Ақмола облысындағы ірі қара мал және шошқа ұшаларына экологиялық мониторинг


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
: 4
МАЗМҰНЫ: ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР . . .
: 6
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 7
МАЗМҰНЫ: 1
: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
11
МАЗМҰНЫ: 1. 1
: Ауыр металдар және олардың қоршаған ортада таралуы . . .
11
МАЗМҰНЫ: 1. 2
: Әртүрлі биологиялық нысандардағы ауыр металл тұздарының мөлшері . . .
18
МАЗМҰНЫ: 1. 3
: Ауыр металл тұздарын детоксикациялау жолдары . . .
27
МАЗМҰНЫ: 2
: ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР . . .
36
МАЗМҰНЫ: 2. 1
: Материалдар мен зерттеу әдістері . . .
36
МАЗМҰНЫ: 2. 1. 1
: Ірі қара мал, шошқа және тауық етіндегі ауыр металл тұздарын анықтау, сезімдік, физика-химиялық зерттеу тәсілдері . . .
37
МАЗМҰНЫ: 2. 2
: Зерттеу нәтижелері… . . . . .
47
МАЗМҰНЫ: 2. 2. 1
: Мониторинг барысында анықталған ірі қара мал, шошқа және тауық ұшаларында ауыр металл тұздарының көрсеткіштері… . . .
47
МАЗМҰНЫ: 2. 2. 2
: Тауықты сояр алдындағы ветеринариялық-санитариялық бағасы . . .
56
МАЗМҰНЫ: 2. 2. 3
: Ауыр металл тұздарымен тәжірибелік тұрғыда уландырған тауықтарды сояр алдындағы ветеринариялық-санитариялық бағасы . . .
56
МАЗМҰНЫ: 2. 3
: Ауыр металл тұздары әсер еткен тауық етінің сойғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық бағасы . . .
69
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 1
: Тауық етін сезімдік және физика-химиялық зерттеу нәтижелері . . .
69
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 2
: Ауыр металл тұздары әсер еткен тауық етінің химиялық құрамы
75
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 3
: Уландырылған тауық етіндегі амин қышқылдарының мөлшері . . .
79
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 4
: Сойғаннан кейінгі тауық ұшасын патологиялық-анатомиялық зерттеу нәтижелері . . .
87
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 5
: Уландырылған құс етінің токсико-биологиялық бағасы . . .
90
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 6
: Ауыр металл тұздарымен ластанған құс етінің және ішкі ағзалар құрамынан қалдық мөлшерлерін анықтау нәтижелері . . .
91
МАЗМҰНЫ: 2. 3. 7
: Ауыр металл тұздарын детоксикациялау нәтижелері
93
МАЗМҰНЫ:
: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ .
94
МАЗМҰНЫ:
: ҚОРЫТЫНДЫ .
101
МАЗМҰНЫ:
: ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР . .
102
МАЗМҰНЫ:
:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

103

114

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диссертациялық жұмыста төмендегі стандарттарға сілтемелер жасалынды:МС ИСО 3100-1-75 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптау. 1-Бөлім. Алғашқы сынама сұрыптау.

МС ИСО 937-78 (Е) Ет және ет өнімдері. Азотты анықтау тәсілі (әдеттегі қолданылатын тәсіл ) .

СТ РК 1010-99 Тағам өнімдері. Тұтынушыға ақпарат. Жалпы талаптар.

МС ИСО 1442-97 Ет және ет өнімдері. Ылғалдылықтың салмақтық үлесін анықтау тәсілдері.

МС ИСО 1442-97 Ет және ет өнімдері. Майды анықтау тәсілдері.

ИСО 1442-73 (Е) Ет және ет өнімдері. Ылғалдылықты анықтау тәсілі.

МС ИСО 2917-64 Ет және ет өнімдері. Сутегі иондары концентрациясын (рН) анықтаудың бақылау тәсілі.

МС ИСО 3100-1-91 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптаудың тәсілдері.

ИСО 3100-2-88 Ет және ет өнімдері. Микробиологиялық тексеруге сынаманы дайындау.

ГОСТ СТ СЭВ 4718-84 Ет және ет өнімдері. Келісімділік қатынастары арқылы енгізілген терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 7269-79 Ет. Балаусалығын анықтау әдісі және органолептикалық сынама жүргізу әдісі.

ГОСТ 9959-91 Ет өнімдері. Органолептикалық бағалаудың жалпы шарттары. ГОСТ 9793-74 (СТ СЭВ 2788-80) Ет өнімдері. Ылғалдылықты анықтау тәсілдері.

ГОСТ 16020-70 Союға арналған мал. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 18157-88 Сойылған малдан алынған өнімдер. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 21237-75 Ет. Бактериологиялық талдау әдісі.

ГОСТ 23042-86 (Е) Ет және ет өнімдері. Құрамындағы күлді анықтау (әдеттегі қолданылатын тәсіл)

ГОСТ 23392-78 Ет. Балаусалығын химиялық және микроскопиялық талдау, сынау.

ГОСТ 25011-81 Ет және ет өнімдері. Ақзатты анықтау тәсілдері.

ГОСТ 26668-85 Дәм және тағам өнімдері. Микробиологиялық сынау әдісі.

ГОСТ 26669-85 Дәм және тағам өнімдері. Микробиологиялық талдауға сынақ дайындау.

ГОСТ 26929-94 Шикізат және тағам өнімдері. Сынаққа дайындау. Улы элементтердің көрсеткіштерін анықтау үшін минералдау.

ГОСТ 26931-86 Шикізат және тағам өнімдері. Мысты анықтау әдісі.

ГОСТ 26932-86 Шикізат және тағам өнімдері. Қорғасынды анықтау әдісі.

ГОСТ 26933-86 Шикізат және тағам өнімдері. Кадмийді анықтау әдісі.

ГОСТ 26934-86 Шикізат және тағам өнімдері. Мырышты анықтау әдісі.

Осы диссертацияда келесі заңдар мен ережелерге сілтемелер жасалынды:

«Малды сою алдында тексеру және ұша мен ағзаларды санитариялық бағалаудың» халықаралық заңдылықтары FAO/ WHO 1982 ж.

«Сойыс малдарын ветеринариялық тексеру, ет және ет өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» ережелері, 1988 ж.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария» туралы заңы 2002 ж.

«Тағамдық өнімдердің сапасы және қауіпсіздігі» туралы заңы 2004 ж.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

Ағзалар - организм

Ұлпа - ткань

Пайыз (%) - процент (%)

мм-миллиметр

г- грамм

кг - килограмм

т - тонна

мг -миллиграмм

мкг- микрограмм

ФАО - БҰҰ азық- түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы.

ҰМҚ - ұшпа май қышқылдары

ААА - аминді аммиакты азот

БТК - белоктың тиімділік коэффициенті

ГОСТ- мемлекеттік стандарттар

рН - еттегі сутек иондарының шоғырлануы немесе еттің қышқылды-сілтілік ортасы

°С - Цельсий бойынша градус

t -температура

БДҰ -бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

КФК - фотоэлектрлік колориметр

МЖД- мүмкіндік жіберілетін дәреже

СТА- вольтамперметрлік аналитикалық кешен приборы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіз жануар текті өнімдерді өндіру өзекті мәселеге айналып отыр, өйткені экожүйеге адамның үзіліссіз техногендік әсері және табиғи кешенде химиялық элементтердің айналымының ұлғаюы нәтижесінде ауыр металл тұздарының қоршаған ортаға, сонымен қатар тағамдық тізбек арқылы адам ағзасына түсуі күрт өсті.

Биосферадағы бірден бір маңызды мәселе әртүрлі ортаның антропогендік текті факторлардың әсерінен ластануы болып отыр. Экожүйенің жағдайын химиялық элементтердің сандық көрсеткішіне қарап бағалауға болады. Қоршаған ортаға ластағыш заттардың әсер ету деңгейі химиялық элементтердің түрлеріне, улылығына байланысты болып келеді [1, 2, 3] .

Соңғы жылдардағы көптеген ғалымдардың ғылыми жұмыстары қоршаған ортаның биологиялық нысандарына және мал текті тағамдық өнімдерге әр түрлі экотоксиканттардың түсуіне арналған (Боярченко Е. К., 1983; Таланов Г. А., 1994; Донник И. М., 2000; Мартынов А. А., 2005; Баранников В. Д., Кириллов Н. К., 2005 және т. б) . Жоғарыда аталған ғалымдардың жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, аймақтың экологиялық жағдайына байланысты мал текті өнімдерде ауыр металл тұздарының мөлшері шекті жіберілетін концентрациядан жоғарылағаны анықталған [4, 5] .

Антропогендік ластағыш заттар-токсиканттар көшіп-қону үрдісіне ұласып қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Олардың үнемі түсіп отыруы организмдердің популяциясының, сонымен қатар біртұтас түрлердің жоғалуына, экожүйенің қайтарымсыз деградациясына әкеледі [6, 7, 8] .

Химиялық текті ластағыштарға ауыр металл тұздары және басқа да экотоксиканттар жатады. Өсімдік текті және мал текті өнімдердің сапасына әсер етуімен қатар адам өміріне де маңызды зиянын тигізеді.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның шешімімен қабылданған ауыр металл тұздарының ең қауіптілері: сынап, қорғасын, кадмий, хром, марганец, никель, кобальт, ванадий, мыс, темір, мырыш, қалайы, күшала.

Биомолекулалармен кешенді құрамда болып өмірге маңызды үрдістер мен реакцияларға қатысады. Бірақ ауыр металл тұздарына организмнің жеке қажеттілігі едәуір аз, ал қоршаған ортадан көп мөлшерде осы элементтердің үнемі түсіп отыруы әр түрлі токсикалық әсерлерге әкеледі. Әсіресе қауіптілері биомолекулалар құрамына кірмейтін металдар, яғни ксенобиотиктер: сынап, кадмий және қорғасын. Токсикалық әсерінің механизмі бойынша ауыр металл тұздары метаболикалық улар болып, блоктардың SH-топтарымен өзара әрекеттесіп әр түрлі энзимді үрдістерге қатысады [9, 10] .

Ауыр металл тұздарының биосфераға қарқынды жиналуы тірі организмдерге қауіптілік тудырады. Адам ағзасына микроэлементтердің қалыпты түсуі олардың қоршаған ортаның құрамында болуына байланысты келеді. Ағзадағы кейбір химиялық элементтердің немесе олардың қосылыстарының жетіспеуі немесе артық болуы әр түрлі патологиялық жағдайларға әкеледі. Осы патологиялық жағдайларды тудыратын ауыр металл тұздары болып отыр.

Қоршаған орта нысандарын ауыр металл тұздарына зерттеу маңызды, әрі өзекті мәселе, өйткені оның жоғары улылығы тірі ағзаға зардапты әсер етеді.

Өндірістік орындар, әсіресе, ірі қалаларда шоғырланған, олар ең негізгі атмосфераны, гидросфераны және топырақ пен өсімдіктерді санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерден жоғары мөлшерде зиянды заттармен ластайтындардың ең негізгісі, сонымен қатар экологияға автокөлік пен қалдық қоқыстар да зиянын тигізеді. Осының салдарынан пайда болған жағымсыз экологиялық жағдай, сапасыз азықтармен азықтандыру сонымен қатар, қанағаттанарлықсыз күтіп бағу ережелері малдардың ағзасына кері әсерін тигізеді және де алынатын өнімдердің сапасын айтарлықтай төмендетеді [11, 12] .

Кейінгі он жылдықтағы әлемдегі қалыптасқан экологиялық жағдай адам денсаулығының жағдайына, аурулардың таралуына әсер еткен, сонымен қатар ауыл шаруашылық малдардың ағзасының әр түрлі ауруларға жалпы қарсы тұруы төмендеген. Көптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық текті ластағыштармен ластануы әсерінен мал ағзасының иммунитеті төмендеп, негізінен зат алмасудың бұзылуы, көбею қызметінің және төлдің өсіп дамуының тежелуімен байланысты болып келеді.

Өркениетті қазіргі заманда агроөнеркәсіптік өндірістердің қоршаған ортаға техногендік әсері деп осы өндірістердің теріс, мәдени өсімдіктердің физиологиялық емес қатынасы және малдардың физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың ауруға, өлімге, өнімділіктің және өнімнің сапасының төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде адамның өміріне және елді- мекендерге қауіп төндіруін айтады.

Малдар өнімділігінің төмендеуі техногендік ластағыштардың кері әсер етуінен туындайды, негізінен антропогендік ауытқулардың теріс әсерінен болады. Табиғаты химиялық антропогендік ауытқуларды олардың әр алуандығына қарамастан, негізгі бес топқа бөлуге болады: ауыр металдар, пестицидтер, тыңайтқыштар, диоксиндер, оттектің белсенді түрі [13, 14] .

Ауыр металдардың улылығы жоғарылары сынап, қорғасын, кадмий, мыс және мырыш қосылыстары болып табылады.

Бүгінгі таңда өндірістің қарқынды дамуымен байланысты топырақтың, судың, азықтың және ауаның күнделікті әсерінен мал ағзасы қауіпті ластағыштармен ластанады. Адам қоғамының шаруашылық қызметінің теріс жақтарының ішінен қоршаған ортаны ауыр металдармен ластау ерекше орын алады.

Елімізде нарықтық қатынастың дамуы, сату орындарына түскен етті және ет өнімдерін тағамдық, биологиялық сапасына байланысты бағалауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыр металл тұздарының ет сапасына тигізетін әсерін анықтау қазіргі заман талабына сай, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ақмола облысы бойынша экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу, ауыр металл тұздарын ірі қара мал, шошқа және тауық етінде анықтау, тауық ағзасына, етіне тигізетін әсерін, еттің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау.

Осы мақсатты орындау үшін алдымызға келесі міндеттер қойылды:

- Ақмола облысы бойынша мониторинг жүргізіп, ірі қара мал, шошқа және тауық етінде ауыр металл тұздарының мөлшерін анықтау

- ауыр металл тұздарымен зақымданған тауықты сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі етіндегі өзгерістерді анықтау

- тәжірибелік жағдайда уланған тауық етінің сапасын, тағамдық құндылығы мен улылық деңгейін анықтау

- ластанған тауық етін детоксикациялау тәсілдерін анықтау

- ауыр металл тұздарымен уланған кездегі тауық етін ветеринариялық-санитариялық сараптау

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер негізінде тұңғыш рет Ақмола облысы бойынша мониторинг жүргізіліп, ауыр металл тұздарымен зақымдану деңгейі және ірі қара мал, шошқа және тауық етінің сапасына, химиялық құрамына, еттің биологиялық және тағамдық құндылықтарына тигізетін әсері анықталды.

Жұмыстың практикалық маңызы. Қазақстанда тұңғыш рет мал шаруашылық өнімдердің ауыр металл тұздарымен зақымдануына байланысты еттің сапасына тигізетін әсері кешенді зерттеулер негізінде жүргізілді. Жұмыс нәтижесін тағамдық өнімдердің сапасын бағалауға арналған арнайы ережелер мен нұсқаулар дайындауға негіздеме ретінде алуға болады.

Жүргізілген физикалық, химиялық зерттеулер нәтижесі тәжірибелік жұмыста, ветеринария қызметкерлеріне қалыпты көрсеткіш бола алады.

Ауыр металл тұздарының таралуын және олардан болатын өзгерістерге байланысты, өнімдерінің сапасын бағалауда ветеринариялық сараптаушының жұмысын жүйеге келтіру үшін, тәжірибеге ұсыныс енгізілді.

Зерттеу нәтижесін практикаға енгізу. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ветеринариялық санитария» және «ветеринариялық медицина» мамандықтарының студенттері және мал дәрігерлерінің «біліктілігін арттыру» курсының тыңдаушыларына сабақ жүргізуде және курстық, дипломдық жұмыстар жазу кезінде пайдаланылады.

«Ауыр металл тұздарының мал өніміне тигізетін әсерін анықтап, сапасын бағалау» атты ұсыныс ҚР АШМ Ветеринариялық қауіпсіздік және мал шаруашылығының даму департаментімен бекітілген.

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс нәтижелері:

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»АҚ- ның 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана. 18-19 қазан 2007 ж. Б 136­137.

«Сәкен тағылымы­4» атты Республикалық ғылыми­теоретикалық конференция материалдары. Астана 23-24 сәуір 2008 ж. Б. 90-91.

«Жануарлардың жұқпалы ауруларын балаудың қазіргі жағдайы және болашағы. Халықаралық конференция материалдары». Астана 2008ж. Б. 36­40.

«Сәкен тағылымы­5» атты Республикалық ғылыми­теоретикалық конференция материалдары. Астана 23-24 сәуір 2009ж. Б. 81., конференциясында баяндалып, талқылаудан өтті.

Жалпы жұмыс нәтижесі бойынша 9 ғылыми мақала жарияланды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер.

-Ақмола облысы бойынша ауыр металл тұздарымен ірі қара мал, шошқа және тауық етінің ластануы.

-Ауыр металл тұздарымен ластанған тауықты сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі етінің сезімдік және негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштері, химиялық құрамы, аса маңызды амин қышқылдарының мөлшері және ауыр металл тұздары мөлшері.

-Тәжірибелік жағдайда уланған тауық етінің сапасын, тағамдық құндылығы мен улылық деңгейі, детоксикациялау әдістері.

-Ауыр металл тұздарымен уланған кездегі тауық етін ветеринариялық-санитариялық сараптау.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы, көлемі. Диссертация 114 бетте баяндалған, жұмыс кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды, ветеринариялық- санитариялық сараптау және санитариялық бағалау тәжірибесіне арналған ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 211 әдебиеттер тізімінен, 18 кесте, 9 суретпен және 7 диаграммамен безендірілген.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Ауыр металдар және олардың қоршаған ортада таралуы

ХХ ғасырда қоршаған ортаға антропогендік жүктеме күрт өсті, өндірістің, энергетиканың, көлік және ауыл шаруашылығының химиялануы қарқынды дамуымен байланысты өркениеттің дамуына қауіптілік тудырып, сонымен қатар қоршаған ортаға техногендік ластағыштардың түсуі ұдая түсті.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша қоршаған орта ластанған болып есептеледі, егер адамның әрекеттерінің нәтижесінде өсімдік немесе мал әлеміне қолайсыздық, жағымсыз әсер тудырса. Қоршаған орта ластағыштарын табиғи және жасанды деп екіге бөліп қарастырады. Табиғи ластану табиғи үрдістер нәтижесінде дамиды, ал жасанды, яғни антропогендік адамның өмір сүру әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Бірақ та, агроэкологиялық жүйенің негізгі ластану көзі-минералды немесе органикалық тыңайтқыштарды көп мөлшерде және ұзақ пайдаланғанда болады.

Мәліметтерге сүйенсек, өндірістердің әрі қарай даму үрдісінің нәтижесінде қоршаған ортаға антропогендік жүктеме 10-15 жылда екі еселеніп отыруы мүмкін. Тек өндірістік өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылығы қоршаған ортаға жыл сайын миллиондаған улы заттармен ластайды. Кейінгі 100 жыл ішінде бүкіл әлемде өндірістік қалдықтар келесідей: 1, 5 млн т күшала, 1 млн т никель, 900 мың т кобальт, 600 мың т мырыш, 125 мың т сынап және т. б. құрады.

Англияда ауаға жыл сайын 1, 5 млн т көмір шаңы және 5 млн т күкіртті газ түсіп отырады. Өткен ғасырдың аяғында АҚШ-та 250 млн автокөлік тәулік сайын ауа бассейніне 0, 5 млн т көміртегі тотығын және 100 мың т көміртегін, 25 мың т азот оксиді түсетіні анықталған. Атмосфераға шамамен алғанда орташа 9 млн т ластағыш заттар түседі. Жыл сайын әлемде 12 млрд т құрамында көміртегі бар отын жағылады, нәтижесінде 1 км 2 ауданда 360 т улы ластағыш заттар тұнады.

Ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында зиянкестерді жою үшін улы химикаттарды қолданады, бұл заттар зиянкестерді жойып қана қоймай сонымен қатар өсімдіктерге кері әсерін тигізеді [1, 15] .

Академик Липатовтың мәліметі бойынша Ресейде топырақтың ауыр металл тұздарымен техногендік ластануы 4 млн-ға жуық ауданның ластанғаны анықталған. Зерттелген аудандардың 519 мың гектары қорғасынмен ластанған, мырышпен 326 мың га, кадмиймен 184 мың га ластанғаны анықталған. Ауылшаруашылық алқаптардың ауыр металл тұздарымен ластануының ірі ошақтарының бірі Ростов облысы.

Органикалық тыңайтқыш ретінде сарқынды сулардың тұнбасын жоспарлап қолданбағандықтан, Мәскеу облысының топырағында кадмийдің жиналуына әкелді.

Топырақтың ауыр металл тұздарымен жоғары деңгейде ластануы ауыр көлік құрылыстарында, мұнай химиясы орталықтарында шоғырланған. Қара металлургияның ірі өндірістік орындары Оңтүстік Оралда орналасқан (Магнитогорск, Челябинск және т. б. ), олар мемлекетке 19% шойын және қалайы өндіреді. Территория ауасының бассейнінің ластануы ондаған километрге дейін жетеді, сонымен қатар осы өндірістік орындардан сарқынды сулары да түседі, оларды тазалағанның өзінде өзендермен жайылымдарды темір, хром, никель және кобальт тұздарымен қарқынды ластауда.

Соңғы жылдары едәуір техногендік әсерге Алтай өлкесі ұшырап отыр. Сонымен, су-топырақ-өсімдік-мал-адам тізбегінде ауыр металл тұздары, диоксиндер, микотоксиндер, пестицидтер, нитраттар және нитриттер алмасып отырады.

Ресей территориясының 15 % экологиялық нашар аймаққа жатады.

Аймақтың экологиялық таза немесе лас екенін адам денсаулығына қарап баға беруге болады. Егер территорияда ауруға шалдығу өршісе немесе өлім-жітім көбейсе бұл аймақты экологиялық жағымсыз деп санайды.

Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер Институтының мәліметтері бойынша 1993 жылдары экологиялық жағдайы нашар аумақтардың ауданы Ресей Федерациясында 17 пайызды құраған, ал бұл аумақ екі Мексика немесе алты Франция территориясына тең болып келеді. Экологиялық қолайсыз аймақта 35%-ға жуық мемлекет тұрғынын құрайды, Ресей тұрғындарының тек 15%-ғана гигиеналық талаптарға сай ауамен дем алады және де ресейліктердің 50%-ы гигиеналық талаптарға сәйкес ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Жасанды химиялық заттарды кеңінен қолдану нәтижесінде тиісті бақылаулармен биологиялық әсерін ескермегендіктен келесі ауыр және қайтымсыз жағдайлар туындады: адамға зиян улы заттардың топырақта, тағамдық өнімдерде, азықтық және дәрілік өсімдіктерде жиналуы; шұрайлы аумақтардың, орман массивтерінің, шабындық және жайылымдық алқаптардың аумақтарының азаюы; топырақты, суды және басқада нысандарды мекендеушілердің биологиялық қатынастарының бұзылуы; құнды жабайы, азық-түлік және дәрілік дақылдардың, балдырлардың және басқа да тағамдық және дәрілік субстраттардың азаюы немесе жойылуы; сирек әрі пайдалы жәндіктердің, балықтармен құстардың және жануарлардың санының азаюы.

Экологиялық тұрғыдан таза, сапалы тағам өнімдерін, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін (шошқа, құс еттері, жұмыртқа) өндіру үшін жануарлар сапалы азықпен қамтамасыз етілуі қажет. Дамыған Еуропа елдері мен Канадада халықтың 40-60% экологиялық таза тағам өнімдерін тұтынады, ал Кравченко Л. В. деректеріне сүйенер болсақ ТМД елдерінің құрамындағы Белорусь республикасында бұл көрсеткіш 2002 жылы не бары 10-12% ғана құрайды [16, 17] .

Мал шаруашылық және өсімдік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігі және сапасы оның құрамындағы ауыр металл тұздарына байланысты болып келеді. Ауыр металл тұздарына 40-тан астам химиялық элемент кіреді, сонымен қатар осы топтың кейбір элементтері (мыс, мырыш, кобальт, темір, молибден, марганец және т. б. ) ферменттік жүйенің негізгі құрамы болып ағзаның маңызды үрдістеріне қатысады. Бұл заттардың жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы қауіптілік тудырады, өйткені тірі ағзаларда алмастырылмайтын элемент болып табылады. Аздаған мөлшерде тыңайтқыштар ретінде және минералды азық ретінде ауыл шаруашылығында қолданады. Ауыр металлдар деп-концентрациясы жоғарылағанда атайды. Ауыр металл тұздары адам мен мал ағзасына келесі жүйе арқылы түседі: топырақ-өсімдік-мал-адам. Ауыр металл тұздары тікелей және жанама әсер етеді [1, 2, 18] .

Металл иондары жанды жүйе ағзаларының қажетті құрамдастары болып табылады, өйткені олар металлорганикалық қосылыстар түрінде тотығу тотықсыздану реакцияларында, жүйке импульстарына қатысты үрдістерінде катализатордың ролін атқарады, сонымен қатар оттегінің өкпе альвеолаларынан жасушаға тасымалдануын қамтамасыз етеді, энергияның химиялық аккумуляторы деп аталатын аденозин үш фосфорлы қышқылдың күрделі молекулаларының түзілуі кезінде электрондардың бір атомнан екінші атомға бағытталған қозғалысына және зат алмасу процестеріне де қатысады [19, 20] .

Адам қанында 62-ге жуық металл элементтері табылған. Сондықтан қазіргі уақытта адам ағзасының қалыпты жұмысы үшін көптеген металдардың белгілі бір шамасының болу қажеттігі анықталды. Металл мөлшерінің жеткілікті қалыптан артуы немесе төмендеуі сияқты ауытқулардың болуы жасушалардың жетілуін бұзады, ол өз кезегінде ағзаның бірқатар функцияларының өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, ағзада қажетті темір және кобальт мөлшерінің кемуі ауыр зардаптарға әкеледі [21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Әртүрлі құс еттерінің химиялық құрамы
Байзақ ауданның топалаң жағдайларына талдау
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке
Павлодар облысының табиғи ресурстары мен оларды дамытудың проблемалары
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Қазақстандағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz