Жетісу Алатауы көлдерінде туризмді дамыту


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: ЖЕТІСУ АЛАТАУЫ КӨЛДЕРІНДЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . .
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Ағнықатты өзен бастауында туризмді дамытудың табиғи алғышарттары . . .
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Жасылкөл көлдері орналасқан таулы алқап климатының туризм мен демалысты дамытудағы алатын орны . . .
3: 10
: 2
КІРІСПЕ . . .: АҒНЫҚАТТЫ ӨЗЕНІНІҢ ЖОҒАРҒЫ АҒЫСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ . . .
3: 13
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Жетісу Алатауындағы су нысандарының туризмді дамытудағы алатын орны . . .
3: 13
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Ағнықатты өзенінің жоғарғы ағысындағы Жасылкөл көлдерін оқып үйренуді көздейтін көп күндік бағыттар . . .
3: 17
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 22
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 24
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР
3: 25
КІРІСПЕ

Жоңғар Алатауы мемлекеттік-ұлттық табиғат бағында ғылыми-танымдық және белсенді тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей тысандардың бірі Лепсі өзенінің сол жақ саласы болыр табылатын Ағыны қаттызені аңғарындағы Жасылкөл. Табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 1800-2010 метр биіктегі жер сілкіну нәтижесінде тау беткейінің құлауынан түзілген бөгелмелі көлдер ғылыми-танымдық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Жаманқотыртас тауының жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен бөгелмелі көлдердің шыршалы орман алқаптары мен таулы шалғынды ландшафттың туризм мен демалысты дамыту мүмкіндіктерін анықтап, оған әсер ететін табиғи алғы шарттарын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бұл курстық жұмысы халық жиі қоныстанған ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Сарқан өңіріндегі эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін Жасылкөл көлдерін рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.

Курстық жұмыстың мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:

  • Ағынықатты өзені аңғары мен Жаманқотыртас тауы табиғатының жалпы ерекшелігі мен оның экологиялық, танымдық және емдік-шипажайлық туризмді дамытуға тигізетін әсерін ашып көрсету;
  • Жамсылкөл көлі маңындағы табиғи ландшафттардлың тартымдылығы мен туризмді дамытудағы маңызын анықтау;
  • өңірде экологиялық, танымдық және туризмді дамытудың қазіргі жағдайына талдау жасау негізінде оны одан әрі өркендету жолдарын және өзекті мәселелерін анықтау;
  • экологиялық, танымдық туризмді дамыту үшін ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.

Курстық жұмыстың нысаны ретінде Жетісу Алатауындағы Жасылкөл көлі алынған.

Курстық жұмыстың пәні ретінде Ағынықатты өзені аңғарындағы биік таулы бөгелмелі көлдердің туризмді дамытуға мүмкілік беретін ресурстарын бағалау алынды.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. экологиялық, танымдық тау туризмді аумақтық ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді зерттеген отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысына қорлық, есептік және жобалық материалдармен қатар, минералды су көздерін тиімді пайдалану мен бағалау мәселелерін қарастырған авторлардың ғылыми еңбектері қарастырылып экспедициялық картографиялық, салыстырмалы талдау, синтездеу әдістері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәні:

- экологиялық, танымдық тау туризмді дамытудың табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарына талдау негізінде Жасылкөл көлі орналасқан аумақтың рекреациялық ресурстары жинақталып жүйеленді;

Жасылкөл көлі орналасқан аумақтың табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстарының тартымдылығын дәрежесін сипаттайтын 1:500 000, карта-сызба құрылды;

- арнайы ұйымдастырылған танымдық жорық барысында жинақталған деректерді іріктеп жүйелеу негізінде Жасылкөл көлін ғылыми-танымдық және тау туризмін дамыту мақсатында тиімді пайдалану туризмді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың жұмыстың мәтіні компьютермен терілген 24 беттен, 5 кестеден, 1 карта-сызбадан, 1 суреттен, 1 қосымшадан (4 беттік) тұрады. Әдебиеттер тізіміне 15 еңбек енгізілген. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

1 ЖЕТІСУ АЛАТАУЫ КӨЛДЕРІНДЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 Ағнықатты өзенінің бастауында туризмді дамытудың табиғи алғышарттары

Халық тығыз қоныстанған Сарқан ауданы аумағындағы Жоңғар Алатауы мемлекеттік-ұлттық табиғат бағы аумағындағығылыми-танымдық, экологиялық және белсенді тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін аумақтың бірі Ағынықатты өзенінің жоғарғы ағысындағы Жасылкөл көлдері болып табылады. Жаманқотыртас, Сарыбел, Бесбақан тауларының аралығындағы жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің көрсеткіштері, табиғи ландшафттарының тартымдылығы ерекше қорғауға алынған аумақта бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы, альпенизм мен тау туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

Лепсінің сол жақ саласы болып табылатын Ағынықатты өзені аңғарындағы көлдердіе туризмді дамытуға жер бедері мен табиғи ландшафттарының тартымдылығы әсер ететініне Жасылкөл көлдеріні ұйымдастырылған оқу-танымдық жорық барысында көзжеткіздік.

Курстық жұмыста экологиялық ғылыми-танымдық және тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін төменде көрсетілген табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтадық:

- Жаманқотыртас тауында ішкі күштердің әсерінен түзіліп, температура, жауын-шашын мен жел әрекетінен өзгеріске ұшыраған эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің жеткілікті болуы;

- Лепсі мен Басқөан өзендері аңғарының тау алды жақықтары мен аласа таулы алқаптарында тарихи-археологиялық ескерткіштерінің мол болуы;

- Отандық және шетелдік туристерді тарту арқылы туриз мен демалысты дамытуға таби, и экономикалық-географиялық жағдайының қолайлығы;

- Туризммен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін жербедерінің, климатының ландшафттарының, тартымдылығы мени тарихи-танымдық нысандарының болуы;

- Жер бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін бірегей пішіндерінің табиғат кешендерімен үйлесуі;

- Биік беткейінің таза ауасының адамның мінез-құлқына, сезімі мен денсаулығына тигізтін қолайлы мінезқұлықтық-физикалық әсері;

- Тау аңғарына теңіз деңгейімен біртіндеп биіктеуіне байланысты Теректі, Ағынықатты өзендерінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға мүмкіндіктің болуы;

Халықтың тығыз қоныстануы мен жол қатынасының қолайлылығына орай бұқаралық сипаттағы оқу-танымдық спорттық, экологиялық және тау туризмдерін дамытуға қолайлы әсер етеді.

Оған Шатырбай, Кеттібай-Борлы, Ешкіөлмес, Бесбақан жоталарының аралығындағы Лепсі ойысы мен Ағынықатты өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлі болуымен қатар эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін табиғат есекрткіштерінің мол болуы, шыршалы ормандар мен биіктаулы субальпілік шалғынды ландшафтарының тартымдылығы әсер етеді. . Жоғарыда аталған жоталардың біліктік бөлігінің ірге тасы каледон мен герцинің гранитойдтарынан тұратын ірі антиклинорилі құрылымдар болып табылатындықтан төрттік дәуіріндегі ежелгі Миндаль, Рисс, Вюрм мұзбасуларының экзорациялық әрекетінен түзілген бұйраланған қоймаңдай тастар, моренналы төбелер мен циркті көлдер оқу-танымдық және экологиялық туристік бағыттар құруға мүмкіндік береді.

Жасылкөл көлінің маңындағы Жаманқотыртас гранитті алқабының маңындағы Алмалы, Шатырбай тауларында кррозия, дефляция үрдісінің нәтижесінде түзілген Әулие тас”, “Шатыр тас”, “Тесік тас”, “Үңгір тас” сыяқты ғажайып табиғат ескерткіштері бар.

Екіаша- Жаман қотыртас - Сарыбел - Жасылкөл - Жалаңаш - Шатырбай - Теректі-Черкасскі қорғанысы - Қойлық - Қарауылтөбе ауылына дейінгі бағытта атпен немесе жаяу саяхат ұйымдастыруға болады. Бағыттың жалпы ұзындығы 110 шақырым. Ұзақтығы 5-6 күн. Оның 50-55 шақырымы автотуристік қалған 55 шақырымы жаяу туристік. Саяхат барысында ежелгі төрттік мұзбасуларының экзорациялық әрекетiнен түзіліп, сыртқы күштердің әсерінен бұзылған Баянауыл мен Көкшетаудағы ескерткіштерге ұқсас табиғи әсем мүсіндерге айналған жер бедерінің барлық пішіндерін, Ағынықатты өзенінің аңғарындағы өзіне тән микроклиматы бар жоғарғы және төменгі Жасылкөлді көзбен көріп, Сақ-ғұн, түркі замандарының тарихи-археологиялық ескерткіштерін, Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі саяси-әкімшілік және сауда орталығы болған ежелгі Қойлық қаласымен, жиырмасыншы ғасырдың басындағы тарихи оқиғалардың куәсі Черкасск қорғанысымен танысуға болады.

Ағынықатты өзенінің жоғарғы ағысындағы эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін бөгелмелі төменгі және жоғарғы Жасылкөл көлдерінің туризмді дамытудағы алатын орынын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Жетісу Алатауының солтүстігінде Теректі, Ағнықатты өзендерінің жоғарғы ағысындағы табиғи ландшафттарын рекреациялық мақсатта игерілу мүмкіндіктерін анықтау бағытында ізденіс жұмыстары жүргізіліп отырады. Нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдарынан бастап Ағнықатты өзенінің жоғарғы ағысындағы тау мұздықтарының қарқынды игеріле бастағанын анылған.

Ағынықатты өзені бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің абсолют биіктігіне қарай төмендегі топқа бөледі:

  • 700-1600 метрге жететін аласа таулы;
  • 1600-3000 метрге дейінгі биіктікті қамтитын орташа биік;
  • 3000-4500 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтитын биік таулы бөліктерге бөлінеді.

Бірінші төменгі деңгейдегі аласа тауларға сыртқы күштердің әсерінен бұзылған Кеттібай-Борлы, Алмалы, Шатырбай сияқты аридті климат жағдайында күшті денудацияланған көлбеулігі 15-20 0 , салыстырмалы биіктік айырмасы 400-500 метр аралығында ауытқитын қалдық таулар жатады. Аласа таулар мен гранидті алқаптарда төрттік мұзбасуларының экзорациялық әрекетінен түзіліп, сыртқы күштердің әсерінен өзгеріске ұшыраған экологиялық және ғылыми-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін «Шатыртас» (Алмалы тауы), «Үңгіртас» (Шатырбай тауы) сияқты бірегей табиғат ескерткіштері бар.

Жетісу Алатауының биіктік жотасынан аласа таулы алқаптарды Екіаша тау аралық ойысы бөліп тұрғандықтан орташа биік тауларға ұласатын бір тұтас белдеу түзбейді.

Қазіргі кезде аласа таулы белдеу емдік-шипажайлық және саяжайлық рекреация толық дәрежеде дамыған жақсы игерілген аумақтар болып табылады. Болашақта дельтапланеризм, ат туризмі, тау велосипеді сияқты туризмнің жаңа салалары дамуы мүмкін.

Екінші деңгейдегі биіктік белдеуіне ежелгі төрттік мұзбасуларының абляция аймағында түзілген ысырылу конустары айқын байқалатын денудациялық-тектоникалық жер бедері басым Марқатау, Жалаңаш, Жаманқотыртас таулары жатады [1] . Ежелгі мұздықтардың қозғалу аймағында тар шатқалды терең өзен аңғарлары, абляция аймағында «Мыңшұңқыр» сияқты циркті ойыстар мен моренналы төбелер түзілген. Жоғарыда аталған көлдер мен Жаманқотыртас сияқты гранитті алқаптардағы жұмырланған қойтастар мен ысырынды жыныстар анық байқалатын стратиграфиялық қималар маңызды геологиялық соқпақтары мен бағыттарды құруға мүмкіндік береді.

Орташа биіктіктегі таулы белдеудің солтүстік беткейінде 1600-1800-ден 2200-2400 метр биіктік аралығында таулы орманның қара қошқыл және таулы шалғынды топырағында, төменгі бөлігінде алмалы-доланалы жеміс ағаштары, орта бөлігінде шыршалы ормандар мен биік шөптесін өсімдікті шалғындар таралған.

Сел мен қар көшкіннің қаупі болуына қарамастан Ағынықатты өзені аңғарының орташа биіктіктегі таулы бөлігінде рекреациялық нысандарды салуға қолайлы жағдайлар бар.

Қазіргі кезеңде ғылыми-танымдық, экологиялық туризмді дамытып, шетелден туристерді тарту мақсатында 2000 жылдан бастап Лепсі, Сарқан, орман шаруашылығының кордондарында туристік соқпақтар мен қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынған.

Орташа биік таулы бөліктегі ең тартымды туристік нысан 1800-2500 метр биіктік аралығында түзілген Жасылкөл бөгелмелі көлдері.

Ағынықатты өзені аңғарындағы Үшінші биік таулы белдеуде тектоникалық-денудациялық және күмбез тәрізді альпілік жер бедері 3000-3100 метр биіктіктегі күрделілігі әртүрлі асулар басым. Оларға қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан Бесбақан, Басқантау, Көкжота сияқты ең биік жоталар тізбегі жатады. Қазақстанның тау жүйелерінде орталық жағдайға ие болуына, геотектоникалық құрылысының ерекшелігіне орай Жетісу Алатауы қазіргі мұздықтар сақтаған ірі аудан болып табылады.

Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Ағынықатты өзенінің бастауында тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін Бесбақан (4622 м) Шумский (4442 м) шыңдары орналасқан. Олар әр түрлі спорттық біліктілігі бар альпинистер үшін маңызы зор. Таудың бұл ауданындағы ең аласа асу Талды болып табылады (3504 м) . Жер бедері салыстырмалы түрде тегіс жұмыр болып келетіндіктен біліктік жоталардың шыңдары мен жалдарын қазіргі мұздықтардың фирин алаңдары жауып жатыр. Төбесі текшелі жатық болып келетіндіктен күмбез тәрізді үшкір шыңдар сирек кездеседі.

Қазіргі және ежелгі мұздықтардың абляция аймағындағы биік таулардан бастау алатын өзендердің арнасын ысырынды моренналардың бөгеп қалуынан қар сызығының шегінде Жасылкөл сияқты циркті көлдер түзілген.

Лепсі, Ағнықатты, Теректі сияқты мұздықтардан қоректенетін өзендердің аңғарларының кей бөлігіне судың бұзушы әрекетінен түзілген тік беткейлі эрозиялық шатқалдар тән. Жорық барысында биік таулы алқаптарда ылғал сүйгіш және суыққа төзімді криомезофитті, криофитті аласа шалғындық өсімдіктер бірлестігі басым болады. Өсімдіктердің негізгі бөлігін теңге жапырақ, қоңырбас пен альпілік шалғынның әртүрлі шөптесін өсімдіктерімен қатар жатаған аршадан тұратын бұталы формациялар құрайды [2] .

Биік таулы белдеу альпинизм, тау туризмі соңғы жылдары спорттың танымал түріне айналып келе жатқан тау шаңғысы сноубордты дамытуға мүмкіндік беретін технологиялық тұрғыдан міндетті рекряциялық ресурстардың мол қоры бар. Өкінішке орай, көлік қатынасының қиындығы, рекряциялық инфрақұрылымның жоқтығының салдарынан аталған биік таулы ауданда қарқынды туристік-рекреациялық іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік болмай отыр.

Спорттық сауықтырудағы маңызын ескере отырып, Ағынықатты өзені бастау алатын Жалаңаш тауында альпинизм мен тау шаңғысының базасы құрылса жыл бойы пайдалануға мүмкіндік беретін қызықты туристік бағыт пайда болар еді.

Жетісу Алатауының саяжайлық рекреацияны дамытуға қолайлы тау бөктерінен бастап құз жартасты биік тауларға дейінгі бөліктерінде жер бедерінің алуан түрлі пішінімен қатар қалың орман алқаптарының, таза сулы өзен-көлдердің, мұздықтар мен ыстық минералды бұлақтардың болуы адамдардың басым көпшілігінің жаппай демалып, денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатындағы дәстүрлі рекреациялық іс-әрәкеттерді жүзеге асыруға қолайлы аудандардың бірі болып табылады [3] . Жинақталған деректерге талдау жасай отырып Ағнықатты өзені аңғарының аласа, орташа және биік таулы алқаптарында жүргізілетін туристік-рекреациялық іс-әрекеттер түрлерін анықтап кесте құрдық (1-кесте) .

Кесте 1 Ағнықатты өзені орналасқан Жетісу Алатауының жер бедерінің сипаты мен әр түрлі биіктік белдеулеріндегі туристік-реациялық іс-әрекеттердің түрлері [11] .

Биік зоналардың

аты

Қамтылатын биіктіктер

Тау беткейлерінің көлбеулігі

Биіктік айырмасы

с метр есебімен

Рекреациялық

іс-екеттің түрлері

Туристік іс-әрекеттердің түрлері
Биік зоналардыңаты: биік таулы мұздықты
Қамтылатын биіктіктер:

3300

4500 м

Тау беткейлерінің көлбеулігі: 28-30 0
Биіктік айырмасыс метр есебімен:

700-

1000

Рекреациялықіс-екеттің түрлері: альпиниз және тау туризмі
Туристік іс-әрекеттердің түрлері:

альпиизм және тау туризмі: күрделілігі орташа (3а-4б) және төменгі (1а-2б) дәрежедегі альпинизм, ғылыми-танымдық және

тау туризмі, тау шаңғысы, хеллски

Биік зоналардыңаты:

биік таулы-

тасты

Қамтылатын биіктіктер:

3000

3300

Тау беткейлерінің көлбеулігі:

25-

27 0

Биіктік айырмасыс метр есебімен:

600-

900

Биік зоналардыңаты: орташа биік таулы шалғындар
Қамтылатын биіктіктер:

2400

3000 м

Тау беткейлерінің көлбеулігі: 20-25 0
Биіктік айырмасыс метр есебімен: 400-500
Рекреациялықіс-екеттің түрлері:

таулы

туристік, спорт-тық

сауық-тыру

Туристік іс-әрекеттердің түрлері: спорттық-туристік: тау туризмі, тау шаңғысы, сноуборт, жартасқа өрмелеу т. б. Серуендік-сауықтыру: қысқа мерзімді сауықтыру серуені, бір күндік жорықтар, шипажайда емделу
Биік зоналардыңаты: аласа таулы бұталы
Қамтылатын биіктіктер:

1000

1600 м

Тау беткейлерінің көлбеулігі: 20 0
Биіктік айырмасыс метр есебімен:

200-

250

Рекреациялықіс-екеттің түрлері: бұқаралық сипаттағы сауықтыру серуені
Туристік іс-әрекеттердің түрлері:

емдік-сауықтыру: шипажайлық емделу, емдік серуендер, климаттық

терапия, күн және ауа қауыздарын

қабылдау.

спорттық сауықтыру: тауда және жазықта шаңғы тебу, шанамен еркін сырғанау, емдік шомылу, тау вело-сипеді, атпен серуендеу туризмі. Саяжайлық рекреация: Саяжайда демалу, бағбандық,

Мәдени-танымдық: (барлық зоналар үшін) саяхаттар, экотуризм, өнер фестивальдары, спорттық жарыстар

1. 2 Жасылкөл көлдері орналасқан таулы алқап климатының туризм мен демалысты дамытудағы алатын орны

Жасылкөл көлі орналасқан Ағынықатты өзені аңғарының климат жағдайларын рекреациялық мақсатта бағалаудың маңызды міндеттерінің бірі-басқа табиғи факторлармен қатар кең көлемді рекреациялық іс-әрекеттерді дамытуға мүмкіндік беретін тартымды аудандарды анықтау болып табылады. Батысында Ағнықатты өзені бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің климат жағдайлары маусымдық демалысқа негізінен сәуір мен қазан айлары аралығында қолайлы. Мұнда жер бедеріне, тау беткейілерінің жатыс бағытына байланысты қыста қардың қалыңдығы 50-200 см аралығында ауытқиды. Тұрақты қар жамылғысы 90-120 күн сақталады. Бұл орташа және биік таулы белдеулерде тау шаңғысы, сноуборд сияқты рекреацияның басқа да қысқы түрлерін дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Жоғарыда аталғандай зерттелетін өңір аласа, орташа және биік таулы белдеулерді толық қамтуы туризм мен демалысты дамытуға қолайлы әсер ететін фактор болып табылады.

Аласа және орташа биік таулы белдеудің ашық қалыпты жылы, жартылай ылғалды ауа райы шомылу, күн және ауа қауыздарын қабылдап рекреациялық іс-әрекеттердің көптеген түрлерін дамытуға қолайлы. Осы белдеулерде қолайлы жылы маусымның ұзақтығы 3-5 айға созылады. Ал ауа райы ашық күндердің үлесі 60% жетеді. Климаттың туризммен демалысқа қолайлылығын 1-суреттегі деректер дәлелдейді.

Жиналған материалдарға жасалған талдаулар зерттелетін өңірде әсіресе жазда күннің түсу ұзақтығы біршама жоғары екенін көрсетті. Бұл демалысқа қолайлылығын арттырып, санитарлық емделудің бір қатар мәселелерін шеше отырып, туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Жылы ауа массаларының енуінен циклон әрекеті жүріп, жауын-шашынды құбылмалы ауа райы қалыптасады. Қаңтардың орташа температурасы -7°-10°С аралығында ауытқиды. Лепсі сияқты тұйық тау аралық ойыстарда антициклондық жағдайдағы ауа райы қалыптасатындықтан ауаның қарқынды суынуына байланысты қаңтардың орташа температурасы -19°С болады.

Таулы белдеудің етегінде орташа айлық температура 800 метр биіктікте -10°С және оның қайталануы 75%-ті құрайды. Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің тау аралық аңғарларында қысы қатаң жекелеген жылдары орташа айлық температура -14°-24°С-ге дейін немесе көп жылдық орташа көрсеткіштен 4°-5°С төмен болады. Аймақтың басым бөлігінде 0°С төменгі температуралы теріс радиациялық баланс 5 айға дейін, солтүстіктен суық ауа ағыны ене алмайтын оңтүстік беткейлерде 3 айға созылады.

Сәуір айының бірінші он күнінде тәуліктік орташа температура +5°С-ге артады. Құрлық бетінің қатты жылынуынан болатын температура мен қысым айырмашылығының әсерінен жылы шуақты күндердің көп жылдық орташа көрсеткіштен 3°-5°С жоғары болады [4] .

Аласа таулы алқаптарда жаз мамырдың орта шенінде, 1500 метр биікте маусымның басында басталады. Шілденің орташа температурасы 20°, 22°С. Таудың жоғарғы бөлігінде қоңырсалқын, етегінде жылы болады. Шілденің температурасы тамыздан 1°С жоғары болса, орташа биік таулы белдеуде ол көрсеткіш 0, 1°-0, 2°С тең. Шілдедегі күндізгі орташа температура 22°, 24°, 26°С аралығында ауытқиды. 800 метр биіктіктегі орташа айлық температураның 20°, 25°С аралығында ауытқуы жазғы жылу режимінің тұрақтылығын дәлелдейді. Жаздың ыстық күнінде температураның төмендеуі 1500 метр биіктікке дейін байқалмайды. Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында күз басталады. Қазанның орташа айлық температурасы сәуір айынан 1, 5-2, 5°С төмен.

Көктемде атмосфералық фронттардың жақсы байқалуына байланысты бұлтты жауын-шашынды ауа райы қалыптасады. Осыған орай, Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде жауын-шашынның басым бөлігі сәуір-мамыр айларында көбінесе жауын түрінде жауады. Арктикалық суық ауаның енуіне байланысты мамырдың өзінде тау беткейлеріне қар жаууы ықтимал. Бұл жағдайды кең көлемді рекреациялық шараларды жоспарлау барысында ескеру қажет.

Сурет 1 Лепсі ауылының климаттық диаграммасы [9]

Көктемдегі атмосфералық циркуляцияның басты ерекшеліктерінің бірі - әр түрлі ауа массаларындағы температура айырмасының жоғары болуы. Көктемнің бірінші жартысында 3200-4000 метр биіктікте қалыпты немесе қатты аязды ауа райы басым болады. Жылдың бұл мезгілінде тек биік таулы белдеулерінде ғана күндіз бұлтты ауа райы байқалады. Көктем мен күзде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы біршама жоғары. Жазда жергілікті ауа райын қалыптастыруда жетекші орынды қоңыржай және тропиктік ендіктерде түзілген жылы ауа массалары әсер етеді. Олардың қайталануы 50-60% құрайтындықтан циклон әрекеті жүргенде ауа массалары алмасуының суық кезеңдегідей температураның жылдам өзгеруін тудырмайды. Жазда температураның тәулік аралық ауытқуының аз болуы аумақты рекреациялық тұрғыда игерудің маңызын арттырады.

Қолайлы кезеңдегі салыстырмалы ылғалдылық 40-60% аралығында ауытқиды. Күн сәулесінің түсуінің орташа ұзақтығы желтоқсанда 100 сағаттан, шілдеде 300 сағатқа дейін артуы, жылдың жылы мерзімінде әр түрлі туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді жүргізуге климатының қолайлы екенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Қорықтар мен ұлттық парктер
Туризм түсінігі
Шілде айының орташа температурасы
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Тау туризмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz