Тобыл және Есіл алаптары өзендерінің жылдық ағындысы


РЕФЕРАТ
Тобыл және Есіл алаптары өзендерінің жылдық ағындысы тақырыбына жасалған диссертация жұмысы 71 беттен, кіріспеден, 4 тараудан, 14 кестеден, 9 суреттен, 11 қолданылған әдебиеттен тұрады.
Негізгі сөздер: су өтімі, қалыпты ағынды, қамтамасыздық қисығы, корреляция, вариация, асимметрия коэффициенттері, регрессия теңдеуі, айырымдық интеграл қисығы, Стьюдент, Фишер біртектілік критерийлері.
Көп мәліметтер алынған әдебиет : "Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель. Вып. 1. - Акмолинская область. - Л. :Гидрометеоиздат. - 1958. - 789 с.
Зерттеу обьектісі - Есіл және Тобыл өзендері.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеп отырған тақырыбымыз - Тобыл және Есіл алаптары өзендерінің жылдық ағындысы.
Есіл және Тобыл өзендері Ақмола мен Қостанай облыстарының аймағында жатыр. Қарастырылып отырған аумақ әр түрлі табиғи ландшафттармен сипатталады. Басым бөлігін далалы және шөлейтті ландшафттар алып жатыр.
Өзендер аңғарында бірқатар ірі сорлар мен көлдер көп, бұл ойыстар көктемгі су тасу кезеңінде суға толады, сондықтан мұнда ағындының көп мөлшерде ысырапталуы байқалады.
Ақмола облысының территориясы беткі ағындының қалыптасуын айкындайтын ылғалдылығы жеткіліксіз ауданға жатады.
Облыс аумағында беткі ағынды еріген кар суларының есебінен қалыптасады. Жаңбыр суы түгелімен дерлік булануға жұмсалады. Ағынсулардың грунттық қоректенуі үлкен емес. Осылайша, аумақтағы беткі ағындының қалыптасу процесінде қардың сөзсіз маңызды рөл атқаруымен байланысты Ақмола облысының өзендері мен уақытша ағынсулардың жылдық ағынды көлемі түгел дерлік көктемгі ағынды мөлшерімен анықталады. Климаты шұғыл континентальды.
Екі өзен де Ақмола және Қостанай облысының ең ірі өзендерінің бірі. Өзендердің суы маңында орналасқан елді - мекендерді сумен қамту үшін және ауылшаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның ішінде, әсіресе, лимандық суармалауға алынады. Сондықтан су ресурстарын бағалау өте
көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.Берілген бітіру жұмысында Есіл және Тобыл өзендерінің физика-географиялык сипаттамасы, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы ерекшелігі қарастырылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты: бақылау мәліметтері бар және жеткіліксіз болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны қалпына келтіру және бағалау. Ол үшін алаптың физика-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады және ұқсас бекеттер мен зерттеу тұстамалары арасында байланыс коэффициенті анықталады. Есептік кезеңді таңдау үшін айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және қатар біртектілігін тексеру үшін жиынтық интеграл қисығын, Стьюдент, Фишер критерийлерін келтіру. Сондай-ақ, қалыпты ағындының қамтамасыздық қисықтары тұргызылады.
1 АҚМОЛА ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Ақмола облысы 155. 2 мың км 2 ауданды алып жатыр. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 52º50' -тан 48º50' с. е. және батыстан шығысқа қарай 65º20' - тан 74º00' ш. б. созылып жатыр.
Қостанай облысының ауданы 195600 км 2 болатын жерді қамтиды. Оның территориясы 48º пен 55º с. е. және 60º пен 67º ш. б. аралығында орналасқан, ені 300 км меридионалды бағытта 600 км-ге созылған.
Қарастырылып отырған аумақ әр түрлі табиғи ландшафттармен сипатталады. Басым бөлігін далалы және шөлейтті ландшафттар алып жатыр.
Орманды дала қарастырылып отырған аумақтың солтүстік аймақтың кішкене бөлігін және қамтиды. Далалы аудан аумақтың барлық дерлік солтүстік жарты бөлігін және оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. Ол қайыңды және көк теректі тоғайлармен сипатталады. Шөлейттер ауданның оңтүстік батыс бөлігін және Батыс Сібір ойпаты Облыстың кең байтақ жерін қамтиды [1] .
1. 1 Жер бедері
Қарастырылып отырған территория Қазақ ұсақ шоқысының батыс аймағын қамтиды.
Облыстың беткі құрылымы бойынша биіктік белгісі 300-400 м абс. Жоталы жазықтық алап басым. Жоталардың Салыстырмалы биіктігі басым бөлігінде 20-40м аспайды және тек ең жоғары биік бөлігінде 100-200 м-ден асады. Ұсақ шоқылар тік емес. Беткейлердің тіктілігі 5º - 10º құрайды. Тек бұзылуы қиын жыныстар (кварциттер және т. б. ) үшкір шыңды болып келеді. Жеке жоталардың шыңдары жалаңаштанған. Жоталардың көп бөлігі қиыршық - малтатасты шөгінділермен жамылған.
Рельеф депрессиясы шөгінді жыныстардан құралған - құмдақтар, саздақ, тау жыныстарының бұзылуының борпылдақ өнімдерімен бөгелген.
Өзен аңғарлары бойында құм, малтатас және саз қабаттармен сипатталатын аллювиалды шөгінділер таралған, олардың қуаттылығ 20-30 м жетеді (Нұра, Есіл және кейбір басқа өзендердің аңғаралары) .
Облыстың орталық бөлігі ең тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Жер бедерінің көп бөлігін көлдер мен тұйық ойыстар алып жатыр. Аумақтың құрылымдық бетіне қарап төрт ауданды бөліп қарасытуға болады: Орал маңы үстірт; Қостанай жазығы; Торғай шоқысы және Қазақтың қатпарлы өңірінің батыс шеті.
Орал маңы үстірті тегіс жазықты, кейбір жерлерде төбелер кездеседі. Ендік бағытта үстірт жақсы өңделген біренше өзен аңғарларымен тармақталған (Үй, Тоғызақ, Аят, Сынташты өзендері және т. б. ) . Қазаншұңқырларда пішіні мен көлемі әр түрлі көлдер шоғырланған.
Қостанай жазығы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және Үлкен батыс Сібір ойпатының кішігірім учаскесін қамтиды. Биіктігі 170-200 м абс. Бұл жазықтықытың жер бедеріне көптеген кеесе тәрізді қазаншұңқырлар тән. Олар тұщы немесе тұзды сулармен толған. Өзен жүйесі әлсіз дамыған, ірі ағынсулардан жазықты оңтүстіктен солтүстікке қарай Тобыл мен Ұбаған өзендері кесіп өтеді.
1. 2 Геологиялық құрылымы
Торғай шоқысы полеогеннің теңіз - тұзды шөгінділерімен қат - қабат нығыздалған құмды және сазды балшықтан құралған. Бұл қаьаттың төменгі бөлігінде саз балшықты және құмды ізбестің жіңішке қабаттары бар.
Топырақ құрайтын жыныстарға: сортңдалған полеогендік шөгінділер жатады.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, құнды пайдалы қазбалардың үлкен шоғрдары Торғай ойпатының құмды - саз балшықты шөгінділердің астарында жиналған.
Қостанай облысы аумағында палеоген мен неоген шөгінділері ең көп таралған.
Орал маңы үстірті палеогендік шөгінділермен (құмдақ, опока, конгломераттар және саздар) және кристалды жыныстар қамтыған.
Топырақ қалыптастырушы жыныстарға, мұнда төрттік құмды - сазды, кейбір жерлерде шақпақтасты шөгінділер жатады [1] .
1. 3 Топырақ және өсімдік жамылғысы
Ақмола облысы топырақ өсімдік жамылғысы бойынша далалық - ландшафтық зонаға жатады, ал оңтүстік бөлігі шөлейтті зона болып табылады. Ылғалды солтүстік аумақта орманды дала учаскелері кезігеді.
Территорияның көп бөлігін жусанды боз бетегелі дала алып жатыр. Өсімдік жамылығысының ерекшеліктері топырақ түзуші жыныстардың және территорияның жеке бөліктерінде ылғаладану дәрежесі біркелкі болмауымен байланысты.
Қарастырылып отырған Қостанай облысы аумағының солтүстік бөлігінде, орманды дала және далалы зоналарда қаратопырақ дамыған, ол барлық ауданның 30 %-ын алып жатыр. Қиыр солтүстікте ортагумусты және шабындық қаратопырақ таралған, оңтүстікте олар азгумусты қаратопырақпен ауысады.
Құрғақ далалы және шөлейтті аудандар сарғылт топырақты, ол аумақтың 40 %-ын қамтиды.
Аумақтың ылғалды солтүстік бөлігінде бетегелі ақ селеулі далалар мен ауылшаруашылық өрістер кеңтараған.
Ең әлсіз ылғалданған аудан бөлігінде жусанды ұсақ саз балшықты еңістерде өсімдік мардымсыз және қына түрлері өседі.
Өзен аңғарларында дала өсімдіктері басым.
1. 4 Климаты
Орташа жылдық ауа температурасы қарастырылып отрған аумақ бойынша солтүстікте 0. 5 - 1º С - ден және биік учаскелерде 2 - 2. 5 º С дейін шет оңтүстікте тебеледі.
Ауа температурасының жыл ішілік жүрісі қыс кезіндегі тұрақты күшті аязбен, қысқа көктемгі кезеңдегі жылудың қарқынды өсуімен және жаз бойғы ыстықпен сипатталады. Ең суық ай қаңтар айы. Қаңтар айы ауасының орташа температурасы облыс солтүстігінде минус 18-19ºС ал, оңтүстік бөлігінде - 16 - 17ºС. Абсолютті минимумдар жеке жылдары минус 50ºС-ден минус 51ºС-ге дейін қаңтар - ақпанда өтеді.
Ең жылы ай шілде. Шілде айында орташа ауа температурасы облыс территориясы бойынша 19ºС - ден 21ºС-ге дейін тербеледі. Температураның абсолютті максимумдары 40ºС - ден 43ºС - ге жетеді. Осылайша, ауаның орташа айлық температурасынң тербеліс амплитудасы шамамен 40ºС-ды құрайды, абсолютті амплитуда 90ºС-ден асады.
Жылы кезең ұзақтығы (орташа тәуліктік ауа температурасы 0ºС-ден жоғары) шамамен 190-200 күнді құрайды.
Ауа температурасының көктемгі 0ºС-ден өтуі аумақтың басым бөлігінде, әдетте 12-13/IV байқалады.
Күзде ауа температурасының 0ºС - ден өтуі орташа алғанда 22-25/X жүреді.
Қыстың орнауы созылмалы сипатқа ие.
Қостанай облысы ауа температурасының жылдық амплитудасы орта шамамен 75ºС-ді құрайды. Бөлек жылдары 88ºС жетеді. Шілдеде температура 40ºС дейін көтеріледі. Қыста минус 40ºС, минус 46ºС төмендейді. Жыл ішінде жауын-шашын аз түседі - 300-50 мм-ден бастап аудан оңтүстігінде 175 мм.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күндізгі уақытта ауданның ортаңғы бөлігінде 30-40%-ға төмендейді, оңтүстігнде 20-30 %. Бұл ауданға аңызақ жел, бұрқасындар мен борандар тән.
Аудан аймағында ауа температурасының орташа жылдық мәні 1. 2ºС солтүстіктен 4. 4ºС оңтүстік бөлігіне ауытқиды.
Қыс біршама аязды, тұрақты ауа райымен сипатталады.
Ең суықайлардың қаңтар мен ақпан айының орташа температурасы минус 16ºС және минус 18ºС құрайды.
Жазда ауа райы ыстық: шілде айның ең үлкен температурасы 42ºС - ге жетеді [1] .
1. 5 Жел жылдамдығы
Жер бедерінің салыстырмалы жазықтығы, территорияға әр түрлі ауа массаларынң енуі қарқынды жел әрекеті үшін қолайлы жағдай туғызады.
Штильді (тымық, желсіз) ауа райы Ақмола облысына тән емес. Жыл ішінде оның аумағында желсіз күндер шамамен 50-70 күнді құрайды. Желдер жиі қайталанғышытығымен және күштілігімен ерекшеленеді. Басым бағыты (әсіресе, қыста) - оңтүстік-батыс жіне батыс жазықтығында солтүстік құраушы желдердің қайталанғыштығ жиі. Желдің орташа жылдамдығы 4. 5-5. 5 м/с.
Қостанай облысының жел жылдамдығы жалпы алғанда көп өзгермейді, солтүстіктен оңтүстікке қарай біршама көбейеді. Жел қарқыныдылығы көктемде өседі, әсіресе наурыз айында. Жазда өте әлсіз жел соғады. Желдің ең орташа жылдамдығы наурыз айында 11 м/с, ал тамыз айында 5. 4 м/с құрайды.
1. 6 Жауын - шашын
Ақмола облысы ылғалдылығы шұғыл жеткіліксіз ауданға жатады.
Жауын - шашынның жылдық қосындысы облыстың солтүстік бөлігінде 300-350 мм, оңтүстігінде - 200 мм.
Жыл ішінде жауын - шашынның жылдық қосындысы облыстың солтүстік бөлігінде 300-350 мм, оңтүстгінде - 200 мм.
Жыл ішінде жауын - шашын біркелкі таралмаған. Жылдың суық бөлігіне (XI - III) жауын - шашынның жылдық қосындысының тек 25-30 % - ы ғана келеді.
Жылы кезең ішінде (IV-X) солтүстік ауданда 200-220 мм, ал оңтүстігінде - 180-140 мм жауын-шашын түседі. Ең көп жауын-шашын шілдеде байқалады, минимумы ақпан-наурызда, кейде қыстың алғашқы айларында байқалады.
Қостанай облысы ауданының солтүстік бөлігінің шетінде жылдық жауын - шашын нормасы 300-350 мм құрайды, ал оңтүстік бөлігінің маңында 175 мм.
Жауын - шашынның жылдық жиынтығының өзгерісі үлкен емес (0. 2 - 0. 3) .
Жауын - шашынның көп бөлігі жылдық жиынтығының 70-80 % жылы кезінде түседі, сәуірден қазан айлары арасында.
Оңтүстік бөлігінің жаңбырсыз кезеңдері құрғақ және шөлейтті дала зонасында 70 күнге жетеді, ал солтүстік бөлігінде, яғни ылғалдау аудандарда 30-35 күн.
1. 7 Қар жамылғысы
Ақмола облысы территориясы бойынша қар жамылғысының таралуында айқын көрінетін зоналдылық тән, бұл қар жамылғысы биіктігінің және ондағы су қорының заңдылықпен азаюымен, сондай - ақ, солтүстіктен оңтүстікке қарай қар жамылғысынң жату ұзақтығының қысқаруымен байланысты.
Тұрақты қар жамылғысы, әдетте ауа температурасы минус 5ºС - ге төмендегенде орнығады. Қар жамылғысының пайда болуы солтүстік ауданда жуықтап алғанда 5 - 10/XI, оңтүстігінде - 15 - 20/XI.
Көктемгі қар еру алдында қар жамылғысының ең үлкен биіктігі ашық учаскелерде 25-30 см солтүстігінде, ал қалған бөліктерінде - 20-25 см.
Қар жамылғысынң тығыздығы қар еру басында шамамен 0. 30 құрайды.
Қостанай облысы бойынша қар жамылғысының орнығуы, негізінен зоналды сипатта болады. Бұл ең алдымен жергілікті ендіктің төмендеуінен қар қорының біршама бірқалыпты азаюынан байқалады.
Қар жамылығысындағы максималды су қоры солтүстік бөлікте орташа алғанда наурыз айының ортасында жиналады және оңтүстігінде наурыздың бірінші декадасында.
Көктемде қар жамылғысының еруі күн радиациясының әсерінен әдеттегідей күндізгі ауа температурасының теріс болуынан да басталады.
1. 8 Ауа ылғалдылығы
Ақмола облысы аумағы ылғалдылығының үлкен жеткіліксіздігі атмосфералық жауын - шашынның аз мөлшерімен және ауаның төмен ылғалдылығымен байланысты [1] .
Ауаның абсолютті ылғалдылығы орташаланда 6 мб, ылғалдылық тапшылығы 4 - 5 мб. Ауа ылғалдылығының минимальды мәні қаңтар - ақпанда (1. 5 - 1. 7) байқалады, ал максимальды мәні - шілдеде 12-14 мб.
1. 9 Гидрография
1. 9. 1 Өзендер мен уақытша ағынсулар
Ақмола облысының гидрографиялық желі құрылымының ерекшелігі оның беткі сипатымен байланысты. Облыстың орталық бөлігінің жазықтылығы, аумақтың шет бөлігіне орталығына қарай бірқатар жоталардың болуы ағындының негізгі бағытын анықтайды.
Облыстың басты су артериясы - Есіл өзені болып табылады. Ағындысы Ертіс өзенініе дейін жететін Есіл өзенінің алабына Ақмола облысының жартысынан көп бөлігі кіреді. Қалған бөлігі тұйық ағынды облысына жатады. Мұнда Теңгіз - Қорғалжын ойпаты, Нұра өзені, Құлан - Өтпес және бірқатар ағынсулар алаптары жатады.
Бұл қарастырылып отырған аумақта ұзындығы 10 км-ден асатын өзендер мен уақытша ағынсулардың жалпы саны 400-ге жетеді.
Қостанай облысы климатының құрғақтығы және жер бедерімен бірге өзіне тән гидрографиялық ерекшелігі тудырады. Өзен аңғарлары аумақтың биіктеу жерлерінде орналасқан, ал көптеген тұйық көлдер төменгі кеңістікте орналасқан.
Облыс аумағында ұзындығы 10 км асатын шамамен 310-ға жуық ағынсулар бар деп есептеледі. 100 км-ден асатын өзендер саны 21, ал 500 км асатын екеу. Облыстың өзен торабы Тобыл, Торғай өзендері алабына жатады.
Есіл өзені. Қарағанды облысының Нияз тауларынан бастау алады. Ол Ақмола облысына бастауынан 62 км-мен кіреді және 1027 км ұзындықта Ақмола аумағы бойыеша ағады, одан әрі Көкшетау, Солтүстік Қазақстан. Тюмень және Омбы облыстарының бөлігін кесіп өтеді де Ертіс өзенініе барып құяды. Бастауы 50º38' с. е. 73º12' ш. б., сағасы: 57º42' с. е., 71º12' ш. б. .
Ұзындығы 2450 км, су жинау алабы 155000 км 2 (Қарағанды және Ақмола облыстарының шегінде 88500 км 2 ) . Өзеннің жалпы құлауы 513 м, орташа еңістігі 0, 21 ‰.
Қарағанды және Ақмола облыстары аумағындағы негізгі салалары Қарғалы өзені (оң жағалау (о. ж., ) 2403 - ші км - де, ұзындығы 40 км), Мойылды өзені (о. ж., 2329 - шы км - де, 66 км), Колутон өзені (о. ж., 1971 - ші км - де, 223 км), Жабай өзені (о. ж., 1869 - шы км - де, 196 км), Жаман Қайрақты өзені (о. ж., 1823 - ші км - де, 106 км), Теріс - Аққан (с. ж., 1687 - ші км - де, 334 км), Тасты - Талды өзені (сол жағалау (с. ж. ), 1616 - шы км - де, 72 км), Коко өзені (с. ж., 1504 - ші км - де, 92 км), Қызылсу өзені (о. ж., 1424 -ші км - де, 91 км), Жаныспай өзені (с. ж., 1402 - ші км - де, 58 км) .
Өзен алабы аудан көлемі мен өзен желісінің ұзындығы бойынша, сонымен қатар шаруашылық маңызы бойынша Ақмола облысының орталық бөлігі болып табылады, нақ осында қарастырылып отырған облыс аумағында тың жер лерді қарқынды игеру жүргізілген.
Су жинау алабының жер бедері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Алаптың жоғарғы бөлігінде Нияз таулары, оң жағалауы бойынша - Көкшетаудың оңтүстік беткейлері, ал оңтүстік - батысында - Ұлытау тауының жоталары орналасқан. Жалпы алғанда, алап салыстырмалы жазықты болып келеді.
Облыс аумағында алаптың орташа биіктігі шамамен 350 м, ал Астана қ. дейін - 460 м. Астана қ. төмен өзен жазықтыққа шығады. º'
Алаптың едәуір бөлігі әрекет етпейді. 1956 ж. ГГИ экспедициясы жүргізген аэрофототүсіру мәліметтері бойынша су жинау алабының жоғарғы бөлігінінде (Астана қ. дейін) ауданның жуықтап алғанда 25%-ы Есіл -өзеніне беттік ағындыны бермейді.
Есіл өзенінің жоғарғы бөлігіндегі ағындының қалыптасу ерекшеліктеріне бифуркация құбылысы тән. Бұл құбылыс Сарқырама, Козгош және Мухор салалары бойынша іске асады.
Ақмола қаласы мен Воздиженка ау. Арасында Нұра - Есіл аңғарындағы жанасу учаскесінде Нұра өзенінің Есіл өзенімен қосылу байқалады.
Қостанай облысының басты артериясы, маңызды су шаруашылық маңызы бар Тобыл өзенінің алабы болып табылады. Өзен аңғарының жоғарғы бөлігінде 3 км, төменгі бөлігінде 20-30 км-ге жетеді.
Жайылмасы шалғынды, тұзды - сортаңды. Өзен торабының орналасуы бойынша Тобыл өзенінің алабы үш сипатты бөліктерге бөлінеді: сол жағалық, Тобыл - Ұбаған өзен аралығы және Ұбаған өзен алабы.
Өзен торабының орналасуы бойынша Тобыл өзенінің алабы үш сипатты бөліктерге бөлуге болады: Сол - жағалық, Тобыл - Ұбаған өзен аралығы және Ұбаған өзен алабы.
Тобыл өзені алабының сол жағалық бөлігі өзен желісінің дамығандығымен ерекшеленеді; мұнда Шортанды, Сынташты Аят, Тоғызақ және Үй өзендері ағып өтеді, олар Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен бастау алады.
Шортанды, Сынташты, Аят, Тоғызақ және Үй өзендері жазғы сабалық кезеңде, әдетте ағындысы азаяды, бірақ қыста жыл сайын қайраңдарда (судың таяз жерлерінде) қатып қалады. Бұл өзендердің аңғарлары жақсы өңделген; олардың ені 3-5 км, беткейлері орташа тік, биіктігі 10 - 20 м.
Өзендердің төменгі ағысында қарасулар (терең участкелер) басым бөлігінің ұзындығы 0. 5 - 2. 0 км және тереңдігі 2-5 м кезінде ені 20-60 м; қайраңдар - қысқа (0. 1-0. 5 км), суы аз (0. 1-0. 3 м) .
Тобыл - Ұбаған өзен аралығында үлкен ағындар жоқ, мұнда жыралы - сай желісі әлсіз дамыған. Мұнда көктемде еріген қар суымен толатын кішігірім өзендер таралған [1] .
2 АҚМОЛА ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ БЕТКІ СУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz