Жеке тұлғаны зерделеу


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика- математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеке тұлғаны зерделеу
Орындаған: Бохаева А. Н.
Тексерген: Абдимоминова Д. К.
Қостанай, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
I. Тұлғалық қатынастарды зерттеу әдістері . . . 3
II. Социометриялық әдіс. . 5
III. Өзіндік бағалау әдісі . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғамдағы «Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет»-деп көрсетеді.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
«Жеке тұлға» ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады.
Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады .
Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым. Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.
Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психологияда жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.
Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
- Тұлғалық қатынастарды зерттеу әдістері
Тұлғааралық қатынас - этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т. б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т. б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Мақсатына қарай қарым-катынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қос сөз, қос тіл) .
Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас -өз қарым-қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бакылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым-қатынас партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Түр! Әкел!) . Сонымен, әміршіл қарым-қатынас -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым-қатынастың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай салаларда императивтік қарым-қатынасты пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.
Сонымен қатар мұндай қарым-қатынасты мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен қарым-қатынастың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қаламаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген -тілектер баланың ішкі құндылылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы - жиі кездесетін тұлғааралық қарым-қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манииулятор қарым-қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады.
Манипуляциялық қарым-қатынас - басканы өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес, сауда-саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым-қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде осыған дағдыланған мүғалімдер басқаларға түсіндіру, далелдеу, үйрету үшін осыны өзінің тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз болып қалады да, ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты отбасына да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген қарым-қатынасты манипуляция жолы тиімсіз де нәтижесіз.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипудяторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Ә. Шостром "Анти-Карнеги" кітабын шығарды.
Жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды зерттеу түсінігіне мынадай зерттеулер жатады, қайсысы, мұндай адамдар арасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қаншама табысты болатынына қорытынды жасайды. Иә, адам қатынастарының педагогикалық зерттеулер тұрғысындағы арнайы әдістер іс жүзінде жоқ, бірақ педагогикалық үрдіске қатысушылар арасындағы өзара байланыс бар: балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім беру мекемелері.
Жеке тұлға арасындағы қатынастарды танып білудің көптеген әдістері бар. Мысалы, қатынас сызбасы. Бұл үлгідегі тесттер жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтарға қатысты қатынастарды анықтауға жасалынған.
Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.
Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында төмендегі ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық әдістің тесстерімен қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен нақты зерттеулер жүргізу барысындағы әңгіме мазмұны арасындағы ерекшеліктер. Осыған ұқсас мысалдарды псиодиагностиканың кез-келген әдісіне келітіруге болады.
Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады:
- зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі;
- салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т. б. ) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі;
- психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;
- мұндай анализдің нәтижелерін интерритациялық мүмкін болатын құсқаларын талдау;
- Социометриялық әдіс
Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т. б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Социометрияны дайындау және өткізу кезендері
- Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.
- Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.
- Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол қою қажеттілігі және т. б.
- Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады. Мысалы, «жетекші» және «алшақтанған» оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға ұсынылған парақта «мына балалардың қайсысын:
а) сынып старостасына сайлаушы едіңіз;
б) кезектегі староста, егер алғашқысы кейбір жайттарға орай міндеттерін орындамаса, қолды сайлар едіңіз»деген сияқты сұрақтар болуы мүмкін.
- Зерттеуші оқушылар толтырған парақтарды жатады да, әлеуметтік өлшем матрицасын дайындайды. Торлардағы әр фамилия (тегі) қарсы таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін 1; 2; 3 сандары қойылады.
- Матрица негізінде социометрия құрастырылады, бұл топтың өзара қатынастарды көрнекті және терең айқындау мүмкіндігін туғызады.
Социограмма - бұл респонденттер қатынасының бір-біріне социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.
Дж. Мореноның социометриялық әдісі
Әдістеме мақсаты - балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады-
«Әрқайсың өздерінің туған күніңе сыныптағы оқушылардың ішінен қайсы балаларды шақырар едің? Енді таңдаған үш баланың атын ашық хаттарға жаз».
Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген сыныптастарына таратады.
Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Балалар ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталынады:
С=,
Мұндағы С - баланың құрбыларымен өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі статусы,
К - топтағы достарынан алған баланың ашық хаттар саны;
n - тестіленетін топтағы балалар саны.
Баланың статусы жайлы шешімнің негізі С - көрсеткіші болып табылады.
Нәтиженің бағасы:
10 - ұпай - баланың С - көрсеткіші 100 процентке тең;
8-9 ұпай - баланың С - көрсеткіші 80-89 процентке дейінгі аралықта;
6-7 ұпай - баланың С - көрсеткіші 60 - 79 процент дейінгі аралықта;
4-5 ұпай - баланың С - көрсеткіші 40 - 59 процент дейінгі аралықта;
2-3 ұпай - баланың С - көрсеткіші 20 - 39 процент дейінгі аралықта;
0-1 ұпай - баланың С - көрсеткіші 0 - 19 процент дейінгі аралықта.
Даму деңгейі жайлы шешім:
10 - ұпай - өте жоғары;
8-9 ұпай - жоғары;
4-7 ұпай - орташа;
2-3 ұпай - төмен;
0-1 ұпай - өте төмен.
Сонымен бірге бұл әдістемені қолдануарқылы топтағы ұйымшылдығының деңгейін төмендегі формула бойынша есептеп көрсетуге болады: С гр = дұрыс таңдау саны/ барлық таңдау саны.
Ұйымшыл топ арасындағы қарым-қатынас көрсеткіші 0, 6 - 0, 7.
Таңдауды көп алғандар осы топ ішіндегі «ұйытқы» - 75 процент, белсенділер - 25-75 процент, өзара таңдау алғандар - 25 процент, бірде бір таңдау алмағандар -елеусіз қалғандар. Тағы да бір топ олар құрбылары жаратпағандар немесе менсінбегендер.
Т. Лиридің «Мен қандаймын?» әдістемесі
Әдістемені Т. Лири, Г. Лефорж, Р. Сазек 1954 жылы құрастырған. Субъектінің өзі және идеалды «Мен»-ін зерттеуге арналған, сонымен бірге топтағы өзара қатынасты зерттеу үшін де қолданылады. Берілген әдістеме көмегімен адамдармен қатынастағы өзіндік баға және өзара бағадағы басым тип анықталады.
Тұлғааралық қатынасты зерттеуде көп жағдайда екі фактор бөлініп көрсетіледі:
1 фактор- доминантты бағынушылық;
2 фактор - достықты сүю - агрессиялық.
Осы факторлар тұлғааралық қабылдау процесінде адам туралы жалпы пікірді анықтайды. Оларды М. Аргайл тұлғааралық мінез құлық стилін талдауында басты компоненттер қатарына жатқызып, мазмұны бойынша Ч. Осгудтың үш негізгі семантикалық деференциалын екеуімен мазмұны бойынша салыстырылды: баға және күш.
Американ психологы Б. Бейлздің басшылығымен жүргізілген көп жылдық зерттеуде топ мүшесінің мінез-құлқы екі ауыспалылымен бағаланады, ал олардың талдауы үш деңгейлі кеңістікте үш пайда болған осьпен жүзеге асырылады:
- доминатты - бағыныушылық;
- достықты сүю - агрессиялық;
- эмоционалдылық - аналитикалық.
Т. Лири негізгі әлеуметтік бағдарды көрсету үшін секторларға бөлінген шеңбер түріндегі шартты схеманы өңдеді. Бұл шеңберде горизантальды және вертикалды осьтер бойынша төрт бағдар белгіленген:
доминантты - бағыныушылық;
достықты сүю - жауласу.
Өз кезегінде бұл секторлар жекелеген қатынастарға сәйкес 8- ге бөлінген. Оданда тереңірек суреттеу үшін шеңберді 16-ы секторға бөледі. Т. Лиридің схемасы зерттелушінің нәтижелері шеңбер орталығына жақын орналасқан сайын екі ауыспалы арасындағы өзара байланыс күшті екендігін болжамдайды.
Әр бағдар бойынша ұпайлар қосындысы индекске айналдырады. Вертикалды және горизантальды осьтер басымдылығы көрсетіледі. Алынған көрсеткіштердің шеңбер орталығынан қашықтығы интерперсоналды мінез-құлықтың бейімделушілік немесе экстрималдылығын көрсетеді.
Сауалнама 128 бағалаушы пікірлерден тұрады. Әрқайсысы 8- қатынас типі бойынша 16 пункт бар. Пікірлер қандай да бір қатынас типін анықтауға бағытталған, бірізділікпен берілмейді.
Олар төрттен топтасырылады және тең анықтамалар саны арқылы қайталанады. Өңдеу кезінде қатынастың әр типінің саны есептеледі.
Диагностикалаудың әртүрлі бағыттары тұлға типін анықтауға, сонымен бірге нәтижелерді жекелеген аспектілер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.
Әдістеме респондентке тізім бойынша беріледі немесе жекелеген карточкаларда беріледі. Оған өзі туралы, адамдарға қатынасы немесе оның идеалы туралы елестеріне сәйкес пікірлерді көрсету ұсынылады.
- Өзіндік бағалау әдісі
Өзін -өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы. Адамдардың өзін -өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін -өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек.
Барлық өзара қатынастарда әрдайым өз-өзіне баға беру мен жеке тұлғаның қасиеті мен қызметіне басқа біреудің баға беруі үнемі кездеседі. Бұл өзара қатынасқа
оң және теріс эмоциялар таңбасын қалдырып отырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz