Утопиялық социализм



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Утопиялық социализм
 Томас Mop (1478.1535)
 Утопиялық мемлекет.мінсіз мемлекет.
III. Қортынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.
Саяси утопия - қиялға негізделген, іске аспайтын идеялар мен теориялар, ғылыми негізделмеген идеалды қоғамдық құрылысты аңсау. Ағылшын гуманист-ойшылы Т.Мор 1516 ж. "Утопия" деген атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық өмірдің құрылымы туралы кітап басып шығарды. Бұл атау содан бастама алады.
Қазіргі заманда саяси утопия - алдын ала жоспарланған саяси жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе оның нәтижесін бұрмалайтын, оған қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін саяси үрдіс пен саяси сананың тиімді емес жағдайы. Саяси утопия жоба авторларының есебі мен күтулерінен тәуелсіз пайда болады. Саяси утопияның пайда болуына саяси ақпараттың жеткіліксіздігі, оның бұрмалануы, күтпеген жағдайлар мен кездейсоқтықтар, саясаткерлерамбициясы мен мінез-құлықтарының соқтығысуы ықпал етуі мүмкін. Нәтижесінде соңына дейін ойластырылмаған, есептелмеген жоба саяси утопияға айналады. Саяси утопияның ерекше белгісі - мүмкіндігінше саяси әрекетті тиімдендіруге ұмтылу және қажетті нәтижелерге қол жетпегенін мойындамау. Саяси утопия дағдарыстар,реформалар, маңызды қайта құрулар дәуірінде жиі пайда болады.
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін суреттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді және мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір — Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы — терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам — қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі
Әлеуметтану және саясаттану / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын
«Егемен Қазақстан» газеті Саясат Бейісбай
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы 2005

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Утопиялық социализм
Томас Mop (1478-1535)
Утопиялық мемлекет-мінсіз мемлекет.
III. Қортынды
IV. Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.
Саяси утопия - қиялға негізделген, іске аспайтын идеялар мен теориялар, ғылыми негізделмеген идеалды қоғамдық құрылысты аңсау. Ағылшын гуманист-ойшылы Т.Мор 1516 ж. "Утопия" деген атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық өмірдің құрылымы туралы кітап басып шығарды. Бұл атау содан бастама алады.
Қазіргі заманда саяси утопия - алдын ала жоспарланған саяси жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе оның нәтижесін бұрмалайтын, оған қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін саяси үрдіс пен саяси сананың тиімді емес жағдайы. Саяси утопия жоба авторларының есебі мен күтулерінен тәуелсіз пайда болады. Саяси утопияның пайда болуына саяси ақпараттың жеткіліксіздігі, оның бұрмалануы, күтпеген жағдайлар мен кездейсоқтықтар, саясаткерлерамбициясы мен мінез-құлықтарының соқтығысуы ықпал етуі мүмкін. Нәтижесінде соңына дейін ойластырылмаған, есептелмеген жоба саяси утопияға айналады. Саяси утопияның ерекше белгісі - мүмкіндігінше саяси әрекетті тиімдендіруге ұмтылу және қажетті нәтижелерге қол жетпегенін мойындамау. Саяси утопия дағдарыстар,реформалар, маңызды қайта құрулар дәуірінде жиі пайда болады.
Мордың Утопия еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, жер бетінде жоқ жер дегенді білдіреді. Утопияның бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін суреттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді және мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның Мемлекет еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір -- Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы -- терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды. Осындай адам -- қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы -- сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.

І. Утопиялық социализм
Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. "Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған қүрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римніңкейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мүның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді. Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар қүрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқында- ла түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында үйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды.
ІІ. Томас Mop (1478-1535)
Мор Томас (ағылш. Sir Thomas More, ағылш. Saint Thomas More;7 ақпан 1478, Лондон -- 6 шілде 1535, Лондон)) - ағылшын гуманисі,утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Ол Лондон қаласында, сот отбасында дүниеге келді. Өте білімді адам болды, ежелгі тілдерді жақсы білді. Әкесінің жолын қуып, заң қызметкері болып шықты. Біреудің басына түскен қайғы-қасіретке немқұрайлы қарай алмайтын Mop кедейлерді қорғады. Мордың 1516жылы Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітабы шықты. Бұл кітапта сол кездегі қоғамдық құрылысты, Англиядағы қайыршылық жағдайды қатты сынады. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі адамдардың ақымақтық әрекеті, менменшілдік, мансапқорлықта жатканын айтты. Mop өзінің ойлап тапқан, Утопия аралындағы(Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған арал) бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен зандарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ, бай да жоқ, кедей де жоқ. Аралдың барлық адамдары еңбек етуге міндетті. Утопиялықтар күніне тек 6 сағат еңбек етсе де, оларда азық-түлік мол, өйткені мұнда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Аралдың тұрғындары өздеріне не кажет болса, соны коғамдық қоймалардан тегін алады. Қолдары бос кезінде арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері орқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар үрлықтан қауіптенбейді. Адамдардың арасында сараңдық тумау үшін, олар ор 10 жылда өздерінің үйлері мен заттарын бір-бірімен алмастырып отырады. Утопиялықтар акшаны жек көрді, қымбат тастардан балаларға ойыншықтар жасады. Олар алтыннан кылмыстыларға кісен соқты. Mop болашақта адамға қажет коптеген машина пайда болатынын болжай алмады, сондықтан ол ауыр әрі лас жұмыстарды Утопия заңын бұзған қылмыстылардың үлесіне берді. Томас Mop еңбек құрал-жабдықтары ортақ, әділетті қоғамдык құрылысты армандады. Бірақ оны қалай құрудың жолын білмеді. Солай бола түра, Томас Mop оны өте батыл, өзі қиялдаған қоғамның өмірін нақты мысалдармен дәл көрсете білді. Томас Мордың идеясы жеке меншік жоқ, барлық адамдар тең өмір сүретін қоғам құру туралы қиял болды. Сондықтан Мордан кейін жүзеге асырылмайтын, өмірден қол үзген қиял утопия деп аталып кетті.
1529 - 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольгеқарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің "Утопия" (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.
Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы "Утопия" мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы - отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.
Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның "Утопиядағы" қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың "Утопиясы" кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

ІІІ. Утопиялық мемлекет-мінсіз мемлекет.
Мінсіз мемлекет - адамзат арманы. Жоғарыда айтылған ойшылдардың ілімі баршамыз үшін, соның ішінде қазақ үшін де үлкен тағылым. Тарихтан белгілі, ірі тұлғалар мінсіз мемлекет құруды ізгілікті дамыту арқылы жүзеге асыруға болатындығын меңзеген. Мәселен, Платон асыл қасиеттерді бойға сіңіру қажеттігін, парасаты мол азаматтар одағы керек екендігін түсінген. Кейін осы ойды әл-Фараби жалғастырған. Ол мінсіз мемлекетті басқаратын адамды Ұстаз немесе Илхам деп атаған.
Мінсіз мемлекетті басқаратын адамның өзі алдымен сол орынға лайықты жан болғаны абзал. Ол әуелі аса әділетті болуы тиіс. Адамдар адалдықты, әділдікті арман етеді. Әділет, әділ деген сөздер көп айтылады. Сондықтан да балаларына Әділет немесе Әділ есімдерін береді. Патшалардың қара қылды қақ жарған әділетті, турашыл болғанын қалайды. Осындай мемлекет басшысына лайық адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс. Алдымен, дене мүшесі сау, денсаулығы мықты, есте сақтау қабілеті күшті, мейлінше зерек, зерделі, заттың бір қасиетін көре отырып, бар қасиетін айта білетін, жұртты бірден баурап алатын шешен болуы керек.
Жалпы, түбінде жер бетінде әділдік орнайды, әділдік жеңеді.Әй бірақ әділдік ылғи кешігіп келетінін қайтерсің. Әділдік тек күнде ғана бар ма дерсің кейде. Өйткені, күннің шуағы мейлі ол құл болса да, күң болса да, әлемді билеген әмірші болса да бәріне бірдей төгіліп тұрады ғой.
Көп мәселені ақылды адамдар шешуі қажет. Неге мемлекет басшысын халық болып сайлайды? Өйткені, сол халықтан талабы артық адам басшы болуы тиіс. Ел билеген адам асып-тасып, көкірегін керіп кетпеуі тиіс. Әйгілі Аяз би секілді тәубесіне келіп отыр - ғаны жөн. Әйтпесе, Жеттім де - ген - жы - - ғылады, толдым деген - төгі - леді.
Ежелгі түркі жазбаларындағы деректерге сүйенсек, Түрік қаға - на - - - - тына жатқызылатын ру-тайпалар қазіргі қазақ даласын мекендегені және Білге қаған мен Күлтегіннің осы ұлан-ғайыр жерді сыртқы жаудан қорғағаны белгілі. Көне жазбаларға қарағанда, биліктің басты міндеті жұртының қамын ойлау, халқын асырау, қорғау, күш-қайратын мемлекет мүддесіне жұмсау екендігі аңғарылады. Сонымен қатар, ерлікті, тәуелсіз - дікті, бостандықты жоғары құнды - лық ретінде таниды.
Ұлтқа қожалық жасауға болмайды. Оған тек қызмет ету керек. Ұлтқа қызмет жасай бiлген адам ғана оның қожасы бола алады, де - ген екен әйгілі Мұстафа Кемал Ататүрік.
Платон мен Аристотельдің көз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
Социалист-утопистердің саяси көзқарастары
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы саяси ой-пікірлер
Саяси философия
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Г. Спенсердің әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері
Экономикалық теория мен қоғамдық өндіріс
Пәндер