Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу



КІРІСПЕ 4
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3.1 Радиациялық теңдестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.2 Ауа температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.3.3 Атмосфералық жауын.шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.4 Қар жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.5 Ауа ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.6 Жел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3.7 Топырақ бетінен булану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.4 Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.5 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.6 Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2 ӨЗЕНДЕР РЕЖИМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.1 Өзендер мен уақытша ағынсулардың су режимінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2 Өзендер ағындысының зерттелгендігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Су ресурстарын шаруашылық мақсатта қолдану ... ... ... ... ... ... . 17
2.4 Бекет сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. ӨЗЕН АҒЫНДЫСЫН ЕСЕПТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
3.1 Жылдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2 Гидрометриялық бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ... 20
3.3 Есептік кезеңді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
3.4 Гидрометриялық бақылау деректері жеткіліксіз болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ... 27
3.5 Гидрологиялық деректер жоқ болған жағдайда қалыпты жалдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
4 ЕМБІ, ОЙЫЛ ЖӘНЕ САҒЫЗ ӨЗЕНДЕРІ АЛАПТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
Зерттеп отырған тақырыбымыз – Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу.
Ілек өзені Ақтөбе облысы аймағында жатыр. Ақтөбе облысы құрлық тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен алшақта орналасқан. Қыста қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының әсерінде болады, ал жазда шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның аймағына еніп кіреді, сол себепті облыс климаты үшін құрғақшылық пен континентальділік тән, булану мөлшері өте жоғары, ылғалдылығы жеткіліксіз зонаға жатады.
Ақтөбе облысының орталық бөлігіндегі өзендердің су режимі бойынша жалпы алғанда солтүстік-батыс ауданның өзендеріне ұқсас,бірақ көктемгі ағынды үлесі мұнда 80-90 %-ға дейін көбейеді, ал көптеген ағынсуларда бір жылдық ағынды шамасын құрайды.
Көктемгі су тасу,көбінесе айқын көрінетін бір ғана толқынмен өтеді.
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық ауданға жатады.Мұнда,сондай-ақ
тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп жақсы дамыған.
Облыста суды басты пайдалану көзі-ауыл шаруашылығы болып табылады,бұл салаға сумен қанағаттандыруға шамамен 430 млн м3,немесе барлық пайдалатын судың 88 %-ы жұмсалады.Осы су көлемінің ең көп бөлігі лимандық суармалау үлесіне тиеді.
Су шаруашылық шаралардың,әсіресе лимандық суармалау нәтижесінде жылдық ағынды шамасының айтарлық өзгеруі (су аз жылдары 15-35 %-ға дейін, су орта жылдары 10-20 %, су мол жылдары 5-10 %-ға кеміді), әсіресе,қолда бар мәліметтер бойынша Ор,Ойыл (төменгі ағысында), Сағыз және Ырғыз өзендерінде байқалды
Ілек өзені Қарағанды өзендерінің (солтүстік құраушысы) және Жарық өзенінің (Қандағаш темір жол станциясынан солтүстікке қарай 8 км қашықтықтағы оң құраушысы) қосылуымен пайда болды.Ол Орынбор облысында сағасының 1085 – ші км қашықтықта солтүстіктен Жайық өзеніне келіп құяды.Өзеннің жалпы ұзындығы – 623 км.(Жарық өзеннің бастауынан 699 км), су жинау алабы 41300 км.
Берілген бітіру жұмысында Ақтөбе облысы өзендерінің физика-географиялық сипаттамасы, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы ерекшелігі қарастырылған.
Жұмыстың негізгі масаты: бақылау мәліметтері бар және жеткіліксіз болған жағдайда, сонымен қатар бақылау мәліметтері жоқ болғанда қалыпты жылдық ағындыны бағалау. Ол үшін алаптың физика-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады және ұқсас бекет пен зерттеу тұстамасы арасында байланыс коэффициентін анықталады.
Есептік кезеңді таңдау үшін айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және жиынтық айырымдық - интеграл қисығын келтіру.
1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Т.12.- Нижнее Поволжье и Западный Казахстан.- Вып.3.- Актюбинская область. – Л.: Гидрометеоиздат. – 1966. - 514 с.
2. Государственный водный кадастр. Ежегодные данные о режиме и ресурсах поверхностных водсуши.- 1996 г..Ч.1.- Реки и каналы. Ч.2.- Озера и водохранилища. Т. 5.- Республика Казахстан.- Вып.2.- Бассейн рек Урал (среднее и нижнее течение) и Эмбы.- Алматы: Казгидромет.-2000.- 265 с.
3. Основные гидрологические характеристики (за 1971 - 1975 гг. и весь период наблюдений). Т.12. Нижнее Поволжье и Западный Казахстан. – Вып.2. – Л.: Гидрометеоиздат. – 1980.- 205 с.
4. Горошков И. Ф. Гидрологические расчеты.- Л.: - Гидрометеоиздат. – 1979.-412 с.
5. Клибашев К.П.,Горошков И. Ф. Гидрологические расчеты. – Л.: Гидрометеоиздат.- 1970. - 450 с.
6. Молдахметов М.М. Гидрологиялық есептеулер. 1 – бөлім: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 212 б.
7. Водные ресурсы Эмбы, Уила и Сагиза. Алма – Ата, 1955. – 131с.
8. Пособие по определению расчетных гидрологических характеристик. – Л.: Гидрометеоиздат, 1984. – 448 с.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультетінің магистратурасы

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

"Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу"

Орындаған
Ағайдарова Г.С.
"____"_________2007 ж

Ғылыми жетекшісі
Дәулетқалиев С.Қ.
"____"_________2007 ж

Қорғауға кафедра
меңгерушімен жіберілді
" " ______ 2007 ж
Абдрахимов Р.Г.

Алматы 2007

РЕФЕРАТ

Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасы табу.

Жасалған бітіру жұмысы 50 беттен, кіріспеден, 4 тараудан, 4 кестеден,
11 суреттен, 8 қолданылған әдебиеттен тұрады.

Негізгі сөздер: су өтімі, қалыпты ағынды, корреляция коэффициенті,
ассиметрия коэффициенті, регрессия теңдеуі, айырымдық интеграл қисығы.

Көп мәліметтер алынған әдебиет: “Ресурсы поверхностных вод СССР.
Т.12.- Нижнее Поволжье и Западный Казахстан-Вып. 3.- Актюбинская область.-
Л.: Гидрометеоиздат.- 1966.- 5514 с.”.
Зерттеу обьектісі – Ілек өзені-Ақтөбе қаласы.

МАЗМҰНЫ

б

Кіріспе 4
1 Ақтөбе облысының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Жер 5
бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Геологиялық 6
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
1.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.3.1 Радиациялық 7
теңдестік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
1.3.2 Ауа 7
температурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.3.3 Атмосфералық 7
жауын-шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
1.3.4 Қар 8
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.3.5 Ауа 9
ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.3.6 Жел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.3.7 Топырақ бетінен 10
булану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.4 Өсімдік 11
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
1.5 Топырақ жамылғысы 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1.6 Гидрографиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Өзендер 14
режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.1 Өзендер мен уақытша ағынсулардың су режимінің жалпы 14
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2 Өзендер ағындысының 15
зерттелгендігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Су ресурстарын шаруашылық мақсатта 17
қолдану ... ... ... ... ... ... .
2.4 Бекет 17
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
3. Өзен ағындысын 18
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Жылдық ағындыны 18
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
3.2 Гидрометриялық бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда 20
қалыпты жылдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Есептік кезеңді 22
таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.4 Гидрометриялық бақылау деректері жеткіліксіз болған жағдайда27
қалыпты жылдық ағындыны анықтау ... ... ... ... ... ... ...
3.5 Гидрологиялық деректер жоқ болған жағдайда қалыпты жалдық 33
ағындыны
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
4 Ембі, Ойыл және Сағыз өзендері алаптарының қалыпты ағындысын39
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..48
... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған Әдебиеттер 49
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


КІРІСПЕ

Зерттеп отырған тақырыбымыз – Ақтөбе облысының өзендерінің суының
жылдық нормасын табу.
Ілек өзені Ақтөбе облысы аймағында жатыр. Ақтөбе облысы құрлық
тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен алшақта орналасқан. Қыста
қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының әсерінде болады, ал жазда
шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның аймағына еніп кіреді,
сол себепті облыс климаты үшін құрғақшылық пен континентальділік тән,
булану мөлшері өте жоғары, ылғалдылығы жеткіліксіз зонаға жатады.
Ақтөбе облысының орталық бөлігіндегі өзендердің су режимі бойынша
жалпы алғанда солтүстік-батыс ауданның өзендеріне ұқсас,бірақ көктемгі
ағынды үлесі мұнда 80-90 %-ға дейін көбейеді, ал көптеген ағынсуларда бір
жылдық ағынды шамасын құрайды.
Көктемгі су тасу,көбінесе айқын көрінетін бір ғана толқынмен өтеді.
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық ауданға жатады.Мұнда,сондай-ақ
тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп жақсы дамыған.
Облыста суды басты пайдалану көзі-ауыл шаруашылығы болып табылады,бұл
салаға сумен қанағаттандыруға шамамен 430 млн м3,немесе барлық пайдалатын
судың 88 %-ы жұмсалады.Осы су көлемінің ең көп бөлігі лимандық суармалау
үлесіне тиеді.
Су шаруашылық шаралардың,әсіресе лимандық суармалау нәтижесінде
жылдық ағынды шамасының айтарлық өзгеруі (су аз жылдары 15-35 %-ға дейін,
су орта жылдары 10-20 %, су мол жылдары 5-10 %-ға кеміді), әсіресе,қолда
бар мәліметтер бойынша Ор,Ойыл (төменгі ағысында), Сағыз және Ырғыз
өзендерінде байқалды
Ілек өзені Қарағанды өзендерінің (солтүстік құраушысы) және Жарық
өзенінің (Қандағаш темір жол станциясынан солтүстікке қарай 8 км
қашықтықтағы оң құраушысы) қосылуымен пайда болды.Ол Орынбор облысында
сағасының 1085 – ші км қашықтықта солтүстіктен Жайық өзеніне келіп
құяды.Өзеннің жалпы ұзындығы – 623 км.(Жарық өзеннің бастауынан 699 км), су
жинау алабы 41300 км.
Берілген бітіру жұмысында Ақтөбе облысы өзендерінің физика-
географиялық сипаттамасы, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің
жалпы ерекшелігі қарастырылған.
Жұмыстың негізгі масаты: бақылау мәліметтері бар және жеткіліксіз
болған жағдайда, сонымен қатар бақылау мәліметтері жоқ болғанда қалыпты
жылдық ағындыны бағалау. Ол үшін алаптың физика-географиялық ерекшеліктері
есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады және ұқсас бекет пен зерттеу
тұстамасы арасында байланыс коэффициентін анықталады.
Есептік кезеңді таңдау үшін айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және
жиынтық айырымдық - интеграл қисығын келтіру.

1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ

Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның
территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 700 км-ге, шығыстан
батысқа қарай 800 км-ге кең ауқыьда сщзылып жатыр және жалпы ауданы 300 мың
км2. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қостанай, Қарағанды облыстарымен, ал
оңтүстігінде - Қызылорда облысымен, батысында-Атырау және Батыс Қазақстан
облыстарымен шектеседі.
Облыс аумағында үш ландшафтты зона орын алған-далалы (құрғақ далалы),
шөлейтті және шөлді болып бөлінеді [1].

1. Жер бедері

Облыс территориясының жер бедерінің сипатына қарай бес ауданға бөлуге
болады: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі үстірті, Торғай-Арал маңы төрткіл
жазығы, Үстірт шоқысы және Каспий маңы ойпаты.
Оңтүстік Орал тауының жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауы
меридиональді бағытта 450 км-ге созылып облыстың орталық бөлігінде
орналасқан. Бұл тау солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Олар бір-
бірінен кең ауқымды тау аралық ойпауыттармен бөлінген. Шамамен 500с.е.
аяқталатын солтүстік Мұғалжар таулары Ілек пен Ырғыз өзендерінің
аралығындағы ені 200 км-ге дейінгі кеңістікті алып жатыр және олар жалпы
алғанда төбелі-жонды қырат ретінде көрінеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс
қанаты (Ор-Ырғыз өзен аралығы) биіктігі теңіз деңгейінен 340 м-ге дейін
жетіп Ор өзеніне қарай біртіндеп төмендейтін кең алқапты біртекті жазық
ретінде сипатталады. Эрозиялық тілімденген жерлер мұнда тек өзен
аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.
Оңтүстік Мұғалжардың шығыс бөлігін 20-30 м-ге көтерілетін қырқалар
мен төбелер сирек кездестін таулы қырат ретінде көрінеді. Теңіз деңейінен
280-300 метр биіктікте жатқан бұл таулы үстірт Ырғыз өзенінің оңтүстік
салаларының тар және терең аңғарларымен бөлінген.
Орал-Ембі үстірті облыстың батыс жартысының көп бөлігін алып жатыр
және ол Ойыл, Сағыз, Ембі алаптарының уақытша ағынсулары мен көптеген
өзендердің аңғарларымен бөлініп кеткен жон төбелі жазық ретінде
сипатталады. Өзендердің су айрық сызығында биіктіктер теңіз деңгейінен 400-
500 м-ге көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік батысқа қарай үстірт 100 м-ге
дейін төмендейді, бірақ біркелкі емес.
Төбелер аралығындағы кең ауқымды ойпауыттар көбінесе барханды немесе
құм-төбелі (Ойыл, Сағыз және Ембі өзендерінің аңғарларындағы құмдар)
алқаптар немесе сорлар алып жатыр.
Үстірттің осы бөлігінің бетінде, сондай-ақ, көктемде іші еріген қар
суымен толған тұйық қазаншұңқырлар кездеседі.
Торғай-Арал маңы төрткіл жазығы (Торғай үстірті) облыстың шығыс
бөлігін алып жатыр. Жазық биіктігі батыс және солтүстік батысында (Мұғалжар
тауы беткейлерінің етегінде) 280-320 м-ді құрайды, ал оның щңтүстік-шығыс
бөлігінде (Торғай, Ырғыз өзендерін және Шалқар Теңіз қазаншұңқыры
ауданында) теңіз деңгейінен 50-70 м биіктікте. Үстірттің жер бедері үшін
құрғап қалатын ағынсу аңғарлары мен және жыралармен бөлінген құламалы ; ал
кей жерлерде сатылы беткейлер мен бірнеше ондаған метрге көтерілген
жекелеген төрткіл қыраттар (тау жұрнақтары) тән. Үстірт бетінде, әсіресе
Торғай, Ырғыз, Ұлқаяқ (Өлкейек) және солтүстік Арал маңы сағаларында тұйық
көлді шұңқырлар, сорлар және тақырлар көптеп кездеседі.
Жазықтың оңтүстік бөлігінде – Арал маңы ойпатында – биіктіктер 80-нен
150 м-ге дейін өзгереді.Мұнда көп ауданды құмды массивтер алып жатыр.
Олардың ішіндегі ең ірілері Үлкен Борсық және Кіші Борсық құмдары болып
табылады. Кішігірім массивтер Үстірт шоқысында, Шағрай Үстірті және Ырғыз
өзенінің сағасында орналасқан [1].

2. Геологиялық құрылымы

Ақтөбе облысының территориясында жасыны қарай алуан түрлі тау
жыныстары жатыр-төрттіктен орхей және протерозой кезеңіне жататын
жыныстарға дейін.
Төрттік шөгінділер кең таралған және олар көптеген өзен аңғарларында
кездесетін өзен аллювиясы мен (қалдық, тұнба), облыстың батыс бөлігінде
дамыған көне Каспий шөгінділері мен Ембі, Ойыл, Ырғыз, Торғай және тағы
басқа өзен алаптарындвағы эолды құмды массивтермен сипатталады.
Көне төрттік шөгінділердің қуаттылығы (саздақ, құмсаз және үлкен
кесеккті сыныұ материалдардың) 1-70 м-ге дейін құрайды.
Неогенді шөгінділер облыстың оңтүстігінедеғ (Үстірт шоқысы) және Ор,
Ырғыз бен Торғай өзен аралық аумағында таралған. Құмды қабаттар жиынтық
қуаты бойынша (Ембі өзенінің аңғарынан оң жақта 300 м-ге дейін) Ілек пен
Үлкен Қобда өзендерінің аралығында құмды сазды қабаттардан едәуір басым
келеді.
Мұғалжар таулары мен Қазақтың қатпарлы өлкесінің арасында палеоген мен
бор шөгінділерінен тұратын кең палеозой фундаменті орналасқан. Шығысқа
қарай бұл фундамент (іргетас) біртіндеп меридиональді бағытта қатпарладың
батуы байқалады.

3. Климаты

Ақтөбе облысы құрлық тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен
алшақта орналасқан. Қыста қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының
әсерінде болады, жазда шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның
аймағына ене кіреді. Облыс климаты үшін құрғақшылық пен континенталдық тән.

1.3.1 Радиациялық теңдестік

Облыс солтүстігінде радиациялық теңдестіктің жылдық шамасы
35 ккалсм2, ал оңтүстігінде 40 ккалсм дайін жетеді.
Сәуірден қазан айына дейін радиацияның келуі теңдестіктің шығын
бөлігінен біршама асып түседі.
Радиациялық теңдестіктің ең жоғарғы айлық шамасы – 7 ккалсм2 дейін
– маусым мен шілде айына келеді. Кері радиациялық теңдестік (теріс мәнді) –
1ккалсм2 ай желтоқсан – ақпан айының ішінде байқалады; оның нөлдік шамасы
наурыз және қараша айларында көрінеді.

1.3.2 Ауа температурасы.

Облыс айлығында орташа жылдық ауа темпереатурасы солтүстігінде 280-
тан (Родниковка станциясы) оңтүстікте 7,80С-қа дейін (Ақтұмсық станциясы)
өзгереді. Ауа температурасының жыл ішілік жүрісі қыста тұрақты аяздығымен,
қысқа көктемгі кезеңде жылудың қарқынды өсуімен, ал жазда аптап ыстығымен
сипатталады.
Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы (минус 12,0;
минус 18,00С) қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Жеке жылдары
температураның абсолюттік минимумы минус 480С (Ақтөбе станциясы, 12І 1940
жыл).
Ең жылы ай шілде, осы айдың орташа ауа температурасы 20,70-тан
(Родниковка станциясы) 26,40-қа дейін (Ақтұмсық станциясы) өзгереді.
Абсолюттік максимум 440 жетеді.(Ақтұмсық ст, 508 1955жыл). Осылайша ауа
температурасының абсолюттік амплитуда (ауытқи) тербелісі 900 асады.
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасының 00 арқылы өтуі әдетте
оңтүстігінде 25-3103 және солтүстігінде 6-1004; күзде –сәйкес 1-1011
және 29-3110.
00 асатын орташа тәулік температуралар саны шамамен 200-ді құрайды.
Аязсыз кезең орташа алғанда 130-140 күнге солтүстігінде, ал оңтүстігінде
150-160 күнге созылады.

1.3.3. Атмосфералық жауын-шашын.

Оның шамасы облыс территориясында орташа жылдық жиынтығы 160-тан
361мм-ге дейін өзгереді. Жауын-шашын ең аз түсетін жері –Үстірт шоқысы
болып табылады. Жеке жылдарда жауын-шашын жиынтығы оның орташаланған
шамасынан едәуір ауытқуы мүмкін. Шамадан тыс жаңбырлы және мол қарлы
жылдары жауын-шашын мөлшері облыс ауданының солтүстігінде 576 мм-ге (Мартук
ст., 1956 жыл), ал оңтүстігінде –371 мм (Аяққұм ст., 1958 жыл) жетеді.
Құрғақ жылдары жауын-шашын 70 мм дейін өзгереді (Ырғыз ст., 1929
жылы 69 мм). Жауын-шашын жыл ішінде бірқалыпсыз таралады. Оның негізгі
мөлшері жылы кезеңде түседі, ал суық кезеңде жауын-шашынның жылдық
шамасының шамамен 30-40% түседі. Жауын-шашынның айлық максимумы көбінесе,
маусымда айқын көрінбейтін максимум қазанда байқалады. Жауын-шашынның
минимальды айы ақпан болып табылады.
Жауын-шашынның көп болып ұзаққа жалғаспайтын және төмен қарқынды
жаңбыр түрінде түседі, кейде (кейбір жағдайларда) созылмалы (ұзақ)
жаңбырлар мен қатты нөсерлер болып тұрады.
Жазғы жауын-шашын жоғырғы ауа температурасында және жоғарғы ылғалдылық
тапшылығы жағдайында булануға көп мөлшерде жұмсалады. Жауын-шашынның ең
жоғарғы тәуліктік мөлшері 50-70 мм құрайды, 110 мм-ге, жетуі мүмкін (Темір
ст., 09. 1911 жыл ).
Жаңбырлы жауын-шашынның қарқындылығы 1,2-2,5 мммин жетеді (2,6 мммин
жаңбырда, 1958 жыл 1405 түскен Ойыл ст. ауданында және 2,1 мммин –
жаңбырда, 305 1955 жыл Ақтөбе қаласы ауданында байқалған). Жаңбырсыз
кезеңдер кейде ұзақтығы екі айға дейін созылады [1].

1.3.4. Қар жамылғысы.

Ақтөбе облысының территориясында қардағы су қоры көктем алдындағы
кезеңде жылдық жауын-шашын мөлшерінен орта шамамен 25-30%-ын құрайды.
Топырақ ылғалдануына, өзендер мен көлдердің қоректенуіне және грунт суы
қорларының қоректенуінде қар қорының рөлі мұнда едәуір маңызды.
Қар жамылғысына көп жылдық бақылау мәліметтері бойынша (1962 жылы
болжамның орталық институты (В.Н.Тупков) жүргізген УГМС КазССР стнциясының
жүйесінде қар жамылғысының түсірісі нәтижесінде) облыс аймағында қар
жамылғысының пайда болуы, жиналуы және факторлар, сонымен қатар орналасуы
(ендігі) мен жер бедерінің әсеріне болатын белгілі бір заңдылықтарға
бағынады. Бұл заңдылық, жалпы, қар биіктігі мен ондағы су қорының азаюымен,
сондай-ақ, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта қардың жату ұзақтығының
қысқаруымен көрінеді.
Алғашқы қар территорияның солтүстігінде түседі, әдетте, қарашаның
басында, оңтүстік шығыс аудандарында – қараша айының үшінші декадасының
аралығында түседі, бірақ көп бөлігі тез еріп кетеді.
Тұрақты қар жамылғысы, көбінесе алғашқы қар түскеннен 10-20 күннен
кейін қалыптасады, орташа алғанда қарастырылып отырған территория 2011 мен
2012 аралығында қармен жамылып жатады.
Қар жамылғысының биіктігі қыс мезгілінің басында қарқынды түрде
үлкейеді, ал қысқы кезеңнің екінші жартысында оның биіктеуі (өсуі)
баяулайды. Облыс территориясының көп бөлігінде қар жамылғысының ең жоғарғы
биіктігі, әдетте, наурыздың бірінші декадасында байқалады, ал ауданның
оңтүстігінде біршама ерте – ақпанның ортасында.
Қыстың екінші жартысында антициклонды ауа-райы басым болған жағдайда
қардың ең жоғарғы биіктігі ақпанда байқалуы мүмкін, кей кезде тіпті
желтқсанда болуы мүмкін.
Орташа жылдық ең жоғарғы қар биіктігі қар ерудің алдында облыс
солтүстігінде 30-35 см құрайды, ал оңтүстікте 15-10 см дейін төмендейді.
Қыс басында қар тығыздығы 0,15-0,20 гсм3, ал қар ерудің алдында 0,25-
0,35гсм3 дейін өседі, ал солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа
қарай көбейеді [1].
Қар еру кезінде қар тығыздығы 0,40-0,50 гсм жоғарылайды.
Қар қорының жиналуы облыстың оңтүстігінде, әдетте ақпанның аяғында,
солтүстігінде – наурыз аяғында аяқталады.
Ең жоғарғы қар қоры көктемгі қар ерудің алдында байқалады, алайда
кейбір қыстарда циклонды әрекеттің дамуына байланысты осы кезең аралығында
олар қыстың ортасында болады, ал жеке аудандарда тіпті қыс басында болуы
мүмкін.
Ең жоғарғы қар қорының таралуында қар биіктігінің таралуындағы
заңдылықтар көрінеді.
Облыс солтүстігінде және Мұғалжар тауларының беткейлерінде қар қоры,
көбінесе, 70-90 мм жетеді, орта жолақтың жазық бөлігінде –50-60 мм, ал
облыстың оңтүстігінде 40-30 мм дейін азаяды.
Қарастырылып отырған территорияда қардың еруі бір уақытта болмайды.
Қар жамылғысы әдетте, облыстың оңтүстік аудандарында наурыз айының
ортасында, орта жолақта – наурыздың үшінші декадасында, облыс солтүстігінде
және мұғал беткейлерінде – сәуірдің бірінші декадасында бұзыла бастайды.
Ерте көктемде қар жамылғысының бұзылуы шамамен үш аптаға ерте
байқалады, ал көктем кем болған жылдары – орта мерзімнен екі-үш апта кейін
жүреді.
Тұрақты қар жамылғысы кезеңінің ұзақтығы облыстың солтүстік бөлігінде
120 күнннен 140 күнге дейін созылады, оңтүстігінде 100-75 күнге азаяды.
Қар еру процессі күн радиациясынан келетін жылудың әсерінен күндізгі
ауа температурасының теріс мәнінде жүре бастайды. Алғашқы 10-15 күн ішінде
қар баяу ериді, алайда бұл кезең ішінде қар қоры 20-30%-ға дейін азаяды.
Оң ауа температурасы келген күннен бастап-ақ қар еру жылдамырақ дамиды
және қар ашық участкелерде шамамен 15-7 күн ішінде жоғалып кетеді. Өзен
арналарында, жыра-сайларда, жыраларда және екпе ағаш жерлерінде қардың
кетуі 120-15 күн және одан да көп күнге кешігеді.
Қардың еру қарқындылығы бақылау мәліметтер бойынша орта есеппен 4тен
7мм-ге дейін құрайды, жеке күндері –15-120 ммтәул.
Қарастырылып отырған аудандарда қардың қуатты қалыңдығы өзен арналары
мен жыраларында туындайды.

1.3.5. Ауа ылғалдылығы.

Ауаның абсолюттік ылғалдылығы облыс аумағында шамамен жылына 6,0-6,5
мб құрайды. Ең жоғарғы мәніне (12-15 мб) ол шілде айында жетеді. Ең төменгі
мәні (1,5-2,5 мб) – қаңтар – ақпан айларында байқалады. Ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы, әдетте 25-30% жазда, 80-90%-ға дейін қыс пен көктемде
өзгереді.
Жылдың жылыну кезеңі ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30%-ға тең
немесе кем болатын күндер саны 60-80 сотүстігінде және 110-125
оңтүстігінде. Ең жоғарғы құрғақшылық жылдары барлық күндер дерлік ішінде
жеке айлары ылғалдылық 30%-дан аспайды (Ырғыз, Шалқар, Ембі, Ақтөбе
станциялары) [1].

6. Жел

Жылдың суық мерзімінде (қараша-наурыз) облыста күшті қарлы боран
(бұрқасын) туғызатын солтүстік-шығыс және шығыс желдері басым.
Жаздың басында оңтүстік желдер жиі байқалады – бұлар бөгендер мен
топырақ бетінен судың қарқынды булануына әсер ететін аңызақ желдер. Жазда
ылғалдық әкелетін батыс желдер басым, бірақ облыс аймағында оның тек аз
бөлігі ғана жер бетіне жетеді (жауын-шашын түрінде).

Желдің орташа жылдық жылдамдағы 4-5 мсек құрайды, күшті жел байқалады
(15 мсек) жылына 60 күндей байқалады (мет. ст. Ақтөбе, Мұғалжар) шаңды
борандар аз болмайды-жылына 44 күнге дейін (Шалқар ст.) облыста штильді ауа
(желсіз) жыл ішінде орта есеппен 40-50 күннен аса байқалады.

7. Топырақ бетінен булану

Құрғақ климат жағдайында булануға түскен жауын-шашынның көп бөлігі
булануға жұмсалады. Топарық бетінен орташа жылдық булану шамасы жауын-шашын
мен ағынданың зональды нормалары арасындағы айырымы бойынша жуықтап алынған
солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 160 мм-ді құрайды. Орташа ағынды
изосызығынан оңтүстік пен шығысқа қарай орналасқан кіші су жинау алаптарын
булану шамасы 12 мм, 3-4%, ал Ойыл өзенінің орта ағысының ауданында 8-10%-
ға оның зональдық мәнінен кіші.
Топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшері болған жағдайда жылдық булану
(су бетінен булануға теңдеп қабылданатын буланушылық) бұл аумақта
сотүстікте 850мм-ден оңтүстігінде 1400 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жыл ішінде
буланатын ылғалдылықтың барлық мөлшері дерлік кезеңге жатады (шамамен 90%),
әдетте сәуір мен қазан арлығындағы үш негізгі вегетациялық ай ішінде
булану (мамыр, маусым, шілде) оның жылдық шамасының 50%-дан астам бөлігін
құрайды.
Ең жоғарғы айлық булану қабаты мамырға келеді (60-70 мм-дейін) бұл
кезеңде топырақта көктемгі ылғалдылық қоры ысырапталады.
Қыс айларында булану өзінің жылдық шамасының шамамен 10%-ын құрайды.

1.4 Өсімдік жамылғысы

Облыстың өсімдік жамылғысы негізінен шабындық шөптің екі түрімен
сипатталады:дәнді өсімдіктер-дала зонасында және жусан-шөл зонасында
кездеседі.
Құрғақ даламен алып жатқан облыстың солтүстік бөлігінде боз бетегелі
(ақ селеу) түрлі шөпті-дәнді өсімдіктер көп таралған,оның арасында ғы
сорларда,әдетте ақ және қара жусан өседі.
Мұғалжардың тасты беткейлері сирек кездесетін бұталармен
жамылған.Терең өзен аңғарлары мен тау өзектерінде көктерек-қайыңды ағаштар
кезігеді.
Шөлейтті белдемде жусанды-дәнді далалар орналасқан,оларда құрғақ
далардың ерекшелігі сияқты геоморфологиялық жағдайлармен анықталатын
өсімдік жамылғысының микрокешенділігімен сипатталады.Оңтүстігінде-ең құрғақ
бөлігінде шөлді өсімдік қосылыстары дамыған.Дәнді-жусанды шөлдер Ембі мен
Сағыз өзендерінің алаптарында,Үлкен Борсық және осы белдемнің кейбір
аудандарында дамыған.Жусанды шөлдер сортаңды шөлмен бірігіп Үстірт
шоқысын,Торғай-Арал маңы жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр.Өсімдік
жамылғысының жиынтығы мұнда не бары 40-50% құрайды.Тұзды шөлдер және
өсімдігінен айырылған сорлар көп бөлігі өзен аңғарлары мен көлдердің
жағалауларымен байланысты.Облыстың оңтүстік-батысында аз ауданды ақ
сексеуілдер алып жатыр.

1.5 Топырақ жамылғысы

Аумақ шегінде топырақ жамылғысының жер бедерінің әр түрлілігіне және
топырақ қалыптастырушы жыныстардың литологиялық құрамының жиі ауысуына
байланысты едәуір "шұбарлылығымен" ерекшеленеді.Оның территориясында төрт
топырақ белдемдерін бөлуге болады: қаратопырақ,сарғылт,қанық-сарғылт және
ашық-сарғылт,қоңыр және сұр-қоңыр топырақ.
Қаратопырақ облыс солтүстігінде кездеседі-олар аз гумусты,көп бөлігі
тасшақпа болып келеді.
Қанық-сарғылт топырақ қара топыраққа қосылып кеткен. Мұғалжар
тауларының ауданында қанық-сарғылт топырақтың қуаты аз, оның көп бөлігі
Таужыныстарының тасшақпа мен сынық бөлшектерінен құралған.Бұл топырақ
белдемінің оңтүстік шекарасы иреңденген және Мұғалжар тауының бойымен
480с.е.дейін барады.
Ашық-сарғылт топырақ облыстың орталық бөлігін алып жатыр,механикалық
құрамы бойынша негізінен саздақ болып келеді.Олардың құрамдық кешенінде сор
және сортаңдар,тақырлар және шалғынды-сарғылт топырақтар бар.Бұлардың
соңғылары терең емес табақ тәріздес ойпаңдарда, көлдер мен өзендердің
террасаларында кездеседі.
Қоңыр топырақ шөл ді белдемде, яғни облыс оңтүстігінде басым,ал сұр-қоңыр
топырақтар Үстірт аймағында жақсы дамыған, механикалық құрамына байланысты
олар саз және ауыр сазды болып келеді.
Жалпы алғанда шөл топырағы аз гумустылығымен және Үлкен тұздылығымен
ерекшеленеді.
Өзен аңғарлары мен көл жағалауларында түрлі механикалық құрамдағы
аллювиальді (шөгінді,тұнбалы) топырақ таралған.

Механикалық құрамы жеңіл топырақ ең жақсы болып саналады,бұған
ылғалды жақсы жұтатын құмдақ пен саздақ жатады.

Топырақтың ылғалдануы, қарастырылып отырған аймақта,көктемгі және
қысқы жауын-шашын әсерінен болады.Топырақтың ылғалмен қамтама-сыздығы
жеткіліксіз,тіпті көктемнің өзінде олар (жауын-шашын) 1метрге жуық
тереңдікке сіңеді.
Облыс территориясы бойынша топырақтың механикалық құрамы мен
құрылымына,температуралық раежиміне,жергілікті жер бедеріне,қар
жамылғысының биіктігіне байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан ағынды станциясы ауданында (Ащыойыл өзенінің жоғарғы
бөлігі) саздақ топырақтың қату тереңдігі 8 жыл бақылау ішінде 84 см-ден 150
см-ге және одан да жоғары мәнді құраған (Данилин тоң өлшегіші
бойынша).Облыстың солтүстк және орталық бөліктерінде топырақтың еруі,орта
есеппен алғанда сәуірдің екінші-үшінші декадасының басында басталады,ерте
күні наурыз аяғында,ал кеш күні-мамыр айының бірінші декадасына сәйкес
келеді [1].

1.6 Гидрографиясы

Ақтөбе аймағында өзен торының және көлді бөгендердің таралуы Мұғалжар
тауының негізгі су айрығының меридиональді орналасуымен және оның көп
бөлігінде климаттың құрғақшылығымен байланысты болады.
Гидрологиялық жағдайлары бойынша бұл территорияны үш бөлікке бөлуге
болады: Каспий теңізі алабына жататын батыс бөлігі,Торғай өзені алабының
төменгі бөлігі, Шалқар-Теңіз қазаншұңқырын алып жатқан шығыс бөлігі және
Арал теңізіне жататын тұйық алап-оңтүстік бөлігі.Облыстың барлық өзені
дерлік,Торғай мен Өлкейек өзендерін қоспағанда,осы территория аймағынан
бастау алады.
Едәуір сулы батыс бөлігінде ұзындығы 10 км-ден асатын шамамен 580
өзендер мен уақытша ағынсулар бар деп есептеледі,олардың жалпы ұзындығы
15100 км.Облыс шығысында ұзндығы 10 км-ден асатын 190 өзендер мен уақытша
ағынсулар бар-ды,жалпы ұзындығы 6100 км-ді құрайды.Гидрографиялық тор Ырғыз
өзені алабының оң жағасында ғана жеткілікті дамыған,ал Ырғыз-Торғай
өзендері аралығының шығысында аз шамада дамыған.Бұл аумақтың қалған
ауданында көлемі бойынша әр түрлі көптеген тұщы және тұзды көлдер көп.
Облыс шығысындағы (Торғай алабы) басты ағынсулар-Торғай өзені
(төменгі ағысы) мен оның саласы-Ырғыз өзені ағып жатыр.
Торғай өзені көне жыра (қолат) табанымен ағады.Өзен, көбісі
жайылымдық көлдермен аяқталатын тармақтарға бөлініп кетеді;осыған
байланысты оның сағасына дейін,тек суы мол жылдардың өзінде ағындының жарты
бөлігі ғана жетуі мүмкін (Шалқар-Теңіз қазаншұңқырына келіп құяды).
Ілек өзені. Бұл өзен Қарағанды өзендерінің (солтүстік құраушысы) және
Жарық өзенінің (Қандағаш Темір жол станциясынан солтүстікке қарай 8 км
қашықтықтағы оң құраушысы) қосылуымен пайда болды.Ол Орынбор облысында
сағасының 1085 – ші км қашықтықта солтүстіктен Жайық өзеніне келіп
құяды.Өзеннің жалпы ұзындығы – 623 км.(Жарық өзеннің бастауынан 699 км), су
жинау алабы 41300 км.
Негізгі салалары : Көктөбе өзені (о.ж. 610 – шы км – де, ұзындығы (L)
38 км.); Табантал өзені (о. ж. 543 – км – де, L = 56 км); Қарағала өзені
(о. ж. 502 – ші км - де, L = 114 км); Сазды өзені (с. ж. 499 – ші км – де,
L = 40 км ); Тәңірберген өзені (с. ж. 441 – ші км – де, L = 58 км ); Ақсу
өзені (с. ж. 398 – ші км – де, L = 42 км ).
Жоғарыда аталғандардан басқа өзен ұзындығы 20 – 30 км – ге дейін
жететін бірқатар салалары бар.
Ілек өзені Ақтөбе қаласына дейін оңтүстіктен – солтүстікке қарай
ағады, содан соң бағыты солтүстік батысқа ауысады және облыстың негізгі су
артериясы болып табылады.
Өзен аңғары жақсы өңделген. Оның ені 2 – 4 км, Алға қаласынан төмен,
Ақтөбе қаласының ауданында өзен аңғары 5 – 6 және тіпті 7 км – ге дейін
ұлғаяды. Аңғардың беткейлерінің биіктігі 15 – 25 м, ал жеке участкелерде 30
– 40 м – ге дейін. Беткейлерде терассалар жиі кездеседі

2 ӨЗЕНДЕР РЕЖИМІ

2.1 Өзендер мен уақытша ағынсулардың су режимінің жалпы сипаттамасы

Ақтөбе облысы аз мөлшерде түсетін жауын-шашынымен және үлкен шамада
булануымен сипатталатын ылғалдылығы жеткіліксіз ауданға жатады. Осыған
байланыстс облыс өзендерінің,жалпы алғанда,су қоры аз.
Өзендер мен уақытша ағынсулардың ағындысы мұнда тек қана қысқы жауын-шашын
есебінен құралады деп айтуға болады.Жауын-шашынның жылдық жиынтығының 70%-
дайын құрайтын жылы кезеңнің жаңбыр сулары беттік ағындыны, әдетте
қалыптастырмайды. Өзендердің жер асты суларымен қоректенуі үлкен емес, көп
өзендердің мұндай қоректенуі жоқ.
Облыс өзендерінің су режимінің басты фазасы-көктемгі су тасу болып
табылады.Жылдық ағындының көп бөлігі, тіпті барлық көлемі осы кезеңде ағып
өтеді.Үлкен су тасу кезіндеең жоғарғы су өтімі тіпті салыстырмалы түрде ірі
өзендердің (су жинау алабы 10000км2 болатын) орташа көп жылдық су
өтімдерінен 200-300 есе асып түседі.Ал кішкене ағынсуларда-сайларда (лог)
тіпті бірнеше мың есе асып түседі [1].
Жазғы-күзгі және қысқы кезеңдерде облыстың көп өзендерінің сулылығы
мардымсыз,олардың көпшілігі бұл уақытта құрғап, қатып қалады.
Ақтөбе облысының өзендері режимінің климаттық жағдайларымен
анықталатын өзіндік қасиеттері ауданның жеке бөліктерінде жергілікті
факторлардың әсерінен анық бұзылады.
Қарастырылып отырған аумақтың табиғи ерекшеліктерін,сондай-ақ
өзендердің су тасу кезінде және ең алдымен жазғы-күзгі,қысқы уақытта (яғни
ағынсулардың ағынды шамасы жер асты суымен қоректену үлесіне тәуелді
болғанда) әртүрлі сулылығын ескере отырып,осы аймақта үш ауданды бөліп
қарастыруға болады: солтүстік-батыс,орталық және оңтүстік-шығыс. Облыс
өзендерінің сулылығы солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай
кемиді.
Орталық аудан. Бұл ауданның территориясы Ойыл,Ембі,Сағыз және олардың
салаларымен (Ойыл өзенінің оң салаларынан басқа) суарылады,оның құрғақ
шығыс бөлігінде Ырғыз өзенінің алабы орналасқан. Сулылығы бойынша бұл аудан
ең сулы бөлік-солтүстік-батыстан құрғақ бөлік-оңтүстік-шығысқа өтпелі аймақ
болып табылады.Сабалық кезең кезінде мұнда ағынды Ойыл, Ембі және Ырғыз
(Ырғыз ауылына дейін) өзендерінде ғана сақталады.Көпшілік өзендерде бұл
уақытта ағынды,әдетте мардымсыз немесе тіпті болмайды.
Сағыз, Ембі және Ілек өзендерінің алабы үшін ағынсыз (тұйық)
ойыстардың болуы тән.Көктемде оларда еріген қар сулары жиналады,содан соң
бұл сулар жер астына сіңеді және буланып кетеді [1].
Ағынсыз ауданның үлесі су жинау алабы ұлғайған сайын өседі.Ырғыз
өзені алабында – 3 % Қарабұтақ ауылына дейін (F=5010 км2) және 18 % Ырғыз
ауылына дейін (F=30300 км2).
Қарастырылып отырған ауданның басты өзендерінің ағындысы негізінен
алаптың жоғарғы, биік бөлігінде (солтүстік-батыс) қалыптасады.
Ақтөбе облысының орталық бөлігіндегі өзендердің су режимі бойынша
жалпы алғанда солтүстік-батыс ауданның өзендеріне ұқсас,бірақ көктемгі
ағынды үлесі мұнда 80-90 %-ға дейін көбейеді, ал көптеген ағынсуларда бір
жылдық ағынды шамасын құрайды [1].
Көктемгі су тасу,көбінесе айқын көрінетін бір ғана толқынмен өтеді.Содан
кейін өзендерде төмен сабалық кезең басталғанда олардың көбісі құрғап
қалады.Тіпті, Сағыз сияқты үлкен өзен де жазда жыл сайын жекелеген
қайраңдарға бөлініп қалады.
Аудан өзендеріндегі көктемгі су тасу,әдетте наурыз аяғы-сәуір басында
басталады (шеткі мерзімдері-наурыз ортасы мен сәуір айының ортасы).Су
деңгейі тез арада және кенеттен көтеріліп,баяу түседі.Су тасу ұзақтығы кіші
ағынсуларда сәуір ортасы-мамыр айының басына дейін (20-30 күн),ал ірі
өзендерде-мамырдың аяғына дейін (50-60 күней).Су тасудың көтрілуі мен
басылуының орташа ұзақтығының қатынасы Ойыл өзенінде 1:4-1:6,қалған
өзендерде 1:2,1:3.
Сабалық кезең.Орталық ауданның өзендерінде көктемгі су тасу аяқталған
соң ұзақ мерзімді сабалық кезең басталады,өзендер қатты таязданып кетеді.
Мұз құрсау кезінде көп өзендер қатып қалады.
Өзендерде барлық сабалық кезеңнің ұзақтығы,әдетт 30 (Ойыл, Ембі
өзендері) 345 күнге дейін (Шийлі, Ембі өзендері және басқа да кішігірім
ағынсулар) жалғасады.
Жазғы сабалық кезең үлкен өзендерде 165 күннен,кіші өзендерде 195 күн
болады.Қысқы сабалық кезең орта шамамен 140 күнге созылады.
Жазғы сабалық кезең ішінде өзендер суының деңгейі біртіндеп
0,2-0,4 м-ге құлайды (түседі).
Ашық арнада ең төменгі деңгей көп жағдайда тамыз айында
көрінеді,қысқы минимум қараша-желтоқсан айларында байқалады.
Су деңгейі тербелісінің көпжылдық ауытқуы (амплитудасы) Ойыл мен
Сағыз өзендерінде 5м-ден жоғары, ал Ембі өзенінде (осы аудан шегінде) және
Ырғызда –2,5-3,7 м,кіші ағынсуларда- 1,5-2,0 м шамасында.

2. Өзендер ағындысының зерттелгендігі

Ақтөбе облысының өзендері мен уақытша ағынсулардың су режимі
КазССР гидрометеорологиялық қызметі және МГИ басқармасымен зерттелді.
Қарастырылып отырған территорияда гидрологиялық бақылау пункттерінің
тірек желісінің дамуы біркелкі болған жоқ,кейбір жылдары бақылау
пункттерінің саны азайып та отырды (Ұлы Отан соғысы жылдарында).
Құрамына 22 гидрометеорлогиялық тұстама кіретін МГИ экспедициясының уақытша
желісі (1960-1963 жж.),әсіресе алаптары нашар зерттелген кішігірім
ағынсуларды қамтыды.
Бірінші бекет ашылғалы бері (Ырғыз өзенінде) 1962 жылға дейін Ақтөбе
облысының аймағында ГМҚБ, Батыс Қазақстан ағынды станциясы және МГИ бойынша
су өтімдерін анықтау 50 өзендер мен ағынсуларда орналасқан 65 пунктте
жүргізілді, 1962 жылдың аяғына қарай олардың 58-і жұмыс істеді.Ағынды
мәліметтері болатын бақылау пункттерінің аумақ бойынша орналасуы біркелкі
емес.Олардың көпшілігі (шамамен 75%-ы) облыстың солтүстік-батыс бөлігінде
тұйықталған - Ілек, Ойыл және Ембі алабында,облыстың ең құрғақ оңтүстік-
шығыс бөлігінде гидрологиялық тор едәуір сирек орналасқан. Ырғыз-Өлкейек
өзен аралығының уақытша ағынсуларында және Арал маңында бекеттер жоққа тән.
Гидрометриялық тұстаманың көп бөлігі – 43 (66%-ы) су жинау алаптары
100-10000 км2 құрайтын пункттерде орналасқан [2].
Ақтөбе облысының өзендері мен уақытша ағынсулардың ағындысын
зерттеуде олардың су режимінің, арна және аңғар морфологиясының
ерекшелігіне байланысты біршама қиындықтар кездесті. Су деңгейі су өтімі
арасында тұрақты байланыс болмайтын арналық деформация, күрделі мұздық
құбылыстар және шөп басып кеткен жағдайда өзендер ағындысы бойынша сенімі
мағлұматтар алу су режимінің барлық фазасын,әсіресе,көктемгі су тасулы
қамтитын жиі-жиі су өтімдерін өлшеуді қажет етті. Алайда,өзендердегі
гидрометриялық жұмыстар мұндай негізгі жағдайларды ескермей жүргізілгені
сирек емес.Жеке жылдары су өтімдері көктемгі су тасу кезеңінде тіпті
анықталмады деуге болады.
Бұдан басқа,ағыс жылдамдығы жоғары болған кезде,көбінесе қалтқылармен
өлшенді,ал төмен деңгей кезінде-ағын тереңдігі өте аз жерлерде
зырылдауықпен өлшенді,бұл екі жағдайда да су өтімдерінің анықтау дәлдігі
төмендейді.
Ақтөбе облысы өзендерінің ағындысын есептеуде мәліметтердің басты
кемшіліктерінің бірі-бірқатар жағдайда бақылау пункттерінен жоғары бөлікте
ағындыны шаруашылық қажеттіліктерге,әсіресе суармалауға алуды ескермеу
болып табылады
Ор,Ойыл ,Сағыз, Ырғыз өзендері үшін лимандық суармалауда ағынның
жұмсалуы есептеулер көрсеткендей, едәуір үлкен (көктемгі су тасу көлемінің
15-20%-дайы); жазғы уақытта су алу облыстың көпшілік өзендер ағындысының
табиғи сабалық режимін біршама бұзады.

2.3 Cу ресурстарын шаруашылық мақсатта қолдану

Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық ауданға жатады.Мұнда,сондай-ақ
тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп жақсы дамыған.
Облыста суды басты пайдалану көзі-ауыл шаруашылығы болып табылады,бұл
салаға сумен қанағаттандыруға шамамен 430 млн м3,немесе барлық пайдалатын
судың 88 %-ы жұмсалады.Осы су көлемінің ең көп бөлігі лимандық суармалау
үлесіне тиеді.
Су шаруашылық шаралардың,әсіресе лимандық суармалау нәтижесінде
жылдық ағынды шамасының айтарлық өзгеруі (су аз жылдары 15-35 %-ға дейін,
су орта жылдары 10-20 %, су мол жылдары 5-10 %-ға кеміді), әсіресе,қолда
бар мәліметтер бойынша Ор,Ойыл (төменгі ағысында), Сағыз және Ырғыз
өзендерінде байқалды [1].

2.4 Бекет сипаттамасы

Ілек өзені – Ақтөбе қаласы. Бекет қала маңында су тартатын темір жол
станциясынан төмен және Қарағалы өзені сағасынан 300 м төменде орналасқан.
Өзен аңғары кең, айқын көрінбейді. Топырағы қою - сарғылт. Аңғарды боз
бетегелі шөптесін өсімдіктер қамтыған. Жазда өсімдік жамылғысы күнге күйіп
кетеді.
Жайылмасы екі жақты. Сол жағалық жайылма ені 2 км – ге дейін жетеді,
ал оң жағалық жайылманың ені 1.0 – 1.5 км. Жайылманың оң жағалық бөлігі
көне дариялармен тілімденген. Жайылма шалғынды және далалық өсімдіктер
жайылған, кейде бұталар кездеседі. Су жайылмаға 680 – 690 см деңгей кезінде
шығады.
Жайылмадағы тереңдік 3.7 – 3.8 м- ге жетеді. Өзен арнасы аз
иреңделген, тармақталмаған. Жағалары биік емес, 3.0 – 3.5 м. Сол жағасы –
тік, оң жағасы - тегіс болып келген.
Қадалық типті бекет оң жағада орналасқан.
Нөл бекет белгісі 201.27 м Б.Ж.. Гидротұстама № 1 бекет тұстамасымен
біріккен және қайықты өткелмен жабдықталған [3].

3 ӨЗЕН АҒЫНДЫСЫН ЕСЕПТЕУ

3.1 Жылдық ағындыны анықтау

Ақтөбе облысының территориясынлдағы өзендердің жылдық ағындысын
қалыптастыратын табиғи жағдайлар алуан-түрлі болып келеді.Өзендер режимінің
негізгі сипаттары әр түрлі жер бедерінің пішініне,топырақ-өсімдік
жамылғысына және өзен алаптарының гидрогеологиялық құрылымына сәйкес құрғақ
континентальді климатымен анықталады.Бұл территориядағы өзендер режиміне
тән фаза-көктемгі су тасу. Бұл кезде облыстың түрлі аудандарындағы
өзендерінде жылдық ағындының 70-тен 100%-ға дейін көлемі ағып өтеді [1].
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Деркүл өзені – Белес (Ростошский) ауылы бойынша көктемгі су тасуды есептеу
Жайық өзенінің экологиясы
Қазақстанның көлдері мазмұны
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Ойыл өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімін есептеу
Атмосфералық жауын - шашын
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Пәндер