Зерттеу әдістері және әдістемесі


Мазмұны
1. Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік.
2. Әлеуметтану әдістері сипаттамасы, олардың педагогикалық ғылымда қолданылу ерекшелігі . . .
2. 1. Сұрақ әдістері . . .
2. 2. Рейтинг . . .
2. 3. Өзіне баға беру әдістері . . .
3. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері . . .
4. Социометрия әдісі . . .
5. Дж. Мореноның социометриялық әдісі . . .
1. Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік.
“Әдіс” грек тілінен аударғанда “методос” - таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Субъектінің кез келген формадағы әркетінің амалы. “Әдіс” белгілі ереже, амал, тетігі, таным және әрекет нормаларының жиынтығы. Сонда әдіс ақиқатты зерттеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, мақсатқа жетуді көздейді. Мақсат көздеген нәтиже алуға бағытталған әрекет. Сонда әдіс ақиқатты игерудің практикалық және теориялық тәсілдерінің жиынтығы, адамды мақсатқа жету жолында ұстанымдар жүйесімен, қойылатын талаптармен, ережелермен қаруландырады. Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі - таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты: диалектикалық және метафизикалық деп бөлінеді. Соның ішінде диалектикалық әдістер эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Педагогикалық зерттеу әдістері - оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді. [1]
Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдістер: құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан:
1. Жалпы теориялық - талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу.
2. Әлеуметтік - сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг.
3. Әлеуметтік-психологиялық - социометрия, тест, тренинг.
4. Математикалық- ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау) . [2]
2. Әлеуметтану әдістері сипаттамасы, олардың педагогикалық ғылымда қолданылу ерекшелігі.
Әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары туралы эмпириялық материалдар жинастыру әдістерін анықтады және оны статистикалық түрде өңдеу техникасын әзірледі. Зерттеу техникасы мен рәсімі бұл әдістерді танымал етті және оны тек әлеуметтанудан тыс қолданысқа енгізеді. Алғашқы ақпаратты сұрау арқылы жинаудың нақты әдісі алғаш рет педагогикада әзірленді де, оқушылар мен мұғалімдерді зерттеуде және мұғалімдердің зерттеуде және мұғалімдердің әлеуметтік құбылыстарды бақылауда қолданылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік және әдеуметтік психологиялық әдебиетте педагогикалық зерттеулерде есепке алынатын сұрау жүргізудің негізгі қағидалары мен оны дайындау, өткізудің ережелері анықталған. Педагогикалық зерттеулерде жазба және ауызша сқрау қолданылады. Сұрақтары тәртіп бойынша, педагогикалық үрдістің нақты мазмұнын айқындаумен байланысты:
- Мазмұны білімді меңгеру деңгейін, қалыптасуын, бағыттылығын, нұсқаулығын, дамығандығын, тұтынушылығын, тұлғаның жағдайын және оның әлеуметтік қоршауын анықтауға мүмкіндік береді;
- Ашық сұрақтар сипаты респонденттерге өз көзқарастарын оны бейнелеу арқылы білдіруге жағдай тудырады;
Сұрау логикалық, мақсатта бағытталған түрде болуы тиіс, екі мәнділікпен ерекшеленбеу керек, әдепті үлгіде беріледі.
2. 1. Сұрақ әдістері.
Педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын маңызды әлеуметтік әдістер қатарына сұхбат пен сауалды жатқызуға болады.
Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтардыпайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.
Сауалнама - сауал арқылы бұқаралық әдіспен материал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Әңгіме мен сұхбат бетпе - бет сұрау делінсе, сауалнама - сырттай сұрау.
Әңгіменің, сұхбаттасудың және сауалнаманың нәтижелілігі көп жағдайда берілетін сұрақтар мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Әңгіме, сұхбат және сауал жоспары - бұл сұрақтар тізімі. Сұрақтарды әзірлеп алуға қажетті ақпараттар сипатын анықтауды ұйғарады; қойылатын сұрақтар құрылымы; сұрақтардың алғашқы жоспарын жасау және оны алдын ала зерттеуде тексеру; сұрақтарды түзету мен оны түбегейлі редакторлаудан өткізу.
Өз функциясына қарай сұрақтар негізі және жорамалды, бақылау немесе анықтаушы болып келеді. Сұрақ түрі жауаптың толықтығы мен шыншылдығына ықпал жасайды. Сұрақтар қысқа, мазмұны жағынан анық, қарапайым, дәл және бірмәнді болуы тиіс.
Сауалнама сұрау сұралатынның өмірбаян деректерін, ойын, құндылық бағдарын, әлеуметтік қондырғысын және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қажетті ақпаратты алу тәсіліне орай сауалды сұрақтардың бірнеше типтері кездеседі: тұтас (масалы, халық санағы), таңдаулы ( жас топтарына, жұмысшы ұжымына қарай) ; ауызша (сұхбат) және жазбаша (сауалнама) ; жеке және топтық; күндізгі және сырттай (пошта, телефон арқылы) .
Сұхбат - ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі. Сұхбаттар ерікті (әңгіме тақырыбы регламентімен) және стандартталған (анкета) .
2. 2. Рейтинг.
Ағылшын тілінен аударылғанда бағалау, тәртіп, жүйелеу деген мағынаны білдіреді. Бұл термин дайындалған сызба үлгісінде кез келген бір құбылыстың субъективті бағасын белгілейді. Рейтингтің көмегімен әлеуметтік - психологиялық нысандардың, оларға тән жалпы қасиетерін айқындау дәрежесі бойынша, алғашқы жіктелімі жүзеге асырылады. Әлеуметтік ғылымдарда рейтинг бағаның көпқырлы сызбасын құруда негізгі қызмет атқарады. Осы арқылы алынған деректер, көбінесе, реттік сызба ерекшелігіне ие болады.
Рейтингті қолдану аумағы, әсіресе педагогикалық зерттеулерде өте кең. Педагогикалық дағды мен шеберлігін белгілеу, сонымен бірге оларды деректеу, киноға түсіру, рәсімдеу арқылы бейнелеу өте қиын. Рейтинг бұл жағдайда ұстаз қызметінің құрылымын бейнелеуге, бұл бейнелеуді бағалау сызбасымен толықтыруға және ғылыми сипаттама алуға мүмкіндік береді.
Рейтингтің тағы бір қасиеті оны жүргізетін, бақылаушы болып арнайы психологиялық дайындығы жоқ, бірақ бірге олар жұмыс істейтін адамдартуралы білетін тұлғалар қатысады. Егер ол істі білумен дайындалған, ойластырылған және жеке тұлға қасиеті мен адам қызметін түсінуге көмектессе, ең соңында бағалау үрдісі лауазымды төрешілер қызығушылығын тудырады.
Рейтингтің басты кемшіліктерін біз оны қолдана отыра, білікті төрешілердің субъективті көзқарасы негізіндегі қорытынды шығарудан көреміз. Алайда, біздің бақылауымызда зерттеуші ретінде субъективтіліктен айырылмағанын ескерген жөн.
2. 3. Өзіне баға беру әдістері.
Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор. Педагог оқушылар білімін олардың қылықтары мен тәртібін білікті, нысанды түрде бағалай алуы тиіс. Оның бағалауының өз - өзін бағалаумен сәйкессіздігі көп орайда жасырын және ашық жанжалдарға соқтырады. Ашық жанжал оқушылардың өз - өзін бағалауы педагог бағалауынан жоғары болған жерде көрініс табады. Жасырын жанжал педагог бағалауы өз - өзін бағалау дәрежесінен асып түскен жерде орын алады (бағалауды әдейі жоғарылататын талап қоя білмейтін педагог) .
Бағалау мен өзін- өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу педагогке оқушыларына тиімді ықпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс құралы болуы қажет.
Өзін - өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз - өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады.
Бағалауды өзін - өзі бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады. [4]
П
Е
Д
А
Г
О
Г
И
К
А
Д
А
Ғ
Ы
Ә
Л
Е
У
М
Е
Т
Т
І
К
Ә
Д
І
С
Т
Е
Р
Қалыптасқан
Қалыптаспаған
С
Ұ
Р
А
У
Ә
Д
І
С
Т
Е
Р
і
Сұхбат
Пікірлесу сұхбаты
Құжатты деректер
Өзін өзі бағалау әдісі
Өзара әрекет талдау
Рейтинг
Ашық
Жасырын
Сауалнама
Жартылай жасырын
Танымның екінші деңгейі-теориялық деңгейде зерттелетін нысанаға, құбылысқа тиесілі жақтары, байланыстары және заңдылықтары неғұрлым тереңдетілген мәнді сатыда іске асады. Өйткені теориялық деңгей- ғылыми танымдағы ең жоғры саты. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арсындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден педагогикалық зандылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық танымның нәтижелері - болжам, теория, заңдар.3. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтаудан басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады.
1. Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зерттеулер, ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі тұғырмен келу жодарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, оның мәніне көзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды.
2. Үлгілеу (моделирование) әдісі - зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі. Моделде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді. Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.
3. Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және өзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар -себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі. [5]
4. Социометрия әдісі.
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius - дос, сеіктес және mеtrum - өлшеу деген екі түбірдің қосыдысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теори -ялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
«Мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сөздері негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Дәл осы ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл - индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдітердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т. с. с. сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың - біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилиялады тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және төртінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz