру;
«Kondor-tour» туристік фирмасының қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін зерттеу және меңгеру;
Арнайы тәртіптерді меңгеру барысында алған білімді бекіту.
«Kondor-tour» туристік фирмасы пайдалануға беретін қызметтер спектірі өте кең келеді, атап айтқанда оған мыналар жатады:
Әлемнің барлық түкпіріне жеке турлар;
Экскурсиялар мен ойын-сауықтар, Қыран құс өсіретін кешен, Мешіттер, Алматымен танысу, Шымбұлақ, Медеу........;
Әуе билеттері: Travelocity, Orbitz, Air Astana, KLM, Lufthansa, Britishairways, Transaero, Turkish Airlines........;
Санаториялар мен демалыс үйлері: жалпы Қазақстан бойынша және де Алматы облысындағы әйгілі орындарда..... Күмбел, Тау – Түрген, ...;
Қонақ үйлер: Амбассадор, Қазжол, Достық, Хаятт Ридженси, ....;
Астана қаласы, Астана қаласының көркем жерлері, Ел - Орданың тарихы;
Кіру - кету іс құжаттарын дайындау, Визалық көмек көрсету, Тіркеу жұмыс тарын жүргізу;
Шетелде білім алу: АҚШ, Ұлыбритания, .......;
Шетелдік туристерге арналған жеке және іскерлік шақыруларды даярлау.

1. www.kondor-tour.kz – «Kondor-tour» туристік фирмасының сайты.
2. Фирманың берген материалдары.
2. Фирманың берген материалдары.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қазақтың Спорт және Туризм Академиясы
Туризм және Сервис Кафедрасы
Туризм Факультеті
Халықаралық - өндірістік практика жайлы
ЕСЕП
Орындаған: 2
курс студенті
Қапаров Елдос
Тексерген: география ғылымының магистрі
Иргебаев М.
Алматы қаласы 2009ж
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Туристік компанияның тарихы және ұсынылытын қызметінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
II. Ұйымдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...4
III. Ұсынылып отырған қызметтердің мінездемесі және оларды өндіру
технологиясы. Компания ұсынып отырған маршруттар мен турлардың
жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
IV. Компания қарым-қатынас жасайтын қонақ
үйлер ... ... ... ... ... ... ... .. .20
V. Шет елде білім
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .45
VI. Визалық
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .64
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Кіріспе
Мен халықаралық - өндірістік практиканы Алматы қаласының ең ірі туристік
фирмаларының бірінде, нақты айтқанда Kondor-tour туристік фирмасында
өттім.
Бұл халықаралық - өндірістік практиканың мақсаты келесідей: теориялық
білімді бекіту және тереңдету, мамандығым бойынша қажетті практикалық
іскерліктерді және дағдыларды меңгеру, өз мамандығым бойынша кәсіпкерлік
сапаны қалыптастыру. Және де теориялық білімді практикалық жұмыспен
үйлестіре алуды меңгеру. Практиканың негізгі міндетіне мыналар жатады:
Kondor-tour туристік фирмасының жұмысымен танысу;
Таңдаған мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін және практикалық
білімді меңгеру;
Kondor-tour туристік фирмасының қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін
зерттеу және меңгеру;
Арнайы тәртіптерді меңгеру барысында алған білімді бекіту.
Kondor-tour туристік фирмасы пайдалануға беретін қызметтер спектірі өте
кең келеді, атап айтқанда оған мыналар жатады:
Әлемнің барлық түкпіріне жеке турлар;
Экскурсиялар мен ойын-сауықтар, Қыран құс өсіретін кешен, Мешіттер,
Алматымен танысу, Шымбұлақ, Медеу ... ... ;
Әуе билеттері: Travelocity, Orbitz, Air Astana, KLM, Lufthansa,
Britishairways, Transaero, Turkish Airlines ... ... ;
Санаториялар мен демалыс үйлері: жалпы Қазақстан бойынша және де Алматы
облысындағы әйгілі орындарда ... . Күмбел, Тау – Түрген, ...;
Қонақ үйлер: Амбассадор, Қазжол, Достық, Хаятт Ридженси, ... ;
Астана қаласы, Астана қаласының көркем жерлері, Ел - Орданың тарихы;
Кіру - кету іс құжаттарын дайындау, Визалық көмек көрсету, Тіркеу жұмыс
тарын жүргізу;
Шетелде білім алу: АҚШ, Ұлыбритания, ... ...;
Шетелдік туристерге арналған жеке және іскерлік шақыруларды даярлау.
I. Туристік компанияның тарихы және ұсынылытын қызметінің негізгі
бағыттары.
Kondor-tour туристік фирмасы 2000 жылы құрылған, ал 2002 жылдан бастап
лицензия алғаннан кейін одан әрі дами түсті. яғни өз мүмкіндіктерін барынша
қолдана алды.
Бұл туристік фирманың ұсынатын қызметінің негізгі бағыттары мынадай болып
келеді:
• Әлемнің барлық түкпіріне жеке турлар;
• Экскурсиялар мен ойын-сауықтар, Қыран құс өсіретін кешен, Мешіттер,

• Әуе билеттері: Travelocity, Orbitz, Air Astana, KLM, Lufthansa,

• Санаториялар мен демалыс үйлері: жалпы Қазақстан бойынша және де
Алматы облысындағы әйгілі орындарда: ... . Күмбел, Тау – Түрген, ...;
• Қонақ үйлер: Амбассадор, Қазжол, Достық, Хаятт Ридженси, ... ;
• Астана қаласы, Астана қаласының көркем жерлері, Ел - Орданың тарихы;
• Кіру - кету іс құжаттарын дайындау, Визалық көмек көрсету, Тіркеу
жұмыс тарын жүргізу;
• Шетелде білім алу: АҚШ, Ұлыбритания, ... ...;
• Шетелдік туристерге арналған жеке және іскерлік шақыруларды даярлау.
II. Ұйымдық құрылымы.
Kondor-tour туристік фирмасының қызметкерлерінің тізімі төмендегідей
болып табылады (1 кесте):
№Дәрежесінің атауы Олардың саны
1Бас директор 1
.
2Бас директордың орынбасары 2
.
3Менеджер 3
.
4Офис менеджер 1
.
5Бухгалтер 2
.
6Сайт жасайтын адам 3
.
7Жүргізуші 2
.
Барлығы 14

жиынтығы.
Kondor-tour туристік фирмасы келесі мемлекеттермен және континенттермен
қарым-қатынас жасайды:
• Туркия
• Қытай
• Бали
• Кипр
• Эквадор
• Мексика
• Малайзия
• Таиланд
• Доминикана, Барбадос, Куба
• Мальдивы
• Таити, Бора Бора
• Бора - Бора
• Египет
• ОАЭ
• Швейцария
• Австралия
• Жаңа Зеландия
• Лас-Вегас
• Испания
• Оңтүстік Корея
• Скандинавия елдері
• Бенилюкс
• Франция
• Италия
• Чехия
• Таити
• Ресей
Экскурсиялар мен ойын сауықтар
Бұл туристік фирма келген қонақтарға мынадай экскурсияларды ұсынады:
• Алтын Емел
• Қыран құс өсіру кешені
• Алматымен танысу
• Петроглифтер, Тамғалы
• Көлсай көлі
• Үлкен Алматы өзені
• Есік көлі
• Хайуанаттар бағы
• Мешіттер
• Шарын
• Түрген су сарқырамасы
• Шымбұлақ
• Әуенді бархан
• Монахово ойпаты
• Медеу
• Қазақтың Дастарқаны
• Түркістан
• Үңгіртас
Енді осы экскурсияларға толық тоқталып кетейік.
Алтын Емел
Орта Азияның жүрегінде, Алматыдан 160 шақырым қашықтықта Жоңғар Алатауының
оңтүстік аймағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең ірі Ұлттық
мемлекеттік табиғи саябағы бар. Бұл қорық жері көшпенді тайпалардың тарихи
өмірін сақтап келеді. Ең әсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл
қорғандардың биіктігі 20метр, диаметрі 100метр, б.з.д. VII-IIIғасырлардағы
сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Өсімдік әлемінің 634 түрі бар, оның
ішінде 41 сирек кездесетін, ал 29 түрі эндемик болып табылады. Бұл жерде
кезінде Орта Азияны мекендеген тұяқты жануарларды кездестіруге болады.
Олар: құландар, архарлар, сібір тау ешкілері. Саябақ шекарасында жабайы
қабандар бар.Жануарлар әлемінің 50 түрі бар.
Қыран құс өсіру кешені
Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында Орта Азиядағы жойылып бара жатқан
жабайы құстарды өсірудің жалғыз ғана кешені орналасқан.Бұл жерде сұңқар ,
бүркіт, қыран құстарын өсіріп аң аулауға үйретеді. Бұрынғы заманнан бастап
сұңқар қазақ халқының аң аулау құсы ретінде қолданылған.Өткен жүз
жылдықта,бірнеше тайпа шекарасында қырандар арасындағы кеңінен тараған
бүркіт ұяларын табуға болады. Жыртқыш құстың қанаты қалықтаған кезде 2м-ге
дейін жетеді. Өсіру кешенінде сонымен қатар қазақтың атақты аңшы итін
Тазыны көруге болады.
Өсіру кешенінде тағыда:
• Барлық жайлылығымен қамтылған қонақ үй
• Демалу бөлмесі
• Табиғатқа шығуды ұйымдастыру
• Бильярд, монша, бассейн
Алматымен танысу
250 шаршы шақырым алып жатқан, 1.5 млн. халқы бар теңіз деңгейінен 700-900
м. биіктіктегі Алматы қаласы Іле Алатау шыңдарының маңында орналасқан.
1997жылы Қазақстан Республикасының астанасын өзгертуіне байланысты, қалаға
ерекше саясаттық, қаржы-экономикалық, ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталық
статус берілді. Өзінің ерекше орналасуына байланысты, көгілдір маржанды
қарға оралған таулы шыңдар өз ерекше сәулетімен және жасыл бейнелі Алматы
Қазақстанның халықаралық туристік орталығы болып табылады.Экскурсия кезінде
сіз Алматының тарихи орталығында, 28 панфиловтар саябағында, Әулие-
Вознесенск кафедралдық шіркеуінде, ең атақты қала алаңдарында, көне
әкімшілік орталығында, 20 ғасырдың 30-50 жылдарында құрылған, және басқа
қала саябақтарында бола аласыз. Республиканың Тәуелсіздік монументімен
аталған Қазақстанның негізгі алаңының сәулетті ансамбілімен таныса аласыз.
Тұрғындарға белгілі Абай, Достық, Абылай-хан даңғылдарында және Алматының
сауда, спорттық және мәдени орталықтарында бола аласыз. Экскурсия 3 сағат
жалғасады.
Начало формы
Петроглифтер, Тамғалы
Жетісуда 50-ге жуық тасқа таңбаланған ескерткіштер бар. 50 жылдардың
аяғында Тамғалыда тасқа таңбаланған суреттері бар әулие жер табылды. Ол
жерде қола дәуіріне жататын және ерте көшпенділер мен түркілердің
кезендеріне жататын 4000 жуық туристердің көз алдына жалғыз және топтық
бейнелер: архарлар, тау ешкілер, жылқылар, марал-бұғылар, тұрпандар,
сәйгектер, сонымен қатар, үй жануарлары- түйелер, жылқылар, бұқалар,
иттерді кездестіруге болады.
Көлсай көлі
Жоғарғы шыңлы тауда, өткір қарағайлы жарда орналасқан үш көл. Бұл жер
лагер, жаяу саяхат, атпен және тау велосипедтерімен серуендеуге арналған.
Үлкен Алматы өзені
Іле Алатау маңында бірқатар көркем көлдер бар. Солардың бірі – Үлкен Алматы
өзені. Оның қазақша атауы-Жасылкөл, аудармасы Көкпеңбек көл дегенді
білдіреді.Өз атындағы орта бөлігінде орналасқан, 2511м биіктігінде, оның
тереңдігі 35м, ұзындығы 1шақырым шамасында, кеңдігі 500м дейін жетеді.
Жазда судың температурасы 10-12 градусты құрайды.Өзен жағасының
айналасындағы көз тартатын тау шыңдары ашылады. Өзеннің ар жағында Совет
және Озерная шыңдары оңтүстігінде, ал солтүстігінде жарлы Үлкен Алматы шыңы
орналсқан.
Есік көлі
Есік көлі Іле Алатауының Есік ойпатында Алматыдан 70 шақырым шығысқа таман
теңіз деңгейінен 1756 м. биіктікте орналасқан. 1963 жылы Есік көлі
маңындағы жоғарғы мұзды аймақтардан үлкен мөлшердегі сел тасқыны болды,
селдің салдарынан бөген бұзылып, көлді шайып тастады. Көлге баратын жол
сіздерді Қазақстанның сақ мәдениетімен- археологиялық ескерткіштер,
қорғандар, бейіттермен таныстырады. Олардың ішінде ерекше қорғанның бірі
ұзындығы 60 метр, биіктігі 6 метрге шейін жететін Алтын Адам табылған
бейіт.
Хайуанаттар бағы
Алматы хайуанаттар бағы аңдар санағы бойынша ТМД елдері ғана емес, сонымен
қатар дүние жүзі бойынша ең ірі саябақ болып саналады. Алматы хайуанаттар
бағы Мәскеулік хайуанаттар бағынан кейінгі орынды алады, ал жыртқыш
құстарды өсіруден дүние жүзілік әйгілікті жаулап алған. Грифтер, сұңқарлар,
бүркіттер үкілер, қырандар, кондорлар және т.б. жыртқыш құстарөмір сүреді.
Мешіттер
Алматыда 22 мешіт салынған. 1999 жылдың шілдесінде Алматыда жаңадан
“Орталық мешіт” ашылды. Бұл ауқымды құрылыс Қазақстанның кереметі болып
табылады. Мешіттің көгілдір күмбездің диаметрі 20 метр, биіктігі 36 метр.
Мінареттің биіктігі 47 метр.
Шарын
Шарын каньоны – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған
формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған
ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Долина Замков” , “Ушелье ведьм” және
т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді.
Түрген су сарқырамасы
Іле Алатау мемлекеттік табиғи саябағында Іле Алатаудың солтүстік жағындағы
Түрген ойпаты Алматыдан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте заманда бұл
жерде шығысқа қарай яғни Қытай мен Үндістанға керуен жолдары жүретін.
Түрген ойпаты өзінің су сарқырамаларымен әйгілі, олардың саны 7. Медвежий
сарқырамасы биіктігі 30 метр жардан құлап ағады. Бұл жерде таза суы бар
бұлақтар болады. Түрген су сарқырамасына бару жолында сіздер келесі көрікті
жерлерді көресіздер: Түйеқұс фермасы, Форель шаруашылығы, Жастық бұлағы,
ашық аспан астындағы Музей, Есік қорғаны.
Шымбұлақ
Іле Алатауының ең керемет жерінде теңіз деңгейінен 2200 м. биіктікте
Шымбұлақ шаңғылы тау курорты орналасқан. Ол өзінің жұмсақ ауа-райымен үлкен
ауқымды және жаймашуақ күндерімен, қарашадан мамыр айына шейінгі тұрақты
қар жамылғысымен, айналадағы алдияр тау шыңдарымен әйгілі. Жазғы ауаның
орташа температурасы +20, қыста –7. қар жамылғысының қалындығы 1,5- 1,8
метр.
Әуенді бархан
Іле өзенің оң жағалуындағы табиғаттың жаңалығы - бұл құрғақ ауа райы
кезінде құм органның әуеніне ұқсас дыбыстар шығарады. Құмнан шыққан оның
гуілі мен дірілі адамдар назарын аудартады.
Монахово ойпаты
Монахово ойпаты – бұл табиғаттың кереметі. Нағыз монахтардың қалай өмір
сүргенін білесіздер, олардың өткен жерлерінен жүресіздер. Папоротник
шөбіменөсіп кеткен, өте үлкен емес сарқырамаға көтерілесіз, одан кейін таза
ауада қыдырып , одан жоғары таудағы екі өзен қосылатын жерге көтерілесіз.
Сіз өзенің тап түбінде болып бір өзенің ақырындап екінші өзенге құйылуын
көресіз, және бір уақытта екі судың айырмашылығын байқайсыз, ал одан кейін
оларды бір бірімен айыра алмайтындай болады.
Медеу
Медеу - бұл қысқы спорт түрлері бойныша дүние жүзіндегі ең ірі жоғары шыңлы
тау кешені болып табылады.Сырғанақ жері теңіз деңгейінен 1700 м. биіктікте
Медеудің өзінде орналасқан. Сырғанақ 1972 ж салынды. Мұз алаңы 105000 шаршы
метр ауданы – бұл конькимен жылдамдыққа жүгіру, хоккей және сырғанаудан
ашық халықаралық жарыстарды өткізуге лайықты жер. Сырғанақ қарашадан
наурызға дейін ашық.
Начало формы
Қазақтың Дастарқаны
“Қазақтың Дастарқанына” саяхат қазақтың салт-дәстүріне арналған.
Түркістан
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы
–Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII
ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған.
Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып
табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау.
1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған
Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы
–Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа
Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады.
Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология
ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштер; 226- сәулет ескерткіштері болып
есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX -XII ғасырлардағы
қараханидтер кезеніне жатады. Бұл кезен Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан
кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында ол
тарихи-мәдени қорық болып, Отырар жазирасына айналып, атақты туристік
обьектіге айналды.
Сонымен қатар бұл жерде керемет тарихи мұражай моңғолдар шапқыншылығынан
зардап шеккен обьекттер де бар. XII-XX ғасырға жататын ескерткіш Арыстан
Баб атақты киелі көріпкелге арнаған.
Бірақ одан да көлемді ескерткіш 2000 жылы 1500 жылдығын тойлаған Түркістан
қаласындағы сәулет болып саналады. Әмір Темір бұйрығы бойынша атақты Қожа
Ахмет Яссауи мазары үстіне кесене орнатылды. Көптеген тарихи кезендерді
бастан кешкен бұл кесене биіктігі 40 метр.
Орталық залы – Қазақ хандар резиденциясы сақталған, спецификалық мұражай –
пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен уға
арналған –Тай Қазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған. Тарихи
ескерткішке тағы да қорық болып саналған Ордабасы қорығы жатады. Бұл жерде
Шымкенттен 30 км қашықтықта XVII ғасыр басында Қазақтар бірігіп, батыстағы
моңғолдарға, яғни жоңғарларға қарсы шығып, Орда құрған еді.
• Қазақстанның киелі жерлері
• Саяхаттың барысы
Қазақстанның киелі жерлері
Арыстан баб кесенесі
XX ғасыр басындағы сәлет ескерткіші
Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының
үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол
құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың
орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен
салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып,
фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі
грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр
ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі
кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі
жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед
пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің
шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай
беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл
алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған Сонда пайғамбар
шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім
сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай
деді: Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы
иесіне жеткіземін Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда
(Рисолаи Сарем-Исфижоб және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет
Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары
үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII
ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет
Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс
болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң
екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет
Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер
алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11
жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу
қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы) - Ибрагим-ата
мазары - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам) - Қарашаш-ана мазары - Қожа
Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам) - Гаухар-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің
қызы ( Түркістан) - Али Қажы мазары - Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы
(Түркістан) - Баб-Араб мешіті – мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке
деп, ал сол қасетті жерлерге бару Кіші қажылық деп санайды. - Домалақ-ана –
Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте
алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза
адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек
не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар
Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам
қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін
тексеріледі. - Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты
жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. -
Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып,
жұмыстарында сәттілік болады. - Скит және 1921 жылы атлыған Серафим мен
Феогнаст әулие монахтардың жерленген жерлері бар. Бұл жерде еркектер
монастырі орналасқан. Оларға сыйыну денсаулық, сәттілік әкеледі, бәле-
жаладан сақтайды. - Монахово ойпатында үңгір ішінде монахтар әдейі қамалып,
қызыл әскерлермен қуылған кезде өздерін жарып жібереді. - Ребе Леви Ицхок
Шнеерсон мазары, яғни қазақ жеріне жер аударылып, иудаизм дінін таратып,
Тораны жақсы білетін Любавичский ребе Менахем Мендл Шнеерсон әкесі болып
келеді. Мазарға әр жерден еврей ұлтынан адамдар келіп, сыйынады. - Қозы
–Көрпеш және Баян – Сұлу кесенесінде ғашықтар бақыт тілеп, жалғыз адамдар -
өмір серігін сұрайды. - Иса пайғамбардың суреті жақында христиан ұлтын таң
қалдырған еді.(Қаратау) - Қоманқожа-баба және оның екі шәкірттері жерленген
жер – Кімде ұлы жоқ болса ұл беріп, кімде қыз болмаса қыз береді
Күзететін сақтаушы адам арнайы жерлерге кітаптар салып, ашық түсті матадан
тұмар жасайды. (Қарағандының шығысында Айдарлы ауылы) - Құлболды –баба
әулиенің мазары қабырғасының шаңы ем болады деп есептеледі.Топырағын суға
араластырып ішсе ем болады, әсіресе бала ауруларына көмек болады. (
Шіркейлі ауылы) - Жар ішіндегі Бекет –ата мазары. Бұл жерге баратын адамдар
сол үңгірдің манында қонса, түстерінде қиын мәселелеріне жауап таба алады.
(Бейнеу, Маңғыстау облысы) - Астанадағы әйелдер монастырінде атаусыз
жоғалып кеткен адамдарға іздеу салатын жер
- Оптина шөлінің әулиесі Севатиан әкейдің мазары орналасқан. Ол Карлагқа
жер аударылып, Қарағандыда алғаш рет Рождество Богородицаға арнап шіркеу
салады. - Белуха тауы – Рерих артынан еретіндер жиналатын жер. - Аркаим –
көне зороастра қала мешіті, ол жерде 12 Аспан жұлдыздары салынған.Жазда бұл
жерде зороастраға сенушілер жиналып сыйынады. Арыстан Баб кесенесі Арыстан
баб ерекше адам болған. Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссаудің ұстазы мен жол
бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол
кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында
салынған. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде – шәкірттері
Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Оның
өлімінен кейін сол жерде кейін киелі жерге айналған үлкен кесене салынды.
Алтын Орданы жеңіп алған соң Әмір Темір ақынға арнап үлкен мазар орнатты.
Бірінші салған күйінде ол әлі сол қалпында 6 ғасыр сақталған. Кесене
айналасында көптеген басқа да құрылыстар бар: Рабиға Сұлтан-Бегім кесенесі
(XV ғасыр, XIXғасырдың 2-ші жартысында қиратылып, 1980 жылы қайта салынды),
Есім хан (XVIIғасыр), Белгісіздер жерленген жерлері және т.б. бар. Діни
дәстүрлерге байланысты басқа да салулар бар: Чилляхана(XV), жерасты
хильветі (XII-XIX ғғ.), шығыс моншасы (XVI-XIX ғғ.)
Ибрагим-ата кесенесі
Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим- Ахмет
Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.)
көп уақыт шыдамай, құлап қалды. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі
көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.
Қарашаш-ана кесенесі
Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады.
Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты-
Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен,
сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері
аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады.
Айша-бибі кесенесі
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш – Айша-бибі мазары
орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен
ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде
қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене
безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған.
Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен
безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-
өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде
бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана
суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып
қалған: Күз...Қара бұлт.Әлем керемет... Біздің күнге кесененің тек батыс
бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы
орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш
кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен
жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес,
сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты
туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы
болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында
жыланның шаққанынан қайтыс болған.
Бабаджа-Хатун кесенесі
Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет
ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады.
Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде
жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның
қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс
болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі
кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін
мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі
Саяхаттың барысы
Сіздерге КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ барып келуді ұсынамыз!!!
Мына тәртіп бойынша:
Тараз қаласына келу - Түнгі қала Әулие Ата Тараз қаласының тарихына -2000
жыл! Тараздың жасы Самарқандтың жасымен бірдей және Ұлы Жібек Жолы
гүлденген кезінде оны Түркістан мен Бұхарамен қатар танымал болған.
Тараздың тарихы өте қызық. Қаланың Әулие-Ата деп аталған кезі де болған.
Тура осылай қаланың атауы Қараханидтердің ұрпағын қалаған ханның құрметіне
қойған. - Қарахан кесенесіне бару - Айша Би-би, Бабаджа Хатун
кесенесіне бару Бұл оқиға өте аянышты және бұл оқиға туралы ол жерге барған
адамдардың барлығы біледі. Аңыз Айша Бибі және Қарахан кесенелерімен
байланысты. Бұл таза және жарқын махаббат туралы аңыз Тараз билеушісі мен
жат елдегі сұлтанның қызымен байланысқан әңгіме. Сәулет жоспары бойынша
шатырмен жабылған бұл кесене біздің аймақтағы дәстүрге ұқсас емес. Айша
Бибінің қасындағы кесененің эпиграфикалық фриз жазбасынан біз ол жерде
жерленген әйел адамның атын оқып білдік. Аңызға қарағанда бұл әйел Айшаның

болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. - Жамбыл
Жабаев ескерткішіне бару. Жамбыл Жабаев –Қазақстанның ең беделді ақын-
жазушысы. Жамбыл 1846 жылы 28 ақпанда Шапырашты (Ұлы жүз) руынан шыққан
кедей көшпенді Жабай отбасында дүниеге келген. Отбасы тарихы бойынша
Жамбылды анасы Ұлдан Ыстыбай ауылында (Жамбылдың атасы) шапқыншылықтар
болған кезде дүниеге әкелген. Бұл жағдай Отар станциясынан солтүстік
–шығысқа қарай Шу өзенінің жоғарғы тармақтарында орналасқан Жамбыл (қытай
тілінен қамал дегенді білдіреді) тауының манында болған. Баланы Жамбыл
тауына арнап атаған.
Ленгер ауылына келу
• Киелі таулар Адам ата мен Хауа ана Адам мен Хауа жары адамзат
шығуының ертедегі ата-бабасы болған Адам және Хауа атына арнап
қойылған. 33 метрлік екі жардың арасымен тек жаны таза адам ғана өте
алады.
Шымкент қаласына келу
Аумағы 116,3 мың шаршы шақырым. Халқы 1831 мың адам. Көп бөлігі-жазық дала,
оңтүстік –батысында – Қызылқұм шөлі, солтүстігінде – Бетпақдала шөлі мен
Мойынқұм, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жоталары бар. (биіктігі 4238 метрге
дейін), орталық бөлігінде Қаратау тауы бар.(тау Бессаз 2176 м.) Ауа райы
қоңыржай, орташа температурасы қаңтарда -11º -2ºС; жауын-шашын 100 мм-ден
1000 мм-ге дейін. Негізігі өзені-Сырдария. Суқоймалары: Шардара және Бүгін;
көлдері: Ақжайқын, Ақжар және т.б. Астықты жерлер жазықтар мен альпі
жайылымдармен ауысады. Ақсу-Жабағлы қорығы.
Отырар және Шәуілдір ауылына келу
Оңтүстік Қазақстан облысында Шәуілдір ауылында Отырар мұражайында 20 жуық
жұмыстар сақталған. Бүгінгі күні Отырар Қазақстан үшін ұлттық байлық болып
табылады.1969 жылдан бастап бұл жерден археологтар ертедегі Отырар
қаласынан қалған қалдық орнын тапқан. Қазіргі кезде бұл қалдықтар
жергілікті тұрғындар үшін айнымас сәулет киелісі болып саналады. ЮНЕСКО-мен
қарым-қатынаста көп уақыттан бері Отырар қаласынан қалған қалдықтарды
қорғауға алыну туралы келісім жүргізілген. Мұражай-қорық Отырар 3048,5
аумағы бар,оның ішінде 1052 метрі экспонаттар үшін арналған. Мұражай
қорында 20 965 экспонат оның ішінде 2000 бөлмелерде орналастырылған және
күнделікті жаңартылып тұрады. - Сәулет-тарихи мұражай мен ескерткіштерді
аралап шығу.
Арыстан Баб кесене кешеніне келу

жерлерінің бірі болып саналады. - Киелі құдыққа бару - XIV ғасырдағы сәулет
ескерткіштерін бақылау
Түркістан қаласына келу

• Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Кесене Ұлы Әмір Темір билеген кезінде бой көтерген. Кесене кешені алып
сарай мен мешіттерден тұрады. 44 метрлік ғимарат 30 бөлмешелер мен үлкен
бөлмелерден тұрады, негізгі күмбездің диаметрі 22 метр. - Орта ғасырлардағы
мұражайларды аралау - Шығыс моншасын аралау - Қаламен танысу
Үңгіртас
Жердің әр түкпірінен келген адамдар бұл жерде Жер мен Ғарыштың ерекше
қуатын қабылдау үшін келеді. Алматы қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан
Үңгіртас ауылында жерден 8 метр диаиетр аумағында қуатты энергия шығуы
байқалды. Аспанға бағытталған бұл энергия адамның ішкі дүниесіне қуат
беріп, тазартып, күшейтеді.
Начало формы
IV. Компания қарым-қатынас жасайтын қонақ үйлер.
Kondor-tour туристік фирмасы келесідей қонақ үйлермен тығыз қарым қатынас
жасайды. Өз қонақтарын сол қонақ үйлерге орналастыруға тырысады. Бұл қонақ
үйлерге төмендегілер жатады:
• Зылиха
• Астра
• Golden Hills
• Сапар
• Империя G
• Гостевой Дом Шагала
• Шаған
• Амбассадор
• ҚазЖол
• Достық
• Хаятт Ридженси
• Отырар
• Astana International Hotel
• Сая
• Tien Shan
• Қазақстан
• Ай Сер
• Berkana
• Premier Alatau
• Grand Al-Farabi Hotel
• Алматы
• Жетісу
• Транзит
• InterContinental
• Grand Eurasia Hotel
• Алия
• Уют
Енді осы қонақ үйлердің біразы жайлы толық айтып өтейік
Grand Eurasia Hotel
Type of room Prices in USD 1 night person
Single 166
Standard Single 233
Standard Double 288
Semi-luxe 355
Luxe 525
Presidential Apartment 890
Бөлме бағасына таңғы ас қосылған
Төлем уақыты 12:00
Grand Hotel "Tien Shan"
Қаланың орталық бөлігінде салынған жаңа қонақ үйлердің бірі
Presidential Suite 1330
Superior Suite 809
Super Deluxe Queen 519
Deluxe Queen 422
Standard Room 268
SPA-орталығының қызметі, таңғы ас жалпы баға құрамына кіреді.
Отельдегі қосымша қызметтер:
*Мейрамхана
*Банкет залы
*Джаз-бар
*Конференция залы
*Бизнес-орталық
*SPA-орталық
*Сұлулықсалоны
*Казино
*Бильярд ойнайтын зал
*Кір жуатын орын
* Киім тазалайтын орын.
Hotel Berkana
Еуропалық деңгейге сай 12 жайлы бөлме ұсынады.
Premium Luxe 226
Luxe 200
Semi-luxe 174
Single 166
Astana International Hotel
Отельде 114 қарайым бөлмелер бар және де 12 шағын люкс бөлмелер орналасқан.
Барлық бөлмеде теледидар, ауа кондиционерлері, шаш кептіргіштер, сейфтер,
тікелей халықаралық байланысқа шыға алатын телефондар мен шағын барлар бар.
Барлық люкс бөлмелерде және жартылай қарапайым бөлмелерде Интернет желісіне
шығуға мүмкіндік бар.
Отельде тұру бағасы.
Standard Single room Standard Double room Suite
255 $ 297 $ 356 $
Бөлмелер бағасы бір тәуліктегі НДС пен бірге көрсетілген.
Хаятт Ридженси
Хаятт Ридженси Алматы – батыстың дәстүрі мен шығыстың жылулығын сақтаған.
292 қонақтарға арналған және люкс бөлмелері бар. Сонымен қатар, Хаятт
Ридженси Алматы Сіздерге Орта Азиядағы ең күшті денсаулық орталықтарының
бірі Денсаулық Клубының қызметтерін ұсынады.Іс-шараларды ұйымдастыратын
адамдарға конференция, семинарлар, корпоративтік кештер, коктейльдер, басқа
да көптеген қонақтарға іс шаралар өткізетін 9 салтанат залдары бар. Қонақ
үйдің екі керемет мейрамханасы барлық ас үйлердің түрлері, ал дәм тататын
тамақ күні бойы фойеде дайындалады.
Бағасы
Стандарт бөлмесі 516$
Жақсартылған 619$
Жартылай люкс 619$
Люкс 941$
Жартылай люкс 823$
Президент люкс 3009$
Амбассадор
Төртжұлдызды Бутик-Қонақ үй “Амбассадор” 1963 жылы салынған және 1997 және
2002 ж. қайта жаңартылған. Қонақ үй қаланың әкімшілік бөлігінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Мұражайына, Опера және балет театрына жақын
орналасқан. Әуежайға дейін 30 минут, теміржолға дейін 10 минут.
Қонақ үй қала ортасында орналасқан және сіздерге барлық жайлылықты ұсынуға
қуанышты:
- “Салтанат” мейрамханасы іскерлік салтанаттар, ашылу мерекесі мен іскерлік
тойлар өткізуге мүмкіндіктері бар. (140 адамға дейін)
- “Бодрум-бар” түнгі клубында әншілер сіздерге түрік, ағылшын,орыс
тілдерінде ән шырқайды.(сағат 10-нан бастап таңғы сағат 4-ке дейін)
- Конференц-залда іскерлік конференциялар өткізетін оқу бөлмесін,
кафедрамен отырыс залын ұсынады
- Бизнес орталық интернет, жеке компьютер, факс, электрондық пошта,
аудармашы қызметін ұсынады
- Лобби-бар тәулік бойы 24 сағат ашық. Ыстық, керемет капучино шайымен
қонақтар түрік, ағылшын, орыс тілдерінде жаңа газеттер оқып, рахаттана
алады.
Кір жуатын жер, бөлме қызметі мен әуежайдан ақысыз жеткізу.
Бөлмелердің барлық түрлеріне бағасы
Біроынды271$
Екіорынды355$
Полу люкс398$
Люкс525$
Баға ішіне кіреді: қонақ үйде толығымен таңертеңгі ас,
әуежайдан қарсы алу.
Premier Alatau
Қонақ үй медеу мұзайдынынан қашық емес жерде, қаланың нақты орталығында
орналасқан. Қонақ үй қызметкерлері қазақ, ағылшын, түрік және орыс
тілдерінде сөйлей алады.
Отель қызметтері:
- 42 қарапайым бөлме;
- 3 люкс бөлме;
- 3 жартылай-люкс;
- барлық бөлмелер ауа реттеуішпен,жуынатын бөлмемен, балконмен, TVмен,
шағын-бармен, телефонмен жабдықталған;
- таңғы ас,
- 100 адамдық мейрамхана
- лобби бар
Luxe 372
Semi-luxe 330
Double 288
Single 203
Баға НДС пен бірге есептеледі.
Қазақстан
26 қабаттық қонақ үй ең жоғарғы деңгейлі сейсмоқорғанысы бар және қала
құрылысының ескерткіші болып табылады. Қонақ үй аэропорттан, тау мұздығы
Медеуден, шаңғы курорты Шымбұлақтан немесе Қапшағай су қоймасынан алыс
емес.
Бөлмеде орналасу бағасы
Бір бөлмелі бір орынды 183 $
Бір бөлмелі екі орынды 246 $
Екі бөлмелі бір орынды 356 $
Үш бөлмеоі бір орынды 441$
ҚазЖол
Қонақ үй жаңартылғаннан кейін барлық жайлылықпен қамтылған 90 сапалы
бөлмелер ұсынады. ҚазЖол қонақ үйі сіз және сіздің қонақтарыңыз үшін
керемет орын және іскерлік кездесулер ұйымдастыруға, семинар және тренинг
өткізуге болады.
Баға доллар түрінде берілген.
Люкс 160
Екі бөлмелі 135
Бір бөлмелі комфорт 99
Бір бөлмелі стандарт 89
Бөлме бағасына таңғы ас кіреді.
Жиналыс, тренингтер және семинарлар Оқу классында немесе жаңа Конференц
залында өтеді. Керекті құралдар сіздің іскерлік кездесулеріңізді толығымен
қамтиды.
Әр класста: маркер тақтасы, флипчарт, экран. Конференцияға керек құралдарды
ұсынамыз.
Алматы
60 жылдардан негізделген “Алматы” қонақ үйі бүгінгі күнге шейін Оңтүстік
астананың көркемі болып табылады. Қонақ үй Сіздерге бар жоғары жайлы және
Іле Алатау тауларына көрініс ашатын 252 бөлмелер ұсынады.
Көлемді жайлылықпен қамтамасыз ету үшін: Мейрамхана, бар, асхана, Бизнес-
орталық, Конференц-зал, шаштараз, Сыйлық сатып алу дүкені, сауна, киім жуу,
Әуе кассалары, Ақша айырбастау пункті, ойын автоматтары, газет сатып алу
киоскілері.
“Алматы” қонақ үйінде тоқталсаңыз “Алматы” мейрамханасы Сіздерге әр түрлі
тағам түрлерін ұсынады. Әр таңда сағат 7.00-10.00 дейін қонақтарды швед
үстелі, оң шақты түрлі салаттармен безендірілген, кең ауқымды ыстық
тамақтар, таңдауыңыз бойынша шырындар дайындаулы түрде күтеді. Бұл жерде
Сіз шырынды тропикалық және жергілікті жемістердің дәмін татып көресіздер.
Бөлмелер Бөлме саны Сыйымдылығы USD бағамымен
2 орынды 3 бөлмелі люкс 8 12 313
2 орынды 2 бөлмелі люкс 5 10 254
1 орынды 1 бөлмелі люкс 16 32 186
2 орынды 2 бөлмелі стандарт 6 12 186
2 орынды 3 бөлмелі стандарт 11 22 186
1 орынды 1 бөлме 120 120 144
- таңғы ас бөлме бағасының ішіне кіреді
- сауна (2 сағат – 3000 тенге)
- 2-ші қабатта мейрамхана. Жұмыс уақыты сағат 7.00-24.00
- бар, асхана, бильярд, ойын автоматтары тәулік бойы жұмыс істейді.
- Бизнес-орталық. Барлық офистік қызметтер.
- Шаштараз, сұлулық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz