Ғаламның тілдік бейнесіндегі «Қазақ әйелі» концептісі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қоғамдық ғылымдар аясында «әйел» концептісінің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 «Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... .. ... 10
1.3 «Қазақ әйелі» концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеу ... ... .15
1.3.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3.2 «Қазақ әйелі» концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі ... ... ... ...26
1.3.3 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
1.3. 4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
1.3.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты қолөнер, кәсіп, тамақ атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
1.4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
1.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты онимдердің этномәдени сипаты ... ... ... ..64
1.6 Әйел~ана тілі және әйел~ана қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67

2 «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІН АНТРОПОЦЕНТРИСТІК БАҒЫТ АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 74
2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 78
2.2 Қазақ дүниетанымына сәйкес «әйел» концептісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
2.2.1«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт.дәстүрлердің этномәдени
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .92
2.2.2 «Қазақ әйелі» концептісіне байланысты қалыптасқан фразеологиялық
тіркес пен паремиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..95
2.3 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..99
2.3.1 Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ..104
2.3.2 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 107
2.4 Мифтік танымдағы «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі ... ... ... ... ... ... .112
2.5 Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың негізгі бірлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...119
2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісін психолингвистикалық әдіс ретінде қарау ...128
2.6.1 «Қазақ әйелі» концептісі ассоциациялық өріс аясында ... ... ... ... ... ... ... ... 132
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 136

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...138
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.
Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.
Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық
1 Аскольдов-Алексеев С. Концепт и слово // Русская словесность: Антология.– М.: Academia, 1997. – с. 271
2 Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке // ВЯ; 2001, №1. – с.44-48
3 Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры . – - М.,1997. – 401 с.
4 Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М., 1996. – 411 c.
5 Философия. Учебное пособие / Под ред. В.Д.Губина. – М.: Тон, 1997. – .396-400
6 Шпренгер Я., Инститорис Г. Молот ведьм. / Пер. С латинского Н. Цветкова. –М.: Изд-во СП «Интербук», 1990. – с.51-52
7 Шопенгауэр А. Афоризмы и максимы. – М., –1991. – с.195
8 Ницше Ф. Соч. в 2-х т.,т.2. – М.,1990. – с.320- с.421
9 Фрейд З. Очерки по психологии сексуальности // «Я» и «Оно». Кн.2. –Тбилиси, 1991. – с.135
10 Вейнингер О. Пол и характер. – М.,1992. – 480 с.
11 Розанов В. Люди лунного света. М., 1990. – c. 36
12 Адаева Г. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы гендер мәселесі: Философия ғыл. кан... дисс. – Алматы, 2007. – 129 б.
13 Гумилев Л. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 460 б.
14 Жизнь и здоровье женщины. Том 2. – М.: Книжный дом АНС, 2004. – 816 с.
15 Пиз А. Как заставить мужчину слушать, а женщину молчать.– М.: ЭКСМО, 2006. – 352 c.
16 Этинген Л. Мифологическая анатомия. М. : ИОИ, 2006. – 528 с.
17 Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. М.: Наука, 1982
18 Чекалина А. А. Гендерная психология. – М.; «Ось¬¬89», 2006.– 256 с.
19 Словарь гендерных терминов. – М., 2002
20 Шоқым Г. Тіл біліміндегі гендер мәселелері // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. № 6. – 23-26 бб.
21 Гусейнова И.А., Томская. М.В. Гендерный аспект в текстах современной рекламы // Филологические науки . – 2000. -№3, с.81-91
22 Земская Е.А., Китайгородская М.А. Особенности мужской и женской речи // Русский язык в его функционировании. – М., 1993. – с. 90-136
23 Горошко Е.И. Функциональная ассиметрия мозга, языка и пола: Аналитический обзор. – Харьков, 2003
24 Мамаева Г. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу) :Филология ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның қолжазбасы – Алматы, 2003. – 150 б.
25 Нұржанова З. Невербальные средства общения: гендерный аспект: Автореферат... канд. фил. наук. – Алматы, 2005. – 23 с.
26 Хасанулы Б. Проблемы развития гендерных исследовании в казахском языкознании и вопросы женского языка // Язык и культура: функционирование и взаимодействие. Материалы международной конференции.– Шымкент, 2003. – 51-53 с.
27 Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974. – 300 б.
28 Терехина М.А. Стереотипы восптиятия Италии и итальянцев во французских песнях / Вестник МГУ. Сер. 19. Лингвистика и межкультурная коммуникация. 2007, № 2. – с. 109-116
29 Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001. – 208 с.
30 Масалимова Д. Когнитивно-прагматическое описание гармонии и дисгармонии речевого общения: Автореферат... канд. фил. наук. – Алматы, 2005. – 28 с.
31 Гачев Г.Д. Национальные образы мира: Евразия космос кочевника, земледельца и горца. – М.; Институт ДИ-ДИК, 1999. – 368 с.
32 Ислам А. Тілдік дүние суреті: «концепт» және «ұғым» //С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы, 2004.- 439-445 бб.
Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил.ғыл. док. дис. авторефераты. – Алматы, 2004.
33 Нұрсұлтанқызы Ж. О. Бөкеев шығармаларындағы бейвербал амалдар: Ф.ғ.к. ...авторефераты. – Алматы, 2006 – 29 б.
34 Момынова Б., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2003. – 136 б.
35 Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языка. – М.; Иностранная литература, 1955. – 416 c.
36 Бейcембаева С. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Автореферат на соискание ученой степени канд. фил. наук. – Алматы, 2002. – 28 с.
37 Боздағым . Қазақтың жоқтау жырлары. – Алматы: Жазушы, 1990. – 301 б.
38 Мадиева Г. Антропоцентрический подход в современной теоритической ономастике // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2004. – 107-115 бб.
39 Керимбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. –Алматы, 1995. – 248 с.
40 Аубакирова Г.Т. Идеоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте: Автореферат...к.ф.н. – Алматы, 2004. – 30 с.
41 Асылбекова Н. Кісі есімдерінің уәжділігі мен танымдық сипаты: Ф.ғ.к. ...авторефераты. – Алматы, 2006 – 29 б.
42 Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы, 2001
43 Оразалиева Э. С. Аманжоловтың антропонимдердің танымдық сипаты туралы ой-пікірлері // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 164 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ КОНЦЕПТІСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Қоғамдық ғылымдар аясында әйел концептісінің
сипатталуы ... ... ... ... ... ... . .7
1.2 Қазақ әйелі концептісінің психофизиологиялық негізі
... ... ... ... ... ... ... .. ... 10
1.3 Қазақ әйелі концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан
зерттеу ... ... .15
1.3.1 Қазақ әйелі концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер
арқылы
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3.2 Қазақ әйелі концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі
... ... ... ...26
1.3.3 Қазақ әйелі концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
1.3. 4 Қазақ әйелі концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
1.3.5 Қазақ әйелі концептісіне қатысты қолөнер, кәсіп, тамақ атауларын
білдіретін лингвомәдени бірліктер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
47
1.4 Қазақ әйелі концептісіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды
мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
1.5 Қазақ әйелі концептісіне қатысты онимдердің этномәдени сипаты
... ... ... ..64
1.6 Әйел~ана тілі және әйел~ана қарым-қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67

2 ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ КОНЦЕПТІСІН АНТРОПОЦЕНТРИСТІК БАҒЫТ АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.72
2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... 74
2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
2.2 Қазақ дүниетанымына сәйкес әйел концептісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
2.2.1Қазақ әйелі концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени
сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..92
2.2.2 Қазақ әйелі концептісіне байланысты қалыптасқан фразеологиялық
тіркес пен паремиология
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..95
2.3 Көркем мәтіндегі қазақ әйелі концептісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...99
2.3.1 Абай өлеңдеріндегі қазақ әйелі концептісінің көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ..104
2.3.2 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ әйелі концептісінің лингвомәдени
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 107
2.4 Мифтік танымдағы қазақ әйелі концептісінің көрінісі ... ... ... ... ... ... .112
2.5 Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың
негізгі бірлігі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..119
2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісін психолингвистикалық әдіс ретінде қарау
...128
2.6.1 Қазақ әйелі концептісі ассоциациялық өріс аясында
... ... ... ... ... ... ... ... 132
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 136

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 138

КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі
зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида
етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова,
Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға
қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа
бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова,
Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова,
Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып,
когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану,
психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың
негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға
бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың
зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық,
қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны
көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.
Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың
ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел
бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен
мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен,
асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай
білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған
тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің
тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың
алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда
қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің
шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық
шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен
рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы,
отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным
қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні
ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы қазақ
әйелі концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу
жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де
айқындайды.
Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы әйел концептісіне қатысты
атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін,
психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі
орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-
фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-
түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі,
мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. қазақ әйелі
концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі,
ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді
лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық,
концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған
мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:
- қазақ әйелі концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің
негіздерін айқындау;
- қазақ әйелінің Ғалам бейнесі контексіндегі концептілік аясын
сипаттау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен
сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. қазақ әйелі бейнесін сипаттайтын
деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу,
метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;
- қазақ әйелі концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық,
гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;
- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;
- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін
динамикалық жүйе ретінде көрсету;
- қазақ әйелі концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі
ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме,
диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық,
мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық,
этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері
пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
Зерттеудің негізгі жаңалығы – қазақ әйелі концептісін ғаламның
көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде
қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы
және нәтижелері деп санаймыз:
- қазақ әйелі концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік
бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық,
психолингвистикалық талдау жасалынды;
- қазақ әйелі концептісінің аясына кіретін сөздер, көркем және
прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдердің мағыналары
айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән
дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;
- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы
қазақ әйелі туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер
анықталды;
- аталған концептіге қатысты тілдік ұжымның аялық білімінің эксплицитті
және имплицитті түрлері ажыратылды.
Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері
мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану,
когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге
белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған
тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік
сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт
мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді
лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, Әлеуметтік
лингвистика, Лингвоелтану пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде
қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін зерде ерекшелігі, дүниетанымы,
парасатпайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат,
сұлулық т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі – этносты сипаттайтын ерекше
этноөзектік концептілер;
– зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар, бағалау мен коннотациялар
– қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі,
ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар;
– қазақ әйелінің концептілік бейнесі көркем және прецеденттік
мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік жүйеде
жасалып, символдық деңгейге көтерілген;
– қазақ әйелі концептісі – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық
таным ақпаратының санада қалыптасқан мәнмазмұны, қызметі;
тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы
жаңа сапада жаңғырту қазақ әйелі концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы
мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары
мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми
конференцияларда: Қазіргі таңдағы ғылым мен білім атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2005), Педагогикалық білімнің өзекті
мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент,
2006), Әуезов оқулары – 5 атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Шымкент, 2006), Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына орай өткізілген
Қазақ тілінің лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері:
қалыптасуы, дамуы мен болашағы атты халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияда (Алматы, 2007) және ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты ғылыми-әдістемелік
семинарда (10 маусым, 2006) баяндалды.
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация
тақырыбына қатысты 9 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ КОНЦЕПТІСІ

Тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды
қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық,
коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең
зерттеуді талап етіп отыр.
Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған
салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл
мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл
және адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл
және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы
салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы
бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам
арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-
құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс
табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде
ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты,
оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктер), этнолингвистика (тілдегі ұлттық
бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани
мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу)
салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың
барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге
қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына,
мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді
зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы
мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты
мәселесін ашумен тікелей байланысты.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай
келіп, біздің ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің
антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы деп түсінуге болатын сияқты.
Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі
лингвистикада концепт термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны,
осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай
концепт терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі.
Концепт терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен
ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А.Аскольдов ұсынған.
Ол Концепт и слово атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады:
...мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли
неопределенное множество предметов одного и того же рода [1].
Осымен сабақтастырып, В.З.Демьянков [2], Ю.С.Степанов [3] ұғым мен
концептінің аражігін ажырата қарастырады. Осы тектес концепт туралы
пікірлердің ішінен қазіргі кезде көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып,
ғылыми тәжірибеде қолданылып жүрген – А.Вежбицкаяның анықтамасы. Ғалым
концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген
және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды [4, с. 85 ].

1. Қоғамдық ғылымдар аясында әйел концептісінің сипатталуы

Соңғы жүз жылдықта әлемдік деңгейде жыныс мәселесіне қызығушылық
байқалады деп айтуға болады. Аталған мәселе өнерде, ғылымда, қоғамдық
өмірде бұрын-соңды болмаған дәрежеде көтеріле бастады. Қоғам субьектілері
ретінде еркек пен әйелді қабылдауда бірнеше көзқарас бар. Шығыс даналығы
болмыстың бүтіндігі ретінде Инь мен Янның (әйелдік және еркектік бастау)
бірлігін атап көрсетеді. Олар бинарлы, яғни мәдениеттегі Инь немесе Янның
рөліне басымдылық беру тіршілік негізін бұрмалайды деп түсініледі. Осы екі
бастау табиғатта да, мәдениетте де бір-бірін толықтырады.
Ал әйелдер өте төмен тіршілік иелері деп есептеген Аристотель
қосжынысты өзін-өзі ұрықтандыратын жануарлардың бар екенін есепке ала
отырып, жынысқа бөлу биологиялық негізде жүзеге аспайтынын айтады: Лучше,
когда высший принцип отделен от низшего. Поэтому, если это возможно,
мужское отделено от женского [5, с.396-400]. Ортағасырлық христиан
философы Филон Александрийскийдің түсінігінше, еркектік – саналы,
рационалды, құдайлық, ал әйелдік – лас дене әлемінің бейнесі. Осы кезеңде
Я.Шпренгер мен Г.Инститорис сынды монахтардың туындысы – Молот ведьм әу
бастағы күнәлылығы негізінде әйелдерді басып-жаныштау мен қырып-жоюдың
әділдігін дәлелдеуге тырысқан. Олардың пікірінше, әйелдердің сенімі аз, ол
femina сөзінің этимологиясымен түсіндіріледі, fe (латынның fides – сенім)
және minus (аз) деген сөздерінен туған, сол себепті сайтанның, ібілістің
арбауына жиі түседі де, жер бетіндегі зұлымдық әкелуші күш болып табылады.
[6, с.51,52].
Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында еркек-әйел
оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі
еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып,
абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі
табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Олар әйелдерді өздерінің жартысы деп
танып, оны өздерін толықтыратын екінші мені ретінде ғана мойындады, ол
ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Философтардың пайымдауынша,
осылайша әлеуметтік прогресстің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты.
Әйел табиғатын тек бала туу қызметіне негіздеу дәстүрі және осы орайда оны
толық емес, арнайы қызметі бар ғана жартыкеш адам деп тану Томас Аквинат,
М.Монтень, Э.Роттердамский, Г.Спенсер және сонымен бірге өзге құндылықтағы
басымдылықтарды насихаттайтын иррационалды бағыттың өкілдерінде кездеседі.
Ал әйел болмысының мәнін А.Шопенгауэр жыныстық махаббат аясында
қарастырады. Ол екі жыныс та ұрпақ жалғастыру ісіне тең дәрежеде қатысады
деп есептейді. Алайда нақты жеке тұлғаны дүниеге әкелу жауапкершілігі
әйелде екенін атап өтеді. Оның пікірінше, тектік (родовой) инстинкт
еркектерде көлденең, ал әйелдерде тереңге бағытталған. Шопенгауэр ер
адамдардың тұрақсыздыққа, ал әйелдердің тұрақтылыққа бейім екенін осымен
түсіндіреді. Ол әйелдік қабылдау – интуитивті-иррационалды, ал еркектікі –
мәнді, ақиқат шындықтың құбылыстарын рационалды ұғыну деп түсінеді.
Әйелдердің міндеті жыныстық инстинктімен тікелей байланысты болғандықтан,
олар жалпыадамзаттық мүддені көбірек білдіреді. Бұл – еркектердің табиғи
қасиеті – жеке-даралық, ал әйелдердің табиғи белгісі – ұжымдық және
тобырлық инстинкт дегенді білдіреді. Философтың пікірінше, табиғи
қасиеттеріне сәйкес ерлер өзін қоршаған барлық құбылыстардың мәнін түсіну
арқылы оларды өзіне бағындырғысы келсе, әйелдер өздерінің табиғи
міндеттеріне орай ерлердің өзіне ие болуға ұмтылады [7, с.195].
Ал Ф.Ницшенің пайымдауынша, әйелдік бастау ерлер арасында бір кездері
басым болған және ол қазіргі заманғы құндылықтардың жасалуына негіз болған.
Неміс ойшылы еркектік пен әйелдікті өзгермейтін қарама-қарсылықтар
ретінде емес, адамның бір-бірін толықтыратын қырлары деп таниды. Оның
ойынша, әрбір адам бойында анасынан дарыған әйел бейнесі бар, ол әйел затын
құрметтей ме, жек көре ме, жоқ әлде мүлде немқұрайды қарай ма, осыған
байланысты [8, с.320]. Ф.Ницше ақыл-ес – әйелдің басымдылығы, ал ерлерге
ішкі уайым мен құштарлық тереңдігі тән, осы шығармашылыққа шексіз
құштарлығы арқасында ерлер өздерінің әйелге қарағанда кемеліне азырақ
жетпеген ақыл-парасатын қолдана алады деп есептейді [8, с.421].
З.Фрейд бойынша, әйелдік психология қыздың ең алғаш ашқан өзінің
анатомиялық кемшіндігін ұғыну әсерінен қалыптасады. Ғалымның ойынша, адам
тұлғасын қалыптастыруда оның жынысына байланыссыз ана ролінен гөрі әке орны
жоғары. Ер адамның отбасында басшы болуы, әйелдің оған бағынышты болуы –
табиғи нәрселер, еркек пен әйел психологиясы олардың тәрбиесі мен мәдени
жағдайына байланысты болғанмен, туабітті факторлармен анықталады. Фрейд
әйел психологиясының енжарлық, көнгіштік, эмоционалдық сияқты қырларын
әйелдің еркек болуды қалау тілегінің нәтижесі екендігімен, оның баланы
қалау тілегіне айналуымен түсіндіреді [9, с.135].
О.Вейнингер өзінің Пол и характер атты еңбегінде еркектік және әйелдік
дүниетанымды салыстырмалы түрде зерттеуге ұмтылады. Ол барлық руханилық,
адамгершілік, парасаттылық негізі – маскулиндік, яғни еркектік екенін ашық
мәлімдеген. Әйелдерде ойлау мен сезіну біртұтас, бөлінбейтін нәрсені
құрайды, ал ерлер өз ойларын сезімдерінен айыра білуге қабілетті, соған
орай әйелдік негіз бейсаналылыққа ие деп есептейді. Вейнингердің пікірінше,
әйелдік нәзіктік жанында еркек болғанда ғана саналылыққа, мазмұнға ие
[10,.с.108]. Ерлер барлық бастан өткенді логикалық тұрғыда бірінен соң бірі
келетін үздіксіз оқиғалар арқылы байланыстырып, бір бүтінге айналдыра
алады, ал әйел жадына мұндай қасиет тән емес. Үздіксіз еске ие болу қандай
да бір құндылықтарды құру үшін іргелі негіз болып табылады, осыған
байланысты әйелдік бастау адамгершілікке жат. Әйелдердің өзіндік мені
болмағандықтан, оларда ерік-жігер, мінез, сенім де жоқ. Осыдан келіп әйел
табиғаты енжарлыққа, өзінен едәуір күшті еркек негізінің үстемдік етуіне
ұмтылады [10, с.480] дегенді айтады австриялық ойшыл.
Орыс философтары Н.Бердяев пен В.Розанов әйелді, оның ойлау, сезу,
дүниені қабылдау қабілетін, кейде физиологиялық ерекшеліктерін адам
болмысының құндылықтар жүйесіндегі жоғары орынға қойып, ерекше бағалаған.
Олар әйел мәселесін олардың мәдени мәртебесі деңгейінде қарастыруға
ұмтылған. Әйелдік нәзіктік – ғарыштық және тарихи үдерістің мақсаты, ол
Ғаламның өзі, сол себепті мәңгілік әйелдік нәзіктік ғарыштың ғұмырлық
іргелі негіздерінің бірін құрайды. Әйелдік нәзіктік ұстанымының
мәдениеттегі көрінісі әйелдің ерлердің шығармашылығын шабыттандырушы
күшке айналу керектігінен көрінеді. Идеалды маскулиндік бүлікшіл
батырлыққа дейінгі белсенді әрекетті, ал нағыз әйелдік нәзіктік, жуастық,
үнсіздік, төзімділік, тыныш отбасылық өмірге ұмтылушылық сияқты қасиеттерді
қамтиды, – дейді орыс ойшылдары [11, с.36].
Жоғарыдағы ойшылдардың әйел туралы көзқарасы, әйелді бағалауы
біркелкі емес екені байқалады.
Осыған сәйкес тілімізде Әйелдің аты – әйел деген қалыптасқан тіркес
бар. Аталған тіркесті қазақ халқы бір жақты ұғынбайды.
Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы,
өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған
орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел –
сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел –
жарасым... деп танимыз. Мысалы:
Қоян жырық есіктен кірген бойда үйдегілерді түгендей бір қарап алды
да:
– Аман ба, әй қатын? – деді. Қасындағысы жырқ етіп қалды.
Ақбала ығысқан жоқ:
– Сенің аузыңа қайдағы бір жұртта қалған сөз түседі-ау! – деді.
– Е, қатын дегенге намыстанамысың? Қатын емей немене ең! Жұт жылы жарты
қап бидай, жалғыз бұзаулы сиырға сатылғаның өтірік пе?
– Сонда да сенің аузыңа түсе қоймағанмын. Жырылып кеткемін.
Әйел қашан да әйел ғой... Жырық аузыңнан жырылып кеткенмін дегелі
тұрды да, оны айтпай, әдеп сақтап еді, бірақ жырылып дегеннің өзі де
жетіп жатыр екен, қоян жырық үндей алмай қалды. Өр кеуде басыла берді
(Ғ.Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне).
Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың,
ретсіздіктің символы. Орыс тілінде әйел сөзінің жағымсыз түптөркіні бар,
себебі онда щина жұрнағынан жасалған сөздердің бәрі көзге ілмеу, менсінбеу,
жек көру сияқты жағымсыз бағаға, коннотацияға ие. Мысалы, женщина,
деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина, обломовщина т.б. Қазақ
мәдениетінде де әйелге қатысты жағымсыз коннотациядағы ассоциациялар
кездеседі. Әйелге байланысты әсіресе ауызекі тілде көп қолданылатын
шүйкебас, төмен етекті, шөпжелке, ұрғашы сияқты кемсіту мағынасындағы
сөздер бар. Әйелді ақылы шолақ, сөзі көп деп еркектен кем санайтын
түсінік қазаққа да тән екені көркем мәтіннен де көрінеді: Өсекші он
әйелден өтірікші бір шал артық, балалар, тым болмағанда әкелеріңнің қадір-
қасиетін айтып беретін бір ауылға жаман болса да бір шал керек (О. Бөкей.
Мұзтау).
– Әй, әй, Мөңке, - деп ол бір бүйірден килікті. – Көлгектейтін не
бар. Көмейіңді буып, қылғынып сөйлеуді қой. Әйел ауыр қаза емес. О,
тәйірі, теңіз жағасында ең таңдаулы әйел мықты бір қараның пұлынан
аспайтын боп тұр ғой.
Ойбай-ау, бұрынғылар біліп айтқан ғой. Бұл әйел жеті дұспанның бірі
ғой. Ер жігітке опа берген бе? Ау! Ау, Еламанжан-ау, Ақбала да опасыз
болып шықты. (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).
Қап, мына мыстан дымымызды құртты-ау! Айтқан соң айта түспей ме ақыры
(Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала).
Дәстүрлі қазақ дүниетанымында тұлғалықты, даралықты білдіретін төл
категориялар бар. Осындай ұғымға тектілік жатады. Тектілік ерге де,
әйелге де, байға да, кедейге де тән қасиет. Ол кез келген адамда болмайды.
Тектілік деңгейін тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі,
халқының тектілігі деп бөлген философ ғалым А.Адаеваның пікірінше, осы
тұқым мен қан тектілігі туралы қазақ түсінігі ерте заманнан бастау алғанын
және бұл қасиетке атасы мен анасының бірдей жауапты екенін, көбінесе
әкесінен гөрі анасының тегіне қатты мән берілетіндігін, қазақ түсінігінде
елді текті адам билеуі тиіс екенін дәлелдейтін мысалдар жеткілікті [12, 96
б.]. Әсіресе, ақын-жыраулар шығармашылығындағы қазақ әйелі концептісінің
көрінісі жоғарыдағы ұлттық дүниетаным құндылықтарына сәйкес келеді:
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата-мұрадан!
Мұны неге білмейсің! ( Асан қайғы. Бес ғасыр жырлайды).
Шынында да, халық аңыздары мен жырларында, тарихи хикаяларда,
шежірелерде, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан ата-бабаларымыздың ең
алдымен ана тегіне ерекше назар аударғаны жайлы деректерді жиі кездеседі.
Бұл туралы Л.Н.Гумилевтің: ...Анасының шыққан тегіне айрықша маңыз
берілген. Мәселен, Ханзада Төременді тақтан тайдырудың себебі шешесінің
шыққан тегінің төмендігі болады. Әрине, бұл желеу, оның саяси жауларының
айла-амалы ғана, бірақ сол дәлелінің қызықтығына қараңызшы, – деп жазуы
тегін емес [13, 72 б.].
Жоғарыдағы жайттарды қазіргі ғылыми зерттеулер нәтижесі де дәйектей
түседі. Заманауи генетика ғылымы ақыл-парасаттың ана бағыты арқылы
берілетінін дәлелдейді. Ойлау қабілетіне жауап беретін гендер–Х-хромосомасы
ұзындық бойына орналасқан. Әйелдерде ол екеу (ХХ), еркектерде біреу (XҮ).
Дүниеге келген ұл бала ақыл қабілетін өзінің анасының генінен алады, ал қыз
бала бір Х хромосомасын шешесінен, біреуін әке жағынан әжесінен алады,
себебі әкенің Ү хромосомасында аталған қабілет жоқ. Ақыл-парасаттың
ұрпақтан ұрпаққа берілуі осылайша жүзеге асады [14, с. 682-683].

2. Қазақ әйелі концептісінің психофизиологиялық негізі

Қазақ әйелінің рухани дүниесінің, төл мәдениетінің тілде қай деңгейде
көрініс тапқанын айқындайтын, ол туралы ұлттық деректерді келешек ұрпаққа
жеткізуші лингвомәдениеттану ғылымы психолингвистика, әлеуметтік
лингвистикамен тығыз байланысты. Атап айтқанда, қазақ әйелі концептісінің
кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен
қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл
білімінде кенжелеу қалып жатыр. Ал жалпы тіл білімінде (орыс тіл білімінде)
ол біршама қалыптасып қалған.
Ерлер мен әйелдердің даму эволюциясы олардың жағдайлары әртүрлі болуына
байланысты түрліше жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, әйелдердің жеміс тергені
тарихтан мәлім. Еркектер қорғау қызметін атқарса, әйел бала бағумен
айналысқан. Осы бағыттағы дамудың нәтижесінде олардың денесі мен санасы
түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру
барысында олардың денесі қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған
байланысты еркектер әйелдерге қарағанда биік және қайратты бола түскен.
Миллиондаған жылдар бойы олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін
талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі кездегі ғылыми тәжірибелер
балаларды адамдардан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ аралда
тәрбиелесе де, қыздар бәрібір қуыршақтарын киіндірумен, жұбатып,
тәрбиелеумен айналысатыны, ал ұлдардың бір-бірімен күш және ақыл-парасат
жағынан бәсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық топ құратыны
анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, бұның
себебі, біздің ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің
ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп
ұйымдастырылған [15]. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін
жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан
жырақтай алмайды. Бұл ғылыми болжамды төл әдебиетіміздегі тілдік деректер
де растай түседі:
Сақыпжамал кимешегінің етегіне орап алып, сәбиді алдына жатқызды.
– Ойбүй, ұмытып барады екем-ау, – деп қайтадан жалаңаштап бір қол, бір
аяқты кергіштеп- созып, тартқыштап- тигізіп отырып: Өс! Өс!– деп қояды.
...Құлнияз кемпіріне бүгін ырза. Құдайау, пұшпағы қанамаған жазған
шіркін, осының бәрін қайдан үйреніп жүр?Тап бір он баланың анасы болғандай
қолы қолына жұғар емес. Әлде табиғат – тәңір әйел баласына аналық құдіретті
іштен сіңіріп, қанына құйып бере ме екен? Құдды бір тұмса келіншектей
жасарып алғанын қарашы!( С.Сматаев. Елімай).
Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бетбейнесінің қандай екенін ұмытып
қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебіл-себіл
әйелді: Апа! дейтінді шығарды. Бауырына басын тығып ұйықтайтынды шығарды.
Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан кішкене сәбидің
кекілін сипап кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен бейтаныс әйелдің
көкірегіне сүт жүгірді (Ә. Кекілбаев. Үркер).
ХХ ғасырдың 90жылдары ғалымдар біз дүниеге келген сәтте миымызға базалық
бағдарламалардың ендіріліп қойғанын дәлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер
ұсынды. Ықылым заманда ерлердің – аңшы, әйелдердің – тәрбиеші болғандығы
күні бүгінге дейін сол екі жыныстың мінез-құлқы, басымдылықтары мен
көзқарастарына өз үстемдігін жүргізеді. Ерлер мен әйелдердің өздерін
түрліше ұстауы ми қызметінің өзгеше ұйымдастырылуында. Бұл екі жыныстың
дүниені екі түрлі қабылдауының, басқа басымдылықтар мен өзге құндылықтарды
дұрыс санауына әсер етеді. Мысалы,
Әйел табиғаты да – құпиясы мол, жұмбақ, сырлы дүние ғой. Әйелдің
құдіреті – сол сұлулығы мен нәзіктігінде. Еркектер ерлігімен, батырлығымен
жеңе алмаған нәрсені әйелдер кейде назды бір күлкісімен-ақ жаулап алады.
Егер әйелдер өз күйеулерін шынжырлап ұстаса, оны кез келген еркек үзіп
кетер еді. Соны түсінетін ақылды әйелдер еркекті, көбінше, сезім қылымен
арқандайды. Ол – темірден де берігірек (Қ. Жұмаділов. Саржайлау).
Әйел өзге әйелдің біреуге ренжігенін, түрлі көңіл толқуын бірден сезеді,
ал ерлердің мұны түсінуі үшін бірнеше физикалық дәлел қажет: әйел көз жасын
төгіп жылау керек, ыдыс-аяқ сындыруы немесе шапалақпен тартып қалуы тиіс.
Бұл көптеген сүтқоректілердің ұрғашылары тәрізді әйелдердің ерлерге
қарағанда сезімдік қабылдауының өте нәзік болуымен түсіндіріледі. Аталған
қасиет әйелге – ошақ пен бала-шаға амандығын сақтаушысына – өзге адамдардың
көңіл-күйі мен қарым-қатынасындағы болмашы өзгерісті де жіберіп алмау үшін
қажет. Мысалы,
Киеван шалдың мұндай сәттерде шектен тыс шікәмшіл, шектен тыс мейірімсіз,
қатыгез боп кетерін жақсы білетін Қыжымкүл артық-ауыс сөз айтпай, аяғының
ұшымен құрдай жорғалап, үлкен, бүйірлі шайнекке шай демдеп дастарқан басына
әкеп қойды да: дайын болды, – деді (Д. Исабеков. Тіршілік).
Әйелдік интуиция деген атпен белгілі бұл қасиет, шын мәнінде,
айналадағылардың сыртқы келбеті мен әрекетіндегі ұсақ-түйекке дейін байқау
сияқты өткір қабілетті білдіреді. Мысалы,
– Балам, сен ренжіме. Өңкей қыздардың арасында өскен бала көңілге қарағыш,
елжіреуік келеді. Қыз деген сайтан, бәрін аңғарғыш келеді. Еркек бала
ештеңені елемейді (Ж.Шаштайұлы.Жаңғырық).
Еркектің миы мен әйелдің миы түрлі қабілет пен дарын бағытында екі түрлі
жылдамдықпен қалыптасқан. Аң аулаумен айналысқан ерлер алыс қашықтықтағы
іс-әрекетке бағытталған, жемтігін өлтіруге қажетті тактикалық шеберлікке,
нысананы жоя алу қабілетіне жауапты ми бөлігін дамытқан. Олардан
біреулермен сұхбат құру, өзгелердің эмоционалды қажеттіліктерін қабылдау
икемділігі талап етілмеген, сол себепті тұлғааралық қарым-қатынасқа жауап
беретін ми бөлігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Әйелдер, керісінше, оларға
қарағанда айналадағы жағдайдың бәрін барлау үшін қысқа қашықтықта, бірақ
кең ауқымдағы көру бағытына икемделуі, бірнеше жұмысты бірдей жүргізуіне
және тиімді қарым-қатынас жасау қабілетіне ие болуы тиіс-ті. Аталған тілдік
дерек осы ғылыми болжамды дәйектей түседі:
Тоғыз қатынның толғағы қатар келгеніне жүзінен реніштің болымсыз табы
білінбей қоймайды. Сөйтсе де бәрін жайғап үлгеретін тап мынадай әйел бір
үйдің ырысы-ау. Ақаңның кемшін тұсын әйелінің адамшыылғы толтырып тұр.
– Құдайым-ау, сен Сағынышсың ба, ал мына батырдың аты Жайлау ғой, – деді
де әлденеге алаңдап әбігерленіп тұрғанын байқатпай, балаларға күлімсірей
төніп келіп, екеуінің беттерінен алма-кезек сүйді (Ж. Шаштайұлы. Жала мен
нала ).
1962 жылы Роджер Спери атты ғалым мидың әрқайсысы өз бетінше әрекет
ететін екі жартышарының қызметін анықтағаны үшін Нобель сыйлығына ие
болған. Оның зерттеуіндегі жаңалыққа сәйкес, шығармашылыққа жауапты мидың
оң жақ жартышары дененің сол жақ бөлігін басқарады, ал логикаға, себепті
байланыстар мен сөйлеуге жауап беретін сол жақ жартышары дененің оң жағын
билейді. Ерлерде мидың сол жартышарында тіл мен сөздік сақталса, оң жағында
көру ақпараты жиналады. Әйелдердің ми көлемі ерлермен салыстырғанда аздау,
бірақ ол әйелдің ми қызметіне өз әсерін тигізбейді. 1997 жылы Копенгаген
госпиталіндегі неврология бөлімінде қызмет жасайтын дат ғалымы Берте
Паккенберг ерлердің миы әйелдердікінен орта есеппен 4 млн. ми клеткасына
артық екенін анықтаған. Алайда әйелдерде мидың тығыз орналасуы олардың
ерлерге қарағанда ойлау қабілеті 3 пайыз жоғары екенін соңғы ғылыми тестер
нәтижесі дәлелдеуде [15].
Мир орбиталық стансасы ғарышкерлерінің реакциялық әсерлерін зерттеген
американдық ғалымдар әйел санасының барынша икемділігін, тәртіптілігін және
іргелік негізі мықты екенін атап өткен. Ақыл-парасат басымдылығымен қоса
әйелдер сыйымды және жұмсақтау [14, с. 682-683].
Американдық профессор Дорин Кимура еркектерде сөйлеу қабілетінің бұзылуы
мидың сол жағына зақым келуінен болады, ал әйелдер сөйлеу қабілетін мидың
оң және сол жақ жарты шарының фронтальды бөлігі бірдей зақымданғанда
жоғалтатынын анықтаған [15, c. 70 ].
Мидың оң және сол жағы сүйелді дене деп аталатын нерв шоғырымен
біріккен. Бұл кабель мидың бір жағына екінші жағымен хабарласуға, екі жарты
шарға бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екі иығыңызда
кабельмен байланысатын екі компьютер бар деп елестетіңіз, сол кабель
сүйелді дене деп аталады. Американдық невролог Роджер Горский әйелдерде
сүйелді дене қалыңырақ, тығызырақ және әйелдің еркекке қарағанда мидың
сол және оң жақ жартышарын байланыстырушы заты 30 пайызға артығырақ екенін
анықтаған. Ол сондай-ақ ерлер мен әйелдердің бір міндетті атқару үстінде
мидың жартышарының екі түрін пайдалануы да ерекше екенін дәлелдеген [16].
Зерттеулер нәтижесінде әйелдің эстроген атты гормонының екі жартышар
арасындағы біріктірушілердің санын көбейтетіні анықталған. Оның нәтижесі
жылдам сөйлеу екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ аталған ерекшелік әйелдің
бір-бірімен байланысы жоқ жұмыстарды атқара беретінін және әйелдік
интуицияға жауапты екенін дәлелдейді. Сол себепті әйелдердің адамдар туралы
пікірлері дәл және тез, жағдаят туралы интуиция деңгейінде [15, c. 74-75 ].
– Мен қаңлының падишасымын. Патша алаңсыз іс жасасын, падиша кімнің дос,
кімнің жымысқы екенін сырттай бақылаушы, тарықса рухын көтерер досы болсын.
Алдарыңнан жарылқасын! Құдай қолдасын екеуіңді... (Э. Төреханов. Ескендір
мен Роксана).
Шын мәнінде ерлер ірі, ауқымды істер барысында ұсақтүйек мәселелерге мән
бере бермейді. Ал әйелдердің интуициясы сұхбаттасушы адамның қандай
ниеттегі адам екенін аңғарғыш келеді. Ежелгі Афинаның гүлденіп,өркендеуі
Периклдің билеу кезеңіне (б.з.д. 490-429 жж.) тұспа-тұс келген көрінеді.
Бұл кезең тарихта грек өркениетінің алтын ғасыры деген атқа ие болған.
Перикл ел үшін маңызды шешімдерді қабылдау алдында өзінің сүйіктісі
(кейіннен әйелі) Аспасиямен жиі ақылдасатынын және өмір бойы одан шешендік
өнерді (риториканы) үйреніп өткенін мойындаған екен.
Ал енді еркек ақылдырақ па, әйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне
сәйкес ми салмағы әйелдерде шын мәнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының
салмағы орта есеппен – 1,4 кг, ал әйелдердегі орташа көрсеткіш – 1,3 кг),
бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, әйелдердің миы олардың
дене салмағының 2,5 пайызын, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің
миының алдыңғы жағы көлемдірек, әйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені
және әйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені
де анықталған. Ресейдің белгілі анатомы Л.Этинген миды анатомиялық жыныстық
ерекшелігі бар ағзаға жатқызбайды, алайда оның мінез-құлық ерекшелігіне
әсер ететінін жоққа шығармайды. Себебі, ер балалар, әдетте, жақсы санайды,
ал қыздар сөйлеуге, оқуға тез үйренеді, шет тілдерін үйренуге барынша
икемді, сондай-ақ түр-түсті жақсы ажырата алады. Әйелдердің миы генетикалық
жағынан бала сүюге ерлерден жоғарырақ бағытталған [16 ,с. 381]. Ана болу,
ана бақытын сезіну қазақ әйелінің де жаратушыдан бұйырған сыйы. Қазақ
қоғамында әйел бауырындағы баласымен сыйлы екенін дәлелдейтін дәйек көп.
Мысалы,
Ойында бір өнбойын өртеп кететін толқыныс бар. Ол – пісіп жеткен әйел
мұңы – бала. Ұл бала! .. Бойға бітпей жүрген баланы сағыну деген азап екен.
Түсінде бала емізіп, бала ойнатып отырғанын көреді. Қуанып оянады, ұзамай
ағылтегіл жылап алады (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Арнайы тәжірибе жасаған шетел нейрохирургтары әйел миының екі
жартышарындағы сөйлеу және ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың
қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23% артық деп көрсетеді. Ал көрнекті
психолингвист Н.И.Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына,
физиологиялық дамуына әсер етуімен бірге тілдік белсенділігін жетілдіруге
де көп ықпал ететінін дәлелдеген болатын [17, c.67-68]. Ерлер миының оң жақ
жартышары сол жақ жартышарының қалай қызмет атқарып жатқанынан барлық
уақытта хабардар бола алмайды. Әйелдердің миының жарты шарлары бір-бірімен
үндесетіндіктен, тоқтаусыз әңгімелесе алады. Сонымен қатар әйелдердің
сөйлеу жылдамдығы ерлердікіне қарағанда басымдау болуы сол нейрондардың
қоюлығына байланысты болуы керек.
Қойылған сұраққа бір сөзбен ғана қысқа жауап берудің орнына жол-жөнекей
болған оқиғаны да, оған деген өзінің көзқарасын да баяндап шығатын әйелдің
көпсөзді болуы, ал ер адамдардың сұраққа қысқа да нақты жауап беруі осы
ерекшелікке байланысты.
Әйел табиғатына тән осындай заңдылықтар, ерекшеліктер қазақ әйеліне де
ортақ. Оны тілдік деректермен дәйектеуге болады.
– Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз
ба?
– Жиенімін.
– Жиенімін. Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген
әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз болып шықтыңыз-ау. Е,е, құда
екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. – Қымқа орнынан
көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. –
Кешір, айналайын, –- деді даусын бәсеңдетіп. – Қу тіршілік адамда ес
қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті, – ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп
бетін сипады да қайтып тұрды. – Нағашыңыз армандап жүруші еді, қарындасым
мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын,
өзіңе өмір берсін.
– Рахмет, жеңгей (Д. Исабеков .Тіршілік).
О баста еңбек бөлінісіне байланысты пайда болған ерекшеліктер қазақ
әйелінің де табиғатына, болмысына әсер етпей қоймады. Мысалы,
- Өзің біл, отағасы,- деді ақ кемпір.- Әйел сорлының жүрегіне суылдауды,
маңдайына шырылдауды жазған да. Әйел сорлы әлденені сезбесе, шырылдап
нетсін. Жүрегімнің әшейін суылдағанын айтам, көз келтелігін айтам. Әйтпесе
жер тірегi , ел тірегі ерменен сөз шайқысар жөнім жоқ-ақ қой. Табаныңа
төсек боп өткеніме өкініп емес, тоғайып айтқан бір базыналығым да. Басынды
деме, отағасы (А.Сүлейменов. Бесатар).
Шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік,
әлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда
руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады.

3. Қазақ әйелі концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау

Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық
жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік бірліктерді
қолдану айырмасын т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың қазақ әйелі
концептісін сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған
лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән
берілуде. Ғалым A.Чекалинаның көрсетуінше, гендер – әлеуметтік
психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез-
құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінез‐құлықтық сипаттардың жиынтығы.
Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән,
әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез‐құлық қалыпты, күдікті немесе
нормадан ауытқушылық саналады, сондай‐ақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке
тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер
қарастырылады[18, 30-31 c.].
Демек, гендер – тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес,
олардың арасындағы қарым‐қатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан
қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер –жеке тұлғалардың
белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен
міндеттері жағынан ажыратылуы. Осымен байланысты адам айналадағылардың
мінез‐құлқынан аталған рөлде атқаруға міндетті немесе атқармауы тиіс
сәйкестіктер күтеді. Мысалы: а) еркекке қатысты сәйкестік: Жә, жетеді.
Жылама! – деді арқасынан қағып. – Қанша жыласаң да Қанағат бізге енді
жоқ... Сен әкеңнен айрылсаң, мен адал досымнан айрылдым. Еркек емессің бе?
Жігіт адам қайғыны еркекше көтеру керек (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).
ә) әйелге қатысты сәйкестік: Әйел емес пе, ызаланып жылап та қалатын.
Оһо, жарандарау, күйеуінің мешкейлігінен бұл Бифатыма не көрмеді? Не
істемеді? Әйтеуір, бәріне де төзіп бақты ғой, неге де болса, төзімі темір,
жаны сірі әйел заты емес пе? (Т.Нұрмағамбетов. Айқай).
Адамның өзін‐өзі бағалауы өз кезегінде оның қалыптасқан гендерлік рөлін
орындау сипатына байланысты. Американдық ғалымдардың зерттеулерінде әйелдің
өзін‐өзі бағалауы әлеуметтік қатынастардың әсеріне байланысты болса,
еркектердің өзін‐өзі бағалау дәрежесі істеріндегі табысқа жету деңгейіне
тығыз байланысты екені анықталған.
Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер
жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі
көрінісін танытатын гендерлік дисплей ұғымы ендірілген болатын. Гендерлік
дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан
түрлілігі, олардың әлеуметтік қарым‐қатынаста өзін танытатын, көп жағдайда
айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [18, c.34].
Демек, гендер – білім, кәсіби қызмет, билікке қол жеткізу, жыныстық
тартымдылық, отбасылық роль мен ұрпақ жалғастырудың жеке тұлғалық
мүмкіндіктерін анықтайтын әлеуметтік мәртебе. Ал әлеуметтік мәртебелер
аталған қауымдастықтың мәдени кеңістігі аясында өмір сүреді. Бұл гендерге
гендерлік мәдениет ұғымы мәртебе ретінде сәйкес келетінін білдіреді.
Қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл
мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы
молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б.Хасанұлы, Г.Мамаева,
Қ.Жанатаев, Г.Шоқым, М.Ешимовтің т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.
Соңғы уақытта гендер мен тілдің бірбірімен байланысын зерттеу мына
бағыттар аясында жүргізіледі:
– әлеуметтік – лингвистикалық – тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның
жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және
бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б.зерттеу;
– психолингвистикалық – жыныс психикасына сәйкес әйел мен ер адамның
тілдік қарым-қатынасы үрдісіндегі тілдік және бейтілдік ерекшеліктерді
ажырату, бала тілінің гендерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен
нейролингвистиканың байланысын анықтау,
– идентификациялық – авторы жасырын (аноним) мәтіндерді тексеру арқылы
автордың тілдік тұлғасын анықтау, жынысын ажырату;
– лингвомәдениеттанулық және мәдениетаралық зерттеулер – белгілі бір
кезеңде түрлі тілдер мен мәдениеттердің андроортақтық деңгейін
белгілеуде гендердің алатын орны, тіл мен мәдениеттің қоғамдағы рөліне
сәйкес гендердің жалпы және айрықша белгілерін анықтау;
– тілдегі феминистік сын;
– маскулиндік зерттеулер т.б. [19].
Ғалым Г.Шоқымның көрсетуінше, лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік
және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, еркектік
(мужественность) және әйелдік (женственность) тұжырымжасам, гендерлік
метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз
заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым
деңгейінде т.б. зерттеулер жүргізілуде [20, 23 б.]. Қазір сәнге айналып,
өміріміздің бір құрамдас бөлігі саналатын жарнама тілін зерттеуші
И.А.Гусейнова, М.В.Томская қазіргі жарнамалық дискурста гендерлік
стереотиптердің ақпарат таратуда зор мәнге ие екенін атап көрсетеді [21,
c.79].
Әйел мен ер адамдардың лексикасын арнайы зерттеумен айналысқан
Е.А.Земская, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова олардың арасындағы
айырмашылықтардың бірқатарын былайша атап көрсетеді:
1) ерлер тілінде экспрессивті, стилистикалық мәні төмендетілген сөздер жиі
қолданылады;
2) ерлерде дөрекі, қарапайым сөздерді әдейі қолдану жиі кездеседі; Мысалы,
Қортық, араның ашылсын!
3) ерлер өз араларындағы жеңіл-желпі әңгімеде инвективті лексиканы көп
қолданады;
4) әйелдер гиперболалық тәсілдегі сөздерді көп пайдаланады; Мысалы, Той
керемет қызық өтті.
5) ерлердікіне қарағанда, әйелдер тілінің эмоционалды бояуы басым [22,
c.136].
Ал зерттеуші Е.И.Горошко ерлер мен әйелдер тілінің ерекшеліктерін
төмендегідей саралайды:
1. Ерлер әйелдерге қарағанда, түрлі мағынадағы сөздерді көбірек
қолданады;
2. Ерлер таңдаған сөздердің басым бөлігі жануарларды сипаттауға, ал
әйелдердікі киім мен мата түрлерін, тамақ пен ас әзірлеу тәртібіне
қатысты;
3. Әйелдер қолданатын сөздердің көпшілігі оларды тікелей қоршаған
заттармен, олардың жеке сезімдері мен психологиялық күйлерімен
байланысты, ал ерлердің әңгімесі өзіндік менінен алшақ, еркектің ішкі
әлеміне бағытталмаған;
4. Ерлер таңдаған сөздер көбіне өзара аллитерацияланып, ұйқасып тұрады,
олар әйелдерге қарағанда сөздердің акустикалық жағынан үйлесуіне көбірек
мән береді [23, c.130 ]
Қазақ тілінде де инвективті лексиканы қолданудың гендерлік ерекшелігі
бар. Мысалы,
– Атаңның аузын ұрайын, сүмелек неме, әбден есіріп біттің (Ж. Шаштайұлы.
Жала мен нала). Ой, ата-бабаңның... – деп, Бөкенбай шалт қимылға
көшетіндей Назымға ақырын таяп келді (Cонда).
Осы орайда қазақ тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөйлеу тіліндегі
ерекшеліктерді арнайы зерттеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Ғаламның тілідік бейнесіңдегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі
Тақырып идеяға тартылған жол
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Сұлулық
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Пәндер