Психологиялық-педагогикалық зерттеулер



1. Педагогикалық ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2. Педагогикалық зерттеулердің түрлері,олардың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .5
3. Зерттеу жұмыстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Психологиялық.педагогикалық зерттеулерді жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
6. Ғылыми жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
7. Ізденіс жасаудың әрекеттер түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Педагогика ғылым ретінде қоғамдық-тарихи тәжірибені жас ұрпаққа беруді қамтитын,тәрбиелеу,оқыту және білім беру заңдылықтары пәні болып табылады.
Педагогика ғылымы жас ұрпақты тәрбиелеуге және оқытудың ғылыми негіздерін өңдеуге,елдегі білім беру жүйесін дамытуға,мектептердің шығармашылық жұмыс жасаушы педагогтардың тәжірибесін толықтыруға,тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарының неғұрлым әсерлі формалары мен әдістерін ашуға бағытталған,негізіне қажетті өзгерістер енгізуді жобалау.
Осылай, педагогикалық зерттеулер келесі функцияларды атқарады:
• қоғамдық білім беруге мемлекеттік талап пен сұранысын зерттеу;
• педагогикалық үрдіске,тұтас білім беру жүйесіне,олардың негізіне қажетті өзгерістер енгізуді жобалау және бағдарлау;
• күтілетін нәтижелерді болжау;
• ұсынылатын өзгерістерді,олардың педагогикалық әсерлілігін теориялық негіздеу және тәжірибелік тексеру.
• алынған нәтижелерді бағалау.
Педагогикалық зерттеулердің мәні мен функциялары қазіргі білім беру жүйесіндегі гумандық және құзіреттілік білім парадигмасына сай жүзеге асырылуы тиіс.
Педагогика саласындағы ғылыми жұмыстың мақсаты- педагогикалық үрдістің жүйелік сипатын негізге ала отырып оның іргелі және қолданбалы талап-міндеттерін шешу.
Іргелі зерттеулердің мақсатына педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу,педагогикалық ақиқаттың терең де жатқан құпияларын,негіздерін табу,оған ғылыми түсінік беру болып табылады. Іргелі ғылым-табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады,оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары болып табылады.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері тәжірибемен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін әдіснамалық-теориялық негіздемелер құрады.
Қолданбалы педагогикалық мәселелерге келесілерді жатқызуға болады:
• қазіргі әдістанымдық және әдістемелік жүйелердің дамып жатқан мүмкіндіктерін айқындау;
• гуманитарлы білім беру мен мұғалімнің рухани ішкі дүниесін қалыптастыру;
• орта мектептердегі гуманитарлы және жаратылыстану-ғылыми білімдер интеграциялаудың жолдары мен шарттарын іске асыру;
• оқыту үрдісіндегі денсаулық сақтау технологияларын кеңінен пайдаланудың амалдарын іздестіру;
• жаңа ақпараттақ тахнологиялардың дамып жатқан мүмкіндіктерін қолдана алу;
• қазіргі оқыту жүйелерінің оқушылардың әртүрлі категориялары үшін салыстырмалы тиімділігін арттыру;
• мектептегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі бірыңғай мақсат- міндеттерін тиімді шешу жолдарын іздестіру;
• «ашық» мектептің педагогикалық мүмкіндіктерін табу,ұсыну;
• Әлеуметтік тәрбие жүйесіндегі отбасының мүмкіндіктерін зерттеу, қолдау көрсету;
• Оқудан тыс қызығушылық пен тәсілдердің даму ресурстарын кеңінен тиімді қолданудың шарттарын жасау және оларды зерттеу;
1. Өтегенова Б.М. Ғылыми –педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері:дәріс жинағы, Қостанай 2010ж
2. Журавлев В.И. «Педагогика бойынша ғылыми зерттеуге кіріспе» Алматы,2005ж
3. Жексенбаева Ү.Б. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Алматы,2006 ж
4. Педагогика: Дәріс жинағы.-Алматы,2003 ж
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.- А., 2002 ж
6. Әбиев Ж.Э., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика; Оқу құралы. –А., 2004ж
7. Тажбаева С.Г. Педагогика –Алматы,2007ж
8. https://www.google.kz/
9. http://kk.wikipedia.org/wiki

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1. Педагогикалық ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2. Педагогикалық зерттеулердің түрлері,олардың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .5
3. Зерттеу жұмыстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
5. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
6. Ғылыми жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
7. Ізденіс жасаудың әрекеттер түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

1. Педагогикалық ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы түрлеріне сипаттама.
Педагогика ғылым ретінде қоғамдық-тарихи тәжірибені жас ұрпаққа беруді қамтитын,тәрбиелеу,оқыту және білім беру заңдылықтары пәні болып табылады.
Педагогика ғылымы жас ұрпақты тәрбиелеуге және оқытудың ғылыми негіздерін өңдеуге,елдегі білім беру жүйесін дамытуға,мектептердің шығармашылық жұмыс жасаушы педагогтардың тәжірибесін толықтыруға,тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарының неғұрлым әсерлі формалары мен әдістерін ашуға бағытталған,негізіне қажетті өзгерістер енгізуді жобалау.
Осылай, педагогикалық зерттеулер келесі функцияларды атқарады:
* қоғамдық білім беруге мемлекеттік талап пен сұранысын зерттеу;
* педагогикалық үрдіске,тұтас білім беру жүйесіне,олардың негізіне қажетті өзгерістер енгізуді жобалау және бағдарлау;
* күтілетін нәтижелерді болжау;
* ұсынылатын өзгерістерді,олардың педагогикалық әсерлілігін теориялық негіздеу және тәжірибелік тексеру.
* алынған нәтижелерді бағалау.
Педагогикалық зерттеулердің мәні мен функциялары қазіргі білім беру жүйесіндегі гумандық және құзіреттілік білім парадигмасына сай жүзеге асырылуы тиіс.
Педагогика саласындағы ғылыми жұмыстың мақсаты- педагогикалық үрдістің жүйелік сипатын негізге ала отырып оның іргелі және қолданбалы талап-міндеттерін шешу.
Іргелі зерттеулердің мақсатына педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу,педагогикалық ақиқаттың терең де жатқан құпияларын,негіздерін табу,оған ғылыми түсінік беру болып табылады. Іргелі ғылым-табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады,оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары болып табылады.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері тәжірибемен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін әдіснамалық-теориялық негіздемелер құрады.
Қолданбалы педагогикалық мәселелерге келесілерді жатқызуға болады:
* қазіргі әдістанымдық және әдістемелік жүйелердің дамып жатқан мүмкіндіктерін айқындау;
* гуманитарлы білім беру мен мұғалімнің рухани ішкі дүниесін қалыптастыру;
* орта мектептердегі гуманитарлы және жаратылыстану-ғылыми білімдер интеграциялаудың жолдары мен шарттарын іске асыру;
* оқыту үрдісіндегі денсаулық сақтау технологияларын кеңінен пайдаланудың амалдарын іздестіру;
* жаңа ақпараттақ тахнологиялардың дамып жатқан мүмкіндіктерін қолдана алу;
* қазіргі оқыту жүйелерінің оқушылардың әртүрлі категориялары үшін салыстырмалы тиімділігін арттыру;
* мектептегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі бірыңғай мақсат- міндеттерін тиімді шешу жолдарын іздестіру;
* ашық мектептің педагогикалық мүмкіндіктерін табу,ұсыну;
* Әлеуметтік тәрбие жүйесіндегі отбасының мүмкіндіктерін зерттеу, қолдау көрсету;
* Оқудан тыс қызығушылық пен тәсілдердің даму ресурстарын кеңінен тиімді қолданудың шарттарын жасау және оларды зерттеу;
* Тәрбиелеудегі халық педагогикасының дәстүрлерін, жастар әлеуметтенуіндегі фолмальды емес құрылымдардың рөлін, формальды емес құрылымдармен педагогтардың жұмыс істеу тәсілдерін зерттеу.
Қолданбалы зерттеулер стратегиялық сипаттағы сіндеттерді шешуде қолданылады. Қолданбалы зерттеулер тәжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған.
Қолданбалы зерттеудің негізгі белгілері:
* практиканың өзекті сұраныстарына жақындығы;
* зерттеу нысанын таңдаудағы салыстырмалы шектеулігі;
* педагогикалық теория мен практиканы біріктіруі;
* міндетті түрде өзгерістер тәжірибені өзгертуге бағытталуы.
Тәжірибе жұмысы ғылыми ұстанымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-тәжірибелік зерттеу іс-әрекет, өмірлік,тәрбиелік қарама-қайшылықтарды,қалыптасқан проблемаларды шешуге қатысты ғылыми ұйғарымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады.
Тәжірибелік және теориялық зерттеулер мәселелерінің қатарына мыналар жатады:
1) педагогикалық іскерліктің негізгі мәелелерін шешуде және теориялық негіздерді анықтаудағы,білім беру мекемелерінің бағыттары мен даму қағидаларын таңдаудағы философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар мен жолдардың қатынастары;
2) нақты ғылымдардың психология- педагогикалық зерттеулеріндегі жолдары мен әдістерін таңдау мен интеграциялау тәсілдері;
3) психология-педагогикалық жүйелердің: білім беру, тәрбиелеу, түзетушілік,профилактикалық, емдеу және басқа өзгешелігі;
4) психология-педагогикалық жүйелерді құрастырудағы және олардың дамуларын жобалаудағы глобальді, аймақтық, жергілікті шарттардың қатынасы;
5) педагогикалық үрдістегі үйлесімділік пен өлшемді оқу және оларға қол жеткізудің практикалық тәсілдері;
6) әлеуметтену мен жекелендіру үрдістерінің, жаңашылдық пен білім берудегі дәстүрліктің қатынасымен өзара байланысы;
7) тәрбие жұмысының сәттілігі, білім беру мекемелерінің нақты типтеріндегітәрбиеленушілердің тұлғалық дамуларының критерийлері;
8) педагогикалық жобалаудың әдістемесі мен технологиясын (пән, білім беру мекемесі, қаланың, ауданның, облысының және т.б. деңгейіндегі);
9) зерттеулік іздеудің барлық деңгейлерін нақты құрылуын және тиімді жүзеге асыруының тәсілдері.
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық үрдістің мәнін, заңдарын, биологиялық және әлеуметтік ара қатынасын, педагогикалық үрдісте тұлғаны қалыптастыру, тұлға және ұжым, ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде, педагогикалық үрдіс принциптері, оны ұйымдастыру формалары әдістері және тағы басқа.
Педагогикада өңдеулерге негізінен оқыту мен тәрбиелеуге қатысты ұсыныстар, ереже- инструкциялар, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар жатады. Олар қолданбалы зерттеулерге және педагогикалық тәжірибеге сүйенеді. Өңдеулердің негізгі ерекшелік сипаттары: мақсаттылығы, нақтылығы, анықтылығы және көлемінің аз болуы.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында бұл кімге қажет? деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолдданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте-бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе тәжірибелік сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытындыланады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой-пікір ұсынылып, болжау жасалады.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитикалық (талдаушылық) және өнертапқыш (творчестволық) түріне бөлінеді.
Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу обьектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап, математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі-ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі-ақ айтарлықтай жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже мен санды деңгейін аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс-әрекет жүргізу үшін, тек қана қпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір- шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой-өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялартоқырауынан алып шығады.
Тәжірибелік ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсіздікке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері теориялық іс-әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы лабораториялық жабдықтар, тәжірибе өткізетін тиісті жағдайлар жасалу керек. Сол себептен ғылыми іс-әрекеттің бұл түрі көбінесе топтық немесе ұжымдық сипатқа ие болады.
Жеке зерттеушінің енші-үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Сол себепті бұл жағдайда жеке басты зерттеушілер сирек кездеседі, өйткені қара жұмыстың көлемі аса ауқымды болғандықтан оны бір адам орындай алмайды. Тәжірибелік ғылым қорытынды жасауда қауіп-қатерден сақтанған және болжам жасау ұзақ мерзімді қамтыған. Зерттеушінің міндеті -тәжірибелік жұмыстарды тоқтамай жүргізіп, қойылған параметрлер мен алынған қорытындылар арасындағы қатынасты зерттеу.
Теория мен эмпирика ғылымдары бір-бірін толықтырады, байытады. Тек қана практика жұмыстарына негізделген ғылым жоғалтып алады. Екінші жағынан қарағанда, тек қана теория ой-түйіндеріне сүйенген ғылыми жұмыстардан жасалған идеялар шындықтан, практикалық қажеттіліктен айырылып қалып, схолластикаға әкеліп тірейді. Әрбір зерттеушіге ғылыми жұмыстың осы екі түрінің оңтайлы қарым-қатынасын табу қажет.
Әрбір жас азаиат ғылыми іс-әрекетпен айналысуға ниет білдіре отырып, қай салада, қандай қабілет пен мүмкіндігі барын ескеріп, өзінің жүрегі мен санасына ыстық болып көрінетін ғылымды таңдауы керек.[1]
Ғылыми-танымдық зерттеушілік і-әрекетінің эвристикалық бағдарламасында В.А.Андреева дидактикалық маңызды шарт ретінде іздену іскерлігі мен қабілетін дамытуды басқару тиімділігін қамтамасыз етуге мыналарды жатқызады:
а) мәселелікті біртіндеп күшейту;
ә) эвристикалық- зерттеушілік тапсырмаларын күрделендіру, сонымен қатар жекелеген оқушыларға, немесе студенттерге жәрдем көрсетіп тұру;
б) эвристика тәсілдері мен эвристикалық құралдарын қолдану тек басқару құрылымы ғана емес, сонымен қатар білім алушының меңгерту пәні болуға тиіс;
в) оқушы-студенттерді біртіндеп бақылаудың күрделілігі, бірақ оларға өздерін бақылауына мүмкіндік беру;
г) жеке жаттығу-зерттеу жұмыстарының ұжымдық ұштасуын мақсатты түрде кіші топтармен де бірігіп отырып жүргізу.
Қорыта айтар болсақ, іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда ең алдымен олардың оқушыға, студенттерге деген дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік ықпалы қандай болады деген талапты сақтау. Оқушы болсын, студент болсын, олардың оқу-ізденіс жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмысы өзара тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар білім алушылардың өзіндік ғылыми жұмысты орындауына, ізденуіне үлкен ықпал етеді. Даму барысындағы тұлғалардың ғылым туралы түсініктерін кеңейтеді. Үнемі ғылыми-ізденіс жасау үстінде болған тұлғалардың ой-өрісі кең, ғылыми дүниетанымы тұрақты қалыптасқан болады. Оқу-зерттеу ғылыми-ізденіс жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру болашаұта маман тұлғасының қалыптасуына, өсуіне және дамуына әсер етіп, олардың өздігінен ізденуін, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуын қалыптастырады.[2]

1. Педагогикалық зерттеулердің түрлері, олардың әдістемелік негіздері
Педагогикалық зерттеулердің бірнеше түрлері бар:
Зерттеу түрі
Мақсаты
Негізгі ұйымдастыру жолдары
Бір пәнділік
Ықшамдалған тапсырмаларды шешу
Нақты бір пән мұғалімінің басшылығымен жүргізіледі
Пән аралық
Ықшамдалған немесе күрделендірілген пәнаралық тапсырмаларды шешу
Әртүрлі облыстағы білім бөлімшелерінің педагогтарының басшылығымен жүргізіледі
Пән үстіндегі
Жалпы білімдік сипаттағы ықшамдалған сипаттамаларды шешу
Бірдей параллельді сыныптардағы педагогтардың басшылығымен жүргізіледі

Сонымен қатар, педагогика ғылымында зерттеудің басқа да түрлерін қарастырады:
* Жалпы әдіснамалық-теоретикалық;
* Эксперименталдық;
* Қолданбалы;
Олар теоретикалық зерттеу мысалы болып ғылыми мазмұнының даму тенденцияларынан табылады.
Жалпы әдіснамалық зерттеуде ірі, кең көлемдегі зерттеулерді атауға болады. Олар фундаменталдық проблемаларды зерттейтін сала. Күрделі зерттеудің нәтижесінде монография , ғылыми докторлық диссертациялар жазылады, ал ғалымдар үлкен дәрежелі атақтарға ие бола алады: доктор, профессор, академик.
Эксперименталдық зерттеу кең және тар мағынада болады. Зерттеудің мысалы болып әр түрлі конференцияларға қатысу, эксперименталдық лабораторияларда жұмыс істеу, эксперименттік ортада қызмет ету, мақалалар, баяндамалар жасау, семинарларға, пікірталастарда т.б. іс-шараларға қатысуға болады. Бұл зерттеу жаңа формаларының әсерлілігін өңдеу және тексеру, қандай да бір түсініктің қалыптасу әдісін, қандайда бір заңды (мысалы, энергияны сақтау және түрлендіру қақын) зерттеу әдісін, теориясын (мысалы, зат құрылымының электрондық теориясын) тексеру және өңдеу табылады.
Қолданбалы сипаттың зерттеу мысалы болып білім беру стандарттары, қандайда бір пән бойынша оқулықтар, қандай да бір авторлық мәселені т.б. зерттеу талабы қойылған.
Педагогикалық зерттеудің барлық түрлеріне ортақ сипаттамада мынадай белгілерін көрсетуге болады:
* зерттеу мәнін ойлау;
* педагогикалық тәжірибе арқылы ойды жүзеге асыру;
* алынған нәтиже қорытындыларды іске қосу.
Мектептік оқу-тәрбие үрдісіне жаңаны енгізу жоспарланған болса, оны алдын-ала дайындығы болу керек. Барлық өзгерістер эксперименталдық- тәжірибелік тексерістен өтуге тиіс.
Педагогикалық зерттеудің әдістемесінің сұрақтары жалпы философиялық әдістеме-диалектикалық материализм негізінде жүзеге асырылады.
Педагогика пәнінің әдістемесі оқытудың, тәрбиелеудің және тұлғаны дамытудың заңдылықтарын тануға және қолдануға ортақ жақындауды қарастырады.
Педагогика ғылымының әдістеме нысанасы- оқытудың, тәрбиелеудің және адам тұлғасын дамытудың көріністерін тану болып айқындалады.
Педагогика ғылымы әдістемесінің пәні - жан-жақты дамыған рухани бай адамды қалыптастыру, оны белсенді шығармашылық әрекетіне (өндіріс, мәдениет, медицина, білім беру және т.б. салаларды) дайындау үрдістері.
Педагогика ғылыми әдістемесінің функциялары:
oo танымдық әрекеттің мәне мен әдістерін анықтау;
oo тәрбиелеу, білім беру әрекеттері тәжірибелерінің қолданудың тиімді жолдарын орнату.
Бірде-бір күрделі мәселе нақты әдістемелік негізсіз шешілмейді.
Жеке мәселелерді шешу ортақ мәселелерді біртіндеп шешуді қажет етеді. Дидактикада бұндай ортақ жағдайлар оқыту қағидалары болып табылады:
oo ғылымилық;
oo жүйелілік;
oo қол жететін;
oo көрнекілік;
oo мығымдық;
oo ыңғайлылық;
oo тарихилық;
oo гуманды бағыттылық;
oo оқытудың өмірмен байланыстылығы;
oo оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғалық қарау;
oo оқытудың дамушы қағидасы.
Бұл жалпы әдістемелік принциптері ғылыми зерттеуге де өз үлесін қосады, ортақ талаптары болып табылады. Келесі кестеде зерттеу жұмыстың түрлері нақтыланып, құрылымдық бөліктеріне қысқаша сипаттама беруімен байланысты сипатталған.[3]

Кесте 16. Зерттеу жұмыстарының түрлері
Түрі
Құрылымы
Баяндама
oo кіріспедегі қысқаша ескертпелер
oo тақырыптың ғылыми - практикалық құндылығы
oo негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні
oo қорытынды және ұсыныстар
Тезистер
oo баяндаманың негізгі мазмұны
oo негізгі ұсыныстар мен қорытынды
Ғылыми мақала
oo тақырыбы
oo кіріспедегі ескертпелер
oo зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет
oo ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту
oo ұсыныстар мен қорытынды
oo сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету
Ғылыми есеп
oo ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау
oo жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні
oo қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама
oo жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау
oo шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту
oo ұсыныстар мен қорытынды
Реферат
oo кіріспе бөлімі
oo негізгі мәтін
oo қорытынды бөлім
oo әдебиеттер тізімі
Ғылыми жоба
oo кіріспе бөлімі
oo негізгі мәтін
oo эксперимент нәтижесі
oo қорытынды бөлім
oo әдебиеттер тізімі
Сурет 16.

Сонымен,педагогика және психология курстарында студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру нәтижесінде студент:
* ғылыми-зерттеудің әдіснамасын меңгереді;
* ғылыми-зерттеудің мақсат-міндеттерін, түрлерін біледі;
* зерттеудің логикалық құрылымын меңгереді;
* педагогикалық эксперимент жасаудың негіздерін, нәтижесін шығару амалдарын зерттейді;
* ғылыми таным және педагогикалық зерттеу іс-әрекетінің әдістерімен танысады;
* қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық және тәжірибелік мәселелерімен танысады;
* педагогикалық зерттеуге негіз болатын әдіснамалық аппаратымен танысады;
* зерттеу мәселесінің мәнін ашуға үйренеді;
* табысты ғылыми еңбек жасауға үйренеді;
* педагогикалық зерттеуді жүргізудің әдістемесін меңгереді;
* зерттеу бойынша меңгерген зерттеушілік білімдерін педагогикалық тәжірибе барысында бекітеді, болашақ қызметінде тәжірибелі ғылыми-зерттеу іс-әрекет жасап, жаңа ғылыми бағытты жасауға мүмкіндік алады.[4]

2. Психология- педагогикалық зерттеулерді жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар:
Ғылыми зерттеу жүргізгенде оның өзіндік тәртібі, талаптары мен ережелері бар екенін осы деректерде ашуға болады.
Педагогика саласындағы зерттеу жүмысына мынадай жалпы талаптарды ұсынуға болады:
а) үрдістер мен құбылыстарды өзгертпей, барлық кемшіліктерімен, қиыншылықтарымен, артықшылықтарымен, сәттіліктерімен қоса зерттеу;
ә) психология мен педагогиканың теориясы мен практикасындағы жаңашылдықтарға бағытты күшейту;
б) практикалық бағытты күшейту;
в) ғылыми болжамның, зерттеліп жатқан үрдіс перспективасын көрудің, құбылыстың сенімділігін қамтамасыз ету;
г) ой қисынын, психологиялық немесе педагогикалық тәжірибенің тазалығын сақтау.
Бұл талаптарды жалпылай отырып, олармен шартталған психологиялық- педагогикалық зерттеу нәтижелеріне қойылған әдістемелік талаптарды анықтауға болады. Оларға жатады:
* объективтілік;
* сенімділік;
* шынайылық;
* дәлелдемелік.
Зерттеушіге ең алдымен ғылымның негіздерін, теорияларын жетік білу керек. Сонда ол кез келген педагогикалық зерттеуге жататын талаптарды іріктеп және олардың өзара байланысын алатын болса, бірден кез келген педагогикалық зерттеудің сапасын айта алатын сипаттамаларды білулері де керек.[5]
Осымен қоса, әрбір зерттеудің логикасының негіздерін ашатын, зерттеудің өту тәртібінің өзгешелігін айтып кету қажет. Зерттеуші өзінің білім деңгейі мен мүмкіндігінен арнайы материалдағы мәселеден жұмыстың мақсаты мен міндетінен келіп шығады.
Зерттеу үрдісі барысындағы жұмыста пайда болған сұрақтардың барлығы, жекелей келген қарама-қайшылықтарды ескере отырып, соған негіздеген өте пайдалы. Бұның барлығы оның зерттеушінің қабылдауы мен пайдалануына байланысты. Осы сұрақтардың ішінен ерекше мыналарды айтып өткен жөн:
oo анықтаушы, түсініксіз, толық емес немесе берілген түсініктің қате екендігі;
oo толықтырушы сұрақтар өз алдына толықтыру ақпаратын, яғни қайнар көздер және даму болашағын, фактілер, негіздер тағы сол сияқтыларды мақсат етіп қоюы;
oo олар зерттеушіге жаңа фактілерді енгізуді, қосымша бағалар мен болжамдарды кірістіруге мүмкіндік жасайтындығы.
Бұндай сұрақтар бағалау және әдістеме шеңберін кеңейтеді. Проблемалық сұрақтар мәселені айқындауды терең талқылауға мақсатталып, жаңа мәселелер мен тапсырмаларға алып келеді. Тәжірибе шындық критерийі екені бізге белгілі. Сондықтан да кез келген ғылыми мәселені шешудегі міндетті элемент болып істелінген іс-әрекеттерге ену және педагогикалық тәжірибедегі идеяларды шешу болады. [6]
Сонымен, жүйеленген ғылыми-танымдық білім мен дағды әрекеттерінің жиынтығын игеруге бағытталған ғылыми зерттеудің қайнар көздерін сипаттайтын ғылыми зерттеу жұмысы және зерттеушілік міндеттерді өздігінен және жауапкершілікпен шешуіне, шығармашылықпен қолдана алуына, мәдениет жетістіктерін дамыта түсуіне, ғылымды және техниканы меңгеру маңыздылығына иелендіреді.
Педагогика ғылымы дамығалы жаңа қағидалар пайда болуда. Коменский дидактикасында 5 қағида болған, реформа барысында 8-9 қағида қалыптасты. Соңғы үш қағида педагогика ғылымында соңғы жылдары пайда болды-жеке тұлғаға бағыт-бағдар беру және осы қағидамен ұштасқан құзіреттілік білім беру қағиданы енгізуге болады.
Ғылымның диалектикасы төмендегідей мәселелерді шешеді:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі ғылыми зерттеулердің рөлі
Педагогикалық психология ғылым
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Оқушының көркем шығарманы қабылдауының педагогикалық - психологиялық негіздері
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Пәндер