Географиялық карта
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Карта туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Ерте заманғы географиялық ойлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.Географиялық карта және оның қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
4. Атластардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
5. Атлас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
6. Анықтамалық атластар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
7. Ғылыми анықтамалық атластар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
8. Ұлттық атластар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
9. Географиялық атластың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

КІРІСПЕ
Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. (Қарта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1 : 10000-1 : 1000000 масштабтағы жалпы географи ялық карталар топографиялық карталат деп аталады. Олар ірі масштабты - 1: 10000, 1 : 25000, 1 : 50000; орта масштабты — 1 : 100.0, ; : 200000, ұсақ масштабты — 1 : 500,000, 1 : 1000000 болып бөлінеді. 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетенің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндер зонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы кескіндеуді (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.[1]
КАРТА ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР.
Қазақетанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің тамыры ықылым замандардың терең түкпірінде жатыр.
Қазіргі Қазақстан территориясында адамдар сонау әлімсақтан бері мекендеген. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді. Қазақстан территориясындагы тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдің жоғары сағасынан,

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1) Т. Қалыбеков «Геодезия мен топография негіздері»
Алматы 1993 жыл.
2) .Қалыбеков С. Топография негіздері – Алматы 1993 ж.
3) .Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
4).Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.
5) .География және табиғат –2006,N 2.
6) .Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
7).Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 6 .
8).Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
9)Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3
10).Топографиялық карталар.- География және табиғат. 2004, N 6.
11) Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСИТІРЛІГІ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА
МАЗМҰНЫ
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Карта туралы тарихи
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 3
2.Ерте заманғы географиялық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.Географиялық карта және оның
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...17
4. Атластардың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
5. Атлас
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23
6. Анықтамалық
атластар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25
7. Ғылыми анықтамалық

26
8. Ұлттық

... ... ... ... ... ... ..28
9. Географиялық атластың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37 Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.39
КІРІСПЕ
Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын
еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген
кескіні. (Қарта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан
да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін
тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және
тақырыптық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық
мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б.) және адам
қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар,
жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1 : 10000-1 : 1000000 масштабтағы
жалпы географи ялық карталар топографиялық карталат деп аталады. Олар ірі
масштабты - 1: 10000, 1 : 25000, 1 : 50000; орта масштабты — 1 : 100.0, ;
: 200000, ұсақ масштабты — 1 : 500,000, 1 : 1000000 болып бөлінеді. 1 :
500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар
топографиялық пландар деп аталады. Жер бетенің шектеулі учаскесі бедерінің
контурлары мен пішіндер зонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және
осы кескіндеуді (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп
атайды.[1]
КАРТА ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР.
Қазақетанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің
тамыры ықылым замандардың терең түкпірінде жатыр.
Қазіргі Қазақстан территориясында адамдар сонау әлімсақтан бері мекендеген.
Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді.
Қазақстан территориясындагы тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау
маңынан, Еділдің жоғары сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтарма өзенінің бойынан
және басқа жерлерден табылды. Қола дәуірінде Қазақстан ежелгі заманғы метал-
лургияның басты
орталықтарының біріне айналған. Қазақстан мен кенді Алтайдың түрліше
аудандарында ежелгі заманда темір рудасы шығарыла бастаған. Кен өндірілген
забойлар мен шұқырлардың орны осы күнге дейін сақталған. Темір рудасы
қазылған кеніштердің ең белгілілері мыналар: Арғанаты, Қаражыланды, Әділсу,
Ақсораң, Ақшағыл, Қызылсаяқ, Теміржал, Кенқазған, Қарашеке, Саяқ, Қараүңгір
және басқалары. Кейбір кен орындарынан сапалы руда шыққаны жайында деректер
бар. Одан темір қоры-тылып балқытып –ткір жүзді құралдар мен аспаптар
жасалған.
Қазақ жерінде бірте-бірте сақ тайпаларының ірі одақтары пайда бола
бастайды. Мал жайылымдарын өзгертіп отыруға тура келеді. Сондықтан
өзендердің (Сырдария, Шу және Жетісу өзендері) алқаптары ғана емес, сонымен
бірге далалы және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік тауларын да игеру
қолға алынады.Бір орыннан екінші орынға жиі көшіп-қону нәтижесінде сақ
тайпаның географиялық танымы кеңейе түскен.
Физикалық-географиялық білімге талпыну ең әуелгі кезеңде адамның
материалдық-практикалық қызметімен, оның Қазақстанның табиғаты мен
территориясы жөніндегі көмескі де дүдәмал үғымымен тығыз байланысты болған.
Ондай әрекеттер адамның басына туған нақтылы жағдайға орай, немесе аңыз,
қиял діни сенімдерге негізделіп жасалған. Қазақстан тарихының бастапқы
тұсында адам өзін айналаны қоршаған ортаға тәуелдімін деп түсінген.
Сондықтан ол табиғаттың әрбір құбылысын өз басына немесе ең жақын
тайпаластарына туралап келіген зауалға балаған. Сөйтіп, бүл әрекеттен
құдайға жалынып-жалбарынып, сыйыну арқылы ғана құтылмаған деп ойлаған.
Сонау өткен ықылым заманда Қазақстанды мек деген халықтардың білімі мен
тәжірибесі қаншалықты болғанын деп басып айта қою қиын. Алайда ежелгі
Қазақстанды мекен еткен халыктардың өз жерінің табиғаты жайындағы түсінігі
мен мағлұматы едәуір мол болғанын атап өткен жөн. Әлбетте, ол кездегі
ұғымдар көбіне діни және аңыз түріндегі түйсіктер мен пайымдауларға саяды.
Ал мұны Шығыстың көне халықтарынан мұра түрінде жеткен жазба
ескерткіштерден байқауға болады.
Сақтардың кене мәдениеті Алтай, Сібір, Шығыс. жәке Европа халықтарымен
байланысты болғанмен, олардан қалмаған. Ал Қазақстан территориясы
жөніндегі тырнақалды деректер көршілес мемлекеттердің осы күнге дейін
сақталған әдеби және тарихи мұраларынан мәлім болып отыр.
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдың орта шеніндегі көне
қолжазбаларда Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының
қуатты одағы туралы мағлұматтар бар. Сақ тайпаларының одағына массагеттер,
даялар, каспилер, исседондар, кейінірек аландар және савроматтар кірген.
Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда мұнда парсылар келген. Біздің
заманымызға дейінгі 518 жылы парсы патшасы Дарий I сақтарға шабуыл жасап,
олардыц бай жерлерін жаулап алуға әрекеттенген. Алайда патшаның пиғылы іске
аспаған. Сақтар тіршілік қарекетіне қарай екіге бөлінген: біріншісі — мал
бағып күнелткендер, олар көшіп-қонып жүрген, немесе жартылай көшпенділер
болған; екіншісі — көгал жерлерді жайлаған отырықшы тұрғындар. Уақыт оза
келе отырықшы сақтар елді мекендермен қатар қалалар салып, оларда қолөнер
мен сауда өркендей бастаған.
Қазақстан территориясында құл иеленушілік құрылысы болмаған. Ал феодалдық
қарым-қатынастар шамамен біздің заманымыздың бір мыңыншы жылдарының орта
шенінде пайда болады. Қазақстандағы феодалдық қарым-қатынастардың
ерекшелігі сол — мұнда құл иеленушіліктің кейбір нышандары байқалады.
Қазақстан жерінде патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар біркелкі
қалыптасқан жоқ. М9ндай қарым-қатынастар мал өсірумен қоса егікшілік
кәсібімен айналысқан оңтүстік аудандарда — Шу, Талас, Сырдария
өзендерінің алқаптарында шапшаңырақ дамыған. Қазакстанның басқа
аймақтарында да таптық қоғамдар құрыла бастаған. Қолөнер бұиым-дарының бір
бөлігі Орта Азияға, Иранға, Қавказға, Шығыс және Батыс Европа елдеріне
жөнелтілді.
Қазақ жері туралы мағлұмат кездесетін бізге деиін жеткен жазба
ескерткіштердің ішінен Бехустин жазбасын (біздіы, заманымызға дейінгі
VI—V ғасырлар) атауға болады. Ол парсы патшасы Дарий І-нің атынан
құрастырылған. Бехустин жазбасының тиек етіп, қазақ жері туралы
мағлұматтар келтіреді. Сүй шаңырағының тарихында. (531—618) Сырдарияның
аты аталады. Іле мен Талас өзендері Тан әулетінің тарихында келтірілген.
Бұл өзен,— деп жазылған онда Іле туралы,— басын Луговой тауларының
солтүстік қапталынан алады: суы лайлы, солтүстік-батысқа қарай ағады да, не
бір тұтам өсімдіктері жоқ, не бір ұрттам суы жоқ алапат құрдым шөлге сіңіп
жоқ болады. Биік таулар (сірә, Іле Алатауы болса керек) алыстан мұнартып
көздеріне шалынған саяхатшылар жүрер жолдарын жағалай шашылып жатқан аң
сүйектеріне қарап бағдарлаған !.
Қытай ескерткіштеріндегі мағлұматтар ұзақ уақыт бойы Езро-
пага бимәлім болып келген. Олар тек XIX ғасырда ғана белғілі
болды
К. Риттер өзінің Жер тану тарихыида (1864) былай деп әділін жазған:
Қытай өзі мекендеген құрлықтың (Азияның) батыс жар-тысы туралы дәлме-дәл
географиялық деректерге батыстағылар ойлағаннан анағұрлым ерте қанық
болған. Татария, Тибет, Тункин, Түркістан, Бухария, Кохинхин жайында
Үндістанның, Персияның және Сібірдің шекаралас жерлері туралы мағлұматтарды
білген... Демек, талай-талай ғасырлар бойы Қытайда бүкіл Шығыс Азия жөнінде
географиялық деректердің сарқылмас қазынасы жинақтал-ған... Міне енді ғана,
сол жазба ескерткіштерді нәтижесінде Азия елдерінің бұрынғы мардымсыздық
пен жацсақтықтан арылған дұ-рыс географиясын қүрастыруға мүмкіндік туды 2.
VI ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда көшпенді басқыншы-
лардың жаңа империясы Алтай түріктерінің қағанаты шаңырақ
көтерді. Бұл империя аз уақыт ішінде Тынық мұхиттан бастап Қа-
ра тецізге дейін мекендеген барлық халықтарды өзіне бағындырып
алды. Түріктер Жоңғарияны қақ жарып өтіп, Жоңғар қақпасы ар-
әскерлері Қаратал, Іле, Шу өзендерін кешіп өтті де, Монычқұмды оңтүстігінен
орағытып мидай дала аркылы Қаратау жотасына иек артты. Ал Сырдария өзені
арқылы Арал (өз сөздерімен айтк^нда Батыс*) теңізіне жетті. Одан әрі Батыс
Қазакстаннык даласын басып етіп, Мұғалжар арқылы Еділ езеніне асты.
Түрік мемлекеті Орта Азияға арабтардың шабуылы басталғанша, VIII
ғасырдың басына дейін емір сүрді. Түрік қағанаты билеп Бұл мерзім ішікде
мұнда Византия Юстиан II түрік қағаны Дизавулге жіберген елшілік қана
келген, сондай-ақ Сюань Цзанның жоғарыда айтылған саяхатынак басқа тарихта
қазақ жеріне келген екеуінен өзге дерек жоқ.
Земарх елшілігінің сапары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен —
Еділ (Аттиль), Жайық (Даих),Жем (Их) өзендері арқылы өткен. Қайтар жолында
ол Хорезмге соғып, Амударияда теңізі деп есептейді деп есептейді -. Ежелгі
замандағы қазақ жері туралы кейбір мағлұматтар, міне осындай.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының біз әңгіме етіп
отырған дәуірдегі айрықша маңызы мынада: парсы мен грек жазбаларында қазақ
жері және оны мекендеген халықтар туралы алғашқы мағлұматтар пайда бола
бастады. Қазақстан территориясы құрамына кірген ойкүмендер елі тұңғыш рет
картаға түсірілді. Алайда ежелгі дәуірдегі мағлұматтардың өресі тар еді,
олар жер-жердің ауқымынан аспады. Ежелгі дүние адамдаръша көптеген
қүбылыстар беймәлім, тіпті түсініксіз болды. Батыс Қазақстан туралы, ол
аймақтың теңіздері мен өзендері жайында: Кас-пий және Арал теңіздері,
Сырдария өзені женінде антикалық авторлар неғүрлым дұрыс мағлұматтарды
білген. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Қытай саяхатшылары жинаған деректерді
Европа елдері білмеген. Қазақ жерін тұтас алғанда ежелгі дәуірде мәліметтер
там-тұмдап тым баяу жиналды және оның барлық елкелері біркелкі қамтылмады.
Картография — табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен
басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану
әдістемелері туралы ғылым.
Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобус-тарда
материалданған. Картографиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық
ғылым академиясында жоғары оқу орындары мен Картографиялық кәсіпорындарында
жүргізіледі. Әрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны
білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік
танымжорықтың жетекшілері, оқушылар біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде
қолданады.
Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген
сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін
айқындап ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер
жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамды бөліктеріне - картатану,
картографиялық ақпараттану, математикалық картография, картометрия жатады.
Картаны жобалау және құру, картаны безендіру, картаны жасау және
картаны пайдалану әдістемесі кіреді.
Картатану - географиялық карта және оның түрлері, қасиеті мен
элементтері, даму тарихы, пайдалану әдістемелерін зерттейді.
Математикалық картография - жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін
жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді.
Картографиялық ақпараттану - картаны жүйелеу және оларды талдау,
бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады.
Картометрия - картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық
сипатының мазмұнын айқындайтын (ауданы, көлемі, биіктігі, ұзындығы, бұрышы)
өлшеу жұмыстарын жүргізу әдістерін жасап шығарады.
Картаны безендіру - картаны көркем және графиктік безендірудің
әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға даярлауды оқытып
үйретеді. Зерттейтін нысандары жағынан картографияның ерекше саласына
топография жатады.
Топография - географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана
отырып жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру
жолдарын зерттейді. Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы
өте кең қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих, экономикалық география мен
жаратылыстану ғылымдарының ішінде физикалық география, ландшафтану,
геология, климотология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану ғылымдарымен
тығыз байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының
нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір
нүктенің географиялық орны жөнінде деректер алады. Жер бетінде жүргізілетін
әр түрлі кескіндеу жұмыстарының нәтижесінде жер бетін оқып үйренуге негіз
болатын ірі масштабты карталар құрылады.
Картографияның міндеті - халықты шаруашылықпен мәдени қажеттілігін
өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен
атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып, табиғатын қайта
түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал
болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың
мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану,
математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық
негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп,
түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.[2]
Геодезиялық өлшеулер мен жекелеген учаскелердің түсірулері жер беті,
оның сапалық жағдайының өзгеру заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи,
жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланудағы
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде толық
мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына қажетті осы сияқты және т. б.
мәліметрді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер
мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық
карталарды жасау мен әдістерді пайдалану туралы ғылым. Қазіргі сақталған
көне картографиялық кескіндер Вавилония мен Египетте б. з. б. 3—1 ғ-да
жасалды. Картографияның тұңғыш ғылми негізі Ежелгі Грециядан тараған
(карта шығаруда Жердің шар тәрізділігі алғаш осында ескерілген). Атақты
Клавдий Птолемейдің геогр. нұсқауы (2 ғ.) шын мағынасында геогр.
карталарды жасауға жетекші құрал болды. Онда дүние жүзі картасы мен Жердің
ірі бөліктерінің 16 картасы берілген . Қайта өрлеу және географиялық ұлы
ашулар заманында (15— 16 ғ.) сауданың, теңізде жүзудің, отарлаудың
өркендеуіне байланысты геогр. әсіресе дүние жүзі. карталарға мұқтаждық
шұғыл артты. Бұл жағдай жаңа картографиялық проекцияларды жасауды қажет
етті, картографияның жалпы дамуына жағдай туғызды. Орта ғасырда
картографияға Г. Меркатордың еңбектері үлкен үлес қосты (елеулі еңбегі —
1595 ж. шыққан атласы). Россияда ғылми картография 18 ғ-да қалыптасты және
ол негізінен Географиялық департаменті іс-әрекетіне байланысты болды. 1745
ж. тұңғыш толық Россия атласы дайындалып, баспадан шықты. 19 ғ-да соғыс
ісі Жердің толық топографиялық картасын жасауды талап етті. Бұл кезде
картографияның геодезияның бөлімі болып саналатын. Ғылымның одан әрі
бөлшектенілуі 19 ғ-дың 2-жартысында көптеген тақырыптық карталар
(геологиялық, климаттық, экономикалық, топырақ) жасауды керек етті.
Картографияға көзқарас оның дамуына көп уақытқа дейін үлкен бөгет болды.
Жаңа көзқарас бәрінен бұрын СССР-де қалыптасты, өйткені жоспарлы шаруашылық
елді үнемі картографиялауды керек етті; 30 жылдары картографиялық карта
жасау және оны басып шығару процесінің әдісі туралы ғылым ретінде түсініле
басталды. Бұл бұрынғы көзқарасқа қарағанда прогрессивті құбылыс еді.
Дегенмен карталардың мәнін түсіну және оларды пайдаланудың әдістерін жасау
әлі де болса шеткері қала берді. СССР-де жасалған күрделі картографиялық
еңбек (Дүние жүзінің үлкен советтік атласы т. б.) осы олқылықты жоюға, әрі
картографияның тиісті салаларын жедел дамытуға себеп болды. Соның
нәтижесінде осы мақаланың басында келтірілген картографияның анықтамасы
дүниеге келді.[2]
Картографияның идеялары мен ғылми негіздерін дамытуға тұңғыш советтік
географиялық атластар т. б. дайындау туралы 1920— 21 ж. В. И. Лениннің
жазған хаттарының және картография туралы оның басқа документтерінің маңызы
өте зор болды. Бұлар құбылыстарды, олардың әр жақтылығын, өзара
байланыстылы-ғын, тарихи дамуын, қайшылығын еске ала отырып, көрнекті,
толық және дәл бейнелеудің маңызы үлкен екендігін көрсетті.
Картографиялық геодезия, география ғылымдарымен тығыз байланысты.
Геодезия картографияға Жердің формасы мен мөлшері туралы өтеө дәл
деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық
дерекетерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын
ірі маштабты топографиялық карталарды дайындар береді. Географиялық
ғылымдар картографтарды картографияланатын құбылыстардың сандық, сапалық
сипаттарын түсіне оты-рып талдауға және олардың аумақтық ерекшеліктерін
ескере отырып, дұрыс бейнелеуге қажетті біліммен қаруландырады.
Ерте заманғы географиялық ойлар
Ертедегі география ғылымы адам баласының өмірімен, оның өсіп-өнуімен,
тарихының, мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бірақ, жер шарында
географиялың түсінік тұңғыш рет ңай жерде туып, оның ңай жерден басталғанын
осы күнге дейін ғылым әлі толық айта алған жоқ, тек кейінгі кездегі
археологиялық қалдықтарды, тасқа басылған таңбаларды, тағы басңа ескі
мұралар зерттеулеріне сүйене отырыл, тұңғыш географиялың түсінік Жерорта
теңізі аралдарында, жағалауларында басталған деп топшылайды. Бұл өңір
ертедегі мәдениет орталығы, ғылым, білімнің тұңғыш тараған жері. Осыған
орай алғашқы географиялық түсінік Жерорта теңізі маңында болған. Тұңғыш
географиялық зерттеуді Жерорта теңізіндегі Крит аралын мекендеген миной
халқы бастаған. Минойлар біздің жыл санауы-мызға дейінгі 2500 жылдар
шамасында Жерорта теңізінің шығысымен, Египетпен,кейінірек Кипр аралындағы
және батысындағы Сицилия, Италия елдерлеріндегі елдермен сауда, қарым-
қатынас жүргізіп түрған. Минойлардан кейін елеулі географиялық деректер
Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген финикиялықтарда болды. Өйтке-
ні, бүл жағалау кеме тоңтауға, Месопотамия және Египет жерлерімен сауда
жүмысын жүргізуге ңолайлы еді. Ерте замандағы екі үлы держава Египет пен
Вавилон аралығына орналасңан финикиялыңтар олармен қарым-қатынасын
күшейтті, Азияның кейбір жерлерінде болды, Африка жағына кемемен барды.
Нил өзенінің сағасы мен төменгі ағысы бойындағы Египет жері ертедегі
мәдениеттің, егіншіліктің, жалпы жер шаруашылығының, Ертедегі географиялық
деректің орталығы болған. Бұған оның географиялық қолайлы жағдайы әсер
еткен. Осы ертедегі мәдениет орталығы болған Египет жерінің көпшілігін
құмды шөлдер алып жатыр, тек қана солтүстігі Жерорта теңізіне қарай
көгілдір келеді. Бірақ, египеттіктер бұл құм қоршаулардан ары асып,
географиялық түсінігін Нил бойына дейін кеңейткен.
Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жылдар бұрын Нил бойы мәдениет
орталығы болғандығын, осы өңірден табылған археологиялық қалдықтар,
ертедегі қалалар жұртынан табылған мұралар дәлелдейді. Бұлардың ішінде,
әсіресе, тасқа басылған иероглифтік таңбалар, жазулар өте құнды деректер,
осыларды зерттеу арқылы ерте замандағы Египет мәдениетін дүние жүзі
ғалымдары дұрыс түсініп отыр.
Бұл деректерге қарағанда, египеттіктер ертеден-ақ мәдениеттің жоғарғы
сатысына көтерілген. Оларда сол кездің өзінде астроно-миялық, географиялық,
геометриялық дұрыс түсінік болган. Жерді өлшеуді, есеп-қисапты білген.
Сондықтан да, ертедегі Египет мәдениеті, оның жазуы, сызуы, Жерорта теңізі
маңындағы елдердің, кейіннен европалықтардың мәдениетіне, жазу-сызуына
негізгі арқау болды.
Египеттіктер алдымен өз жерін, одан кейін, көршілес елдер жерін
білген, кейінірек олар алыс сапарға шығып, түрлі саяхаттарға шығып отырған.
Әрине, мұның өзі басқа елдермен сауда қарым-қатынасын байланыстыру, ел
экономикасын жақсарту үшін жүргізілген. Мәселен, біздің жыл санауымыздан
көп бұрын, Фараон Асса билеп тұрған кезде, Египет қолбасшысы Урдурду, Пунт
жерінде болған.
Урдурдан кейін Египет саяхатшысы — Киркуф тағы да оңтүстікке аттанып,
ол Урдурд болған жерден әрі барып, бақытты елді ашып қайтты. Бұл жайында
біз 1892 ж. Асуан маңынан, Скиапарели ашқан Киркуфа жазуынан оңып біліп
отырмыз. Фараондар Египетті билеп тұрған кезде оң-түстікке — Пунт жеріне
түрлі географиялық экспедициялар жіберіп отырды. Оның бірі Қызыл теңіз
жағалауына және Аден бұғазына жетіп, бұл өңірді ашып қайтты. Енді біреуі он
екінші Фараон кезінде Нил бойына Семенека дейтін жерге шекаралық бағана
орнатып, оған бұл оңтүстік шекара деп жазды.
Бұдан кейін египеттіктер өзіне өмір беріп түрған қүдіретті Нил өзені
бойының бастау жағына экспедициялар аттандырып отырды. Дегенмен Нилдің тап
қай жерден басталатыны көпке ейін жүмбақ болып кел-гді. Бүл жүмбақтың сыры
жиырмасыншы ғасырда ғана шешілді,
Египеттіктер бүл өңірдің оңтүстігін ертеден білсе де бүл өңірді өзіне
бірден қарата алмады. Әсіресе еркін жатқан аңыз елі — Пунтке — Нубиге
ықпалы жүрмеді. Оңтүстікке .Дарағанда, олардың солтүстікті — Жерорта теңізі
жағалауын зерттеуі әлдеқайда маңызды болды. Бірақ египеттіктер Жерорта
теңізі жағалауын білгенімен, мұнда кеме қатынасын айтарлықтай дамыта
алмады. Өйткені, теңізде жүзуді, теңіз қатынасы арңылы сауда жасауды Египет
діні хош көрмейтін. Сондықтан, олар теңіз қатынасы арқылы сауданы өзіне
бағынатын финикиялықтар арқылы жүргізді.
Кезінде египеттіктер Сирия мен Палестинаға жиі-жиі шабуыл жасап,
кейіннен сауда жасау арқылы бүл жерлерді зерттеп білді. Египеттіктер біздің
заманымызға дейінгі 2000—1500 жылдары Сирияға шабуыл жасады, Сирия тауынан
асып өтіп, Тигр мен Евфрат өзені жағаларына жеткен. Египеттіктердің
географиялық Ферттеулері ерте заманда-ақ елеулі болды, олар бір жағы
Жерорта теңізі жағалауын, екінші жағы Нилдің орта ағысын және Сирия,
Палестина жерлерін, Тигр, Евфрат өзен бойларының географиялың жағдайларын
жақсы білген. Египеттің шығыс жағына, Евфрат пен Тигр өзені бойына —
Месопотамия жеріне, бұл өңірдегі екінші мәдениет орталығы болған Ассирия
мен Вавилонияға ерте заманда-ақ орналасқан. Әрине, Месопотамияға Египет
мәдениеті көп әсер етті. Бұлар ерте заманнан-ақ бір-бірімен қарым-қатынас,
сауда жасап отырды. Біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жылдар бұрын
Вавилон сауда керуендері оңтүстікке, батысңа, солтүстікке және шығысқа
сапар шегетін. Бұл етедегі Ассирия-Вавилон сауда керуені жалғыз Египет қана
емес, алыстағы Үнді, Парсы болғаны анық. Кейбір зерттеушілер Вавилон
керуені Европаға дейін де барған деп топшылайды. Вавилондыңтардың осындай
сауда керуендерінің әр тарапңа шарыңтауының нәтижесінде олар дүние жүзі
географиялың зерттеулерге елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, сириялыңтар мен
вавилондықтар глобус пен жер шарының географиялың картасын тұңғыш рет 360
градусңа бөлді. Бұл географиялық қақты түсінік кейіннен финикия-лыңтарға,
гректерге тарады да, олардан европалықтар үйренді. Вавилон болжаушылары
аспан әлемін де зерттеді. Олар жұл-дыздарды белгіледі, жұлдыздарды бағыттап
кемемен алысқа сапар шекті. Өздерінің белгілеген жұлдыздарына шаян,
скорпион, арыстан деп ат қойған. Бұл ертедегі астрономиялық, географиялың
түсінікті біраз кеңейтті.Вавилондыңтардың түсінігі бойынша құрлық дүние
жүзі мұхитының орталығында болады, аспан әлеміне қосылған дүние жүзілік
мұхитта күн қалқып жүреді де, кешке қарай күн өзінің қақпасымен жер астына
түседі, ертемен шығыстан (қақпасынан) шығады, жер астында күннің патшалығы
бар деп түсінген. Бұл теріс түсінік вавилондықтардан басқа елдерге де
тарап, оларда әр түрлі діни көзқарастардың пайда болуына әсер еткен. Египет
пен Вавилон аралығы, батысы Жерорта теңізіне тіреліп жатқан жер — ертедегі
осы өңірді де мекендеген ел атымен — Палестина деп аталды. Ев^ей_(гебре)
басқа жага-ның адамы деген магынада, яғни Евфрат өзеншің арғы жағасын
мекендеген адамдар кейіннен осы өңірді жаулап алған Ассирия-Вавилон
ұрпағынан шыңңан халық еврей деп аталған.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Жер бетінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін
карта дейміз.
Географиялық карта жер бетінің толық немесе белгілі бір бөлігінің
үлгісі (моделі) болып табылады. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін
жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды
кескінін үлгі (модель) дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу
мүмкіндігі болмай немесе қиын болғанда оның үлгісі жасалады. Географиялық
карталар шындықтың бейнелі - шартты белгілі үлгісіне жатады.
Картографиялық үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың
өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, географиялық картада жер
қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфера биосфераны қамтитын
географиялық қабықтағы барлық құбылыстар мен нысандар кірген.
Екіншіден географиялық картада адамның өмірі мен қызметіне
байланысты әлеуметтік құбылыстар қамтылған жер бетіне жақын орналасқан
барлық құбылыстар картографиялық үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез
келген нысанның географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға
береді. Картографиялық үлгілердің бірінші маңызды қасиеті, онда қамтылған
нысандардың орны жоғары математикалық дәлдікпен нақты көрсетіледі. Екінші
маңызды қасиеті көрнекілігі мен шолулығы. Картографиялық өнімнің шолулық
қасиеті арқылы географиялық картада қамтылған аумақты оқырман бір көргеннен
шолып өте алады. Көрнекілік қасиетіне сүйеніп дайындалған оқырманның шартты
белгілердің көмегімен картада қамтылған аумақтағы нысандар мен
құбылыстардың ерекшеліктерін ой елегінен өткізіп, жылдам анықтай алады. Ол
үрдісті кез келген картадағы құбылыстар мен нысандардың сан-дық және
сапалық қасиеттерінің іріктеліп жинақталып алынуы жеңілдетеді. Жоғарыда
айтылған бірде-бір географиялық карта мен глобустарға тән қасиеттер, жер
бетінің ешбір үлгісінде кездеспейді (Аэрофото кескіндеу, ғарыштық
кескіндеу, суреттер, математикалық үлгілер).
Сондықтан, карталардың географиялық шындықты танып білуде маңызы
зор. Картографиялық үлгі ретінде карталар коммуникативтілік, жеделдік,
танымдық, болжамдық қызметімен ерекшеленеді. Географиялық картаны дерек
көзі ретінде пайдалана отырып, ақпараттық берілуінің жүзеге асырылуын
географиялық картаның коммуникативтілік қызметі дейміз. Географиялық
картаның көмегімен навигациялық жол құрылысын салу, басқа да практикалық
есептер шығару мүмкіндігін, жеделдік қызметі дейміз. Оқып үйренетін
құбылыстардың болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігін географиялық картаның
болжамдық қызметі дейміз.
Өндіріс пен ғылымның әр түрлі салаларында және мектеп оқушылары мен
студенттердің білім алу мақсатында пайдалануды географиялық картаның
танымдық қызметі дейміз. Белгілі бір құбылыстарды картаға талдау жасау
негізінде оқып үйренуді картографиялық зерттеу әдісі дейміз. Қазіргі кезде
географиялық карталар ғылыми зерттеу ретінде кеңінен қолдануда. Білімнің
көптеген саласында құбылыстарды оқып үйрену бұрынғы картаға талдау жасап,
ондағы деректерді бақылау жүргізу нәтижесінде анықталған құбылыстардың
ерекшеліктерімен салыстырулар арқылы жаңа карта құрылады. Қоршаған ортаның
шындығын анықтауда оның аясы кең, алуан түрлі.
Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды оқып үйрену бұрын
жасалған алғашқы картаға талдау жасалудан басталып, іс жүзінде жүргізген
бақылаулармен салыстырып беттестіру кезеңіне өтеді де, жұмыс жаңа картаны
құрумен аяқталды. Танымның мұндай жолы, негізінен, жаратылыстану
ғылымдарының ішіндегі жер туралы ғылымға тән. Олар: геология, физикалық
география, геоморфология, зоогеография, өсімдіктер географиясы, топырақ
географиясы. Географиялық картаның белгілі бір аймақтағы әр түрлі
құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланысын анықтау
бағытындағы кешенді зерттеулерде де маңызы зор.
Мысалы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда геотермальды
сулардың геохимиялық құрамының өзгеруі мен жер қыртысында басталмақ
қозғалыстың арасында байланыс барын анықтады.
Картографиялық әдістерді пайдалана отырып табиғат құбылыстарын
зерттегенде жүйелік кешендік принциптерін кеңінен қолдануға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде картографиялық әдіспен жүргізілетін зерттеулер
әлеуметтік ғылымдарда да кеңінен қолданады.
Картасыз өндірісті дамытуға қажетті географиялық жағдайға баға
беріп, қоршаған ортаны қорғап жағдайын жақсарту, өндіргіш күштерді тиімді
орналастыру мүмкін емес. Жергілікті жерде карта бағдарлау қызметін атқарса,
көлікте темір жол, автомобиль жолдарын салып, құбыр төсеуге, кеме қатынасы
мен аэронавигация кеңінен қолданылады.
Географиялық карталарды топтастыру.
Қандай да бір құбылыстарды немесе заттарды жалпы белгілеріне қарай
бөлуді топтастыру немесе сыныпталу дейміз.
Картаны топтастырудың картографиялық жұмыстармен қатар картаны
пайдалануда да ғылыми маңызы зор. Географиялық карталар төмендегі кестеде
көрсетілгендей, белгілеріне қарай топтастырылады.
Географиялық карталар масштабына, мазмұнына, атқаратын қызметіне,
аумақты қамтуына, бояудың және беттердің санына, пайдалану сипатына қарай
жіктеледі. Солардың ішіндегі ең маңыздылары картаның масштабы, мазмұны мен
қызметі оның сипатын айқындайды. Мазмұнына қарай жалпы географиялық арнайы
немесе тақырыптық болып бөлінеді. Жалпы географиялық карталарда физикалық
географиялық және әлеуметтік экономика-лық тұрғыдан алғанда қамтылған
аумаққа жалпы шолу жасалады.
Жалпы географиялық картаның мазмұнының әлеуметтеріне су нысандары,
жер бедері, елді мекендер жол торлары, әр түрлі шекаралар, топырақ пен
өсімдік жамылғысының кейбір элементтері енгізілген. Арнайы немесе
тақырыптық карталардың қатарына төмендегі карталар жатады.
1. Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері
енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оғон
гипсометриялық карта мысал болады. өйткені, оның басты
мазмұны жер бедері болып саналады.
2. Белгілі бір құбылыстарды сипаттау жалпы географиялық
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz