Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика және жалпы технология пәндер кафедрасы
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері.
Орындаған: Әділбекова М. Б ко-35
Тексерген: аға оқытушы, Абдимоминова Д. К
Қостанай 2014
Мазмұны
1. Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік . . . 2
2. Педагогикалық ғылыми- зерттеу әдістер . . . 3
3. Ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі . . . 5
4. Зерттеу мәселесі . . . 6
5. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары) . . . 8
7. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
1
Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік.
Зерттеу әдісі - зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. “Әдіс” грек тілінен аударғанда (“методос” - таным амалы, тәсілі) деген мағынаны білдіреді. Зерттеу әдістері объективті шындықтың жалпы және жекелеген заңдылықтарына сүйене отырып мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтайды. Әдіс -жалпы ғылыми танымдық ұстанымдардан келіп шығады және жұмыс тәсілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл -берілген мәселемен шұғылданатын зерттеушінің нақты іс-әрекеті, танымның тәжірибелік кезеңдерінде қандай да бір мақсатқа жету түрі.
Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі - таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді.
Педагогикалық зерттеу әдістері - оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Педагогикалық зерттеу әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдістер: құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
1. Жалпы теориялық - талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу.
2. Әлеуметтік - сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг.
3. Әлеуметтік-психологиялық - социометрия, тест, тренинг.
4. Математикалық- ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау)
Тарихи-педагогикалық зерттеулерді жүргізуде әдістердің келесі топтары қолданылады:
1. Жалпы ғылыми - олар көптеген ғылым саласында қолданылады. Олардың номенклатурасы мен көлемі, саны, жиынтығы, зерттеудің типіне - эмпирикалық, теориялық және т. б. байланысты болады. Осы топтағы әдістер тобының қатарына: логикалық, тарихи, жүйелі-құрылымдық және функционалды талдау әдістері жатады.
2. Тарихи зерттеу әдістері - тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі, ретроспективті және т. б.
3. Педагогикалық зерттеу әдістері - архив құжаттарын талдау, мектеп құжаттарын талдау, модельдеу, жүйелі талдау, көпжақты статистикалық талдау әдістері және т. б.
2
Педагогикалық ғылыми- зерттеу әдістері.
Педагогикалық ізденісте зерттеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады.
Теориялық зерттеу әдістеріне: формализациялық, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік әдістер жатады. Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, абстрактілі әдіс, аналогтік әдіс, жалпылау әдісі, жүйелеу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдарға негіздеу, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-салдарлық талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшін қолданылады.
Формализация - белгілік-символдық түрде мазмұнды білімнің көрінісі. Формализация табиғи және жасанды тілдерді бөлуге негізделеді. Табиғи тілдегі ойлаудың көрінісін формализацияның бірінші қадамы деп атауға болады.
Гипотетикалық-дедуктивті әдіс -болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
Абстракциялау -(лат. Дерексіздену) -оқылатын пән немесе құбылыстың қасиеттері мен қарым-катынасынан ойша алаңдау процесі. Абстракция түрлері:
- теңдестіру-оның нәижесінде оқылатын әдістердің қатынастары мен жалпы қасиеттері бөлінеді, заттардағы тепе-теңдік есебі жүзеге асады.
- оқшаулау-дербес, жеке заттар ретінде қарастырыла бастайтын кейбір қасиеттермен қатынастар бөлінетін таза ой актілері.
- математикадағы акуалды шексіздік-таусылмайтын көптіктер соңғылар ретінде қарастырылады.
- іске асыру-математикалық әрекет процесінде операция\ң соңғы саны жүзеге асуы мүмкін.
Идеализация -бұл жоқ және шындықта жүзеге аспайтын, бірақ шын өмірде баламасы бар объекттер туралы түсініктерді ойша құрастыру.
Жалпыла у -бірліктен жалпыға өтудің логикалық процесі, процесс қорытындысы-жалпы түсінік, заң, теория.
Нақтылау - зерттеу нысананы тұтас жүйе ретінде кайтадан өңдеу, оның ұсак және кең сипаттамаларын айқындап көрсету.
Индукция- (лат. Бағыттау) -ойдың бірліктен жалпыға қозғалу және бақылаулар мен экспериментердің нәтижесін жалпылаумен байланысты. В. П коханский жалпылауларды көрсетеді: танымал, жартылай, толық.
Дедукция - жекеден дарадан үлкен объектіні тану. Жалпыдан бірлікке ауысу.
Аналогия -(гр. Сәйкестік, ұксастык) -теңсіз объекттер арасында, сапада, ұксастық орнату.
Модельдеу -кейбір объект сипаттама\ң оларды арнайы оқу үшін жасалған басқа объектте жасалу. Түрлері: аналогтык, макеттелген, символдық, математикалық .
Әдебиет көздерін зерттеу - зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.
Талдау әдісі - зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
Жинақтау (синтез) әдісі - біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
Эмпирикалық зерттеу әдістер: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, іс-құжаттарды талдау, озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, математикалық-статистикалық зерттеу.
Байқау - мақсатқа бағытталған, жоспарланған, педагогикалық құбылыстар мен үрдістердің тұрақтылығын көрсететін әдіс.
3
Социометриялық -қысқа мерзім ішінде статистикалық өңдеу арқылы көрнекті толыққанды материал жинақталады.
Математикалық және статистикалық әдіс - педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
Сұрақ - жауап әдістері: а) Әңгіме-сұхбат; ә) әңгіме; б) сауалнама. Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің тұжырымдамасын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс, алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған.
Педагогикалық эксперимент - танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып фтабылады, ол құбылыстарды олардыңұту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу-мыкты мұғалімнің жұмыс жүйесін үйрену пед\қ ұжым негізінде жинақталған схема-модель арқылы тәжірибесі автордың мақсатталған іс-әрекет үрдісі меңгертіледі.
Озат педагогикалық тәжірибе-қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс практикасында педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз.
Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:
1) педагогтың ғылыми ұсынымдарды біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
2) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т. с. с. өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озат тәжірибенің өлшемдері:
- жаңашылдық;
- жоғары нәтижелік;
- ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;
- тұрақтылық;
- тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
- тәжірибенің оңтайлығы.
Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қорыту. Бұл педагог-зерттеушіге, педагогикалық ғылымға өте құнды материал береді.
4
Ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі.
Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Теориялық әдістер- мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқумен байланысты: классиктердің адамтану, жалпы педагогика жөніндегі еңбектері; жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын; мектпе, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогика және ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар.
Математикалық және статистикалық зерттеулер- педагогикада алынған деректерді сауал және тәжірибе әдістері арқылы өңдеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қолданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді. Математикалық әдістердің педагогикада ең көп қолданылатыны - тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелерге кесте, графика, таблица түріндегі мөлшерлік кіріптарлықты көрсетуге мүмкіндік тудырады.
5
Зерттеу мәселесі.
Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Проблеманы қою және дамыту
1. Проблеманы қою
Қарама - қайшылықтарды тіркеу
Сұрақтар
Ізденіс бағыты және нәтижелері
2. Проблеманы негіздеу
Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау
Негіздер (алғышарттар)
Бейне (нәтиженің жобасы)
3. Проблеманы анықтау
Кішігірім проблемалар, міндеттер
Зерттеу проблемасын анықтау - ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі. Педагогика саласында жҥргізіліп жатқан зерттеулердің ауқымдылығына қарамастан, басым бағыттар бойынша жаңа зерттеулер ұйымдастыру ең негізгі қажеттілік болып қала береді.
Мәселелердің негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт, адамды қоғам дамуында техника мен технологияны меңгерген, жалпы өндіруші күш ретінде, яғни ғылымның барлық жетістіктерін игере отырып, өз қызметінде көздеген мақсатына қол жеткізуі, оны әлеуметтенуді жүзеге асырушы және мәдениетті қалыптастырушы ретінде танумен байланысты. Осыдан қазіргі тұрақсыз қоғамда адам туралы ілім-білімді тереңдету мен оны тұрақтандыру шарттары маңызды міндет болып отыр.
Екінші бағыт, қазіргі балаларда айқын байқалатын психологиялық, әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді терең зерттеу қажеттілігімен байланысты.
Үшінші бағыт, өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғалық дамуына байланысты жаңа пайымдауларды қарқынды іздеу, іс-әрекетінің сипатын, деңгейін анықтау. Бұндай ер жетуге әкелетін бірнеше себептерді білу қажет:
1. адамның тұлға ретінде қалыптасуының табиғи алғышартын ашу.
2. әлеуметтік ортаның және тәрбиелеу жүйесінің баланың тұлғалық дамуына тигізетін әсерінің сипаты мен ерекшеліктерін анықтау;
3. іс-әрекет субъектісі ретінде адамның тұлғалық даму үрдісінің мазмұны мен заңдылықтарын сараптау;
4. қазіргі әлеуметтік қоғамда жекешеленуді жүзеге асыру ерекшеліктерін, құралдарын, шарттарын айқындау.
Төртінші бағыт, оқытудың қолайлы мерзімін айқындай отырып, балаларға нені және қалай оқыту керек екендігін анықтау. Оқыту үрдісінің мазмұны мен мәні, құрылымы қандай болу керек, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісінің айырмашылықтарын білу қажет. Бұл ретте, білім беру, оны игерудің жаңа әдістерін ашу мен қатар, есею кезінде жасөспірім, біліммен іскерліктен басқа тұлғалық сапаға ие болуы маңызды. Бұнда өсіп келе жатқан ұрпақтың бойынан нақты ұлт, қазақ халқына тән жалпы тұлғалық құндылықтарды ашу мен тәрбиелеудің маңыздылығымен байланысты.
6
Бесінші бағыт, «ақпараттық жарылыспен» сипатталатын, қоғам дамуындағы шапшаң ілгерлеушіктермен байланысты тҥбегейлі өзгерген өмір кеңістігінде қазіргі баланың қалыптасуы және білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы мәселесімен байланысты:
Бұнда бірінші орынға қойылатын міндеттер:
1. Қуатты ақпараттық ағынның, бұқаралық ақпарат құралдарының, бейне нарықтың және ғаламтордың балаларға әсерін айқындау;
2. Қазіргі жағдайда білім алуға деген қызығушылықты арттырып қоймай, білім алу үрдісінде қажетті ақпаратты дербес таңдай білуді қалыптастыратын білім беру үрдісінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін іздеу.
Алтыншы бағыт, субмәдениеттің жастарға әсерін, баланың жаңа әлеуметтік байланыстарының құрылымы мен рухани дамуының белсенділігін анықтау, соның ішінде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық-психологиялық демеу көрсетуден тұрады.
Жетінші бағыт, бір жағынан жастардың ерік-жігерін тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастыру, екінші жағынан балалар қауымдастығында адамгершілік құндылықтарды қалпына келтірумен байланысты.
Сегізінші бағыт, қазіргі жағдайда әлемдегі болып жатқан өзгерістердің көп қырлылығы мен қиындығы, сонымен қатар, ұлтаралық қатынастағы педогогикалық-психологиялық өзгерісті зерттеу және адам бойындағы төзімділікті тәрбиелеумен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz