Корпорация қаржысы


Мазмұны
Кіріспе
1 Корпорациялар қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастырудың теориялық негізі
1. 1 Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысының мазмұны
1. 2 Корпорация қаржысын ұйымдастырудың қағидалары
1. 3 Корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың ішкі жүйесі
2 «Қызылорда энерго» ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау
3 Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысын ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі кәсіпорын мен корпорацияның қаржылық жағдайын ұйымдастыру және де оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Қаржылық жағдайды ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді. Корпорацияның қаржы ортасын ұйымдастырудың сәтті болуы, талданып жатқан мәліметтердің толықтылығы мен нақтылығына байланысты болады.
Кәсіпорын өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Корпорациялар қаржысы - бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері
оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптеріне төмендегілер жатады:
- шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;
- өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру,
- айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;
- қаржы резервтерінің болуы.
Қаржылық жағдайды ұйымдастыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін ұйымдастырудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады, және ол 3 сатыны қамтиды: қаржыны жоспарлау, ақша айналымын басқару жөніндегі жедел қызмет, бақылау-талдау жұмысын құрайды.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады. Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады
Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорын кызметі қаржысын экономикалық ұйымдастыру және өндірісті басқару кезіндегі ерекшеліктерін зерттеу. Кәсіпорынның өңдірістік - шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау үшін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін ұйымдастыра отырып, кәсіпорынның қаржылық жай - күйін бағалау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жай - күйін бағалау үшін, ең алдымен оның қаржылық жағдайын ұйымдастыру керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастыру және де оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Сонымен қоса бұл жұмыстардың нақты қай бағытта жүргізілу керек екендігі көрсетіледі.
Курстық жұмыстың міндеті - кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын аңықтау және кәсіпорынның қаржылық жай - күйін ұйымдастыру болып табылады.
Біз курстық жұмыстың бірінші бөлімінде корпорациялар қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастырдық. Екінші бөлімінде «Қызылорда энерго» ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік балансы негізінде қаржылық жай - күйіне баға берілді. Үшінші бөлімінде Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысын ұйымдастыру жолдарын жетілдіру мәселесі туралы қарастырдық.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
1 Корпорациялар қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастырудың теориялық негізі
1. 1 Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысының мазмұны
Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің каржысы - бұл қаржы жүйесінің бірыңғай құрамдас бөлігі.
«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» түсінігі соңғы уақытта шаруашылық қызметке тартылуымен байланысты занды тұлғаларда емес, сондай-ақ шағын бизнесті дамытатын индивидуалды жеке кәсіпкерлерде және заңды тұлғаны қалыптастырмай жанұялық кәсіпкерлік жеке тұлғаларда қолданылады. Сонымен қатар «шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині барлық құқықтық- ұйымдық меншік формаларында және қызмет түрлерінде кең таралған.
Жоғарыда аталған «шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині қаржылық қатынастарының және қаржы жүйесіне қызмет ету көзқарасымен «үй шаруашылығы» (халық) қаржысы түсінігін жиі қолданады.
Қорыта келе, бұл басқа да бірліктерімен операцияларды және экономикалық қызметті жүзеге асыратын міндеттемелерді қабылдайтын, өз атынан активтерді иемденетін экономикалық бірліктер (ұлтгық шоттар жүйесіндегі институционалды бірліктер) және экономикалық агенттер болып табылады. Бірақ ұйымдық- экономикалық көзқарасынан орталық орынды жүйелі ұйымдас- тырылған субъектілер - кәсіпорындар жэне ұйымдар алады: фирмалар, компаниялар, фермерлік шаруашылықтар, шаруашылық серіктестік, ұлттық компаниялар, ассоциациялар (бірлестіктер) жәже т . б. Бұрын колданған «зауыт», «фабрика», «кәсіпорын» (сала бойынша) атаулары сирек қолданылады.
Дегенмен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басым бөлігі материалдық өндіріс саласында, яғни қоғамның өмірлік камтамасыз ету көзін - материалды қоғамдық өнімін құрайды. Осы звеноның қаржысы қаржылардың бастапқы және негізгі бөлігін өз алдына ұсынады.
Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы мен жалпы мемлекеттің қаржысы ретінде бар болуы тауар-ақша қатынастарының және экономикалық зандардың әрекет етуімен шартталған. Тауар-ақша қатынастары қоғамдык еңбекті бөлумен, меншіктің әртүрлі нысандарымен алдын ала анықталған. Еңбекті бөлу дәрежесі өзара бөлек тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер, әртүрлі түрдегі жеке кәсіпорындардың бар болуымен және олардың кұрылымдық бөлімшелерінің жеке жұмыс орындарына дейін анықтайды. Бөлек тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер өзінің еңбегінің, өнімінің, тауар құнында көрініс табатын бағасы бойынша, ақша үшін сату және сатып алу жолымен қызметінің нәтижесімен айырбастайды және өндіреді. Бұл тауар-ақша қатынастар жиынтығы болып табылады.
Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылары ақша нысанындағы кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісінің негізгі жақтарын көрсетеді және экономикалық заңдардың талаптарына сай оның жүзеге асырылуына ықпал етеді. Олар ұлттық шаруашылықтың әрі қарай дамуына қажетті жинақтар мен ақша кірістерін қолдану мен бөлу үшін пайдаланады. Бұл даму экономиканың түбегейлі өзгерістерінің мықты құралы, ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып табылатын жақсы және төзімді шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысына орнатуынсыз мәні жоқ. Олар басқа өндірістік қатынастармен ұлттық шаруашылықтың төменгі звеноларын басқарудағы шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ету жиынтығында өз алдына өндірістік қатынастарды негіздейді.
Корпорацияның шаруашылык жүргізуші субъектілерінін каржысы кәсіпорынның, қоғамның, концерннің, ассоциациялардың, салалық министрлеррдің қаржыларын және басқа да шаруашылық органдарды, шаруашылықаралык, салааралык, кооперативті ұйымдарды, мекемелерді, өнеркәсіпті жүзеге асыратын ауылшаруашылық, құрылысты, транспортты, жабдықтау-өткізушіні, сауда (делдалдылықты), дайындаушыны, геолог-іздеушіні, жобалық қызметті, халықтың тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй коммуналды қызметтерді, әртүрлі қаржылық, кредиттік, сақтандыру, ғылыми, ағарту, медициналык, ақпараттык, маркетингтік және қоғамдық пайдалылық қызметіндегі көптүрлі сферадағы басқа да қызметтерді ұсынуды өзіне косады.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа типінің пайда болуына әсер етті: жеке меншікті, кооперативті (тауарларды, өнімдерді және қызметтерді өндіру бойынша), акционерлі, араласқан, кәсіпорынмен және фирмалармен біріккен (шет елдердегі) . Мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік басқаруына немесе отандық инвесторларға жіберу жолымен мемлекеттік меншікті қолдану тәртібі өзгереді, яғни жеткіліксіз формаларынан, демек меншікті қолдану және жұмсау жаңа меншік иеленушілерінің уақытша иемденуіне өтеді. Келесі саты - мемлекеттік кәсіпорынды сатып алу, яғни оны толық иемденуге және біріккен немесе жеке меншікке айналуы.
Экономикалық реформа барысының пайда болуында мемлекеттік меншікті республикалыққа, коммуналдықка бөлу, сонымен қатар көптеген мемлекеттік кәсіпорындарының нысандарына, олардың бірігуі және коммерциялық негізіндегі біріккен басқару органдарының - қоғамның, ассоциацияның, концерндердің, консорциумдардың және т. б. осы үрдіске коммерциялық есеп айырысу дамуы, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыруға өңірлерді аударуда ықпал етеді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласыныц каржысы берілген саладағы техника-лкоиомикалық негізінен шығатын үлкен айырмашылық бар. Сондай-ақ шаруашылық ету субъектілерінің қаржы ұйымдарының негізгі қағидалары мен мәні бірдей. Яғни, бірыңғай жоиомикалық заңдармен және шаруашылық етудің жалпы кағидаларымен шартталған. Шаруашылық ету субъектілерінің бастапқы звеносына барлығын біріктіру қажеттілігін және мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды.
Корпорацияның шаруашылық ету субъектілерінің қаржысы мәні мен сыртқы формаларын көрсетеді. Негізгі құнды категориясы - қаржылық ретінде анықтайтын сыртқы қаржыларының мазмұны мәні ретінде сипатталады. Қаржының айқындау формасы және мәні өзара байланысты. Бірақ олардың тұрактылығының дәрежесі бірдей емес. Қаржының айқындау формасы мәніне қарағанда тез және жиі өзгеретініне тартылған. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің кәсіпорын нысандарымен арақатынасы бірталай өзгерген және жетілдірілген: олар көп арналы төлемдерден кірісінен салық салу табысына, содан соң табыс салығына трансформацияланған.
Корпорацияның шаруашылық қажеттіліктерін қаржыландыруға бюджеттен кері қозғалыс құралы, негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен алмастырылған; кәсіпорын ішінде акша кұралы козғалысының нысаны, оның бөлімшелерінің, яғни әкімшіліктерінің және жұмысшыларының арасы өзгереді. Демек, бұл арақатынас эквивалентті сипатқа ие және коммерциялык негізге аударылады. Қаржылық ресурстардың кұрылымында, қалыптастыру және оларды колдануға бағытталған әдістерінде өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар қаржы мәні өзгеріссіз болып табылады. Ол жалпы өзгерістік қатынастармен ғана емес, сондай-ақ олардың даму деңгейімен, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстағы мемлекеттің рөлімен және масштабымен алдын ала анықтайды. Қаржылык қатынас - бұл, ең алдымен бөлу қатынасы. Бөлу жүйесі өзгерістерге тап болады, яғни бұл жүйедегі қайта құрудағы күшеюінде, бөлу қатынастарының жеке рөлінде және өндірісті тиімді ынталандырудағы қаржылардың кажетті тұрактылығы бар. Қоғамдык өнімді және ұлттық табысты бөлу әдістерінің және нысандарының, қаржылык қатынасының мемлекеттің бюджет пен несиелік жүйе арқылы нарықтық дамуының қатынасының процесінде өзгеруі, шаруашылық механизмінің ғылыми-техникалык прогресті күшейтуде жетілдіруі көзделген даму бағдарламасын іске асыруда, өндірістік қоғамдық еңбекті ұлғайтуда және өндірістің өсуінің қарқынында каржыларды және бөлу қатынастарының ынталандыру рөлін жоғарылату мақсаты бар.
Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылары сферасындағы көп түрлі қатынастары кеңейтілген топтар құрамына жинақталады. Бұл катынастар кеңейтілген ұдайы өндірісінің мыналардың арасындағы процесте пайда болады:
- Мемлекет пен және оның өндірістік кәсіпорынның мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлем жарналары кезінде, валюталық қорлар және ресурстарды қалыптастыруда;
- Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді ұсынғаны үшін шаруашылық жүргізуші субъектілермен, несиелік жүйемен несиелеу жәе пайыздарды төлеу бойынша;
- Шаруашылық жүргізуші субъектімен және оның жоғары тұрған ұйымдарымен арендалық төлем бойынша табыстарды, қорларды қайта тарату кезінде;
- Шикізаттар, материалдар, отын, дайын өнім, жұмыс пен қызмет бойынша өзара қарым-қатынастағы әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілермен, соның ішінде делдалдық операциялар бойынша;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілермен және персоналдың мүлігін сақтандыру бойынша сақтандыру органымен;
- Акцияны және басқа да бағалы қағаздарды шығару және өткізу кезінде, бірлескен кәсіпорын құру кезіндегі үлестік катысуда және өзара несиелеу кезінде шаруашылык жүргізуші субъектілер арасында;
- Иемденуші мен жалдамалы жұмысшы арасында (жұмыскерлер мен кызметкерлер) акцияны шығару және сол бойынша дивидендтер төлеу кезінде;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер ішінде ішкі шаруашылық белгілеудегі мақсатты қорды қалыптастыру және қолданумен байланысты - жарғылықты, тұтынуды, жинақтауды, резервті, валюталы, жөндеуші және мүмкін болатын модификациясы;
- Шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметімен және капиталды салымға шығынды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету процесіндегі жеке меншік капиталды кұрылыспен. Сондай-ақ жеке меншік капиталды құрылыс үшін орындалған жұмыс пен қызмет төлемдері.
Корпорацияның шаруашылық жүргізуші субъект қаржысының негізгі белгісі болып мыналар табылады:
1) қаржылық қатынастардың көпжақтылығы, оның нысанының жәнс мақсатты белгілеуінің әртүрлілігі;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы және осымен байланысты қатынастардың пайда болуы. Яғни, олардың қалыптасуымен, тұрақгы толықтыруды ұлғайтуымен және қайта тартуымен байланысты болатындығы. Өндірістік қорлар - бұл өндірістің динамикалық элементі. Олардың қозғалысы толассыз, яғни өндірістің өзі секілді. Сонымен қатар құн нысанының үздіксіз ауысуы жүріп отырады. Кәсіпорынның қызметінің кез келген сәтінде өндірістік қорлар материалды заттай және ақша нысанында бола алады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағынан ықпал ету мүмкіндігі;
4) олар барлық қаржылық жүйенің бастапқы негізін ұсынады.
1. 2 Корпорация қаржысын ұйымдастырудың қағидалары
Корпорациялардың қаржыларын ұйымдастыру қағидаларының сұақтары бойынша экономикалық әдебиетте бірыңғай ой-пікірлер жоқ. Дегенмен коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру негізіне бірдей қағидалар енгізілген.
В. В. Бочаров жэне В. Е. Леонтьевтің ой-пікірлері бойынша кэсіпорын мен корпорациялардың қаржыларын ұйымдастыру қағидалары олардың қызметімен, нақты қүрылтайшы қүжатымен, мақсаттарымен тығыз байланысты. Олардың пікірінше, қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар қатысты:
1) шаруашылық қызметінің өзін-өзі реттеуі;
2) өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік;
3) айналым қүралдарының қалыптастыру көздерін меншік және заимдарға бөлу;
4) қаржы резервтерінің бар болуы.
Өзін-өзі реттеу қағидасы ғылыми-техникалық даму және өндірістік бойынша шешімдерді толық дербес қабылдауға және іске асыруға кәсіпорынның қарамағына берумен түжырымдалады. Яғни, материалды, еңбекті және қаржы ресурстарының бар болуынан қорыта алғанда. Кәсіпорын өз қызметіне тікелей шығарылатын өнімге сүраныс нәтижесінде болашақтағы дамуды анықтайды және жоспарлайды. Ағымдағы және оперативті жоспарлардың негізін материалдық ресурстарды жабдықтаушылармен және өнімді тұтынушымен келіскен келісімшарт құрайды. Қаржылық жоспарлар өндірістік жоспарларда қарастырылған шараларды ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге талап етілген. Сондай-ақ мемлекеттің бюджеттік жүйесінің мақсатын кепіл- дендіруге де талап қойылған.
Корпорацияның қосымша қаржылық ресурстарын тарту үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады жэне қор биржасы жүмыстарына қатысады.
Өз шығынын өзі өтеушілік қагидасы корпорацияның дамуына салынған қаражаттар, табыс және басқа да меншікті қаржылық ресурстары есебінен орнын толтыруы керектігін шамалайды. Бұл құралдар кәсіпорынның меншікті капиталына тиісті экономикалық-нормативті тиімділігінің минимумын қамтамасыз етуге талап етілген. Өз шығынын өзі өтеушілік кезінде ол қарапайым ұдайы өндірістің меншікті көздері есебінен қаржыландырады және салыққа бюджет жүйесін енгізеді. Берілген қағидаларды жүзеге асыру, тәжірибеде барлық кәсіпорынның рентабельді жұмысын және шығындарды жабуды талап етеді.
Өзін-өзі қаржыландырудың өз шығынын өзі өтеушіліктен айырмашылығы рентабельді жұмысты ғана емес, сондай-ақ қарапайым және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін коммерциялык негіздегі каржылық ресурстарды калыптастыруды, бюджет жүйесінің кірістерін де ұйғарады.
Өзін-өзі каржыландыру қағидасының дамуы несиелік-есеп айырысу және салықтық тәртіптерінің шарттық міндеттемелерінің бұзбауына кәсіпорынның материалды жауапкершілігінің болжайды. ІІІаруашылык келісімшарттарын бұзғаны үшін санкция айыппұлдарын төлеу және басқа ұйымдарға келтірілген шығындарды өтеу және өнімді жеткізу бойынша міндеттемелердің орындауынан босатпайды.
Айналым құралдарының қалыптастыру көздеріне қарай меншікті және қарыз түрлеріне бөлу шаруашылықтың жеке саласындағы өндіріс ұйымдарымен және технологияның ерекшелігімен анықталады. Өндірістің маусымдық сипатында айналым құралдарынығ пайда болу көздерінің күрамында меншікті айналым құралдары басымдылыққа ие.
Қаржы резервтерінің қүрылуы нарықтық конъюнктураның мүмкін болатын ауытқу шарттарындағы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті. Яғни, әріптестерінің алдында өз міндеттемелерін орындамағаны үшін материалды жауапкершілігінің өсуі.
Қаржы резервтері акционерлік коғамда таза пайдадан, заңнамалық тәртіппен қалыптасады. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың кұрылуы кұрылтайшы кұжатымен регламенттелген.
Сонымен қатар, қоса айтқанда, корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары стратегиялық және тактикалық каржы шешімдерін кабылдауда қамтамасыз етуі керек. Олардың негізінде корпорацияның тиімді каржылық саясаты өңделеді. Демек, меншікті және қарыз капиталды қалыптастыру, мүлікті және көлемді ұлғайту әдістері, ақша ағымдарын оптимизациялау.
Шынында да, қаржы саясаты нақты механизмінде корпорация қаржыларының қызмет етуі нарықтық экономикаға сәйкес нақтыланған қағидаларында орнығуы тиіс.
М. В. Романовскийдің пікірінше, корпорация қаржыларын ұйымдастыруда қазіргі кездегі қағидалары мыналар болуы мүмкін: жоспарлы кағидасы. Ол шығындарды және сәйкесінше сату көлеміне, нарық қажеттілігіне инвестицияларды конъюнктура есебінен, ал біздің жағдайда сұраныстың төлем қабілеттігін қамтамасыз етеді. Яғни, қалыпты есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл қағида қазіргі ішкі фирмалық қаржылық жоспарлау әдістерін енгізу кезінде, демек бюджеттеуде және бақылауда неғұрлым толық іске асырылады;
- мерзімдердің қаржылық арақатынасы. Бұл инфляция жағдайларының және валюта бағамдарынын өзгеруінде маңызды рөл атқарады. Құралдарды алу және қолдану уақытындағы минималды ажырауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құралдарды қолдануда, осы жерде оларды бағалы қағаздарға, депозиттерге және т. б. орналастыру кезінде құнсыздануынан сақтау мүмкіндігі туындайды;
- иілгіштік, яғни маневрлеу - бұл жоспарлы сату көлемінің жетпеуі кезінде, ағымды және инвестициялық қызметі бойынша жоспарлы шығындардың асуында маневр мүмкіншілігі ш қамтамасыз етеді;
- қаржы шығындарының минимизациясы - бұл кез келген инвестицияларды және ең «арзан» амалымен қамтамасыз етілетін басқа шығындарды қаржыландыру болып табылады;
- рационалдылық - инвестицияға капиталды салу, деңгейіне жету мен салыстыру бойынша неғұрлым жоғары тиімділігі болуы керек және минимадды тәуекелдерді қамтамасыз етуі қажет;
- қаржылық тұрақтылық - бұл қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, яғни (0, 5) жалпы шамадағы меншікті капиталдың бөлінген салмағының критикалық нүктесі және корпорацияның төлем қабілеттігін сақтау болып табылады. Демек, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеудегі өзіндік қүнын бүзбау деген сөз.
М. В. Романовскийдің пікірін отандық ғалымдар К. К. Жүйріков пен С. Р. Раимов ұстанады.
А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин нарықтық экономиканың маңызды қағидаларына келесілер жатады дейді:
- кәсіпорынның экономикалық жэне заңдық дербестігі;
- еркін бәсекелестікке аяқ басу;
- еркін бағаның құрылуы;
- кәсіпорын жұмысына мемлекеттің әкімшілік араласуына жол бермеу;
- сау (ірі) нарықтық-қаржы жүйе;
- нарықтық экономиканың негізгі қағидаларын мемлекеттік бақылау.
Бұл қағидалардың негізінде әр кәсіпорын өзінің қаржылық (нарықтық) механизмін құрайды:
- экономикалық және заңдық қызметін дербес жүзеге асыру;
- шығындарды табыстар есебінен іске асыру және де ереже бойынша кірістерді қамтамасыз етеді;
- өзінің мүліктеріне материалды жауапкершілік береді;
- еңбек нәтижесінде жұмыскерлердің материалды қызығушылығын қамтамасыз ету.
Л. Н. Павлованың ойынша, осы қағидалардан басқа, тағы да жалпы қағидалар бар. Кәсіпорынның қаржылары макроэкономи- каның негізін қүрайды. Сондықтан оларға мыналар қатысты:
- жоспарлық және жүйелілік;
- мақсатты бағыттылық;
- стратегиялық хабарда болу;
- диверсификация қағидасы бағалы қағаздарға ақшалы инвестицияларды, объектілерді және әртүрлі бағытталған қызмет бойынша көп профильді кәсіпорын кұруды білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz