Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 378. 147:811. 512. 122. 504 Қолжазба құқығында

Үрістенбекова Гүлбану Қауасқызы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (ОРЫС БӨЛІМІНІҢ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ ТОПТАРЫ ҮШІН)

13. 00. 02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi

(бастауыш, орта және жоғары бiлiм беру жүйесiндегi қазақ тiлi)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшi: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор Ф. Ш. Оразбаева

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Мазмұны

Кiрiспе . . . 3

1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне

қазақ тiлiн дамыта оқытудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесінің қойылуы,

зерттелу жайы . . . 8

1. 2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқытудың лингвистикалық негiз . . . 23

1. 3 Жан қуаттарын дамыту - дамыта оқытудың негізі . . . 34

1. 4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн

дамыта оқытудың педагогикалық негiздері . . . 48

1. 4. 1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне

қазақ тiлiн дамыта оқытудың тәрбиелiк мәні . . . 58

2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ

тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі . . . . . . 70

2. 1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытуға арналған жаттығулар . . . 70

2. 2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ

тiлiн дамыта оқытуда қолданылатын әдістер . . . 84

2. 3 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне

қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиімді амалдары . . . 101

2. 4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне

қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиiмдiлiгiн эксперимент

жүзінде дәлелдеу . . . 117

Қорытынды . . . 129 Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмі . . . 133

Қосымша . . . 140

КIРIСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. Соңғы кездерi қоғамдық өмiр мен ғылыми-техникалық прогрестегi болып жатқан өзгерiстер мен жаңарулар, олардың қарқынды дамуы халыққа бiлiм беру ісінің заман талабына сай болуын міндеттейді. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық құжатында [1], 2006 жылғы жылғы наурыз айындағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында [2] және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [3] нақты айтылады.

Елiмiздiң егемендiк алып, өркениеттi, дамыған елдер қатарына қосылуы - қоғамның әрбiр азаматының шығармашылық тұлға болуын талап етедi. Бiлiмi мен мәдениетi жоғары XXI ғасыр адамын қалыптастыру қажеттiгi барлық бiлiм беру мекемелерi мен қоғам алдына жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен сауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту», - деп көрсетiлуi көтерілiп отырған мәселенiң заман талабынан туындап отырғандығын көрсетедi [4] .

Егемен елiмiздiң жарқын болашағы, елдегi болып жатқан проблемалар мен олардың шешу жолдарын табу, қиындықтарды жеңе бiлу, мемлекетiмiздiң келешегiн жоспарлау - тек шығармашыл адамдар қолынан келетiн iс. Шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту жоғары оқу орындарында дамыта оқыту идеясымен ұштастырыла жүргізгенде тиімді болатынын оқу процесі дәлелдеп отыр.

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан меңгертумен қатар, студенттердiң мамандығын ескере отырып оқыту мәселесi де маңызды. Өйткенi, бүгiнгi күнгi студент - ертеңгi күнi маман. Олар мемлекеттiк тiлдi өз дәрежесiнде жетiк меңгерумен қатар, өз мамандығына байланысты лексиканы игерiп, iс-қағаздарын сауатты жүргiзудi үйренуi қажет. Басқаша айтқанда, тiл үйренушi алған бiлiмiн өзiнiң күнделiктi кәсiби қызметiнде пайдалана алатындай дәрежеге ие болуы керек. Өйткенi қазақ тiлiн жетiк бiлуге деген талап - өмiрдiң өзi тудырып отырған маңызды мәселе.

Өнеркәсіп пен экономиканың қарқындап дамуы, халық санының қарқындап өсуі экологияның нашарлап кетуіне әсерін тигізуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің біржолата құрып кетуі, атмосфералық ауаның шектен тыс ластану қаупі арта түсті. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, көркем табиғаттың бұзылуына қарсы қоғам аландаушылық білдіруде. Экология - қазіргі кезде дүние жүзінде тұратын әрбір адам мен қоғамның басты проблемасына айналды. Бұл жөнінде ел Президенті Н. Ә. Назарбаев халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді негізгі басымдықтардың бірі ретінде санап, бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі екенін атап өтті [2] .

Экологиялық мәселелер, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен туындайды. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жеке тұлғалардың, жалпы халықтың табиғат пен қоршаған ортаға қарым-қатынасы мен мінез-құлқын өзгерту арқылы шешімін табуы тиіс. Адамзат өзі өмір сүріп отырған қоғамның экологиялық қауіпсіз дамуына үлес қосып, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне ерекше көңіл аударуы қажет.

Табиғат жанашырлары - эколог-мамандардың еліміздің көркем табиғатын қорғап, экологиясын сақтауға үйретуде және олардың терең білім алып, мамандықтары бойынша шығармашылықпен жұмыс істеуіне қазақ тілін дамыта оқытудың маңызы үлкен. Қазақ тілін дамыта оқытудың мақсаты - білім алу, білік, дағдыға қол жеткізу ғана емес, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың бүгiнге дейiн әдiстеме ғылымында жеткiлiктi шешiмiн таппағандығы, оның қатысымдық тұрғыдан теориялық та, тәжiрибелiк те зерттелмеуi зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.

Жалпы дамыта оқыту технологиясы өз бастауын Я. А. Коменский, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Ы. Алтынсарин еңбектерінен бастайды. Ал оны ғылыми негізде теориясын жазған, дамытқан Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, В. П. Беспалько, М. Монахов, М. М. Мұқанов болды. Осы мәселе бойынша Т. К. Донская, Р. П. Мильруд, С. Рахметова, Ф. Ш. Оразбаева, Қ. Қадашева, Н. Ж. Құрманова, К. Жақсылықова, А. Жапбаров, Н. Тойбазарова, А. К. Жанабилова, Б. Т. Қабатайдың ғылыми-зерттеу еңбектері бар.

Зерттеу пәнi - жоғары оқу орындары экология бөлімі жалғастырушы топ студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқыту әдістемесі.

Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындары экология бөлімінің жалғастырушы топ студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқыту үрдісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты - экология бөлімінде оқитын жеке тұлғаның қатысымдық тұрғыдан дамытуға бағытталған қазақ тiлiн үйретудің әдістемесін жасау; студенттердің танымдық әрекетін дамытуда тиімді әдістемелік амал-тәсілдерді іздестіру.

Зерттеу жұмысының мiндеттерi:

- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негiздерiн айқындау;

- экология мамандығына қатысты қазақ тiлiн негiзiнде дамыта оқытудың тұжырымдамасын анықтау, талдау;

- қазақ тiлiн дамыта оқытудың жалпы және арнайы мақсаттарын зерттеу, студенттердiң жеке тұлғалық белсендiлiгiн, қатысымдық- танымдық әрекетi дамуын қарастыру;

- жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан дамыта оқытудың ұстанымдары мен амал-тәсiлдерiн қарастыру;

- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн дамыта оқыту барысында жүргiзiлетiн жұмыс, тапсырма, жаттығу түрлерiн анықтау;

- жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемелік жүйесін эксперименттiк тексеруден өткiзу.

Зерттеу жұмысының болжамы. Жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқыту, бiрiншiден, олардың теориялық ойлауы мен сөйлеуін дамытуға ықпал жасайды. Екiншiден, студенттердiң шығармашылық қабiлетiн жетілдіреді. Үшiншiден, емiн-еркiн тiлдiк қатынас жасауға негiз болады. Зерттеу жұмысында енгiзiлген дамытушылық жаттығулар мен тапсырмалардың түрлерi жоғары оқу орындарының орыс білiм студенттерiнiң қазақ тiлiнде бiлiм деңгейi мен сапасын жақсартуға көмектеседi.

Зерттеудің жетекшi идеясы. Дамытушылық тапсырмалар мен жаттығуларды кешенді түрде қолдану студенттердің теориялық ойлауын дамытып, материалдарды жеңіл меңгеруіне жол ашады, танымын кеңейтеді.

Зерттеу жұмысының әдiстанымдық негiзi. Зерттеуде лингвистика, педагогика, психология, тiлдi үйрету әдiстемесiндегi дамыта оқытуға қатысты зерттелiнген еңбектер мен зерттеу жұмыстары басшылыққа алынды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқытуға байланысты тiлдiк қатынас теориясы мен оның негiзгi ұстанымдары басты нысанаға алынды.

Зерттеу әдiстерi:

- мемлекеттiк заңдарды, бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, оқулықтарды тақырып тұрғысынан жүйелей, сараптай, жинақтай отырып салыстырмалы талдау жасау;

- дамыта оқыту туралы педагогикалық, психологиялық еңбектер мен зерттеулердi iрiктеу, тұжырымдау және озық тәжiрибелердi жинақтап қорыту;

- студенттердiң iс-әрекет нәтижесiне бақылау, талдау жасау, эксперименттiк сараптау, қорытындылау.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:

- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде дамыта оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiзi айқындалды;

- қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан дамыта оқытуға байланысты ғылыми-әдістемелік сипаттама беріліп, оның негiзгi белгiлерi анықталды;

- дамытушылық тапсырмалар мен жаттығуларға қойылатын талаптар анықталып, жұмыс түрлері енгізілді;

- экология бөлім студенттеріне қазақ тіліне дамыта оқытуда жүргізілетін жұмыс түрлері жүйеленді, оны жүзеге асырудың амал-тәсілдері көрсетілді;

- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде дамыта оқытуда жаттығу түрлері фонетикалық-дамытушылық, лексикалық-дамытушылық, грамматикалық дамытушылық болып жіктеліп, оны игертудің амал-тәсілдері ұсынылды.

Зерттеудiң теориялық маңызы. Бiрiншi рет жоғары оқу орындарының орыс топтарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн дамыта оқыту мәселесi зерттелдi. Болашақ эколог мамандарға қазақ тiлiн дамыта оқытуда дамытушылық жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жасалынды. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі әдістемелік құралдардың бүгінгі күннің талабына сай келе бермейтіндігі ескеріліп, оны дамыта оқыту арқылы жүзеге асыру мүмкін екендігі дәлелденді.

Зерттеудiң тәжiрибедегi маңызы:

- диссертацияда ұсынылған дамыта оқытуға қатысты жұмыстар мен жаттығулар жүйесiн орта, арнаулы оқу орындарында қазақ тiлi пәнiн оқытуда пайдалануға болады.

- зерттеу жұмысында қол жеткізген нәтижелер болашақта тілді оқыту әдістемесі саласы бойынша оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын жазуда қажетті мәлімет болып табылады.

- зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен арнайы курстар түрінде ұсынуға болады.

Зерттеу жұмысының көздерi:

- Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы Заңы, Мемлекеттiк бiлiм стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулы-қарарлары, тұжырымдамалары, жаңа технологиялар туралы қағидалар;

- дамыта оқыту мәселелерiне байланысты әр кезеңдегi педагог, психологтардың, әдiскерлердiң ғылыми-әдiстемелiк еңбектерi, зерттеулерi.

Зерттеудің жұмысының кезеңдерi.

Зерттеу үш кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.

Бiрiншi кезеңде /1999-2001/ зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, лингвистикалық, психологиялық, әдiстемелiк еңбектер қарастырылды. Студенттердiң тiлдiк, ойлау қабiлетiн, сөйлеу дағдыларын анықтау мақсатында анкеталық сұрақтар алынып, бақылау жұмыстары жүргiзiлдi. Экология мамандығы студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытуға қатысты жұмыстар жүйесi талданды.

Екiншi кезеңде /2002-2004/ қазақ, орыс, шет тiлiн оқыту саласындағы озық тәжiрибелерге сүйене отырып, дамыта оқытудың тиiмдi жолдары сұрыпталынып алынды. Қазақ тiлiн дамыта оқытуға қатысты жұмыстар жүйесi жүргізілді.

Үшiншi кезеңде /2004-2006/ жинақталған тәжiрибе материалдары тексеруден өткiзiлiп, алынған нәтижелер студенттердiң тiлдi үйрену деңгейлерiн салыстыру әдiсiмен сарапталды. Сондай-ақ теориялық, тәжiрибелiк тексеру жұмыстарының нәтижелерi жинақталып, зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі бойынша қорытынды шығарылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттерiне қазақ тілін дамыта оқыту олардың жеке тұлғасын қалыптастыруға, шығармашылық қабілетін жетілдіруге игі әсерін тигізеді;

- қазақ тілін дамыта оқытуда қолданылатын қатысымдық дамытушылық жаттығулар мен тапсырма түрлерін дұрыс iрiктеу арқылы студенттердің тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін жан-жақты жетілдіруге болады;

- экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқытуда қатысым әдiсiн негiзге ала отырып оқыту қазақша тілдік қатынасты еркін меңгеріп, жеке тұлғаның ой-пікірін жүйелі, шебер, дәлелді жеткізуге мүмкіндік береді;

- қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан дамыта оқыту студенттердің берілген материалды қызығушылықпен қабылдауына ықпал етеді;

-экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту олардың экологиялық санасының оянуына ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

Жұмыстың негiзгi мәселелерi бойынша «Қазақ тiлi қазiргi жағдайда: өткенi, бүгiнгiсi, болашағы», «Қазiргi қазақ әдеби тiлi: бүгiнi және болашағы», «Жас ғалымдардың екiншi халықаралық ғылыми тәжiрибелiк конференциясының еңбектерi», «Жаратылыстану - гуманитарлық ғылымдары және олардың инженер мамандарды дайындаудағы маңызы», «ХХI ғасырда орта бiлiм беру; жайы және даму болашағы», «Қазақстан филологиясы: мәселелерi мен болашағы», «Мәдениетаралық коммуникация: бүгiнi және болашағы», «Ғылым және жастар» атты халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар жасалынды. Бұдан басқа ғылыми - әдiстемелiк журналдарда тақырыпқа қатысты он мақала жарияланды. Зерттеу жұмысының негiзгi идеялары Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттiк университетінің қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының мәжілісінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнің қазiргi қазақ тiлi мен оқыту әдiстемесi кафедрасының отырысында және әдістемелік семинарда талқыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТIЛIН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

  1. Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесінің қойылуы, зерттелу жайы

Ғасыр аяғында болған елiмiздегi саяси-әлеуметтiк жаңарулар, адам санасындағы өзгерiстер бiлiм беру жүйесiнде де әсер етпей қоймады. Заман талабына сай бiлiм беру мен оқыту және тәрбиелеудiң әдiстерiн, түрлерiн жетiлдiрудi талап еттi. Осы орайда бiрқатар маңызды iс-шаралар iске асты, көптеген жаңа буын оқулықтар, мемлекеттiк бағдарламалар, базалық оқу жоспарлары жарық көрдi.

Бiлiм туралы қабылданған мемлекеттiк құжаттарда балаларды мектепке дейiнгi жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудiң барлық кезеңiнде жеке тұлға ретiнде жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесi болды.

Елiмiздегi бұған дейiнгi дәстүрлi бiлiм беру жүйесi балаларға тек пәндiк бiлiм, дағдыларды игертуге бағытталып, олардың жеке басы қабiлеттерiнiң қалыптасуына аз көңіл бөлдi.

Кейiнгi қабылданған Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңында: "Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау", - деп нақты атап көрсеттi [4, 10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда жаңаша жаңғыртып оқыту мәселесі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Білікті маман дайарлау
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz