Демократия қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі туралы ақпарат



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.3


2. Негізгі бөлім.


I тарау. Демократия қоғам мен мемлекеттің
өркениетті дамуының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.14


II тарау. Сайлау . демократияны жүзеге асырудың
негізгі құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.21


III тарау. Мемлекет және жергілікті
өзін . өзі басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.40


IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.42


V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.44
Демократия – грек тіліндегі «халық билігі» деген ұғымынан шыққан сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін - өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым бойынша, халық өзін - өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару, сол елдің сенім білдіріп өздерін сайлаған депутаттары арқылы келісіп, жүзеге асырады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президенттің, депутаттарының билігін артырып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық жариялық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен жоғары бағалатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, естуі түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінумен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамдық әділсіздік жаулайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда халық билігі құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің коституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы – демократиялық мәдениетін меңгеру. Бұл кезде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір – біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметімен лауазымына қарамай, теңдей көру т.с.
Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым – қатынаста жүзеге асырады. Қоғамда өмір сүру жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.
Түрлі көз қарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, ашық пікір айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оны өзгеріп, алға жылжытуына септігі тигізеді.
Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болып келеді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.
1. Қазақстан Республикасының конституциясы. 30 тамыз, 1995 жыл..
2. Саяси партиялар туралы. Қазақстан Республикасының заңы. 1996 ж.2 маусым
3. Қоғамдық бірлестіктер туралы. Қазақстан Республикасының заңы. 1996 жыл 31 мамыр.
4. Сайлау туралы. Қазақстан Республикасының заңы.
5. Адам құқығының баршаға ортақ Декларациясы.
6. Дос Көшімов. «Демократия негіздеріне кіріспе», Алматы – 1997.
7. Ғ. Сапаргалиев., А.Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, «Жеті Жарғы»,1998 жыл.
8. Ғ.Сапаргалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы, «Жеті Жарғы», 1998 жыл.
9. С.Е. Жүсіп. «Ерікті сайлау дегеніміз не?»
10. А.М. Абасилов. «Демократия дегеніміз не? » Демократия қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы., Алматы, 1998 жыл.
11. М.Н. Марченко. «Теория государства и права». Юрист., Москва, 1998 жыл.
12. З.М. Черниловский. «Всеобщая история государства и права». Юрист., Москва, 1996 год.
13. Жасарал Қуанышәлі. «Ұлт және ұлтаралық мәселе». Демократияны қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы. Алматы, 1998 жыл.
14. Дос Көшім. «Жергілікті өзін - өзі басқару – азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы». ДЕТАР Орталығы, 2000 жыл.
15. Дос Көшімов «Жергілікті өзін - өзі басқару», Алматы, 1998 жыл.
16. Нарман Орнстин. Роль законодательных органов в демократическом общустве.
17. Қыдырәлі Қайтай. Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не? Демократияны қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы. Алматы 1998жыл.
18. Матью Гандель Честер Е.Фанн. «Обучение демократии»
19. Томас Бюргенталь. «Халықаралық адам құқығы».
20. Учебное пособие. Основы политологии. Алматы. «Жеті Жарғы», 1993 жыл.
21. Политические партий и общественное движение современного Казахстана. Справочник – Алматы, 1994 жыл.
22. Масатов Б.С. «Қазақстанның демократия әліппес», Алматы, Жеті Жарғы, 2000 жыл.
23. Тіршілік газеті: 2-3 (175),№5(177),№6(178),№7(179),№8(180),№9(181),№10(182),№11(183),№12(184),
24. №13(185),№14(186),№15-16(188) 2001 жылғылар.
25. Саясат журналы №7(50),№3(46),№2(45) 1999 жылғылар.
26. Права человека Казахстане. Информационное - аналитический избранным. Информационно – аналитический бюллетень. Алматы, 1996 №4
27. Центр содействия демократии. Право изберать и быть избранным. Информационно – аналетичиский бюллетень. Алматы, 1996. №1/15
28. В.Амелин. власть как общественное явление. Соцполит. Науки, 1991 год. № 12
29. Саясат №11 (18),1998(28), 1998 (10).
30. Ізденіс №3 1996
31. Евразиское сообщество №11-12 №3, 1995. №1, 1996
32. Саясат, Сентябрь, 2001 жыл.
33. Ақиқат, 2000 жыл, № 8 – 9.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Бет
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .2-3

2. Негізгі бөлім.

I тарау. Демократия қоғам мен мемлекеттің
өркениетті дамуының
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4-14

II тарау. Сайлау – демократияны жүзеге асырудың
негізгі
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..15-21

III тарау. Мемлекет және жергілікті
өзін - өзі
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
2-40

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.41-42

V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...43-44

Кіріспе
Демократия – грек тіліндегі халық билігі деген ұғымынан шыққан
сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін - өзі басқаратын
қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым бойынша, халық өзін -
өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп басқарту.
Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару, сол елдің
сенім білдіріп өздерін сайлаған депутаттары арқылы келісіп, жүзеге
асырады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар
шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президенттің,
депутаттарының билігін артырып жатқан жұмысын бақылай алады.
Демократиялық елде теңдік, бостандық жариялық басты бағыт болып, заң
алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия
осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен
жоғары бағалатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың
көріп, естуі түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінумен
байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамдық
әділсіздік жаулайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы
теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз
жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда халық билігі құқықтық
демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы
сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір
сүріп, бұзылмауына елдің коституциясы мен ел президентінің қызметі
кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы – демократиялық
мәдениетін меңгеру. Бұл кезде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен
үйлеседі, бір – біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметімен лауазымына
қарамай, теңдей көру т.с.
Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері
тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым – қатынаста жүзеге асырады.
Қоғамда өмір сүру жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.
Түрлі көз қарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай
демократия болмайды. Көзқарас, ашық пікір айтылса қандай істің де
келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа
айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда
оны демократиялық қоғам құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық
қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оны өзгеріп, алға
жылжытуына септігі тигізеді.
Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен
кемшіліктері болып келеді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай
бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып,
өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.
Тақырып мемлекет және демократия. Бұл тақырып төрт тарауда жазылып
отыр, біріншісі демократияның принциптері мен дамыуның жолдары, екіншісі
мемлекет және мемлекеттің басқару жүйесі, үшіншісі демократиялық жаңарту
жолда түскен мемлекеттік құрылым жайлы. Бұл екі тарауда мемлекеттік
құрылым мен демократиялық принциптері ұштастырылып дәлелдейді айғақтармен
жазылған. Көбіне демократияны басқа жүйелерден (тоталитарлық,
авторитарлық және т.б.) артықшылықтарын көрсете отырып, айырмашылықтары
нақты келтірілген.

I – тарау.
Демократия – қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі

Адамзат бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған жылдар бойында қой үстіне
бозторғай жұмырқалайтын молшылық заманды армандайды. Сонымен бірге осындай
тамаша заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың арасындағы келісім,
өздерін - өздері билеп, қызмет көрсету екені де белгілі болатын. Тарихтың
беттерінде талай қоғамдық жүйенің түрлері мемлекетті басқарудың жолдары
қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың көңілінен шығатын, еркіндік пен
молшылықты қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен өкіметтің арасындағы
қарым қатынасты ретткейтін жан – жақты жүйені ойлап табуға ұмтылыс жасады.
Әр адамның әрбір топтың, ұлттың, таптын өз көз қарасы бар қоғамдық өмірде
барлық жақтың да көңілінен шығатын жаңа жүйе табу, оны орнату оңай емес
жұмыс.
Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі
мәселені аңғаруға болады.
Біріншіден, демократияны – азаматтардың бәрінен де көңілінен шығатын,
өмір бойы армандаған асыл мұрат деп түсінбеуміз керек. Демократияны
артықшылығы да осындай – ұлт өзінің кемшіліктерін, әлі де шешімін таба
алмай жатқан мәселелері бар екені ешқашан жасырмайды. Сол бір қиын
түйіндерді қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндін
туғызуда. Сондықтан демократияны Құран сөзі деп қабылдайтындар қатты
қателеседі.
Екіншіден, шынында да талай тәжіибелерді алдымызға жайып беретін тарих
бетінде бүгінге дейін демократиядан артық, одан қолайлы ешқандай жүйе жоқ.
Демократияның заңдары догма емес, ол кез келген өзгеріске дайын және
қоғамнан бірге жетіліп, дамып отырады.
Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып
отырғанының себепі неде?
Себебі біреу – ақ : демократиялық қоғам орнаған жерде азаматтар өзін -
өзі басқаруды жүзеге асыра алады, азаматтардан – ұлттар, ұлттардан халық,
халықтан келіп қоғамдық қатынастар туындайды. Олар бір – біріне тәуелді
немесе билік иелеріне бағынышты болмайды АҚШ президенті Авраам Линкольн
демократия – халық үшін, халық арқылы жүргізілетін халықтың билігі, деген
сөзді бекер айтпаса керек. Бұл әрине демократияға берілген анықтамалардың
ішінде, біздің жиі естейтін, барлығымызға да түсінікті жалпы ұғым.
Дегенмен, осы анықтаманы кеңірек талдайтын болсақ екі сұрақтан туындайтыны
анық:
1. Халық билігі халықтың өздері шығарып өздері бекіткен заңдар арқылы
ғана жүзеге асырады. Көп жағдайда демократия ұғымы бостандық, Еркіндік
сөздерімен қатар қолдануына болады. Мағыналары жақын болғанымен бұл сөздер
бір ұғымды білдірмейді. Әрине, демократия еркіндіктің негізінде өмір
сүреді, бірақ оның жүзеге асуының басты шарты сол қоғамдағы заңдардың
жиынтығы болып табылады. Демократиялық қоғам – мемлекеттік заңдарды
мойындайтын азаматтардың қоғамы. Қысқасы демократия еркіндіктің заңмен
берілетін (немесе шектелетін) көрінісі.
Мемлекеттің барлық түрі заң арқылы өмір сүреді. Шексіз билік иелері –
патшалар мен диктаторлар да, императорлар мен карольдар да заң арқылы билік
құрды, өздерінің әділетсіз істерін де жарлықтарының қалқасында жүргізеді.
Сондықтан заңның бәріне бас иіп, соның айтқанымен жүру барлық уақытта
жақсылық бере бермейді. Мемлекет жарияланған заңның бәрі халық шығарған заң
болып табылмайды. Тек қана халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар ғана
демократия жүйесінің кепілдігі болып саналады. Кейбір жағдайларда билік
иелері, халықтың талқасынан түспеген, қолдау алмаған заңдарда да өмірге
ендіріп, азаматтардан сол заңды толық ұстануды талап етеді. Ондай заңдарды
орындамауға, оны өзгертуге күш салуға азматтардың толық құқығы бар.
2.Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы жүргізеді.
Халықтың өкіметті басқаруы – аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық
азаматтарын топырлап үкімет орындарына немесе заң шығару орындарында
отыруын көз алдымызға елестеде де алмаймыз. Және мойындаумыз керек,
мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның қолына келе
бермейді. Олардың міндеті – халықтың ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын
жүзеге асыру. Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар машинаны
бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын көз алдымызға елестетіп
көріндерші, - деп дау айтады, - біреу рульды бұрып, енді біреуі жылдамдықты
басып, үшіншісі – тежегішті жібермей келе жатса, не болады?. Одан да
басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда баратымызды, қалай жүретімізді соның
өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаны ішіндегі жолаушылары
боламыз...
Бір қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, сол жүргізушілерге
басқару өкілдігін халық қана бере алатын есіңізден шығармайық. Үкімет
парламент басқаратын жандар мен қоғамның өмір сүру заңдарын дайындайтын,
оны бақылайтын адамдардың тобы сайлау арқылы бекітіледі, оларға нақты
жауапкершілікті жүктеу арқылы ғана жүзеге асырады. Сонда ғана олар халық
өкілдері болып саналады. Талай билік иелері мен көсемдер халықты бақытты
өмірге жеткіземіз деп рульді қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан
жақсы білеміз. Сол бағыттың дұрыстығына күмән келтірген немесе қателік
көрсеткен жандарды басқаларға сабақ болсын деп, машинадан лақтырып
кеткендері де белгілі.
3. Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері
сайлаған жандардың билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп.
Бірақ ең негізгі жол – қоғамдағы жариялықтың сақтауы. Мемлектте қандай
жаңалықтары болып жатқанын білу - әр адамның табиғи құқығы, ал сол
ақпараттарды үзбей жариялап отыру - үкіметтің халық алдындағы міндеті
болып табылады.
Жариялылықтың басты механизмі – ерікті ақпарат құралдары. Газеттер мен
журналдар, теледидар мен радио қызметкерлері, журналистер қоғамды әр – бір
құбылысты қалт жібермей аңдып отырады әсіресе билік орындарын жіберген
қателіктері, жасаған заңсыздықтары, қылмыстары халықтың көзінен таса болмау
керек.
Бұл бағытта азаматтардың өздері ұйымдастырған сан түрлі қоғамдық
бірлестіктер де үлкен жұмыс істейді. Адам құқығын қорғау ұйымдары
мемлекеттегі адамдардың жеке басының еркіндігінің бұзылмауының бақылауға
алса, саяси партиятар билік түтқасын ұстап отырған саяси күштің
бағдарламасынан бастап сайлау кезіндегі берген уәдесіне дейін жіпке тізіп,
тексеріп отырады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік тұлғаның, саяси
қайраткерлердің моральдік адамкершілік бейнесі жұртшылықтың көз алдында
болады. Сөз жоқ, мұндай бақылау билік орындарында отырған жандарда ұнай
қоймайды. Кейбір елдер үкімет орындарын, олардың іс қимылына сын айтатын
хабарларды көрсетпеуге күш салады. Билік орындарының не істеп, не қойып
жатқанын қарапайым халық білмеген уақытта, олардың бақылаудан кеткен деп
толық айтуға болады.
Үкімет жұмысын бақылау, оны жіберген қатесін көрсету, қажет деп тапқан
жағдайда есеп талап ету – оған қара күйе жағу, жамандау болып
табылмайды. Жаң - жақты дәлелденген сындарды сын халыққа да көптеген
мәлімет береді. Олар өздері сайлаған өздері ақша беріп, жұмыс істеп отырған
қызметшілердің, иә - үкімет халықтың қызметшісі, егер оны көпшіліктен
жоғары тұрған төре бастық деп түсінсек халық билігі ешқашан орнамайды,
салтанат құрмайды, қай дегенде де қалай жұмыс істеп жатқанын әрқашан біліп
отыруға құқылы.
Үкімет орындарының жұмысын биліктің тағы бір буыны – сот орындары да
бақылап отырады. Демократиялық қоғамдағы сот жүйесі сол кезенде жұмыс істеп
тұрған Заңнан басқа ешкімге де бағынбайды. Сол алдыңда, заң алдында атақ
та, даңқ та, қызмет пен лауазым да ешқандай роль атқармайды – азаматтардың
бәрі тең.
Қысқасы демократиялық қоғамда үкіметінде, президенттің де іс – қимылы
халық өкілдері қабалданған заңмен қатаң шектеледі, мемлекеттен бастап жеке
азаматтарға дейін сол заңдардың сақталуын бақылауға алады.
Демократия деген сөздің аудармасын бәріміз білеміз, халық билігі.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.
2. Қоғам мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімдері сайлауы
және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез –
келген ұйымның ұйымдастыруы түрі;
3. Қоғамдық құрылымның арасан – ансары және соған сәйкес көз қарастар
демократияның көпшілік бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны
әр басқа түсінген. Оның үстіне, әр алуан елдерде олардың ұлттық тарихи және
т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін.
Дегенімен, демократиялық мемлекеттердің көптүрлігіне қарамастан, олардың
ортақ белгілері болады.
Оңдай белгілерге төмендегілер жатады:
1.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден – бірі бастауы саналуы.
Ол мемлекетте ұйымдастурышы конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне
сөз жеткізеді. Ол жоғары органдарына өз өкілдерін сайлайды және жүйелі
түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен,
референдум арқылы заңдар жетілдіреді және қабылданады. Сондықтан, АҚШ- тың
төртінші президенті Авраам Линкольн демократияға халық үшін халық сайлаған
халық билігін жатқызады.
2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік
болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда өмір сүрген гректің атақты
тарихшісі Геродот сол кездегі өзінде демократия деп теңдікке негізделген
мемлекетті айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық салада – халық
жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда және
т.с.с. – болуға тиіс.
3.Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне
байланысты адамдар әр – түрлі келеді. Солардың бәрін қалай тендестіруге
болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы тендік болу керек. Бұл екеуі жалпы
және барлығына бірдей қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың негізгі һәм
қорғаушысы есепті. Олар қоғамды қатынастарды реттейді, қажетті деген іс
әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған керекті қимыл әрекет аталуы тыйым
салады, тәртіп бұзғандарда жазалайды.
Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді, екіншілерге рұқсат етпеуі,
біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетпеу де мүмкін. Билік
иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқық өз мақсаттарына
пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны
қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік, әділеттіліктің де бірыңғай ұйымы жоқ. Ол
жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады.
Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділетілікке
жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу
әділетті деп саналды. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ
халқының жартысына жуығы қырылып, біразы басып кетті. 1986 жылғы
желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге, әділетті көрінсе керек.
әйтпесе сол жазушылар жазасын тартулары тиіс емес пе?! Сайып келгенде
әділеттілікті қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның
мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетімен дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары желтоқсан көтерілісінде бостандық еркіндік үшін
алаңға шыққан еді ғой. Бұл демократияның бірінші белгісі. Қазақ халқы
еркіндікке жеткізу үшін демократияға шектейтін,тендікпен әділдңікті
бұзатын, канайды, тәуелділіктің барлық түрлерінен ақат етілуі үшін мыңдаған
жылдар бойы көрсетуге, реформалар, революциялар, өзгерістер дүрбіленіне
килігіп мың өліп, мың тірілуге тура келді. Тендікке, әділеттікке,
еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету
және үйрену керек. Құқық пен заң адамды құлдық көңіл ауданынан,
қорқыныштан, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі
еркіндік, бостандыққа байланысты. Халық мемлекеттің қатаң бақылауында
елдерге демократиялық алғашқы лебі келгенде, сол ұғымды басым көпшілік
еркіндік сезіммен байланыстыра қабылдады. Бұл түсінікті де. Бірақ
демократияның мағынасынамән бермегендердің көпшілігі Еркіндік Анархиямен
шатастыратын сияқты. Сонымен көрінісі, тотаритарлық билік жүйесінің басында
отырған жандар халықтың демократиядан аластату, үркіту үшін Еркіндікті –
адамның ойына келгенін жүзеге асыратын заңсыздық, бассыздық есебінде
көрсетті. Осы ойдың санаға сіңіп қалғаны соншалық тамаша ұғым мүлде басқа
сипат алады. Осыған мысал, қазіргі қоғам адамдары демократияға көштік, ал
соның нәтижесі не болды, қылмыстың күшеюі, сыбайлас жемқорлық, кедейшілік
пен жұмыссыздық және басқа да кері ағымды процестер байланыстырады. Бұл
үлкен қателік. Себебі бұның бәрі сол саясаттағы жүргізіп отырған мемлекетке
байланысты, оның экономикасы, әлеуметтік жағдайы және мәдекни дамуы мұндай
қателіктер сол мемлекеттің өз азаматтарынан туындайды, себебі әр – бір сол
қоғамның мүшесі болып табылады. Ендігі дәлел, бұл қоғамда, адамдардың
ортасында өмір сүргеннен кейін шексіз еркіндіктін болуы мүмкін емес. Сөз
жоқ өзіне тиісті, қажетті іс - әрекеттер істеуге толық еріктісін, бірақ
бюұның қзі басқа біреунің еркіндігіне кедергі болмауы керек бұл – оксиома.
Егер оны түсіне білсен – мәдениеттілік болады да, түсінігінің келемесе –
сенің еркіндігінің қоғам заң арқылы шектейді. Бірақ оны адам еркідігі
шектеу деп түсіну керек, ол сенің басқалардың еркіндігіне бөгет болғаны
үшін жауап беруін болып табылады.
Тағы бір мысал келтіремін: сотта өзінің көршісін сабап, мұрның бұзған
тентекті ісі қаралып жатыр. мен ерікті азаматпын, - деп ақталмақ болады
тендік – сондықтан да жұтырығымды қай бағытқа сілтесем де ерік өзімдігі.
Оның бұл дәлісміне соттың төрағасы: сіздің қолыңыздың еркіндігі
көршіңіздің мұрнының қасында шектеледі деп жауап береді. Бұл мысалдардан
адамдардың арасында шексіз еркіндік болмайды екен деген ой тумысын. Адам
құқығына қатысты барлық мәселерге шексіз еркіндік беріледі, әңгіме оны
реттей отырып, белгілі бір тәртіпке салуда. Тәртіп өзі тек заң арқылы
жүзеге асады – бұл демократиялық қоғамның бір белгісі. Адамзат барлық
қоғамда, тарихи әр кезеңдерінде Еркіндік пен теңдікке ұмтылған, сол үшін
талай жандар өз өмірлерін құрбан қылған. Алайда өкінішке орай, көп
жағдайлар тендік пен еркіндікті жариялай отыр, күнделікті өмірде осылардың
әрқашан бұзылып отырғаның көреміз.
Біздің конституциямызға осылардың толық бар болғаны мен өмірде,
қоғамда көріністаппаған, бұның өзі нақты іс – жүзінде атқарылымай Ата заңға
қайшы келетіні мәлім.
Сонымен, халықтың мемблекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі,
құқық, теңдік, еркіндікжөнінде жазылады. Осы принциптердің төрт құбылысы
түгел кезде әділдік болады. Ал әділдік болған жерде заңда, тәртіп те
сақталады. Бұл - өркениетке жетудің алғы шарты. Бұл әділдіктің
демократиялық түсінігі осылай. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман
аңсалары сияқты, бірден толық орындала бермейді.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар, демократиялық принципке жүйелі
түрде мемлекеттің негізгі орындарын сайлау да жатады. Ең алдымен, жоғарғы
заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң, томеңгі өзін - өзі басқаратын
органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Соңдай – ақ шешім қабылдағанда
азшылықтың көпшілікке бағынуы ерте заманнан – ақ демократиялық жол
саналады. Кейінрек мұндай өрдіс шектеледі, азшылықтың өз пікірі болуы, оны
сайлау, онымен санасу керектігі мойындалады. өркениетке бет бұрған қазіргі
заманда мұндай демократиялық рәсімдер де қарастырылған; барлық
сайлаушылардың тең дұрыс құқығы, балама үміткердің болуы тізім бойынша
сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы,
мемлекеттің даудамай, шиеліністерді реттеугі ықпалды тетіктерін табуы және
т.с.с.
Демократияны орнуы үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идиологиялық жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр – түрлі
демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық,
әділдік еркіндік принциптеріне негізділген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретінде демократия көбіне қиялдағы арман аңсарды
білдіреді. Кейбіреулкер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп
тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайрақ, кейбіреулерге қиынға
түседі. Дегенмен ол – шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси
дамуының мақсаты. Ағылшының көп жылдар премьер - министрі болған Уинстон
Черчельдің айтуы бойынша демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең
құндылығы сонда – бұған артықты бүгінге дейін ешкін ойлап тапқан жоқ.
Алуан түрлі (плюрализмнің) нышандары демократияның классикалық қисының
жасаушылардың еңбектерінде байқалған.
Оған ең алдымен Дж.Лонн мен Ш.А.Монтенсье атап көрсеткен биліктің
тармақтану теориясы кіреді. АҚШ Конституциясы авторлардың бірі Дж.Мздисон
(1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әртүрлі
топтар болған сайын, олардың ішіндегі тір топ басымдық ету қауіпі азаяды
да, басқа топтар сенімді қорғалауына кепілдік көбейеді. Ол антикалық
полистегі саяси тәртіптің жаппай барлығын қамтитын бірпікірлігінен іс
жүзінде бас тартты. Оның орнына демократиялық дарашылардың және либералдық
ой мұратын ұштастырған мемлекеттік билікті алға тартты. өйстіп, саяси
теорияда тұңғыш рет, халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына,
азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан – түрілік теориясы саясат ісіне барлық азамат
тікелей қатысу ойынынан бас тартты. Демократияның антикалық және
классикалық теориларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс
беруге ғана қатысады. өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан
ығыстырады. Яғни азамат саяси барысында басты тұлғасы болуында қалады.
өйткені бұл қисін саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы
ретінде ғана емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде
қарайды. Сонымен осы көз қараста жақтауышылар қазіргі демократиялық
мемлекетті саясат серкесі – жеке тұлға емес, халық емес, топ деп
тұжырымдайды. Бұл ой – түйін дарашылық және ұжымдық байламалар арасында
ортаңғы орынды алыпа тұрғандай. Қоғамда экономикалық әулеметтік, саяси,
мәдени және т.б. көп деген мүдделер туындайдыны белгілі соларға байланысты
әр – түрлі топтар төбе көрсетеді. Қандай адамда осындай белгілі бір топтың
(отбасылық, этникалық, мамандық, діни аймақтық және т.с.с.) өнімі болып
табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз
мүддесін білдіріп, оны қарауға мүмкіндік ашады.
Демократиның міндітті – қоғамдағы алуан түрлілікті ыңталандыру, барлық
азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси
шешімдерге өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе – теңдігін табу.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған – Артур Бентли (1870-
1957) ол үлкен мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси іске әр түрлі
топтардың мүдделерін тартып, олардың келісімге келтіру. Мемлекетке
либирализм сияқты түңгі күзетші ретінде емес, топтың мүдделері күресіне
бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде
қарайды.
Демократияның алуан түрлік территорисының тағы бір ерекшілігі -
биліктің араласуы, сынуыды (федеральдік принцип) саяси жарысқа қатысушы
түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген
нысанға ұқсас. Ол халықтың саясатынан шетте тіліуне мен келеседі. Сонымен
қатар, саяси шешімдерді аз ғана саналуы адамдар қабылдайды дейді. Олардың
айтуынша, саяси қаракетке таңдалуы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы
күрес жатады. Бұл теорияның жақтаушылары халыққа өз мүддесін қорғап саяси
шешім қабылдауды, кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгені
сендіргілері келді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман
ғана саяси ешімдерді қабылдаудағы еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай
отыра демократиялық теттіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбетоптар өзара
күрес білсін ал халықтың оған арқылы жетпейді, ол қызба келді, көніл күйдің
жетегінде лепірме серкелердің құлығына еріп кетеді деп түсіндіреді.
Жоғарыда аталған тұжырамадан басқа демократияны марксиздік байламы бар.
Ол Руссоның ұжымдық қисынына ұқсас. Бірақ, марксистер демократияның таптың
мәніне баса көне берді. Францияның саясатшысы М.Рокар ақпараты демократия
деген тұжырамдаманы шығарды. Оның ойынша қазіргі демократия сайланған
адамдар ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс
негізінде құрылады. Халық өзінің таңдауы құқығын ақпарат хабарларының еркін
таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы кезде демократияның
экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат – билік қатынастарын
нарықтық қатынастарымен байланыстырады.
Мысалы, АҚШ преезиденті Билл Клинтон. Қазіргі батыс демократисын
нарықтық демократия деп атайды.
Демократияны:
1. тура
2. плебесцитарлық
3. өкілдік демократия деп бөлінеді
1. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік
жүргізуге тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясатынан
шеттетпейді, саяси жүйесінің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын
арттырады. Халықтық белсінділігі дамыдып тұлғаның өзін - өзі көрсетіуне,
таңытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын, бақылаудың
ықпалдылығын қамтамасыз етеді; билік пурсатын теріс пайдалануда сақтайды;
басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына мүмкіндіктерін бюрократтауына
жібермейді.
Тура демократияға референдум плебесцтердің жатады. Референдумға
маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешуі үшін
сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламен, үкімет басшысы немесе
халықтың бастамасымен өткізілүі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия
елдерінде кең таралған. Мысалы, Францияда ірі референдумда конституция
(1958 жыл) және Алжир автономиясы (1961 жыл) туралы өтті. Италияда екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархия билігі тоқтылды.
Қазақстан республикасында референдум арқылы президенттің өкілнттілігі
ұзартылды, 1995 жылы конституция қабылданды.
Тура (төте) демократияда қоғамның барлық азаматтарды мемлекет
шешімдерін қабылдауға сайланған немесе тағайындалған өкілдерін араласуынсыз
– ақ өздері тікелей қатыса алады. Мұндай система шығын ұйымға ғана тиімді.
Мысалы, қауымдық ұйымның немесе тайпалық кеңестіне кәсіп одақ ұйымының
жергілікті бөлімшесінің мүшелері оңаша бөлмеде кездесіп, мәселелер қарап
келісімге келеді немесе көп дауыс алу арқылы шешімдер қабылдай алады.
Демократияның тарихи отаны ертегі Афинада 5000 – нан 6000-ға дей, сірә бұл
жерде жиналай алатын адамдардың мөлшері болуы керек, адам жиналып, төте
демократия іске асырып отырған. Төте демократиның күрделі де көлемді жаңа
қоғамда мүмкіндіктері аз. Тіпті АҚШ – тың шығысында, жаңа Англияда қалалық
жиналыстың салтын сақтап, оны қастерлеп өткізіп тұратын жерлерде көптьеген
қауімдік іске көтеріп, ылғайған, кезде барлық тұлғымдардың бір жерге
жиңалып өз өмірлеріне тікелей байланысты мәселелерді төте дауыс беру арқылы
шешуші қиындық туғыза бастады. Қазіргі кезде халық санының өсуі, тура
демократияны жүзеге асыруға әкеліп отыр. Сондықтан жаңа өкілдік демократия
қоғамдық билікте көрініс тапты. Бұл миллиондаған халқы бар ел үшін де
демократия саяси шешімдер қабылдау үшін өкілдер сайланатын, заңдар жасап,
халық игілігіне арналған бағдарламарды іске асыратын кең тараған түрі
өкілдік демократия. Мұндай өкілдер күрделі мемлекеттік мәселелерді барлық
уақытты мен күшін салып жүйелі түрде салмақтап шешіп отыр. Мұндай
мәселелерді азаматтардың көпшілігі бас басына тиімді шеше алмаған болар
еді. Осындай өкілдерді сайлаудың толып жатқан әдісі бар.
Мысалы, мемлекет деңгеінде әр – бір аймақ өз өкілін сайлап, заң
шығарушылар құрамы белгіленеді. Сонымен қатар пропорционалды өкілдік
системасында әр – бір саяси партия заң шығару қызметіне ел ішіне жалпы
дауыс беру негізінде алған үлесі бойынша қатыса алады. Аймақтық және
жергілікті сайлау да бүкіл халықтық сайлву сияқты өтуі, мүмкін, әйтпесе
олар өз өкілдерін сайлау арқылы емес топтар арасында талқыланып, келісімге
келу арқылы да таңдауда болады. Қай әдетін қолдануына қарамастан өкілдік
демократияда халық қалыптасуы қалаулары халық атынан билік жүргізіп халыққы
есеп беріп отырады. Өкілдік демократия халықтың ерікті депутаттарға және
биліктің әлеуметтік органдарына дегеленденеді. Азаматтар өздерінің көз
қарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты
депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеңіп тапсырады. Оның
жақсы жақтары, еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың
күзіреттілігі мен жауыпкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың
биліктің шетте тілуі басқарудың бюррократиялануы авторитарлық күрестің
өрістеуі және т.б.
Плебесцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға
сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немаесе
қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент өкімет партия немесе басқа
бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатысу
мүмкіндігі аз2. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с.
арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдалынады.
Демократия бұрынғы Антикалық Грецияда пайда болды олар, яғни Афина
азаматтарды өз мемлкет басшыларымен өкілдерін, сайлап немесе сайланып
мемлекеттік қызметке орасан зор үлес қосты. Бұлар мұндай мемлекеттік
басқаруды – демократия деп атаған себебі оларды белгілі бір мерзімге халық
сайлап отырған олар сайланған соң, сайлау алдындағы міндеттемелерін
орындайтын болған, сайлауға жасы 20-ға толған. Греция мемлекетінің кез –
келген азаматы түсе алатын. Афина сияқты демократиялық мемлекет ежелге
Римге болады. Мұнда демократия одан әрі дамийді институционалдық және
әулеметтік билік бөлінеді. Басы бос, бірақ саяси тең құқығы жоқ төменгі
топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау – жан жаудағы нәтижесінде
халықтың трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда
болды. Соның арасында адамзат тарихынды бірінші рет болып биліктің аралас
түрі дүниеге келді.
Сонымен мемлекеттің биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция
мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілген олар жақсы жақтармен
сипатталады. Сонымен қатар, олардың осал жерлерінде бар. Ең алдымен
азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп
араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласында араласуы
демократия өктемдік құралына (деспотияға) айналып кетуін мүмкіндік
тудырады. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес. Зорлық пен шексіз
үстемдік құратын жауын патша сияқты болып, ол қоғамдық құрылыс көбіне
тирания3 сияқты болып көрінді. Демократия мұндай түрі тобырды басқаратын
көпіме, лепірме, дауқырпарларға (демагоктарға) қолайлы. Сондықтан
Арестотель демократияны жалпы халықтын игілігін ойлап, ұстанды, ұтымды,
баянды шешім қабылдамай алмайтын тобырлын биілігі деп сипаттайды.
Демократиялық барлық адамдарды теңдестіреді. Стихиялық

2А.М. Абасилов. Демократия дегеніміз не? Алматы, 1998 жыл
3Саясаттану. 11(18), 1997 жыл.

шешім қабылтатады, қызмет адамдарын қабілетіне біліміне қарай емес
жеребеммен қойдырады деп, Платон да жақтырмады, сондықтан ол демократияға
жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биіліктің түрі деп қарады. Дегенмен
антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар.
Фалсафатшылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, сүйеніп, жүгініп келеді.
Ежелгі Грек, Рим демократисының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы,
қазір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ – та римдік саяси жүйенің
принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: Президенттік – биілік патшалық
биілік, сенат – арестократтары өкілдер палатасы – халық трибунатының
бейнелеп тұрғандай заңның үстемдігі, Заң алдындағы барлық азаматтарын
теңдігі, саяси құқықтыры теңдігі және т.б. сияқты Антикалық дәуірде бастау
алып қалыптасқан ұйымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне
айналды.
Жаңа дәуірдегі демократияны дәстүрлі сорабы да соңау көне замандық ой
сүрлеуінен бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның
өзгешелігі, ең алдымен, барлық адамдар тезиске байланысты. Оны қоғамдық
келісім деген еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан – жақты қарастырады. Оның ойынша
саяси процеске өз бетінше саналы іс - әрекеттер жасайтын арқылы адамдар
қосылғанда жаңа сапа пайда болды. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап
табады.
Бұл идея саясаттың басшы принциптеріне айналады және ортақ ерік, жігер
қайрат негізінде қалыптасады адамдар не жақсы не жаман екенің бірігіп
анықтайды. Бәрі бір бас қосқан пікір саястан кейін нашар жақтары алынып
тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп жалпы жұрттың
ықтиярын көз – қарастарын жинап топтастырып, ортақ игіоікке жетудің шешімін
қабылдайды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәскелестік партиялар немесе
әлеуметтік топтар, келе әр- түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін
жасаған бірлестіктері түрінде жүргізілетін болады.
Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар
(сайланушылар) үшін куресуге айналады. Мұндай жағдайда халыққы екі – ақ
қызмет атқаруға тура келді:
1. саяси серкілерді, басшыларды сайлау;
2. оларды орнынан алу.
Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқылы алынады. Сайлаушылармен
олардың сайлаған өкілдердің ара қатынасы жөніндегі екі түрлі көз қарас бар.

Біріншісі депуттарға қатал талап тілектері қоюды көздейді. Екіншілер
мұны дұрыс емес саналмайды, себебі олардың бойынша өмірдің барлық
жағдайларына аманат беру мүмкін емес оның үстіне сайлаушы өз ауданы
облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламентегі саясатшы тұтас
халық ел мүддесін ойлау керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел
мүддесін тоғысу дәрежесін ол өзі табу керек.. Шумпетерді ойынша,
демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үш – төрт жағдай керек.
1. маңызды мемлекеттік қызметтреге сайлауға болатын айтарлықтай
билікті маман өкілдері тобы болуға тиіс.
2. саяси органдар халық негізінен жақсы қуаттап, оларға өз көз
қарасын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болса,
шешімдердің тиімділігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси
тәртіпті тұрақтылығына нұсқан келеді.
3. жауыпкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары
бағалайтын дайындығы бар, жақсы ұйымдасқан бюрократия болу
керек. Себебі, маман емес ыңталы адамдарға қарағанда, ол
мемлекетті көп ілгері бақарады. Ол өз құрамын ортақ топтың
өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4. саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениетінде элементі болып
табылатын демократиялық өзін - өзі бақылау болғаны өте маңызды
саяси барысында әр бір қатысушы өз еркінмен өзіе - өзі тежемесе,
қандай демократияда алысқа кете алмайды.

II. Тарау. Сайлау – демократияны жүзеге асырудың
негізгі құралы.

Егер демократияны – халық биілігі деп түсінсек, сол биліктің жүзеге
асыруының бірден – бір құралы – сайлау болып табылады. Сайлау азаматтардың
саяси мәселеге араласуы, шешім қабылдаудың өкілдік жолымен берілетін құқығы
деуге болады. Демократияның қоғамын негізгі заңдарының бірі – билік
орындарында отырған жандардың билігі бір мерзімнен соң аусып отыруы. (қанша
ақылды да адал азаматтар болсын, шексіз билік ұзаққа созылған басшылық
адамды аздыруы мүмкін, екіншіден келесі келетін жандардың алдынғыларға
қарағанда артық емес екендігі кім біледі?). осы ауысу процесі еркінде заңды
сайлау жүйесі арқылы жүргізіледі. Сайлауды азаматтардың билікке араласуы
деп те түсіңдіріледі, сондықтан азаматтың билікке арласуын екі жолмен
көрсетейік.
1. Саяси маңыздымәселелерді шешуге азаматтардың тікелей араласуы. Бұған
класс жиңаласынан бастап кәсіподақ немесе ұжымның өз ішіндегі жиңалыстарын
алуға болады. Класстың ішкі мәселесін талқылап, дауыс беріп, шешім шығаруға
оқушылардың бәрі қатыса алады. Ол шешімді қабылдауға сендердің
әрқайсыларының өз пікірлерінді тікелей білдерісдер (дауыс беру, сөз сөйлеу
арқылы). Дәл осындай жүйе Ежелгі Грецияда қала – мемлекеттерінде жиі
кездеседі. Белгілі бір мәселенің төңірегіндені шешім сол қаланың барлық
дерлік азаматтарының қатысуымен ғана қабылданады. Бұл жолды - тікелей
демократия деп атайды. Тікелей демократияның жүзеге асуының негізі шартының
бірі – халықтың аздығы мен территориясының шығындығы болып табылады.
Сол уақытта ғана мемлекеттің немесе ұжымның азаматтары билікке (шешім
қабылдауға) тікелей араласа алады.
Миллиондаған халқы бар мемлекеттерде кейбір мәселелер тікелей
демократиямен көмегімен шешіледі. Халықтын барлығына да қатысы бар заңдар
мен шешімдер Парламентке емес, халықтың өзіне беріледі. Тікелей
демократияның бұл түрін – референдум деп атайды.
2. Мемлекет - халықтікі сондықтан менде билік орындарына тікелей
аралысып, өзімнің көз қарасымды блдіріп, пікірімді өткіземін дегенмен,
объективті себептермен бұл мақсат жүзеге аса бермейді. Кластың ішкі
мәселесін шешу үшін 30 оқушы бар бөлмеге жиналып ақылдаса алады, бірақ
Қазақстан республикасының азаматтық құқығы бар (демек дауыс беріп, сайлауға
қатысуға құқығы бар) 9 миллион адамды бір жерге жинап алып, заң жобаларын
талқылау мүмкін емес. Сондықтан да азаматтар өздерінің дауыстарын,
пікірлерін білдіру құқығын басқаларға беріп өзінің атынан өкілдік жасайтын
адамдарды тағайындайды. Мемлекеттегі қабылдаған заңға сәйкес бұл өкілдер не
он мың адамның немесе жүз мың адамның дауысына ие болып, солардың атынан
билікке араласа алады. Өздерінің билік жүргізу құқығын өздері таңдап, сенім
білдіргені өкілдері арқылы жүзеге асыру жолын - өкілдік демократия деп
атайды.
Осы жағдайға дауыс беру мен сайлаудың қатар жүретінің көңіл аудару
қажет. Біріншіден сен өзінің дауысынды беріп, мемлекет жұмысына араласу
құқығынды беру арқылы билік жүйесінде қызметке бекітесін. Сайлаған өкілдер
сайлаушылардың атынан мемлекеттік заң дайындап, шешім шығара алады. әр өкіл
халықтын бір бөлігінен сеніміне, дауысына ие болғанда, барлық өкілдер
жиңала келе сол елдің барлық азаматтарындауысына ие болады.
Өкілдік демократияның жүзеге асуы өте күрделі мәселе. Сол мәселенің
міндеті болып табылатын шарттарына тоқлалайық. Олар: - қоғамда саяси
идеологиялық плюрализмнің болуы. Саяси көз қарастын түрлі идеологилардың
еркін, тең дәрежеде, жариялып жағдайында немесе саяси бағытқа мемлекеттік
тұрғыдан ерекші жағдай жасалынбауы;
- заң жүзінде биліктің және іс жүзінде жүзеге асқан көп
партиялық жүйесінің жұмыс істеуі;
- баламалы және жасырым түрде дауыс берілетін жалпы халықтық
сайлау жүйесінің жүргізілу нәтежесінде заң шығарушы және
атқарушы биліктің құрылуы;
- азшылық құғының бұзымауына заң жүйесідегі көпшілік
азаматтардың құқығымен жеке басының еркіндігінің заң бойынша
бекітілеу.
Азаматтардың мемлекеттік билікке араласуының ең көп тараған және ең
жоғары түрі - өкілдік демократия болып саналады. Себебі: әр мемлекеттің
халқының саны өсуі сол себепті олар өкілдік демократияны басшылыққа алып
депутаттарды сайлап, өз жұмысымен араласа берді. Өкілдік демократия жұмыс
істеу үшін белегілі бір сайлау жүйесінің болуы шарт. Демократиялық сайлау
жүйесінің басты белгілері мыналар:
1. бәсекелестік
2. белгілі бір мерзімнен кейін қайталанып отыру міндеттілігі.
3. өкілдік беруге қоғамның барлық мүшелерінің қатысу шарттылығы.
Бәсекелестік – сайлауға қатысушы, бір орынға үміткер бірнеше адамның
арасындағы бір – біріне деген жауылығы немесе дұшпандығы емес. Бұл екі
саяскердің күресі немесе екі ақынның айтысы сияқты халық алдындағы адам
жарыс. Сонда ғана азаматтар өздерінің таңдауларын айта алады. Осы жеоде
бәсекелестік алғы шарт болып табылатын адам құқығының негіздері – сөз
бостандығы мен жиналыс жасау бостандығы, бірлестіктер құру құқығы алдынғы
орынға шығады. Әділ бәсекенің мақсаты – жүздің жүрік, мыңнан тұлпар
таңдай білу керек сол жарыстын көпшіліктің алдына өтуі - үкіметке де үлкен
міндет артады. Үкіметті міндетті – жарыстың (сайлаудың) жариялылығын және
барлық үміткірлер үшін тең дәрежеде өтуін қамтамасыз ету; бағдарламалардың
заңымен белгіленген уақытта баспасөз бетінде жарық көруін қадағалау; еңбек
ұжымдармен кездесуге жағдай жасау т.б. заңды құқықтарды жүзеге асыруы.
Бәсекеге түрлі пікірдегі үміткірлер түседі олардың кейбіреулері билік
иелерін, үкіметті сынға алып, оның жүргізіп отырған саясатын қате деп
көрсетуді де мүмкін. Бірақ сондай үміткерлердің пікірі мен жеке көзқарасын
қарап, оның жұмысына бөгет жасау – демократиялық сайлау жүйесіне жатпайды.
Демократиялық сайлау жүйесі қоғамдағы түрлі бағыттағы күштерді бәрінің
сайлауға араласуына нақты жағдай тудырады.
1. Сайлаудың белгілі бір мерзімнен кейін қайталанып отыру міндеттілігі –
демократиялық сайлау жүйесінің негізгі шарттарының бірі. Қандай да бір
тамаша үкімет, қандай да бір адал да ақылды мемлекет қайраткерлері болмасын
конституцияда көрсетілген уақыттан соң, сол орында, қызметте жұмыс істеу
үшін халықтан рұқсат сурайды (себебі олардың бәрі – халықтың қызметшілері,
өкілдері, демек оның жұмысына да баға беретін сол елдің азаматтары). Сайлау
мерзімін белгілеу, оның негізгі заңда көрсетудің да себебі осында жатыр,
қолында биі бар жандар немесе үкімет орындары өздерінің қызметкерлеріне
өздері баға беріп өздері ақтап билік мерзімін соза алдмайды. Кезекті
сайлаудың нәтижесінде халықтың қолдауына ие болса, сөз жоқ олар өздерінің
қызметтерін жалғастыра береді. Ал егер билік жүргізген кезенде халықтын
тұрмысы, әл - ауқатты төмендесе, оны жақсартудың жолдары табылмаса, оның
нәтижесінде халықтың қолдауынан айырылса, орындардың сайлауда жеңіп шыққан
басқа азаматтарға береді. Осы жерде демократиялық қоғамның тағы бір алтын
заңының күәсі боламыз, ауыстыруға болмайтын, оның қызметін басқалар жүргізе
алмайтын адам болмайды. Халықтың ішінде парламенттін депутаттағына немесе
президенттік орынға үміткер азаматтар басқарып, тәрбиеліп отырған ел
басшылары кінәлі. Мүмкіндік теңдіғін шектеуге болмайды. Мүмкіндік беріп
көрмесе, оның билік жүйесінде оның жұмыс істей алмайтының кім біледі?
Кезекті сайлаудың міндеттілігі – билік орындарындағы адамдардың өз
қызметтерін дұрыс атқаруына, бар күш жігерін қоғам игілігіне жұмсауына
түрткі болады және жауаптылыққа тәрбиеледі.
Демократиялық қоғамда сайлау арқылы түгелге дерлік мемлекеттік және
жергілікті заң шығару, басқару, атқару орындары өз орындарын алады (АҚШ –
та 500 мыңға жуық орындар тек сайлау арқылы ғана өзінің иесін табады кейбір
елдерде соттардың қызметіне сайлау мерзімі басқаша болады, ал бір жерлерде
жоғары соттың мүшелері өз орнында өмірінің соңғы күніне дейін қызмет
жасайды).
1. Өкілдік беруге қоғамның барлық дерлік мүшелерірінің қатысуы – сайлау
нәтижесінің заңды болып табылуының кепілі. Азғандай адамдардан құрылған
топтың немесе халықтын бір бөлігінің сайлаған азаматтары бүкіл халықтын
таңдауы көрсете алмайтыны анық. Сайлауға сол елдің барлығы азаматтары
қатыса алатын жағдай туғанда ғана демократиялық сайлаудың алғы шарты
сақталады деп есептеуге болады.
Жалпы халықтын деократиялық сайлау жүйесі бірден қалыптасқан жоқ.
Тарихта түрлі әлеуметтік, ұлттық, т.б. топтардың дауыс беру құқығының
болмағаны туралы деректер жеткілікті сол себепті де сайлау құқығын алу үшін
күрес – демократияның алғашқы қадамынан бастап қатарласа жүріп келе жатқан
күрделі мәселе сол күрестін нәтежелері жылдар өткен сайын жемісін беріп,
сайлаудың шын – мәнісінде бүкіл халықтын сипат алуына әсер етіп келеді.
Керек десеніз: адам құқығын деклорациясын жариялап, алғаш демократияның
қоғам құруға бет бұрған АҚШ – тың 1787 жылғы конституциясы бойынша тек ақ
нәсілді ер адамдардың дауыс беруге құқығы бар болатын қара нәсілдердің
сайлау құқығы үшін жүргізген күресі 1960 жылға дейін созылды. 1920 жылы
Америка әйелдері дауыс беру құқығын жеңіп алды. Айта кету керек, кейбір
елдерде әлі күнге дейін әйелдер сайлауға қатыса алмайды.
Еуропаның көптеген елдерінде XIX ғасырда дүние мүлікпен атағы, шыққан
тегі жағынан сайлау жүйесінде теңсіздіктер орын алды. Мысалы, Францияның
1814 жылғы конституциялық партиясы тек 300 франкте астам басты бар жандарға
ғана сайлауға қатысуы құқығы берді. Нәсілдік белгісі қарап азаматтардың
сайлау құқығын шектеу кешегі күнге дейін 1894 ж. Оңтүстік Африка
Республикасында сақталып келеді. Кейбір елдерде сайлауға қатысу рұқсат
беретін жас деңгейінің өзі бірнеше құбылып, тәуірлі жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі
Мемлекеттің құқықтық табиғаты
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Демократия туралы түсінік
Саясаттану пәнінен дәрістер
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Демократия және билік
Азаматтық қоғамның негіздері және компоненттері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Демократия туралы ұғым
Пәндер