Жеміс шаруашылығы
Кіріспе
І тарау. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ тарау. Топырақ . климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ тарау. Тәжірибелік . зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.1 Зерттеу міндеті, бағдарламасы мен әдістемесі ... ... ... ... ... ...24
3.2 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.3 Зерттеу нәтижелерін экономикалық негіздеу ... ... ... ... ... ... .45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Өндіріске ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді.
Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады.
Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды.
Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14 пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп. Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады.
Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы да төмен болған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы

Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
ІІ тарау. Топырақ – климат
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ тарау. Тәжірибелік – зерттеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .15
1. Зерттеу міндеті, бағдарламасы мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ...24
2. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 24
3. Зерттеу нәтижелерін экономикалық
негіздеу ... ... ... ... ... ... .45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .56
Өндіріске
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...57
Қолданылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...58
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Кіріспе
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың
негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің
жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы
негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын,
сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді.
Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік
заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің
маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады.
Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі.
Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы
заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің
сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды.
Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14
пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп.
Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да
олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады.
Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар
мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан
аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін
егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының
территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы
мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы
да төмен болған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса
сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер,
жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді.Мысалы, 1991 жылы республикада
осындай шаруашылық саны 0,3 мың гектар болса, 2001 жылы бірмыңға жетіп
отыр.
Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына
А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Пономарчук, В.И.Васильев,
А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко,
К.Ж.Аяпов, О.А.Укібасов тағы басқалар жатады.
І-тарау. Әдебиеттерге шолу
Ұластыру вегетативті көбейту тәсілдеріне жатады. Ол арқылы:
а) жеміс ағаштарының мәдени сорттарын сақтайды және көбейтеді;
ә) телінушінің жеміс салуын жеделдетеді және өсу күші мен өмір сүруін
өзгертеді (клонды бұламалар);
б) жарамайтын сорттарды одан құндырақ өнімді, сол жердің жағдайы мен
ауа-райына бейімделген, зиянкестер мен сұрауларға төзімді сорттармен
алмастырады.
Жеміс шаруашылығында ұластырудың 150-ден астам тәсілдері бар және
олардың барлық түрін екі топқа бөлуге болады: көзсабақтау және көлемшемен
көбейту (Аяпов К.Ж., 2003).
Отырғызу көшеттерін күзде, көктемде қазып алуға болады. Көшеттерді
қазуға 1,15 ай бұрын дайындалады. Көшеттер ВПН-2 немесе ВП-2 қазу
соқасымен қазылады. Қолмен қазған кезде біреуі қатараралықты 30 см
тереңдікке қазып, екіншісі көшет қазылған арыққа қисайта тамырларын
кесіп, бірінші, екінші сорттарға бөледі. Одан кейін тұқымы,
помологиялық сорты және тауарлық сорттары бойынша құлақша ілінеді
(Черепахин В.И., 1991).
Жеміс көшеттерімен айналысатын шаруашылықтар өздері өсіріп, сатқан егу
материалдарының таза сорттылығына заңды түрде жауап береді.
Көшеттіктер бір мезгілде түрлі жеміс тұқымының өте көп сортын
көбейтеді. Көзсабақпен көбейту үшін белгілі бір сорттың белгілі бір
мерзімге дейін орасан зор қалемшесі керек (Аяпов К.Ж., 1993).
Көшеттіктің бірінші танабында телітушілер (себінділер немесе сұлама
сабақтар) отырғызылады, жаздың екінші жартысында телітушілер көзсабақ
тәсілімен ұластырылады. Климат жағдайына қарай телітушілерді бірінші
танапқа күзде, көктемде де отырғызуға болады. Қысы суық, қары аз,
қарсыз өтетін жылдары күзде отырғызғанның пайдасынан зияны көп.
өйткені тамырының үсіп кету қаупі туындайты (Матаганов Б.Г., 1997).
Көзсабақтың сорттарды көбейту үшін көшет өндірісінде қолданылатын
ұластырудың негізгі түрі. Басқа тәсілдерге қарағанда көзсабақтаудың
өзіндік ерекшеліктері бар
1. Жасалуы қарапайым және еңбек өнімділігі жоғары.
2. Телінушіні үнемді пайдалануымен қатар біріккіштігі жоғары.
3. Жағатын жабдықтарды қажет етпейтін кішігірім және тез бітелетін
жарақаттар ғана түседі (Татаринов А.Н., 1984).
Профессор Будаговскийдің (1976) ұсынысы бойынша телітушілер 6 топқа
бөлінеді: 1-өте ергежейлі (ағаштарының биіктігі 2 метрге дейін); 2-
ергежейлі (ағаштарының биіктігі 2-3 м); 3-жартылай ергежейлі (ағаштарының
биіктігі 3-4 м); 4-орташа өсетіндер (4-5 м); 5-биік өсетіндер (5-7 см),
6-өте биік өсетінде (7-метрден астам).
Тікпе көшеттер өсіруде, қалыптастыру бөлімінің маңызы өте зор. Бұл
бөлімде барлық жеміс дақылдарының келешекте баққа отырғызылатын
көшеттері дайындалады. Бұл бөлім негізінен үш танаптан тұрады. Олар
қалыптастыру бөлімінде өсіріледі. Бұл бөлім егер көшеттік екі жылдық
тікпе көшет өсірсе 3 танаптан немесе бір жылдық көшет өсірсе екі
танаптан қысқы телімдеу жұмысы жүргізілсе бір жылдық көшет қана
өсірсе бір ғана танаптан тұруы мүмкін (Якушев В.И., 1988).
Профессор Трусевич Г.В. (1978) телітушіге негізінен үш талап қояды
1) қолданылатын ауданның қолайсыз ауа-райына экологиялық
факторларына бейімділігі;
2) телінген сорттармен биологиялық сәйкестілігі;
3) телітушінің өнімділікке және жеміс сапасына қолайлы әсер етуі
немесе осы сапаларды төмендетпеуі.
Көшеттіктің екінші танабында бір жылдық ауаның климат жағдайларына
байланысты. Ауа-райына келетін болсақ ұластыруы тез бел алып кеткенмен
телітуші мен телінушінің телінген тұсында өзекті байланыс әбден
орнығу үшін ауа-райы ұзақ уақыт жылы болуы тиіс. Кеше ұластырылып
көзсабақпен телімделген телітушілер қоректік заттардың қажетті қорын
жинай алмайды, қысты күні өліп қалады (Куренной Н.М., 1980).
Профессор Драговцев А.П. (1956) Іле Алатауы жағдайында алманың
апорт сорты себінді телітушіге ұластырылса, алғашқы жас кезеңі жеті
жылға дейін, екінші кезеңі жеті жылдан он бес жылға дейін, үшінші және
төртіншісі жиырма бес жылдан отыз бес жылға дейін, одан әрі отыз бес
жылдан елу жылға дейін созылатынын анықтады.
Телітуші ретінде жеміс өсімдіктерінің жабайы түрлері де, мәдени
сорттары да пайдаланылады. Мәдени сорттардың тұқымынан өсірілген
телітушілер телінушімен өте жақсы биологиялық сәйкестілігімен
ерекшеленеді.
Жеміс өсімдіктерінің телітушілері көбею тәсілдері себінді және
вегетативті немесе колонды деп екіге бөлінеді. Өсу күшіне қарай телітушілер
өте биік өсетін, орташа өсетіни және аласа өсетін деп үш түрге бөлінеді
(Билык А.М., 1988).
Соңғы жылдары колхоз, совхоздардың таралуына байланысты бақтар және
меншіктерге, ұжымдарға, фермерлерге бөлініп берілді, бұл тікпе
көшеттерді сапалы өсіруге кедергі келітірп отыр. Себебі бұрынғыдай
арнаулы тікпе көшеттерімен шұғылданатын шаруашылықтар жоқ, ол әрбір
фермерлер немесе жеке ұжымдар сапалы түрде жеміс дақылдарының тікпе
көшеттерін өндіріп отырған жоқ. Көп жағдайларда кез келген адамның
өсірген тікпе көшеттерінің сорттық тазалығы, сапалық жағдайы,
талапқа сай келе бермейді. Осыны ескере отырып, жеміс дақылдарының тікпе
көшеттерін өндіруге көңіл бөлу қажет. Ол үшін жеміс дақылдары кең тараған
аймақтарда көшеттікпен шұғылданатын жоғары білімді мамандармен қамтамасыз
етілген жеке ұжымдардың құрылуы қажет. Мұндай ұжымдар өндірілген өнімнің
сапасына, тазалығына толығымен жауап беруі керек (Колеспиков В.А.,
1966).
2004 жылдан бастап біздің республикамызда таулы ормандарда жабайы алма
түрлерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Осы мақсатта
мемлекеттік бюджеттен 10 млн теңге бөлінді. Таулы ормандардағы жабайы
алма жұмыстарымен бұрыннан айналысып келе жатқан академик Аймақ Жанғалиев
осы мәселеге бір емес бірнеше жыл ерекше көңіл бөлді. Ол жабайы алма
клоны Сиверстен 27 сорт шығарды. Олардың арасында кейбіреуі дәмі, сапасы
және де пішіні жағынан мәдени алма сорттарынан қалыс қалмайды (Султанов
Д.А.., 2007).
Трусевич Г.В. (1964) орман және кавказ алмаларының телітушілік сапасы
зерттеу кезінде, телінген компоненттердің бұдан да көп жеке ерекшеліктерін
байқалды. Бұл телітушіге алманың Белый налив, Ренет Ландсбергский
сорттары сәйкес келмейтін болып шақса, Суйслепское, Мелба, Макинтоп,
Кандиль Ситип алма сорттары оңай ұластырылады.
Алма телітушілерінің тамыр жүйелері қысты күні аязға бірдей төзімді
бола бермейді. Алманың жидекті (Сібір) және китайка түрлерінің тамыры
қысты күні суыққа біршама төзімді, ал аласа өсетін (М8 және М9 ергежейлі
тілетушілері) алмалар онша төзімді емес (Трусевич Г.В., 1975).
Қазіргі жағдайда өнімділігі жоғары американдық сорт Голден делишес
болып отыр. Оның көшеттері көшеттікте өсірілетініне қарамастан өте қажет
сорт. Алма көшеттерін өте биік өсетін телітушілерде өсіру қиын емес.
Телітушіге ұсақ жемісті сібірлік алмадан басқа жабайы алманың
барлығын телуге болады (Метислав Г.В., 1992).
Қазіргі кезде әлсіз өсетін телітушіні өсу мәдениеті бірнеше
себептерге байланысты тежеліп отыр. Бұл телітушілерді отырғызу
материалдарының жетіспеуі. Көбеюдің негізгі құралы (Марголин А.Ф.,
1974, Степанов С.Н., 1981).
Телітушілер себіндік бөлімшесінде күзде қазылады. Көктемде бұл
жұмысты бүршік атқанша аяқтау қиын. Одан кешіксе телітушілерді көшіріп
отырғызғанда, оның тамыр алып кетуіне әсер етеді. Телітушілерді күзде
қазып, сорттағанда, жалаңаштанған тамыр көктемде қазғанға қарағанда кеуіп
кетпейді. Күзгі кезеңдегі жұмыс көктемге қарағанда аз болады. Оның
үстіне шаруашылық үшін қолдағы телітуші материалдарының сапасы мен
саны жайлы дәл мәлімет алған пайдалы (Метлицкий З.А., 1985).
Жеміс көшеттерін қысқы телу әдістерін пайдаланып өсіру барлық
көшеттерде кең тарап келеді. Бұл әдіспен көшет өндіру процесі бір жылға
қысқарады. Сонымен бірге еңбекті көп қажет ететін жабайы өсімдіктерді
телу процестерін жазғы кезеңнен, қысқы – көктемгі кезеңге ауыстыру
ұйымдастыру жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді (Землянов В.Н.,
1988).
Себінді телітушілерге телінген ағаштардың экологиялық факторларға
(қуаңшылыққа суыққа) бейімділігі жоғары және де телітушілері тұқымынан
көбейту вегетативті көбейтумен салыстырғанда қарапайым. Себінді
телітушілердегі алма ағаштары мардымды жеміс шаруашылығының қазіргі
талаптарына сай келмейді (Данцигер И.Г., 1990).
Ұластыру арқылы көбейту вегетативті көбейту әдістерінің ішінде
ұластыру арқылы көбейтудің орны ерекше. Себебі бұл әдіспен көбейтілген
жаңа өсімдік будандалу есебінен екі өсімдіктің қасиетін бірдей
алады. Мұнда мәдени, яғни сорт (телінуші) жабайы өсімдік (телітушіге)
ұластырылады (Избасаров Д. 1999).
Көбею коэффициентін жоғарылату үшін аналықта сұлама әдісін пайдалануға
болады. Мұнда қатарда бұталар 0,8-1,0 м қашықтыққа отырғызылады.
Отырғызылған жылы өнім шыққан бұтақтардың екеуі таңдалып алынады да,
қатарды қуалай 5-7 см тереңдікте қазылған қарықтарға қарама-қарсы
жатқызылады да, оларды ағаш немесе темір ашалармен ұстатады (Бабук В.И.,
1991).
Көзсабақтау екі мезгілде жүргізіледі көктемде және күзде. Жазғы
сабақтың ұйқыдағы бүршікпен жүргізсе келесі жылы көктемде өнеді.
Көсабақтасудың тиімді мезгілі телітуші камбиінің активті бөліну
кезеңіне тура келеді. Телітуші сүрегінен жақсы бөлінеді.
Көктемгі көзсабақтау өнетін бүршіктермен жүргізіледі. Бұнда өткен
жылғы өсу кезеңінде пайда болған қалемшеден алынатын көзсабақ
пайдаланылады (Раузин Е.Г., 1977).
Телітушінің өлшемі мен пішініне қалқаншаны телітушімен жалғасытру
әдісіне байланысты, көзсабақтардың негізінен үш тәсілі бар: Т – үлгісіндегі
тілмеге, дүлшелеп және сақиналап ұластыру. Алынған бүршігі бар қалқаншаның
ұзындығы 25-35 мм және 4-5 мм етіліп аумағымен бүршігі бар сабақ алынады.
Сабақ камбиінің физиологиялық жағдайына қарай сүрегімен не сүрексіз алынады
(Будаговский В.И., 1976).
Жеміс дақылдарының сапалы тікпе көшеттерін, телітушілерін өсіру үшін,
осы салада жұмыс атқаратын жеке ұжымдарда, фермерлік шаруашылықтарда
көшеттіктердің арнаулы бөлімдері болуы тиіс, себебі жеміс өсімдіктерінің
жас кезінде сыртқы ортаның қолайлы жағдайларына төзімділігі төмен. Оларға
өніп-өсуге қолайлы жағдайлар жасау үшін, тікпе көшеттерді 2-3 жыл арнаулы
жерлерде өсірген жөн. Дұрыс ұйымдастырылған жеміс көшеттері келесідей
бөлімдерден тұрады: аналық – тұқымдық бақ, аналық – сорттық (қалемшелік)
бақ, көбейту бөлімшесі, қалыптастыру бөлімшесі (Колесников В.А., 1989).
Топырағы
Агроуниверситет оқу – тәрбие станциясында екі түрлі топырақ кездеседі.
Қызыл қоңыр және сұр топырақ. Қызыл қоңыр топырақтың өзі екі түрге
бөлінеді. Қою қызыл қоңыр, ашық қызыл қоңыр. Қою қызыл топырақ
агроуниверситет оқу - өндірістік станциясының үшінші бөлімшесінде
кезедеседі.
Гумис қабатының жамылғыштығы мен ерекшеленеді (А+В-5 см). Негізгі
бөлімшенің топырағы ашық қызыл қоңыр және сорт таңдау. Қара шірік қабаты
25-30 см. Құнарлығын арттыру үшін терең қопсыту көп мөлшерде тыңайтқыш
енгізу, суару жұмыстарын жүргізу керек. Шаруашылықта көп жылдық екпе
ағаштар негізінен қою қызыл топырақта орналасқан.
Агроуниверситет оқу - өндірістік станциясындағы топырақ – климат
жағдайы жеміс бағын құруға жеміс-жидек, көкөніс, жүзім дақылдарын өсіруге
қолайлы.
Жер бедері
Алматы облысы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань
тауларының бір сілемі Іле, Алатауы жатыр. Тау етегінде шайынды жыныс
қабатынан түзілген ұсырымды конус элементері көп кездеседі. Ұсақ өзендерді
кездестіруге болады.
Агроуниверситет оқу - өндірістік шаруашылығы таулы аймақта
орналасқан. Бұл жерде көп жылдық екпе ағаштар, жыртылған жер және терең
сайлар мен ұсақ таулар кездеседі. Шаруашылық территориясы Іле Алатауының
жағалауында орналасқан. Территориялық бедері бойынша геоморфологиялық
белгілері бойынша төмендегідей аудандарға бөлуге болады.
1. Аудан шаруашылықтың бірінші бөлімінде орналасқан. Осы аймақ
өзендерімен, арналармен ерекшеленді.
2. Александровка селосының екі жағына 2-3 км созылып жатыр. Таулы
толқынды әлсіз жазықтан басталады.
Қорыта келгенде таулы файмақтардың ауа-райын, топырақ жағдайын жер
бедерін зерттей келе мынадай тұжырым жасауға болады. Бұл аймақтың ауа-
рауы мен топырақ жағдайы жеміс, көкөніс, жүзім бақтарын егіп, бақ құруға
қолайлы.
II-тарау. Топырақ –климат жағдайы
Климаты
Агроуниверситет оқу-тәжірибе станциясы Алматы облысы, Талғар ауданы,
Байбұлақ елді-мекенінде орналасқан.
Бұл жердің климат жағдайы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың
жақсы үйлесушілігімен ерекшелінеді. Шілдедегі температура +22+24 градус,
қаңтардағы температура - 6-7 градус. 0 градустан жоғары температурадағы
жылы кезеңде оң температуралардың қосындысы 2400-3400 градус.
Көктемде ызғар сәуірдің үшінші онтүстігінде басылып, қарашаның үшінші
онкүндігі мен желтоқсанның басында қайта түседі. Суықтың ұзақтығы 140-170
күн. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-600 мл. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның
аяғы мен желтоқсанның басында қайта түседі де 85-100 күн жатады. Қардың
қалыңдығы 20-35 сантиметрге жетеді. Желтоқсанның басында түскен қар үш ай
және одан да ұзақ уақыт жатады.
III-тарау. Тәжірибелік-зерттеу бөлімі
3.1. Зерттеу міндеті, бағдарламасы мен әдістемесі
Зерттеу міндеті
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің жылыжайында тамыры жабық алма
тікпе көшеттерін өсіру үшін субстрат құралын таңдау. Сонымен қатар жылыжай
жағдайында қысқы телімелері арнайы дайындықтан өткізу қажеттілігі мен бір
вегетацияда стандартқа сай бір жылдық тікпе өсіруге жарамды алма
сорттарынын анықтау.
3.1.1. Зерттеу нысандары
Тәжірибеге Қазақстан Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс
жеміс аймақтарында аудандастырылған алманың Голден делшиес, Айдаред
сорттары мен болашағы бар Вайнеспур, Саливарское благородное және Ренет
Абраменко сорттары алынды. Телітуші ретінде аласа өсетін М 9 біртектес
телітушісі пайдаланылды.
Нысандарының қысқаша сипаттамасы
Голден делишес-Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысында
аудандастырылған.
Ағаштарының өскелеңдігі орташа, бөрік бастары сопақша, онша тығыз
суыққа, төзімділігі орташа.
Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын
береді, әрбір ағаштан орташа есеппен 40-150 килограмм өнім алынады.
Алмасының ірілігі орташа (110-140 грам) сопақша келген, дұрыс формалы, түсі
ашық сары, шырынды, ұсақ түйіртпекті, дәмі тәтті болып келеді.
Айдаред-сорт АҚШ-та Пагнер мен Джонатан сорттарын будандастырудан
алынған. Ағашы жеткілікті биік өсетін, дөңгелек немесе шашыраңқы бөрік
басты.
Оңтүстік аймақтарда жеткілікті қысқа төзімді сорт екенін көрсетті.
Қара қотырға төзімді, бірақ ақ ұнтақ ауруынан жапа шегеді. 4-5 жылдары
жеміс сала бастайды. Өнімділігі жоғары, әрі жыл сайын жеміс береді.
Жемістің өлшемі орташа немесе орташадан жоғары. Жемістің барлық
бетінде қабығы сары тартымды ашық қызыл, сиякөк түстес болып келеді.
Балдыры ақшыл сары, қатты нәзік, нәрлі, тартымды, қышқылымен өте дәмді.
Жемісі теретін дәміне бірінші қазанда жетеді, сәуір-мамыр айларына дейін
сақталынады.
Телітушілер
М 9 телітушісіне ұластырылған ағаштардың биіктігі 2,5-3,5 метірге
жетеді, 2-3 жылдары ерте жеміс салады, ірі, сапасы жақсы болады. Қазақ ауыл
шаруашылығы институтының жеміс-жидек шаруашылығы кафедрасының деректері
бойынша М 9 телітушісіне ұластырылған алма сорттарының төрт жыл ішіндегі
орташа өнімділігі:
Голден делишес сорты бойынша гектарынан 224 центнер, тамыр жүйелері
тармақты, шашақты, майда, қаңқа тамыры әлсіз жетілген, сынғыш және кейбір
тамырлары 4-4,5 метрге дейін жеткенімен де негізгі тамыр жүйесі онша
тереңге кетпейді (1 метр тереңдіктен аспайды) Соған байланысты М9
телітушісіне ұластырылған ағаштардың жантайып, тіпті жайып та (қатты желде,
өнімін көпсалғанда, өте шылқылдатып суарғанда) қалуы мүмкін. М9
телітушісінің қысты күнгі суыққа төзімділігі жақсы. Бақылау жүргізілген
жылдардың бәрінде, мәселен 1960 жылдан бері, бұл телітуші тамырының үсігіне
байқалған жоқ. Алайда М9 телітушінің құрғақшылыққа төзімділігі алманың
себінді телітушісіне қарағанда нашар. Алманың аласа өсетін тез салатын және
құрғақшылыққа төзімді ағаштарын өсіру үшін. Ұлттық Аграрлық Университетінің
жеміс-көкөніс шаруашылығы кафедрасы биік өсетін себінді телітушіге
интеркалярлы телітуші ретінде М9 ергежейлі телітушісін пайдалануды ұсынады.
Кафедраның тәжірибесі бойынша ергежейлі интеркалярлы телітушіге
ұластырылған сорттар ағаштарына ұқсас, бірақ бірінші қуаңшылыққа
төзімділігі жағынан асып түседі, топырақ қабатына мықты бекиді.
Бұл телітуші Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында топырақ-
климат жағдайлары анағұрлым қолайлы аймақтарда ғана аудандастырылған.
3.1.2. Тәжірибе учаскелерінде жүргізілген агротехникалық күтім
Агротехникалық күтім жылыжайдың ішкі жағдайларына байланысты
жүргізілді. Негізі дайындық жұмыстары 2005 жылдың (қазан) телітуші мен
ұластыруға қажетті қалемшелерді (нұсқаға сәйкес) дайындаумен басталды. 2006
жылдың қаңтарында жылыжайдың ішін тазартып, зарарсыздандыру жүргізілді.
Қысқы телімелерді отырғызуға қажетті контейнерлер мен оларды орауға қажетті
целофандар сатылып алынады. Ақпан айында тәжірибе жоспарына байланысты орын
анықталып, контейнерлерге тәжірибе сұлбасына сәйкес субстраттар салынып,
тиісті орындарына қойылды.
Содан соң арнайы қадалармен контейнер түбінде тоқтау су жиналмас үшін
тесіп жасалынады.
Наурыз айында қысқы телу жұмыстары жүргізілді. Қысқы телімелерді
тәжірибе бағдарламасына сәйкес контейнерлерге отырғызылды. Соңынан суарылып
отырды. Келесі суарулар қажеттілігіне қарай жүргізілді.
Қысқы телімелер негізінен стратификация өтпестен, ұластырудан кейін
контейнерлерге отырғызылып, жер үсті бөлігіне целофан қалта кигізілді.Олар
Қалемшерлердің бүршіктері өнгеннен соң алынып тасталды. Арамшөптер өсуіне
қарай тазартылып отырды.
Аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес қажеттілігіне қарай жүргізілді.
Балақ сабақтар жұлынып, мәдени сорттардың бір сабағы қалдырылды. Ұласу
орнын ораған пленка жолақтары шілде айында алынып тасталды.
Вегетация бойында зерттеу әдістемесіне сай есептер жүргізілді.
3.1.3. Тәжірибе сұлбасы мен зерттеу әдістемесі
Тәжірибе сұлбасы
Зерттеу жұмысы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті территориясында
орналасқан жылыжайда жүргізілді.
Тәжірибе алма дақылының тамыры жабық тікпе көшеттерін қысқы телімеден
жылыжайда өсіру үшін субстрат құрамын, жарамды сорттарын және арнайы
дайындықтан өткізу қажеттілігін анықтау үшін жүргізілді. Зерттеуге тәжірибе
сұлбасына сәйкес алманың Голден делишес, Ренет Абраменко, Айдаред,
Вайнеспур, Саливарское благородное сорттары М 9 біртектес аласа өсетін
телітушісі мен әр түрлі құрамдағы субстрат алынды.
Зерттеу екі тәжірибеден тұрады.
Бірінші тәжірибеде жылыжай жағдайда қысқы телімелерді арнайы
дайындықтан өткізу жолдары мен бір вегетацияда стандартқа сай бір жылдық
тікпе көшет өсіруге жарамды алма сорттарын анықтау.
Екінші тәжірибеде жылжымайды тамыры жабық тікпе көшет өсіру үшін
субстрат құрамын таңдау.
Бірінші тәжірибе сұлбасы
Субстрат Стратификация Сорт
Топырақ + қара шірік өткен Голден делишес
өтпеген Голден делишес (үлгі)
Вайнеспур
Айдаред
Ренет Абраменко
Саливарское благородное
Екінші тәжрибе сұлбасы
Субстрат
құрамы үлесі
Топырақ + қара шірік (үлгі) 1:0,5
Топырақ + қара шірік + азот 1:0,5:N
Топырақ + қара шірік + азот 1:0,2: N
Топырақ + қара шірік 1:0,2
Топырақ + құм + қара шірік 1:1:0,5
Топырақ+ағаш үгіндісі+құм+қара шірік 1:1:1:0,5
Топырақ+ағаш үгіндісі+қара шірік 1:1:0,5
Бірінші тәжірибе екі факторлы, алты нұсқалы, үш қайталанымды. Әр
қайталаным он өсімдіктен тұрады.
Енкінші тәжірибе бір факторлы, жеті нұсқалы, үш қайталанымды. Әр
қайталанымда он өсімдік, ал нұсқада отыз өсімдік қабылданған.
Зерттеу әдістемесі
Тәжірибедегі нұсқалар бойынша қысқы телімелерінің санын (біріккен,
өнген, өскен, сақталған) өркеннің өсу динамикасын, жапырақтануын,
сабағының, тамырының ұзындығын, ылғалды пайдалану қабілетін, биомассасын,
стандартқа сәйкескөшет шығымын анықтадық.
Биометриялық көрсеткіштер И.В.Мичурин атындағы Бүкіл одақтық ғылыми-
зерттеу институтының әдістемелері (1956-1973) жылы Уманның ауылшаруашылық
әдістемелік нұсқауы бойынша жүргізілді.
Жапырақ тақтамаларының аудандары профессор А.П. Драгавцевтың
палеткалық әдісімен (1956) анықталды.
Жапырақ ылғалдылығы көрсеткіштері М.Д.Кумниренко, Г.П. Курчатова, Е.В.
Крюкова ұсынған әдістеме (1975) бойынша жүргізілді.
Бақылау барысында жинақталған сандық мәліметтерді статистикалық
өңдеуден өткіздік. Тәжірибе дәлелдігін t-коэффиценті арқылы есептедік
(Трусевич. Г. В, 1975)
Жапырақ ауданы
Профессор А.П. Драгавцев (1956) ұсынған палеткалық әдіспен анықтадық.
Палетканы екі целлулойдты тақтаны (10×15 см) ауыспалы етіп біріктіріп
жасады.Оның бір бетіне қабырғалары бір сантиметр шаршы тор салынады.
Тақталарды ашып, ортасына жапырақты орналастырып жабады да, толық және
жартысынан артық жабылған торларды есепке алады.
Көшеттің жапырақтылығы
(жалпы жапырақ ауданы)
Өсу тоқталған кезде, әр нұсқадан тоғыз көшеттен алынып, сондағы барлық
жапырақтар ауданы өлшенеді.
Жапырақтын жалпы ылғалдылығы
(жалпы сулылығы)
Жапырақ тақтасын 105 градус температурада кептіру тәсілімен анықтайды.
Анализ үшін салмағы 500 миллиграмнан аспайтын жасы тұрақты болатын
(өркеннің өсу нүктесінен бес-алты жапырақтар), ағаш бөркінің оңтүстік-шығыс
бетіндегі, ортаңғы және одан жоғары бөлігінде орналасқан өркендерден
жапырақтар алынады.
Егер жапырақ салмағы (массасы) 500 милиграмнан артық болса, онда
жапырақ тақтасы ортаңғы талшық жиегімен екіге бөлінеді. Орталық талшығы жақ
бөлшігі торзиондық таразыда өлшенеді. Өлшенген жапырақ темір құтығы
(бюкске) салынып, кептіргіш шкафта (кебеже) 105 градустан аспайтын
температурада тұрақты салмаққа дейін кептіреді. Бюксті эксикаторда
салқындатқаннан соң жапырақ қайта өлшенеді. Мәліметтер берілген үлгіге
жазылады.
Жапырақ тақтасының жалпы ылғалдылығы, ондағы су мөлшерін (жапырақтын
бастапқы және құрғақ салмақтарының айырмасы) оның бастапқы салмағына
пайыздық (проценттік) көрсеткіште анықталады. Оны төменгі формуламен
шығардық.
,
мұндағы: х- жалпы ылғал, %
А- бастапқы салмақ, мгр
В- құрғақ салмақ, мгр.
Жапырақтың ылғалды сақтау қабілеттілігін (өлшеу тәсілі)
Ылғалды сақтау қаблеттілігін, жапырақтарды алты сағат бойы солдыру
(кептіру) барысында жоғалтқан ылғалдың, оның бастапқы салмағына пайыздық
(%) қатынаста есептеледі. Ол үшін анализге алынған үлгілер (образецтер)
торзиондық таразыда өлшенеді, алты сағатқа көлеңкелі желдетілетін ашық
жерде солдырады да қайта өлшенеді көрсеткіштер берілген кесте үлгіге
жазылады. Ылғалды сақтау қаблеттілігі келесі формуламен есептелінеді.
мұнда: х-ылғалды сақтау қаблеті, %
А-бастапқы салмақ, мгр.
П-белгілі уақыт аралығында солдырғанда жоғалған су, мгр.
Жапырақтың салыстырмалы тургорлығын анықтау
(относительная тургоресцентность)
Анализге ұшыраған жапырақтардың сағағы су астында жаңартылады, сонан
соң оларды өлшеп, қанықтыру үшін ылғалды камераға жиырма төрт сағатқа
орналастырады ылғалмен қаныққаннан кейін, жапырақтар камерадан алынып, екі
сорғыш қағаздың ортасына салынып жылдам сорғытылады. Сіңірілген ылғалды
анықтау үшін қайта өлшенеді. Сонан соң олардың құрғақ салмағы анықталады.
Ол үшін жапырақтар кептіргіш шкафта 105 градус температурада тұрақты
салмаққа дейін кептіріледі. Мәліметтер арнайы үлгіге жазылады.
Салыстырмалы тургорлық келесі формуламен есептелінеді:
мұндағы; а - салыстырмалы тургорлық (анықталған кездегі жапырақтағы су
мөлшерінің, олардың сумен толық қаныққандағы су мөлшеріне
қатынастың пайыз көрсеткіші).
А-С) - анықтаған сәттегі өлшемдегі су мөлшері анықтау ылғал
салмақтан, оның құрғақ салмағын шегеру арқылы есептелінеді),
мгр
(В-С) - жапырақтардың сумен қаныққан кейінгі өлшемдегі жалпы судың
мөлшері (қаныққан кейінгі өлшем массасынан, оның құрғақ
массасын шегеру арқылы есептейді), мгр
Жапырақтағы тапшы суды анықтау
Жапырақтағы тапшы суды анықтау жолы жапырақтын салыстырмалы тургорлығын
анықтау әдісімен сипаттас. Тек есеп келесі формуламен жүргізіледі.
%
мұндағы; х-жапырақтағы тапшы су, оның толық қаныққан
қалпындағы жалпы мөлшерінен пайызы.
(В-А) - жапырақтағы қанықтырғанда сіңірген су, мг;
(В-С) - толық қаныққан қалпындағы жапырақтағы
жалпы су мөлшері, мг.
3.2. Зерттеу нәтижелері
Жеміс тікпе көшеттерін көбейтудің тиімді тәсілдерінің бірі стол үстінде
қысқы телу. Оның басқа тәсілдерімен салыстырғанда көптеген ұтымды жақтарын
атауға болады. Соның ішіндегі ең маңыздыларына тоқталатын болсақ, ол жазғы
қауырт кездегі жұмысшыға қажеттілікті бәсеңдету, әрі қысқы мезгілдегі бос
уақытты тиімді пайдалану, телу процесін механикаландыру, жұмыс өнімділігін
арттыру тағы басқа.
Сонымен қатар жеміс тікпе көшеттерінің қысқа мерзімде өсірудің бірден-
бір жолы ретінде қысқа телімелерді тамыры жабық технологиямен жылыжайда
өсіруді қарастыруға болады.
Жылыжайда өсімдімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы ортаны ұйымдастыруға
өте ыңғайлы. Қыста қосымша жылытылатын жылыжайларды пайдалану арқылы жеміс
тікпе көшеттерінің вегетациялық кезеңін ұзартуға болады. Оның үстіне
жылыжайда өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарын ауа-райына тәуелсіз жүргізе
беруге болады. Жылыжай жағдайында тамыры жабық тікпе көшеттер өсіру
үшін,осы ортаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz