Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері



1.Бейіндік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2.Қашықтықтан оқыту технологиялары. Интернет ресурстары мен технологиялары. Электрондық білім беру ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3.Ойын технологиялары. Дөңгелек стол мәжілісі,оқу дискуссиялары мен шығармашылық жобалар. Эссе, ғылыми рефераттар, «портфолио», презентация. Кіші топтар технологиясы мен модульді технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Қазіргі таңда біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру сапасын жоғарылату, яғни даму жолын қайтадан қарастыру міндеті тұр. Сонымен қоса, егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты болып 12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету саналады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтау, ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескеру, бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізу ұстанымдарын басшылыққа алады. Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық деген үш бағытта жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты бойынша химия, биология, география, физика, информатика пәндері оқытылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды, ал технологиялық бағыты мына пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: химия, биология, физика, технология, графика және жобалау.
1.Мұқатаев А.А. “Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)" Автореферат, Қарағанды, 2007
2.Тұжырымдама: Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, Астана, 2010
3. Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру: Оқу құралы.-Қарағанды, 2007.-101 б.
6.Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық көмекші-әдістемелік құрал/ Дайындағандар: К.М.Беркімбаев, Н.М.Батырбаев, Г.Ж.Ниязова. А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, 2011ж. 48 б
7.Халықова Г.З. Информатика мұғалімдерін даярлаудағы электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың алатын орны (Абай атындағы ҚазҰПУ)
8.Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
9.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
10.Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2001.ISBN 5-7667-8676-Х
11.http://kazahoved.kz/portfolio-zhajly-tүsinik
12.Серімбетова С. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту // Бастауыш мектеп.- 2003. - №7.-32 б.
13.Оқытудың жаңа технологиялары /Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті Кәсіптік білім Орал 2011 жыл/

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері

Жоспары:
1.Бейіндік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2.Қашықтықтан оқыту технологиялары. Интернет ресурстары мен технологиялары. Электрондық білім беру ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..4
3.Ойын технологиялары. Дөңгелек стол мәжілісі,оқу дискуссиялары мен шығармашылық жобалар. Эссе, ғылыми рефераттар, портфолио, презентация. Кіші топтар технологиясы мен модульді технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6

Мақсаты: Мектеп тәжірибесінде қалыптасқан бейіндік оқытудың инновациялық әдістеріне талдау жасау.

Бейіндік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Қазіргі таңда біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру сапасын жоғарылату, яғни даму жолын қайтадан қарастыру міндеті тұр. Сонымен қоса, егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты - бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты болып 12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету саналады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтау, ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескеру, бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізу ұстанымдарын басшылыққа алады. Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық деген үш бағытта жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты бойынша химия, биология, география, физика, информатика пәндері оқытылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды, ал технологиялық бағыты мына пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: химия, биология, физика, технология, графика және жобалау.
11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау мақсатында бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.
Бейіналды даярлық жүйесі 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауды немесе жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.
Бейіналды даярлық 9-10 сынып оқушыларының вариативті компоненттері мен жеке оқытудың оқушы компоненттері оқу бағдарламасының жұмасына 4 сағат көлемінде анықталады. Бұдан басқа, бейіндік оқыту инвариантты компонентті жалпы білім беретін пәндер мазмұны арқылы іске асады.
Оқушының болашақ ЖОО-на түсуіне және жоғарғы кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлықтың арқасында оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады.
Бейіндік оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Бейіндік сынып мұғалімдері нәтижеге бағытталған оқу процестерін және білім сапасын тиімді басқарулары керек. Мұғалім жоғары кәсіби құзыретті деңгейде болуы, ал оның білім беру процессіндегі іс-әрекеттері оқушылардың қызығушылықтар мен бейінділіктерін толық ескеруі керек. Сонымен қоса, мұғалімнің рөлі оқушылардың оқу бағдары мен болашақ кәсіп таңдауында өте маңызды. Кез келген мұғалімнің ең басты міндеті өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға баса көңіл бөлу болып табылады. Өйткені білім беруді жаңғырту білім беру саясатын субъектілері арасында жауапкершіліктерді бөлу мен барлық білім беру процесіне қатысушылардың - оқушы, педагог, ата-ана, білім беру мекемесі рөлдерін арттыру негізіндегі ашық жүйе ретінде қарастырылатын білім беру процесінің барлық субъектілеріне жоғары талаптар қояды.
Ал Қазақстан Республикасының бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының негізгі идеяларын іске асыру жағдайларына келетін болсақ:
O ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың және іске асырудың шараларының бағдарламасын даярлау;
o педагогикалық басылымдарда, БАҚ жоғарғы сынып оқушыларын оқытудың жаңа үлгісінің негізгі идеяларын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;
o бейіндік оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орта білім берудің нормативтік құқықтық қамтылуын іске асыру;
o бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығы педагогтарының кәсіби дамуының стандартын әзірлеу;
o бейіндік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын дамыту;
o бейіндік оқыту жүйесін қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау.

Мұғалімнің бейінді оқытуда жаңа білім беру технологиясын іске асыру үдерісі:
* Жаңа білім беру технологияларын таңдап алу;
* Жаңа білім беру технологияларын пайдалануға қажетті шарттарды анықтау;
* Нақты педагогикалық жағдай үшін жаңа білім беру технологияларын жобалау;
* Жаңа білім беру технологияларының нәтижелерін болжау (рефлекция);
* Біртұтас білім беру үрдісіне жаңа технологияларын ендіру.

Қашықтықтан оқыту технологиялары
Қашықтықтан оқыту - оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы итерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық- педагогикалық технология. Қашықтықтан білім беру жүйесі - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдары қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология - Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, көптеген университеттерде компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады.

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде (оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп өызметкерлерінің біліктілігің жоғарлату үшін, қосымша (екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
-Интерактивті әрекеттесу формалары;
-Сапалы білім алу;
-Уақытты үнемдеу;
-Ыңғайлы уақытта оқу;
-Территориялық шектеулер жоқ;
- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

Электрондық білім беру ресурстары - бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:
- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;
- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;
- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;
- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін электрондық білім беру ресурстарын құра білуге даярлау деп мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруді түсінеміз. Студенттерді электрондық білім беру ресурстарын құруға даярлаудың мақсаты:
- электрондық білім беру ресурстарын құруға пайдаланылатын қолданбалы және инструментальдық программалық құралдардың мүмкіндіктерін; электрондық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды; электрондық білім беру ресурстарының типтерін, оны жасау кезеңдерін, электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын; электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалай білуі;
- төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған электрондық білім беру ресурстарын жасай білу іскерлігі мен дағдысының болуы: оқушы мен электрондық білім беру ресурсы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Жеке әдістердің жіктелуі
Оқыту әдістерінің жіктелуі
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Мектепішілік бейіндік оқыту
Бейіндік оқу
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Болашақ мұғалімдерді 12 жылдық білім беруге даярлау мен моделі
Пәндер