Нарықтық қатынастар жағдайларында экономиканың сапасын көтеру механизмінің қызмет етуінің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Нарықтық қатынастар жағдайларында экономиканың сапасын көтеру механизмінің қызмет етуінің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу.

1. 1. Экономикалық сапа түсінігі және оның маңызы . . . 6

1. 2. Экономиканың сапа деңгейіне әсер ететін факторлар және механизмдер . . . 19

1. 3. Экономиканың сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау әдістері . . . 29

2. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайындағы экономиканың қазіргі жағдайын бағалау.

2. 1. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын талдау . . . 35

2. 2. Әлеуметтік сфераның қазіргі жағдайын бағалау . . . 53

2. 3. Экономиканың сапасын көтерудің қолданыстағы механизмін талдау . . . 70

3. Экономиканың сапасын көтеру механизмдерін мемлекетте пайдалануды жетілдіру бағыттары

3. 1. Мемлекет тарапынан сапаны көтеруді жетілдіру жолдары . . . 82

3. 2. Сапаны көтеру механизмдерін жетілдіру бағыттары . . . 98

3. 3. Сапа саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық саясатын қалыптастыру . . . 109

Қорытынды . . . 120

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 122

Қосымша . . . 127

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай экономиканың сапасын көтеру мәселесі қазіргі даму сатымызда ең бір маңызды мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда сапаны көтеру механизмдерін зерттеу және оларды мемлекеттің пайдалану мәселелері аса өзекті болып табылады.

Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Біздің еліміздің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуы және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту. Және мұның қажетті шарты - Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге экономиканың барлық деңгейінде - бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келеді. Жүйелілік - біздің осы заманғы әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел жылжуымыздың басты қағидасы.

Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз алда тұрған басты міндетті шешуге тиіспіз.

Бүгінгі таңда әлемде көптеген сапаны басқару жүйелері қолданылады. Осы жүйелерді қолдана отырып кез-келген мемлекет өз экономикасын тиісті деңгейде көтеріп өркендетеді.

Экономиканың сапасын көтеру өндірістік технологияның дамуы және адамдардың сұранысынмен байланысты дамып отырады. Күн сайын мәдениеттің және білім деңгейінің көтерілуі де экономиканың сапасын көтерудің бір көзі болып табылады.

Ұйымдық-экономикалық және техникалық мәселелер, казіргі уақытта сапаны көтерудің негізгі зерттелу пәні болып табылады. Оны шешудің жолдары арнайы ғылым саласында жүзеге асырылады.

Экономиканың сапасын көтеру қазіргі уақытта мемлекетте өзекті мәселе болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының экономикасының сапасын көтеру механизмімен байланысты, соның ішінде қазіргі заманға сай технологияны дамыту, өз елімізде бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру, салық саясаты механизмдерін жетілдіру, екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру механизмін жетілдіру, қазіргі заманға сай, білімі жоғары мамандар дайындау және тағы басқа көптеген мәселелерді шешу негізгі қажеттілік болып табылады.

Сонымен қатар нақты экономикалық модель жасап, сапаны көтеру механизмдерін құрып экономика сапасын жоғары деңгейге көтеру. Сондай-ақ бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгілеу.

Осы айтылған мақсатты жариялау және ел экономикасы сапасын жоғары деңгейге жеткізу бұл алда тұрған міндеттер.

Зерттелу деңгейі: экономиканың сапасын көтеру жайлы мәселелерді жайлы мәселелердің зерттелуі батыс ғалымдарының, американдық және ресейлік зерттеушілер арасында кеңінен қарастырылған. Ал Қазақстанда бұл мәселені зерттеу қайта құру кезеңінен бастап қолға алына бастады. Осы өзекті мәселе ең алғаш Э. Деминг қарастырған. Одан кейін XX ғасырда Мэррейдің, Маслоудың, Рокичтің жұмыстарынан, Шеттің, Ньюманның және Гросстың зерттеулерінен көруге болады. Кейін бұл мәселе орыс жазушылары Исикавтың, Версанның, Чайканың, Окрепиловтың, Амирджанянцтың, Куменің және тағы басқа көптеген жазушылардың еңбектерінде көрініс тапты.

Жұмыс тақырыбының мақсаты: экономиканың сапасын көтеру механизмдерін анықтау және қазіргі таңдағы қолданылып отырған экономиканың сапасын көтеру механизмдерін жетілдіру. Сондай-ақ, экономиканың сапасын арттыру жағдайындағы әлеуметтік сфераның қазіргі жағдайын кеңінен қарастырып, оның дамуына экономиканың сапасын көтеру жағдайларының ықпалы қарастыру.

Зерттеу жұмыстың міндеті:

  1. Экономиканың сапасын көтеру механизмінің қызмет етуінің теориялық негіздерін зерттеу;
  2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру жағдайындағы экономиканың қазіргі жағдайын бағалау;
  3. Экономиканың сапасын көтеру механизмдерін жетілдіру.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайы және әлеуметтік сферасы. Елімізде қазіргі кездегі экономиканың сапасын көтеруде қолданылатын механизмдер.

Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстанда экономиканың сапасын көтеру мәселелері, оған әсер ететін факторлар, көрсеткіштер, сонымен бірге өнім сапасын көтеру мәселелері, бәскеге қабілетті өнім өндіру мәселелері, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы еліміздің экономикасының сапасын көтеру стратегиялары.

Жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ЭКОНОМИКАНЫҢ САПАСЫН КӨТЕРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ

1. 1. Экономикалық сапа түсінігі және оның маңызы

Сапа теориясының қалаушысы Э. Деминг жаман сапаның себептерін талдай отырып, оларды екі негізгі топтарға бөледі: арнайы себептер және жүйемен байланысты себептер (жүйелік) . Оның бағалауынша, біріншінің үлесі 6% құраса, ал басқа себептер - 94% жүйелік мазмұнда болады. Сапа облысындағы басқа ірі беделді Дж. Джуран өзінің жұмыстарында 15% сапаға сәйкес келмеуі жұмысшылардың қателіктерінен деп жазған. Қалғандары 85% әкімшілік жағынан жаман басқаруымен түсіндіріледі. Яғни, әр объекттің сапасын өзгерту сапаның арнайы жүйесін құру салдарын жою арқылы болады.

Сапаға әсер ететін факторларды үш негізгі топтарға бөлуге болады: объективті, субъективті және арнайы.

Объективті факторлар өндірісті материалдық-техникалық қамсыздандырумен, оның стандарттау деңгейімен, жобалық құжаттануды даярлау сапасымен байланысты. Бұл факторлар жаңа тауар өндірісінің мүмкіндігін айқындайды.

Субъективті факторлар кәсіпорынның ұйымымен, оның кәсібилігімен, тәжірибесімен, мәдениетімен байланысты. Бұл факторлар сапаға айтарлықтай әсер етеді. Арнайы факторларға арнайы нарықтағы сапаға әсер ететіндер жатқызылады. Мысалы, ең сапалы киім жеке алынған аймақта сатылмауы мүмкін, бірақ басқа жақта жақсы сатылады. Бұл өндірушілердің берілген аймаққа тән мәдени, этникалық ерекшеліктерін ескермеуден болады. Жоғарыда айтылғандай, мұндай өнім сапалы бола алмайды, бірақ технологиялық тұрғыдан жетілдірілген болу мүмкін. Сапаға әсер ететін факторлар 1 суретте берілген.

Сапаның проблемаларымен қызығатын ұйымдардың басқарушылары үшін мына сұрақтар өзекті болып келеді: сапалы өнімді қалай шығару керек? Сапаға қалай жылжу қажет? Бұл жолдың кезеңдері қандай? Сапаның қандай жүйелері бар? Оларды қалай құру керек?

Адамды операциялық жүйе ретінде қарастырған өндіріске бағытталған басқару жүйесінің өндірістік үнемділігінен бас тарту - жүйе ретіндегі кәсіпорынның тиімділігі адамға, қазіргі менеджменттің орталық мәселелері болып табылатын кадрлық потенциалды қолдану және өсірту тиімділігіне байланысты болады. Оның әлеуметтік қызметі ретінде тұлғаның өзіндік даму мүмкіндіктерін іске асыру үшін және өндіріс тиімділігін өсірту негізінде адамның рөлін, мәнін үздіксіз арттыру болып табылады. Сондықтан бұлар сапаға әсер ететін факторларға да байланысты болып тапылады. Сапаға әсер ететін факторларға келетін болсақ, ол 1 суретте көрсетілген.

1 сурет - Сапаға әсер ететін факторлар

Сапа проблемалары Академиясының академигі В. Е. Швецтің ойынша, қазір сапа экономикасының теориясы мен тәжірибесіне әсер еткен негізгі концептуалды әдістемелерді атап өтуге болады (2 сурет) .

Берілген әдістемелерді жіктеу негізіне екі шарт жатады:тұйық - ашық- үнемділік - әлеуметтік. Бұл критерилер менеджменттің қазіргі әдістемелік жағдайларына байланысты анықталады.

Тұйық Ашық

I

Сапаны бақылау

(Тейлор жүйесі), сапаны бақылаудың статистикалық әдістері - SQC

III

Сапа менеджменті - QM

IСапаны бақылау(Тейлор жүйесі), сапаны бақылаудың статистикалық әдістері - SQC:

II

Сапаны жалпы басқару - TQC

IIIСапа менеджменті - QM:

IV

Сапаның жалпы менеджменті - TQM

Үнемділік

Әлеуметтік

2 сурет - Сапа экономикасының негізгі концепциялары

Басқарудың жағдайлық әдістемесі - бұл кәсіпорынның ішіндегі барлық ұйымдастыру түрлі сыртқы әсерлерге деген жауап болып табылады. Бұл әдістеменің орталық жағдайы - берілген кезеңде кәсіпорынның жұмысына әсер ететін жағдай. Осы кезде ұйымдастырушылық механизмдерді және әдістерді қолдану қабілеттілігі, реакцияның жылдамдығы және адекваттылығы қажет, яғни ұйым өзін ұйымдастыратын жүйе ретінде қарастырылады.

Жоғарыдағы жағдайлар өнім сапасының әдістемесіне қажетті өзгерістерді енгізуге және сапа облысындағы ойлау эволюциясын түсінуге мүмкіндік береді.

Тауар - бұл тұтынушылық қасиеттері бар көп аспектті түсінік болып табылатын нарықтың негізгі категорияларының бірі. Нарық қатынастарында сатып алушы үшін тауарлардың тұтынушылық құндылығы бәсекелестіктің өсуімен бірге өседі. Тауардың тұтынушылық құндылығы адамның қажеттілігін қамсыздандыратын сипаттамаларымен сипатталады. Негізінен, бұл сипаттамалар тауардың тұтынушылық құндылығын белгілі бір кезде және нарықта қалыптастыратын факторлар болып табылады (3 сурет) . Жалпы, барлық факторлар үш классқа бөлінеді:

1) материалдық қажеттіліктерді (эргономикалық, утилитарлы) қанағаттандыратын және сыртқы қалыптасудың көрсеткіштері мен экономикалық көрсеткіштері әсерінен қалыптасатын сипат;

2) материалдық емес қажеттіліктерді (рухани, мәдени қажеттіліктер, т. б. ) қанағаттандыратын және сапа факторлары мен экономикалық көрсеткіштері әсерінен қалыптасатын сипат;

3) уақыт ішінде (сенімділік, мода, т. б. ) қажеттіліктердің қанағаттандырылуын қамсыздандыратын сипат.

Жеке адам мен қоғам үшін тауардың тұтынушылық құндылығы уақыт ішінде әрдайым өзгереді және адамдардың сатып алу қабілетіне байланысты болады.

Мэррея (1938 г. ), Маслоу (1943 г. ), Рокич (1973 г. ) жұмыстарында, сондай-ақ Шеттің, Ньюманның және Гросстың (1991 жыл) жаңа зерттеулерінде тауардың пайдалылығы мыналардың әсерінен қалыптасады:

  1. бірінші және екінші;
  2. позитивті және теріс;
  3. нақты және латентті;
  4. сезінген және сезілмеген қажеттіліктер.

Қажеттіліктер ішкі және сыртқы факторлармен азғартылады. Олар үш жағдайда өмір сүре алады:

1) рефракторлы, егер қажеттіліктің пайда болуына әсер етпейтін мүдденің болуы;

2) сендіртетін, егер қажеттілік белсенсіз, бірақ қоздырылған болса;

3) белсенді, егер қажеттілік организмнің тәртібімен анықталса.

Өнімнің тауар ретіндегі тұтынушылық құндылығын қажеттіліктің үштен бір бөлігі ғана қалыптастырады. Ол тұлғаның даму кезеңдері және оның тауарды сапа секілді көрсеткіш арқылы бағалаудан көрінеді.

Сапа - ұлттық экономиканың даму деңгейі мен динамикасынан түрлі шаруашылық бірліктегі сапаның қалыптасу процесін басқару және ұйымдастыра алуға дейінгі көптеген факторлардың көрінуін сипаттайтын синтетикалық көрсеткіш. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сапа көрсеткіші өзінің субъективтілігімен бірге қоғам мен жеке тұлғалармен объективті түрде бағаланады. Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен сапа бойынша, яғни жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейімен бағаланады.

Тауардың сапасын көтеру басқарудың қызметі болып табылады. Сапаны әлеуметтік басқару тауар-ақша қатынасы саласында қызмет ететін тауардың сапасын жетілдірту және дамыту, оны сақтау мақсаты бар қоғамға әсер ету деп түсіндіруге болады. Сапаны басқару тауардың сапасын көтеру және сақтау бойынша қызметті менеджменттің жеке қызметі және тауар өндірудің технологиялық процесінен бастап оны сатып алушының тұтынуымен бітетін сапаға жету процесі ретінде бөліп көрсетуге болады. Сапаны басқару қызметі ретінде ол тауар өндірісін бақылау және тауарды құру, сақтау, тұтынушыға өткізу кезінде белгілі прогрессивті технологияларды қолдануда көрінеді.

Тұтынушыны еңбек өнімнің табиғаты емес, тұтыну объекті болып табылатын қажетті қасиеттері бар тауарға айналатын өнім қызықтырады. Тұтыну заты ретінде тұтыну әдісі, құрылымы, бағыттылығы бойынша әртүрлі өнімдер. Қандай да бір өнімнің түрлі қасиеттері болады және әртүрлі қолдану әдістеріне жарамды бола алады. Өз кезегінде, жеке өнімге тән қасиеттердің жиынтығы оны ұқсас заттардан ажыратады және «сапа» деп аталатын объективті-субъективті қасиетін көрсетеді, оның бір деңгейіне жата алады.

3 Сурет - Тауардың тұтынушылық құндылығын қалыптастыратын көрсеткіштер

Сапа көп ғасырлық даму жолынан өткен, бұл 1 кестеде көрсетілген. Сапа қоғамдық қажеттіліктердің және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерінің өсуімен бірге дамыған.

1 кестеде көрсетілгендей халықаралық стандарт сапаны экономикалық категория ретінде ғана емес, сонымен қатар, сапа көрсеткіштерінің түрлі жақтарына бірдей әдістемелерді де көрсеткен, оларды стандарттауға болатындарға және тауар болудың белгілі жағдайларымен шектелгендерге бөлген (4 сурет) .

Сапа көрсеткіштерінің болуы сапа тұрғысынан тек салыстырылатын тауарларды ғана бағалауға болатынын айтады. Бірақ та, жеке тауарларда олардың сапасын бақылайтын тұтынушылық сипаттар бар.

Сапа - тек нарықтық экономикаға ғана тән емес категория. Ол түрлі формациядағы адамдардың санасында және жағдайларда бар. Дегенмен, адам үшін қиын жағдайларда сапаның өнімді тауар ретінде қабылдай алмайтын шектеуі бар. Бұл адамдар үшін сапаның үлкен маңызы туралы айтады, оларды белгілі деңгейлер бойынша бағалайды:

  • бірінші деңгей - «стандартқа сәйкес»;
  • екінші деңгей - «қолдануға сәйкес»;
  • үшінші деңгей - «нарықтың сұраныстарына сәйкес»;
  • төртінші деңгей - «латентті (жабық) қажеттіліктерге сәйкес».

Бірінші деңгейде сапа мемлекеттік стандарт, техникалық жағдайлар, коммерциялық шарттар және т. б. талаптарына сәйкес болу ретінде бағаланады.

Екінші деңгей тек өндірістік технологиялар стандарттарына сәйкес болуын ғана емес, сондай-ақ нарықта сұранысқа ие болу үшін тұтынушының талаптарына сәйкес болуын көрсетуі қажет.

Үшінші деңгей жоғары сапалы және төмен бағалы тауарды сатып алушының талаптарының орындалуын көрсетеді.

Төртінші деңгейде қажеттіліктерді қанағаттандыратын тұтынушылық қасиеттері бар тауарларды сатып алушылар көрсетілген.

Тұтынушыны еңбек өнімнің табиғаты емес, тұтыну объекті болып табылатын қажетті қасиеттері бар тауарға айналатын өнім қызықтырады. Тұтыну заты ретінде тұтыну әдісі, құрылымы, бағыттылығы бойынша әртүрлі өнімдер. Қандай да бір өнімнің түрлі қасиеттері болады және әртүрлі қолдану әдістеріне жарамды бола алады. Өз кезегінде, жеке өнімге тән қасиеттердің жиынтығы оны ұқсас заттардан ажыратады және «сапа» деп аталатын объективті-субъективті қасиетін көрсетеді, оның бір деңгейіне жата алады.

Сапа - иілмелі және өзгеретін түсінік. Бұл сапаның түрлі анықтамаларына әкелді. Мысалы, американдық Ральф Недер сапаны «сұраныстан шығатын сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру» деп сипаттайды. Француз мемлекеттік стандартында 1987 жылы былай деп айтылған: «өнімнің және қызметтің сапасы фирманың өмірлігімен сипатталады».

1 Кесте - Сапа түсінігінің тарихи дамуы

Тұжырымның авторы
Сапа анықтамасының тұжырымы
Тұжырымның авторы:

Аристотель

(III ғ. б. э. д. )

Сапа анықтамасының тұжырымы:

Заттар арасындағы айырмашылық.

«Жақсы-жаман»сипаты бойынша дифференциация

Тұжырымның авторы:

Гегель

(XIX ғ б. э. д. )

Сапа анықтамасының тұжырымы: Сапа болмыстың анықтамасымен бірдей, сондықтан егер бір нәрсе өзінің сапасын жоғалтса, онда ол өз болмысын жоғалтады.
Тұжырымның авторы: Қытай болжамасы
Сапа анықтамасының тұжырымы: Сапаны білдіретін иероглиф, екі элементтерден - "тепе-теңдік" және "ақша" тұрады, сондықтан сапа «жоғары класс», «қымбат» деген түсініктерге тең.
Тұжырымның авторы: Шухарт (1931 ж. )
Сапа анықтамасының тұжырымы: Сапаның екі түрі бар: объективті, физикалық сипаттамалар, субъективті жағы: зат қаншалықты «жақсы».
Тұжырымның авторы:

Исикава К.

(1950 ж. )

Сапа анықтамасының тұжырымы: Тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа.
Тұжырымның авторы:

Джуран Дж. М.

(1974 ж. )

Сапа анықтамасының тұжырымы: Қолдануға деген жарамдылық. Сапа - бұл тұтынушыны қанағаттандыру деңгейі. Сапаға жету үшін өндіруші тұтынушының талаптарын білу керек және бұл талаптарды қанағаттандыратындай өнім жасау қажет.
Тұжырымның авторы: ГОСТ-15467-79
Сапа анықтамасының тұжырымы: Өнімнің сапасы - белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамды өнім қасиеттерінің жиынтығы.
Тұжырымның авторы:

Халықаралық стандарт

ИСО 8402-86

Сапа анықтамасының тұжырымы: Сапа - бұл өнім немесе қызметтің қасиеттері және сипаттарының жиынтығы, ол қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілет береді.

Тауар сапасының бірыңғай көрсеткіштері

4 сурет - тауар сапасының бірыңғай көрсеткіштері

Сатып алушы үшін сапалы тауар жоғары кластың тауары ғана емес. Бұл мақсатты топтың қажеттіліктерін қамсыздандыратын жәй тауар болып табылады. Сол себептен әлемдік кеңістікте сапаның анықтамасы келесідей: «Сапа бұл тауардың қасиеттері мен сипаттарының жинағы сатып алушының қажеттіліктері мен күтімдерінің жиынтығына сәйкес келуін айтамыз» (Groocock, 1986) . Сондықтан, сапаны толық бағалау бір бағалық деңгейде бірдей қажеттіліктерді қанағаттандырғанда ғана болады. Сатып алушыны қанағаттандыру бұл оның тауардан күтілетін күтімдерін және оның нақты мүмкіндіктерін қабылдау арасындағы сәйкестілік деңгейінің қызметі болып табылады. Яғни, сатып алушы өзінің жеке қажеттіліктеріне жауап беретін тауардың жетілу деңгейін талап ету арқылы өктемдік етеді. Сапаны басқару мақсатты топ жағынан сатып алуға деген күтімдерді және мотивацияларды жақсы білуді қажет етеді. Сондықтан, барлық регламентация мен стандартизация кезінде сапа - салыстырмалы түсінік болып табылады. Нарықта әрбір сегмент үшін өзіндік сапа түсінігі бар, ал регламенттер мен стандарттар оның шегіне сай келеді. Бұл дегеніміз әрбір күтілетін сапаның деңгейіне және бағаның диапазонына түрлі пайдалалар жинағы сәйкес келеді. Сол себептен Қазақстан Республикасында сапаның деңгейлерімен жұмыс істеу үшін келесі берілгендерді ұсынуға болады:

  • тауардың функционалдық сәйкестігі, яғни тауардың өзінің негізгі қызметін дұрыс атқару қабілетін айтамыз;
  • қосымша функциялар, яғни қандай-да бір қосымша қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын тауардың кеңейтілген мүмкіндіктері;
  • регламенттеуге және стандарттарға сәйкес келу, яғни тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтағы жетілген деңгейдегі нормаларды сақтау;

-сенімділік, яғни берілген мерзімдегі жұмыстағы кемшіліктердің болмауы;

-өмірлік, яғни қызмет етудің пайдалы мерзімінің болуы;

- сервис, яғни сату кезінде, сатудан кейінгі және сатуға дейінгі қамтамасыз ететілетін жылдамдық және тиімділік аралығы;

  • әсемділік дизайн, түр, түс, дәм және басқа да органолептикалық қасиеттер секілді;
  • өндіруші бағалауының сапасы, яғни беделділік, имидж, марка және т. б.
  • тұтыну бағасының төмен шегінің сәйкестілігі, яғни жасалған нормалар мен регламентациялар деңгейінде бағадан басқа тауарды қолдану және жөндеуге кететін шығындарды сатып алуының болуы.

Сондықтан, сапаның негізгі көрсеткіші болып тұтынушыларды тауармен қанағаттандыру деңгейі табылады. Жалпы, сапаның деңгейін көтеру мәселесі ретінде халықты бұл тауар арқылы жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін көтеру болып табылады. Тауар сапасының деңгейі өндірушінің нарыққа және сатып алушының сұранысына бейімделудің әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Тауар сапасының деңгейден деңгейге өтуі кәсіпорынның сатып алушы жағдайларына бейімделу деңгейін көрсетеді.

Белгілі француз маркетологы Жан-Жак Ламбен сапаны «берілген нарықта сатылатын әр өндірілген тауардың белгілі жетілу деңгейі» деп сипаттайды. Ресей экономистері Д. С, Львов и Ю. Азыков сапаны тұтыну жағдайларындағы нақты қажеттілікке сәйкес келу деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастырады. AJL Боярский, В. И. Сиськов, Д. С. Львов, В. И. Седов, П. М. Рабинович, Г. И. Кузнецов жұмыстарында сапа «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі», «сатып алушының сұраныстарын қанағаттандыру деңгейі», «өнімнің көрсеткіштеріне және оны тұтыну жағдайына сәйкес келу», «нарықтағы бәсекелестікке сәйкес келу» ретінде қарастырылады. Сапа категориясын тұтынушылық сипат және мемлекеттің қауіпсіздігін, халықтың өмір сүруін қамсыздандыру үшін оларды сақтау қажеттілігін анықтайтын көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Мұндай сапаның көлемді анықтамасы белгілі нарықтың қызмет етуінің экономикалық жағдайларына байланысты сапа категориясын анықтауды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
Бизнес жүйесі
Заңды тұлғаларға салық салу
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Шағын кәсіпорындардың қызметін басқару
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz