Меншіктің маңызы мен формалары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
b. Меншік обьектілері мен субьектілері.
c. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
III. Қортынды
IV. Бақылау сұрақтары
V. Пайдаланған әдебиеттер
Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар –мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.
• Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.
• Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.
• Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.
Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жекеболып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле¬ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ¬та¬ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты¬настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты¬лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа¬шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас¬тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару,
1. Қазақ энциклопедиясы
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
3. Д. Женсхан Экономикалық теория негіздері
4. Шүмеков З.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Жанағұлов А.Ш. Аркенова Ж.Р. Экономикалық теория негіздері

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Меншіктің маңызы мен формалары

Орындаған:Тілеубеков А. Т.
Тексерген:Алманиязова Қ. Н.
Мамандығы:ЖМ 103б тобы

Алматы 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
b. Меншік обьектілері мен субьектілері.
c. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
III. Қортынды
IV. Бақылау сұрақтары
V. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар - мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.
* Иелену құқығы - затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.
* Пайдалану құқығы - мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.
* Билік ету құқығы - мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.
Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жекеболып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле - ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ - та - ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты - настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты - лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа - шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас - тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам - дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол - данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат - тар - да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:
oo өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
oo өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
oo қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

Негізгі бөлім:

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемденудің заңы : еңбек - иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды. Меншікті бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады. Осы замандағы нарық шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне - бөтен еңбектің өніміне меншік заңына - көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған - екінші заңға - иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы - тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.

2. Меншік обьектілері мен субьектілері.

Меншіктің екінші заңы еңбектің меншіктен шектелуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі қалай шешілмек?
Экономикалық бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек тауар мен ақша ағымдарының айналыс сферасы арқылы мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталды жоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс сферасында қолдану, қосымша өнімді, тұңғыш рет экономикалық заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге мүмкіндік берді.
Тауар айналымы заңдарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған нім соның (капиталдың) туындысы ретінде қаралатын болады.
Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмаса да, негізгісі болып табылады. Бұл индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса, онда айналым арқылы иемденген қосымша өнім, капиталға меншігі барлардың арасында бөлінеді. Қажетті өнім, жалақы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің қарамағына түседі. Бұдан әрі табыстан екінші, үшінші, т.т. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын анықтау
Меншіктің құқықтық
Меншіктің қазіргі формалары
Меншік қатынастары және оның түрлері
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны. Меншіктік қатнастар және олардың формалары
МЕНШІК ЖӘНЕ КАПИТАЛ ЖҮЙЕСІ
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Меншік экономикалық категория
Пәндер