Тайвань мәселесі туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы Вашингтон -Пекин-Тайбэй үштағанының қатынастары ерекше көңіл бөлуді талап етеді, өйткені олар тек қана аймақтаық қана емес, бүкіл дүниежүзілік тұрақтылыққа әсер етеді. 1894-1895ж. ж. жапон-қытай соғысы, Екінші дүниежүзілік соғыс және одан кейінгі азамат соғысы, соғыстан кейінгі әлемнің құрылуы және суық соғыс сияқты оқиғалармен байланысты тамыры американ-қытай қатынастарында жатқан Тайвань мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең жарылғыш мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін Қытай еш уақытта күш қолданудан бас тартқан емес және айнымайды да, мұндай болған жағдайада бұл мәселе ядролық қаруды қолдануды жоққа шығармайтын әлемдегі ең мықты және халық саны ең көп мемлекеттердің арасында соғыс туғызуы мүмкін.
ХХ ғасырдың басталуы осы үштағандағы биліктің ауысуымен тұспа-тұс келді. Тайваньда Чэнь Шуйбянь бастаған «Тайваньның тәуелсіздігін» ұран еткен оппозициялық партияның елу жыл билеген Гоминьданды ысырып биліке келуі және Қытайдағы Коммунистік Партияның «төртінші ұрпағының» ауысуы да Тайвань шығанағы арасындағы қатынастардың жаңа арнаға бет алғандығын көрсетеді. АҚШ-тағы Буш әкімшілігінің орнығуы да бұл мәселеге жаңа рең беруде. ДПП-ның билікке келгеннен кейінгі саяси сахнадағы алғашқы қадамдарынан-ақ оның «Тайваньның тәуелсіздігі» жолынан оңайлықпен таймайтындығын көруге болады. Қытай басшылығынынң төртінші ұрпағы да өзінің Тайваньға деген ұстанымын қатайтты.
ҚКП-ның айтуынша конституцияны қайта жасау арқылы Тайваньның құқықтық тәуелсіздігіне бағытталған Чэнь Шубяньның жікшілдік қызметін ушықтыру Тайвань бұғазы ауданында елеулі дағдарысқа ұрындыратыны сөзсіз және Азия-Тынық мұхиты аралығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиянын тигізеді. Демек Тайваньның құқықтық тәуелсіздігіне бағытталған Чэнь Шубяньның қызыметіне қарсы тұру және оны тыю осы кезеңдегі Тайваньға қатысты саясаттың аса маңызды және түбегейлі міндеті.
Чэнь Шуйбянь бастаған сепаратистерге қарсы күрес, бұл Тайвань бұғазы жағалаулары арасындағы бейбітшілікті жақтаған немесе оған қарсы болу таңдауларының арасындағы елеулі ұстасу, бұл жағалауаралық қатынастарының болашағын дамыту немесе күйрету жолындағы таңдаулар арасындағы елеулі ұстасу, бұл Тайвань бұғазының екі жағалауындағы отандастардың түбегейлі мүдделерінің пайдасы немесе залалы үшін әрекет ететін күштер арасында елеулі ұстасу. Чэнь Шуйбянь қасарыса ұсынған Тайванның тәуелсіздігін көздейтін радикалды бағыт Тайвань аралы мен Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы жанжалды ахуалды туғызды, мұның өзі Тайвань қоғамына қасірет-қайғы ғана төндіреді. Тарихи дамудың барысына 1, 3 миллиард қытай халқының еркі мен мақсат-мүддесіне қарсы жүретін адам сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды.
Қытай бейбіт жолымен қосылуын жүзеге асыру және ұлан-ғайыр қайта өрлеуіне қол жеткізу Қытайда және оның шекарасынан тыс жерлерде тұратын барлық қытайлықтар, соның ішінде Тайваньньдағы қытайлықтар үшін да сын болмақ. ҚХР кез келген жағдайда Тайваньдағы отандастардың мүдделерін есте ұстай отырып, өздерін олардың орнына қоюға және де олардың заңды құқықтары мен мүдделерін барлық әдістермен қорғауға әзір. Барынша шынайлық таныта және барынша күш-жігер жұмсай отырып, ҚХР Тайваньдағы отандастарымен бірге жағалауаралық қатынастарының бейбіт жолмен және тұрақты дамуын сақтауға жәрдемдесуге әзір, сөйтіп, ҚХР-нің бейбіт жолына қосылуына қол жеткізеді. Солай болса-дағы барлық түрдегі Тайвань тәуелсіздігіне үзілді-кесілді қарсы және Тайвань сепаратистерінің кез келген себептермен немесе кез келген әдістермен аралды ҚХР-нан бөліп алуына жол бермейді.
Тайвань мәселесінің өткірлігі оның Қытайдың өзінде үлкен дағдарыс туғызу мүмкіндігінде. Дағдарыс нобайы өте анық: Тайваньның тәуелсіздікті жариялауы-соғыс-Қытайға қарсы халықаралық санкциялар-экспорттық өндірістің дағдарысы, шет ел капиталының кетуі-инфляция, тауарлы-шикізаттық тапшылық-ВВП-ның төмендеуі-қоғамдық дағдарыс-ҚКП-ның ішкі дағдарысы т. б. Осылайша Тайвань мәселесі ҚКП-ның ішкі саяси, экономикалық стратегиясында және ҚКП-ның партия ретінде өмір сүруінің маңызды астарына айналып отыр.
Қазірдің өзінде Тайвань факторы Қытайдағы жаппай қарулану үрдісін туғызуда. Тайваньға қарсы ауыртпалықсыз соғыс жүргізу үшін өзінің жоғарғы дәлдік қару-жарақта тапшы екенін көріп отырған Қытай өз сенімін дәстүрлі қарулану әдістеріне артуда. Негізінде Қытайдың Тайваньның қарулы күштерін талқандайтын топтаманы құруға мүмкіншілігі бар, бірақ мұндай стратегия қытайдың ұлы державаға айналу жоспарына қайшы келіп отыр. Қытай басшылығының жаңа ұрпағы қайткен күнде де Тайваньның тәуелсіздігіне жол бермейді, әйтпеген жағдайда ол өзінің саяси легитимдігін жоғалтумен қатар, партияның «консерваторлар» қанаты тарапынан қатал сынға алынып, биліктен айырылуы мүмкін.
Тайваньмен соғыста Қытай әскери-техникалық жақтан жеңіске жете алуы мүмкін болғанымен, ол оның ауыр салдары мен соңғы онжылдықта реформалық жолмен қол жеткізген барлық жетістіктерден айырылатынын әбден түсінеді.
Қытай басшылығы үшін берілген жағдайдан шығудың ең тиімді жолы Тайваньның қазіргі статускво жағдайын барынша ұзақ уақыт сақтап тұру және оппозициялық күштерді барынша қолдау, соның ішінде жақындағы 50 жыл ішінде тәуелсіздікті жарияламауға уәде берген Гоминьданды қолдау.
Әрине Қытайдың Тайваньға қарсы күш қолдануының оның Қытай үшін ұтымсыз әрекет екенін ескерген күнде де, мұндай жағдайдың болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. ХХІ ғасырдың ортасына қарай «ұлы державаға» айналуды көздеп отырған және өзінің ұлттық мүддесін қорғау мақсатындағы Американың Югославиядағы, Ауғаныстандағы, Ирактағы, Ресейдің Шешенстандағы әрекеттеріне сүйене отырып «параллелизм» принципі негізінде Тайваньға қарсы күш қолдануы мүмкін.
Соңғы кездегі Тайвань бұғазы жағалауларындағы бір-біріне бағытталған зымырандар және Тайвань мен ҚХР-дың өз әскерлерін модернизациялауы бүкіл дүние жүзін алаңдатып отыр.
Қалай болған жағдайда да Қытайдың әлемдік держава ретіндегі рөлі Тайвань мәселесінің шешілуіне тікелей қатысты екені сөзсіз.
Диплом жұмысының мақсаты Тайваньдағы Чэнь Шуйбянь бастаған жаңа әкімшіліктің билікке келгеннен кейінгі сыртқы саясаттағы бағыттарын көрсету.
Диплом жұмысының алдына қойып отырған мақсаты: қысқа уақыттың ішінде Тайвань мәселесі төңірегінде буырқанып өзгеріп жатқан саяси ойындарға шолу жасап, осы мәселеге жан-жақты көзқараспен қарау.
Диплом жұмысын жазудағы міндеттер: 2000 жылы Тайваньда билікке келген Чэнь Шуйбянь үкіметінің сыртқы саясатта жасаған қадамдары, ҚКП-ның төртінші ұрпағы деп жүрген Ху Цзиньтао бастаған жаңа өкіметтің ұстанған саясаты және Тайвань мәселесінің тууына бірден-бір себепші болған АҚШ үкіметінің жүргізіп отырған саясатына объективті түрде баға беру.
Диплом жұмысын жазу барысында негізінен мерзімдік басылымдар пайдаланды: Л. Гудошников, Э. Батчаев «Президентские выборы 2000 года на Тайване»// Азия и Африка сегодня №4, 2000. Бұл мақалада Тайваньдағы 2000ж. президенттік сайлаудың барысы, Чэнь Шуйбяньның билікке жету жолы және президент тағына отырғаннан кейінгі алғашқы саяси қадамдары туралы жазылған; Г. Зиновьев «Четвертое поколение китайского руководства и тайваньский вопрос»// Азия и Африка сегодня. №6, 2005. Мақалада Ху Цзиньтао бастаған ҚКП-ның жаңа әкімшілігінің Тайваньға қатысты ұстанып отырған саясаты туралы баяндалады; Г. Зиновьев «Отношения в треугольнике Вашингтон-Пекин-Тайбэй: политические аспекты»// Проблемы дальнего востока №2, 2004. Мақаланың басты тақырыбы АҚШ-ҚХР-Тайвань арасындағы қарым-қатынастардың саяст астары және олардың Тайвань мәселесін шешуде отқаратын рөлі; Шин И-фу «Перспективы развития трехсторонних отношений Европейского союза, КНР и Тайваня» Алматы-Тайбэй 2003. Бұл кітапта Тайваньның қазіргі кездегі даму барысы жайында толық мәлімет берілген, сонымен қатар Тайвань-АҚШ қатынастары туралы да жазылған; П. Каменнов «Военная политика КНР и ее тайваньский аспект»// Пробемы дальнего востока №6, 2005. Мақала ҚХР әскерінің қазіргі жағдайы және жүргізіліп отырған әскери реформалардың Тайвань мәселесіне қатысы жайлы мағлұмат береді. В Кашин «Новые нюансы в военно-политической ситуации в Тайваньском проливе» Бұл мақала Тайвань бұғазындағы қазіргі кездегі әскери жағдайдың барысы және Тайвань мен Қытайдың қарулануындағы жаңа жетістіктер туралы. Сонымен қатар, ҚКП ОК мәлімдемелері де пайдаланды.
Диплом жұмысының ең алғашқы бетінде жоспары қарастырылған. Оның келесі беттерінде кіріспе орналасқан. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері, тақырыптың дерек көздері мен тарихнамасы және диплом жұмысының құрылымы жазылған. Негізгі бөлім төрт тараудан тұрады, бірінші тараудың аталуы «2000ж. Тайваньдағы биліктің ауысуы және жаңа үкіметтің сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдары». Бұл тарауда билікке келген жаңа үкіметтің билікке келу жолы мен сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдарына шолу жасалған. Екінші тарау « ҚКП-ның төртінші ұрпағы және Тайвань мәселесі» деп аталады. Мұнда Қытай басшылығының жаңа ұрпағының Тайвань мәселесіне қатысты ұстанған саясатына талдау жасалған. Үшінші тарау «Вашингтон-Пекин-Тайбэй үштағанының қарым-қатынастары» деп аталады, келесі «Тайвань бұғазындағы әскери-саяси ахуалдың жаңа реңі» деп аталатын төртінші тарауда соңғы кездегі Тайвань бұғазы аумағындағы саяси өзгерістерге байланысты әскери ахуалдың жаңа сипатқа ие болғаны туралы жазылған.
I-тарау. 2000ж. Тайваньдағы биліктің ауысуы және жаңа үкіметтің сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдары.
2000 жыл Тайвань тарихында елеулі оқиғамен белгіленді: арал тарихындағы екінші президенттік сайлауда жарты ғасыр билік құрған Гоминьдан партиясы жеңіліске ұшырап, құрылғанына 15 жыл болған Демокраялық Прогресивті Партияның өкілі-Чэнь Шуйбянь билік басына келді.
Алдымен осы оқиғаның негізгі себептерін айта кетсек. Көңіл бөлетін бір жайт, осы реткі сайлауда ДПП өзінің электоратын елеулі түрде ұлғайта алды-бұл реткі сайлауда бұрынғы 21% орнына оның өкіліне сайлаушылардың 39, 3% дауыс берді (Тайвань заңдарына сәйкес президенттілік дауыс берушілердің көпшілігімен есептеліп, сайлаудың екінші кезеңі өткізілмейді), яғни ДПП-ның жақтастары 18% өсті десек болады. [2] Мұндай танымалдылықтың себептері бірнеше. Ең бастыларының бірі ретінде халықтың Гоминьданның саясатына көңілі толмауы болып есептеледі. Ендігі бір себептің бірі Чэнь Шуйбяньның сайлау алдындағы кампанияны сәтті өткізу болып табылады. Оның ең ұтымды әрекеттерінің бірі болып, президенттік жарысқа өзінің серігі ретінде тайваньдық демократиялық қозғалыстың көрнекті қызметкері-Люй Сюляньды (Аннет Лу) тағайындауы болды. Сайлаудан кейін ол вице-президент болып тағайындалып, Тайвань мен Қытай тарихындағы еркін дауыс беру жолымен мұндай жоғарғы саяси қызметке ие болған алғашқы әйел адам болды. Сонымен қатар, Чэнь Шуйбяньның Тайбэй әкімі ретіндегі қызметі көптеген жастардың көңілінен шықты: Тайвань баспасөзінің қорытындысы бойынша Чэньды қолдаған электораттың үштен бірі отыз жасқа толмаған жас сайлаушылар болды.
Чэнь Шуйбяньның женіске жетуі оның Тайваньның тәуелсіздігі мен оның құрлықтық Қытаймен қарым-қатынасындағы өте сезімтал мәселелерде ұстанған прагматикалық ұстанымына да байланысты. Сайлау кампаниясы барысында ол ДПП-ның ең негізгі ұрандарының бірі-Тайваньның тәуелсіздігін талап етуді біршама бәсеңдетті.
Сонымен қатар, ол сайлауда жеңіске жетсе, достық сапармен Пекинге барып бейбіт келісімге қол қоюды ұсынды. Сайлау алдыда Пекин тарапынан болған ДПП-ның тәуелсіздік жайлы идеясына қарсылықтың өсуіне қарамастан, бұл Чэнь Шуйбяньның электоратын кеміткен жоқ, қайта керісінше, оның жақтастарын бірге жұмылдыруына өз септігін тигізді.
Онымен қоса ДПП өзінің ескі амалын қолдануды да ұмытпады-ол Гоминьданды «қара-алтын саясатта», яғни қылмыстық әлеммен байланысы бар деп және оның билік құрылымдарының парақорлығын әшкереледі.
Чэньнің сайлауалды бағдарламасында ол президент болған жағдайда, Пекинге барып келіссөз жүргізуге дайын екендігі жайлы айтылған болатын. Егер Пекин аралға соғыс ашпаған жағдайда Тайваньның тәуелсіздігін жарияламауға уәде берді. Сайлауалды сұхбатта ол Тайваньның құрлықпен қатынасы бес негізгі принципке негізделу керек деді:
- Тайвань мен құрлық барлық мәселелерге байланысты, соның ішінде саяси мәселелерге қатысты келіссөздер жүргізу керек.
- Екі жағалау арасындағы қысымды бәсеңдетіп, өзара сенімді арттыру үшін, барынша тез арада байланыс жолдарын орнату қажет.
- Өзара сенімділікті арттыру үшін барлық қарым-қатынастарда, сонымен қатар әскери мәліметтермен алмасу қатынастарында барынша ашықтықты ұстану қажет.
- Ұлттық қауіпсіздіктің талабы бойынша, Тайвань белгілі бір жағдайларда құрлықпен көліктік және сауда қатынастарын орнатуға шешім қабылдайды.
- Тайвань құрлықпен негізгі заң қыбылдап, бұл заң екі жақтың өзара құрмет және теңдік бастамаларын сақтап, пайда болған барлық мәселелерді БҰҰ-ның заңдарына сәйкес шешіп, бүкіл әлемге ашық болуы қажет. [2]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz