Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында. Абылай хан


ЖОСПАР
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА.
1. 1. Әбілқайыр өлгеннен кейінгі жағдай.
1. 2. Жоңғария мемлекетінің құлауы.
1. 3. Әскери шептерді салудың барысы.
1. 4. Патшалы Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
ІІ БӨЛІМ. АБЫЛАЙДЫҢ ХАНДЫҒЫ
2. 1. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
2. 2. Абылай ханның кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым-қатынас.
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА.
1. 1. Әбілқайыр өлгеннен кейінгі жағдай.
XVIII ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін, ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші және Орта жүздердегі кейбір иеліктерін сақтап қала алмады. Кіші жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының иелігіне шек қойылды. Өлген хан Әбілқайырдың басты тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде екі хандық орын тепті: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды. Ресеймен іргелес Кіші жүзде екі хандықтың құрылуы, әрине, патша үкіметінің осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үтттін қолайлы еді. Ресейдің Кіші жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары бірқатар өзгерістер енгізді.
1735 жылы Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезінде патша әскери күштерінің қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас сауғалап көрішілес Қазақстанға қашты. Көтеріліске қатысқандарды үрейлендіру және қашқындарды еліне қайтару үшін патша үкіметі әр түрлі айла-амалдар қолданды. Орынбор губернаторы И. И. Неплюев қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берді. Алайда қазақ жұртына патша әкімінің хатынан гөрі башқұрттардың көтеріліс басшысы Батыршаның үндеуі жақын еді. Көтеріліске қатынасқан башқұрттардың негізгі бөлігі қазақ ауылдарынан өздеріне қорғаныш тауып, кейін Башқұртстанға қайта оралады. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті.
1. 2. Жоңғария мемлекетінің құлауы.
1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін, Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында қайшылықтардың күрделенуі барысында зауыттармен, кен орындарына қауіп төнді. Осындай жағдайда патша үкіметі, бір жағынан, өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, екінші жағынан, Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен қазақ жерінде немесе оған тікелей іргелес өңірде бекініс шептерін кеңейтуге кірісті. Оған дейін 1747 жылы Алтайдың байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған еді.
1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Орталық Азияда қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұл жағдайды Пекин сарайы да өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көктемінде әскердің бір бөлігін Өмірсана бастаған орасан зор қолды және басқа ірі әскери топты Жоңғарияға аттандырды. Бір-бірімен қырқысып, әлсіреген жоңғар феодалдары Цин әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. 1755 жылғы шілде айының 19-ында император Цянь-Лунның жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.
Алданғанын білген Әмірсана енді Цин билігіне қарсы шықты. Жағдайы қиындаған Әмірсана Орта жүздің белді сұлтандары Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеуге тырысты. Маньчжур-Цин әулеті Әмірсананың қарсылығын сылтау етіп, Жоңғарияны түбегейлі талқандауға кірісті. 1756 жылдың наурыз айында маньчжур-қытай әскерлері Іле өзенін бойлай Қазақстан шекарасына дейін жетті.
1758 жылы Жоңғария толық талқандалып, халқының оннан төрт бөлігі аурудан, қайыршылықтан қырылды, оннан екі бөлігі Ресейге қашты, оннан үш бөлігі Цин әскерлерінің қолынан қаза болды, бірқатары қазақ жерін басып өтіп, (Еділдің бойындағы қандастары - қалмақтарға жетуге тырысты. "Ақтабан шұбырынды, Ал-қакөл сұлама" жылдарындағы қайғы-қасірет үшін өш алуға тырысқан қазақтар оларға шабуылды үдетіп, берекесін кетірді.
Сонымен 1758 жылы Жоңгария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды. Бұрынғы жоңғар жерінде кейіннен 1761 жылы империялық әкімшілік бірлестігі - Шыңжаң (жаңа шекара) құрылды. Осы өңірде жаңа өзгерістердің қалыпттасуы қазақ-орыс, қазақ-қытай байланыстарына ықпалын тигізбей қоймады.
1. 3. Әскери шептерді салудың барысы.
XVIII ғасырдың 40-50-жылдарында патша үкіметі іске асырған әскери-инженерлік шаралардың нәтижесінде солтүстік-шығыс Қазақстан өңірі бекініс шептерімен қоршалды. Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекіністерді Горъкая шебі деп атады, ұзындығы - 553 верста. Бекіністер орналасқан өңірде көптеген тұзды келдер болғандықтан осындай ат берілген. Екінші шеп - Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін созылды, ұзындығы - 1684 верста. Бұл бекіністер тобы Ертіс шебі деп аталды. Үшіншісі - Өскемен бекінісінен басталып, Алтай тауларының батысын жағалай, Колыван зауыттарын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасты. Колыван шебі деп аталған бұл шептің ұзындығы - 723 верста болды.
XVIII ғасырдың 50-жылдарының басында жоңғар-қытай, жоңғар-қазақ қарым-қатынастарының шиеленісуіне байланысты, Ресей үкіметі Звериноголовск редутынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта қосымша бекіністер салуды ұйғарды. Екі алты бұрышты, тоғыз төрт бұрышты бекіністер, 33 редут, кейіннен Есіл немесе Пресногорьковск шебін құрды. Осы бекіністердің ең ірісі Петропавл (1752 ж. ) қамалы еді. Тобыл өзенінен тартылған Ой шебі Жаңа Есіл шебімен жалғасты (540 верста) . Енді Қазақстанның батысындағы Жайықтың құйылысындағы Гурьев (Атырау) қалашығынан Звериноголовск бекінісіне дейінгі аралықтың ұзындығы 1600 шақырымға созылды. Патша үкіметі осылайша қазақ жерін бекіністер арқылы отарлаудың шешуші кезеңін аяқтады. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жері тарыла бастады.
Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойында ғасырлар бойы көшіп жүрген қазақ халқының шұрайлы жерінде отаршылдық өзгі күшейді. Оның үстіне казақтардың саяси дербестігіне жаңа қауіп төнді.
Қазақ-орыс сауда байланыстары. XVIII ғасырдың ортасында Ресейде болған сарай төңкерістері және шаруа қозғалыстары елдің көрші мемлекеттерімен сауда байланыстарын әлсіреткендігі анық. Солай бола тұрса да қазақ-орыс шаруашылық байланыстары, әсіресе керуен саудасы өзінің дамуында бірқатар нәтижелерге жетті. Орынбор қаласы осы кездегі белгілі бір дәрежедегі сауда айналымының орталығы болды. Анықталған мәліметтерге қарағанда, 1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны 1 миллион сомның шамасында бағаланған.
Орынбор қазақ-орыс саудасының дамуына бірқатар жағдайлардың кері әсер еткендігі де белгілі: патшалы Ресейдің казақ жерін біртіндеп басып алуының барысында жайылымның тарылуы, Ресей билігіндегі Еділ қалмақтарының, Сібір, Жайық қазақтарының күш көрсетіп, қазақтардың малын айдап әкетіп отыруы, бірқатар қазақ руларының, соның ішінде Кіші жүз руларының алыста жатқан Қытай мемлекетімен сауда жасауға ұмтылуы; Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігінің (Орта жүзді айтпағанда) әлі де болса Ресей билігін мойындаудан ат-тонын ала қашуы; қазақтардың ақша-тауар қатынастарымен шала таныстығын пайдаланған орыс көпестерінің қазақ малшыларының тауарларын төмен бағалауы, тағы басқалар.
XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының біршама белгілі орталықтары - Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 жылы негізі салынған) бекіністері болды. Қазақстанды отарлауда Ресейдің әскери тірегі ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Бұл, әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін ерекше, айын сипат алды. XVIII ғасырдың ортасында Ертіс бойындағы бекіністерде керуен сарайларының салынуы, баж салығын тексеретін, жинайтын арнайы мекемелердің ұйымдастырылуы, саудагер мейманханаларының ашылуы, қазақ даласында біршама тыныштық орнауы Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Ресеймен сауда көлемінің өсуіне, тауардың түр-түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады.
XVIII ғасырдың 60-жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Әбілмәмбет ханның үлкен ұлы Әбілпайыз сұлтанның билігіндегі сыбан-керей, қаракерей-найман, бура-найман, Абылайдың қамқорлығындағы уақ, қыпшақ рулары Жәміш, Семей бекіністерінде өзара тиімді сауда-саттық байланыстарын орнатты. Қазақтардың жиі саудалайтын тауарлары: мал, малдың терісі, киіз, т. б. болды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ саудагерлерінің де саны өсе берді. Айырбас саудасының ірі орталықтарының бірі - Семейде XVIII ғасырдың 60-жылдарының соңы - 70-жылдарының басында 330-ға жуық қазақ көпестері сауда жасап тұрған. Ал Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350 қазақ, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған.
Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. Ал Керекудің маңайында Қалқаман, Қарасу тұз көлдері Батыс Сібірді, Орта Азия хандықтарын сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар ретінде белгілі болды: Кереку тұз көлінен 1768 жылы 169 405, 1769 жылы - 297 187, 1770 жылы - 190 565 пұт тұз Ертіс өзені арқылы Тобылға жеткізілетін. Жылма-жыл Екатеринбург, Томск, Тобыл уездеріне Қалқаман, Кереку көлдерінен апарылатын ас тұзының мөлшері 300 мың пұтқа дейін баратын.
1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица II Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай кабылдауға рұқсат алды. Алайда орыс саудагерлерінің мүддесін қызғыштай қорғаған патша үкіметі шетелдік көпестерге қазақ жерінде (әрине, Ресейдің құрамындағы) Ресейдің өзінде жеткілікті мөлшерде шығарылатын заттарды сатуға, айырбастауға тыйым салды. Ресейдің ішкі губернияларынан және Сібір қалаларынан айырбаска әкелінетін басты орыс тауарлары: шойын және темір қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан, т. б. сияқты көшпенділердің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын тауарлар болды.
Орта Азия көпестерінің айырбастайтын басты заттары да қазақтарға баяғыдан таныс дүниелер: алаша, барқыт, қыжым, қамқа, жылтыр мата, әр түрлі жемістер, т. б. еді. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы - Қызылжар (Петропавл) қаласы. Осы қала Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск, Қазан, т. б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналды. Шыңжаңмен жолға қойыла бастаған сауданың белгілі орталықтары - Семей, Өскемен және Бұқтырма қоныстары. Шәуешектен, Құлжадан, Ақсудан, Қашқардан келетін қытай саудагерлерін қазақ ауылдары құрметпен қабылдайтын. Қазақ-шетел саудасы Қазақстанның көрші елдермен экономикалық байланыстарының кеңеюіне жол ашты. Алайда қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейіннен бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашты, Қазакстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.
1. 4. Патшалы Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
XVIII ғасырдың 50-60-жылдары патшалы Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әр қилы шараларды іске асыруға тырысты. Жайық, Сібір, Орынбор қазақ әскерлерінің ұымдастырылуы, әсіресе Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді мал шаруашылығының өрісі болған өңірлерге қазақтардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістіре түсті. Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерден қазақтарды ығыстыру, біртіндеп қазақтарды осы аудандарға орналас-тыру еді.
Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыркүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.
Сөйтіп, қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағдайға жол ашқан бір себеп - ресейлік отаршыл-әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланып, керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы осындай кикілжің нәтижесінде Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерді қазактарға оп-оңай тартып әперді. Ең құнарлы жер орыс помещиктері князь Юсупов пен граф Безбородконың қолында қалды. Жайық қазақтары, тіпті, Еділ мен Жайықтың аралығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшіп-қонуына мейлінше қарсылық білдірді. Олар қазақтардың малы Жайықтан Еділге қарай өткенде шөпті басып, жайпап кетеді дегенді сылтау етті. Қазақтардың өз жерін еркінше пайдалануына жасанды шек қойылып отырғандығын патша әкімшілігінің Орынбор өлкесіндегі өкілдері де мойындады.
Алайда 1757 - 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П. И. Рычков пен А. И. Тевкелев Жайык бойында қазақтардың мал жаюға шек қойған үкімет талабын ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Ал Орынбор губернаторы А. Г. Давыдов қысым көрсетуден таймады.
Далалы, құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы ауырлап кетті, жұт пен қыстың суық айлары Кіші жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделікті өміріне бақытсыздық әкелді.
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады . Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерді, Сібір губерниялық басқармасының қолдауымен өздеріне қаратып алған бекініс коменданттары әр түрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-бірімен қырқыстырып, құнарлы, суы мол жерге қазқтардың мал жаюына карсылык білдіріп отырды. Ресей бекіністерінен алгашында 10 шакьфым, кейіннен 50 шакырым жерге дейін казақтардың мал жаюына тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты.
Орыс-қазақтардың санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің өр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы қазақтарды әкеліп қоныстандырды. Тек 1799 жылғы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай, Орта жүз қазақтарына 45 000 отбасын өз иеліктеріне - Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстандыруға және олардың мал жаюына рұқсат етілді.
Сонымен, XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ-орыс сауда байланыстары, Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда дамыды. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-қазақ шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.
ІІ БӨЛІМ. АБЫЛАЙДЫҢ ХАНДЫҒЫ
2. 1. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
Абылай - қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзге-рістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711 жылы дүниеге келген. Атасы - Түркістан қаласының билеушісі (оның есімі де Абылай) әскери жорықтарда ерекше көзге түсіп, алайда кейбір озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде «қанішер» деген жағымсыз атқа ие болған. Абылайдың он үш жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан айырылған бала, әкесінің кызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Осы кезден-ақ Абылайдың бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастаған. Ақылымен, ер-жүректілігімен, табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргеңде аты-жөнін жасырып, "Сабалақ" атанған Абылай әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен білдірген:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Түрымтайдай үл едің . . .
. . . Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан күл едің . . .
. . . Абылай атың жоқ еді,
"Сабалақ" атпен жүр едің . . .
15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан Абылай қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, бірлігін қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған. Екі ірі мемлекет - Цин және Ресей империялары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын, тап қазіргі ең ірі қауіп - Жоңғар шапқыншылығы екендігін түсіне білген Абылай басқа да ірі феодалдар ел мүддесі үшін Ресейге арқа сүйеуге де тырысты.
1740 жылғы тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады. Орынбор комиссиясының төрағасы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресейдің кұрамына қабылдау еді. Алайда жоңғарлармен қырғын соғықа белсене қатысқан Абылай уақытша Орынбор әкімшілігінен қол үзді. Оған 1741 жылғы кақтығыстардың бірінде Абылайдың жоңғар тұтқынына түсіп қалуы себепші болды.
1743 жылы тамыз айында тұтқыннан босаған Абылай жоңғар феодалдарымен күресті одан әрі өрістетті. Өзінің серіктері қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян, басқа да халық батырларының күшін бір арнаға жұмылдыра білген Абылайдың күресі, басқа да халықаралық оқиғалармен қатар Жоңғария мемлекетін әлсіретуге әсер етті.
1745 жылы жоңғар қонтайшысы, көрнекті қолбасшы Қалдан-Сереннің өлімінен кейін азамат соғысына тап болған Жоңғария Қазақ мемлекетіне бұрынғыдай қауіп төндіруден қалды. Алайда әлі де болса жоңғар-қазақ байланысындағы шиеленіс тарқамады. Осындай жағдайда жоңғар тағынан дәмелілердің бірі - Әмірсана Абылайдан пана табу үшін Орта жүзге қашты. Жоңғар-қазақ қақтығыстары 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себепші болды. Абылай сұлтан Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржының қолына Ұлытау теңірегінде құрылтайға жиналған қазақ шонжарларын ұстап бермеуге көндірді. Алайда қазақ билеушілерінің бір тобы Абылайдың бұл саясатымен келіспеді. Күші әбден сарқылған Жоңғарияның қиын жағдайын шебер пайдаланған Абылай, 1753 жылы ірі қолды басқарып жоңғар еліне шабуылға дайын еді. Лама Доржы қаза тауып, оның орнына Әмірсананың одақтасы, тақтан үміткер Дабашы қонтайшы болды. Енді Әмірсана Дабашыға қарсы шықты.
Әмірсананың жаңа қонтайшы Дабашыға карсы бас көтеруінің сәтсіздікпен аяқталуы қазақ-жоңғар, цин-жоңғар байланыстарын шиеленістіріп жіберді. Әмірсана Пекин сарайының қолдауына арқа сүйеп, өз елінде билеуші болу мақсатында Қытайдан көмек алуға тырысты. 1755 жылы көктемде Әмірсана бастаған Маньчжур-Цин қарулы күштері Жоңғарияға басып кірді. Әлсіреген, ішкі күрестен титықтаған жоңғар елінің Маньчжур-Цин әскеріне қарсылық көрсетуге халі болмады.
1755 жылдың жазына қарай ойрат елі жаулап алынды. Алайда Әмірсананың қалмақтардың ханы болу тілегіне Пекин сарайы тарапынан қарсылық туғызды. Әмірсана енді өзінің қаруын Маньчжур-Цин әскеріне қарсы бағыттап, азаттық күрестің басшысына айналды. Цин әскерімен қақтығыста жеңіліп қалған Әмірсана тағы да өзінің жақтастарымен баспана іздеп, Абылайдың иелігіне қашуға мәжбүр болды.
Абылайдың мақсаты - жоңғар шапқыншылығы кезінде олар уақытша басып алған шекаралык өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін қайтарып алу еді. Әмірсананың қазақ жеріне паналауын Маньчжур-Цин әулеті көрші елге үрей туғызу, тіпті шабуыл жасау үшін пайдаланды. Әмірсананы ұстап беруден бас тартқан Абылайға "сабақ беру" үшін және халқы қырылып, тоз-тозы шығып бос қалған Жоңғария мен Қазақстан шекарасындағы иеліктерді тезірек өзіне қарату мақсатында Цин үкіметі Қазақстанға мол қолмен басып кірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz