Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Д И П Л О М Д Ы Ќ Ж ¦ М Ы С

Таќырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы

:
М а з м ұ н ыКіріспе:

М а з м ұ н ы

Кіріспе

3: 3
:
М а з м ұ н ыКіріспе: І Абай шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің теориялық мәселелері.
3:
: 1. 1.
М а з м ұ н ыКіріспе: Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнындағы Абай шығармалырын оқытудың тәрбиелік мәні
3: 5
: 1. 2.
М а з м ұ н ыКіріспе: Бастауыш сынып оқушыларына Абай шығармаларын оқыту арқылы адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері
3: 15
:
М а з м ұ н ыКіріспе: ІІ Абай шығармаларын оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемелік негізі.
3:
: 2. 1.
М а з м ұ н ыКіріспе: Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқытуда оқушылардың тәрбиесіндегі Абай шығармаларының алатын орны.
3: 28
: 2. 2.
М а з м ұ н ыКіріспе: Ана тілін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін Абай шығармалары негізінде жетілдіру жолдары
3: 42
: 2. 3.
М а з м ұ н ыКіріспе: Сабақ жоспарының үлгісі
3: 55
:
М а з м ұ н ыКіріспе:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3:

59

61

Кіріспе

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ.

Білім бастауы - бастауыш мектепке берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға - ұстаз.

Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа - егеменді, терезесі тең елге айналуға мойын бұрамыз. Абай айтқандай-ақ, білімімен теңессе ғана ұлттар теңеседі. Білім қалай теңеседі? Бірден жауап берейік: оқу-тоқу арқылы білім теңеседі.

"Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламада барлық шәкірттердің сабақтарға толық қатысулары, төл оқулықтармен қамтамасыз етілуі, мектептердің компьютерлендірілуі, саналы тәрбие берілуі, ең негізгісі, мемлекетіміздің болашағы болып есептелетін әрбір жас ұрпағымызға білім негіздерін беру басты міндетіміз екені ерекше айтылған. Озық ойлы, нәзік, сезімтал ұрпаққа сапалы білім беруде көпшілікке ортақ озат тәжірибені дер кезінде игеріп, оқытудың жан-жақты технологиясын өмірге лайықты ендіру негізгі мәселе болып табылады [1] .

Жалпы Абай шығармалары жайлы Кәмен Оразалин, Тұрсын Жұртбаев, Сәкен Өзбекұлы, Құлмет Өмірәлиев, Мекемтас Мырзахметов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханов, М. Силченко, Зәки Ахметов, А. Жұбанов, Б. Қазыханова, Е. Байзақов, М. Базарбаев, Қ. Нұрманов, Т. Әбжанов сынды көрнекті ақын-жазушылар, әдебиеттанушы, өнертанушы философ, ғалымдардың еңбектерінде құнды пікірлер мен тұжырымдар айтылған [7] .

Абай шығармаларын оқытудағы мақсат - бағдарламада көрсетілген оқытудың Абай шығармаларын оқыту, білімді, іскерлікті, дағдыны сол шығарма арқылы меңгерту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету және тұлғаларды дамыту, оқытудың міндетті нәтижелеріне жету, саналы тәрбиелеу, әрбір шәкірттің іскерліктері мен мүмкіндіктерін ескеретіндей бағыт-бағдар беріп, дамытатындай жағдай жасау, "бұлақтардың көзін ашу". Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі - ол нәтижеге жетуге ынталандыру, әрбір шығарманы жан-жақты жете білу, сабақты өту жолдарының ең оңтайлысын іздестіріу, оқыту, әдістемесін жетілдіру.

Демек, зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасалған талдау қазіргі кезеңде бұл мәселенің ана тіліндегі Абай шығармаларының жеткіліксіз қарастырылуы, оқу үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының әдеби шығармашылығын дамытуда, оқу-тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың туындағанынан диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы ” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісі

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын Абай шығармалары арқылы тәрбиелеу.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы адамгершілік және құлықтық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негізін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін және бастауыш сыныпта қолданылу аясын теориялық тұрғыдан негіздеу;

2. Бастауыш сынып оқушыларын Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің өзіндік ерекшелігі, мүмкіндіктері мен мазмұнын анықтау.

Зерттеу әдістері: дипломдық жұмыс бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи әдебиеттерге бөлім бойынша теориялық талдау жасау; мектептің оқу-құжаттарын (оқу жоспарын, бағдарламалар, оқулықтар) зерделеу; мұғалімдердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорыту оқу үдерісін бақылау, әңгімелесу.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Абай шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің теориялық мәселелері.

1. 1 Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнындағы Абай шығармаларын оқытудың тәрбиелік мәні

Білім мен тәрбие - егіз. Оқушылардың білім сапасы тәрбиеге тығыз байланысты іске асады. Білім - ақылдылыққа үйретсе, тәрбие - адамгершілікке үйретеді.

Оқушыларға білім беруді тәрбие арқылы іске асыру - ұстаз шеберлігін жан-жақты керек етеді. Қазіргі кезде мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы тынымсыз ізденгенде ғана озат тәжірибелерді тез игеріп, сабақтың сапалылығы да үнеме артып отырары анық.

ҚР-сы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жалпы бастауыш білім берудегі ана тілі пәнінің негізгі мақсаты - балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқушыларды оқырмандық мәдениетке баулу, көркемдік - эстетикалық талғамын ояту, рухани дүниесін кеңейту, ізгілікті-елжанды, шығармашыл оқушы тұлғасын қалыптастыру [1] .

Әдебиет - жас өспірімдер ұрпақтарға әсер етуші құдіретті құрал. Көркем әдебиет - әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі, көркем шығармадағы кейіпкер арқылы оқушы бойындағы ізгілік, адамгершілік, адамдық сияқты асыл қасиеттер қалыптасады. Демек, көркем әдебиет жаратылысындағы эстетикалық қуатты оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына орай іске асыру - оқытудағы басты бағыт. Әдебиет сабағы - өнер сабағы екені белгілі. Кез-келген сабақты жүргізетін де өтетін де - мұғалім.

"Қазақтың қаны бір жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жұлдызымыз бір, жолымыз бір, қазақ мұғалімдері" деп Мағжан Жұмабаев айтқандай мұғалімдер келешек ұрпақты тәрбиелеуші, оларға үлкен әсерін тигізетін жандар аяулы біздің ұстаздарымыз.

Біздің қазақ халқымыз салт-дәстүрлерге берік. Ол салттарымыз ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән береді.

Баласы қырқынан шығарған бір келіншек ауылдың абыз ақсақалына келіп: "Баламды қырқынан шығардым. Енді қалай тәрбиелейін?" - деп сұрапты. Ақсақал жаңа босанған анаға бала тәрбиесіне қырық күн кешіккенін айтыпты, сонда. Бұл аңыз желісі. Негізі әр халықтың бала тәрбиесіне келгенде өз қағидасы бар. Мәселен, жапондар баланы 5 жасқа дейін бетімен қоя береді екен. Бала ерекелеп, тектектік жасаса да ақыл айтып жөн көрсетепейді екен. Еврейлер кішкентай баланы үнемі мақұлдап, "Сенікі дұрыс!" деп отыратын көрінеді.

Жалпы бала тәрбиесіне байланысты ғылыми еңбектер аз емес. Ал, ғылыми зерттеулердің бір парасы баланы тумай тұрып тәрбиелеуді бастауға үндейді. Мәселен, Саусхемптон (ұлыбритания) университетінің ғалымдарын ананың бала көтергеннен кейінгі және оған дейінгі уақытта дұрыс тамақтануы тиіс екенін айтады. Егер мұндай шарт-талаптар орындалмаса, бала ауру болып туылуы бек мүмкін. Ананың түсік тастауы да ғажап емес. Ана бойына керек витаминдерді ала алатын болса, іштегі нәрестенің қан айналымы жақсара түседі. Әйтпесе, баланың шала туылуы, уақытына жетпей түсіп қалуы әбден мүмкін. Дұрыс тамақтанбаған аналардың балалары үлкейгенде қант диабетімен немесе атеросклерозбен ауырады екен. Сондай-ақ ғалымдардың айтуынша, бала көтеріп жүрген әйелдер мүлде ашуланбаған жөн. Сондықтан бала тәрбиесіне ананың денсаулығы, ақыл-ойы, парасаттылығы мен өзіндік тәрбиелік қасиеттері арқылы ұлттық тәрбие тұрғысынан да қарау қажет.

Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың поэтикалық шығармалары мен "ғақлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қалдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы - оның педагогикалық көзқарасының дүние жүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Жақсы көпке ортақ", "Пайдаң еліңе, халқыңа тисін" деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды [15] .

Қазіргі күні Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, морль мәселелері егеменді елеміздің рухани қазынасына айналып отыр.

Абай өзінің халқына, келер ұрпағына өшпес әдеби мұра қалдырды. Бұл өте бай мұраның тақырыбы, жанры сан алуан болғанымен, оның негізгі идеясы - біреу. Ол нұрлы - ағартушылық идея. Ақынның қай шығармасын, қай өлеңін, қай бір өлең жолын алсақта, тәлім-тәрбиелік мәні зор асыл қазына.

Данышпан ұлы ақын Абайдың шығармалыры философиялық, педагогикалық ойға толы және қай өлеңі мен қара сөзін алсаңыз да өсиет-өнеге, балаларға, оқушыларға жалпы жастарға арналған ақыл-кеңеске толы. Ол өз халқының аңсаған арманы мен үміт тілегін жан тәнімен жырлады.

Абай өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарына прогресшіл бағытта болды. Ол өзі өмір сүрген қоғамдағы надандарды кертарпалық пен әділетсіздікті, заңсыздықпен зорлық-зомбылықты қатты сынады. Замандастарын мейірімділікке, гуманизмге, халықты ағартушылық пен білімге шақырды, қазақ елін алға бастауда орысхалқынан үлгі алып, оның мәдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттілігін атап көрсетті.

Абайдың шығармалары терең философиялық түйінді пікірлермен айқындалады. Оның поэтикалық шығармалары философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары терең мағыналы негіздерге лайықты құрылған.

Абай - қазақ халқының тек ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл. Абай түсінігінде, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынбай өмір сүреді.

Терең философиялық, дүниетанушылық күші бар гуменизм мен ағартушылық идея Абай поэзиясының ең негізгі, бастапқы сипаты болды.

Абайдың дүниедамудағы көзқарасы, әлі кемеліне келіп жетпеген болса да, диалектикалық еді. Ол табиғат құбылыстары бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеруде, дамуда деп қарастырады. Абайдың педагогикалық көзқарасын зерттеудің теориялық негізін анықтауда өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынасы мен көзқарас дәредесінен аспай қалған кездері де болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи шектеушіліктен де құралақан болмады. Сол жылдардағы философия, этнография тарауларындағы "халықтық мәдениет", "дәстүрлі мәдениет" жөніндегі көзқарасы, тәрбие қызметін халықтық мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастырудағы ықпалдылығымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде тәлім-тәрбие халық өмірінің барлық саласымен көрініс табатын материалдық және рухани мәдениетпен астысып жатқан күрделі тарихи қоғамдық құбылыс.

Қоғам дамуының алғашқы сатысында тәрбие өзіндік көзқараста болғандықтан, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдарын ойлағандығын мәлімдейді.

Сонымен, қай халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің пайда болып жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен кеңістіктен тыс құбылыс емес, қайта бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тарихи өзгерістермен, ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен, өзге де әрекет түрлерінің дамуымен тығыз байланысты.

Абай, өз халқының мешеулігі және надандығына қарсы пікірде болды.

"Надан адам ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.

Рас сөздің кім білер қасиетін

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек" - дейді Абай. "Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретін бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егінге салынса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?" - дейді Абай.

Ата-ананың надандығымен қараңғылығын айта келіп, Абай олардың баласына дұрыс тәрбие бермеуіне ызаланады. Ол осындай ата-аналарға "… бір бала туғызып, оны да ит қылуда, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?" - деп сөгеді. Жақсы "… баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырып өсірмек па екен?". Жоқ, баланы "…өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Бұрынғы өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсына тағы да ортақ боласың". "…осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?" - дейді ақын.

Тәрбие ғылым аргументтері мен дәлелдеулері емес, іс-әрекеттің қисынымен, тәрбиеленушінің жандүниесіне ықпалының нәтижелілігімен құнды. Баланың бойына әке-шеше, ру, тайпа, халық, ұлт қалаған қасиеттерді саналылықпен сіңіру тәрбиенің жемісі. Бұл халық көзқарасында адамның қоғамдағы орны, оның қалай тәрбиеленгендігімен өлшенетіндігінің белгісі.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың ілгеріленуі педагогикалық ойлардың дамып жетілуіне ықпал етеп, тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін талап етеді. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты саласының біріне айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді. Нақты өмір сүру жағдайындағы (әлеуметтік-экономикалық, мәдени, табиғи және т. б. ) белгілі бір рухани өлшемдердің яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т. б. жеке адам қабілетіне ықпал ететін басты фактор болып табылады.

Абай өз халқын біліммен қамтамасыз етуге мәдениетке үйренуге шақырады: "Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз; малменен ғылым, кәсіп қылмақпыз; өнер өзі де мал, өнерді үйренбек өзі де ихсан".

Білім беру - адам табиғатының жақсаруына, әр адам бойында адамгершілік қасиеттің қалыптасуына негізделген.

Абай білім беру ісіне адам өмірінің өзекті қызметі ретінде назар аударады. Қоғам мен оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүруге болады. Білім беру арқылы болашақты алдыға қарай ұмтылуға қалптастырады.

Абай қазақ балаларының интернатта, мектеп оқып жүргеніне қатты қуанады. "Интернатта оқып жүр" (1886) деген өлеңінде қазақ баласының ғылымға орыс жазушаларынан үйренетін мектептерде оқып жүргендеріне қуана отырып, олардың ата-аналарының тілеген орындау үшін, балаларды арыз жазуға тезірек үйренуге, тілмаш, адвокат болуға асықтырады. Салтыков-Шедрин мен Толстой олардың ойына кіріп шықпайтындығына Абай қатты қынжылады.

Абай келешек ұрпағымыз балаларымызбен жастарымызды орыс ғылымын үйренуге шақырады: "Орысқа оқу керек, хикметке (арапша өнер, білім, ғажайып деген мағынада) мал да, өнер де, ғылымда бәрі орыста тұр".

Абай орыс ғылымы мен мәдениеті, техникасы-дүниенің табиғат сырының кілті екендігін, оны меңгерген адамға өмір сүру оңайырақ түсетіндігін әлденеше рет айтады: жақсылықты, адам еңбегімен өмір сүруді орыс халқынан үйрену керек дейді. "Турасын ойлағанда - дейді Абай - балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет. "Мына мен айтқан жан аяр емес… балаң бала болсын деп оқыт". "Ғылым таппай мақтанба" (1880) деген өлеңінде "барлық жаман әдеттен аулақ болып, оның орнына талапты, рақымды әдепті болуды, әдеп - адамды белгілі бір әрекетке әуес етеді деп ойла" - дейді.

"Ғылымды меңгерту үшін балалық мінезді тастау керек, ғылымды шын сүйсең "қолымнан келмейді " деме, егер ғалым бола алмаған күнде де, болуға тырыс, үмітіңді, күдеріңді үзбе" - дейді Абай. "Үлкендердің сөзіне құлақ сал, бірақ әбден өз ақыл-елегіңнен өткізіп, көзің жетпейінше, әншейін үлкеннің, ақсақалдың аузынан шыққан екен деп олардың айтқандарының бәріне нана берме, әділ бол, сол үшін өліп кет, ішмерезбенбе, өзге үшін емес, өзің үшін үйрен, кісіге қарап сөзін алма, сөзіне қарап кісіні ал" - міне, Абайдың балаларға беретін кеңесі осы.

Ол қазақ арасында адамгершілік қасиеттің төменгі сатыда болуын, адамгершілік ғылым-білім алу, еңбек арқылы ғана табылады деді. Жас балалардың жамандыққа бой ұруына қарсы болды. Мына өлеңінде:

"Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман" - деп, өз кезегіндегі жас балалардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алады.

Абай надан адам деп, біреудің айтқанымен жүретін, өз еркімен іске қосыла алмайтын, ақылы таяз адамды айтады.

Әдетте мұндай адамдар жақсы әдеттен қашып, жаман әдетке әуес болады. Абай мұндай адамдарды жаман әдеттен, еңбексіз жүруден қашып, адал еңбек етуге шақырады.

Ол оқушы балаларға материалдық және рухани жағынан пайда беретін өнерге үйретеді. Бойдағы жаман қасиеттерден арылу керек, кекшіл болмау керек, нәтижелі еңбек ету керек. Бұл туралы Абай "Сегіз аяқ" өлеңінде былай дейді:

"Болмашы кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржың,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей

Тояды қарның тіленбей"

немесе

"Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық -

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың.

Өтірік шағым болды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой".

Еңбек сүйгіштік - адам бойындағы ерекше қасиеттердің бір түрі, еңбектің, қажымас қайраттың арқасы да ғана адам, өз қажеттілігін өтей алады.

"Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде", - дейді Абай.

Ерлік - батылдық, ұстамдалық, табандылық секілді қасиеттердің жиынтығы. Ол қиындықтан тайсалмайтын, өзі барлық уақытта белгілі мақсатқа жете алатын адамның ерік қасиеті.

Абай келешек ұрпағымызды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте, еңбекте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Баланың дүниеге деген көзқарасының, мінезінің қалыптасуына отбасының ролі ерекше екенін атап кетеді, балаға тәрбие беретін ата-ана өзі тәрбиелі болуы керек дейді.

Жас ұрпағымызды тәрбиелеуде Абай әдебиеттің де, әсіресе, поэзияның ролі күшті деп көрсетті.

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данысы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы" - дейді Абай.

Поэзия нағыз тәрбиелік маңыз алу үшін ол тек әсем ғана емес, сонымен бірге әркімге түсінікті болып жазылуы тиіс.

Поэзия халықтың ойы мен мұң-мұқтажын білдіреді, ол адамның психологиясын көрсетеді. Ол тек адамның ақыл-ойы мен сезімін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге оларға әсер ете алады.

Абай нағыз психолог болмаса да, халық психологиясы тақырыбын жалпы елдің өмірі туралы толғаныстарында дамытып өрбітеді. Әлеуметтік мәселелерінде психологиялық астар терең, қоғамдағы адам халқының ерекше ой-пікірі көптеген өлеңдерінде психологиялық мән-мағынасы жағынан ерекше орынға ие, адам өмірі мен психологиясын шындық жолмен көрсететін көпшілік бұқара үшін түсінікті және пайдалы түрде жеткізе білді.

Абай арнайы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның еңбектерінен ерекше бір әсер алатын, адам санысына үлгі боларлық бағалы пікір табамыз. Психологиялық мәселелер жөнінде ой көтерген, қазақ халқындағы бірінші ойшыл болып табылады. Абай өзінің психологиялық зерттеулері бойынша үш түрлі мақсат көздеді.

Біріншіден, Абай түсінігінше өлең мен ән адам жанына ерекше бір әсер етуі керек, адам бойындағы ең бағалы сезімдерді қамту керек. Онда халықты адамгершілікке тәрбиелеуде, адам санасындағы әлеуметтік эстетикалық талғам, ескі феодалдық-патриархалдық қалдықтарға қарсы күресте қарсы тұра білуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Қазақ ертегілері сан алуан
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz