Магистралды құбырөткізгіштер


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМ3

1. 2 Магистралды газ құбырөткiзгiштердiң классификациясы4

1. 2. 1 Жоспарлы алдын ала жөндеудi ұйымдастыру6

1. 3 Магистралды құбырөткiзгiштердi күрделi жөндеу8

1. 3. 1 Күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстар түрлерi8

1. 4 Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеудi жүргiзудiң технологиялық сұлбалары9

1. 5 Жер жұмыстары11

1. 6 Траншеяларды қазу12

1. 7 Траншеяны көму12

1. 8 Құбырды дайындаудың қысқаша мәлiметi13

1. 9 Магистралды құбырөтiзгiштiң сызықтық бөлiмiнiң құрылысы14

1. 9. 1 Жер үстiндегi сызықық құрылыстар14

1. 10 Магистралды құбырөтiзгiштi коррозиядан сақтау15

1. 11 Құбырөткiзгiштi көтерiп ескi изоляциядан тазарту15

1. 12 Дәнекерлеу жұмыстары16

1. 13 Дәнекерлеу -монтаждау жұмыстары18

1. 13. 1 Болат құбырлар18

1. 13. 2 Жазық оралатын болат құбырлар19

1. 15 Көмiрқышқыл газды ортада жартылай автоматты дәнекерлеу20

1. 16 Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау21

1. 17 Изоляциялық жұмыстар23

1. 18 Изоляциялық - төсеу жұмыстары24

1. 18. 1 Изоляциялап-салыну жұмыстары24

1. 19 Тазалау және құбырөткiзгiштердi берiктiк пен тығыздыққа сынау26

1. 20 Құбырөткiзгiштердi қиын жағдайларда салу27

1. 20. 1 Су асты құбырөткiзгiштерiн жөндеу27

1. 20. 2 Құбырөткiзгiштi су қоймасынан шығарып жөндеу28

1. 21 Құбырөткiзгiштi бiр бөлiгiн шығару арқылы жөндеу32

1. 22 Жаңа құбырөткiзгiштi ескiнiң iшiмен өткiзу33

1. 23 Құбырларды шығару арқылы жағалық учаскесiн жөндеу33

1. 24 Құбырөткiзгiштiң иiлген учаскелерiн тереңдету немесе бекiту34

1. 25 Магистралды құбырөткiзгiштегi апаттар және оларды жою34

1. 25. 1 Магистралды құбырөткiзгiштегi апаттарды жою35

1. 26 Газ апаттарды жою38

2 ЕСЕПТIК БӨЛIМ68

2. 5 Берiктiкке және деформацияға тексеру81

2. 6Құбырөткiзгiштердiң жалпы орнықтылығын тексеру82

3 ЭЕМ - де ЕСЕПТЕУ БӨЛIМI87

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ93

4. 1. Газ құбырөткізгіш құрылысындағы инвестицияның экономикалық тиімділігі93

4. 2 Кәсіпорының қаржылық қызметін талдау93

4. 3 Уақытқа тәуелді ақша құндылығы94

4. 4 Пайдаланудағы шығындар есебі98

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛIМI104

5. 1 Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру104

5. 2 Құбырөткiзгiштi жөндеудегi қауiпсiздiгi105

6 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛIМI114

6. 1 Трассаның инженерлiк дайындалуы114

6. 2 Жер жұмыстары114

6. 3 Дәнекерлеу -монтждау жұмыстары114

6. 3. 1 Дәнекерлеу - монтаждау базасында секцияларды дайындау116

6. 3. 2 Бұрылмайтын жапсарлардың дәнекерленуi116

6. 4 Құбырөткiзгiштердi тазалау117

6. 5 Радиографикалық бақылау117

6. 6 Коррозиядан электро - химиялық қорғау118

1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМ

1. 1Магистралды газ құбыр өткізгіш.

Жиелік өндірістік «Жанаозен» басқармасы

1. 1. 1 Өнеркәсіп структурасы

Жиелік өндірістік «Жанаозен» басқармасы «Атырау» арнаулы газ құбыр басқармасына кіреді.

1. 1. 2 Газ құбыр жолдарының жұмысы

Жанаозен компрессор стансасы Туркменистан 527. 4 км шекарасынан Үстірт 784 км дейін, ОАО - 3 аймағында қызмет көрсететін өңдеу жұмыстарын жасайды.

Жоба түрінде жылына кысымы 55 кгс/см², 13. 5 млрд. м³ газ тасымалдайды. Рұқсат ету қысымы 527. 4 км - 690 км (Юг) - 38. 5 кгс/см² ал 690 км - 784 км (Север) 43. 0 кгс/см² болады. 2002ж газ тасмалдау көлемі 909575939 м³, ал Жанаозен - Актау үстінен газ өту көлемі 385999697 м³ болды. Негізгі газ қолдаушы ААҚ «Маңғыстау газ құбыр жолдары». Арнайы өндірістік қызметі: газ тасмалдау болып саналады.

1. 1. 3 Жиелік пайдалану қызметі

Қызмет көрсету шекарасы Окарем - Бейнеу 527. 4 км - 784 км дейін. Құбыр жиелік аймағы 527. 4 км - 691 км (Юг) ал 691 км - 784 км (Север) . «Юг» құбыр ұзындығы 164. 3 км, ал диаметрі 1020. Осы аймақта 537 км - 574. 1 км және 656. 1км - 691. 7 км лупинг орналасқан. Құбыр ұзындығы 71. 9км . Газ құбырының жиесі ысырмалар жағдайы жақсы. ЖПҚ «Юг» және «Север» газ құбырларына қызмет көрсетіп олардың барлау жұмыстарын жасайды және жұмыстан шыққан ысырмаларды, құбырлады ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Қызмет көрсету кестесі бойынша - трассаны барлау, газдың жылыстауын табу, ысырмалардың майын барлау, ашып жабып көру және жарқырау таңбаларды, сораптарды тағыда басқа барлау жұмыстарын жүргізеді.

1. 1. 4 Компрессорлық цех

  1. Агрегаттардың саны: үш дана ГТК-10-4 типті
  2. Техникалық жарамдылығы жақсы
  3. Жұмыс істеген уақыты

Т\а № 1 75841 саг

Т\а № 2 76726 саг

Т\а № 3 75154 саг

4. Агрегат күнделікті және капиталдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

5. Апаттық тоқтаулар болған жоқ

1. 1. 5 Электро химиялық қорғау қызметі

Электро химиялық қорғау қызметінің отыз алты катодтық станциялары орналасқан, техникалық жарамдылығы жақсы. Газ құбырлардың қорғанысы 90%, күнделікті трассаны барлау қызмет көрсету кестесі бойынша жасалады, апаттық сөндірулер болғаны жоқ.

Күнделікті жасау жұмыстары: Жұмыстан шыққан жиені ауыстыру, трансформаторларды барлап ақаулықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

1. 1. 5 КИП және автоматтандыру қызметі

Газ айдау агрегаттардың приборларын МЕСТ - ке сәйкес барлау және олардың ақауларын жөндеу жұмыстарын және дистанциондық ашылып жабылатын ысырмаларды барлау жұмыстарын жүргізеді.

1. 1. 6 Телемеханика және байланыс

Жанаозен компрессор стансаның трассадағы қызметкерлермен байланысқа шығу және телефон, компьютерлермен жабдықтау жұмыстарын жүргізеді.

1. 2 Магистралды газ құбырөткiзгiштердiң классификациясы

Магистралды құбырлар темiр және тас, асфальт төселген жолдардың астында, әр түрлi бедер және гидрогеологиялық жағдайлары бар жердiң учаскелерiмен өтедi, сулы бөгеттер жер асты электр кабельдерi, жер үстi жоғары вольттi электр беру тораптары және тағы басқаларды қиып өтедi. Осы факторларға тәуелдi құбыр жұмысының жағдайлары өзгередi және осыған байланысты магистралды құбырлар трассалары төрт категориялы учаскелерге бөлiнедi.

I - категориялы учаскелер:

1. Барлық категориядағы темiр жолдары арқылы құбырлардың жер асты өткелдерi және ықтималды қауiптiлiк дәрежесi бойынша күзеттегi кеңiстiк шекараларындағы 1- және 2 - ктегориялы автомобиль жолдары.

2. Жалпыға тағайындалған темiржолдары арқылы мұнай және мұнайөнiмi құбырларының жер асты өткелдерi.

3. Барлық темiр және автомобиль жолдары арқылы жер үстi өткелдерi.

4. Барлық кеме жүзетiн сулы өткелдер және арналар арқылы жер үстi өткелдерi.

5. Су бетiнiң ара қашықтығы 20м және одан артық болатын өзендермен арналар арқылы өтетiн барлық жер асты өткелдерi.

6. Құбырөткiзгiштiң тоннельдердегi және таулы жағдайлардағы су тасқындары мен, шығару конустары мен қиылысу учаскелерi.

II - категориялы учаскелер:

1. 3 және 4 категориялы тас, асфальт жолдары арқылы газ құбырларыныңжер асты өткелдерi.

2. Компрессорлық станцияларға жалғас (станция шекарасынан 250м шамасында) құбырөткiзгiш учаскелерi, жобада көрсетiлген ара қшықтықтағы көпiр өткелдерiне бағыттар.

3. Жұмыс iстеу қабiлетi 10, 25Па-тан аз болғандағы босаң (тұрақсыз) топырақты саз батпақтарда салынатын құбырлар.

4. Су бетiнiң 20 м-ден аз ара қашықтықтағы болатын өзендер мен арналар арқылы өтетiн барлық жер асты өткелдерi.

5. Мерзiмдi су басып кететiн жайылымдарда бiр жiптi сулы бөгеттерде салынатын құбырлар учаскелерi сонымен қатар(жобада көрсетiлген ара қашықтықтардағы) 1, 2, 3 және 4-категориялы барлық темiр және автомобиль жолдары арқылы өтетiн өткелдерге жалғас өткелдер.

6. Жер асты коммуникацияларының екi жағындағы 10 м-ден кем емес қашықтықтағы учаскелердi қосқанда басқа құбырлармен қиылысқан(түйiскен) жердегi учаскелер.

III - категориялы учаскелер:

1. Топырақтың жұмыс iстеу қабiлетi 0, 25Па артық саз батпақтарда өтетiн құбырөткiзгiштер.

2. Саз батпақтар жiне кемелер жүрмейтiн су бөгеттер үстi өткелдер.

3. 3-категориялы автомобиль жолдары арқылы өтетiн құбырөткiзгiштерiнiң жер асты өткелдерi.

4. Станция шекарасынан 150 м ара қашықтықтағы сораптың станцияға жалғасатын мұнай және мұнайөнiмдерi құбырөткiзгiштерiнiң учаскелерi.

5. 1, 2, 3, 4, 5-категориялы автомобиль жолдарыв арқылы өтетiн мұнай және мұнайөнiмдерi құбырөткiзгiштерiнiң учаскелерi.

6. Барлық 1, 2, 3-категориялы автомобиль жолдары мен темiржол жолдары арқылы өтетiн өткелдермен жалғасатын құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.

IV- категориялы учаскелер:

1. Жасанды және табиғи бөгеттерден өтетiн өткелдердi кiргiзбегендегi жерастымен және жермен өтетiн құбырөткiзгiштердiң негiзгi сызықтық бөлiгi.

2. Күрделi емес бөгеттер арқылы өтетiн жер асты және жер үстi өткелдерi ойпаттары, кеуiп жатқан бұлақтар, кiшiгiрiм арықтар.

3. Жер үйiндiлерi арқылы өтетiн құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.

Магистралды құбырөткiзгiштiң әр категориясына төселетiн құбырлардың берiктiлiк сипаттамалары жағынан болсын, құбырөткiзгiштi коррозиядан сақтау шаралары пiсiрiлген қосылыстарының сапасын бақылау және сынау жағынан болсын белгiлi бiр талаптар қойылады.

Кесте 1 - Әр түрлi категориялы құбырөткiзгiштердiң жұмыс iстеу жағдайларының коэффициенттерi.

Магистралды құбырөткiзгiштердiң трасса учаскелерiнiң категориялары
Құбырөткiзгiштердi берiктiкке есептегендегi жұмыс iстеу жағдайының коэффициентi.
Жалпы мөлшерiне шаққандағы физикалық әдiстермен сыналатын монтажды дәнекерленген қосылыстардың саны, %
Алдынала гидравликалық сынақтағы қысымның мәнi.
Магистралды құбырөткiзгiштердiң трасса учаскелерiнiң категориялары:

I

II

III

IV

Құбырөткiзгiштердi берiктiкке есептегендегi жұмыс iстеу жағдайының коэффициентi.:

0, 75

0, 75

0, 90

0, 90

Жалпы мөлшерiне шаққандағы физикалық әдiстермен сыналатын монтажды дәнекерленген қосылыстардың саны, %:

100

100

100

100

Алдынала гидравликалық сынақтағы қысымның мәнi.:

Р сын =1, 25Р жұм

Алдынала сыналатын құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.

Құбырөткiзгiштiң әр бiр учаскесiнiң категориясын жобаны құрастырғанда анықтайды.

Сонымен қатар құбырөткiзгiштiң құрлысының күрделiлiгiне қарай категорияларға бөлiнедi.

1. 2. 1 Жоспарлы алдын ала жөндеудi ұйымдастыру

Магистралды құбырөткiзгiштiң тозуы мен бүлiнуi

Барлық жер асты магистралды құбырөткiзгiштер қорғайтын изолляциялық қабаттың болғанына қарамастан тозуға бейғм. Ол қоршаған ортаның әсерiнен изоляциялық қабаттың және металлдың бiртiндеп тозуымен түсiндiрiледi.

Изоляциялық қабаттың бұзылуы құбырөткiзгiштiң ескiруi нәтижесiнде және оның төселуi мен көмiлуi кезiнде орын алатын әр түрлi сипатты механикалық әсерлердiң нәтижесiнде болады. Изоляциялық қабаттың жергiлiктi бұзылуы құбырөткiзгiштiң ашық учаскесiнiң қарқынды коррозиялық бұзылуына апарады.

Изоляциялық қабаттағы құрамындағы ылғалмен тесiк топырақ толып ылғал электролит болғандықтан металл агрессивтi қоршаған ортамен нәтижесiенде электрлi әсерлесуге түседi.

Құбырөткiзгiш металлымен изоляциялық қаптауының бұзылу механизмi Киттельберг пен Эльма ұсынған сұлбамен жақсы түсiндiрiледi. Ол берiлген жағдайда процесс өтедi деген пiкiрге негiзделген.

Осмотикалық процесс кезiнде ылғал жартылай өткiзгiштiк жабындыдан, ерiтiндiлердiң концентрацияларының айырмасынан енедi процессте ылғал жартылай өткiзгiштiк изоляциялық жабындыдан потенциалдар айырмасының нәтижесiнде енедi. Ылғалдың құбырға жабындының ұлғаюы деп аталатын изоляциялық қабаттың металлға аддгезиясының жойылуына әкеп соқтырады.

Құбырөткiзгiштер металлының бiртiндеп бүлiнуi тозуының негiзгi себебi коррозия болып табылады. Сипаты физикалық табиғаты бойынша коррозиялық бұзылуды химиялық, электрохимиялық және бағытсыз токтардың әсерiнен болатын бүлiнулер деп бөлуге болады.

Химиялық коррозия - металлдың бүлiнуi металлмен химиялық агрессивтi ортаның әсерлескен жерiнде өтетiн электролиттерде емес металлдың бүлiну сипаты - бiр қалыпты.

Электрохимиялық коррозия - электр тогының әсерiнен болатын бүлiнулер. Электрохимиялық коррозия кезiнде металлдың бүлiнуi кейбiр жағдайларда құбырқабырғасының толық қалыңдығына әсер ететiн үлкен тереңдiктегi түйiршiк дақтар мен раковиналар түрiнде болады.

Электролиттегi электрохимиялық коррозия- тұздармен қышқылдардың

Суда ерiтiндiлерiнен және табиғи сулардың (су астындағы өзен, көл, саз балшық прқылы өтетiн құбырөткiзгiштер коррозиясы) әсерiнен болатын металлдың коррозиясы; топырақтың әсерiнен немесе металлдың бiрқалыпсыздығы салдарынан болатын топырақты электролиттiң әсерiнен болатын топырақты коррозия; атмосфералық коррозия - ауадағы көмiрсутегiнiң және атмосферадағы ылғалдың әсерiнен металлдың коррозиясы. Оған құбырөткiзгiштердiң ауадағы өткелдерi - өзендер, оврагтар арқылы өтетiн учаскелерi және жердегi қондырғылар - ысырмалар, вантуздар және тағы басқалар жатады.

Бғытсыз токтардың әсерiнен болатын коррозия құбырөткiзгiштiң электрофикацияланған темiржол жолдарының бойымен өткендегi учаскелерiнде орын алады.

Станцияның оң полюсi контакт сымдарына қосылып, терiс полюсi желiнетiн сымдар арқылы рельстерге қосылады. Рельстермен қайтқан кездегi токтың бiр бөлiгi кедергiсi ең аз жолдың бойымен келiп жерге кiрiп, бағытсыз токтарды туғызады. Олар құбырөткiзгiштiң изоляциялық қабатының бүлiнген жерлерi арқылы құбырөткiзгiшке түсiп оның бойымен өз жолдарын әрi қарай жалғастырады. Топырақтың электр өткiзгiштiгi құбырөткiзгiштiгi құбырөткiзгiштiң электрөткiзгiштiгiнен үлкен болған жағдайда құбырөткiзгiштiң кедергiснiң үлкеюiнiң салдарынан токтар тппыраққа шығады.

Бағытсыз токтардың құбырөткiзгiшке шығу учаскелерi катодты поляризацияланып катодты учаскелерге айналады, ал олардың құбырөткiзгiштен шығу учаскелерi анодты поляризацияланып жойылады.

1. 3 Магистралды құбырөткiзгiштердi күрделi жөндеу

Магистралды құбырөткiзгiштерiн жұмысқа жарамды жағдайда ұстау үшiн және магистралды құбырөткiзгiштiң шаруашылығының негiзгi қорларын қалпына келтiру үшiн оларды күрделi жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады.

Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу негiзiнен изоляциялы жабындыларының қалыпты қорғағыш қасиеттерiн қайта қалпына келуiн және құбырлар металының нығайтылуын немесе ауыстырылуын жинақтайды.

1. 3. 1 Күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстар түрлерi

Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстарды дайындық және негiзгi деп екi топқа бөлуге болады.

Дайындық жұмыстары магистралды құбырөткiзгiштiң жағдайына, күрделiлiгiне, жөндеу жұмыстарының көлемiне және жөндеу колонналарының, машиналар мен механизмдерден жинақтауына тәуелсiз келесi жұмыстарды келесi жұмыстарды қамтиды:

а) Күрделi жөндеудi талап ететiн магистралды құбырөткiзгiштiң учаскелерiн анықтау;

б) Магистралды құбырөткiзгiштiң жеке учаскелерi бойынша жөндеу жұмысының көлемi мен сипатын анықтау;

в) Жұмыс өндiрiсiнiң графиктерi мен жобалау-сметалық құжаттарын құру;

г) Жұмысты жүргiзу жағдайларын дайындау (жөндеу-ққұрылыс учаскелерiнiң қуатын анықтау және қажетiнше олардың қуатын анықтау және қажетiнше олардың қуатын арттыру, жұмыскерлер үшiн тұрғын үйлердi дайындау, жөндеуге қажеттi материалдарды, механизмдердi және машиналрды магистралды құбырөткiзгiш учаскелерiне жеткiзу және тағы басқалар.

Күрделi жөндеудi талап ететiн учаскелердi магистралды құбырөткiзгiштiң коррозиялық бүлiнуi жөнiнде статикалық мәлiметтердi талдау нәтижелерi бойынша, магистралды құбырөткiзгiш трассалары бойымен жыл сайын өткiзiлетiн электрометрлiк өлшеулер мәлiметтерi бойынша, изоляцияны және магистралды құбырөткiзгiштерiн таңдамалы ашу жолымен натурал тексеру және тексеру шурфтарын салу мәлiметтерi бойынша анықтайды. Сквозный коррозиялық бүлiнудiң болуын есептемегенде магистралды құбырөткiзгiшiнiң электрохимиялық қорғағышпен изоляциялық қаптау жағдайы магистралды құбырөткiзгiштiне жалғанатын токтың таралу кедергiсiмен сипатталады. Бұл жағдайда “құбыр-жер” потенциалы мен топырақ кедергiсi әр 20-25 метр сайын өлшенедi. Қаптау жағдайын потенциалдар графигiнiң құламалығымен және катодтық станцияның қорғағыш учаскесiнiң ұзындығымен анықталады: магистралды құбырөткiзгiш бойымен потенциал графигi неғұрлым құламалырақ болса, изоляциялық жағдайы солғұрлым нашарырақ болады.

Бағытсыз тоқтар әрекетiндегi учаскелерде магистралды құбырөткiзгiштерiн изоляциялау жағдайын, жеткiлiктi түрде сенiмдi нәтижелер беретiн, ВНИИСТ құрылымындағы ИП-1-60 бүлiнудi iздеушiнiң көмегiмен анықтауға болады.

Жеке учаскелер бойынша жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемi магистралды құбырөткiзгiштiң металы мен изоляциялау жағдайына тәуелдi.

Жер жұмыстарының көлемiн есептеу үшiн шурфтарды ұзiп және жоғары жиiлiктi ВТР-4-М трасса iздегiштi қолдана отырып, магистралды құбырөткiзгiштерiн салудың нақты тереңдiгiн анықтайды .

Изоляциялық жұмыстар көлемiн есептеу кезiнде ескi изоляция жағдайы, топырақтың коррозияға ұшыраушылығы және бағытсыз тоқтардың барлығытуралы нақты мәлiметтер есепке алынады. Магистралды құбырөткiзгiшiнiң изоляциясы магистралды құбырөткiзгiш учаскелерiнде изоляцияның жаңа түрiн тағайындап, жоғары сапалы изоляциондық материалдарды қолданады.

Дәнекерлеу жұмысының көлемi магистралды құбырөткiзгiшiнiң ашылған учаскелерiндегi натурал тексеру нәтижелерi бойынша белгiленедi. Магистралды құбырөткiзгiштерiн жөндеу практикасы көрсеткендей, әр 100 метр сайын шурфтарды қазу металл жағдайы жөнiде жеткiлiктi түрде сенiмдi нәтижелер бередi.

Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу кезiндегi негiзгi жұмыстар жер жұмыстарын, құбырөткiзгiштердi көтеру және салу, құбырөткiзгiштердi тозған изоляциялардан тазалау, дәнекерлеу жұмысының өндiрiсi, көмiп тастайтын құбырөткiзгiштердi изоляциялау және салу жұмыстарын қамтиды.

Күрделi жөндеудiң жеке операцияларына жұмсалған қаражат құрылымы, мысалға Атырау газ өткiзгiш басқармасы бойынша төмендегiдей: магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу жалпы құнының жер жұиысының бағасы - 27-28 %, құбырөткiзгiштi көтеру және салу - 6-6, 5 %, тазалау жұмыстары - 8-15 %, дәнекерлеу жұмыстары - 4-5 %, изоляциялық жабындылар түсiру - 40-45 %, құбырөткiзгiштердi көмiп тастау - 5-5, 5%-ын құрайды.

1. 4 Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеудi жүргiзудiң технологиялық сұлбалары

Жөнделетiн магистралды құбырөткiзгiштiң жағдайына байланысты күрделi жөндеудi жүргiзудiң келесi сұлбаларының бiрiн қолданылады:

  1. Құбыр өткiзгiштi траншеяның бровкасына көтеру;
  2. Жөнделетiн учаскеде құбырды ауыстыру ;
  3. Құбырөткiзгiштi көтермей және оның бойымен тоқтаусыз айдаумен құбырөткiзгiштiң астына үңгiр қазу және жер тосқауылдарын қалдыру;
  4. Тоқтаусыз айдаумен траншея лежкаларында құбыр өткiзгiштердi көтеру және салу;

Траншеяның бровкасына көтеру және салу арқылы күрделi жөндеу дәнекерлеу жапсары мен құбырөткiзгiштердiң өз күйлерi жақсы болған жағдайда диаметрi 325 мм-ден артық емес құбырөткiзгiштер үшiн қолданылады.

Жөнделетiн учаскеде құбырды ауыстыру арқылы күрделi жөндеу дәнекерлеу жапсарларының өте нашар күйiнде және құбырөткiзгiштiң күштi коррозияға ұшыраған жағдайында олардың диаметрне тәуелсiз құбырөткiзгiштер үшiн қолданылады. Бұл сұлба бойынша күрделi жөндеу өндiрiсiнiң екi варианты болуы мүмкiн:

1) Жөндеуге жатқызылатын учаскеде, құбырөткiзгiштердi қажеттi ұзындықтағы плетте дәнекрлеп, изляциялайды; негiзгi құбыр өткiзгiштен 3-4 метр қашықтықта траншея қазылады, оған дайындалған плеть салынады да оны гидравликалық опрессовкадан өткiзедi; бiр уақытта, ауыстырылатын құбырөткiзгiш учаскесiн газдан тазартады; одан кейiн негiзгi магистралға жаңа учаскенi орнатып жөнделетiн учаскенi ажыратады ; соңғы операция-осы учаскенi ашу, жөндеубазаларында тасу үшiн секциялар тозған изоляциялардан тазартып, коррозиялық каверналарды пiсiру жолымен қалпына келтiредi.

2) Бiрiншi сұлбадағы сияқты, басында ауыстырылуға жататын учаске үшiн жаңа құбырөткiзгiштерден плеть дайындайды; жөнделетiн құбырөткiзгiштi ашады осы учаскедегi айдалатын өнiмдi бөлiп шығарады және негiзгi магистралдан оның шеттерiн бөлiп алып судан босатқан соң көтередi; оның орнына дайындалған плетьттi түсiрiп, оны магистралға енгiзедi.

Құбырөткiзгiштердi екiншi сұлба бойынша жөндеген кезде жалпы ұзынды жөнделетiн учаскенiң ұзындығына тең ұзындыққа тең құбырлар қоры қажет еткiзiледi.

Құбырөткiзгiштiң көтерiлмей, астынан қазу арқылы және жер тiректерiн қалдыру арқылы жөнделуi, құбырөткiзгiштiң дәнекерленген қосылыстардың техникалық күйi оның көтерiлуiне мүмкiндiк бермейтiн жағдайда ғана өткiзiлуi тиiс.

Бұл тәсiлдiң артықшылығы күрделi жөндеудi өткiзген кезде газ айдауды тоқтатудың және жұмыс қысымын төмендетудiң қажеттiлiгiнiң жоқтығы, ал кемшiлiгi -жұмыстың кейбiр түрлерiнiң толық механизациялау мүмкiндiгiнiң жоқтығы (жер жұмыстары, тазарту және изоляциялау жұмыстары) және жөнделген учаскенiң астына қағылуының қажеттiлiгi.

Құбырөткiзгiштердi траншеяда лежкаларға көтерiп жатқызу арқылы жөндеу -қазiргi кездегi ең көп тараған және 30-50 см биiктiкке көтерiлуге жарайтын барлық диаметрдегi құбырөткiзгiштерге қолданылады. Берiлген тәсiлдiң негiзгi артықшылығы құбырөткiзгiштiң көтеруге, лежкаларға жатқызуға және изоляцияланғаннан соң түсiруге кеткен уақытты санамағандағы толық жөнделу уақытының бойында жұмыс iстеп тұруында. Жұмыстарды өткiзу технологиясы келесi: Құбырөткiзгiштердi оның төменгi жасаушысына дейiн ашып, дәнекерленген қосылыстарды физикалық тәсiлдерiмен 100 %-қ бақылаудан өткiзедi. Одан кейiн құбырөткiзгiштердi көтерiп, лежкалардан құралған клетиаларға жатқызып арнайы машиналармен тазартады. Тазартатын машина клетиларға жақындаған кезде тазартатын машинаның өтуi мақсатымен жоғарғы лежканы алып тастау үшiн, құбырөткiзгiштi жоғарғы лежкадан 4-5 см биiктiкке көтередi. Одан кейiн лежканы орнына жатқызып құбырөткiзгiштердi клетиларға ақырындап түсiредi.

Көтерiлуiмен температураның өзгеруi кезiндегi құбырөткiзгiште пайда болатын кернеулер жеткiлiктi үлкен мөлшерде болады, сондықтан тазарту және изоляциялау жұмыстарын өткiзген кезде жұмыс қысымын 25Па-қа дейiн төмендетiп, айдауды тоқтатады.

1. 5 Жер жұмыстары

Жер жұмыстары бiр шөмiштi көп шөмiштi, роторлы және арнайы экскаваторлармен жүргiзiледi.

Траншеяларды жалпы тағайындалған экскаваторлармен өңдеген кезде жер жұмыстарының көлемi қажеттi минимумнан әлде қайда үлкен болады одан басқа құбырөткiзгiштердiң бүлiнуiн болдырмау үшiн оның үстiнен қалыңдығы 15-20 см өңделмеген топырақ қабатын қалдыратындықтан жұмыстың бiр бөлiгiн қолмен жасауға тура келедi. Траншеялар профильдерiнiң рационал таңдалуы жалпы тағайындалған эксковаторларды паидалану эффективтiлiгiн мәндi жоғарылатуына мүмкiндiк бередi.

ВНИИСПТ-мұнай институтында ЭР-4 тартқыш эксковаторының негiзiнде ЭВР-377 арнайы роторлы аршу эксковаторы өңдеп шығарылған.

Роторлы аршу эксковаторы ауыспалы шөмiштерi бар, үш секциялы ротормен қамтамасыздандырылған; ортаңғы секциясы ең кiшi диаметрге ие. Ауыспалы шөмiштерiнiң кесетiн бөлiгiн аршылатын құбырөткiзгiштiң диаметрi бойынша өңдейдi, бұл құбырөткiзгiштi эксковатордың төменгi жасаушысына дейiн өтуi арқылы аршу мүмкiндiгiн бередi.

Сулы топырақтарда құбырөткiзгiштердi бiр шөмiштi Э-652, Э-505, Э-352, Э-302 эксковаторлары арқылы ашады.

Үлкен мөлшердегi суға толы топырақтардан өтетiн құбырөткiзгiштердi жөндеу кезiнде су жасанды түрде азайтылады.

1. 4. 1 Магистралды құбырөткiзгiштердi салу кезiндегi жер жұмыстары

Магистралды құбырөткiзгiштердi салу кезiнде жер жұмыстары құрлыс нормаларымен ережелердiң талаптары бойынша жүргiзiледi.

Траншеялардың өлшемдерi құбырөткiзгiштiң типi мен тағаиындалуына, құбырөткiзгiштiң диаметрiне, топырақтың түрi мен қату тереңдiгiне байланысты. Траншеяның енi құбырөткiзгiштiң диаметрне D тәуелдi. Мысалы диаметрi 700 мм ден кiшi құбырөткiзгiштер үшiн ол D+300мм, ал диаметрi 700 мм-ден үлкен құбырөткiзгiштер үшiн ол 1, 5D-ға тең. Сулы траншеялардың енi құбырөткiзгiштi жүкпен балластировка кезiнде жүк енiне 1 м қосқандағы мәнiне тең болуы керек, ал сумен балластировкалағанда 1, 5D-дан аз болмауы керек. Құбырөткiзгiштiң қисық учаскелерiнде траншея енiн жобада қарастырылған өлшемге дейiн үлкейтедi.

Құбырөткiзгiштiң траншеяға төселу тереңдiгi құбырөткiзгiштiң бетiне дейiн 0, 8 м-ден аз болмауы керек. Таулы және сазды топырақтарда ол 0, 5 метрге дейiн кiшiрейтiлуi мүмкiн.

Топрақтың түрiне және траншеяның тереңдiгiне байланысты олардың профильдерi әр түрлi конфигурацияларда болады.

1. 6 Траншеяларды қазу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау
Қазақстан мұнайын тасымалдау келешегі
Газгольдерлер цилиндрлі сфера типті резервуарлар
Магистралды мұнай құбыры
Катодты қорғау станциясының ерекшеліктері, оны құру шарттары, оның түрлері мен тәсілдері
Қарақойын мұнай айдау стансасындағы резервуарлық паркті қайта жаңарту
Сазанқұрақ” ЖШС-і компаниясының жалпы сипаттамасы
Сұйық-ағынды компрессорлық сепарация қондырғыны автоматтандыру
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Тұтас орта жалпы мағұлмат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz