Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 148 бет
Таңдаулыға:   

31106

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетi

ӘОК 37. 013. 42(430) Қолжазба

құқығында

БАЙГОЖИНА ЖАНАР МАНАТБЕКОВНА

Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi

(салыстырмалы- педагогикалық аспектісі)

13. 00. 01-Жалпы педагогика, педагогика және бiлiм тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған

диссертация

Ғылыми жетекшiлерi:

педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Казмагамбетов А. Ғ.

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент

Жетпеисова Н. О.

Алматы, 2005

Мазмұны

КIРIСПЕ . . . . . . . . 3

1. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ

ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

1. 1 Жоғары мектепте әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге

білім беру

мәні . . .

. . . 8

2. Әлеуметтiк педагогика мен әлеуметтiк жұмыс саласындағы мамандарға

білім берудің салыстырмалы тәжiрибесi

…… . . . 25

3. Қазақстан мен Германияда әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк

қызметкерлерге жоғары білім беру жүйесі мен оның дамуы

……… . . . 46

2. ГЕРМАНИЯДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ПЕДАГОГТАРДЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ДАЙЫНДАУ

ЖҮЙЕСIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . . …56

1. Германиядағы әлеуметтiк мамандықтардың мамандарын дайындау жүйесiнiң

қалыптасуының тарихы

………. . ……… . . . …56

2. Германиядағы әлеуметтiк қызметкерлер мен әлеуметтiк педагогтарды

дайындаудың кәсiби-бiлiм беру

бағдарламасы…… . . . 71

3. Германия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтiк

педагогтарды дайындау жүйесiнiң салыстырмалы

талдауы . . . 106

ТҰЖЫРЫМ . . . 121

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 122

ҚОСЫМШАЛАР . . .

. . . 128

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары батыстың педагогтары

әлеуметтік мәселелерге барған сайын жиі көңіл аударуда. Себебі, педагогика

ғылымында - әлеуметтік факторлардың тәрбие мен білім беруге ықпалын және

педагогикалық тәжірибенің қоғамның дамуына кері ықпалын талдайтын,

«Әлеуметтік педагогика» деп аталатын жаңа саласы қалыптасты. Білім берудің

экономикалық әсерін анықтауды, әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан

балаларды оқу орындарының түрлері бойынша бөлуді, әлеуметтік ортаның

оқушылардың мектептегі табыстарына ықпалын талдауды мақсат тұтқан көптеген

зерттеулер жүргізілуде.

Қазіргі жағдайда әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың жұмысында

әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагог та айналысатын негізгі бағыттары

анықталды. Аталған мамандықтар КСРО-да 1991 жылдың наурыз-сәуір айларында

ресми түрде тіркелген болатын, әрі сол жылы-ақ мамандар дайындау қолға

алынды. Жоғары білім беру жүйесіне әлеуметтік педагогпен әлеуметтік

қызметкер мамандықтарын енгізуге олардың жоғары біліктілігіне деген

қажеттілік себепші болды. 1990 жылдың өзінде-ақ әлеуметтік педагогтарды

кәсіби дайындау басталды, әлеуметтік педагогтардың жұмыстарының мазмұны

түрлері және әдістері анықталды, оларға қойылатын кәсіби талаптар

негізделді.

Ал бұл кездейсоқ емес, шығармашылық орталықтардың жанындағы өздері

қызығатын бірлестіктерге кіруге мүмкіндігі жоқ балалар мен жас

өспірімдердің ұйымдарынан шеттелген көптеген балалар әлеуметтік тұрғыдан

қорғалмай, оң қарым-қатынастан шеттеліп қалды. Сонымен бірге биліктің

барлық деңгейлерінде пән мұғалімінің еңбегін қарқындандырудың келешектегі

мүмкіндігі анықталды, ал нақты өмірмен білім беру мекемесі мектепте күн

сайын тікелей оқу- тәрбие үрдісінің аясынан шығатын, бірақ соған

қарамастан, оның нәтижелеріне және оқыту мен тәрбиенің сапасына, сондай-ақ

социумдағы өзара қарым-қатынастарға тікелей не жанама түрде ықпал ететін

көптеген әлеуметтік педагогикалық мәселерді шешуге тура келді. Мұғалім,

бала және социумды байланыстыратын буын социумда қарымқатынас жасауда және

жұмыс істеуде тәжірибесі бар маман, яғни «әлеуметтік педагог» болып

табылады.

Соңғы жылдары Қазақстандық авторлар әлеуметтік педагогтардың әртүрлі

мәселелерін, салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана қарастыра бастады.

Мәселен, Р. И. Бурганова, әлеуметтік педагогтардың кәсіби дайындығының

үрдісін зерттеді, болашақ әлеуметтік педагогтың студент жастармен жұмысқа

дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеп,

әдістемесін әзірледі [1] . Е. З. Батталханов оқушы жастардың гуманистік

дүниетанымының қалыптасу мүмкіндіктері мен жағдайларын әлеуметтік

педагогиканың мәселесі ретінде қарастырды [2] .

Г. Ж. Менлібекова болашақ ұстаздарды әлеуметтік

педагогикалық

жұмысқа дайындаудың жүйесін құруды теориялық- методологиялық негіздерін

қарастырды, болашақ ұстаздардың әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дайындығын

қалыптастырудың құрама бөліктері мен жағдайларын интеграцияланған жеке

тұлғалық білім беру ретінде анықтады [3] .

М. Т. Баймуканова болашақ әлеуметтік педагогтардың студенттік жастар мен

отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсіби дайындығын қалыптастырудың

әдістемесін әзірлеу мақсатында жоғары оқу орнындағы әлеуметтік педагогтарды

кәсіби дайындаудың үрдісі оның зерттеуінің нысаны болып табылды [4] .

Дайындық жүйесін құру мен жетілдіруде Қазақстанның жоғары білім беру

дәстүрінде қалыптасқан әлеуметтік жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ әлеуметтік

мамандықтардың мамандарын дайындаудың шетелдік бай тәжірибесі

пайдаланылады. Еуропа елдерінің, соның ішінде Германияның жүз жылдан артық

тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады. Әрине, неміс тәжірибесін отандық

педагогикаға толық енгізу мүмкін емес. Мамандарды дайындаудың

артықшылықтары мен кемшіліктерін ресейлік зерттеушілердің көзқарасы

тұрғысынан талдау, сондай-ақ, Германия мен Қазақстан әлеуметтік педагогтар

мен әлеуметтік қызметкерлердің білім беру жүйелерін салыстыру, әрі

әлеуметтік педагогтарды оқытуға ерекше көңіл бөлу маңызды болып табылады,

себебі мамандарды дайындаудың жүз жылдық тәжірибесі әлеуметтік жұмыс

саласындағы жаңадан қалыптаса бастаған білім беру жүйесі үшін белгілі бір

маңызға ие болады. Сондай-ақ, әрбір елдегі салыстырмалы педагогиканың

өкілдері шетелдік тәжірибеге, ең алдымен отандық білім берудің мұқтаждығы

тұрғысынан қарайды. Дүниежүзінде ғылымның осы саласымен айналысатын

мамандар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Қазақстанда салыстырмалы

педагогикалық зерттеулер салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық, теориялық

негіздері (Г. Қ. Нұрғалиева, А. Қ. Құсайынов, Қ. С. Мусин), білім жүйесінің

салыстырмалы-педагогикалық сипаттамасы (А. Қ. Құсайынов), жеке меншік

мектептердің даму тарихы (А. О. Ысқақова), әртүрлі елдердегі оқытушыларды

кәсіби даярлау (Қ. С. Мусин), америка педагогикасында тұлғаны әлеуметтендіру

(З. У. Кенесарина), Германия мен Қазақстан

мектептеріндегі тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негіздерін салыстырмалы

зерттеу, салыстырмалы этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерін нақтылау

(К. Ж. Қожахметова, Б. А. Жетпісбаева), Ұлыбританиядағы жеке мектептерде

элитаны тәрбиелеу (Ә. Б. Қалиева), азия елдерінің білім жүйесінде рухани

адамгершілік құндылықтар қалыптастыру (Р. К. Тұрсынжанова) мәселелерін

қамтиды. Демек, еліміздегі әлеуметтік педагогтарды дайындау мәселесі

жеткілікті зерттелмеуімен оған деген бүгінгі қоғамның қажеттілігі және

теория мен практиканың арасындағы алшақтық бізге зерттеу тақырыбымызды

«Германиядағы әлеуметтік педагогтарды дайындаудың ерекшеліктері» деп

таңдауымызға негіз болды [5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13] .

Зерттеу обьектісі: Германиядағы жоғары оқу орындарында, әлеуметтік

педагогтарды дайындау жүйесі.

Зерттеу пәні: Германиядағы жоғары оқу орындарында әлеуметтік

педагогтарды дайындау үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: Германияның жоғары оқу орындарындағы «әлеуметтік

педаготар» мен «әлеуметтік қызметкерлерді» дайындаудың тәжірибесін

салыстырмалы түрде талдау және оны Қазақстан Республикасында пайдалану

мүмкіндігін негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер: Қазақстанда Германияның жоғары оқу

орындарындағы «әлеуметтік педагогтар» мен «әлеуметтік қызметкерлерге»

білім берудің тарихи және қазіргі заманғы тәжірибесі ең алғаш рет талданып

жинақталса, оның негізгі тенденциялары анықталса, сондай-ақ Германия мен

Қазақстанның «әлеуметтік педагогтар» мен «әлеуметтік қызметкерлерге» білім

беру жүйесінің салыстырмалы талдауы жүргізілсе және Қазақстанның

жағдайларында мүмкін болып табылатын алдыңғы қатарлы неміс тәжірибесі

қолданыс тапса, онда Қазақстанда әлеуметтік-педагогтардың кәсіби даярлық

процессінің тиімділігі артады, өйткені ол білім беру жүйесіне қойылып

отырған қазіргі заман талаптары.

Зерттеудің міндеттері:

( Германияның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік педагогтарды, әлеуметтік

қызметкерлерді оқытудың тарихи және қазіргі күннің тәжірибесінің

негізгі сипаттарын айқындау;

( әртүрлі жоғары оқу орындарындағы оқытудың мақсаттарын, міндеттірін,

құрылымын, мазмұнын, түрлерін талдаудың негізінде дайындықтың

тенденцияларын анықтау;

( Германия мен Қазақстандағы мамандарды дайындау жүйелерінің салыстырмалы

талдауына сүйене отырып, неміс тәжірибелерінің ерекшеліктерін айқындау.

Жетекші идея. Германиядағы әлеуметтік педагогтарды дайындаудың

ерекшеліктерін анықтау, оны еліміздегі білім беру жүйесінде ұтымды

пайдалана білу, қоғам сұранысына сай жан-жақты әлеуметтік педагогтарды

дайындауға негіз болады. .

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философияның жеке

тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы; оқытудың іс-әрекеттік

теориясы, әлеуметтік орта теориясы болып саналады.

Зерттеудің көздері:

Шетел және Қазақстандық ғалымдардың (философ, тарихшы, әлеуметтанушы)

әлеуметтік жұмыс туралы еңбектері; бүгінгі күнде психология-педагогика

саласындағы көкейкесті проблемаларды зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың

еңбектері; ресми материалдар (Қазақстан Республикасының ресми құжаттары,

заңдар, қаулы қарарлар, баяндамалар) ; шетелдік және Қазақстан жоғары мектеп

оқытушыларының әлеуметтік педагогиканы жүргізу тәжірибелері; сондай-ақ

диссертанттың жоғары оқу орнындағы 12 жылдық педагогикалық зерттеушілік

тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: салыстырмалы педагогикалық ғылыми негізде

педагогикалық зерттеулерді талдау, аналитикалық әдістер, (талдау, синтез,

жинақтау қорыту), салыстырмалы түрде тарихи материалдарға, құжаттарға

талдау жасау, сауалнама, тест, әңгіме, сұхбат жүргізу. Әдістемелік жүйенің

тиімділігін тексеру.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

1. Қазақстанда Германияның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік

педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге білім беру жүйесінің тарихи және

қазіргі заманғы тәжірибесі ең алғаш рет талданып, оның негізі

тенденциялары анықталды.

2. Германия мен Қазақстанның әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік

қызметкерлерді дайындау жүйесіне салыстырмалы түрде талдау жүргізіліп

Қазақстанның білім беру жүйесінде мүмкіндігінше пайдаланудың жолдары

нақтыланды.

3. Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік мамандарды

дайындаудың сапасын айтарлықтай жақсартуға пайдаланылатын тәжірибелер

жүйесі жетілдіріліп, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына өзгерістер

енгізілді, мүмкіндіктері айқындалып, әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні:

( жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап әлеуметтік педагогтарды

дайындаудың «Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс тарихы» бойынша әдістемелік

құрал мен арнайы курс бағдарламасы әзірленді.

( теориялық талдаулар нәтижесінде жасалған тұжырымдар, қорытындылар,

аталған арнайы курс бағдарламасы, әдістемелік құрал мен ұсыныстар жоғары

оқу орындарында маман дайындауда, білім жетілдіру институттары мен осы

саладан білім білік дағдыларды жетілдіру мақсаттарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

( Германия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік

педагогтармен әлеуметттік қызметкерлерді дайындау және еуропалық

тенденцияларды бейнелеу сипаты;

( оқытудың әртүрлі тәжірибелерімен жобалық оқыту арқылы байқалатын оқытудың

нақты бағыты;

( оқу үрдісінің құрылымында бір кезеңдік және екі кезеңдік оқытудың бар

болуы және теориялық кезеңді базалық және негізгі оқытуға бөлу;

( оқу түрлерінің арасында жобалар мен семинарлардың басым болуы.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2000-2001 жж) зерттеу мәселесі бойынша ғылыми және

ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасалды. ГФР орта және

жоғары білім беру жүйесімен танысу жүрді, зерттеу мәселесіне байланысты

методологиялық және әдістемелік көзқарастар анықталды.

Екінші кезеңде (2001-2003 жж) зерттеу проблемасына байланысты

материалдарды жинақтау және топтау жүргізілді, эмпирикалық зерттеулер, яғни

Германия мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының әлеуметтік

педагогика және әлеуметтік жұмыс факультеттерінің ғылыми және әдістемелік

әдебиеттеріне жан-жақты талдау жасалды.

Үшінші кезеңде (2003-2004 жж) жүргізілген зерттеу жұмыстардың

қорытындылары шығарылып, оның материалдарын ПМУ-дың физика-математикалық

факультетінің әлеуметтік педагогикалық бөлімінде шет тілдер факультетінің

неміс бөлімінде «Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың тарихы» пәні бойынша

дәрістер курсы ретінде сынақтан өткізілді, сондай-ақ зерттеу жұмысының

өңделу ісі жалғастырылды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі. Зерттеу

нәтижелерінің талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалары мен зерттеу

пәніне сәйкес әдістерді қолдануымен зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа

сәйкестігімен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестігімен

нәтижелердің жүйеленіп қорытындылауымен олардың тиімділігін тәжірибе

жүзінде тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы: Тәжірибелі-экспериментке Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетінің педагогика кафедрасы, С. Торайғыров атындағы

Павлодар Мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.

Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық

ғылыми-практикалық конференция материалдарында (Павлодар, 2003; Алматы,

2003; Семей, 2003; Алматы, 2004), сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде

жарияланды. Зерттеу нәтижелері Жоғары оқу орындарында, педагогикалық

семинарларда, ғылыми-әдістемелік кешеннің мәжілістерінде, кафедра

отырыстарында талқыланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,

қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу обьектісі,

пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы айқындалып, әдіснамалық

теориялық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық

мәні көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, дәлелдігі мен негізділігі,

зерттеу нәтижесін сынақтан өткізілуі сипатталады.

«Әлеуметтік педагогтармен әлеуметтік қызметкерлерге білім берудің

теориясы мен практикасы» атты бірінші тарауда әлеуметтік мамандарды

дайындаудың мәні ашылып, дайындау тәжірибесі жан-жақты талданады,

дүниежүзінің түрлі елдеріндегі дайындау жүйесінің дамуының негізгі

тенденциялары анықталады.

«Германиядағы әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді

дайындау жүйесінің ерекшеліктері» атты екінші тарауда ГФР-ның әртүрлі

жоғары оқу орындарын осы мамандықтарды оқытудың тарихи және қазіргі заманғы

тәжірибесі талданып, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді

оқытудың ерекшеліктері анықталады, дайындаудың негізгі тенденциялары

сипатталады және Германия мен Қазақстандағы әлеуметтік қызметкерлермен

әлеуметтік педагогтарды дайындау жүйесінің салыстырмалы талдауы беріледі,

бұл алдыңғы қатарлы неміс тәжірибесін Қазақстанда пайдалану мүмкіндігін

негіздеуге жағдай жасайды.

Қорытындыда зерттеу болжамын дәлелдейтін нәтижелер, тұжырымдар, ғылыми

әдістемелік ұсыныстар беріледі және қарастырылып отырған проблеманың

келешекте зерттелетін бағыттары көрсетіледі.

Қосымшада оқу жоспарлары және оқудың бастапқы негізгі блоктары ұсынылады.

1. ӘЛЕУМЕТТIК ПЕДАГОГТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ

ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖIРИБЕСI

1. 1 Жоғары мектепте әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк

қызметкерлерге білім берудің мәнi

әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың мәнiн анықтау үшiн, ең алдымен,

“әлеуметтiк педагог” мамандығына анықтама беру қажет, сондай-ақ оны

“әлеуметтiк қызметкер”, “әлеуметтiк жұмыс” секiлдi мағынасы мен тегi

бойынша ұқсас ұғымдармен салыстыру керек.

Әлеуметтiк педагог - басқалармен салыстырғанда бiздiң ел үшiн

жаңа мамандық. “Әлеуметтiк педагог - делдал, жеке тұлға, отбасы және

қоршаған орта арасындағы, осы ортаның педагогикалық тұрғыдан мақсатқа

сай қайта құрылуына ықпал ететiн байланыстырушы буын” [14] .

Қазақстанда авторлар әлеуметтiк педагогиканың әртүрлi сұрақтарын

басқалармен салыстырғанда жақында ғана қарастыра бастады.

Р. И. Бурганова әлеуметтiк педагогтардың кәсiби дайындығының

үрдiсiн зерттедi, болашақ әлеуметтiк педагогтың студент жастармен

жұмысқа дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан

негiздеп, әдiстемесiн әзiрледi. [1, 20]

Е. З. Батталханов оқушы жастардың гуманистiк дүниетанымының

қалыптасу мүмкiндiктерi мен жағдайларын әлеуметтiк педагогиканың

мәселесi ретiнде зерттедi. [2, 45]

Г. Ж. Меңлiбекова болашақ ұстаздарды әлеуметтiк-педагогикалық

жұмысқа дайындаудың жүйесiн құрудың теориялық- методологиялық

негiздерiн қарастырды, болашақ ұстаздардың әлеуметтiк-педагогикалық

жұмысқа дайындығын қалыптастырудың құрама бөлiктерi мен жағдайларын

интеграцияланған жеке тұлғалық бiлiм беру ретiнде анықтады. [3, 18]

М. Т. Баймуканова болашақ әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың

негiзiн зерттедi. Болашақ әлеуметтiк педагогтардың студенттiк

жастармен отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсiби дайындығын

қалыптастырудың әдiстемесiн әзiрлеу мақсатында жоғары оқу орнындағы

әлеуметтiк педагогтарды кәсiби дайындаудың үрдiсi оның зерттеуiнiң

нысаны болып табылды [4, 35] .

Әдебиеттi талдау әлеуметтiк жұмыста педагогиканың әлеуметтiк

жұмыстың әрекетi құрама бөлiгiнiң негiзi ретiнде әрекет ететiнiн

көрсеттi, өйткенi ақпараттық мiндеттер, қоғам туралы бiлiмдердi

қалыптастырудың сұрақтары, топтағы қарым-қатынастар, қорғалғандықты

тәрбиелеу, жеке тұлғаның өз-өзiне көмек көрсетуге деген дайындығы

негiзiнен педагогикалық әдiстермен шешiледi. Осыған байланысты

әлеуметтiк жұмыстың педагогикалық негiздерi әлеуметтiк

жұмыстың қағидалары,

мазмұны, әдiстерi, жолдары мен құралдары туралы педагогикалық

элементтердi қамтуы керек.

Әлеуметтiк жұмыстың құрылымында педагогика психологиямен қатар

түсiндiру қызметiн атқарады. Әлеуметтiк мiндеттердi шешу көп

жағдайда адамдардың тәрбиелiлiгiмен анықталады, сондықтан педагогика

болжау қызметiн атқарады. Педагогика әлеуметтiк жұмыстың субъектiлер мен

объектiлерiнiң жеке тұлғасының дамуында жетекшi рольге ие болады.

Әлеуметтiк технологияларға кешендi сипат тән. Қазір

республикамызда іске асырылып жатқан білім беру реформасы оның ұйымдастыру-

экономикалық, құқықтық, құрылымдық және мазмұндық бөліктерін түбегейлі

өзгертуге бағытталған шараларға байланысты. Білім берудегі бұл өзгерістердің

мәнін, өзгешелігін білдіретін және бағытын белгілейтін күштер; Қазақстанның

тәуелсіз егеменді мемлекет болуы, экономикалық нарықтық қатынасқа

негізделуі, меншіктің әр түрлі нысандарының дамуы, білім беру саласындағы

дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуі. Салыстырмалы педагогиканың даму

тарихы көрсеткеніндей, дүние жүзіндегі, әр елдегі халыққа білім беру жайын

терең зерттеу қажеттілігі әсіресе әлеуметтік- экономикалық және саяси

реформалар кезінде ерекше күшті сезіледі. Ұлттық білім беру ісін дамытуда

шетел тәжірибесін пайдалану мүмкіндігін, оның ерекшелігін ескере отырып

зерттеуге буржуазиялық революциялар мен Еуропа елдерінде капитализмнің тез

қарқынмен даму дәуірінде ерекше көңіл бөлінді. Олар социологиялық,

экономикалық, құқықтық, психологиялық, медициналық, педагогикалық

қосалқы жүйелердi қамтиды. Педагогикалық элементтер әлеуметтiк

жұмыстың адамның, әлеуметтiк үрдiстiң қатысушысының жеке тұлғасына

жататын мазмұндамалық және процессуалдық құрама бөлiктерiн

жүйелендiредi.

Басқа жағынан алып қарағанда, педагогиканы оқу-тәрбие үрдiсiнiң

заңдылықтары туралы ғылым ретiнде есепке алу керек, оны әлеуметтiк-

педагогикалық мәселелердi шешу үшiн пайдалануға болмайды. Егер бұл

орын алатын болса, онда, бiрiншiден, логикалық негiздер бұзылады,

екiншiден, ғылыми ұғымдар мен әдiстемелiк ыңғайларды педагогикаға тән

жағдайлардан әлеуметтiк ортаға ауыстыру әлеуметтiк-педагогикалық

мәселелердiң мәнiн ашып көрсетпейдi. Аталмыш “әлеуметтiк педагогика”

жаңа ғылыми бағытының пайда болуы мен дамуының өзектiлiгi де

осыған байланысты. А. С. Перуанский әлеуметтiк педагогиканы “қоғамның кез-

келген жастағы әлеуметтiк топтары мен мүшелерiнiң үздiксiз тәрбиесi

мен оқуының әдiстерi туралы ғылым” ретiнде анықтайды [15] . Оның

пiкiрiнше, бүгiнгi жағдайларда әлеуметтiк педагогика қоғамның жүйке

жүйесi болуы керек, оның күштерiн әлеуметтiк дерттерді емдеуге

бағытталуы керек және оларды емдеудiң құралы болуы керек, ал мұнымен

келiспеуге болмайды. Оның қажеттiлiгi экономикалық, медициналық,

психологиялық салаларды қамтитын мәселелердiң кешендiлiгi мен жан-

жақтылығынан туындайды, әлеуметтiк жұмыс деп “қоғамның адамның

өндiрiсi мен қайта өндiрiсi үрдiсiн барынша тиiмдi iске асыру

мақсатында тұрғындарға жағдай жасау мен көмек көрсетуге байланысты

қызмет аясы түсiнiледi” [15, 25; 16] .

Қазiргi заманғы дағдарыстық жағдай тұрғындардың өмiрi кез-келген

уақытта оңай болмаған, ал тарихтың өтпелi кезеңдерiнде мүлде қиындай

түсетiн топтарына, яғни қарттар мен науқастарға, балаларға, әсiресе

толық емес және көп балалы отбасыларындағы балаларға, жұмыссыздарға,

маскүнемдiк және нашақорлық дертiне шалдыққан адамдарға кәсiби көмек

көрсету қажеттiлiгiн туғызды. Мұндай көмектi дүниежүзiнiң көптеген

елдерiнде әлеуметтiк қызметкерлер мен әлеуметтiк педагогтар

көрсетедi. Елiмiзде әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк

қызметкерлердiң жекелеген қызметтерiн мектептердiң, интернаттардың,

әлеуметтiк қамтамасыз ету қызметтерiнiң, қарттар үйлерiнiң

қызметкерлерi, неше түрлi мамандықтардың өкiлдерi орындады.

Алайда, 80-шi жылдары дәрiгерлердi

“зиян келтiрме” деген өсиетiн басшылыққа алып, кәсiби түрде

әлеуметтiк-педагогикалық көмек пен қолдау көрсете алатын мамандарды

дайындау қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi. 1991 ж. 20 мамырында КСРО халыққа

бiлiм беру жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi “Әлеуметтiк педагогика”

мамандығын бекiттi. Сонымен бiр уақытта “Әлеуметтiк жұмыс” деген де

мамандық бекiтiлдi. Олар негiзiн адамдарға риясыз көмек көрсету

мұқтаждығы секiлдi альтруизм құратын, мәнi мен мазмұны бойынша

ұқсас мамандықтар болып табылады. Олардың қызмет аясы да ортақ.

А. В. Мудриктiң пiкiрiнше, барлық педагогтарды әлеуметтiк қызметкерлер

деп те санауға болады [17] . Сол секiлдi, әлеуметтiк қызметкерлер де,

кәсiби тұрғыдан алғанда, педагог болып табылады. Мысал ретiнде әдетте

арнайы педагогикалық бiлiмi жоқ әлеуметтiк қамтамасыз ету

қызметтерiнiң қызметкерлерi мен қамқоршы мейiрбикелердi алып қарауға

болады.

И. А. Липскийдiң пiкiрiнше, әлеуметтiк жұмыс клиенттiң

мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылса, әлеуметтiк педагогика

әлеуметтiк ортаны қайта құруға, шиеленiстердiң алдын алуға, жеке

тұлға мен социумның қарым-қатынастарын оңтайландыруға бағытталған

[18] . “Жаңа мамандыққа кiрiспе” атты әдiстемелiк хатта әлеуметтiк

педагог өзiнiң мақсаты бойынша мәселенiң алдын алуға, оны

тудыратын себептердi уақытында анықтауға және жоюға, әртүрлi керi

құбылыстардың, адамдардың мiнез-құлқындағы ауытқушылықтардың бастапқы

профилактикасын қамтамасыз етуге және осылайша оларды қоршаған

микроортаны сауықтыруға тырысатыны көрсетiледi. Сонымен бiрге,

әлеуметтiк қызметкер қалыптасқан мәселемен айналысады (маскүнемдiк,

нашақорлық, қаңғыбастық, жұмыссыздық, ауру, мүгедектiк, табиғи

апаттар және басқалар), бұл әлеуметтiк көмектiң арнайы түрлерi мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсi
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Әлеуметтік педагогтың кәсіби, адамгершілік сапалары
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
Химиядан үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz