Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары (Іле Алатауы мысалында)


Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы
РМК «География институты» МЕК
ӘӨК 911. 2+574(574) Қолжазба құқығында
Ботбаев Абдулин Керімжанұлы
Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары
(Іле Алатауы мысалында)
25. 00. 23 - Физикалық география және биогеография, топырақтар географиясы және ландшафттар геохимиясы
География ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі
География ғылымдарының докторы
А. Р. Медеу
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
қысқартУлар тізімі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның таулы және тауалды аудандарындағы сел құбылыстары халыққа, шаруашылық және табиғи нысаналарға айтарлықтай зиян әкеледі. Бұл аумақтарда халықтың өмір сүруі мен шаруашылық іс-әрекеті, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның қызмет етуі сел қауіп-қатерімен өзара байланыста болып келеді.
Әлеуметтік, техногендік және экологиялық салалардың қауіпсіздігі сел қауіп-қатерін басқарудың арқасында қамтамасыз етіледі. Қауіп-қатерді басқарудың пәрменді құрамдастарының бірі сақтандыру болып табылады.
Табиғи сипатта қауіп-қатерден сақтандыру дүние жүзінде жеткілікті түрде кең тараған және оның ұзақ тарихы бар. Бірақ сақтандырудың ғылыми негізделген, оның ішінде қауіп-қатердің физикалық-географиялық ерекшеліктерін ескеретін әдістемелік негізінің жоқ болуы басқарудың бұл тәсілінің тиімділігін төмендетеді. Дүние жүзінің әр түрлі жақтарында жуықта ғана өткен апаттық су тасуларының, тайфундардың және цунамилардың жағдайларында жапа шеккендерге де және сақтық компанияларға да айтарлықтай зиян келеді.
Осыған байланысты сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарларын және оның тұжырымдық-әдістемелік негіздерін басқару жүйесінде іс жүзіне асыру өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелуі. Әр түрлі елдердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың алдын ала күш салуларына қарамастан дүлей апаттардың салдарынан адамдар мен экономикалық шығындар барған сайын өсуде. XX-ғасырдың екінші жартысында өте-мөте қарқынды байқала бастаған және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан дүние жүзіндегі технологиялық және табиғи апаттардың өсуі куәландырылған факт. БҰҰ-ның деректері бойынша, тек соңғы 10 жылдың ішінде ғана экономикасы дамыған елдерде 10036, Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде 468, Африкада 1225, Шығыс Азия мен Тынық мұхит ауданында1217 ірі табиғи апаттар болды. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өткен 10 жылда табиғи апаттардың салдарынан өлген адамдардың саны 50%-ке өсті. 1994-2003 ж. ж. өлген адамдардың жалпы саны 478000 адамға, ал зардап шеккендердің жалпы санынан 97%-і гидрометеорологиялық қауіптермен байланысты дүлей апаттардың есебінен болды. 1984-2003 ж. ж-дағы дүлей апаттардан болған жалпы экономикалық зиян 690 млрд. доллардан асып түсті.
2004 жылдың қаңтарында Кобе қаласында (Жапонияның Хиого провинциясында) БҰҰ-ның басқаруымен Бас Ассамблеясының қаулысына сәйкес табиғи апаттардың қауіптілігін азайту бойынша Дүниежүзілік конференция болып өтті, оның өзектілігі 2004 жылғы желтоқсанда цунамидің өтуімен байланысты оңтүстік-шығыс Азиядағы қайғылы оқиғалар шиелендірді. Конференция БҰҰ-ның атынан оның Бас ассамюлеясының қаулысына сәйкес өтті. Конференцияға дүниежүзінің 168 елінен 4000-ға жуық делегат қатысты. Бұдан басқа конференцияға үкіметтік емес ұйымдардың 161 өкілі қатысты.
Конференция бірқатар маңызды қаулылар қабылдады, олардың ішінен мемлекеттер мен қоғамдастықтардың деңгейінде апаттарға қарсы әрекеттердің әлеуетін құруды көздейтін Хиого мәлімдемесі мен 2005-2015 жылдарға арналған әрекеттердің Хиого жақтаулы бағдарламасын атауға болады.
Хиого мәлімдемесі әр түрлі апаттардың қауіп-қатерлерін азайту стратегиясын жалғастырудың саяси қалауын растады.
Бағдарламаға енген басымды бағыттардың ішінде апаттар қауіп-қатерінің факторларын айқындау, бағалау және мониторингі мен бұрынғы ескертулерді жақсарту; барлық деңгейлерде апаттарға қарсы әрекеттерге қолайлы жағдайлар мен әлеует жасау үшін білімдерді, жаңашыл шешімдер мен білімдерді пайдалану аталып өтті.
Шүбәсіз айтқанда, дүлей апаттардың келтіретін зиянды болдырмау және азайту проблемасын шешудегі басты мәселе мемлекеттің ойластырған жауапты және ықпалды саясаты болып табылады. Бірақ мемлекеттің жалғыз өзі азаматтарға, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға және кәсіпорындарға келтірілген зиянның орынын толық толтыра алмайды және толтыруының да керегі жоқ. Зиянның орынын толтыруда (әр түрлі бюджеттік қаражаттардан, әр түрлі қорлардан және кәсіпорындардың өз қаражаттарынан басқа) айтарлықтай рөлді дүлей апаттардан сақтандыру шаралары атқаруы керек. Табиғи қауіп-қатерлерден сақтандыру сақтандырушылардың сақтандыру жарналарын төлеу есебінен жүзеге асырудың жағдайында зияндарды жабудың қаржылық кепілі болатын бір уақытта ақша қаржыларының тұрақты сақтандыру қорларын құру кезінде апаттарды болдырмауға бағытталған алдын ала жасалған іс-шараларды жүргізудің мүмкіндігін өз ішінде қолайлы үйлестіретін пәрменді экономикалық механизмдердің бірі болуына қабілетті.
Тұтастай алғанда сақтандыру өркениетті елдерде ұзақ уақыт бойы дамып келеді және кеңінен тараған. Және де елдің экономикалық даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым сақтандырушылар мен сақтандырылатын қауіп-қатерлер саны көп болады. Дүниежүзінің ең ірі сақтандыру компанияларының әр қайсысы жылына 200 млрд. долларға дейін қаражат жинайды. Қазірде бұл жаһандандырылған сақтандыру индустриясы болып табылады, өйткені дүние жүзіндегі барлық қауіп-қатерлер қайтадан сақтандырылуда.
Сақтандырудың жеткілікті түрде жақсы әзірленген және ғылыми негізделген әдістемесі, тетіктері және құралдары бар (Д. Бланд, Ф. Эллис, П. Фокс, Г. Хазелл, Е. В. Коломин, В. В. Шахов, С. К. Казанцев, Т. В. Никитина, Е. Гарькуша, С. Сербиновский) . Актуарлық есептеудің әдістері (сақтық тарифтік мөлшерлемелерді есептеу) сақтандыру уақиғалары келуінің ықтималдығын есептеуге мүмкіндік береді және сақтандыру компанияларына келтірмейтін жаппай төлемдердің мүмкіндігін қамтамасыз етеді (К. Бурру, Е. А. Дюжиков, Г. З. Миннулина, В. И. Рябкин, Г. И. Фалин, А. И. Фалин) . Дегенмен де сақтандыру аясында ғылыми зерттеулер қарқынды жалғасуда. Бұған қоса сақтандырудың жалпы тұжырымдық-әдістемелік негіздері мен оның әртүрлі қырдары дамуда. Сақтандырудың экономикалық, құқықтық, ұйымдық негіздері жетілдірілуде. Кейінгі уақытта сақтандырудың географиялық қырларын зерттеу дами бастады, бұл «Сақтандыру географиясы» (Ю. Панков, Ф. Н. Мильков) деп аталып жүрген арнаулы ғылыми пәннің қалыптасуына көмегін тигізді.
Табиғи қауіп-қатерден сақтандыру, әдеттегідей, кешенді сақтандырудың құрамында жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл зардап шеккендерге апатты табиғи құбылыстар әкелген зиянды сақтандырудың басқа түрлерінің есебінен өтеуді қамтамасыз етеді. Мысалы «Катрин» дауылының нәтижесінде зардап шеккендерге сақтандыру компаниялары 30 млрд. долларға дейін төлеп отырады, бірақ тұтастай алғанда, бұл дауыл өткен аумақта орналасқан мүлік 150 млрд. долларға сақтандырылған. Швейцарияда, Австрияда және Германияда өткен су тасқыны басқан зоналарда су астында қалған мүлік түгелдей сақтандырылды. Бірақ алапатты апаттың жағдайында табиғи қауіп-қатерлердің физикалық - географиялық ерекшеліктері жеткіліксіз есептелген болса, сақтандыру компаниялары зиян шегетін болады да, сақтандыру төлемі үшін басқа мақсаттарға арналған резервтерді пайдалануға мәжбүр болады. Осыған байланысты сақтандыру индустрияда табиғи қауіп-қатерлерден сақтандыру ерекше мәртебеге ие болады. Қазіргі уақытта экологиялық қауіп-қатерлерді сақтандырудың мәселелері белсенді зерттелуде (Г. А. Моткин, А. Л. Бажайкин, С. Елохин, Ф. Н. Мильков, Р. Т. Давыдов және т. б. ), оларды іс жүзіне асыру жұмыстары басталуда. Басқа табиғи қауіп-қатерлерді сақтандырудың қажеттілігі негізінен тек жарияланып қана қойылуда, бұл бағытта ауқымды зерттеулер байқалмайды. Бұл уақыттың өзінде табиғи қауіп-қатерлер теориялық база, есептеудің әдістерін және болжаулар жасауға, көрінудің аймақтық заңдылықтарын айқындауға бағытталған көптеген және байыпты зерттеулердің нысанасы болып табылады (С. К. Шойгу, В. А. Акимов, В. И. Осипов, А. Л. Рагозин және басқалар) . Табиғи қауіп-қатерлердің физикалық - географиялық бейнесін құру жөніндегі жұмыстар айтарлықтай орын алуда (С. М. Мягков, А. С. Куратова, А. Л. Шныпарков және басқалар) . Олардың географиялық ерекшеліктерін ескерген бұл зерттеулердің нәтижелері табиғи қауіп-қатерлерден сақтандырудың әдістемесінің ақпараттық-талдаулық негізі болуы керек.
Қазақстанның таулы және тауалды аудандарында тараған қауіпті табиғи құбылыстардың арасында сел тасқындарының рөлі айтарлықтай болып келеді. Олардың келтіретін зияндары әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге үлкен ауыртпалық жасайды. Тұтасымен алғанда сақтандырудың нашар дамуы кезінде табиғи қауіп-қатерлерден сақтандыру шегеріле және тіпті ешқандай ғылыми негіздемесіз жүзеге асырылады. Сел қауіп-қатерін сақтандыру сақтандыру нарығының дербес сегменті есебінде зерттелмейді де және іс жүзіне асырылмайды да. Дәл осы уақытта сел қауіп-қатерінен сақтандыру табиғи қауіп-қатерлерді басқаруда пәрменді экономикалық тетік болуы мүмкін. Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың нақтылығы мен тиімділігіне үмітті және дараланған теориялық және әдістемелік негіз жасаған жағдайда ғана қол жеткізуге болады, оның негізіне физикалық - географиялық ерекщеліктерді ескере отырып, сел қауіп-қатерін бағалау мен оны басқару бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері алыну керек (А. Медеу, Б. Тасболат, Т. Киренская, В. Благовещенский және басқалар) . Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық қырларын зерттеуге арналған диссертациялық жұмыс осы проблеманы шешуге қосылған белгілі үлес болып табылуы керек.
Диссертациялық зерттеулер «Сел тасқындарының әсеріне ұшыраған Қазақстан аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негізін әзірлеу» Жобасын және «Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық әлеуеті мен трансшекаралық жербеті суларының физикалық - географиялық негіздемесін әзірлеудің» (2000-2005 ж. ж. ) XV. 2 ғылыми бағдарламасын іс жүзіне асырудың ауқымдарында жүргізілді.
Жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты сел қауіп-қатерінен сақтандыруды басқарудың тұжырымдық әдістемесінің негіздерін құру және Іле Алатауында физикалық-географиялық ерекшеліктерді талдау негізінде оларды іс жүзіне асырудың мүмкіндігін бағалау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндерттерді орындау қажет болды:
- сақтандырылатын қауіп-қатерге қойылатын талаптарға сел қауіп-қатерлерінің барабарлығын бағалау;
- сел қауіп-қатерлерін басқару жүйесінде сақтандырудың орнын, рөлін және тетігін әзірлеу;
- сел қауіп-қатерінен сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін әзірлеу;
- Қазақстанның таулы және тауалды аудандарында (Іле Алатауының мысалында) сел қауіп-қатерінен сақтандырудың ұсынылып отырған тұжырымдамалық-әдістемелік негіздерді іс жүзінде жүзеге асырудың мүмкіншіліктеріне бағалау жүргізу;
- таулы және тауалды аудандарында (Іле Алатауының мысалында) сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу әдісі. Диссертациялық зерттеулер әдістер мен әр түрлі ғылыми пәндердің: сақтандыру істерінің, әлеуметтік және экономикалық географияның, сақтандыру географиясының, табиғи қауіп-қатерлер географиясының, қауіп-қатер менеджментінің, статистиканың жетістіктерінің синтезін қамтамасыз ететін синергетикалық тәсілді пайдалану жағдайында орындалды.
Бастапқы материалдары. Диссертациялық зерттеулерді орындаудың ақпараттық негізі ғылыми басылымдар (жарық көрген монографиялар, мақалалар, интернет-ресурстар), Қазгидрометтің, «Қазселқорғау» ББ-ның сел құбылыстарын байқаған деректері, «Қазселқорғау» ББ-ның селге қарсы қорғану іс-шаралары жөніндегі материалдары, ҚР БҒМ Гегорафия иниститутының зерттеулерінің нәтижелері, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі статистикалық деректер, тақырыптарды орындау барысында алынған материалдар болып табылады.
Қол жеткізген нәтижелер. Сақтандырудың тарихи-географиялық даму кезеңдері мен шетелдегі, Ресейдегі және Қазақстан Республикасындағы экологиялық және табиғи қауіп-қатерлерден сақтандырудың қазіргі уақыттағы жай-күйі қаралды;
- шетелдегі және Ресейдегі сақтандырудың практикасын талдаудың нәтижелері бойынша сақтандыру істерінің теориялық және практикалық негіздері, экономикалық мәні зерттелді, қауіп-қатерлерден сақтандырудың тетігі мен құралдары: сақтандыру қорының қалыптасуы, сақтандыру компаниясының меншікті капиталы, сақтандыру резервтері, тарифтік мөлшерлеме, оның құрылымы мен құрамы;
- сел құбылыстарының негізгі үйлестірілген белгілері (сел тасқындарының тығыздығы мен сел массасының гранулдық құрамының, шығыстарының, жылдамдығының, тасынды-сулық, лайлы-тасты және нөсер жаңбырлы, лайлы селдердің қалыптасу гляциалды жағдайларының, сондай-ақ сейсмикалық селдердің сипаттамалары) сақтандырылатын қауіп-қатердің көзі есебінде анықталды;
- Іле Алатауындағы сел қауіп-қатерлерінен сақтандыру кезінде сақтандыру қорларының қалыптасу ерекшеліктерін туғызатын сел құбылыстарының таралуының географиялық ерекшеліктері (алаптар бойынша сел құбылыстарының таралуы, жыл ішіндегі таралуы, кейбір алаптарда бір кезде өтетін сел тасқындары мен олардың өту уақытының статистикасы) айқындалды;
- реципиенттер мен сел әсерлерін тікелей және жанама зоналарының, сондай-ақ әлеуеттік сақтандырушылар мен сақтандыру өрісі есебінде әкелінген әлеуетті зияндарын айқындаудың қағидалары қаралды;
- актуарлық есептеудің негізі есебінде сел қауіп-қатерін бағалаудың, оларды сақтандыру кезінде, жалпы қағидалары зерттелді; сел әсерлерінің кері зардаптарының дәрежесі бойынша (апаттық, сындарлық, айтарлықтай емес) сел қауіп-қатерлерінің жіктеуі зерттелді;
- алдын алу іс-шараларының сел қауіп-қатерін болдырмау және азайту, сел қалыптастыратын ахуалдардың қираулық-құтқарулық жұмыстар мониторингі бойынша сел қауіп-қатерін басқарудың жалпы қағидалары қаралды;
- басқару жүйесінің конструкт (тірегі) есебінде сел қауіп-қатерінен сақтандырудың тетіктері мен түрлерінің ерекшеліктері айқындалды; сел қауіп-қатерінен сақтандыру мемлекеттік реттеу бойынша экономикалық шаралардың жүйесі ұсынылды; қауіп-қатердің дәрежесіне қарай сақтандырудың әр түрлі түрлерін қолданудың қажеттілігі негізделді; сақтандыруды басқару жүйесінде оның ұйымдық қағидалары, сақтандыру резервтерінің қалыптасу сұлбасы мен мақсатты пайдалануы ұсынылды;
- сел қауіп-қатерінен сақтандыруды ұйымдастыру кезінде зерттеулерінің әдістемелік тәсілдері ұсынылды; маркетингтік зерттеулердің мақсаты мен құрамы, квалиметрлік бағалаудың мәні мен қағидалары, актуарлық есептеудің мазмұны қаралды;
- Іле Алатауындағы сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық ерекшеліктері зерттелді; сел қауіп-қатерін бағалау жүзеге асырылды, әлеуетті сақтандыру нарығының талдауы, оны картографиялау мен аудандау жүргізілді;
- сел қауіп-қатерінен сақтандырудың тұжырымдамасын енгізу кезінде оны басқарудың тиімділігін әлеуеттік артуы бағаланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Жүргізілген диссертациялық зерттеулердің жаңа нәтижелері төмендегілер болып табылады:
- сел қауіп-қатерінен сақтандыруды ұйымдастырудың және іс жүзіне асырудың мүмкіндігі мен қажеттілігін көтеру және негіздеу идеясы;
- сел қауіп-қатерінен сақтандыруды басқару жүйесінде конструкт есебінде олардан сақтандырудың әжірленген тұжырымдамасы: әлеуметтік, технологиялық және биологиялық салалар үшін қорғанудың бірыңғай дәрежесін және сел құбылыстарының қолайсыз зардаптарын жою үшін де және оларды алдын ала ескертуге де бағытталған резервтік қорда жиналған қаражаттарды пайдалану негізінде сел қауіп-қатерлерін басқаруды көздейтін сақтандыра қорғаудың жаңа үлгісі қаралды; міндетті кешенді сақтандыру, міндетті мемлекеттік сақтандыру ұсынылды, төменгі және сындарлы қауіп-қатердің зоналарында тұрған реципиенттер үшін ерікті және ерікті-мәжбүрлі сақтандыру көрсетілген; арнаулы бөлімшелер түрінде сел қауіп-қатерлерін басқару жүйесінде сақтандыруды енгізу ұсынылды,
- сел қауіп-қатерінен сақтандыруды ұйымдастырудың әлеуеттік мүмкіншіліктерін бағалаудың ұсынылған әдістік тәсілдері: маркетингтік зерттеулер, квалиметрлік бағалаулар;
- сақтандыру саласының, табиғи қауіп-қатерлер мен қауіп-қатер менеджменті географиясының тұжырымдамалық-ұғымдық негіздерін жинақтайтын ғылыми есебінде сел қауіп-қатерінен сақтандыру географиясының жаңа құрастырылған негізгі ережелері;
- Іле Алатауының таулы және тауалды аудандарында жүзеге асырылған сел қауіп-қатерінен сақтандыруды картографиялау мен аудандау;
- Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың тұжырымдамасын енгізу кезінде оларды басқару тиімділігінің әлеуеттік артуының бағалануы.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар . Қорғауға келесі тұжырымдар ұсынылады:
- Сақтандыру нысаны ретінде сел қауіп-қатерлеріне қойылатын талаптар.
- сақтандыру - сел қауіп-қатерін басқару жүйеснің конструкты (құраушысы) және сел қауіп-қатерлерінен сақтандыруды ұйымдастыру мен іске асырудың тәсілдері мен құралдарын анықтайтын әдіснама екендігі.
- Сел қауіп-қатерлерінен сақтандыру географиясының сел қауіп-қатерлерін басқару бойынша олардан сақтандыруды ұйымдастыру мен іске асырудың негізі екендігі.
Жұмыстың қолданбалық маңызы. Диссертациялық зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігі кіріскен «Қазақстан Республикасының селден қауіпті аумақтарын қорғаудың бас сұлбасын» даярлау барысында сел қауіп-қатерлерінен сақтандыруды ұйымдастыру мен іске асыру үшін теориялық және ақпараттық негіз бола алады.
1 ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДЕН САҚТАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҰСТАНЫМДАРЫ
1. 1 Қауіп-қатерден сақтандырудың тарихи географиясы
Сақтандыру - өндірістік қатынастардың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастарының ежелгі санаты.
Алғашқы сақтандырудың мәні «сақтық» сөзімен байланысты болды. Қазіргі уақытта бұл термин жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғаудың құралы мағынасында барған сайын жиі қолданылатын болды [1-6] .
Сақтандыру ғасырлар бойы жетілдіріліп отырды, оның ұйымдық түрлері, әдістері өзгеріп тұрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz