Инфляцияға қарсы саясат



Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығынң ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан
елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті.
Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше
шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл
дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы
АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа
бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн.
Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар
мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал
жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп,
салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның
қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып,
экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны
өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік
саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік
қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі
төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға
салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет
көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты
бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығынң ұлғаюы
үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-
несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей
бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. ОЛ айналымдағы
ақша санын және қарыз процентінің ставкасынөзгертеді. Ақша-несие саясаты
экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады,
басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты
тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданылады. Өйткені экономикалық өсуді
ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы
төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан
инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни
жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша
инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи
деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ-ні 4%-ке кемітеді.
Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері
60-жылдардан бастап, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде.
Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте
рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан
туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты
проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы
экономикалық реттеуде тиімсіз етеді.
АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын жоққа шығарды. Мұнда 1971 – 1974
жылдарда үкімет жалақы мен баға деңгейіне тікелей бақылау жүргізді. Одан
кейінгі жылдарда бұл мәселеде тек кеңес берумен ғана шектелуде. Ал үкімет
басына Р. Рейганның республикалық әкімшілігі келісімен аталған мәселелермен
шұғылданатын үкімет мекемесі жойылды.

Инфляцияның себептері және түрлері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныспен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет
көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7
% - ке, 1979 жылы - 9 % - ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының
өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға,
ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен
экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге,
ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок
коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына
және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің
әсері болады.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағанының өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фразаларының өту барысында (әсіресе 19-20
ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі”) бағаларының динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсу дағдарысымен депрессия
фразасында төмендеп, жандау кезінде баға тағыда көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Мемлекетің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның түрлері. Инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Инфляциялық процес
Пәндер