Гипертония ауруы



Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) - негізгі және жетекші белгісі ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз артериалды қан қысымының көтерілуі біріншілік болатын, адам организмінің патологиялық жағдайы. Жалпы артериалды гипертензия көптеген сырқаттардың клиникалық белгісі болуы мүмкін. Оны негізгі 2 түрге бөледі: 1). гипертониялық ауру; 2). қан қысымының өзгеруіне қатысы бар кейбір ағзалардың зақымдалуы салдарынан болатын симптоматикалық гипертензия. Артериялық қан қысымының (АҚ) көтерілуін анықтау үшін, ең алдымен қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін білу қажет, Адамның қан қысымының деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді, мысалы: жасы, жынысы, ауа-райы, әлеуметтік жағдай сияқты. Сонымен қоса АК, әр қолда әртүрлі немесе төулік барысында өзгеріп отыруы мүмкін. АҚ мөлшері, сол сияқгы, адамның көңіл күйі-не, қоршаған ортаның температурасына да байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970ж.) ересек тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады: АҚ - 100/60 мм.сын.бағ,-нан 140/90 мм.б.с. дейін қалыпты, 140/90 мм.с.б.-нан 159/94 мм.с.б. дейін шекаралық гипертензия, және 160/95 мм.с.б.-нан жоғары-артериалды типертензия.
Практикада АҚ-ның 140/90 мм.с.б. және одан жоғары көтерілуі (әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдарда) артериалық гипертензия деп санауға болады.
Артериялық гипертензия жасы ұлғайған адамдар арасында кеңінен таралуда және орта есеппен алғанда 50 жастан асқандар арасында 10%, 60- тан 20%, 70 жастан асқандарда 30%- ін құрайды. Оның ішінде егде жастағылар арасындағы АГ-ң ең жиі кездесетін түрі жекеленген систолалық гипертензия болып отыр.
АҚШ кардиологтарының біріккен ұлттық комитеті АҚ-ң 18 және одан жоғары жастағыларға арналған классификациясында АГ-ны 4 кезеңге бөліп қарастырған (1-кесте). Бірақ бұл классификацияға антигипертензивті препараттар қабылдағандар мен аз уақыт ауырғандардың АҚ деңгейлері кірмейді. Сол сияқты АҚ өлшемдерінің 2 немесе одан да көп өлшемдерінің орташа деңгейі және жалпы клиникалық жағдайы мен қауіп факторлары

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫ
Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) - негізгі және жетекші белгісі
ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз артериалды қан қысымының көтерілуі
біріншілік болатын, адам организмінің патологиялық жағдайы. Жалпы
артериалды гипертензия көптеген сырқаттардың клиникалық белгісі болуы
мүмкін. Оны негізгі 2 түрге бөледі: 1). гипертониялық ауру; 2). қан
қысымының өзгеруіне қатысы бар кейбір ағзалардың зақымдалуы салдарынан
болатын симптоматикалық гипертензия. Артериялық қан қысымының (АҚ)
көтерілуін анықтау үшін, ең алдымен қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін білу
қажет, Адамның қан қысымының деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді,
мысалы: жасы, жынысы, ауа-райы, әлеуметтік жағдай сияқты. Сонымен қоса АК,
әр қолда әртүрлі немесе төулік барысында өзгеріп отыруы мүмкін. АҚ мөлшері,
сол сияқгы, адамның көңіл күйі-не, қоршаған ортаның температурасына да
байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970ж.) ересек
тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді
ұсынады: АҚ - 10060 мм.сын.бағ,-нан 14090 мм.б.с. дейін қалыпты, 14090
мм.с.б.-нан 15994 мм.с.б. дейін шекаралық гипертензия, және 16095 мм.с.б.-
нан жоғары-артериалды типертензия.
Практикада АҚ-ның 14090 мм.с.б. және одан жоғары көтерілуі (әсіресе 45
жасқа дейінгі адамдарда) артериалық гипертензия деп санауға болады.
Артериялық гипертензия жасы ұлғайған адамдар арасында кеңінен таралуда
және орта есеппен алғанда 50 жастан асқандар арасында 10%, 60- тан 20%, 70
жастан асқандарда 30%- ін құрайды. Оның ішінде егде жастағылар арасындағы
АГ-ң ең жиі кездесетін түрі жекеленген систолалық гипертензия болып отыр.
АҚШ кардиологтарының біріккен ұлттық комитеті АҚ-ң 18 және одан жоғары
жастағыларға арналған классификациясында АГ-ны 4 кезеңге бөліп қарастырған
(1-кесте). Бірақ бұл классификацияға антигипертензивті препараттар
қабылдағандар мен аз уақыт ауырғандардың АҚ деңгейлері кірмейді. Сол сияқты
АҚ өлшемдерінің 2 немесе одан да көп өлшемдерінің орташа деңгейі және жалпы
клиникалық жағдайы мен қауіп факторлары ескерілуге тиіс.
1-кесте.
1-кесте. Артериялық қысымның ересектер үшін класификациясы (18 және
одан жоғары жастағылар )

Категориялар Артериялық қысым Қайталап тексеру және
тактика
Қалыпты АҚ 2 жылдан кейін
систолалық 130 диастолалық 85
Қалыпты АҚ-ң ең 130-139 85-89 1 жылдан кейін
жоғары шегі
І-кезеңі (жеңіл) гипертензия 90-99 диагнозды дәлелдеу, емдеу
140-159 тәсілін 2-ай ішінде
анықтау
ІІ-кезеңі (орташа)160-179 90-99 сол сияқты 1 ай ішінде
ІІІ-кезеңі (ауыр) 180-209 110-119 сол сияқгы 1 апта ішінде
IV-кезеңі (өте 210 120 емді шұғыл бастау қажет
ауыр)

Жүрек-қантамыр ауруларының дамуына АҚ-ң аздап көтерілуіне қарағанда бір
немесе бірнеше қауіп факторларының болуы маңызды роль болып табылады.
Осыған байланысты ДДҰ басты ағзалардың зақымдалу дәрежесі бойынша құрылған
классификацияны ұсынады. (2-кесте).

Этиологиясы мен патонгенезі. ГА этиологиясы мен патогенезін зерттеудегі
медицина ғылымының жетістіктеріне қарамастан бұл аурудың этиологиясы әлі
толық анықталған жоқ. 30-шы жылдары Г.Ф.Ланг жүйке мен адамның ішкі сезім
күйі өзгерістерінің маңыздылығы жөнінде тұжырым жасады. Қазіргі уақытта да
бұл пікір өзінің мәнін жойған жоқ. Бұл жүйенің зорығуындағы басты себептері
стресс, ұйқы мен еңбек ырғағының бұзылуы, қатты қорқу. Сонымен қатар ГА
этиологиясында тұқым қуалаушылық, семіру, ішімдікке салыну, темекі шегу, ас
тұзын шамадан тыс қолдану, дене қимылының аздығы сияқты факторларға да мән
беріледі (негізгі этиологиялық факторлардың әсері схемада көрсетілген).
Аталған себептердің ішінде әсіресе тұқым қуалаушылыққа ерекше назар
аударылады. ГА шын мәнісінде тұқым қуалайтын сырқат болмаса да, артериалық
гипертензия кең тараған әулеттерде жиі кездеседі. Соңғы зерттеулер бойынша
ГА мембранды патология ретінде танылып отыр, себебі науқас клеткаларының
жарғақғарында (мембраналарында) туа біткен ақаудың барлығы анықталынған. (3-
кесте).
2- кесте.

Басты ағзалардың зақымдану дәрежесі бойынша артериялық гипертонияның
классификациясы (ВОЗ-ДДҰ)

І-кезең ІІ-кезең ІІІ-кезең
Обьективті Келесі белгілердің ең аз Негізгі ағзалардың зақымдануына
қарағанда дегенде біреуі болады: - байланысты симптомдар мен
органика-лық сол жақ қарыншаның белгілер:
өзгерістер гипертрофиясы - журек: стенокардия, жүрек
белгілері жоқ (рентгенграфия, ЭКГ, инфаркті, жүрек жеткіліксіздігі
эхокардиография) -бас миы: ми қан айналымының
-торша (сечатка) өтпелі түрде бұзылуы, мидағы
артериясының ошақты және инсульт, гипертониялық
жалпы тарылуы эн-цефалопатия
-протеинурия және - көз түбі: көз түбі ісінуі,
креатининнің (1,2-2,0 торшаға қан құйылуы мен
мгдл) плазмалық эксудациясы және оның болмауы
концентрациясының аз - бүйректе: креатининің плазмалык
мөлшерде ұлғаюы концентрациясы 2,0 млдл жоғары,
рент-генологиялық немесе бүйрек жеткіліксіздігі
ультрадыбысты зерттеу - қан тамырлар:
кезінде - қалталы аневризма, артерияның
атеросклероздық окклюзиялық симптомдары
буылтықтардың болуы (ұйқы
артериясында, шап және сан
артериясында, қолқада)

Күніне 20-25 г ас тұзын қолданатын адамдардың арасында, 9-12 г.
қолданатындарға қарағанда ГА 3 есе жиі кездеседі. Себебі, натрий иондары
артық мөлшерде тамырлар қабырғасының клеткалық мембраналар қызметін бұзады.
3-кесте.

Күніне 20-25 г ас тұзын қолданатын адамдардың арасында, 9-12 г.
қолданатындарға қарағанда ГА 3 есе жиі кездеседі. Себебі, натрий иондары
артық мөлшерде тамырлар қабырғасының клеткалық мембраналар қызметін бұзады.
Қалыптан тыс семірудің де маңызы аз емес. АҚШ-тың 1171-қаласындағы 1
млн 40 - 64 жас арасындағы тұрғындарды зерттей отырып, толық адамдардың
ішінде АГ 1,5 есе артық кездесетіндігі анықталды. Сонымен, ГА себептері көп
және әртүрлі. Бірақ негізгі себебі - генетикалық деңгейдегі өзгеріс, ал
қалғандары оны жүзеге асыруға көмектеседі. ГА патогенезі күрделі нервті,
гормональды, бүйрек және жүрек-тамыр жүйелерінің арақатынастарының
бұзылуының нәтижесі.
Патологиялық морфологиясы. ГА патанатомиясы аурудың кезеңіне
байланысты. Бастапқы сатыларында тамыр қабырғасы интимасының қоректенуі
және микроциркулацияның бұзылуы байкалады. Зақымдалған тамырлар мен
қоректендірілетін ағзалар да өзгереді - паренхи- масы ылғалданып,
склерозданады. Бұл процесс дами келе ағзалардың атеросклерозы мен фиброзына
әкеліп соқтырады. ГА соңғы сатьшарьшдағы өзгерістер - қолқа, жүрек, ми,
бүйрек тамырларының атеросклерозбен зақымдануы.
Клиникалық бейнесі. ГА көбінесе 30-60 жас шамасындағы адамдарда,
әсіресе 50 жастан асқан әйел адамдарда (менопаузадан кейін) жиі кездеседі.
Ауырғандардың ішінде жұмыскерлерге қарағанда қызметкерлер басым болады.
Сырқаттың басталуы көбінесе наукасқа білінбейді, себебі алғашқы қан
қысымының көтерілуі сезілмей, кездейсоқ анықталады. Сырқаттың даму
барысында ауру өршіп, біресе басылып отырады. Алғашқы уақытта ГА ауруында
бастың ауыруы, айналуымен білінеді. Кейде баста, құлақта шуыл естіліп, ұйқы
бұзылады, мұрыннан қан кетіп, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.
Сырқаттың соңғы сатысында зақымдалған ағзалар мен жүйелердің бұзылуымен
білінеді. (4 кесте)
4 кесте.
ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫНЫҢ КЛИНИКО-ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЖІКТЕУІ.
КезеңАҚ мм.сын баг.
дері
Систолалық диасто Орта гипер-токөз
лалық ди-намика-лықниа-лық.түбінің
криз - өзгеріст
дер ері

II 180- 200 105-115 125-140 болып тұрады Тұрақты ангиоре-
тинопатия-ның I не II сатысы Перкуссия, R-графия, ЭКГ белгілері бар.
ЭХОКС бойынша ко-ронарлы кан айналымының азаюы Кдлыпты, не сәл азаяды
Біршама жоғары III 200 ден 115 тен 145
тен жиі бола-ды Тұрақты және айқын, ангиоре-тинопатияның II не III
сатысы Тұрақты жөне айқын коронарлы кан айналымының жетімсіздігі
және миокард дистрофиясы қосылады Азаяды Өте
жоғары
Жүрек тұсындағы ауырсыну, кейде стенокардия тәріздес болады.
Аускультация кезінде I тон жүрек ұшында әлсіреп, II тон қолқада
басымдалады. Кейде жүрек ұшында систолалық шуыл естіліп, ол сол қарынша
гипертрофиясы және қуысының кеңеюі салдарынан болатын митральды қақпақшаның
салыстырмалы жеткіліксіздігінің нәтижесі. Жүректің гиперфункциясы көп
уақытқа дейін сол қарыншалық гипертрофиямен компенсацияланады, бірақ,
коронар тамырларының атеросклерозбен зақымдалуынан, ГА-ға жүректің
ишемиялық ауруы қосарланады. Ол өз алдына дами келе қан айналымының
жеткіліксіздігіне себепкер болады,
Орталық нерв жүйесі тарапынан негізгі ми тамырларының функциональды
және органикалық өзгерістерінің белгілері сырқаттың басында-ақ біліне
бастайды және аурудың тұрақтануының себебі болады. Бірақ қан қысымының
көтерілу деңгейі мен ми зақымдалуының арасында ешқандай сәйкестік жоқ. Қан
қысымының шамалы жоғарылауына да сезімтал, не болмаса өте жоғары қан
кысымын сезбейтін де аурулар болады. Зақымдалған тамырлардың орнына қарай
нерв жүйесінің бұзылыстары да әртүрлі: гемипарез, атаксия, көру қабілетінің
төмендеуі, дизартрия болуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауы кезінде ми
инсульты болуы мүмкін. Ол 50-60 жас шамасындағы ер адамдарда жиі кездеседі.
ГА қатерлі асқынуыларының бірі миға қан құйылу (геморрагиялық инсульт)
көбінесе кенеттен, күндіз жұмыс үстінде пайда болады. Оның бір түрі
субарохнаидалды қан құйылу. Бұл асқынулар адамдарды өмірлік мүгедектікке
мәжбүр етеді.
ГА ең бір қатерлі асқынуларының бірі қолқаның сыдырылу (расслаивающая)
аневризмасы мен оның жарылуы.
ГА кезіндегі бүйректің зақымдалуы көп жылға дейін білінбеуі мүмкін. Ол
бүйрек тамырларының тоникалық жиырылуынан басталып, бүйрек қан айналысының
азаюына, бүйрек ішіндегі қан ағысына кедергінің артуына әкеліп соктырады.
Аздаған протеинурия, эритроцитурия және түтіктік реабсорбцияның азаюы
байқалады. Аурудың соңғы кезеңі нефроангиосклероз, бүйрек қызметінің
жеткіліксіздігінің дамуымен аяқталады.
Көз түбі тамырларының өзгеруі ГА тән белгілердің бірі. Олар 4 сатыға
бөлінген: І-де артериялардың шамалы тарылуы байқалады; ІІ-тарылу күшейіп,
қатайған артериялардың веналарды қысуы байкдлады, веналар иірленіп,
кеңейеді; ІІІ-сатысында айкын склероз, артериялар тарылған, көз түбінде қан
құйылулар байқалады; ІҮ сатысында - аталған өзгерістерге көру нервісінің
еміздікшесінің ісінуі, көру қабығының ісінуі, склерадан ажырауы, көру
қабілетін жоғалту қосылады. ГА кезінде баска жүйелер де өзгерістерге
ұшырайды, бірақ олардың белгілері айқын білінбейді. ГА ауруының ең жиі
кездесетін асқынуы - гипертониялық криз. Криз - француздің Czise (аурудың
қатты ұстауы) сезінен шыққан.
ГА кезіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипертониялық аурудың сипаттамасы
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары
Гипертензия
Гипертония ауруының негізгі қауіп факторлары
Тұқым қуалайтын ауруға түсінік
Тұқым қуалайтын аурулардың түрлері
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Гипертония ауруының алдын алудағы мақсаты
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Ауруды басқару бағдарламасы
Пәндер