Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі



МАЗМҰНЫ

1.ТАРАУ. Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
1.1 Орта мектепте информатиканы оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 «Информатика» оқу пәні мазмұнының даму болашағы ... ... ... ... ... ... .
1.3 «Информатика» пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны ... ... ..
1.4 «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері және оқу жүктемесінің көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.ТАРАУ. «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны
2.1 Мектептің негізгі сатысының білім мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қоғамдық.гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін оқу орнының жоғарғы сатысының білім мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жаратылыстану.математикалық бағыттағы жалпы білім беретін оқу орнының жоғарғы сатысының білім мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 «Информатика» оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ... ..
1-ТАРАУ. Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
1.1 Орта мектепте информатиканы оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері
Информатика пәні ақпараттық қоғамға сай маман даярлау ісіне ерекше назар аударады. Сондықтан информатика пәнін оқыту мектептің басқа пәндері секілді оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді. Білім беру мақсаты - оқушыларға уақыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру және оны дамыту. Білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім беру болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беру окушы санасында әлемнің ғылыми келбетін қалыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білім берудің мақсаты - оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзкарасын қалыптастыру бағытына сәйкес компьютердің мүмкіндіктері мен қолданыстарын жүйелі түрде оқытуды көздейді. Оның белгілері:
- компьютердің жұмыс принципін түсіну;
- алгоритм ұғымын түсіну;
- информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу;
- программалаушы қызметінің мәнін ұғыну;
- адамның ойлауын автоматтандыру, т.б.
Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға тығыз байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігінен бастап, ғалам кеңістігіне дейінгі тіршілік алгоритмге негізделген. Алгоритм ұғымын түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру окушының ЭЕМ-де жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіреді. Информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу оқушының ойлау қабілетінің жаңа қырларын ашуға жетелейді. Программалаушы қызметінің мәнін ұғыну оқушылардың "жаңа" нәрсені жасауға деген ынтасын арттырады. Адамның ойлауын автоматтандыру информатика ғылымының бүтінгі қол жеткен нәтижелермен шектелмей, әлі де қарыштап дамитынына кепіл болады. Бұл кезде

Мазмұны

1-Тарау. Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
1.1 Орта мектепте информатиканы оқытудың басты мақсаттары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Информатика оқу пәні мазмұнының даму
болашағы ... ... ... ... ... ... .
1.3 Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны ... ... ..
1.4 Информатика пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері және
оқу жүктемесінің
көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
2-Тарау. Информатика оқу пәнінің базалық білім мазмұны
2.1 Мектептің негізгі сатысының білім
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін оқу
орнының жоғарғы сатысының білім
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін оқу орнының
жоғарғы сатысының білім мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Информатика оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы
оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ... ..

1-Тарау. Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
1.1 Орта мектепте информатиканы оқытудың басты мақсаттары мен
міндеттері
Информатика пәні ақпараттық қоғамға сай маман даярлау ісіне ерекше
назар аударады. Сондықтан информатика пәнін оқыту мектептің басқа пәндері
секілді оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігін
қамтамасыз етеді. Білім беру мақсаты - оқушыларға уақыт талабына сай білім
беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру
және оны дамыту. Білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім
беру болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беру окушы санасында әлемнің ғылыми келбетін
қалыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білім берудің мақсаты -
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзкарасын қалыптастыру бағытына сәйкес
компьютердің мүмкіндіктері мен қолданыстарын жүйелі түрде оқытуды көздейді.
Оның белгілері:
- компьютердің жұмыс принципін түсіну;
- алгоритм ұғымын түсіну;
- информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу;
- программалаушы қызметінің мәнін ұғыну;
- адамның ойлауын автоматтандыру, т.б.
Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға
тығыз байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігінен бастап, ғалам
кеңістігіне дейінгі тіршілік алгоритмге негізделген. Алгоритм ұғымын
түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру окушының ЭЕМ-де жұмыс істеу
мүмкіндігін жетілдіреді. Информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін
білу оқушының ойлау қабілетінің жаңа қырларын ашуға жетелейді.
Программалаушы қызметінің мәнін ұғыну оқушылардың "жаңа" нәрсені жасауға
деген ынтасын арттырады. Адамның ойлауын автоматтандыру информатика
ғылымының бүтінгі қол жеткен нәтижелермен шектелмей, әлі де қарыштап
дамитынына кепіл болады. Бұл кезде информацияның үздіксіз жаңарып отыратыны
секілді, өңдеу тәсілдері де өзгеріп отырады.
Қолданбалы білім берудің мақсаты - оқушының ЭЕМ-дегі жұмыс нәтижесін
практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады. Практикалық мақсаты -
оқушыларды ақпараттық коғамға дайындауды, еңбекке баулуды көздейді.
Дамытушылық мақсаты - оқушының ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін
дамытуға, жеке тұлғасын қалыптастыруға және информатика пәніне
қызығушылығын арттыруға бағытталған. Дамытушылық мақсаты оқушыларда бірін-
бірі толықтырып отыратын логика-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау
түрлерін дамытуды көздейді. Логика-алгоритмдік ойлаудың қасиетіне қатаң
логикалық тұжырым жасай білу, ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысыңда индукциялық
және дедукциялық ой қорыту, өзіне қажетті іс-әрекетті алгоритмдік тілде
жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық емес индукцияға ұқсас
ойлауда көрініп, компьютермен практикалық жұмыста маңызды роль атқарады.
Ойлаудың алгоритмділігі дәлелдеуді қажет ететін пікірлерді қамтамасыз
етеді. Ойлаудың бұл екі түрін бір-бірінен ажыратуға болмайды, оларды өзара
тығыз байланыста болады деп қарастыру қажет.
Логика-алгоритмдік ойлау түрі берілгендердің қасиетгері туралы
логикалық тұжырымдар жасау және іздеу жүйелеріне сұраныстар беру арқылы
қалыптасады. Оған компьютерде жұмыс істеуде кездесетін қиындықтарға талдау
жасау, пікірлерді формальдандыру, оларды алгоритмдік тілде жаза білу
іскерліктерін дамыту мәселелері жатады. Мұнда логикалық тұжырым жасай білу
мен оны компьютерде өңдеу қажеттілігі үнемі сақталады.
Ұғымдар арасындағы пәнішілік, пәнаралық байланыстарды көре білу
мұғалімнің жүйелі ойлайтындығын көрсетеді. Ал, ойлаудың қисындылығы болашақ
мұғалімге оқытудың көптеген әдістері мен формаларынын ішінен нақты жағдайға
тиімділерін топтауға; оқушының білімді игерудегі жетістіктері мен
кемшіліктеріне талдау жасауға; басқа пәндерге компьютерді қолдануда оқыту
мақсаттарын әртүрлі етіп тұжырымдауға; пәнішілік және пәнаралық
байланыстарды іздеуге көмек береді.
Жүйелі-қисынды ойлау белгілеріне - заттар мен құбылыстарды тұтас, өзара
тығыз байланысты құрылым ретінде қарастыру; болған жағдайларға объективті
көзқараспен қарау; мектеп пәндеріндегі ұғымдарды өз орнымен қолдану жатады.
Мысалы, "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінде функция - сәйкестік,
"Геометрия" пәнінде функция - қисық, ал "Информатика" пәнінде функция -
берілген аргумент бойынша нәтижені есептеу алгоритмі. Сонымен, оқушы жүйелі-
қисынды ойлауды қалыптастырудың нысаны болса, информатика мұғалімі үшін ол
кәсіби шеберлікті дамытудың белгісі.
Информатика пәнінде қазіргі кезде жүйелі-қиыстырылған ойлау түрі сирек
қолданылады. Өйткені, оқу пәнінің жоғары, төмен, жалпы, теориялық секілді
деңгейлерінің ара-жігі анықталмағандықтан пән мазмұнының байланысы оқушыға
біртұтас жүйе ретінде көрінбейді.
Сондықтан, мектеп пәндерінде өтілген материалдарды қайталау, еске
түсіру, пысықтау сабақтарында компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану
тиімді. Мысалы, геометрия пәнінде оқушылардың көпшілігі кеңістік
фигураларының анықтамаларының, қасиеттерінің және қималарының байланысын
еске түсіруде қиналады. Мұндай кезде информатика аралық пәннің ролін
атқарады.
Компьютерді оқу процесіне пайдалану барысында оқушыларға "кеңістік
фигураларының қасиеттерін толықтыр" немесе "қандай да бір геометриялық
фигураның кескінін экранда бейнелеп көрсет" деген сияқты тапсырмалар беру
арқылы олардың білім деңгейіне бақылау жүргізуге болады. Нәтижеде, олар
компьютерде "не істегім келді, не істедім, нәтижесі қандай болды немесе
неге бұлай?" деген сұрақтар айналасында жұмыс істей алады.
Демек, мұғалім оқушылардағы бірін-бірі толықтырып отыратын логика-
алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамыту мәселелеріне көңіл
бөлуі қажет.
Информатика маманы алғашқы кезде сабақтарды әдістемелік тұрғыдан
талдауда, оқыту мақсатын тұжырымдауда қиналуы мүмкін. Кейбір тәжірибелі
мұғалімдердің өзі оқу материалын жақсы меңгергенімен оқытудың мақсатын
анықтау кезінде қиындықтарға кездесуі мүмкін. Туындаған қиындыққа
байланысты "өзім не білсем, соны оқытамын" - деген принципті ұстанып,
оқытудың негізгі нысанынан ауытқып, оқыту мақсатын өз еркінше анықтаумен
шектелген дұрыс емес. Сондықтан оқу процесіне компьютерді қолдану тиімді
болғанымен, оның мектептегі басқа пәндерге қолданысын зерттеп, жүйелеу
қажет.
Ол үшін:
- 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін компьютер көмегімен оқытудың
бағдарламалық жүйесін жасау;
- мектеп пен университет арасындағы байланысты жетілдіру;
- пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың
кешендік жүйесін жасау мәселелері зерттелуі тиіс.
Тәрбиелік мақсаты - информатика сабақтарында оқушыларды
отансүйгіштікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғары саналылыққа
баулуға бағытталған. Сонымен бірге, оқушылардың этикалық, эстетикалық
дамуын жалпыхалықгық рухани құндылықтар арқылы калыптастыру көзделеді.
Информатиканы оқытуда тәрбиелеу мақсаты окушының компьютерді
қолдануында "өзі" үшін де "басқалар" үшін де қауіпсіз, әрі тиімді
пайдалануды назардан тыс қалдырмайды. Сабақ уақытында, компьютерде жұмыс
істеу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың
өнегелі, тәрбиелі болып қалыптасуын мақсат етеді. Атап айтқанда,
- психологиялық көңіл-күй;
- компьютермен объективті қарым-қатынас;
- өзінің немесе өзгенің информациясына камқор болу;
- компьютерлік техникаға ұқыпты қарау;
- компьютерлік вирус жасаудан аулақ болу;
- компьютерді меңгеру арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту;
- компьютерде жұмыс істей отырып, алынған нәтижелерді талдай білу;
- күрделі есептерді шешуде ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу;
- ұжым мүшелерінің пікірімен санасу;
- өз еңбегін нәтижесін пайдалануды қамтамасыз ету, т.б.
Информатиканы оқыту әдістемесі мектептегі информатика пәнінде
компьютерді: 1) оқу объектісі; 2) оқу кұралы ретінде қарастырады.
Компьютер - оқу объектісі ретінде орта мектептегі "информатика және
есептеуіш техника негіздері" пәнінің мазмұнына енеді. Ол оқушыларға білім
беру, іскерлік пен дағды қалыптастыра отырып, практикалык қызметке
дайындауды мақсат етеді.
Компьютерді оқу процесіне оқу құралы ретінде қолдануда оның тиімділігі
және дидактикалық мүмкіндігі ескеріледі.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдісін,
құралдарын, формаларын, тапсырмалар жиынтығын біртұтас жүйе ретінде
қарастырады (2-схема).

2-схема
Информатиканы оқыту әдістемесі - информатика пәнін оқытудың мақсатын
(не үшін оқытамыз?), мазмұнын (нені оқытамыз?), әдістерін (қалай оқытамыз?)
анықгаумен қатар, қалай тйімді оқытуға болады? - деген мәселені
қарастырады.
Бұл мәселелердің өзара байланысын 3-схема түрінде кескіндеп көрсетуге
болады.

3-схема

Информатика курсын оқытудағы "не үшін оқытамыз?" сұрағы қоғам талабына
сай қойылып отыр. Қоғамдық процестер, техника мен жаңа ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуы, тиісті информацияны өз уақытында алуға
деген қажеттілік, алынған информацияны өңдей білу осы сұрақтың көлемінде
зерттеледі.
"Не үшін оқытамыз?" сұрағынан "нені оқытамыз?" деген маңызды мәселе
туындайды. Осы мәселеге байланысты теориялық материалдардың мазмұны,
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталады. Соған сәйкес
өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік хаттар арқылы оқу жоспарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі. Бұйрықтар мен өкімдер орындалуы міндетті құжаттар
болып табылады, ал әдістемелік хаттар ұсыныс ретінде беріледі.
"Қалай оқытамыз?" - деген сұраққа жауап беруде мұғалімнің іс-әрекетіне
ерекше мән беріледі. Себебі, мұғалім оқу процесіндегі жетекші тұлға. Ол оқу
бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбектік-тақырыптық
жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.
Оқу бағдарламасы мемлекеттік, авторлық және жеке программалар болуы
мүмкін.
Мемлекеттік программа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінде бекітіледі.
Авторлық программа жеке немесе авторлар ұжымымен жасалып, республикалық
білім беру мекемелерінде бекітіледі.
Жеке программа оқытудың нақты жағдайлары мен материалдық-техникалық
базасына қарай мемлекеттік программаға ішінара өзгерістер енгізу арқылы
жасалады.
"Қалай оқытамыз?" сұрағы мұғалімнің әрбір сабаққа дайындық барысында
сабақ түрін, оқыту әдістерін, бекіту және бақылау кезеңдеріндегі
тапсырмаларды анықтауы қажеттілігінен туындайды. Демек, болашақ информатика
мұғалімі мектеп информатикасын оқытуда:
- білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттарын түсінуі
және өзіндік білім ретінде бойға сіңіруі;
- игерілген білімдегі информатиканың орны мен маңызын көре білуі;
- информатика курсының мазмұнын меңгеру мақсатына сәйкес окулықтар мен
программаларды салыстыра оқып үйренуі;
- мазмұн таңдау принципін түсіну және оны қолдана білуі;
- пәнді оқыту құралдарын меңгеруі;
- оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияға негізделген
әдістерін білуі;
- оқушылардың ақыл-ой қызметін басқаруды меңгеруі;
- оқытуды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;
- басқа пәндермен информатиканың байланысын зерттеуі;
- информатиканы оқыту процесін талдай білуі;
- программалық және техникалық құралдарды қолдана білуі;
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Болашақ
информатика мұғалімінің оқу әрекеті информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы
және дербес мәселелерін қарастыратын лекция курстарымен бірге а)
оқушы ролі, яғни жаңа материалды оқушы ретінде меңгеру; ә) оқытушы ролі,
яғни оқушы үшін нұсқаулар, әдістемелік өңдеулер, тапсырмалар дайындау; б)
пән әдіскері ролі, яғни информатика пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік
құралдар даярлауы арқылы жүзеге асады.
Болашақ информатика мұғалімдеріне бұл сабақтардың оқу процесіндегі
маңыздылығын және мектептегі нақты жағдайларға байланысты барлық оқыту
әдістерімен таныстырудың мүмкін еместігін түсіндіріп, оларға үнемі
шығармашылық ізденісте жүрудің қажеттілігі айтылады.
Сонымен, әрбір информатика мұғалімі пән бойынша оқу-әдістемелік кешен
жасай білуі, мектепте өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде
информатика сабақтарын талдауды, сабақтың оқу-әдістемелік, программалық
жабдықтарын таңдай білуі керек.
1.2 Информатика оқу пәні мазмұнының даму болашағы
"Информатика" оқу пәнінің даму болашағы мынадан көріністерге байланысты
болады:
1) пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық әлеусті жөніндегі көзқарасты
тереңдету, атап айтқанда:
- оқушыларға қазіргі заманның формалдау, моделдеу, компьютерлік
тәжірибе әдістерін меңгерту;
- тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп
аталатын жаңа ойлауын қалыптастыру;
- мектепте оқытуды ақпараттандыру үрдісін жүзеге асыру.
2) информатиканың өзімен байланысты. Қазіргі таңда информатика әлемдік
ғылымның бірден бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады. Оның
айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше жаңа бағыттары даму үстінде және
қалыптасуда, атап айтқанда: әлеуметтік, экомомикалық, құқықтық, биологиялық
информатика және т.б.
Соңғы жылдардардағы информатика дамуының басты бағыттары мыналар:
Теориялық информатика, мұнда ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың
жалпы қасиеттерін зерттеу жұмыстары, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық
үрдістердің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда
ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу
жұмыстары жүргізілуде.
Ақпараттандыру құралдары, бұл сала бойынша дербес компьютерлердің,
микропроцсссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда, үлкен және
аймақтық желілер арқылы ақпараттармен алмасу қызметтері арта түсуде.
Әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі
жетілдіру бақытында ақпараттық технологиялардың дамуы одан әрі жалғасуда.
Әлеуметтік информатика саласындағы зерттеулер, информатика және
ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамда алатын орны жөніндегі мәселелер
төңірегінде, сонымен қатар ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс
істеудің құқықтық, этикалық және моралдық нормалары, жеке тұлға мен
қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегінде жүргізілуде.
1.3 Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны
Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсатын ұғыну, информатика
негіздерін игеру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше
кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9-сыныптар) - базалық курс, информатика пәні бойынша
оқушылардың міндетті (минимум) жалпы білімдік дайындық деңгейін қамтамасыз
етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология
құралдары мен әдістерін меңгеруге, сонымен қатар компьютерді оқуда, одан
әрі кәсіптік білім қызметінде саналы және тиімді қолдана білу дағдысын
қалыптастыруға бағытталған.
Екінші кезең (10-11-сыпыптар) - информатика саласы бойынша жоғарғы
сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағыты
бойынша қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін
оқушылар білімдерін одан әрі жалғастырады.
Базистік оқу жоспарындағы, "Математика" білім саласының инвариантты
бөлігінде, "Информатика" 7-11-сыныптарда міндетті түрде оқылатын пән
ретінде берілген.
1.4 Информатика пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері және оқу
жүктемесінің көлемі
"Информатика" жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі (7-9-
сыныптар) және жоғарғы (10-11-сыныптар) сатысында оқытылатын оқу пәні
ретінде қарастырылады.
"Информатика" оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге
асырылады:
Білім берудің негізгі бағдарламасы - информатиканың базалық курсы (7-9-
сыныптар) - 3 жыл.
Бағдарлы білім беру бағдарламасы - қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы (10-11-
сыныптар) - 2 жыл.
Қосымша білім беру бағдарламасы - бұл стандарт көлемінен тыс,
информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғаи факультативтік және (немесе) арнайы курс - 2 және одан көп жыл.
"Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім
бағдарламаларына сәйкес құрылады:
1. Негізгі сатыда (7, 8, 9-сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылына
әрбір сыпыпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат.
2. Оқыту бағдарына қарай жоғарғы сатыда:
а) қоғамдық-гуманитарлық бағыт (10-11-сыныптар) - әр сыныпта аптасына 1
сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат;
б) жаратылыстану-математикалық бағыт (10-11-сынытар) - әр сыныпта
аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат.
2-Тарау. Информатика оқу пәнінің базалық білім мазмұны
2.1 Мектептің негізгі сатысының білім мазмұны

Негізгі мектепте білім мазмұны мынадай мазмұндық желілермен беріледі:
"Ақпаратты бейнелеу" мазмұндық желісі бойынша
Біздің өміріміздегі ақпарат. Бізді қоршаған ақпарат. Ақпарат түрлерінің
көпбейнелігі (суреттер, мәтіндер, дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері.
Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпаратпен не істеуге болады? Ақпаратты
тану, сақтау, жеткізу, өңдеу және іздеу. Ақпаратты кодтау. Ақпарат.
Ақпараттың өлшем бірліктері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және
басқару. Информатика ғылым ретінде.
"Ақпараттық үрдістер" мазмұндық желісі бойынша
Ақпараттық үрдіс ұгымы. Ақпараттық қарым-қатынас. Тірі табиғаттағы,
техникадағы, қоғамдағы ақпараттық үрдістер. Тірі табиғаттагы, техникадағы,
қоғамдағы ақпараттық үрдістердің бірлігі.
"Компьютерлер" мазмұндық желісі бойынша
Компьютер. Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің негізгі
құрылысы, олардың қызметі мен өзара байланысы. Компьютермен жұмыс істеуде
қауіпсіздік техникасы мен ережесі. Дербес компьютерлер және олардың дамуы.
Ақпаратты енгізу, шығару, сақтау және кескіндеу құралдары. Есептеу
жүйелері және кешендер. Аудио және бейнежүйелер, мультимедиа жүйелері.
Компьютер желілері.
Компьютердің арифметикалық негіздері. Компьютерде қолданылатын есептеу
жүйелерінің түрлері. Есептеу жүйелері: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық.
Сандарды бір есептеу жүйесінен екінші есептеу жүйесіне көшіру. Екілік
арифметика. Компьютерде ақпаратгы кодтау. Компьютердің логикалық негіздері.
Негізгі ұғымдар және логика алгебрасының қолданылу саласы. Қарапайым
логикалық амалдар. Ақиқат кестесін тұрғызу. Компьютердің базалық логикалық
элементтері ("және", "емес", "немесе") және логикалық функциялар.
ДКтехникалық сипаттамасы мен шешімді кажет ететін мәслелер арасындағы
өзара байланыс. Құрылымды ұйымдастыру және компьютер қызметі.
Программаны басқару принципі.
"Ақпараттық технологиялар" мазмұндық желісі бойынша.
Технология ұғымы. Ақпараттық технологиялар, олардың түрлері және
классификациясы. Қоғамның технологиялық дамуындағы ақпараттық
технологиялардың ролі мен алатын орны.
Ақпараттандырудың программалық құралдары. Жүйелік программалық
құралдар: операциялық жүйелер, операциялық орталар.
Программалық жүйелер және тілдер. Программалау модельдеу, жобалау,
диагностика және басқару (объектілерді, үрдістерді, жүйелерді)
технологиялары.
Компьютердің қолданбалы ПК туралы көзқарас. Қолданбалы ПК түрлері.
Базалық ақпараттық технологиялар ұғымы, олардың классификациясы және
түрлері: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Информация, информатика
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Пәндер