Өндіріс кәсіпорынының менеджері атқаратын қызметін автоматтандыру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
6
: 1.
Кіріспе . . .: Автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыру (АБЖ) . .
6: 9
: 1. 1
Кіріспе . . .: АБЖ өндіріс кәсіпорындағы менеджердің атқаратын жұмыстарының негізгі кезеңдері . . .
6: 10
: 1. 2
Кіріспе . . .: Басқару есептерін шешудің кезеңдері . . .
6: 15
: 2.
Кіріспе . . .: Өндіріс кәсіпорынның жүйенің хабарламалық маңыздылығы
6: 16
: 2. 1
Кіріспе . . .: Ақпаратты қолдануда қоғам деңгейін көтеру . . .
6: 16
: 2. 2
Кіріспе . . .: Ақпараттың құрамды бірлігі мен оған амалдар қолдану . . .
6: 18
: 2. 3
Кіріспе . . .: Ақпарат жүйесін жүйелік тұрғыда жобалау . . .
6: 19
: 2. 4
Кіріспе . . .: Ақпаратты жеткізу және жинау . . .
6: 24
: 2. 5
Кіріспе . . .: Өндіріс кәсіпорынның жүйенің хабарламаның маңызды тиімділігі
6: 26
: 2. 6
Кіріспе . . .: Өндіріс кәсіпорынның жүйесі хабарламасының негізгі принциптері, мақсаты, есебі және функциясы . . .
6: 27
: 2. 7
Кіріспе . . .: Өндіріс кәсіпорынның жүйесі хабарламасының қолданылатын техникалық құралдары . . .
6: 28
: 3.
Кіріспе . . .: Delphi программалау тілінің классификациясы . . .
6: 29
: 3. 1
Кіріспе . . .: Аранайы программалық қамтамасыз етудің таңдауын негіздеу . . .
6: 29
: 3. 2
Кіріспе . . .: Delphi программалау ортасы . . .
6: 30
: 3. 3
Кіріспе . . .: Программа құрылымы. . . .
6: 34
: 3. 4
Кіріспе . . .: Берілгендерді енгізу және шығару . . .
6: 36
: 3. 5
Кіріспе . . .: Программаны компиляциялау . . .
6: 38
: 3. 6
Кіріспе . . .: Компоненттер палитрасы . . .
6: 39
: 3. 7
Кіріспе . . .: Берілгендер базасын құру үшін масштабталған жабдық . . .
6: 43
: 4.
Кіріспе . . .: Бағдарламаны сипаттау . . .
6: 48
: 4. 1
Кіріспе . . .: Ақпаратты сақтау құрылымы . . .
6: 48
: 4. 2
Кіріспе . . .: Берілгендер базасы құрылымы . . .
6: 48
: 4. 3
Кіріспе . . .: Сұраныс қалыптастыру. Іздеуді ұйымдастыру . . .
6: 54
: 4. 4
Кіріспе . . .: Іздеуді ұйымдастыру . . .
6: 57
: 4. 5
Кіріспе . . .: Кестелерді байланыстыру әрекеті . . .
6: 58
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 64
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
6: 66
:
Кіріспе . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
6: 67
:
Кіріспе . . .: Қосымша . . .
6: 68

КІРІСПЕ

Әлемде айналатын және бізді қоршаған ақпараттар ағымы өте үлкен. Уақыт өте келе онда өсу тенденциясы бар. Сондықтанда кез-келген кіші болсын, үлкен кәсіпорын болсын тиіді жұмысты қамтамассыз ететін берілгендерді басқаруды ұйымдастыру қажеттілігі туады. Кейбір кәсіпорындар бұл мәселені шешу үшін шкаф сөрелерін пайдаланса, бірақта көпшілігі үлкен көлемді берілгендер көлемін жүйелендіретін, құрылымдайтын және тиімді сақтай алатын компьютерлеу тәсілі берелгендер базасын жасайды.

Қәзіргі замандас өндеудің қосымша құралдарын қарастырғанда, олардың дамуы айқын заңдылықтарына және тенденцияларына бағынатының байқауға болады.

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі («классикалық») процедуралық программалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалык жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілдерінің бірі - Borland Delphi. Осындай тенденцияларының біріншісі болып модульді бағдарламалау қолданудан жоғары нәтижелікпен кодтың қайта пайдалануының орындалуына мүмкіндік беріп объектілі-бағытталған программалаудың қағидаларын пайдаланады.

Келесі өңдеу құралдары дамуына байланысты келесі маңызды тенденция болатын - жоғары өндірісті компиляторлардың жасауы және компиляторлы кодымен қолдануын байланыстыру. Интерпретатор кодымен орындалу файлды жасайтын, өңдеу құралдарының типтік мысалдары - Centura SQL Windows, Visual FoxPro, Clipper, Visual Basic, Developer-2000.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы мен операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалык программалау тілдерінде қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылган болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілерден, осы оқиғалардың жауабынан тұрады.

Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған тілдердің бірі Delphi - универсалды программалау тілі. Delphi тілі негізінде объектіге бағытталған программалау тілі болып табылады. Бірақ оны жүйелік программаларда, транслятор, операторлық жүйелерде жазуда қолдану жақсы жетістіктер берді.

Тіл жүйелік программаларға арналған деп саналғанымен, оның мүмкіндігінің өте үлкен болғандығынан оны кеңінен қолданады, программаларға жазуға да пайдалануға болады. Delphi тілінде жазылған программаның архитектуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен-бірін ауыстыруға, бір операциялық жүйенің екінші операторлық жүйеге ауыстыруға жеңіл.

Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Оның негізгі ерекшелігі - онда қосымша кұруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы деп атайды. Компоненттер панелінде топ - тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, осы панельге қосуына болады. [1]

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.

Оның негізінен бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шыққан. Ал кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген және де жаңартылған 2, 3, 4, 5, 6, 7 нұсқалары жарық көрді. Соңғы Delphi-дің жетінші нұсқасында интернет үшін қосымшаларды дайындауға және де сонымен қатар деректер қорымен жұмыс істеуге байланысты есеп құру мүмкіндіктері кеңейтілген.

Delphi - екі түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшасы бірлесіп дайындаушылар үшін, екіншісі - қалған программалар үшін. Соңғысы ыңғайланып, қыскартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар ғана емес, сонымен қатар барлық Delphi - мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатын екінші түрі.

Delphi - де программалау өзара тығыз байланысқан екі процесстен құрылады: Олар дегеніміз визуальды құрылым құру және де кодын жазу процестері. Visual - дегеніміз көзбен шолу дегенді білдіреді. Визуалды графикалық интерфейстің қолайлығы пайдаланушы көріп отырған, экранда көрінген терезенің түймелерін шерту арқылы нәтиже алады.

Кодты жазу үшін код терезесі қолданады, ал программа құрылымына Delphi-дің қалған терезелері колданылады, ең алдымен форма терезесі.

Сонымен Delphi программалары Паскаль тілінің біріктірілген ортасы сияқты MS DOS және Windows жүйесінде де жұмыс істей береді. [3]

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Delphi программалау тілі компьютердегі программаларды жобалауға құрылымдық және реттелген қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Delphi тілі - әртүрлі программаларды жазуға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазіргі заманға сай интерфейс ұйымының мәселесін шешуді іздеу жинағын есеп сипаттамасымен әрекеттесіп иеленеді, шешім қиындаған кезде өңдеуші арасында және автоматтандырылған басқару жүйесімен, техникалық ортасымен мамандандыру сипатында қарай өзгерту функциональды оптимизацияланған әрекеттестікті қажет етеді.

Осы мақсатта диплом жұмысымды «Өндіріс кәсіпорынының менеджер жұмысын ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттар жүйесін жасауға арнадым. Жалпы Delphi программалау тілінде графикалық объектілерді қолданып, деректер қорыны безендіріліп экранға шығарылғанда жақсы көрінеді. Сол себептен де, мен тақырыбымды осы Delphi программалау ортасында ерекше тоқтап болатынмын. Программа құрылымына бірнеше өңдеулер жүргізіп, сол тұрғызылған объектілерді экран бетінен шығарып қойған кішкене өзгешелікті алып, нәтижеге қол жеткізу керек деп есептеймін.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі: Бұл жұмыста өңделіп қарастырылған программаны кәсіпорындарда және менеджерлер жұмысына арналған базаны құрал ретінде пайдалануына болады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Delphi программалау тілі ең көп тараған унивесалды программалау тілдердің бірі болып табылады. Delphi программалау тілінің барлық мүмкіншіліктері, оның ішінде әсіресе база құру мүмкіншіліктеріне аса көп көңіл бөлінгенен. Delphi ортасында жазылған программаның құрылымы бір немесе бірнеше функциялардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Ең бірінші кіріспе - Delphi программалау тілінің ортасы шығу тарихына тоқталып, ал бірінші бөлімде автоматтандырылған басқару жүйесінің өндіріс кәсіпорындағы менеджердің атқаратын жұмыстарының негізгі кезеңдері және олардың басқару есептерін шешудің кезеңдері көрсетілді.

Екінші бөлімде өндіріс кәсіпорынның жүйенің хабарламалық маңыздылығы, негізгі принциптері, мақсаты, есебі, функциясы және өндіріс кәсіпорынның жүйесі хабарламасының қолданылатын техникалық құралдары туралы тоқталған.

Үшінші бөлімінде тақырыбыма сәйкес, Delphi ортасында программалау тілінің классификациясында кеңінен тоқталып, программа құрылымы, берілгендерді қалай енгізу және шығару, программаны компиляциялау болатындығын, берілгендер базасын құру үшін масштабталған жабдықтарды көрсетіп жаздым.

Төртінші, Delphi ортасында менеджер базасы бағдарламаны сипаттау бөлімінде ақпаратты сақтау және берілгендер базасының құрылымы мен сұраныстың қалыптастыруы, іздеуді ұйымдастыру, кестелерді байланыстыру әрекеттері ашып көрсетілген.

Соңында - қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар тұрады.

І. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ (АБЖ)

Кәзіргі таңда берілгендер базасынсыз кәсіпорынды, қаржы саласын елестету мүмкін емес. Берілгендер базасы болмаса кез-келген кәсіпорын берілген мәліметтер тасқының астында қалар еді.

Компьютерлендіруге көшудің бірнеше себептерін көрсетуге болады. Қағазға сақтаған мәліметтен, ЭЕМ жадына сақталған мәлімет құны жағынан арзанырақ болады. Берілгендер базасы қолданушыға керекті мәліметтерді тиімді жолмен алуға және сақтап, құрылымды етіп жасауға мүмкіндік береді Клиент/серверлік технология керекті құралдарды сақтауға, бастысы керекті мәліметтерді уақыт бойынша ұтымды алуға, сонымен қатар кіру мен жұмыс жүргізуді мәліметтерді жинақты өңдеу мен сақтауды орталықтандыруға негізделгендіктен жеңілдете алады. ЭЕМ кез-келегн форматтағы мәліметтерді сақтай алатындықтан кәсіпорын жұмысына қатысты барлық мәліметтер қорын осы берілгендер базасы арқылы сақтап, кәсіпорынға қатысты мәліметтерді автоматтандыру жолдарын қарастырамыз.

Өте үлкен көлемдегі сақталатын мәліметтерді жинақтауда дамыған жүйелік құралдарды, мәліметтерді беру құралдарды, жадыны қолданумен қатар ЭЕМ болатын адам диалогында ұйымдастыра білуіміз қажет. Ол қолданушыға сұранысты енгізуге, сақталатын мәліметтерді модификациялауға, жаңа мәндерді енгізуге немесе сақаталатын мәліметтер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл функцияларды орындауға берілгендер базасын басқару жүйесі (БББЖ) деген арнайы мамандандырылған құрал бар. Жаңаша БББЖ- мәліметтерді басқарудың көпқолданушы берілгенді басқару жүйесі болып табылады. Ол бір мезгілде жұмыс істейтін қолданушылардың бір немесе көпше мәліметтер массивімен жұмысын басқарады.

«Өндіріс кәсіпорынының менеджер жұмысын ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттар жүйесін жасау үшін Delphi 7. 0 ортасы алынды. «Өндіріс кәсіпорынының менеджер жұмысын ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі басқарушының автоматтандырылған жұмыс орнына қажетті шынайы ақпараттармен қамтамассыз етуге арналған. Ол сонымен қатар алдағы талдау жасауға, қағаз құжат айналымының көлемін қысқартуға арналған. Автоматтандырылған ақпараттар жүйесі оперативті мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни бұл мәліметтердің жиынтығы кез-келген уақыт моментіне кәсіпорын қызметіне талдау жүргізе алад. Бұл жүйені енгізудің бірінші талабы болып отыр. Бұл жүйені қолдану арқылы кәсіпорын қызметткерлері берілгендерді жылдам табуына, сақталған мәліметтерді құрылымдауға, т. б. көп септігін тигізеді. Менің мақсатым қағаз жұмысын барынша қысқарту. [4, 13]

1. 1 АБЖ өндіріс кәсіпорындағы менеджердің атқаратын

жұмыстарының негізгі кезеңдері

Сонымен, менеджер басқару жүйесінің тұйықтаушы звеносы, яғни басқару субъектісі болып табылатыны анық, ал АБЖ-нің АПК-ні (аппаратты-программалық кешен) оның басқару ісін енгізудің инструменталды құралы, яғни басқару объектісі болып табылады. В. Ф. Венд анықтамасы бойынша АБЖ дегеніміз басқарушы құрам мен АБЖ-нің АПК-ні басқарудың күрделі есептерін шешуде теңдәрежелі серіктер болып табылатын гибритті интеллект.

ЖОА (жұмыс орнын автоматтандыру) менеджер жұмысын рационалды ұйымдастыру жүйенің тұтастай қолайлы түрде құрылуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Көп жағдайда басқарылатын жұмыс - адамның орталанған қызметі, өйткені ол АБЖ жағдайында нақты объектіні «көрмесе» де басқаруды жүргізе береді. Басқарудың нақты объектісі мен менеджер арасында объектінің ақпаратты моделі (ақпаратты бейнелеу құралы) болады. Сондықтан ақпаратты бейнелеу құралын жобалауды ғана емес, сонымен қатар менеджердің АБЖ-ін техникалық құралдармен қарым-қатынас құру құралын жобалауда мәселелер туындайды, яғни қолданушы интерфейсі деп аталатын жүйені жобалау мәселесі. [3]

Адамның АБЖ-сі техникалық құралмен қарым-қатынас интерфейсі 1. 1-ші суретте структуралық түрде көрсетілген. Ол АПК-нен және қарым-қатынас хаттамаларынан тұрады.

Аппартты - программалық кешен мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • Мониторда бейнеленетін АБЖ АПК-ніне, ақпараттық моделге айналдырушы мәліметтерді түрлендіру;
  • Ақпараттық моделдің дамуы (АМ) ;
  • АБЖ техникалық құралдары мен адам арасындағы диалогты қарым-қатынас құруды қамтамасыз етеді;
  • Менеджерден басқару жүйесінде қолданылатын деректерге берілетін әсерді түрлендіреді;
  • Әрекеттестік хаттамаларының физикалық түрде жүзеге асырылуы (деректер форматының келсіуі, қатені бақылау және т. б. ) .

Хаттамалардың мақсаты менеджер мен Автоматты басқару құралы, яғни менеджер мен басқару жүйесі арасында хабарламаларды жеткізудің сенімді де қолайлы механизмімен қамтамасыз ету. Хаттама - ақпарат алмасу процедурасы жиыны мен нақты уақыт көлемінде қатар орындалатын процестер арасындағы әсерлілікті анықтайды. Бұл процестер (АБЖ АПК функционалдау және басқару субъектісінің оперативті әрекеті) былай сипатталады, біріншіден, оқиғаның пайда болуы арасындағы жазып алынған уақытша қатыстардың жоқтығымен, екіншіден оқиғалар мен қызметтердің пайда болуы кезіндегі өзара тәуелділіктің болмауымен.

Хаттама функциялары осы процестер арасындағы хабар алмасумен байланысты. Осы хабарламалардың форматы, мазмұны хаттаманың логикалық сипаттамасын білдіреді. Процедураны орындау ережесі хаттаманы іске асыруға бірге қатыс орындайтын процестер қызметін анықтайды. Осы түсініктерді қолдана отырып, біз енді протоколды процестер арасындағы байланыс механизмінің логикалық және процедуралық мінездемелерінің бірігуі ретінде анықтай аламыз. Логикалық анықтама протоколдың синтаксистік, процедуралық анықтама - семантикасын құрайды. Ойланатын бейненің түріне байланысты АМ алфавиті бойынша, символдарды түрлендіру әдісі бойынша және бейне элементтерін қолдану әртүрлілігі бойынша талаптарды белгілеп алу керек. Қолданылатын алфавит оның модель типін, бейнелеу мүмкіндігін сипаттайды. Ол шешілетін есеп класымен анықталады, белгілер типі мен саны арқылы, символдар бағдары арқылы, бейненің жыпылықтау жиілігі және т. б. арқылы беріледі.

Белгілерді қалыптастыру әдістері бейненің қолданылатын элементтеріне сәйкес жіктеледі және модельдеуші, синтездеуші және генерациялаушы болып бөлінеді. ЭСТ экранында жасалатын белгі үшін қолайлы формат болып матрицалық формат табылады. Көрсетілетін басқару объектісінің кеңістіктік - уақыттық структурасы мен қоршаған ортаның адекваттылық, изоморфизмдік, ұқсастық талаптары модельдің тиімділігін анықтайды.

Сурет 1. 1. Қарым-қатынас интерфейсінің ақпаратты-логикалық схемасы

Өндірісті басқару жүйелеріндегі техникалық процестерге адамның атқаратын ролі мейлінше сан алуан. Автоматтандырылған жүйелерді басқарудағы адамның ролі оның атқаратын іс-әрекетінің мақсаты мен басқару объектісінің қызметімен тікелей байланысты. Жалпы жағдайда күрделі объектінің басқару жүйесі басқару объектісінің ағымдағы параметрлерінің мәнін анықтайтын датчиктерден (Д) тұрады. Яғни, объектілерден x(t) ақпаратты алуға мүмкіндік беретін датчиктерден тұрады. Екінші бөлігі БО модельі (М) модель жалпы жағдайда объектінің ағымдағы қалып күйін ғана емес оның даму динамикасын және объектіге қоршаған ортаның әсерін де ескереді. Модель объектіні басқару шешімін шығарғанда объектінің күйін анализдеу үшін қажет. Д-ден қызметімен x(t) ақпараттарын ала отырып, сонымен бірге M[x(t), y n (t) ] модельдің өзгерісін бақылай отырып, басқарушы орган (Дербес жағдайда менеджер) басқару шешімінің алтернативті варианттарын ойластырады және басқару мақсатындағы тиімді вариантын таңдайды. Соңғы әрекет басқару жүйесінде шешім шығару (Р) блогына әкеледі. Ү n (t) - мүмкін болатын басқару әрекеттері. Тиімді шешім таңдалғаннан кейін басқару әрекеті U(t) орындаушы органдарға (U) жіберіледі. [15]

Процес көп қайталанады, себебі: сыртқы әсер ету (Ғ) өзгеруі мүмкін. Жазылған процестің құрылымының схемасы мынадай түрде көрсетіледі:

Сурет 1. 2. Басқару жүйесінің құрылымының схемасы

Басқару жүйесінің 3 ерекшелігі бар:

  1. Басқару жүйесінің принциптік ерекшеліктері. Оның нақты уақыт масштабында жұмыс істейтіндігі. Бұл - шешім шығару объектіден берілгендер немесе мерзімінде бірден орындауды білдіреді.
  2. Басқару жүйесін құрудағы 2-ші ерекшелік басқарылатын объектінің модельін құру қажеттілігі. Модель құрылғанда ғана нақтылы басқару мүмкіндігі туады.
  3. Басқару жүйесінің 3-ші ерекшелігі оның тұйықтығында, шынында да басқарушы әрекеттер басқару объектісіндегі өзгерістерге әкеледі. Яғни, оның параметрлерінің өзгерісіне әкеледі. Бұл өзгерістер датчиктердің көрсеткіштерін өзгертеді. Яғни, басқарушы әрекеттер мен объектінің халық күйінің өзара кері байланысын өзгертеді.

Міне, бұл кері байланыстың барлығы жүйенің тұйықтығын көрсетеді. Адамның араласуына байланысты басқару жүйелері 2 түрге бөлінеді:

  1. Автоматтандырылған
  2. Автоматтандырылмаған

Автоматтандырылмаған басқару тікелей адамның сезім мүшелерін қабылдаушы және оның тікелей объектіні басқару органдарына (БО) әсер етумен жүзеге асады. Автоматтандырылмаған жүйенің құрылымының схемасын сызайық.

Автоматтандырылған басқару жүйесі жоғарыдағы жүйеге қарама-қарсы. Оның құрылымының схемасы.

Бұл жүйеде датчиктерден түсетін ақпараттар негізінде қоймаға алдын ала енгізілген объектінің модельі (М) басқарушы шешім шығарады және орындаушы органдарға басқару әрекеті жіберіледі. Бұл жүйедегі адамның ролі бақылаушыға ғана. Басқару процесіне адамның қатысуына байланысты бір-біріне қарама-қарсы жүйелер арасына басқарудың автоматтандырылған жүйелері орналасады. Мұнда басқару контурында адамның қатысуы міндетті. Бұл жүйеде басқарудың біршама функциясын техникалық құралдар атқарады. Яғни, аппаратты-программалық комплекс, ал қалған бөлігін адам атқарады. Адамның басқарудың автоматтандырылған жүйесіндегі ролі, оның автоматтандырылу дәрежесіне байланысты.

Қарапайым басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде объекті жөніндегі ақпараттарды жинау және оларды менеджерге беру автоматтандырылған. Объекті туралы мәліметтер оның ағымдағы қалып күйінің ақпараттық модельі (М) түрінде менеджерге беріледі. Осы ақпараттық модельдің негізінде адамның сапасында объектінің концептуальды модельі құрылады. Концептуалдық модельдің арқасында ол объекті жағдайларды ескеріп білімі мен кәсіби шеберліктің нәтижесінде басқару әрекетін, басқару пулті арқылы орындаушы органдарға береді. Осылайша жүйенің қызметі процесіне араласады. Мұндағы жүйелердің мысалдары ретінде технологиялық процестерді басқару электростанциялардағы жылу және энергетикалық агрегаттарды басқару.

Басқаруды автоматтандыру жүйелерінің өндіріс кәсіпорындағы менеджер атқаратын жұмыстарының негізгі кезеңдері:

  1. Менеджер басқару объектісі жөнінде мағлұматтарды қабылдау.
  2. Алынған ақпараттарды бағалай білуі, оларды талдай отырып басқару параметрлерімен салыстыра білуі. Бұл кезеңде менеджер басқару органдарының қауіпті кезеңдерін анықтайды және объектіге қызмет етудің кезегін қоя білуі керек.
  3. Менеджер басқару стратегиясын құра білуі қажет. Басқару есептерін шешудің кезеңдері

Оперативті басқарудың есептерін шешу кезіндегі адамның басты осы есептерді шешу кезеңдері осыған байланысты, мұнда ақпарат көріністерінің қолдануы қалай жұмыс жасайтындарын қарастырамыз.

Бірінші кезеңде менеджер ақпаратты басқару объектісінің жағдайы ретінде қабылдайды. Сигналдарды табу амалдарын ақпараттық қабылдау процесіне қосады, әртүрлі сигналдар белгілерінің білінуі, оператордан бұрын туатын есептерге жауап беру белгілермен танысу және сигналдарды (хабарларды) тану кезеңдерінен туады. Операцияларды табу және танудың ерекшелігі сигналдарды қабылдауына байланысты звено деп аталатын рецепторлық жолдар бойымен жүреді, сонда ақпараттардың біліну мазмұндары басты тәжірибелерде мүмкін болады және бұған арнайы дайындық қажет. Ақпараттардың бірлік жылдамдығы бір мезетте қабылдау кезінде оператор процесті оқуда және дайындауда тәжірибе жинақтайды.

Екінші кезеңдегі менеджердің жұмысы ақпаратқа бағалау.

Үшінші кезеңде менеджер басқарудың стратегиялық есептерін шығарады. Яғни, процестің бағасы қарастырылады және басқару объектісіне түрлі әдістердің қалай әсер ететіндігін анықтайды. Бұл кезеңдегі адамның іс-әрекеті белгілі бір алгоритм негізделеді.

Егер нақты жағдайда алгоритм қарастырылмаса онда оперативті ойлау көмегімен әртүрлі шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. Яғни, стратегияның басқару жұмысында менеджер өзінің жұмысымен бірге тиімділік шешімін табуға көмектеседі.

Төртінші кезең қабылданған шешімді орындауды қамтамасыз ету амалы.

  1. ӨНДІРІС КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҮЙЕНІҢ ХАБАРЛАМАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2. 1 Ақпаратты қолдануда қоғам деңгейін көтеру

Ақпарат - латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жайкүйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. [11]

Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатынмәліметтерді қамтиды.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизімінің қабылданды - түсінікті - бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Мұндай анықтаманы ақпараттық үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтактистік, семантикалық және программалық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алси фирмасының сипаттамасы
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы
«Каспиймұнайқұрылыс» АҚ – ның қысқаша тарихы
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың қағидалары
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Шетелдік инвестиция нысандарының классификациясы
Шығындар есебі және аудиті
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Ақпараттық жүйелер ұғымы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz