Шатыршагүлділер тұқымдасы


Кіріспе
1. Шатыршагүлділер тұқымдасына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Шатыршагүлділер тұқымдасы түрлерінің құрылымы мен көбеюі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Шатыршагүлділер тұқымдасының шаруашылық мәні ... ... ... ... ... ... ..11
2. Шатыршагүлділердің кейбір түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1. Аскөк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Ақжелкен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Балдыркөк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.4. Жасылша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.5. Зире ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.6. Сасыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.7. Улы утамыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apіaceae; Umbelliferae Juss) – қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе Солтүстік жарты шардың тропиктік емес аймақтарында таралған. 300-дей туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі кездеседі. Ал Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 82 туысы, 227 түрі белгілі.
Шатыршагүлділер тұқымдасы қарапайым және күрделі қолшатырлы гүлшоғыры арқылы оңай анықталады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, көбінесе ақ, кейде сары немесе көгілдір, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты, тостағаншасы білінер-білінбеc, бір гүланалық (гүлдің тозаң арқылы ұрықтанып кейін тұқымға айналатын бөлімі) – екі жеміс жапырағынан тұрады, түйін (гүл қауашағының тұқым шығардағы төменгі жағы) – жартылай төменгі, екі ұяшықты. Екі гүлсерікті, аналық; бес гүл тостағаншасының жеке жапырағы, кішкене тіс бейнесінде; гүлдің тәжі бес бос жапырақты, көп бөлігі жүрек тәріздес немесе басы гүлдің ішкі жағына бүгілген.
Жемісі екіге бөлінген жастықша секілді, үстіңгі аналық мойын (stylopodium) деп аталатын – екі бөлікті ұрықша, сондай-ақ оның жазықтық бөлігі жеміс жапырақшасының жетілу жазықтығымен келіседі және екеуінің де жаңғақ тәріздес тұқымдығы (тұқым) көптеген тектерде үстіңгі орталық аналық мойыны (carpophorum) ұзын, кәдімгі екі бөлікті жіпшелерден құралады, гүлсабақтың тікелей жалғасуы қостұқымша деп аталады. Ажырату барысында жемістің көптеген мәні бар. Жемістің әрбір жартысында, яғни әрбір тұқымдықта бестен аз немесе көп кішкентай қабырғалар орналасқан, басты қабырғалар (juga primaria), атап айтқанда: үшеуі тұқымдықтың арқасында, «арқа қабырғалары» және екеуі қырында, жазықтыққа жақын тұқымның тармақтануы – «қырлы және шеткі қабырғалар»; кейбір тектерде, осы қабырғалардан басқа, тағы 4 қосалқы қабырғалар (juga secundaria) болады, олар басты қабырғалар арасында орналасады. Осы қосалқы қабырғалар қуысында, ал
1. Ботаника, Ә.Ә. Әметов – Алматы, 2000 ж – 377 бет
2. Ботаника, И. Андреева – Москва, 2002 г
3. Ботаника: систематика высших или наземных растений, М. Соловьева, А. Еленевский, В. Тихомиров – Москва, 2006 г
4. Иллюстрированный определитель растений Средней России, 3 том, И.А. Губанов және т.б. – Москва: Т-во науч. изд. КМК, 2003 г
5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
6. Қазақ Энциклопедиясы, 2 том
7. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
8. Растения. Полная энциклопедия – Москва, 2007 г
9. Справочное пособие по систематике высших растений, Н. Забинкова, М. Кирпичников – Москва, 2004 г
10. Токсикология, Е.М. Қорабаев, Н.А. Заманбеков, Ә.М. Өтенов, Б.Д. Айтжанов,
11. Н.К. Көбдікова, А.А. Байниязов – Алматы, 2011 ж – 224 бет
12. Флористический кадастр Западно–Казахстанской области, К.М. Ахмеденов, Н.М. Умбеткалиев – Уральск, 2008 г – 76 бет
13. Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона (82 т. и 4 доп.), 1890 – 1907.

Пән: Биология
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 31 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру кафедрасы

ГЕОБОТАНИКАДАН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шатыршагүлділер тұқымдасы

Оқытушы: Ахмеденова С.Г.
Білім алушы: Дюсенова С. Р.
Мамандық: Жерге орналастыру
Топ: ЗУ-21

Орал 2013

Мазмұны
Кіріспе
1. Шатыршагүлділер тұқымдасына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Шатыршагүлділер тұқымдасы түрлерінің құрылымы мен көбеюі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Шатыршагүлділер тұқымдасының шаруашылық мәні ... ... ... ... ... ... ..11
2. Шатыршагүлділердің кейбір түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Аскөк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Ақжелкен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3. Балдыркөк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4. Жасылша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.5. Зире ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.6. Сасыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.7. Улы утамыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Кіріспе

Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apіaceae; Umbelliferae Juss) - қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе Солтүстік жарты шардың тропиктік емес аймақтарында таралған. 300-дей туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі кездеседі. Ал Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 82 туысы, 227 түрі белгілі.
Шатыршагүлділер тұқымдасы қарапайым және күрделі қолшатырлы гүлшоғыры арқылы оңай анықталады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, көбінесе ақ, кейде сары немесе көгілдір, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты, тостағаншасы білінер-білінбеc, бір гүланалық (гүлдің тозаң арқылы ұрықтанып кейін тұқымға айналатын бөлімі) - екі жеміс жапырағынан тұрады, түйін (гүл қауашағының тұқым шығардағы төменгі жағы) - жартылай төменгі, екі ұяшықты. Екі гүлсерікті, аналық; бес гүл тостағаншасының жеке жапырағы, кішкене тіс бейнесінде; гүлдің тәжі бес бос жапырақты, көп бөлігі жүрек тәріздес немесе басы гүлдің ішкі жағына бүгілген.
Жемісі екіге бөлінген жастықша секілді, үстіңгі аналық мойын (stylopodium) деп аталатын - екі бөлікті ұрықша, сондай-ақ оның жазықтық бөлігі жеміс жапырақшасының жетілу жазықтығымен келіседі және екеуінің де жаңғақ тәріздес тұқымдығы (тұқым) көптеген тектерде үстіңгі орталық аналық мойыны (carpophorum) ұзын, кәдімгі екі бөлікті жіпшелерден құралады, гүлсабақтың тікелей жалғасуы қостұқымша деп аталады. Ажырату барысында жемістің көптеген мәні бар. Жемістің әрбір жартысында, яғни әрбір тұқымдықта бестен аз немесе көп кішкентай қабырғалар орналасқан, басты қабырғалар (juga primaria), атап айтқанда: үшеуі тұқымдықтың арқасында, арқа қабырғалары және екеуі қырында, жазықтыққа жақын тұқымның тармақтануы - қырлы және шеткі қабырғалар; кейбір тектерде, осы қабырғалардан басқа, тағы 4 қосалқы қабырғалар (juga secundaria) болады, олар басты қабырғалар арасында орналасады. Осы қосалқы қабырғалар қуысында, ал олардың жоқтығында - тұқымдық жағындағы басты қабырғалар арасында, атыз астында (valleculae), эфир майларымен майлы түтіктер (vittae) орналасқан, көбінесе әрбір атыз астында бір-бірден; осы түтіктерден басқа көбінесе әрбір тұқымдықта, олардың өзара жанасу (дәнекерлену) жағында тағы да 2 майлы түтіктен орналасқан, сондықтан осы жағдайларда әрбір тұқымдықта 6 түтіктен орналасқан.
Тұқымның көп бөлігі жеміссерікпен бітісе өседі. Ол үлкен майлы ақуызбен (endospermum) болады; ұрық осы ақуыздың үстінде орналасады. Ақуыздың пішіні осы тұқымдасты жіктеу үшін көп мағынаға ие, ол үш бөлімге ажыратылады:
1) Orthospermeae - ақуыз дәнекер жағында жазық немесе дөңес;
2) Campylospermeae - ақуыз дәнекер жағында ойыс, ондай ақуыздың көлденең кесілген кесілген жері орақ тәрізді пішінді;
3) Coelospermeae - ақуыз дәнекер жағында ойыс (көлденең, сондай-ақ бойлай кесілген жерінен бүгілген).
Шатыршагүлділердің жеке өкілдерін бір-бірінен ажырату қиын: олар ақуыз бен жемістің пішінімен, қабырғалар, майлы түтіктер арқылы, сондай-ақ бүркеніш пішінімен, гүл тостағаншасы, гүл тәжі және тағы да басқа арқылы анықталады. Шөпті шатыршагүлділердің сабағы іші қуыс аралық түйінді. Жапырақтары алма-кезек орналасқан; олардың саптары негізінен кеңейеді, сабақтары қойындасады және жиі үлкен іскен қынабы жабдықтанады. Гүлшоғыры күрделі не жай шатырша немесе шоқпарбас. Жәндіктермен тозаңданады. Жемісі - тұқымша, жаңғақша. Тұқым - екі бөлікті ұрықша. Көптеген шатыршагүлділердің жапырақтары алашабыр-тілулі, көбінесе үлкен қабарған қынаппен.
Шатыршагүлділер тұқымдасының көпшілік түрі - пайдалы өсімдіктер. Араларында көкөністік түрлері (ботташық, сәбіз, балдыркөк, ақжелкек), техникалық маңызды түрлері (сасыр, кориандр), эфир майлылары (анис, зире, айован, кориандр, тмин, ажгон), дәрілік түрлері (аскөк, амми, сасыр, т.б.) және сәндік үшін өсірілетіндері (шоқсары, астранция, балдырған) бар. Шатыршагүлділердің арасында көптеген түрлері дәрілік өсімдіктер, әсіресе олардың құрамындағы кумарин және олардың туындылары (амми, аскөк, ферула) болуына байланысты. Кейбір түрлері адам және мал үшін өте улы - утамыр, убалдырған, арамшөп түрлері де көп (әлпен, бежір, скандикс), көптеген түрі - құнды жайылым шөбі және балды өсімдіктер.

1. Шатыршагүлділер тұқымдасына жалпы сипаттама
1.1. Шатыршагүлділер тұқымдасы түрлерінің құрылымы мен көбеюі ерекшеліктері
Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apiaceae немесе Umbelliferae) - Қос жарнақты - Magnoliopsida (Dicotyledones) классындағы Розида - Rosidae төменгі классына, Жабулы тұқым өсімдіктері Magnoliophyta (Angiospermae) бөліміне жатады.
Шатыршагүлділер арасында бір жылдық және көп жылдық шөптер әртүрлі бейнеде басым болады. Айтарлықтай сирек кездесетін бұл - талдар, ал бұталар және ағаш тәрізді өмірлік түрлер кейбір ғана тектерде (мирридендрон, гетероморфа, көкбасшөп, володушка) кездеседі. Бұл тұқымдастықта ағаш тәрізді түрлері екіншілік болып келеді.
Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай жөне құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларыңда кеңінен таралған. Көптеген алқаптарда, өсімдіктер қауымдастығының негізгі компоненттері болып табылады, әсіресе климаты кұрғақ аудандарда. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұтақты немесе жартылай бұтақты. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м, ал диаметрі 6 см дейін барады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты немесе бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағыңда аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы. Осы үлкен және кең таралған тұқымдастың туыстарының барлығы бір-біріне өте жақын. Ол бұлардың сыртқы ұқсастығынан, әсіресе вегетативтік органдарының құрылысынан айқын байқалады.
Гүлінің формуласы: .
Тұқымдастың классификациясын жасағанда және анықтағанда, жемісінің құрылысы ең маңызды рөл атқарады. Жемісі пісіп-жетілген кезде, екіге ашылмайтын, бір дәнді жартылай жеміске бөлінеді. Мұндай жемісті тұқымша деп атайды, ол екіге бөлінген карпофораның басында ілініп тұрады. Тұқымшаның сыртыңда 5 тікесінен орналасқан қабырғалары болады. Жемісқапта оларға, бес өткізгіш шоғы сәйкес келеді. Бұл алғашқы қабырғалар. Олар барлық түрлерде айқын байқалмайды. Қабырғаларының арасында атыздары орналасады, олардың арасында май жолдары болады. Кейде атыздардың орнына, екінші реттік қабырғалары пайда болады. Олар алғашқы қабырғалардан, жемісқаптарында өткізгіш шоқтарының болмауымен оңай ажыратылады. Май жолдары тұқымша жағында да болады. Бірақ ол әдетте, жемістің қақырайтын жағынан басталады. Жемістің қақырайтын жағындағы бөлігіндегі, дәннің эңдоспермінің үсті жалпақ немесе дөңес, орақ тәрізді немесе ойыс болуы мүмкін. Бұл жемістің көлденең кесіңдісінен жақсы байқалады.
Орталық және Оңтүстік Американың таулы баурайларында кездесетін мирридендрон тегінің ағаш тәрізді түрлері 5 метр биіктікке дейін жетеді. Бұталы шатыршагүлділер арасында біразы ғана 5-6 метрге жететін Шығыс- және Оңтүстік Африкалық ағаш тәріздес гетереморфа бар.
Көпжылдықтар поликарпиктер сияқты бірнеше жыл ішінде өсетін және жеміс беретін болып, сондай-ақ монокарпиктер сияқты жемістенуден кейін түгелдей тозылатындар болып ұсынылады. Әдетте, 3-15 жылдар арасында көпжылдықтар-монокарпиктер тек жертаған жапырақтарының табақшасын, нәрлі заттарды қабықта жинақтап құрады, ал одан кейін қуатты гүлденген сабақ өседі. Оларға, сонымен қатар Орталық және Батыс Азияның шөлейт және аласа таулы жерлерінде таралған сасыр тегінің көп түрлері жатады.
Шатыршагүлділер арасында қалың жастық тәріздес шымды түрлер де бар, мысалы, азорелланың сансыз көп түрлері. Олар шымдарды көлденең бойымен 4 метрге дейін құрады. Биік таулы Оңтүстік Американың Анд және Антрактикада таралған. Әсіресе, оларға осы керемет тектің 30 түрі кездесетін Чили бай, сырттай солтүстік жарты шарының жастыққұрушы тасжарғышына өте ұқсас болып келеді. Азорелла селаго Антарктикадағы Кергелен аралының аз гүлді өсімдіктерінің бір түрі болып табылады және ол оның маңызды құрлық бөлігін жабады. Сондай-ақ ергежейлі сабақсыз немесе сабассыз дерлік біржылдықтар кездеседі, мысалы, Күнгей Кавказ аймақтарында кездесетін сабақсыз хохенакерия.
Сабақтары әдетте тік тұрған, кейде жатулы, көбінесе іші бос аралық түйінмен, өзектің ерте бүліну арқасында; аралық түйіндер көбінесе атызды немесе қабырғалы. Тіпті шөпті пішіндерде сабақтарының биіктігі 3 метрге жетеді.
Кейбір түрлердің сабақтары дара, тік, үстіңгі бөлікте қисық үске бағытталған және шамадан тыс асқан негізгі бұтақты бүркеніш жіңішке бұтақпен (атыз тұқымдық көп бөліктенген); басқа сабақтарда іргесінен бұтақты көлденең дерлік тарбитылған немесе тікелей үске қыруар бұтақтармен бағытталған (жазық тырнашөп).
Шатыршагүлділердің көбінде сабақтары цилиндрлі, сәл ғана атызды, түйіндерінде аз ғана буынды бүгілген (Бессер сәбізшөбі). Сабақтары жиі жалаңаш, жалтыраған (жазық тырнашөп) немесе сәл ғана бұдырлы (батпақты аналық), кейбір өкілдерінде төменгі бөлігі қалың және қылшықты-жіптесін қылмен қорғалған, ортаңғы бөлігі - тым сирек қылшықты, үстіңгі бөлігі - жалаңаш. Кей жағдайларда көкшіл сұр тұтпен басылған; сабақтары не жасыл, не қою күлгінге бояулы (жазық тырнашөп), негізі қоңыр-күңгіртпен бояулы болуы мүмкін.
Батпақты және жағадағы шатыршагүлділердің көбінің түйіндері төселген және тамыры жайылған сабақтары бар. Мысалы, кәдімгі қалқан жапырақтының және жайылмалы болып өсетін батпақты шатыршаның еуропалық түрлері.
Шатыршагүлділердің арасындағы өсімдіктердің көбі өзекті тамырмен болады. Тамырының қалыңдығы, әдетте, 1-2,5 см, тік немесе көтеріліп келе жатқан, үстіне қарай жуанданған (көп сабақты триния) немесе ұршық тәріздес (көп бөліктенген атыз тұқымдық). Кейбір өкілдің тамырлары жуан, ұзын, тік бағытты немесе тамырлары шашақты, жіңішке, қалыңдығы 2 мм аспайды (көкшіл сұр жапырақты сужелкек).
Шатыршагүлділердің көбіне түрленген өркен тән. Тамырсабақты өсімдіктер кең таралған. Нағыз мысал ретінде цикута (жапырақты улы өсімдіктің бір түрі) қызмет етуі мүмкін. Оның жуан тік бағыттағы тамырсабағы бар. Жер асты өркендері жайылмалы болып келетін өкілдері де бар (көкшіл сұр жапырақты сужелкек, кәдімгі сныть).
Шатыршагүлділер өкілдерінің көбінде түйнек тәрізді, жуандатылған тамырлары бар, ал кейбіреулерінде нәрлі заттар жиналады. Жиі кездесетін жеке түйнектер не жердің үстіңгі бетінде (мысалы, екіжылдық Прескотта баттауығында), не жердің астында орналасады (мысалы, буниум тегінің түрлерінде). Түйнек тәріздес шоғының жуандатылған тамырларында омежниктің кейбір түрлері бар.
Шатыршагүлділердің жапырақтары, әдеттегідей, кезекті, қарапайым, бірақ өте қатты бөлшектелген; жапырақ алақаны сирек бүтін болып келеді; кеңейтілген немесе сопақ қынабы жиі жақсы жетілген. Шатыршагүлділер жапырақтары әдетте бөбежапырақсыз, бірақ кейбіреулерінде бар. Қалқан жапырақты түрлерінде сабының негізінде кішкентай бөбежапырақтар бар. Басқа сирек кездесетін ерекшелік - жапырақтарының қарама-қарсы орналасуы - Америка түрлерінің 2 шағын тектерінде кездеседі: бовлезии және спананте, сондай-ақ Канар аралдарындағы эндемикте - қарама-қарсы друздар.
Бүтін және шеткі бүтін жапырақтар көптеген түрлердің володушка тектерінде қынапсыз кездеседі. Олардың жапырақ алақаны, әдетте, параллельді немесе доғалы талшықты; жіңішке сызықтыдан жүрек тәріздіге пішіні түрленеді, ал кейбір түрлерде үстінгі жапырақтар тіпті түйрелген сабақты бола алады. Жапырақты алақандардың толық редукциясы біз тәріздес орта талшыққа дейін тек шатыршагүлділер арасындағы лилиеопсис түрлерінде кездеседі - төселмелі батпақты өсімдіктер, Америка, Австралия, Жаңа Зеландияда таралған.
Шатыршагүлділердің кейбір түрлерінде жапырақ алақаны бүтін, бірақ шеттері тісті. Қалқан жапырақты түрлерде олар жұмырланған пішінді және ұзын сабта орналасады, сонымен бірге бұл тектің жалғыз еуропалық түрінде - кәдімгі қалқан жапырақтыда - жапырақтары қалқан тәріздес болып келеді. Өте ұсақ, тығыз орналасқан, бүтін және шеткі бүтін жапырақтарында азорелла және басқа да Оңтүстік Америкалық биік таулы шатыршагүлді түрлері бар.
Көкбасшөптің кейбір түрлері және Австралиялық-Жаңа Зеландиялық ацифилл тектері екі қатарлы орналасқан, шетінен тікенекті-тісті, ланцетті немесе сызықтық жапырақтар. Оңтүстік Америкалық кампос (саванна тәріздес өсімдіктер) түрлері де бірқилы - елекшөп тәрізділер тұқымдасы көкбасшөп және мамықшөпті көкбасшөп қатты жіңішке-сызықты жапырақтармен, ұзындығы 80 см-ге дейін және ені 5 мм-ге дейін жетеді, сонымен қатар Чилиден жалған елекшөп тәрізділер тұқымдасы көкбасшөп, көлденең аралықты іші қуыс жіңішке-сызықты жапырақтары бар. Өте етті жапырақтар көкбасшөптің бірнеше түрлерінде және тағы да басқа түрлерде де бар, әдетте, галофильді тектерде; мысалы, ТМД, Қырым және Кавказда белгілі Жерорта теңіздік литоралдық тектің критмум түрі. Шатыршагүлділердің көбінде ұсақ гүлдер бұл тұқымдастыққа өте тән гүлшоғырға - күрделі бүркеніштерге жиналған. Көптеген тектердің қарапайым бүркеніштерінде гүлдері бар, түрдің майда ағаштылар тектерінен бүршік тәріздес гүлшоғырларға айналуы. Көкбасшөптің қыруар түрлеріне гүлшоғырдың тығыз бүршіктері тән, мұнда әрбір гүл негізінде ілмешек (гүлдің тап түбіндегі кішкене жапырақтар) бар. Оңтүстік Африкалық әдемі тісті центеллада және Батыс-Австралиялық ксантозияда гүлдері жекеленген.
Қарапайым және екіншілік шатыршагүлділер негізінде кішкентай жапырақтар бар, олар жеке орама құрады және сыртқы гүлдердің ілмешегі болып табылады. Ішкі гүлдер, әдеттегідей, ілмешектерден айырылған. Егер біріншілік нұрлардың күрделі бүркеніштерінің негізінде жоғарғы ұшы түрленген жапырақтар болса, онда олар күрделі бүркеніштің жалпы орамасын немесе жай орамасын жасайды. Ораманың жапырақтары, әдетте, бүтін және шеткі бүтінді болады, бірақ та кейбір тектерде, мысалы, сәбізде, олар шашыранды-тілулі бола алады. Жеке орамалардың жапырақтары және қарапайым бүркеніштердің орамалары өз араларында әртүрлі бітісулі және ашық бояулы болу мүмкін, бұл жағдайда ол өзіне тозаңдатушы құрт-құмырсқаларды баурайды.
Шатыршагүлділер тұқымдасын, әдетте, тұқымның құрылымына байланысты 3 тұқымдас тармаққа және бірқатар түрлерге бөледі:
:: қалқан жапырақтылар - Hydrocotyloideae;
:: майда ағаштылар - Saniculoideae;
:: балдыркөкті немесе шатырша тектілер - Apioidea.
Қалқан жапырақтылар тұқымдас тармағы аралдықтарға ең жақындаған және кейде ерекше тұқымдасқа бөліп, сүйекті тұқым тәріздес жеміссеріктің ағаш сияқты ішкі қабатмен - эндокарпиямен сипатталады. Яғни, бос карпофораның және майлы түтіктердің болмауына байланысты (немесе соңғылары басты қабырғаларда орналасады). Көбі оңтүстік жарты шарда, тропик тауларында жиі өсімдік жамылғысы маңызды рөл атқаратын жерлерде, олардың 30 тек және 400 түрге жақын тұқымдас тармақтары таралған (мысалы, азорелланың түрлері).
Майда ағаштылар тұқымдас тармақ өкілдері өзінің кейіпінен бірқатар өзгеше шатыршагүлділер тектертерін қосады (көкбасшөп, астращия, лагеция, петагния, т.б.). Бұл тұқымдас тармақтың гүлдері күрделі бүркенішпен емес, қарапайым бүркеніш немесе бүршік болып жиналған. Майда ағаштылардың 9 тегінің және 300 тарта түрінің ішіндегі көбі тропиктің таулы аймақтарына және Оңтүстік Африкаға кіреді.
Балдыркөкті немесе шатырша тектілер тұқымдас тармағы көптеген тектермен және түрлермен тек қана солтүстік жарты шардың тыс тропиктік елдерінде кездеседі. Тұқым құрылысының негізгі айырмашылығына байланысты тұқымдас тармақ 8 трибқа бөлінеді: тікенекті-тұмсықтылар, скандикстықтар, күнзеліктер, сымдалдықтар, аммилықтар, сасыршөптілер, айдындықтар және сәбізділер.

1.2. Шатыршагүлділер тұқымдасының шаруашылық мәні
Шатыршагүлділер өте көрнекті өсімдіктер, олар өсімдік жамылғысының бірігуінде маңызды рөл ойнайды және ландшафтқа өзгеше ерекшелік береді. Шатыршагүлділердің көбі азықтық (көкөністік және татымдық басымырақ), дәрілік, жемдік және техникалық өсімдіктер ретінде үлкен шаруашылық мәнге ие. Олардың арасында егіс науқанды сәбіз (Daucus sativus) - негізгі көкөніс дақылдарының бірі болып табылады. Сәбіздің тамыр жемістері витаминдерге өте бай (әсіресе, А витаминдер негізімен - каротинмен) және оларға ерекше сәбіз иісін беретін эфир майымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар сәбізді емдәмдік тағамда қолдану, авитаминозды, қаназдықта емдеуде үлкен мәні бар. Дақылдар қатарына ол Жерорта теңізі елдерінде 4000 жылдай бұрын дәрілік, ал кейін азықтық және жемдік өсімдік ретінде енгізілді.
Көкөністік және татымдық өсімдіктер ретінде ақжелкен (Petroselium crispum) және балдыркөк (Apium graveolens) кеңінен өсіріледі. Олардың тамыр жемістерін ғана емес, сондай-ақ жапырақтарын да тағамға қолданады. Олар, әсіресе, С витаминына бай.
Аскөк (Anethum graveolens) те азықтық және дәрілік өсімдік ретінде кеңінен танымал болып табылады. Тағамға оның С және басқа да витаминдерге бай жапырақтарын қолданады. Сонымен қатар оны көкөністі консервілеу кезінде хош иісті дәмдеуіш және татымдық ретінде қолданады. Жемістің қайнатпасы мен тұндырмасы медицинада тәбетті жақсарту үшін және тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады.
Эфир-майлы өсімдіктер негізіне күнзе жатады. Жемістерінің құрамында 0,2-1,4% эфир майы және 28% құнарлы май бар. Күшті жұпар иісті және өткір дәмді тамыр бойындағы гүлөрнек жапырақтары және күнзе жемістері егістік күнзе немесе кинза деп аталады. Олар Орталық Азияда және Күнгей Кавказда ерте заманнан бері тағамға дәмдеуіш ретінде кеңінен қолданады. Ежелгі Мысырда күнзе біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын өсірілген.
Құнды эфир майы алынатын дақылдарға, сондай-ақ зире (Carum carvi) және бәден (Anisum vulgare) жатады. Олардың жемістері, тамырлары және жапырақтары дәмдеуіш ретінде, ал эфир майлары медицинада және парфюмерияда қолданылады.
Сәбіз туысы (морковь -- Daúcus). Сәбіздің 60-тай түрі бар. Көпжылдық, екі жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдік.
Еуропада, алдыңғы Азияда, Африкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда жабайы сәбіз деген бір ғана түр кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сорттарының ұзын, сиректеу қысқа, ашық сары немесе қызғыш-сары түсті тамыржемістері болады. Малға беретін сорттарының тамыр жемістерінің түсі ақ немесе ақшыл-сары болып келеді және салмағы 2 кг дейін барады. Одан басқа сәбіз витамин өндірісінде аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) және С, В, В2 витаминдері жиналады.
Боршевик туысы. Дүниежүзі бойынша 70-тей түрі бар, Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 36 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Европаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. Бұрынғы одақтас республикалардың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктердің қатарына жатады.
Сібір борщевигі (борщевик сибирский) -- биіктігі 1 м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қауырсынды тілімделген болып келеді. Кәдімгі борщевик -- биіктігі 1 м-ге дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы үш-құлақ больш келеді және улы өсімдіктердің қатарына жатады.
Көкөністі шатыршагүлділердің ішінен сүйментамырды (Levisticum officinale), ботташықты (Pastinaca savita), фенхельді (Foeniculum vulgare), жасылша баттауықты (Anthriscus crefolium) айтып кету қажет.
Көптеген жабайы өсетін шатыршагүлділерді (мысалы, сныть) салаттар дайындау үшін қолдануға болады. Шатыршагүлділердің айован (Trachyspermum ammi), амми (Ammi visnaga), миррис түрлері дәмдеуіш және эфир майы алынатын дақылдар ретінде өсіріледі.
Дәрілік шатыршагүлділер ішінен азиялық центелланы атап кету қажет. Оңтүстік Азияда алапеске, шораяққа және тері ауруларына қарсы дәрі ретінде ертеден бері қолданылып келеді. Сонымен қатар сасырдың кейбір түрлерінің (әсіресе, парсы тамыры - Ferula assa-foetida) қатайған шырыннан бағалы дәрілік препараттар дайындайды.
Кейбір балдырғанның алып түрлері мәдениетке жемдік және сәндік өсімдіктер ретінде енгізілген. Саябақтарға және альпинарияларға жарамды астранция және володушканың кейбір түрлерінің сәндік мәні бар, сонымен қатар көкбасшөптің кейбір түрлері құрғақ гүлшоқтары үшін құрғақ күйінде өзінің реңкін сақтайды.
Шатыршагүлділер арасында кейбір түрлер өте улы және адам мен малға қауіпті. Олардың арасында, әсіресе әйгілі сулы-батпақты утамыр және убалдырған.
Батыс Қазақстан облысында кең таралған өсімдіктердің
қазақша, орысша, латынша аттары
Шатыршагүлділер тұқымдасы (Зонтичные) - Apiaceae (Umbelliferae)
Сеппе сәбіз
Морковь посевная
Daucus sativus
Бақшалық ақжелкен
Петрушка огородная
Petroselinum crispum
Балдыркөк
Сельдерей
Apium
Аскөк
Укроп
Anethum graveolens
Боттамық
Пастернак
Pastinaca
Утамыр
Вех ядовитый
Cucuta virosa
Убалдырған
Болиголов крапчатый
Conium maculatum

2. Шатыршагүлділердің кейбір түрлері
2.1. Аскөк
Аскөк, укроп (лат. Anéthum) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жалғыз ғана түрі - иісті аскөк немесе бақша аскөгі (Anethum graveolens) (3 сурет). Шыққан жерлері - Сирия, Түркия, Үндістан. Аскөк ертеден бері бүкіл Еуропада және Солтүстік Африкада егіледі және өсіріледі. Жабайы түрі Кіші Азияда, Солтүстік Африкада, Иранда, Гималайда кездеседі. Қазақстанда иісті аскөк өседі. Бақша өсімдігі ретінде кеңінен таралған.
Аскөк борпаң, ылғалы жеткілікті топырақта жақсы өседі. Ылғалдылықты сүйеді, бірақ ойпаң, аса дымқыл жерлерде сусоқтанады және опат болады. Оны ашық және қорғаулы жерлерде өсіреді. Ашық жерде оның көгін алу үшін өсіргенде, көбінесе оны басқа дақылдарға жиілеткіш егіс (негізгі дақылдың тұқымына аскөк тұқымының 5-10 % араластырады) ретінде пайдаланады. Көгін 2-8 жапырақ кезінде пайдаға асырады.
Жемісті өсуі үшін жылы немесе ыстық жаз және көп күн сәулесі түсуі керек; тіпті азғантай көлеңке өнімді азайтып жібереді. Сонымен қатар мол, жақсы қопсытылған топырақ болғаны жөн. Тұқым 3 - 10 жыл ішінде тіршілікке икемді. Асыранған өсімдіктердің кейін отырғызуға арналған тұқымын фенхелдің қасына орналастыруға болмайды, себебі бұл екі түр гибрид беруі мүмкін.
Өсімдік өткір хош иісті. Сабағы дара, тік, тармақты немесе қарапайым дерлік, биіктігі 40 - 150 см, жұқа атызды, түспеген, қою жасыл, үстіңгі бөлігінде тармақты, тармақтар арасы бүгілген. Жапырақтары үш-төрт шашыранды-тілулі, жұмыртқа тәріздес, соңғы реттің жарнақтары сызықты-жіпше немесе қыл тәрізді. Астыңғы жапырақтары қысқа шыбықты, ұзындығы 1,5 - 2 см ұзынша қынапқа кеңейтілген; үстіңгі жапырақтары отырулы, қынапты. Қос шатырлары ірі, диаметрі 15 см жетеді, 20 - 50 - сәуле тәрізді. Гүлдері диаметрі 2 - 9 см болатын кішкентай шатыршаларға жиналған. Гүл тостағаншасының өркештері қысқа; гүл күлтелері сары түсті; кішкене бағанашалары ашық сары, жастық тәріздес; аналық мойыны өте қысқа, өсу кезінде тік, кейін түрулі; аналық аузы басты түйреуіш тәріздес. Жемісі - салпаң тұқымдық.
Тұқымы жұмыртқа тәрізді немесе кең эллипстік, ұзындығы 3 - 5 мм және қалыңдығы 1,5 - 3,5 мм, ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта 2 - 3 жыл бойы өседі. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жемістері шілде - қыркүйек айларында пісіп - жетіледі. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 - 12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын биіктігі 15 см-ге жеткенде 25 - 30 күннен кейін, ал тұқымдарын 80 - 120 күннен кейін жинап алады.
Аскөктің сұрыптары:
oo Армянский 269. БОӨШ ҒЗИ-ның Пушкин зертханасында армениядан әкелінген үлгіден сұрыптап шығарған. Орташа мерзімде піседі. өсінді кезеңі 78 тәулік. Бойшаң, жақсы жапырақтанатын өсімдік. Жапырағы ірі, жасыл түсті, сәл балауызды қағы бар. Шатыршалары дөңесті, көп жұлдызды. Хош иістілігі жақсы. Консерв өнеркәсібінде және үй жағдайында пайдаланады. Зиянкестермен және аурулармен зақымданбайды.
oo Каскеленский. Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Қою жасыл түсті, тұтынуға жарамдылығындағы өнімділігі - 83 цга, шатыршалары гүлдегенде - 67 цга.
oo Лесногородский. БОКДС және ТШҒЗИ-да шығарылған, қою жасыл түсті. Жапырақтануы өте жоғары, ұзақ сақталады. Тұтынуға жарамдылығындағы өнімділігі - 65-126 цга, шатыршалары гүлдегенде - 148-430 цга.
АСКӨКТІҢ АГРОТЕХНИКАСЫ. Аскөктің жеке егістігін булыжай маңайындағы жерлерде, булыжай маңайындағы арнаулы ауыспалы егістікке, қиды немесе көңді енгізгеннің келесі жылында орналастырады. Ерте егістіктерде ол көшетпен өсірілетін қызанаққа немесе қиярға алғы дақыл бола алады. Аскөкті ерте көктемде пиязбен және тамыржемістілермен бір мерзімде себеді. Кейде өте ерте - мұздақтың бетіне, тұқымын сіңірмей де себеді. Аскөкті ерте піскен орамжапырақты жинағаннан, сондай-ақ қыс алдында - қызанақтан, үрме бұршақтан, картоптан кейін де себеді (мұндайда тұқым қар астына өнбей кетуі керек). Қыс алдында себу өндірімді өте ерте қамтамасыз етеді. Арамшөпсіз танаптарға аскөкті жай қатарлап себеді, ал арамшөбі басым жерлерге кең қатарлап (45 см) немесе қос іздерді бір-бірінен 20 см, ал таспаларды бір-бірінен 50 см қашықтықта орналасатындай етіп себуге де болады. Көгі үшін сепкенде гектарына 20-25 кг тұқым жұмсалады, сіңіру тереңдігі - 2-3 см. Қысқа қарай сепкенде себу мөлшерін 25-50 %-ға арттырады. Сонымен бірге аскөк тұқымына ақсүттігеннің тұқымын қосады (0,5 кгга), олар ерте көктейді және қатарларды көрсетеді. Бұл, егістікті ерте күтіп-баптауға мүмкіндік береді. Аскөктің көгін ерте алу үшін оны пленка астында өсіреді.
Себер алдында аскөктің тұқымын суға шылайды және дымқыл күйінде жекелеген өскіндері пайда болғанша ұстайды, сосын оларды сәл құрғатқасын себеді. Аскөкті күтіп-баптау арамшөптермен және зиянкестермен күресуден, топырақты қопсытудан және суландырудан тұрады. Өсімдіктерде біті пайда болғанда темекі тұнбасымен өңдейді. 100 л суға 5-6 кг темекі немесе қара темекі тозаңын және 100 г қара сабын салады. Бір гектарға 500 л ерітінді шығындалады. Темекі тұнбасымен өңделген егістіктің аскөгін тамаққа, өңдегеннен он тәулік өткен соң және алдын ала суландырғаннан кейін пайдалануға болады. Аскөктің көгін биіктігі 10-12 см жеткенде, дегелек жапырақ кезеңінде пайдаланады. Өсімдіктерді тамырымен жұлып, байламдарға байлайды да, сауда орындарына жөнелтеді. Екінші мерзімде себілген аскөктің көгін кептіруге және тұздауға пайдаланады. Техникалық аскөкті гүлдегеннен кейін жинайды. Өсімдікті тамырымен жұлады және 2-3 кг бауларға байлайды. Ересек құрғақ аскөкті шатырша гүл шоғырымен және тұқымдарымен, топырақтан 3-4 см биіктікте кесіп алады. Жаңа аскөктің, жас, таза жасыл жапырақтары, жұмсақ сабағы және тамыршалары болуы керек. Көкөністі тұздауға пайдаланатын аскөкті, дұрыс қатармен - көгін көгіне, тамырын тамырына қарай орналастырып, бостау етіп 10 кг жәшікке салады. Қорғаулы жерде 1 м2 25-30 г тұқымды шашып немесе қатарларының арақашықтығын 10-15 см етіп себеді. Сіңіру тереңдігі - 0,5 см. Өнімділігі - 1-2 кгм3. Өсімдіктің биіктігі 20 см жеткенде жинайды. Өскіндері пайда болғанша температураны 20-22 оС деңгейінде, өскіндер пайда болған алғашқы 5-7 тәулік бойы, күндіз - 12-18 оС, түнде - 12-14 оС деңгейінде ұстайды. Аскөкті орташа мөлшерде суарады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 50-70 %.
АСКӨКТІҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Аскөкті тұқымға шатыршасының негізгі бөлігі күрең тартқанда жинайды: үлкен алқапта - комбайнмен тікелей, азырақтарын - қолмен. Тұқымды үйіндіден бірінші рет ВС-2 ұшырғыш-сұрыптағышымен тазалайды, соңғы тазалауын ОВС-10 немесе Петкус-Супер машиналарында жүргізеді. Тұқым өнімділігі гектарынан 6-7 ц. Тұқым өнгіштігін 2-3 жыл сақтайды. Бірінші санатты тұқымның тазалығы 98 %, екіншісінікі - 96 %, үшіншісінікі - 80 %. Үшінші санатты тұқымдағы басқа сұрыптар мен сирек будандардың қоспасы 2 % аспайды. Бірінші класты тұқымның өнгіштігі 60 %, негізгі дақылдың үлесі - 95 %, 1 кг тұқымдағы басқа өсімдіктердің саны 1500 дана, оның ішінде арамшөптердікі - 100 дана.
Дәрілік шикізат ретінде бақша аскөгінің жемісін қолданады. Тұқымдарын пісе бастаған кезде, олардың гүлшоғырларын кесіп алып жинайды. Гүлшоғырларды тұқыммен бірге аяғымен жоғары қағаз пакетке орналастырып, күн сәулесі жоқ, жылы, құрғақ жерге бір аптаға қалдырады. Содан кейін тұқымды сабақтарынан оңай айырады да, ауа кірмейтін ыдыста сақтайды.
Аскөктің жапырақтарында аскорбин және никотин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, сонымен қатар флавоноидтер - кверцетин, изорамнетин және кемпферол, көміртегі, пектиникалық заттар, минералды тұздар жиынтығы (темір, калий, кальций, фосфор және т.б.). Аскөктің дәндерінде 15 - 18% құнарлы майлар және 14 - 15% ақуыз бар. Құнарлы майлар құрамына петрозелин қышқыл (25%, 35%), олеин қышқылы (65%, 46%), пальмитин қышқылы (3,05%) және линол қышқылы (6,13%) кіреді. Өсімдіктің барлық бөлігінде оларға ерекше иіс беретін эфир майы - флавоноидтар бар. Эфир майы, әсіресе, аскөктің дәндерінде көп (2,5 - 8%). Эфир майлары - бұл ашық сары түсті, зиренің иісіндей жағымды, өте нәзік иісті сұйықтық. Дәндерден майдың негізгі құраушысы D-карвон (30 - 50%) болып табылады; бұдан басқа майда D-лимонен, α-фелландрен, α-пинен, дипентен, дигидрокарвон бар. Аскөктің шөпті бөлігінен алынған майы сәл жасыл түсті, аскөк иісті сұйықтықты білдіреді. Шөптен алынған эфир майының басты құрамдас бөлігі D-α-фелландрен болып табылады. Карвонның құрамы небәрі 15 - 16% жетеді. Бұдан басқа майда лимонен, диллапиол, миристицин, α-пинен, камфен, н-октиловый спирт бар.
Эфир майы мен әр түрлі витаминдер жиынтығының және минералдық заттардың болуы арқасында аскөкті тұтыну сөл бөлігін ас қорытатын темірлермен, ас қорыту жолы моторикасымен, тәбетті ашады, организмде заттектер алмасуын арттыруға жағдай жасайды. Сондықтан аскөкті емдәмдік қорек ретінде семіздікке қарсы, бауыр ауруларында, өт қабы, бүйрек, асқазан ауруларында, іш кебуде қолданған дұрыс.
Аскөк өте татымды, сергіткіш дәмді және иісті. Оны жаңа піскен, кептірілген немесе тұздалған түрде қолданады. Көкөністі косервілеу үшін хош иісті сірке суды дайындау, аскөк гүлдеуі немесе жемістенуі кезеңде болады. Кептірілген аскөк әртүрлі дәмдеуіштердің қосылыстарында және тағам әзірлеу үшін қолданылады. Аскөктің жас жапырақтарын молырақ тұздау мен кептіру арқылы ыстық және салқын тағамдарға хош иісті дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Дәндерін кондитерлік тағамдарға, шайға, маринадтауға, тұздауға, ашытқан қырыққабатқа қосады. Өсімдіктер құрамында фитонцидтер бар, сондықтан көкөністерді тұздау кезінде оларға хош иіс беріп қоймай, сондай-ақ көгеру мен бұзылудан қорғайды. Аскөктің эфир майлары азықтық, консервілеу және сабын қайнату өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Аскөк медицинада кеңінен пайдаланылады. Жапырақтары мен сабақтары тұндырмасынан гипертониялық аурулардың I, II деңгейіне қарсы және де несеп айдағыш ретінде қолданады. Аскөктің дәндері мен эфир майлары желқуар, булығу дәрісі, сондай-ақ тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады.Эфир майлары бронх бездерінің бөліктенген торларын тітіркендіреді, нәтижесінде бронх өңезі жеңілденеді. Дәндерінің тұндырмасын ішке жаққа геморройға қарсы дәрі ретінде, сыртқа жаққа жарақатты емдейтін және терінің аллергиялық қышынуында қолданады. Тұқымдарынан булығу әрекеті бар Анетин (кептірілген экстракт) дәрісі алынды. Ол созылмалы қан тамыры жетіспеушілігінде, алдын ала жүрек қыспасын ескерту үшін, қан тамырлармен бірге невроздарды емдеу үшін қолданады.
Түсіңкі қан қысымы бар адамдарға аскөкті тағамға, сонымен бірге оны дәрілермен қолдануға болмайды. Егер аскөкті шамадан тыс мөлшерде қолдансаңыз, онда талып қалуыңыз, уақытша көзіңіздің нашарлауы және жалпы күштің әлсіреуі байқалуы мүмкін.

2.2. Ақжелкен
Ақжелкен, петрушка (лат. Petroselínum) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Ақжелкенің таралу аймағы - Жерорта теңізінің маңы. Жабайы түрлері Испанияда, Грекияда және Алжирде кездеседі. Үй жағдайында ақжелкенді континеттік Еуропада (Скандинавиядан басқа) өсіреді. Америкада ақжелкенді Солтүстік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Шатыршагүлділер тұқымдасы»
Қалақайлар тұқымдасы
«Көкнәрлер тұқымдасы»
Асқабақ тұқымдасы
Астық тұқымдасы
Мысық тұқымдасы
«Шамшаттар тұқымдасы»
Қарағайлар тұқымдасы
Алабұталар тұқымдасы
Албырт тұқымдасы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь