Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы және пайымдауы 3
2. Ағымдағы жай.күйді талдау 3.19
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары,
даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары 20.34
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері 35
5. Ықтимал қатерлер 36.37
6. Сектораралық өзара іс.қимыл 38.41
7. Қосымша: Қазақстан Республикасының
бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі 42.43
8. Бюджеттік бағдарламалар
44.108
Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған. Республика халқының 99,5%-ы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады.
Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы нәтижесінде 20-тұғырға алға басты және 73-орын алады, сөйтіп Беларусь мен Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11 %-ы ғана білім беру деңгейінің төмендеуімен байланысты болды (52 %-ы күтілген өмірдің сүру ұзақтығының кемуіне және 37 %-ы ЖІӨ-нің төмендеуіне негізделді).
Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 – 2011
жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны

Беттер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 3
миссиясы және пайымдауы
2. Ағымдағы жай-күйді талдау 3-19
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 20-34
министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары,
даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 35
министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері
5. Ықтимал қатерлер 36-37
6. Сектораралық өзара іс-қимыл 38-41
7. Қосымша: Қазақстан Республикасының 42-43
бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
8. Бюджеттік бағдарламалар 44-108

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық
өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты
қалыптастыру және іске асыру
Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт

1. Ағымдағы жай-күйді талдау

Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру
бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және
ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және
ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған. Республика
халқының 99,5%-ы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен
14-орынды алады.
Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы
нәтижесінде 20-тұғырға алға басты және 73-орын алады, сөйтіп Беларусь мен
Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың
90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11 %-ы ғана білім беру
деңгейінің төмендеуімен байланысты болды (52 %-ы күтілген өмірдің сүру
ұзақтығының кемуіне және 37 %-ы ЖІӨ-нің төмендеуіне негізделді).
Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды
қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне
Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін
тигізуде.

Қазақстан Республикасындағы туылу үрдісі

Орын алған бала-бақшалар санының төмендеу үрдісіне 2000 жылы түбегейлі
өзгеріс жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының
саны жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары республикамызда мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер санының өсуі байқалуда. 2008 жылы 1
қазанда ол 2000 жылғы 133,2 мың балаға қарағанда 324,3 мың баланы құрап
отыр.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

2008 ─ 2009 оқу жылында жалпы саны 2515,5 мың оқушыны қамтыған 7620
күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың ішінде 4301
мектеп – шағын кешенді мектептер (40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын
бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын негізгі мектеп
және 280 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп).

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептер желісі мен
контингенті

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының артық желісі 2007─ 2008
жылдары 176-дан 144-ке дейін қысқарды.
Білім және ғылымды дамыту үшін мынадай стратегиялық құжаттар
қабылданды:
Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 ─ 2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007 ─ 2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 ─ 2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2007─2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары бағдарламасы;
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі
№ 680 қаулысымен Ғылым туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Парламенті қарауына енгізілді.
Білім беру құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттық жіктеуішіне
сәйкес келтірілді. 12 жылдық мектепті енгізу үшін жағдай жасалынып жатыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру қайта құрылды. Мамандарды даярлаудың үш
деңгейі енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Оған тәуелсіз
сырттан бағалаудың бүкіл элементтері кіреді (лицензиялау, аттестаттау,
аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі ─ ҰБТ),
мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі ─ МАБ), талапкерлерді кешенді
тестілеу және басқалары).
2008 жылы алғаш рет 2 университеттік білім беру бағдарламасын
халықаралық мамандандырылған аккредиттеу жүргізілді, ол оларды халықаралық
білім қоғамдастығында танымал етеді.
Ғылымның дамуы 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар мен жаңа
материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен- металлургиялық
секторларға арналған технологиялар және олармен байланысты сервистік
салалар; ядролық технологиялар және жаңарған энергетика технологиялары;
ақпараттық және ғарыштық технологиялар; ұлттық идея тұрақты дамудың негізі
ретінде.
Елдің ірі өңірлік ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары қатарында
қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылым дамуының
басымдақтарына сәйкес келетін сындық технологиялар бойынша ұжымдық
пайдаланымдағы 5 ұлттық ғылыми зертхана мен инженерлік бейінді 15
университеттік зертхана құрылды.
Қазақстан құс тұмауына қарсы меншікті вакцинасы бар 13 елдің бірі
болды. 2008 жылы республикада мемлекеттік тапсырыс бойынша құс тұмауына
қарсы Н5N1 вакцинасын 7,5 млн. дозада шығару басталды.
Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдары 5 патент, 17
патенталдылыққа ие болды, қорғаныс құжатын алу үшін 61 өтініш берді,
19 монография, 1766 жарияланым, оның ішінде халықаралық басылымдарда 271
мақала жарияланып, 31 кітап шығарды.
Республикамыздың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғау
органдары жұмыс істейді. Балалар үйлеріндегі балалар санын азайту,
қадағалаусыз және қорғансыз қалған балалардың пайызын төмендету,
жасөспірімдер үйлерінің желісін кеңейту жолымен балалар үйлері түлектерінің
тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай жасалған.
Жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Жастардың мүдделері мен
қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге танылған мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының қажетті құқықтық
негізі қаланды. Жыл сайын қоғамдық іс-шаралар мен патриоттық акциялардың,
студенттік құрылыс жасақтарының және Жасыл ел жасақтары сарбаздарының,
іске асырылған әлеуметтік маңызды жобалардың саны артуда. Қазақстан
студенттерінің альянсы 50 мың адамды біріктіреді. Жастар ұйымдарының саны
700-ден асады, олардың қызметіне елдің 1,2 млн. астам жасы қатысады.
2007 жылдың 3 қыркүйегінде Мемлекет басшысының қатысуымен бірінші рет
интерактивтік сабақ өткізілді. Интерактивтік сабақ арнайы кесте бойынша
1000 мектепте апта сайын өткізіледі. Мектептерді компьютерлендіру аяқталды.
1 компьютерге 21 оқушыдан, ауыл мектептерінде 1 компьютерге 20 оқушыдан
келетін арақатынасқа қол жеткізілді. Мектептердің 96 %-ы Интернет желісіне
қосылды. Мектептердің 96 %-ы, ауыл мектептердің – 97 %-ы телефон желісіне
тартылды. Қазақстандық білім беру порталы (www. eduportal. кz) тәжірибелік
пайдалануға берілді.
Халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның оқушылары жеңіп алған
медальдардың саны жыл сайын өсуде. Тек 2008 жылдың өзінде 72 алтын, 80
күміс және 100 қола медаль жеңіп алынды.
Қазақстан әлемнің 43 елімен бірге математика және жаратылыстану
бойынша 4-сынып оқушыларының білімін бағалау бойынша TIMSS-2007 (Third
International Mathematics and Science Study) халықаралық саластырмалы
зерттеудің қатысушысы болды. Зерттеуге 141 мектептен 3,99 мың оқушы
қатысты. Қазақстандық оқушылардың нәтижелері орташа халықаралық балдан
жоғары.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Республиканың жоғары оқу
орындарында 7 мыңға жуық шетел азаматтары оқиды, шетелдерде 20 мыңнан астам
қазақстандық оқиды. 3000-ға жуық Болашақ стипендиясының иегері әлемнің 27
елінде оқиды.
Білім және ғылым саласында 130-дан астам халықаралық шарт жасалды. 150-
ден астам білім беру және ғылым ұйымдары шетелдік әріптестерімен тікелей
байланыстар орнатуда.
Білімді сипаттайтын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан
әрі – ЖБИ) 11 құрамдас бөлігінің тек бір Жоғары оқу орындарына
қабылданған студенттер саны индикаторы бойынша ғана біз 50 үздік ел
қатарына кіріп отырмыз.
Қазақстанның білімінің және ғылымының бәсекеге қабілеттілігін тежейтін
бірқатар жүйелік проблемалар бар:

1. Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу қамтамасыз етілмеген

Республикада балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қамтуы орта есеппен
35,6 %-ды құрайды. Бұл бізге жақын көршілерден (Ресей – 64,5%) гөрі едәуір
төмен.
Сонымен қатар тиімді экономикасы бар мемлекет барлық балаларға кемінде
үш жылдың ішінде тегін, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектепке
дейінгі тәрбие мен білім береді. Нидерландыда, Италияда, Англияда,
Францияда 4-5 жастағы балалардың 100 % жуығы, Швецияда, Португалияда, АҚШ-
та, Германияда – 80 %-ға жуық бес жастағы балалар қамтылған. Мектепке
дейінгі білімге салынған 1 доллар 7 доллардан астам кірісті құрайды. Бұл
мектептегі білімге салынған кірістен 2 есе және кәсіби білімнен 4 есе
артық.
1-ден 6 жасқа дейінгі 900 мыңнан астам бала ұйымдастырылған мектепке
дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің, мектепалды даярлықпен
қамтудың төменгі көрсеткіштері Бастауыш оқытумен қамту ЖБИ-да байқалады
(134-тен 85-орын).

2. Мектептегі білімнің инфрақұрылымы мен мазмұны мемлекет ұсынған
бірдей сапалы білім беру қызметтерін және 12 жылдық мектепке көшуді
қамтамасыз етпейді

Бастауыш білімнің сапасы (134-тен 68-орын), Білім беру жүйесінің
сапасы (68-орын), Математикалық және ғылыми білімнің сапасы (80-орын)
ЖБИ индикаторында білім беру ұйымдары желісінің жетіспеушілігі, олардың
нашар материалдық базасы, жетілмеген білім беру мазмұны және тағы басқалар
байқалады.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық
жай-күйі қазіргі заманның талаптарға әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы
саны 7620 мектептің 63,0 %-ы типтік ғимараттарда, 37,0 %-ы бейімделген, 202
мектеп авариялық жағдайда тұр. Мектептің 22,7 %-ы күрделі жөндеуді қажет
етеді. Мектепің 86,0 %-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 65,1 %-ы екі,
ал 86-і үш ауысымда жұмыс істейді. Еліміздің өңірлерінде білім берудің
бюджетін қалыптастыру кезінде мектептердің оқу-материалдық базасының
мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды,
нәтижесінде авариялық жағдайда тұрған мектептердің саны азаймай отыр.
Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Республикамызда 2000 – 2007 жылдары бұл үлес өзгермей отыр және 2008 жылда
ол мектептердің жалпы санының 37,0 %-ын құрап отыр.

Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жағдайы туралы
мәліметтер

2008 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігі – 120186 бірлікті құрады.
Республика өңірлеріндегі 156,1 млрд. теңге сомаға 242 мектеп салу (және
2008 жылдың бюджетін нақтылағаннан кейін 8 мектеп) орын жетіспеушілігін
кемітеді, бірақ проблеманы толығымен шешпейді.

Жаңа объектілер енгізуді ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің,
шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды
факторлардың бірі – мектептерде пәндік кабинеттердің болуы болып табылады.
Республикадағы әрбір үшінші мектеп физика, химия, биология оқу
кабинеттерімен, спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Тек мектептердің 28%-
ында ғана лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиһаздары
1970 – 1990 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген
және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. 2008 жылы
мектептердің тиісті пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі облыстарда
өзгеруде. 2007 жылы мектептердің оқу кабинеттермен орташа қамтамасыз
етілуі олардың жалпы санының: физика – 55,1 %-ын, химия – 44 %-ын,
биология – 37 %-ын, ЛМК – 41,3 %-ын құрап отыр.

Мектептердің жаңа үлгідегі оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі

12 жылдық білім беру шеңберінде мектепке баратын алты жасар балалар
үшін Қазақстан мектептерінде ойын және демалыс бөлмелерін жабдықтау, ыстық
тамақпен қамтамасыз ету қажет.
Білім беруді қаржыландыру 10 жыл ішінде 7 есе ұлғайды.
Соңғы жылдары Қазақстанда оң үрдіс байқалуда – мемлекеттік бюджеттен
білім беру жүйесін қаржыландырудың абсолюттік мәнде едәуір өсуі. Егер 2000
жылы бір оқушыға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шығындары 25,8 мың
теңгені құраса, онда 2007 жылы – 72,8 мың теңге, ал орта білім алатын бір
оқушыға шығын 18,8-ден 103,1 мың теңгеге дейін құрап отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы, орта білім берудегі
бір білім алушыға жұмсалатын шығын

Бірақ қаржыландыру құрылымында жалақы 82 %-ды құрайды. Күрделі
жөндеуге және негізгі құралдарды сатып алуға барлығы мектепке жұмсалған
қаражаттан 3 %-ды құрайды.
Әрбір бесінші мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Нәтижесінде жарты
миллионнан астам оқушы оқу үрдісі кезінде тамақтану мүмкіндігіне қол
жеткізе алмай отыр. Мектептерде балаларды сапалы және теңестірілген
тамақтандыру жүйесі дамымай отыр. Ыстық тамақпен оқушылардың 54,3%-ы
қамтылған, бұл ретте 2005 жылмен салыстырғанда оқушының ыстық тамағының
құны 2,2 есеге дерлік артты. Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдау
шығыстарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жоқ.
Республикада 21 559 оқушы үшін, оның ішінде мектептері жоқ елді
мекендерде тұратын 14 748 оқушы үшін жеткізу ұйымдастырылмаған. Тасымалдау
ұйымдастырылған жерде тасымалдаудың қауіпсіздігі мен жабдықталуына қатысты
проблемалар бар. Автобустардың техникалық жағдайы, жанар-жағар май және
шығыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері
бойынша соңғы бес жылда балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың өсу
үрдісі бар. Балалар арасында ауру 2007 жылы 100 мың халыққа 99729,3 (2003
ж. – 87619,3); жасөспірімдер арасында 100 мың халыққа – 7403,5 (2003 ж. –
69588,7) құрады. Оқушылар денсаулығының жағдайына мінез-құлық факторлары
әсер етеді. Жасөспірімдердің 22 %-ы шылым шегеді. Диспансердің есебінде
нарколог-дәрігерлердің бақылауында 9 мыңнан астам жасөспірім тұр.
Қазақстанда 1996 жылы 714 меншікті оқулық пен 1717 оқу-әдістемелік
кешен әзірленді (ОӘК – әдістемелік басшылық, жұмыс дәптерлер, сөздіктер,
шешулер және тағы басқалар). Алайда, жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен
оның сараптамасына қойылатын талаптар бір ізге қойылмаған. Нәтижесінде 27
оқулық оқу процесінен алынды. Қолда бар оқулықтар мен ОӘК ескі білімдік
әдіснамаға негізделген.

3. Техникалық және кәсіптік білім еңбек нарығының қажеттілігінен
алшақ
ЖБИ көрсеткіші бойынша Орта білім берумен қамту 134 орынның ішінде
Қазақстан 51-орын алады.
Сонымен қатар, еңбек нарығы қажеттілігінің төрттен үші жұмысшы
кәсіптермен келтірілген. Тек қана әрбір төртінші білім алушы тапшы
техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқиды. Бұл ретте
экономика техникалық және қызмет көрсету еңбегінің 100 мың қызметкерін
қосымша талап етеді, ал жыл сайын мектептің 12 – 14 мың түлегі жұмыспен
қамтылмай қалады. Еңбек нарығында білікті мамандардың жетіспеушілігі:
құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және
жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8
мың адам.
Кадрларды даярлау нақты өндіріс сұраныстарынан алшақ жүзеге асырылуда.
Ауыл жастары үшін кәсіптік білім алу қол жетерліксіз. Республиканың 27
ауданында кәсіптік лицейлер жоқ. 113 кәсіптік мектепте жатақхана жоқ.
Жоғары білікті инженер педагог кадрлар еңбекақы деңгейінің төмендігі
салдарынан өндіріске кетіп қалуда. Білім беру бағдарламалары халықаралық
талаптарға сай келмейді. Әлеуметтік серіктестік дамымаған.
12-жылдық мектепке көшу жағдайында жоғары деңгейде (бейінде) оқу үшін
оқушылардың 30 %-ына дейін оқуын жалғастырады және техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарында кәсіпке ие болады. Осыған байланысты қосымша
кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу қажет.
5538 өндірістік-оқу шеберлерінің теңбе-тең еңбекақысы, кәсіптік
мектептер үшін 2009 – 2011 жылдары ағылшын тілінің шетел оқытушыларын
тарту, оқытушылардың шетелде тағылымдамадан өту мәселесі шешілмеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында негізгі орта білім
беру базасында 325997 адам білім алады (білім алушылардың жалпы
контингентінің 58 %).
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу-әдістемелік қамтамасыз
етуді талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың
жоқтығын, теориялық даярлық пен ескірген деректердің басымдылығын,
икемділік пен сабақтастық деңгейінің жеткіліксіздігін, жағдайды талдауға
зиян фактілердің үстемдігін көрсетеді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім кәсіптері мен мамандықтарының
жіктеуішіне сәйкес бастауыш және орта білім кәсіптері мен мамандықтарының
саны 697 құрады (кәсіптер – 331, мамандықтар – 366), әзірленген және
бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және орта арнайы білім
стандарттары 2004 жылдан бастап 2007 жыл аралығында – 325.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді
көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, кең базалық біліммен және
іскерлікпен қамтылған қажетті дағдылар алуға ұмтылатын білім алушылардың
талаптарына да жауап бермейді. Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу-
әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы, әсіресе арнайы пәндер
бойынша оқу әдебиетіне тапшылық оқу үрдісінің сапасын арттыруға едәуір
кедергі болып табылады.
Оқытудың озық технологиялары нашар пайдалануда. Кәсіптік мектептердің
оқу-өндірістік шеберханаларының материалдық-техникалық базасы моралдық және
табиғи тұрғыдан тозған. 2005 жылдан бастап қаржыландыру көлемінің ұлғаюына
қарамастан ұстауға, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, құрал
жабдықтарды атып алуға жалпы соманың небары 3 %-ы бөлінді.

4. Жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша
көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі

ЖБИ көрсеткіші бойынша Қазақстан Жоғары біліммен қамту бойынша 134
орынның ішінде 36-орынға ие. Сонымен қатар Мектеп менеджментінің сапасы
бойынша – 98; Зерттеу және тренингтік қызмет көрсетудің жергілікті қол
жетімділігі бойынша – 82-орында.
Қазақстандық жоғары оқу орындарын басқару жүйесі еліміздің
экономикасының озық дамуын қамтамасыз етуде оларға әлуетті мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік тапсырыс көлемінің 50 % ғана экономика салаларының
қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарын бітірушілердің небары 10 % мемлекеттік тапсырыс
бойынша оқуға талаптана алады, бұл тегін жоғары білім алуға мүмкіндікті
азайтады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне және ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты
халықаралық құқық, халықаралық экономика және басқа түрлі бағыттар бойынша
халықаралық саладағы мамандарды даярлауды кеңейтудегі қажеттілік
қанағаттандырылмаған.
Жоғары оқу орындарының көрсететін білім беру қызметі сапасының
төмендігі қазақстандық жастардың шетелде оқуын таңдауға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта шетелдік жоғары оқу орындарында 20 мыңдай адам білім алуда.
Бірде-бір қазақстандық жоғары оқу орны халықаралық институционалды
аккредитациядан өтпеген және университеттердің халықаралық академиялық
рейтингісіне қатыспаған.
Әлеуметтік әріптестік нашар дамыған. Ғылым мен өндіріс арасындағы
байланыс әлсіз. Бітірушілерді жұмыспен қамту, жоғары білім беру
стандарттарын жасау, мамандарды даярлау және аттестаттау үрдісіне жұмыс
берушілерді тарту тетіктері жоқ.
Нәтижесінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің алған мамандығы
бойынша жұмысқа орналасу деңгейі төмен.
Мемлекеттік жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 % салынғанына 25
жылдан астам уақыт өткен. Олар бойынша соңғы ағымдағы жөндеуден өткізілген
мерзім 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты құрайды.
Республикалық бюджетті әзірлеу кезінде жоғары оқу орындарының күрделі
жөндеуге 3 млрд. теңге сомасындағы жыл сайынғы өтінімі 20 %-ға
қанағаттандырылады.
Қазіргі уақытта студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету проблемасы
маңыздылар қатарында:
- республика бойынша сырттан келетін студенттер саны 128950 адамды
құрайды;
- жатақхананы қажет ететін студенттер саны 56 694 адам болса, олардың
ішінде жатақханада 46 490 адам орналасқан, осылайша жатақханамен 10 204
адам (32,5 %) қамтамасыз етілмеген.
Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүйесі
дамымаған. Нәтижесінде – оқытушылардың кәсіби шеберлігі деңгейінің
төмендігі. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының
әлсіздігі, қазіргі заманға сай жабдықталған зертханалардың болмауы.
Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен
қолданбалы әзірлемелердің тиімділігінің және нәтижелігінің төмендігі.
Социологиялық сұрау нәтижесінде респонденттердің 64 % мемлекеттік
жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлыққа бейім екендігін, 54% жоғары оқу
орындарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары екендігін, ал 28% дипломды
сатып алу фактісін айқындағаны белгілі болды.

5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік
стандарттардан артта қалуда

Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере
отырып жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда мектептерде 29664 (24
% ) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1
компьютерге 5-6 оқушыдан) жету үшін мектептер қосымша 396500 компьютер алуы
керек, яғни қазіргі кездегі көрсеткіштен 3,2 есе көп.
Мұғалімдердің қашықтықтан әдістемелік өзара қарым-қатынасы үшін жағдай
жасайтын Министрліктің және біріктірілген ғылыми-білім беру кеңістігінің
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын әзірлеу қажет.
Білім беру ұйымдарын Интернеттің кең жолақты желісіне 100 % қосу
қажет. Маңызды мәселе мектептердің Интернет желісіне шығуының құны болып
табылады. Төмендетілген тарифтерге қарамастан Интернет өте қымбат болып
отыр.
Жоғары білім беру жүйесіне арналған 2380-нен астам, кәсіптік мектептер
үшін – 1500-ден астам, колледждер үшін тек қана кәсіптік және арнайы цикл
пәндері бойынша 3000-ға жуық электрондық оқулықтар мен оқыту
бағдарламаларын жасау қажет. Бұдан басқа, сандық білім беру ресурстарын
(электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар
тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысын
жалғастыру қажет.
Педагог кадрлар қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы (бұдан әрі –
ҚОСҚ) бойынша жұмысқа дайын емес. ҚОСҚ мазмұнын қамтамасыз ету бойынша
жұмыстарды нысаналы қаржыландыру қажет, қымбат бағалы арнайы жабдық керек.
Өзіндік проблема мұғалімдерге кері байланысы бар ҚОСҚ өнімдерін пайдалану
технологиясын үйрету болып табылады. Одан да өзекті проблема барлық
мектептік пәндер бойынша тьютерлер даярлау болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі көбінесе педагог кадрларды
білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі
– АКТ) жүйелі түрде пайдалануға даярлауға байланысты.
Соңғы 5 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша педагог кадрлардың
біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 мыңнан
астам информатика пәні мұғалімдері және пән мұғалімдері даярланды. 2006
жылы 3979 адам, 2007 жылы – 4000 мұғалім, 2008 жылы – 4200 педагог
оқытылды.
Соңғы жылдары жабдықтарды жеткізу кезінде мұғалімдерді қоса даярлау
үрдісі байқалды. Сонымен қатар бұл білім беруді ақпараттандырудың ең төмен
көрсеткіштерінің бірі.

6. Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу
фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз
етілуі

Әлі күнге дейін әлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде сақталып отыр. 47
мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың ішінде, 16 мыңнан астам бала мемлекеттік және мемлекеттік емес
мекемелерде тәрбиеленіп отыр. Оның ішінде 84,2 %-ы әлеуметтік жетімдер.

2001 жылмен салыстырғанда балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардның,
панажайлардың және т.б. саны 41 бірлікке, ал олардағы балалар саны –
шамамен 1300 адамға өсті.
Некеден тыс туу саны, сондай-ақ ата-аналары ажырасқан немесе ата-ана
құқығынан айырылған балалар саны өсуде. Республикада 13 мыңға жуық жайсыз
отбасылар бар. 2008 жылдың өзінде ата-ана құқығынан 815 ата-ана айырылды.
Отбасылық және балалар жайсыздығын анықтайтын ортақ талаптар жоқ.
Осының салдарынан жыл сайын республикада 10 мыңға жуық қадағалаусыз
және панасыз қалған балалар анықталуда.
Жетім балалар ішіндегі түлектерді жұмыспен қамту тетігі жоқ. Ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын
қорғау тетігі жұмыс істемейді. Олардың 10 %-ының ғана тіркелген тұрмыстық
үйлері бар. 29 мыңнан астам балалар қамқоршылар мен қорғаншылар
отбастарында тұрса да, қамқоршылар мен қорғаншыларға материалдық қолдау
көрсету тетігі жоқ.
Бала еңбегінің қаналу фактілерін анықтау тетігі әлі дайындалған жоқ.
5 млн. балаға бала құқықтары мәселелері бойынша небары 180 маман
айналысады. Мамандардың біліктілік деңгейі жеткілікті емес. Балаларға
қатысты күш көрсету, балаларды пайдаланудың әр түрлі нысандары, балалардың
қараусыз және қадағалаусыз қалуы жойылған жоқ.

7. Инновациялық жүйе жеткілікті дамымаған

Инновациялық дамуды сипаттайтын ЖБИ индикаторлары бойынша 2008 жылы
Қазақстан Жоғары оқу орындары ынтымақтастығы және зерттеулер өндірісі
бойынша – 64-орын, Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік бойынша – 83-
орын, Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы бойынша – 58-орын алды.
Ғылыми салада жүйелік негізде ғылыми болжау – форсайт өтілмеген.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ)
нәтижелерін жасандылықтан және плагиаттан қорғайтын GLP (Good Labolatory
Practice – тиісті зертханалық практика), GMP (өнім өндірісіне қатысты
ережелер мен нұсқаулар нормаларының жүйесі), GSP (Good Scientific Practice
– тиісті ғылыми практика стандарттары) халықаралық стандарттары
енгізілмеген. Ғылыми практикада осы стандарттардың болмауы қазақстандық
ғалымдар жасаған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін әлемдік аналогтармен
салыстыруда қиындық туғызады. Оларды 2009 – 2011 жылдарға арналған іргелі
зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде енгізу
қажет.
Ғалым мәртебесі төмен күйінде қалып отыр, бұл талантты жастарды
ғылымға тартуға кедергі келтіреді.
Ғылымды қаржыландыру төмен деңгейде қалып отыр. Тіпті жеке қаржы
жұмсау есебінен алғанның өзінде ғылымға жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 0,26 %-
ын құрайды. Бұл Ресейден 5 есе және Швециядан 15 есе аз. Тәуелсіз
сарапшылардың пікірі бойынша, егер 5 – 7 жыл ішінде ғылыми зерттеулерге
жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын болса, онда елдің ғылыми-
техникалық әлеуеті қайтымсыз күйреуі мүмкін.
2008 жылы бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерді
қаржыландыру көлемі 2003 жылға қарағанда 3,5 есе дерлік өсті. Алайда,
тұтастай алғанда ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 0,13 %
деңгейінде қалуда.
Патенттік белсенділік ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер
нәтижелілігінің маңызды индикаторларының бірі болып табылады. Патенттік
нарықтағы ұсыныстар, ең алдымен, ғылыми еңбектің дәлелдемесінің
төмендігінен, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіз болуынан төмен
деңгейде болып отыр. Бірақ, егер Қазақстан мен Қытайда берілген патенттер
санын елде жұмыс істейтін маман-зерттеушілер санына қатысты салыстыратын
болсақ, онда бұл көрсеткіш Қазақстанда жоғары.

Патенттер туралы деректер

Жылдар Отандық Зерттеуші-мамандар саны1000
өнертабыстарға зерттеуші-маманға
бөлінген патенттер берілген патенттер
саны саны
Қазақстан Қытай Қазақстан Қытай Қазақстан Қытай
2002 1242 4500 9360 900000 133 5
2003 1383 7000 9900 1000000 139 7
2004 1415 12500 11010 1100000 128 11
2005 1536 15000 11910 1200000 128 12
2006 1530 15600 12404 1400000 123 11

Соңғы бірнеше жылдар ішінде қазақстандық ғалымдардың халықаралық
журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына қатынасы өзгеріссіз
қалып отыр және шамамен 6%-ды құрайды.
Ресеймен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен салыстырғанда
халықаралық басылымдардағы жарияланымдар саны Ресей ҒА Пущин орталығының
Орталық кітапханасы берген деректер бойынша келтірілген.

Жарияланымдар туралы деректер

Басылымдар саны Халықаралық басылымдардағы жарияланымдар
Жылдар Қазақстан саны
барлығы оның ішінде Ресей Украина Өзбекстан Қырғызстан
халықаралық
басылымдарда
2002 4471 222 27727 4301 372 51
2003 4287 259 26720 4059 362 26
2004 4446 245 26931 4186 363 41
2005 4150 230 26701 4310 366 63
2006 3628 238 25449 4177 330 55

8. Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін толық
іске асыру қамтамасыз етілмеген
Жастар халықтың 13 бөлігін құрайды. Жастар жұмыссыздығы
жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен 2,1 %-ға жоғары. Жастар арасындағы қылмыс,
нашақорлық деңгейі ел бойынша орташа деңгейден 3,3 есеге жоғары. Жұмыспен
қамтылған жастардың 21,5%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.
Жастардың 41,5 %-ы орташа номиналды табыстың деңгейінен айлық орташа табысы
төмен.
Жастар ұйымдары санының өсуі жалғасуда. 2005 жылмен салыстырғанда
олардың саны 727 ұйымға жетті, жастардың жалпы саны 1 млн. 26 мың 100 адам.

727 тіркелген жастар ұйымдарының 210-ы (29 %) ғана тұрақты негізде
қызмет етеді. Жастар ұйымдарының қызметіне 5,4 % қатысушы араласса, 23 %
әлеуметтік ұйымдастырушы уақытша тартылады және 71% жастар ұйымдарының
еріктілері болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына миллионнан
артық жас адамдардың қатысуы олардың үлкен әлеуетін куәландырады.
2006 жылдан бастап социологиялық зерттеу шеңберінде жастардың
патриотизімінің деңгейін есептеу жүргізілуде. Зерттеудің нәтижесі бойынша
патриотизм деңгейі 2007 жылы 15,8 %-ға өсіп, 69,2 %-ды құрады.
Тиісінше, өздерін Қазақстанның патриоттары емес деп санайтын жастардың
деңгейі төмендеуде (30,8 %). Бұл көрсеткішке әсер ететін негізгі фактор
жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелерімен айналысатын жастар ұйымдары
санының өсуі болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында тігінен басқару
бұзылған. Орталық деңгейде жастар саясатының дамуын қалыптастырумен және
іске асырумен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
жергілікті деңгейде Министрліктің құрылымдық бөлімдері болып табылмайтын
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат департаменттері
айналысады, бұл өңірлік деңгейде жастар саясатының іске асырылуын тиімді
үйлестіруге мүмкіндік бермейді. Жастар саясатын іске асыруды кадрлық,
ғылыми жән ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз. Халықаралық жастар
алмасуы дамымаған.

9. Білім беру жүйесін басқарудың жетілмегендігі мен қаржыландырудың
жетілмегендігі
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сақталуына
бірынғай бақылаудың болмауы өңірлер бойынша білім сапасын айтарлықтай
дифференциациялау алғышарттарын жасайды. Ол мемлекеттің интеллектуалды
әлеуетін төмендетеді және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді
(Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР Заңының 5-бабы).
Басқарудың тепе-теңсіздігі білім беруге қолжетімділік бойынша
айтарлықтай өңірлік саралауға әкеп соқтырады. Мысалы, мектепке дейінгі
білім берумен қамту Алматы облысында 8,7 %-дан Қосатанай облысында 84,3 %-
ды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруде қамту коэффициенті
өңірлер бойынша үш еседен артық ерекшеленеді: Жамбыл облысында 2,9 %-дан
Павлодарда 8,7 %-ға дейін. 1 оқушыға жұмсалатын шығыс 2 есеге дерлік
ерекшеленеді (2007 жылы ОҚО 45,5 мың теңгеден СҚО 88,6 мың теңгеге дейін).
Бұл ретте шығыстардың көптігі білім сапасына кепілдік бермейді, оған ҰБТ
нәтижелері мен 1 оқушыға кеткен шығынды салыстыру дәлел. Облыстардың
рейтингтік баллы 42 көрсеткіш бойынша 2,5 есеге ерекшеленеді.
Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген
талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім
беруге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 6-7 %-ын құрауы тиіс. Қазақстанның
шығыстары ЖІӨ-нің 3,6 %-ынан аспайды.
Қазақстандағы бір оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай, Түркия, Ресей
сияқты 3-топтағы елдердің (ЖІӨ жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан
кем елдер) орташа шығысынан да төмен.
Екінші топтағы елдердегі – Испания, Корея, Чехия, Израиль (ЖІӨ жан
басына шаққанда 10-нан 20 мың АҚШ долларына дейін елдер) және бірінші
топтағы елдердегі – АҚШ, Жапония, Люксембург, Австралия (ЖІӨ жан басына
шаққанда 20 мың АҚШ долларынан артық елдер) шығыстардағы неғұрлым едәуір
айырма.
Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының 2006 жылғы қазандағы 25 мың
теңгеден 2007 жылғы қаңтардағы 29 мың теңгеге дейін ұлғаюына қарамастан, ол
сол кезеңде республика бойынша орташа жалақының 64 %-ын құраған болатын. Ал
2007 жылғы қарашада ол республика бойынша орташа жалақыдан 60,5%-ға дейін
төмендеді.
Қазақстандық мұғалімнің жалақысының жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге
арақатынасы ЭҚДҰ елдеріндегіден едәуір төмен және Ресеймен салыстырғанда аз
қалпында қалуда.
Жүргізілген талдау мен анықталған проблемалардың негізінде Білім
және ғылым министрлігі қызметінің мынадай бағыттарын белгіледі:

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2009 –
2011 жылдарға арналған стартегиялық бағыттары:

1. Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету

2. Экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-
техникалық қамтамасыз ету.

3. Балалар мен жастардың дамуына жағдай жасау, оларды елді әлеуметтік-
экономикалық дамытуға тарту

4. Білім және ғылым жүйесін басқару мен қаржыландырудың тиімділігін
арттыру

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету
1-мақсат Нысаналы индикатор
Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуді Білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі оқытумен және
қамтамасыз ету тәрбиемен балаларды қамту 2008 ж. – 35,6 %, 2009 ж. – 39,4 % ,
2010 ж. – 43,3 %, 2011 ж. – 47,6 %.
Білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен балаларды қамту 2008
ж. - 79 %, 2009 ж. – 86,9 %, 2010 ж. – 95,5 %, 2011 ж. - 100 %.
1-міндет Көрсеткіштер
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін Жалпы санының пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың
арттыру үлесі 2008 ж.- 19,1 %, 2009 ж. – 10,5% , 2010 ж. – 10,4 % , 2011
ж.- 10,4 % .
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын
сақтаған кезде Бастауыш біліммен қамту ЖБИ индикаторының жақсаруына алып келеді
2-мақсат Нысаналы индикатор
Мектептегі білімге және оның сапасын арттыруға ҰБТ орташа балын ұлғайту (2008 ж. – тест сұрақтарының жалпы
қол жетімділікті қамтамасыз ету санының 60 %, 2009 ж. – 61%, 2010 ж. – 62 %, 2011 ж. – 63 %)
4-сыныптарда МАБ орташа балын ұлғайту (2008 ж. – тест сұрақтарының
жалпы санының 80,1 %, 2009 ж. – 82 %, 2010 ж. – 84 %, 2011 ж. – 86
%)
9-сыныптарда мемлекеттік аралық бақылаудың орташа балын ұлғайту
(2008 ж. – тест сұрақтарының жалпы санының 62,6 %, 2009 ж. – 64 %,
2010 ж. – 66 %, 2011 ж. – 68 %)
Орта білімнің сапасы бойынша Қазақстан Республикасындағы
мектептердің халықаралық рейтингі (TIMSS – 2007 ж, PISA – 2009 ж,
PIRLS – 2011 ж.)
Мектептің жалпы санының үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің
үлесі
(2008 ж. – 1,1 %, 2009 ж. – 0,7 %, 2010 ж. – 0,5 %, 2011 ж. – 0 %)
Оқушы орнының тапшылығы азаяды
(2008 ж. – 120 186, 2009 ж. – 78629, 2010 ж. – 74324, 2011 ж. –
70000)
1-міндет Көрсеткіштер
Мектеп желілерін дамыту Мектептердің жалпы санының авариялық мектептердің үлесі (2008 ж. –
2,6%, 2009 ж. – 2,5 %, 2010 ж. – 2,4 %, 2011 ж. – 2,3 %)
Мектептердің жалпы санының көркейтілмеген мектептердің үлесі
(2008 ж. – 51,5 %, 2009 ж. – 50 %, 2010 ж. – 48 %, 2011 ж. – 47,5
%)
Мектептердің жалпы санының дарынды балаларға арналған мектептер
үлесі (2008 ж. – 1,5 %, 2009 ж. – 1,7 %, 2010 ж. – 1,95 %, 2011 ж.
– 2,2%).
2-міндет Көрсеткіштер
Мектептерді лингофондық, мультимедиялық (ЛМК) Қамтамасыз етілген жалпы мектептер санынан:
және пәндік кабинеттермен және Интернетпен ЛМК, физика, химия және биология кабинеттері (2008 ж. – 62 %, 2009
жабдықтау ж. – 72 %, 2010 ж. – 82 %, 2011 ж. – 92 %);
деректер берудің кепілдік берілген жылдамдығымен қажетті желілік
ресурстар (Интернет, интерактивті оқыту, телевидение және тағы
басқа) (2009 ж. – 38 %, 2010 ж. – 52 %, 2011 ж. – 65 %)
Интерактивті оқытуды пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны (2008
ж. – 1000, 2009 ж. – 1721 , 2010 ж. – 2721, 2011 ж. – 3318)
2009 жылдан бастап оқу телевидениесін құру.
3-міндет Көрсеткіштер
Гендерлік аспектілерді ескере отырып, білім Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орта білім
берудегі жалпы әлемдік үдерістерді ескере бағдарламаларының, типтік оқу жоспарларының жаңартылған үлесі
отырып, білім беру жүйесін әдіснамалық (2008 ж.– 30 %, 2009 ж. – 62 %, 2010 ж. – 35 %, 2011 ж. – 38 %)
қамтамасыз ету
4-міндет Көрсеткіштер
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру Педагогтардың жалпы санының 12 жылдық білім беру технологиясы
бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен педагог кадрлардың
үлесі (2008 ж. – 50 %, 2009 ж. – 70 %, 2010 ж – 80 %, 2011 ж. –
100 %)
Педагогтардың жалпы санының бейіндік оқыту бойынша біліктілікті
арттыру курстарынан өткен педагог кадрлардың үлесі (2008 ж. – 5 %,
2009 ж. – 10 %, 2010 ж. –15 %, 2011 ж. – 30 %)
5-міндет Көрсеткіштер
Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын Спорт залдары бар мектептердің үлесі (2008 ж. – 71,8 %, 2009 ж. –
нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға 72,3 %, 2010 ж. – 73,3 %, 2011 ж. – 74,3 %)
ықпал ету Жалпы оқушылар санынан спорт секциялары және балалар- жасөспірімдер
мектептерімен оқушыларды қамту (2008 ж. – 19,6 %, 2009 ж. – 20,0
%, 2010 ж. – 25,0 %, 2011ж. – 30,0 %)
6-міндет Көрсеткіштер
Қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасызЖалпы оқушылар санынан қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі
ету (2008 ж. – 21,9 %, 2009 ж. – 22,4 %, 2010 ж. – 22,8 %, 2011 ж. –
23,8 %)
7-міндет Көрсеткіштер
Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың білім Түзету ұйымдарында, арнайы балабақшалар топтарында және жалпы білім
алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету беретін мектептердің арнайы сыныптарында қамтылған анықталған
балалар үлесі (2008 ж. – 27 %, 2009 ж. – 30 %, 2010 ж. – 35 %,
2011 ж. – 40 %)
Мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы түзету білім ұйымдарын
қажеттілігіне қарай арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету үлесі (2008
ж. – 30 %, 2009 ж. – 35 %, 2010 ж. – 40 %, 2011 ж. – 45 %)
8-міндет Көрсеткіштер
Сырттай бағалау жүйесін дамыту ҰБТ-ға қатысушы мектеп бітірушілердің жалпы саннан үлесі (2008 ж. –
79,8 %, 2009 ж. – 83,5 %, 2010 ж. – 84 %, 2011 ж. – 84,5 %)
Мектепті Алтын белгі белгісімен аяқтаған бітірген үміткерлердің
жалпы санының үлесі (2008 ж. – 35,8 %, 2009 ж. – 38 %, 2010 ж.-
38,5 %, 2011ж. – 39 %)
ҚАЗТЕСТ-ке қатысушылардың саны (2008 ж. – 1000, 2009 ж. – 3000,
2010 ж. – 5000, 2011ж. – 7000)
Дамытатын тест тапсырмаларының үлесі (2009 ж. – 20 %, 2010 ж. –
25 %, 2011 ж. – 25 %)
Білім берудің жағдайы және дамуы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама
Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және ЖБИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын сақтаған кезде
ЖБИ Бастауыш білім беру сапасы, Оқу жүйесінің сапасы, Математикалық және ғылыми білімнің сапасы, Мектептерде
Интернетке қол жетіділік индикаторларының жақсаруына ықпал ететін болады.
3-мақсат Мақсатты индикатор:
Экономика салаларының білікті әрі бәсекеге Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім
қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегі алушылардың саны 2011 жылға қарай 24 %-ға артады (2008 ж. – 6 %,
мамандарына қажеттілігін қанағаттандыру 2009 ж. – 6 %, 2010 ж. – 6 %, 2011 ж. – 6 %)
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын
бітірушілердің 1-ші аяқтаған жылы алған мамандығы бойынша жұмысқа
орналасқандардың үлесі (2008 ж. – 70 %, 2009 ж. – 75 %, 2010 ж. –
80 %, 2011 ж. – 85 %)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілердің колледждерді
(2008 ж. – 15 %, 2009 ж. – 20 %, 2010 ж. – 25 %, 2011 ж. – 30 %),
кәсіптік лицейлерді (2008 ж. – 96 %, 2009 ж. – 97 %,
2010 ж. – 97,5 %, 2011 ж. – 98 %) бітірушілер санынан үлесі
1-міндет Көрсеткіштер
Техникалық және кәсіптік білім беруге Кәсіптік лицейлерде, колледждерде және техникалық және қызмет
қолжетімділікті ұлғайту көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен қайта даярлаудың өңіраралық
орталықтарында енгізілген оқушы орындарының олардың жалпы санынан
үлесі (2008 жылы – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты
Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіндегі өндірістік тәжірибе есебі
Мемлекеттік қаржы аясындағы қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері және даму перспективалары
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары
Пәндер