Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады:

  • геологиялық;
  • технологиялық және арнайы;
  • экономикалық;
  • еңбектi қорғау;
  • қоршаған ортаны қорғау.

Геологиялық бөлiмiнде Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелгенi, мұнайгаздылығы, өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық қасиеттерінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі қарастырыдған.

Технологиялық бөлімінде ұңғы фонды сипатталады, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, сонымен қатар ұңғылардың түп аймағын өңдеуді жетілдірудің техникалық шараларын негіздеу келтірілген.

Арнайы бөлімде Құмкөл кен орынын игеру барысындағы фонтанды ұңғыманы штангелі терең сорапты тәсіліне ауыстыруы берілген.

Экономикалық бөлiмiнде негізгі экономикалық көрсеткіштер мен жылдық экономикалық тиімділіктің есебі берілген.

Еңбектi және қоршаған ортаны қорғау бөлiмдерiнде Құмкөл кен орнындағы жұмыскерлердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

Дипломный проект состоит из пяти основных частей:

  • геологическая;
  • технологическая;
  • экономическая;
  • охрана труда;
  • охрана окружающей среды.

В геологической части месторождения Кумколь рассматривается геологическая изученность, нефтегазоносность, характеристика толщин, коллекторские свойства продуктивных объектов и их неоднородности.

В технологической части подробно описывается фонд скважин, приведен анализ текущего состояния разработки, анализ системы сбора и подготовки скважинной продукции, контроль за разработкой пластов состоянием и эксплуатацией скважин и скважинного оборудования.

В экономической части дан расчет основных экономических показателей и годового экономического эффекта.

В разделах охраны труда и охраны окружающей среды рассматриваются мероприятия, обеспечивающие безопасность работающих и охрану окружающей среды на месторождении Кумколь.

ANNOTATION

The diploma project consists of 5 main parts:

- Geological;

- Technical;

- Economical;

- Safety Section;

- Environment Section.

The project consists of ten parts: geological and physical characterization field, choice of the object of the development, preparation geological production and technical and economical foundation to designing the development, technological and economical indices version development, technology of the mining to oils and gas, economical part, checking for development layer by status and exploitation of the well and wells equipment, protection of labour, guard environment, experiment part.

In project are considered particularities geological structure productive layer, physical -chemical characteristic of the oil and gas Kumkol field.

The technical and economic estimation and calculation of the economic effect.

The presented recommendations on techno and technologies of the process.

The work’s target is estimating of work’s industrial experience results and selection efficacy technological stipple. The technical and technological processes were shown too.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 9

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 11

1. 1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы . . 11

1. 1. 1 Кен орны туралы жалпы мағлұматтар . . . 11

1. 1. 2. Стратиграфиясы . . . 15

1. 1. 3. Мұнайгаздылығы . . . 21

2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 23

2. 1 Кен орынды игеру жүйесі . . . 23

2. 1. 1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау . . . 24

2. 1. 2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің

технологиялық көрсеткіштерін талдау . . . 25

  1. Мұнай және газ қорларын өндіруін талдау . . . 28

2. 1. 4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру графигі 30

2. 1. 5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай

бергіштігін арттыру әдістері . . . 31

2. 2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы . . . 33

2. 2. 1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы 33

2. 2. 2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтықтың алдын-алу шаралары

және олармен күрес . . . 35

2. 2. 3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен

оларға ұсыныстар . . . 36

2. 3 Арнайы бөлім . . . 38

2. 3. 1 Құмкөл кен орнында фонтанды ұңғыманы штангалы тереңдік сораптқа

ауыстыру тақырыбына қысқаша шолу . . . 38

2. 3. 2 Диплом жұмысының тақырыбы бойынша технологиялық есеп . 42

2. 3. 3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу . . 56

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 59

3. 1 Құмкөл кен орынын игерудің негізгі техника-экономикалық

көрсеткіштері . . . 61

3. 2 Экономикалық тиімділік есебі . . . 64

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . 68

4. 1 Кәсіпорындардағы қауіпті және зиянды факторлар . . . 68

4. 2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары . . 70

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . 75

5. 1 Атмосфералық ауаны қорғау . . . 76

5. 2 Су ресурстарын, қорғау . . . 77

5. 3 Жер ресурстарын қорғау . . . 78

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.

Еліміздің әлуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны жатады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.

Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады.

Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды.

Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатының өнеркәсіптілік мұнай газдьлығын растайды.

1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланыстық 153208 мың тонна, алынатыны 89. 442 мың тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Ұсынылып отырған диплом жобасыҚұмкөл кен орнында фонтанды ұңғыманы штангілі тереңдік сорапқа ауыстыру.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Құмкөл кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

1. 1. 1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

Құмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын тұрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр) .

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр жөне 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналады.

Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр) .

Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск - Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені - Арысқұм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп тұрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен ұласады.

Абсолютті ең биік белгі 240, 1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75, 1 метр. Биік қыраттардан қазан шұңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады жөне осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.

Кен орнының құрамы жөне оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнындажоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0, 6-0, 9 г/дм 3 . 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.

70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геология-лық, магниттік, гравиметрлік өлшемдерге сүйеніп жасалуда.

КМПВ Арысқұм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудан-дарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас, грабен - синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жұмыстар (МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.

1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу жүргізілген жоқ.

1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр терендікке дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық құрлысын анықтау болды.

1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арысқұм мұнай аймағындағы профиль структура бұрғылау жалғастырылды.

1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.

1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.

1986 жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік бөлігіне ауысты.

1987 жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігіанықталды.

Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.

Кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.

Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу ұңғылары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25 млн тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау

Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192, 43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169, 25 мың тоннасы мұнай, сулану 1, 94%, газ өндіру 92, 99 млн м 3 болады.

1992 жылы 1993, 04 мың тонна сұйықтың 1318, 5 мың тоннасы мұнай сулануы 3, 26%, газ өндіру 87, 59 млн м 3 болады.

1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677, 5 мың тонна, газ өндіру 111, 73 млн м 3 болады.

Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44, 30, 15 және НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.

2000 жылы 23 жаңа үңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003, 1012, 2018, 2019, 2011) .

Механикаландырылған тәсілге 11 ұңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.

1993 жылы су айдау 1207, 620 мың м 3 болды. Игеру басынан бері 1922, 825 м 3 . Айдауға керекті судың 3613, 6 мың м 3 жетпейді, яғни 64, 6% сулану 4, 8%.

2002 жылы кен орны бойынша 1805, 623 мың тонна мұнай, 125, 7 млн м 3 газ және 1925, 6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа төуліктік шығымы 2-объект бойынша 37, 5 тонна және 3-объект скважинлары енгізілді.

120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды құрайды. Бір ұңғының орташа тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы деңгейден жоғары болуы 44% құрайды.

Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.

2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін тұрғызу 93, 3% құрады. Қабат қысымын ұстау үшін, игерудің технологиялық схемасы қарастырған үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10, 7-10, 8 МПа құрайды.

Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.

Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296, 352 м 3 су, ал игеруден бастап 5314, 44 м 3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013, 635 м 3 су айдалды.

Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78, 8; 58, 3; 82, 3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.

Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462, 527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуғамәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95, 77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.

Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2, 94 м 3 /тәу болғанда, қабатқа су айдау 218, 6 мың м 3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161, 4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу жөне жобалау" институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.

Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194, 7 мың тонна деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан өрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.

2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (NN 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023) . Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.

1. 1. 2 Стратиграфиясы

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.

Төменгі протерозой РR 1

18 ұңғыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.

2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.

3-ші ұңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.

Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыранқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.

Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.

Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ

Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық) құрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.

Триас - Юра бөлщцері Т - J

Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің шөгіндісімен басталады.

Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы триас - төменгі юра шөгінділері де бар.

Құмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының бары-сында аталған шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т 3 , төменгі юра бөлімі J 1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы айболин тастопшаларынан тұрады.

1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған өсімдік қалдықтарына бай.

Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.

Юра жүйесі J

Орта бөлім J 2

Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.

Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (ұңғы 12) 56 метрге дейін (ұңғы 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4, 5, 6) . Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына жатады.

Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп (ұңғы 17, 19), ал қанаттарында оныңқалыңцығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5) .

Орта-жоғарғы бөлімдер J 2-3

Юраның орта-жоғарғы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Құмкөл кен орны
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Жойылған ұңғылар қоры
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Ұнғыны жуу
Орталық облыстары кен орнынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz