Нәтижеге бағытталған білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Нәтижеге бағытталған білім беру

Жоспар.

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1. Білім беру жүйесі.

3. Жалпылама сипаттама.

4. Нәтижеге бағытталған білім беру модельі.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Ел президенті Н. Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек. »
И. В. Гете

Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Ел президенті Н. Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Президентіміз Н. Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Құзырлық - ол тереңнен берілетін білім.
«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т. Г. Браже.

Нәтижеге бағытталған білім моделі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан, олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева « . . . өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б. Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

Қ. Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

Білім беру жүйесі

Білімге негізделу, синергетика, ақпараттық-коммуникативтік революция, ғаламдық еңбек нарқы, ғаламдық әлеуметтік және геосаяси өзгерістер қазіргі қоғамның басты ерекшеліктері болып отыр. Аталған ерекшеліктер негізінде XXI ғасырдағы білім беру қоғам, жеке тұлға, табиғат, экономика, ғылым, мәдениет ұғымдарының басын біріктіре отырып, біртұтас, жүйелі түрде іске асырылуы шарт.
Бiлiмге негiзделген қоғамдағы бiлiмнiң ролiн жан-жақты қарастырған маңызды.
Бiлiм - адамзат прогресiнiң шешушi факторы:

Ашық ақпараттық қоғам кезеңiнде бiлiм -ұлттық құндылық, жеке тұлға мен қоғамды дамытудың, интеллектуалдық ресурстарды молайтудың iргетасы және капиталы болып есептеледi. Бiлiм жеке тұлғаға, қоғамға және мемлекетке сенiмдiлiк пен тұрақты дамуды, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi. Жаһандану мен ақпараттандыру кезеңiнiң тез өзгермелi талаптарына жауап бередi.
Бiлiм- бейбiтшiлiк пен өзара келiciм факторы:

Бiлiм жалпыадамзаттық құндылықтар мен этномәдени құндылықтардың өзара үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi, жалпыпланетарлық ой-өрiс пен толеранттықтың дамуына, мәденикөптүрлiлiк пен гроскомпетенттiлiктi өрiстетуге жағдай жасайды, жалпыұлттық және азаматтық сезiмдерге, қазақстандық патриотизмге тәрбиелейдi.
Бiлiм барша адамдар үшiн: Бiлiм жүйесiнде мемлекет барлық қазақстандықтарға олардың әлеуметтiк жағдайларына, этникалық, конфессиялық тегiне қарамастан бiрдей ашықтықты, еркiндiктi, кең ауқымдағы бiрдей мүмкiндiктер мен алғышарттарды қамтамасыз етедi, жеке тұлғаның жалпы мәдениетi мен функциональдық сауаттылығының қалыптасуына жағдай туғызады.
Бiлiм өмiр сүру мен еңбек ету үшiн:

Бiлiм жеке тұлғаның кәсiптiк бағдарлануын, оның өзгермелi ортаға динамикалық түрде бейiмделуiн, бәсекеге төзiмдiлiгiн, өзiндiк дамуын және қызметтiк өсуiн адамның және қоғамның мүделерiне үйлестiре отырып қамтамасыз етедi.
Өмiр бойы бiлiм алу:

Бiлiм жүйесi үйлесiмдi және өзгермелi бола отырып жеке тұлғаның өмiр бойы бiлiм алуына және үздiксiз дамуына жағдай жасайды. Әлеуметтiк -экономикалық дамудың мiндеттерiне сәйкес адамдарға кең ауқымды және бейiмдi мамандықтарды игеруге мүмкiндiк бередi.
Бiлiм - ашық жүйе:

Бiлiм басқа әлеуметтiк институттармен бiрлесе отырып тұлғаның толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi. Бiлiм алу үшiн бүкiл қоғам, отбасы, педагогикалық мекемелер, қоғамдық ұйымдар, баспасөз бен ақпарат құралдары, азаматтық қауымдастықтар, экономика әлемi, саяси ұйымдар әлеуметтiк серiктестiк құра отырып өздерiне жауапкершiлiк алады.
жоғарыда көрсетілген білімнің негізгі функцияларының толыққанды іске асуы үшін бүгінгі таңда бiлiм берудің мақсаты, мазмұны, оқыту құралдары, оқыту технологиясы, бағалау жүйесі реформалануда.

Қолданыстағы бiлiм жүйесi. Жаңа бiлiм жүйесi
Бiлiм берудiң мақсаты әр түрлi пәндер бойынша неғұрлым көп мөлшердегi бiлiм жиынтығын беру, бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыру. Жүйелi бiлiм негiздерiн практикалық iс-әрекетпен ұштастыра отырып, мектеп бiтiрушiнiң функциональдық сауаттылығын, өмiрлiк қажеттi дағдылары мен кең спектрлi құзырет-тіліктерін қалыптастыру. Яғни, бiлiм оқушыға әдiс-тәсiлдер туралы теория-лық бiлiм беру үшiн емес, сол теория-лық бiлiм негiзiнде әдiс-тәсiлдердi өмiрде қолдануға үйрету үшiн берiледi.
Бiлiмнiң мазмұны:
Бiлiм берудiң әр түрлi сатысында бiр-бiрiмен өзара үйлестiрiлмеген, қоғамның жедел дамуы заңдылықта-рымен және жеке адамның өмiрлiк мүдделерiмен, өзгермелi қажеттiлiк-терiмен байланыстырылмаған, бiлiм алушының жеке мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiне сәйкестендiрiлмеген әр түрлi пәндер бойынша стандарттарға негiзделiп жасалатын бағдарламалар аумағында шектелiп берiлетiн бiлiм жиынтығы. Жеке адамның және қоғамның өмiрлiк мүдделерiмен, өзгермелi қажеттiлiк-терiмен байланыстырылған, бiлiм алушының жеке мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiн ескерген, когнитивтiк және iс-әрекеттiк-технологиялық компетенттiлiк, функционалдық сауаттылық қалыптастыруға бағыт-талған, көп вариантты, адаптивтi оқу бағдарламалары негiзiнде кешендi және бағдарлы түрде берiлетiн бiлiм.

Бiлiм сапасын бағалау :
Бiлiм сапасын өлшеудiң басты критериi оқушының дайын күйiнде берiлген бiлiм жиынтығын жадында сақтап қалуына, яғни репродуктивтiк қабiлетiне негiзделген. Бiлiм сапасын бағалау өткен шаққа бағытталған. Өткен кезеңдегi жинақтаған бiлiмiнiң мөлшерiн бағалайды. Бiлiм сапасы стандартты параметрлермен (әдетте 5 балдық жүйемен) өлшенедi. Бiлiм сапасын бағалау субъективтi тәсiлмен жүргiзiледi, сондықтан оны дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi. Оқушының алған бiлiмi ол мектеп бiтiрген соң болашақта табысты өмiр сүруге қаншалық мүмкiндiк бередi сол бағаланады. (яғни, ол алған бiлiм жиынтығын өмiрлiк кәдесiне жарата алады ма, қажеттi дағдылар қалыптас-тыра алды ма, оның сол бiлiм негiзiнде қалыптасқан iскерлiгi мен бiлiктiлiгiн, жеткен жетiстiктерi қандай деңгейде осы бағаланады) . Жинақталған бiлiм-нiң дәрежесi ғана емес, оқушы құзыреттілігінің жетiлу динамикасы бағаланады.
Оқыту технологиясы:
Оқушы дайын күйiнде берiлетiн бiлiмдi пассивтi тыңдаушы, қабылдаушы және жауап берушi. Ол бiлiм алу процесiнде белсендi роль атқара алмайды. Оның жеке сұраныстары мен мүмкiндiктерi ескерiлмейдi.
Мұғалiм-доминант, сабақ өткiзу шарттарын анықтаушысы. Оқытудың мұндай тәсiлi оқушы ынтасын арттырмайды, керiсiнше қызығушы-лығын тежейдi, шығармашылық қабiлеттерiн шектейдi. Интерактивтi әдiстердi қолдану және бiлiм алу процесiндегi оқушы ролiн көтеру арқылы оның белсендiлiгiн, креативтi ойлау, шығармашылық-iзденiс жасау, конструкциялау, гипотетикалық ойлау және коммуникативтiк қабiлеттерiн артырады, әр оқушының, әр түрлi деңгейдегi өзiндiк бiлiм алу траекториясы болуын қамтамасыз етедi, өзiн-өзi дамыту, өзiн-өзi бағалау, интеллектуалдық рефлексия жасауға мүмкiндiк бередi.
Мұғалiм функциясы :
Мұғалiм сабақ берушi, бiлiм жиынтығын негiзiнен репродуктивтi әдiстермен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы
Білім беруді гуманитарландыру
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушыларды дифференциалдап оқыту мәні мен түсінігі
Мұғалімнің құзыреттілігі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу мәселелері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУ ОРТАСЫ
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі және даму тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz