Шығыс Мақат кен орны
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Ауданның географиялық . экономикалық сипаттамасы
1.2 Ауданның геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстары
1.2.1 Литологиялық . стратиграфиялық қысқаша сипаттамасы
1.3 Тектоника
1.4 Мұнай мен газға қанығу дәрежесі
1.4.1Ауданның мұнай мен газ шоғыры жайында қысқаша сипаттамасы
1.4.2 Геологиялық . өндірістік кенорын пішіндемесі
1.5 Тұрақты конденсат сипаттамасы
1.6 Гидрогелогиялық жағдайы
1.7 Жүргізілген геологиялық жұмыстарын сараптау және бағалау
1.7.1 Далалық геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстары
1.7.2 Жүргізілген іздеу мен барлау жұмыстары туралы мағлұмат
1.7.3 Терең бұрғылау ұңғымасы жайлы сипаттамасы
1.7.4 Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістері мен интерпретацияланған мәлімет қорытындысы
1.7.5 Сынамалау қорытындысы мен әдістемесі, көлемі және ұңғыманы зерттеу мен сынау
1.7.6 Коллектор мен жабындының физикалық . литологиялық сипаттамасы және кернді зерттеу
1.7.7 Мұнай, газ бен конденсат қоры
2 ТЕХНИКА.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Кен орнын игерудің қазіргі жағдайына анализ жасау
2.1.1 Кен орнының игеру және жобалау тарихы
2.1.2 Ұңғыма түрлері мен пайдалану қорына көрсеткіштік сипаттама
2.2 Шығыс Мақат тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
2.3 Өндіруші ұңғымаларда кездесетін қиыншылықтар және олардың кері әсерлері
2.4 Құм тығындарының пайда болуы
3 АРНАЙЫ БӨЛІМ
3.1 Ұңғыға құмның келуін алдын . алу шаралары
3.1.1 Якорьлерді қолдану
3.1.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
3.1.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
3.2 Ұңғымадағы құм тығынын жою тәсілдері
3.3 Ұңғымадағы құм тығынын жоюдың гидравликалық есебі
3.4 Түптік құм жинаушы
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БӨЛІМІ
4.1 Еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс . шараларына талдау жасау
4.1.1 Өндірістік технология
4.1.2 Жабдықтарды монтаждау мен оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік негіздері
4.2 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
4.2.1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша шешімдер
4.4 Жұмысты қауіпсіз әдіспен жүргізуге арналған шаралар
4.5 Көлемді . жоспарланған және сындарлы шешімдер
5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ 5.1 Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар
5.2 Атмосфераны, гидросфераны және литосфераны ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістерді талдау
5.2.1 Атмосфераны қорғау
5.2.2 Гидросфераны қорғау
5.2.3 Литосфераны қорғау
5.3 Ластаушылардың сипаттамасы
5.4 Қалдықтарды басқару жоспары
5.5 Санитарлық. гигиеналық іс.шаралар
5.6 Қоршаған орта және еңбекті қорғау
6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1 Мұнай.газ кәсіпорындарының құрылымы
6.2 «Доссормұнайгаз» МГӨБ.н ұйымдастыру сипаттамасы
6.2.1 Негізгі мен қосымша өндірісті ұйымдастыру
6.2.2 «Доссормұнайгаз» МГӨБ. да еңбекті ұйымдастыру және жалақы алу ерекшеліктері
6.3 Шығыс Мақат кен орнының техникалық басшылық органдары
6.4 Кен орнының техника.экономикалық көрсеткіштері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әкімшілік жер бөлінісі бойынша Шығыс Мақат Қазақстан Республикасы, Атырау облысына қарасты Мақат ауданында орналасқан. Шығыс Мақат кен орнына ең жақын 7 шақырым қашықтықтағы елді мекен - Мақат кенті. Қала орталығы Атырау қаласының батысы және оңтүстік-батысынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Қандағаш – Атырау темір жолы бұл аймақтың солтүстік бөлігінен өтеді. Атырау қаласы мен Доссор кенті арасындағы автокөлік жолдары асфальтталған. Доссор бекетінде мұнайды қабылдау және дайындау пункті бар.
«Самек Интернешнл» ЖШС келісімшартының ережесі бойынша Шығыс Мақат кен орнын «Орта Азия – Орталық» газ құбыры кесіп өтеді.
Атырау қаласынан 120 шақырымдай қашықтықтағы Шығыс Мақат кен орны «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасына қарайды.
Құрылымдық бөлінісіне сәйкес Шығыс Мақат кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік – шығыс шекарасындағы Оңтүстік – Ембі мұнайгазды облысында орналасқан. Жергілікті жердің антиклинальды көтерілісі Мақат күмбезінің солтүстік – шығысында, Жолдыбай күмбезімен байланыстырып тұрған тұзды қылта аралығында. Күрделі тектоникалық құрылымы бар тұзүсті қабаттары көптеген сатылы және кішігірім дербес көтерілістерден тұрады.
Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі сорлар. Олардың тереңдіктері 5 -10 м-ге жетеді.
Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құйып жатқан Еділ мен Жайық өзендерінің ара қашықтығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік – батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр.
Жергілікті мекеннің экономикасы толығымен мұнай өндіру саласы мен геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына бағытталған. Аграрлық сектордың өте нашар болуының себебі ауыл шаруашылығын өндіруге негізделген жер аудандарының және сапалы су ресурстарының жоқтығы. Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, боз жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Нақты жер бедері минус 10 м-ден минус 17 м дейін жетеді.
Климаты болса қатал континентті, құрғақ және ыстық жазы мен қара суық қысы бар. Шөлейтті зона. Гидрогеологиялық жүйесі жоқ. Сумен қамтамасыз ету Атырау – Құлсары су құбыры арқылы жүзеге асады.
«Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері жергілікті халық пен мұнайшылар қауымы үшін жасалатын әлеуметтік жобалар мұнымен шектеліп қалмақ емес дейді. Мұнайшылардың әлеуетін жақсарту мен өңір тұрғындарының өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін айтады.

1. Кудинов В. И. Основы нефтегазопромыслового дела - М: Ижевск, 2005ж.
2. Акульшин А. И., Бойка В. С., Зарубин Ю. А., Дорошенка В. М. Экплуатация нефтяных и газовых скважин - М: Недра, 1989ж.
3. Махмудов С. А. Монтаж, эксплуатация и ремонт скважинных штанговых насосных устоновок - М: Недра, 1987ж.
4. Жуков А. И., Чернов Б. С., Базлов Н. Н. Эксплуатация нефтяных месторождений - Москва, 1961ж.
5. Интернет желісі «www.youtube.com», «www.google.kz».
6. Бухаленко Е. И., Бухаленко В. Е. Оборудование и инструмент для ремонта скважин - М: Недра, 1991ж.
7. Силаш А. П. Добыча и транспорт нефти и газа - М: Недра, 1980ж.
8. Щуров В. И. Технология и техника добычи нефти - М: Недра, 1983ж.
9. Вернц А.Д., Тищенко В.Б., Ястремская В.Б., Малышев Ю. и др. «Организация планирования и управление предприятиями нефтяной пормышленности» Москва, Недра.1975 ж.
10.Панов Г.Е.Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторождений .М.: «Недра». 1982ж.
11.“Охрана окружающей среды на объекте “Обустройство месторождения Восточный Макат””ТОО “Казэкопроект”. Атырау - 2002ж.
12.“Ведомственная система безопасности труда, охраны труда и окружающей среды в филиалах и объектах “НГДУ - ДОССОРМУНАЙГАЗ” РГКП “Научно-исследовательский центр по безопасности труда, охраны труда и окружающей среды в нефтегазовой промышленности”Атырау - 2001г.

1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. Ауданның географиялық – экономикалық сипаттамасы
Әкімшілік жер бөлінісі бойынша Шығыс Мақат Қазақстан Республикасы,
Атырау облысына қарасты Мақат ауданында орналасқан. Шығыс Мақат кен орнына
ең жақын 7 шақырым қашықтықтағы елді мекен - Мақат кенті. Қала орталығы
Атырау қаласының батысы және оңтүстік-батысынан 120 шақырымдай қашықтықта
орналасқан.
Қандағаш – Атырау темір жолы бұл аймақтың солтүстік бөлігінен өтеді.
Атырау қаласы мен Доссор кенті арасындағы автокөлік жолдары асфальтталған.
Доссор бекетінде мұнайды қабылдау және дайындау пункті бар.
Самек Интернешнл ЖШС келісімшартының ережесі бойынша Шығыс Мақат кен
орнын Орта Азия – Орталық газ құбыры кесіп өтеді.
Атырау қаласынан 120 шақырымдай қашықтықтағы Шығыс Мақат кен орны
Ембімұнайгаз АҚ-ның Мақат ауданындағы Доссормұнайгаз мұнай газ өндіру
басқармасына қарайды.
Құрылымдық бөлінісіне сәйкес Шығыс Мақат кен орны Каспий маңы ойпатының
оңтүстік – шығыс шекарасындағы Оңтүстік – Ембі мұнайгазды облысында
орналасқан. Жергілікті жердің антиклинальды көтерілісі Мақат күмбезінің
солтүстік – шығысында, Жолдыбай күмбезімен байланыстырып тұрған тұзды қылта
аралығында. Күрделі тектоникалық құрылымы бар тұзүсті қабаттары көптеген
сатылы және кішігірім дербес көтерілістерден тұрады.
Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі сорлар. Олардың
тереңдіктері 5 -10 м-ге жетеді.
Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий
теңізіне құйып жатқан Еділ мен Жайық өзендерінің ара қашықтығының барлық
дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың
солтүстік – батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен
шөлейттік аймақта жатыр.
Жергілікті мекеннің экономикасы толығымен мұнай өндіру саласы мен
геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына бағытталған. Аграрлық сектордың
өте нашар болуының себебі ауыл шаруашылығын өндіруге негізделген жер
аудандарының және сапалы су ресурстарының жоқтығы. Егіншілікке
жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында,
көбінесе, боз жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Нақты жер бедері минус 10
м-ден минус 17 м дейін жетеді.
Климаты болса қатал континентті, құрғақ және ыстық жазы мен қара суық
қысы бар. Шөлейтті зона. Гидрогеологиялық жүйесі жоқ. Сумен қамтамасыз ету
Атырау – Құлсары су құбыры арқылы жүзеге асады.
Ембімұнайгаз АҚ өкілдері жергілікті халық пен мұнайшылар қауымы үшін
жасалатын әлеуметтік жобалар мұнымен шектеліп қалмақ емес дейді.
Мұнайшылардың әлеуетін жақсарту мен өңір тұрғындарының өмір сүру
қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін айтады.
Сурет 1.1 – Кен орнының шолу картасы
1.2 Ауданның геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстары
Кен орнының құрылымын 1930 – 1986 жылдары аралығында жүргізілген
геологиялық және геофизикалық жұмыстар анықтаған.
Сейсмобарлау зерттеу жұмыстары 1984 – 1987 жылдары ортақ тереңдік нүкте
әдісімен (МОГТ) жүргізілген.
Іздеу – барлау жұмыстары 1988 жылы басталды. № 1 ұңғыма ең алғашқы
ұңғыма болып есептеледі.
Бүгінде Шығыс Мақат кен алаңындағы мұнай қабаттарының тереңдігі 700
метрден 1500 метрге дейін жетеді. Мұнайшылар қара алтынды тұз үстімен
алып жатыр.
Шығыс Мақат кен орны игеру кезеніңде болғандықтан, әлі күнге дейін
бұрғылау, сейсмобарлау, іздеу, барлау жұмыстары жалғасуда.
ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ 2013 жылдың Жылдық есеп беру құжатының
ақпаратына сүйенетін болсақ, 1425 м тереңдікте орналасқан №104 іздеу –
барлау ұңғымасын бұрғылау аяқталды. Нақты тереңдігі – 1425м.
3 нысан бойынша сынау жүргізіліп жатыр:
1-нысан– интервал 1332-1337м; газ түсімі 6893 м3 тәул., штуцер диаметрі
9 мм;
2-нысан – интервал 1290-1296м; мұнай түсімі алынды,мұнай тығыздығы 0,750
гсм3 ;
3-нысан – интервал 1276-1282м; фонтандап атқылаған мұнай 25,7 м3 тәул.
1.2.1 Литологиялық – стратиграфиялық қысқаша сипаттамасы
Кен орын 9 өнімді қабаттан тұрады:
Біреуі - неоком жүйесінде (К1nc);
Үшеуі - ортаюра жүйесінде (Ю-I, Ю-II, Ю-III);
Бесеуі - пермтриас жүйесінде (РТ I-V).
Неоком кеніші мұнайдан тұрады. Ортаюра кенішіндегі Ю-I және Ю-II -
мұнайгазды, Ю-III-газды қабаттардан тұрады. Пермтриас кеніші РТ- I және РТ-
V – мұнайлы, РТ-II, РТ-III – газды, РТ- IV – мұнайгазды қабаттардан
тұрады.
Сурет 1.2.1 - Өнімді қабаттың стратиграфиялық бағанасы
I нысан – (I, IV, V пермтриас жүйелері). Өнімділігі жоғары бұл
қабаттардың литологиялық құрылымы терригенді алевритті – құмды – сазды тау
жыныстардан тұрады. Тереңдігі 1190-1330 м аралығында пермтриас горизонты
ашылды. I пермтриас горизонтында коллектордың жалпы қалыңдығы 21 - 35,4 м
аралығында, мұнайға қаныққан тиімді қабаттың қалыңдығы 3,4 – 13,6 м, орта
есеппен 6,3 м. Кеуектілігі 0,2 бірл.б.
Бастапқы теңгерімдік қор I пермтриас горизонты бойынша 44,0 мың.тн,
алынатын қор 21,0 мың. тн. Қалдық алынатын қор 17,5 мың.тн. Игерілген
кезден бері мұнай 3,471 мың. тн, су 10,666 мың. тн өндірілген. Есеп беру
жылында жалпы 5,987 мың. тн мұнай және 9,988 мың. тн су өндірілген.
IV пермтриас горизонтындағы коллектордың жалпы қалыңдығы 21 -35,4 м
дейінгі аралықта, мұнайға қаныққан тиімді қабат қалыңдығы 3,4 – 13,6 м.
Орташа кеуектілігі 0,20 бірл.б. IV пермтриас горизонты бойынша бастапқы
теңгерімдік қор 1068,0 мың.тн, алынатын қор 439,0 мың. тн құрайды. Қалдық
алынатын қор 317,1 мың.тн. Игеру процесі басталғаннан бері 121,879 мың.тн
мұнай және 53,557 мың.тн су өндірілген. Жылдық айдалған су көлемі 18,561
мың.тн, ал 35,614 мың.тн мұнай өндірілген.
V пермтриас горизонтының жалпы қалыңдығы 25 – 45 м қамтиды, мұнайға
қаныққан тиімді қабат қалыңдығы 2,6 – 26,6 м аралығында орналасқан. Керн
бойынша коллектордың кеуектілігі 0,18 - 0,34 бірл.б. V пермтриас горизонты
бойынша бастапқы теңгерімдік қор 1751,0 мың.тн, алынатын қор 996,0 мың. тн
құрайды. Қалдық алынатын қор 710,9 мың.тн. Игеру процесі басталғаннан бері
842,563 мың.тн мұнай және 242,724 мың.тн су өндірілген. Жылдық айдалған су
көлемі 15,045 мың.тн, ал 21,555 мың.тн мұнай өндірілген.
I нысан бойынша жылдық су айдау көлемі 43,594 мың. м3 және 58,156 мың.
тн мұнай өндірілген. Жалпы айдалған су көлемі 306,947 мың.м3, 967,913 мың.
тн мұнай өндірілген.
Триас горизонты мұнайының сипаттамасы - жеңіл, тұтқырлығы аз, күкіртті
емес, парафині және шайыры аз мұнай болып келеді. Тығыздығы 0,5903-0,6286
гсм3. Қабат мұнайының тұтқырлығы 0,179-1,34 МПа*с. Сепаратордан
өткізілген мұнайдың тығыздығы 0,7854-0,8544 гсм3. Бастапқы қабат қысымы
15,4 МПа, ағымдағысы 10,3 МПа. Горизонттағы қабат суларының тұздылығы 19,30-
21,9°Бе. Меншікті салмағы 1,1516-1,1764 гсм3. Жалпы судың минералдануы
222,353-263,694 гл дейін.
01.01.2014 жылына пайдалану қоры 14 ұңғымадан тұрады. Жалпы суланған
кезінен бастап айдалған су көлемі 566,315 мың. м3. Айдау қорында тек бир №
7 ұңғыма жұмыс жасайды.
II нысан (I, II ортаюра жүйелері). Орта юра еселі қабаттарының құрылымы
ұсақ түйірлі, қиыршық құмдар, құмдақтар және алевролиттер.
I ортаюра горизонты 810 м тереңдікте ашылған, жалпы қалыңдығы 13 – 30,4
м қамтиды, мұнайға қаныққан тиімді қабат қалыңдығы 1,7 – 22,6 м аралығында
орналасқан. Керн бойынша коллектордың кеуектілігі 0,15 - нен 0,34 бірл.б.
I ортаюра горизонты бойынша бастапқы теңгерімдік қор 2773,3 мың.тн,
алынатын қор 1373,4 мың. тн құрайды. Қалдық алынатын қор 710,9 мың.тн.
Игеру процесі басталғаннан бері 663,040 мың.тн мұнай және 667,273 мың.тн су
өндірілген. Жылдық айдалған су көлемі 138,608 мың.тн, ал 64,313 мың.тн
мұнай өндірілген.
II горизонты 825-840 м тереңдікте ашылды. А және Б атты екі қабатқа
бөлінген. А қабаты құрылымының ерекшелігі литологиясында, яғни коллектор
қабаттының кеннің солтүстік, солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан
өткізгіштігі нашар тау жыныстарының орын ауыстырылуы. Жалпы қабат қалыңдығы
1,4 – 5,4 м, мұнайға қаныққан тиімді қабат қалыңдығы орташа есеппен 2,4 м
құрайды. Б қабаты өнімділігі жоғары юра периодына жататын горизонттардың
ішіндегі төзімді, әлуеттісі. Құрамында 2 – 5 құмайт топырағы бар қабат
орналасқан. Жалпы қалыңдығы 20,6 – 29,8 м дейін. Коллектор кеуектілігі
орташа есеппен 0,24 бірл.б. Ортаюра горизонтына қарасты қабат мұнайының
тығыздығы 0,7433-0,8169 гсм3. Динамикалық тұтқырлық 1,6 -5,39 МПа*с,
сепаратордан өткен мұнай тұтқырлығы 13,3-34,7 мм2с, ал тығыздығы 0,8230-
0,8751 гсм3. Бастапқы қабат қысымы 8,4-8,8 МПа, ағымдағы 7,8 МПа. Қабат
суының тұздылығы 18,50 ден 21,60°Бе. Меншікті салмағы 1,1444 – 1,1775
гсм3 тең. II ортаюра горизонты бойынша бастапқы теңгерімдік қор 3700,0
мың.тн алынатын қор 2054,0 мың. тн. құрайды. Қалдық алынатын қор 387,7
мың.тн. Игеру процесі басталғаннан бері 1366,310 мың.тн мұнай және 2044,061
мың.тн су өндірілген. Жылдық айдалған су көлемі 227,577 мың.тн, ал 51,857
мың.тн мұнай өндірілген.
II ортаюра горизонты 860 м тереңдікте ашылған, жалпы қалыңдығы 17,6 м-
ден 33 м аралықты қамтиды, мұнайға қаныққан тиімді қабат қалыңдығы 0,6 -
8,0 м аралығында орналасқан. Өнімділігі жоғары горизонт 1-5 құм топырақты
қабаттардан тұрады. Геофизикалық зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ,
кеуектілік орташа 0,25 бірл.б. Өткізгіштігі 2,177 мкм2 тең, бұл ұңғыларды
гидродинамикалық зерттеулердің есебінен алынған ақпараттар. II ортаюра
горизонтының теңгерімдік қоры 190,0 мың.тн, алынатын қор 95,0 мың.тн.
Қалдық алынатын қор 84,2 мың.тн. Игерілген кезден бастап 10,830 мың.тн
мұнай және 15,230 мың.тн су өндірілген. Есеп беру жылы бойынша есептейтін
болсақ, 36,960 мың.тн мұнай және 62,510 мың.тн су өндірілген. Бұл горизонт
өткен жылдың тамыз айынан бастап, 7 ұңғымамен игеріліп жатыр. Игеру процесі
басталғаннан бері II нысан бойынша жалпы есеппен 2040,180 мың.тн мұнай және
2726,564 мың.тн су, жылдық есеппен 127,0 мың.тн мұнай және 381,415 мұнай.тн
су өндірілген.
01.01.2014 жылына пайдалану қоры нысан бойынша 34 ұңғыма. Қабатқа су
айдау 1995 жылы басталған, 7 айдау ұңғымасы бар. I ортаюра горизонтында №
75 ұңғыма, II ортаюра горизонтында 6 айдау ұңғымасы жұмыс жасайды. Нысан
бойынша жылдық су айдау көлемі 416,250 мың. м3, жалпы айдалған су көлемі
3370,122 мың.м3.
III нысан (неоком жүйесі). Неоком горизонтының литологиясы құм мен
саздың қабаттасуынан тұрады. Коллектор қалыңдығы 4 – 12 м аралығында.
Мұнайға қаныққан тиімді қалыңдығы 1,4 м – ден 7 м – ге дейін, орташа
алғанда 6 м. Сепаратордан өткізілген неоком горизонты мұнайының тығыздығы
0,8605-0,8660 гсм3. 20°С температурада неоком және ортаюра кенінде
мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы 13,31 - 38,97 мм2с құрайды. 50°С – та
5,01 ден 12,02 мм2с дейін. Бастапқы қабат қысымы 7,2 МПа, ағымдағысы 7,1
МПа. Горизонттағы қабат сулары хлоркальцилі, тұздылығы 17,50 – 19,10°Бе
аралығында. Меншікті салмағы 1,1338 – 1,1514 гсм3. Жалпы судың
минералдануы 204,779 - 227,988 гл дейін.
Бастапқы теңгерімдік қор 787,0 мың.тн, алынатын қор 449,0 мың. тн.
Қалдық алынатын қор 185,8 мың.тн. Игерілген кезден бері мұнай 263,174 мың.
тн, су 419,285 мың. тн өндірілген. Есеп беру жылында жалпы 35,965 мың. тн
мұнай және 104,240 мың. тн су өндірілген.
01.01.2014 жылына пайдалану қоры 15 ұңғыма (№ 6,16, 18, 19,33, 35,
38, 52, 90,44,17,48,57,77,82), осының ішіндегі бір ұңғыма №6 электршынжырлы
сораппен жұмыс жасайды. №57,82 ұңғымалар айдау қорынан пайдалану қорына
ауыстырылған. Қабатқа су айдау 1999 жылы бастау алған. Ол кезде тек бир №
34 айдау ұңғымасы болған. Жылдық айдалған су көлемі 40 мың. м3, жалпы
суланған кезінен бастап айдалған су көлемі 290,813 мың. м3.
ішкі және сыртқы мұнайлылық кескіні
өнімді горизонттың сейсмикалық түсірулері
өнімді қабат изогипстері
ағын бағытталатын сызықтар
Ю-II-А өнімді
горизонтының шекарасы
Сурет 1.2.1а - Ю-II-А өнімді горизонтының құрылымдық картасы
1.3 Тектоника
Шығыс Мақат кен орнының тектоникалық құрылымы солтүстіктен оңтүстікке
созылып жатырған - тұз күмбезі. Күмбездің тұз ядросы төртбұрышты болып
келеді. Батыс, солтүстік – батыс, солтүстік – шығыс бағыттағы тұз шоқылары
бірігу арқылы күрделі пішінді тұз күмбезін құрайды. Кең ауқымды тұз
күмбезі жинақтық бөлігінде екі шыңы бар - оңтүстік және солтүстік. Батыс
пен шығыс қанаттағы тұзүсті тау жыныстары бұл шыңдарға тиесілі. Күмбездің
батыс бөлігінде тұздың жүктелуі мықтырақ, себебі құлау бұрышы 180 . Мақат
құрылымының меридиальды және ендік бойынша созылуы солтүстік-батыс,
оңтүстік-шығыс және батыс қанаттары болып бөлінеді. Салыстырмалы түрде,
солтүстік – батыс қанаты шығысқа қарағанда көтерулі, оңтүстік – батысқа
қарағанда төмен болып есептеледі. Көлемі, мөлшері бойынша салыстырғанда
бірнеше есе кіші болып көрінеді.
Қанаттың дөңес бөлігінде ортаюра периодының тау жынысы байқалады. Шығыс
бөлігі жағынан қанат қиындау орналасқан. Құлау бұрышы 100 тең. Алыстаған
сайын бұрыш көбейе бастайды. Екі көлденең жылжу есебінен солтүстік – батыс
қанат үш блокқа (I,II, III) бөлініп кетті.
III блок I,II, қарағанда бірнеше есе төменде орналасқан. Бұл блокта
төменгі – сантон жасының тау жыныстары кездеседі. Ал басындағы екі
блоктарды қосқанда жер бетіне ортаюраның тау жыныстары шығады. Қанаттарды
бөліп тұрған жылжымалардың амплитудасы 20 м.
Оңтүстік – батыс қанат жоғарырақ орналасқан. Керн арқылы жер бетіне
шығаратын болсақ, ортаюра жыныстарын көре аламыз. Жылжу амплитудасы 1300 м.
Жалпы алғанда, оңтүстік – батыс қанатын екі тектоникалық аймаққа бөлуге
болады: жоғарға солтүстік және төменгі оңтүстік. Ортаюра арқылы жылжу
амплитудасы 150 м.
Тұзды Мақаттың шығыс қанатын үш тектоникалық аумаққа бөлуге болады:
солтүстік, орталық, оңтүстік. Солтүстік – батыс және батыс бөліктері тек
опырықтың қозғалысына тәуелді. Амплитуда төмендеуіне алып келді. Өзінің
орталық тектоникалық аумаққа жақын орналасуына байланысты, солтүстік
тектоникалық аймақ жоғарырақ болып келеді. Екі көлденең жылжудың арқасында
аймақ үшке I,II, III бөлінеді.
1 – тұз күмбез сызықтары, 2 – лықсыма, жылжулар, 3 – мұнай, газ кеніші
Сурет 1.3 - Шығыс Мақат тұз күмбезінің сұлбалық геологиялық картасы
4. Мұнай мен газға қанығу дәрежесі
Кесте 1.4 - Қабаттың қанығушылық көрсеткіші
Қалың-дығыАтауы Горизонт
Зерттеулер саны Өзгеру диапазоны Орт. мәні
Ұңғы Сынама
1 2 3 4 5
РТ-V – горизонты
Тығыздық гсм3 10 15 0,7854-0,8544 0,8
20 оС 10 15 2,15-21,17 5,4
50 оС 10 15 1,48-8,42 2,7
Қату температурасы 10 15 (-45) (-14) -20,6
Күкірттің 10 15 0,01-0,13 0,1
Шайырдың 10 13 1,21-2,5 1,6
150оС–ға дейін 10 13 4,0-28 20,6
200 оС–ға дейін 10 15 3,0-43 32,6
300 оС–ға дейін 10 15 42-71 62,3
РТ-IV горизонты
Тығыздық гсм3 2 3 0,7884-0,8074 0,8
20 оС 2 3 2,6-3,63 3,1
Кесте 1.5 – жалғасы
1 2 3 4 5
Қату температурасы 2 2 (-50) (-48) -49
Күкірттің 2 3 0,01-0,02 0,017
Шайырдың болуы 1 1 1,5 1,5
150оС–ға дейін 2 3 16-22 18,7
200 оС–ға дейін 2 3 28-36 33
300 оС–ға дейін 2 3 60-68 63,2
РТ-I – горизонты
Тығыздық гсм3 1 1 0,819 0,819
Тұтқырлық, Мпас 1 1
20 оС 1 1 5,22 5,22
50 оС 1 1 2,76 2,76
Күкірттің 1 1 0,01 0,01
150оС–ға дейін 1 1 9 9
200 оС–ға дейін 1 1 21 21
300 оС–ға дейін 1 1 58 58
Ю-II - горизонты А+Б қабаты
Тығыздық гсм3 23 39 0,8499-0,8751 0,8561
20 оС 23 39 17,86-27,85 23,19
50 оС 23 38 7-10,4 8,3
Қату температурасы 37 (-15) (-47) 21,11
Күкірттің 22 37 0,01-6 0,26
Шайырдың 9 12 2,8-3,57 3,1
Асфальтеннің 1 1 0,08 0,08
150оС–ға дейін 2 2 1-3,5 2,3
Кесте 1.5 – соңы
1 2 3 4 5
200 оС–ға дейін 13 18 1-6,5 2,7
300 оС–ға дейін 39 39 31-47 37,2
Ю-I – горизонты
Тығыздық гсм3 4 10 0,8419-0,8595 0,8556
20 оС 4 10 13,31-34,69 24,39
50 оС 4 10 5,01-10,82 8,56
Қату температурасы 4 9 (-45) (-15) -26,8
Күкірттің 4 9 0,01-0,13 0,068
Шайырдың 3 6 2,84-4,32 3,3
150оС–ға дейін 1 1 5 5
200 оС–ға дейін 1 1 10 10
300 оС–ға дейін 4 10 28-44 34
Ne – горизонты
Тығыздық гсм3 5 7 0,8605-0,8660 0,8621
Тұтқырлық, Мпас, 5 7
20 оС 5 7 29,96-38,97 34,639
50 оС 5 7 (-15) (-46) -20,6
Күкірттің 5 7 0,03-0,18 0,064
Шайырдың 1 4 3,6-3,9 3,75
Асфальтеннің 5 7 0,04-0,06 0,05
200 оС –ға дейін 1 1 2,5 2,5
300 оС–ға дейін 4 6 26-40 30,8
1.6 Гидрогелогиялық жағдайы
1999 жылдан 2013 жылға дейін қабат суларының химиялық қасиеті 47
сынамадан анализ жасау арқылы алынған. Бұл кен орнында мұнайсу байланысы
бар интервалдан ғана сулар сынаққа алына бастаған.
Неоком горизонтының суы 8 сынамамен зерттелген. Су тұздылығы 17,50-19,20
оБе, меншікті салмағы 1,1338-1,1514 гсм3. Судың минералдануы 204,779 -
288,900 гл аралығында.
Қабат температурасы - 260С, есептелген қабат қысымы - 7,2 МПа. 6
ұңғымада 656-652 м тереңдікте су дебиті 14,1м3тәул тең болған.
Ортаюра горизонтының суы 26 сынама арқылы анықталған. 5 ұңғымада су
дебиті 78 м3тәул тең болған. Су тұздылығы 14,3 - 24,10оБе, меншікті
салмағы 1,1076 – 1,1972 гсм3. Судың минералдануы 250,836 -306,678 гл
аралығында. Су тұтқырлығы 1,23 сПз (J-III горизонты).
Триас горизонтының суы 11 сынама арқылы анықталған. Су тұздылығы 15,6-
21,30Бе, меншікті салмағы 1,1516-1,1703 гсм3. 8 ұңғымада су дебиті 1,24
м3тәул, 7 ұңғымада 8,8 м3тәул тең. Судың минералдануы 177,641-256,687
гл. Су тұтқырлығы 0,968-1,58 спз. Су дебиті 1,24-8,8 м3тәул, қабат
температурасы 43-450С; есептелген қабат қысымы 15,4-16,3 мПа.
Пальмер сипаттамасы бойынша, судың барлығы тұзды, III класс сулары.
Сулин классификациясымен, су хлоркальциелі, хлорид тобынан, натрий
топшасынан болады.
Су тұтқырлығы тереңдеген сайын азая бастайды. Мысалы, III юра
горизонтынан 1,23 сПз - V триас горизонтына 0,99 сПз дейін азая бастаған.
Сурет 1.6 - IV-VI' сызықтары бойынша геологиялық қима
1.7 Жүргізілген геологиялық жұмыстарын сараптау және бағалау
Тарихын 1993 жылдан бастаған Шығыс Мақат кен орнында бастапқыда
қазылған 92 ұңғыманың бүгінде 63-сі мұнай беруде. Геологты кен орнының
жүрегі деуге болады. Өйткені, мұнай көзі анықталғаннан кейінгі барлық
жұмысты атқаратын солар, ұңғымалардың жәйін, қысымдылығы мен қызметін күні-
түні бақылайтын да геологтар. Олар қиындығы мен қызығы мол мамандықты
игеріп, қабат-қабат жер астынан қара алтынды шығарғанша маңдай терін
сыпырып еңбек етуде.
ҚазМұнайГаз Барлау. Өндіру АҚ өткен жылдың аяғында Директорлар
кеңесінің кезекті отырысында бекітілген 2015 жылдың бюджетіне сәйкес
мұнайшылар биыл жалпы көлемі 2,8 млн. тонна (тәулігіне 57 мың тонна
баррель) қара алтын өндіруді межелеп отыр.
Кесте 1.7 - Кен орында жүргізілген геологиялық және геофизикалық зерттеу
жұмыстары
Жұмыстарды жүргізген Жұмыстар түрі жәнеЗеттеулердің негізгі нәтижелері
ұйымдар атауы, жыл масштабы
1. ВНИИ геофизика, Аэромагниттік Әрбір 100мэрстед сайын изокүш
1985-1986 жылдары суретке түсіру, қимасы бар, М1:1000000 магниттік
М1:1000000 карта тұрғызылған.
2.Казнефтегазгеофиз Гравиметрикақ Әрбір 10мгал сайын
разведка 1987 жыл суретке түсіру, изоаномалқимасы бар, М1:500000
М1:500000 гравиметрикалық карта
тұрғызылған.
3. ВНИИ геофизика, Гидромагниттік 10х10км торап бойынша
1987ж зерттеулер, гидромагниттік зерттеулер
М1:500000 жүргізілген.
4. Геотомо, МОГТ аймақтық жәнеҚабат горизонттары бойынша
1984-1987 жылдар. нақты жұмыстар. құрылымдық карта тұрғызылған.
1.7.1 Далалық геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстары
Бүгінгі таңда Ембімұнайгаз АҚ өндірістік бағдарламасында өндіріске
жаңа техникалар мен технологияларды енгізу және олардың сапасын анықтау,
электр энергиясының, жанар-жағармайдың шығындарын азайту жолымен өзіндік
құнын төмендетуге бағытталған тәжірибелік-өндірістік сынақ жұмыстары
жүргізілуде.
2012-2014 жылдар аралығында тәжірибелік-өндірістік сынақтар бағдарламасы
аясында мұнай және газ өндірудің басты бағыттары бойынша мұнай-газ өндіруші
төрт еншілес басқармада жаңа техника мен технология жөніндегі 23 жоба
жүзеге асырылды. Сондай-ақ болашағы бар екі енгізілімді өткен жылдың
еншісіне жазуға болады. Оның бірі – тұзды ерітінділі тораптың енгізілуі.
Соның нәтижесінде жөндеуден өткен ұңғының қалпына келтірілу мерзімі
қысқарды және жерасты өнімін ластайтын түрлі компоненттерден қорғап,
физикалық-химиялық сипаттамасын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Жаңа тәсіл
Шығыс Мақат кен орнында ойдағыдай енгізіліп отыр. Мұндай тәсілдер бұрын-
соңды акционерлік қоғам тарихында қолданылып көрген емес.
Сурет 1.7.1 - РТ –V өнімді горизонтының құрылымдық картасы мен I -I
профилі бойынша геологиялық қима
1.7.2 Жүргізілген іздеу мен барлау жұмыстары туралы мағлұмат
ЕмбіМұнайГаз АҚ қарайтын Шығыс Мақат кен орны компаниядағы игеру
кезеңіндегі 23 компанияның ішіне кіреді. Оның ішіндегі 5 кен орын өсу
кезеңінде. Соның бірі – Шығыс Мақат кен орны. Өткен ғасырдан келе жатырған
кеніш болса да, әліде зерттелмей келе жатырғын қабаттары жетерлік.
Шығыс Мақат кен орнында 2011 жылы триасты шөгінділерге 1 501 м
тереңдігімен №105 ұңғыма бұрғыланды, ұңғыма геологиялық себептермен
жойылды. Сол 2011 жылдары кен орын іздеу барлау жұмыстарын жетілдіре
жүргізе бастаған еді. Ал 2014 жылдан бастап бағалау және барлау ұңғымалары
қазыла бастады.
Ембімұнайгаз АҚ қорында 01.01.2014ж қараған күнінде 41 мұнай кенорыны
бар. Соның ішінде:
– игеруде – 36 мұнай кенорыны;
– консервацияда – 5 мұнай кенорыны.
Жыл сайын 70 өнім беру және 10 барлау ұңғысы қазылады. Жоспарлы түрде
өткізілетін сейсмикалық және барлау бұрғылау жұмыстары арқасында соңғы
жылдары мұнайлы көлем С.Нұржанов, Шығыс Мақат және Батыс Прорва
кенорындарында өсті. Ол болашақта мұнай мен газ көлемін көп өндіруге
көмектеседі. Кен орнына жүргізілген іздеу-барлау жұмыстары ҚазМұнайГаз
Барлау. Өндіру компаниясының еншісінде. Сонымен қатар, Бір барлау
ұңғымасында геолого – техникалық зерттеулер ТОО Атыраугеоконтроль
көмегімен жүзеге асады. Барлау алды 4 ұңғымадағы гидродинамикалық
зерттеулер ТОО Геос компаниясының көмегімен іске астуда. Бір барлау
ұңғымасындағы геофизикалық зерттеулер Шлюмберже Лоджелко Инк., ТОО
Атыраупромгеофизика, АО Казпромгеофизика атты ірі компаниялардың
арқасында орындалып жатыр.
1.7.3 Терең бұрғылау ұңғымасы жайлы сипаттамасы
Мұнайдың қасиетін анықтау 17 сынама арқылы 11 терең бұрғылау ұңғыманан
жүргізілген болатын. Атырау қаласындағы технологиялық зерттеу орталығында
мамандар терең сынамаларды зерттеді. Ең көп сынама II юра горизонтынан
алынды (10 сынама): I юра горизонтынан 3 сынама, неоком горизонтынан 1
сынама, V пермтриас горизонтынан 3 сынама.
Қорыта айтатын болсақ, тереңдік өскен сайын, мұнайдың тығыздығы,
тұтқырлығы сияқты параметрлері төмендеп, көлемдік коэффициенті және газ
қоспасы құрамы жоғарылай бастады.
Ортаюра периодына сай мұнай құрамы физика – химиялық қасиеттерінің
өзгешелігімен ерекшеленеді. Қабат мұнайы тығыздығы 45 ұңғымадан 0,7433гсм3
(сынау аралығы 820-823 м; 826-830 м), ал 6 ұңғымада 0,8059гсм3 (сынау
аралығы 825-832 м). Динамикалық тұтқырлық мәні де әр ұңғымада әрқалай. 10
ұңғымада 1,6 МПа(с в (сынау аралығы 818-827 м.) 8 ұңғымада 5,4 МПа(с в
(сынау аралығы 817-827 м.). Жалпы сепаратордан өткен мұнай тұтқырлығы
10,7 мкм2с в - 27,6 мкм2с аралығында.
Қабат температурасы 30-38°С және қысымы 6,24-9,21 МПа болғанда, қанығу
қысымы 1,70 - 6,65 мПа. Көлемдік коэффициент 1,0710 - 1,1890 аралығында.
Юра кенішіне қатысты қабат мұнайының газ қоспасы құрамы 9,15-42,50 м3тн.
Триас мұнайының физика – химиялық қасиеті 3 сынама арқылы анықталды.
Мұнай тығыздығы 0,5903-0,6286 гсм3. Тұтқырлығы 0,179-1,34 МПа(с.
Сепаратордан өткен мұнай тұтқырлығы 2,821-3,3852 мкм2с. Қабат
температурасы 38-43°С және қысымы 13,56-16,31 МПа болғанда, қанығу қысымы
10,10 - 13,60 МПа. Көлемдік коэффициент 1,6305 -1,8123 аралығында. Триас
кенішіне қатысты қабат мұнайының газ қоспасы құрамы 180,24-269,5 м3тн.
1.7.4 Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістері мен интерпретацияланған
мәлімет қорытындысы
Шығыс Мақат кен орны 1993 жылы игеру процесіне түскеннен бері, 2006 жылы
Каспиймунайгаз басқармасы дайындаған жоба бойынша қызметін атқарып жатыр.
Құрылымын 1986 жылдарға дейін өткізілген геофизикалық жұмыстар
анықтаған. 1984 – 1987 жылдары ортақ тереңдік нүкте әдісімен сейсмобарлау
зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ол туралы жоғарыда айтылып кеткен болатын.
Тұзүсті күмбездерінің қимасында бор, ортаюра, триас периодына жататын
мұнай мен газға қаныққан қабаттар бар. II-J2 (А қабаты) – мұнай, II –J2 (Б
қабаты) – газ-мұнай, III-J2 – мұнай, IV-J2 – газ, T–I –мұнай, T–II – мұнай,
T-III – газ –мұнай, T–IV – газ-мұнай, T- V – мұнай.
3Д сейсмикасымен жасалған интерпретация қорытындысы оңтүстік – батыс
бағытындағы юра қабатында ешқандай тектоникалық бұзылулар жоқ екенін
анықтады. Ал триас қабаттары туралы мәліметтер аз амплитудалы тектоникалық
бұзылулардың бар екендігін растады.
1.7.5 Сынамалау қорытындысы мен әдістемесі, көлемі және ұңғыманы
зерттеу мен сынау
Шығыс Мақат кен орнында жер бетіне шыққан мұнайдың физика - химиялық
сипаттамасын анықтау үшін 35 ұңғымадан 76 сынама алынған болатын. Сынама
үлгілерін ары қарай зерттеп, білу үшін аналитикалық жұмыстар Атырау
қаласындағы технологиялық зерттеу орталығында жүзеге асқан. Олардың ішінде
неоком горизонтына - 7 анализ, I ортаюра горизонтына - 10 анализ, II
ортаюра горизонтына - 39 анализ, III ортаюра горизонтына – 1, I триас
горизонтына – 1, IV триас горизонтына – 3 , V триас горизонтына – 15 анализ
жасалған еді. Сонымен қатар, сепаратордан өткен мұнай тығыздығын анықтау 17
саралау жұмыстары арқасында орындалды. Неоком горизонтына – 1, I ортаюра
горизонтына – 3, II ортаюра горизонтына – 10, V ортаюра горизонтына – 3
анализ жұмыстары жүргізілген болатын.
10 сынама арқылы мұнайда еріген газдың компоненттік құрамы анықталып,
бірінші ретті ажырату процессі стандартты жағдайда жүзеге асқан болатын.
Ілеспе газдың компоненттік құрамы 61 сынама арқылы зерттеліп алынды.
Барлығы 71 сынама. Олардың ішінде неоком горизонты бойынша 8 сынама
үлгісі, I юра горизонты - 11, II юра горизонты –32, I триас - 1, III триас-
2, IV триас –3, V триас горизонттары бойынша – 14 сынама үлгілері алынды.
Су тұздылығы 15,6-21,30Бе, меншікті салмағы 1,1516-1,1703 гсм3. 8 ұңғымада
су дебиті 1,24 м3тәул, 7 ұңғымада 8,8 м3тәул тең. Судың минералдануы
177,641-256,687 гл. Су тұтқырлығы 0,968-1,58 спз. Су дебиті 1,24-8,8
м3тәул, қабат температурасы 43-450С; есептелген қабат қысымы 15,4-16,3
мПа. Динамикалық тұтқырлық мәні де әр ұңғымада әрқалай.
Газ сынамаларын зерттеу барысында ең негізгі компонентер – метан, этан,
пропан, изобутан болып есептеледі. Үлгіде метан 61,42-92,39 %, этан 3,03-
26,79%, пропан 0,32-11,90%, азот 0,27-4,44%, қос қышқылды көміртек 0,10-
0,80% ,гелий 0,0317%. болу керек.
1.7.6 Коллектор мен жабындының физикалық – литологиялық сипаттамасы және
кернді зерттеу
Кен орнындағы ұңғымаларды бұрғылау барысында керн алынған. Керннің
қабаттың коллекторлық қасиеттерін анықтау барысында тигізер көмегі өте зор.
Кесте 1.7.6 - Керннің өткізгіштігі мен кеуектілігі
Анықтау тәсілі ӨткізгіштікАшық кеуектілік
Атауы , коэффициенті,
мкм2 бірл.б
1 2 3 4
РT-V
Ұңғыма 2 2
саны,бірлік
Анықтау 2 4
тәс.саны,бр
Орташа мәні 0.0161 0.24
Кернді зертханалық
зерттеу
Вариация коэф, 18.2 21.3
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.0115-0.020.18-0.34
Орташа мәні 0.241
Вариация коэф, 39.2
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.180-0.396
РT –IV
Ұңғыма 3 6
саны,бірлік
Кернді зертханалық
зерттеу
Анықтау 3 20
тәс.саны,бр
Орташа мәні 0.0431 0.20
Вариация коэф, 23.9 45.5
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.004-0.1160.10-0.29
РТ-I
Ұңғыма 1 1
саны,бірлік
Анықтау тәсілі 4 5
Кернді зертханалық саны,бр
зерттеу
Орташа мәні 0.3445 0.28
Кесте 1.7.6 – соңы
1 2 3 4
Вариация коэф, 32.7 24.7
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.006-1.0700.26-0.30
II – J2
Ұңғыма 5 9
саны,бірлік
Кернді зертханалық
зерттеу
Анықтау тәсілі 15 27
саны,бр
Орташа мәні 0.5052 0.24
Вариация коэф, 35.8 51.3
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.001-0.1460.08-0.33
I – J2
Ұңғыма 2 7
саны,бірлік
Кернді зертханалық
зерттеу
Анықтау тәсілі 4 13
саны,бр
Орташа мәні 0.5052 0.26
Вариация коэф, 32.1 26.8
бірл.б
Өзгеру интервалы 0.015-1.1540.15-0.34
Неоком горизонты
Ұңғыма -
саны,бірлік
Кернді зертханалық
зерттеу
Анықтау тәсілі -
саны,бр
Орташа мәні -
Вариация коэф, -
бірл.б
Өзгеру интервалы -
1.7.7 Мұнай, газ бен конденсат қоры
Шығыс Мақат кен орны – Доссор мұнайының 45 пайызын беріп отырған бұл
аймақтағы ең ірі кен орны.
Ембі ауданындағы мұнай кен орындары үлкен аумақта жартылай шөлді, халық
аз қоныстандырылған жерде орналасқан. Мұнаймен бірге бұл жерде ілеспе газ
өндіріледі. Шығыс Мақаттада дәл осы жағдай орын алған.
Ембі кен орындарының ішіндегі өндіру көлемі жағынан ең ірісы - Шығыс
Мақат кен орны.
Дәлелденген қор 1Р – 11,4 млн баррель, дәлелденген және ықтималды қор 2Р
– 29,2 млн баррель, дәлелденген, ықтималды және мүмкін болатын қор 3Р –
39,4 млн баррель.
2 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Кен орнын игерудің қазіргі жағдайына анализ жасау
2.1.1 Кен орнының игеру және жобалау тарихы
Соңғы жылдары мұнай өндірісі Қазақстанда қарқын ала бастады. Мұнай мен
газ өндіру саласымен ҚазМұнайГаз ҰК айналысады. Жаңа технологияларды
қолданудың арқасында, 2015 жылы өндіруді 1,4 есеге өсіру жоспарлануда, яғни
84 млн. тн дейін көтеру. Қазақстан экономикасын жақсарту осы компаниялардың
ерен еңбегінің нәтижесі. Соңғы 20 жылда ашылған кен орындарының бірі -
Шығыс Мақат.
Кен орын 9 өнімді қабаттан тұрады.
Біреуі - Неоком жүйесінде (К1nc);
үшеуі Ортаюра жүйесінде (Ю-I, Ю-II, Ю-III);
бесеуі пермтриас жүйесінде (РТ I-V).
Неоком кеніші тектоникалық экрандалған, мұнайдан тұрады.
Ортаюра кенішіндегі Ю-I және Ю-II - мұнайгазды, Ю-III-газды қабаттардан
тұрады.
Пермтриас кеніші РТ- I және РТ-V – мұнайлы, РТ-II, РТ-III – газды, РТ-
IV – мұнайгазды қабаттардан тұрады.
Шығыс Мақат кен орны 1993 жылы игеруге берілді. Күні бүгінге дейін 2006
жылы Каспиймұнайгаз басқармасы дайындаған жоба бойынша игеріліп келеді.
Тұзүсті күмбездерінің қимасында бор, ортаюра, триас периодына жататын мұнай
мен газға қаныққан қабаттар бар.

анықтады. Ал триас қабаттары туралы мәліметтерге сүйенсек, аз амплитудалы
тектоникалық бұзылулардың кен орнын 5 бөлікке бөлгендігі расталды.
Кеніш түрлері литологиялық – экрандалған, тектоникалық – экрандалған,
қабатты, жинақталған болып келеді. Литологиялық өнімді қабаттар құм –
алевролитті тау жыныстарының кезектесіп орналасуынан тұрады. Тау
жыныстарының негізгі бөлігі – ұсақ түйірлі құмдардан, шала цементтелген
құмдақтардан, ұсақ және ірі түйірлі алевролиттерден тұрады.
Жоғарыда айтып кеткендей, кен орнының барлық өнімді қабаттары 3 нысанға
жіктелген. I нысан – I, IV және V пермтриас горизонттары, II нысан – I, II
ортаюра горизонттары, III нысан – неоком горизонты.
2010 жылы Шығыс Мақат кен орнындағы мұнай мен газ қорын қайта есептеу
құжатына есептеме жасалған болатын. Триас өнімді қабатында жүргізілген 3Д
сейсмиканы қайтаинтерпретациялау және жаңадан бұрғыланған ұңғымалардың
нәтижесінде геологиялық және геофизикалық өзгертулер қор мәліметтерін қайта
есептеуге алып келді.
Кен орын бойынша бастапқы теңгерімдік қор 10313,0 мың.тн, алынатын қор
5427,0 мың.тн. Қалдық алынатын қор 2155,733 мың.тн. Игеру басталғаннан бері
3271,267 мың.тн мұнай және 3452,796 мың.тн су өндірілген. Жылдық есептеме
бойынша 221,121 мың.тн мұнай және 529,250 мың.тн су өндірілген. Қор өндіру
– 60,3 %.
Кен орнындағы мұнайдың бастапқы қоры 3 млн.67 мың тн болатын. Шығыс
Мақат кен алаңындағы мұнай қабаттарының тереңдігі 700 метрден 1500 метрге
дейін жетеді. Мұнайшылар қара алтынды тұз үстімен алып жатыр.
2.1.2 Ұңғыма түрлері мен пайдалану қорына көрсеткіштік сипаттама
01.01.2014 жылға пайдалану қоры 63 ұңғыма, айдаушы 9 ұңғыма, суарынды
7 ұңғыма, бақылау ұңғымалары 5, жойылған ұңғыма саны 4. Жалпы бұрғыланған
ұңғыма қоры 92 ұңғыма.
Пайдалану қорындағы № 6 бір ұңғыма электршынжырлы сораппен жұмыс
жасайды. Қалғандарының барлығы штангілі терең сорапты қолданады. Екі ұңғыма
№ 16,35 ғана әрекетсіз режимде.
Сулану кен орнында 1995 жылдан бастау алады. Суланғаннан бері 4227,25
мың.м3 су айдалған екен. Соның арқасында 1995 жылдан бері қосымша 3921,5 тн
мұнай өндірілген.
2013 жыл бойынша 192 геологиялық және техникалық шаралар орындалған.
Соның арқасында қосымша 3053 тн мұнай артық өндірілген.
Жойылған ұңғымалар қорындағы бір ұңғыма жұмыс істеу қайта келді. 19
ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның есебінен 10209,6 тн
мұнай артық өндірілді.
Кесте 2.1.2 - Шығыс Мақат кен орнындағы ұңғымалар қорының нақты
көрсеткіштері
Нақты Өлш. Жылдар
көрсеткіштебірл.
р
2008
2008 2009
I 49,8 3,8 20,0
II 72,8 5,6 17,1
III 110,0 8,4 11,3
IV 168,0 12,9 7,4
3.3.1 Тік жуу
Шешімі:
1) Диаметрі 73 мм жуу құбырларында сұйықтың қозғалысында гидравликалық
қарсыласу кезіндегі арынның жоғалуын мына формула бойынша анықтаймыз:
(3)
Мұндағы, - судың құбыр қозғалысындағы үйкеліс коэффициенті.
Кесте 3.3.1 - Судың құбырда қозғалысындағы үйкеліс коэффициенті
Құбырлар 48 60 73 89 102
диаметрі,
мм
0,040 0,037 0,035 0,034 0,033
di – жуу құбырлардың ішкі диаметрі, м; Vm – сұйықтың төмен бағыттағы
арын жылдамдығы, мс
Кесте 3.3.1а - Судың төмен бағытындағы арын жылдамдығы
Жылдамдық Беруі (дм3с) Vm (мс)
I 3,8 1,26
II 5,6 1,85
III 8,4 2,78
IV 12,9 4,27
Мәндерін орнына қойып, 4 жылдамдықтардағы арынның шығымын аламыз:
2) Құбыр сыртындағы кеңістікте сұйық пен құм қоспасының қозғалысында
гидравликалық кедергілердегі арын шығымын мына формуламен анықтаймыз:
(3.1)
Мұнда, φ- құмның сұйықта болу нәтижесінде арынның гидравликалық
шығынының жоғарылауын ескеретін коэффициент ( ол 1,1 – 1,2 шектерінде
болады, φ=1,1 қабылдаймыз). - судың құбыр сыртындағы қозғалысындағы
үйкеліс коэффициенті. Ол диаметрлердің айырымымен анықталады 168 мм (Di=150
мм) және 73мм (dc=73 мм): 150-73=77мм. Бұл 89 мм құбырлардың ішкі
диаметріне дәл сәйкес келеді, сондықтан =0,034; dc – жуу құбырлардың
сыртқы диаметрі; Vk – құбыр сыртындағы кеңістікке сұйықтың көтерілу
бағытындағы арын жылдамдығы, мс.
Диаметрі 73 мм жуу құбырларын пайдалану тізбегінің диаметрі 168 мм
құбырға түсіреміз. Сұйықтықтың көтерілу бағытындағы арын жылдамдығы
кестеден алынады.
v'в=0,28;
v''в =0,41;
v'''в =0,62;
vIVв=0,96 мс.
Бұл мәндерді (2) формулаға қойып, құбыр сыртындағы сұйықтың құммен
қозғалысындағы арын шығымын h2 – ні анықтаймыз:
Кесте 3.3.1б - Сұйықтың құбыр сыртындағы кеңістікте қозғалу жылдамдығы
(мс)
Сұйық Пайдалану тізбегінің диаметрі, мм
шығымы q,
дм3с
146 168
СКҚ диаметрі, мм
1 2 3 4 5 6
0,01 0,01 0,17 2,14 0,45 4,9
0,03 0,07 0,19 2,39 0,5 5,35
0,05 0,19 0,21 2,6 0,6 6,25
0,07 0,36 0,23 2,8 0,7 7,07
0.09 0,6 0,25 3 0,8 7,89
0,11 0,9 0,3 3,5 0,9 8,7
0,13 1,26 0,35 3,97 1,0 9,5
0,15 1,67 0,4 4,44 1,2 11,02
3) Судың қозғалысында вертлюг және шлангадағы гидравликалық
кедергілердегі арын шығынын анықтаймыз:
I жылдамдық (h4+h5)1=7,2 м
II жылдамдық (h4+h5)2=15 м
III жылдамдық (h4+h5)3=31,8 м
IVжылдамдық (h4+h5)4=128 м
5) 73 мм айдау желісіндегі сорап агрегатынан шлангаға дейін
гидравликалық кедергілерде арын шығынын h6 анықтаймыз. Бұл желінің ұзындығы
l=50 м деп қабылдаймыз (1) формула бойынша:
6) Сораптың шығатын жеріндегі қысым (МПа);
(3.3)
Мұндағы, - шығындар суммасы, м
Мәндерін қойып, мынаны аламыз:
7) Қондырғының жұмыс кезінде түптегі қысымды есептейміз:
(3.4)
Мұндағы: H – ұңғы тереңдігі, м
(5) формула бойынша:
8) Құм тығынын жууға қажетті қуатты анықтаймыз:
(3.5)
Мұндағы: - сорапты қондырғының п.ә.к:
Сорапты қондырғының УН 1Т – 100*200 номинал пайдалы қуаты 83 кВт
болғандықтан, ол IV жылдамдықта жұмыс жасай алмайды. Сондықтан есепті тек
қана I, II, III жылдамдықтар үшін жүргіземіз.
9) Сорапты қондырғының максимал қуатында пайдалану коэффициентін
есептейік:
(3.6)
10) Шайылған құмды көтеру жылдамдығын анықтаймыз:
(3.7)
11) Таза судың пайда болғанға дейін, жуылған тығынды көтеру ұзақтылығы
мына формула бойынша есептеледі:
(3.8)
12) Сұйықты жуу күшін (соққы күші) мына формула бойынша есептейміз:
(3.9)
Мұнда Q – агрегаттың беруі; дм3с;
f – жуу құбырлардың көлденең қимасының ауданы (73мм үшін f=30,19 см2 )
F – пайдалану тізбегінің өту қимасының ауданы (F=177 см2)
3.3.2 Кері жуу
1) 168 мм және 73 мм құбырлар арасындағы кеңістікке сұйық қозғалысындағы
гидравликалық кедергілерде арынның шығынын анықтаймыз:
(3.10)
2) 73 мм құбырларда сұйықтың құммен бірге қозғалысында гидравликалық
кедергілерде арын шығындары:
(3.11)
Мұнда, Vк – сұйықтың көтерілу арынының жылдамдығы (тік жуу кезіндегі
сұйықтың төмен бағыттағы арын жылдамдығына тең). Есепте алдында анықталған
мәндерді қолданамыз:
3) Апресов К.А. – тың формуласы бойынша жуу құбырлары мен сақиналы
кеңістіктегі сұйықтар тығыздығы айырымының теңестіруінде болатын арын
шығынын анықтаймыз. Бұл формулада сақиналы кеңістік қимасының ауданы
орнына 73 мм құбырдың ішкі қима ауданын 30,19 см2 қолданамыз, h3:
Кері жуу кезінде шланга және вертлюгтегі арынның гидравликалық шығыны
болмайды (h4+h5=0)
4) Айдау желісіндегі гидравликалық кедергілердегі арын шығынын h6
анықтаймыз. Олар тік жуу кезіндегідей болады.
h6I=2,28 м
h6II=4,92м
h6III=11,11м
h6IV=26,23м
5) Тік жуу кезіндегі (4) – ші формула бойынша сораптың шығатын жеріндегі
қысымды есептейміз:
6) (5) – ші формула бойынша ұңғының түп қысымын анықтаймыз:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz