Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе


Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік.
- Отбасындағы дұрыс емес тәрбиенің типтері.
ІІІ. Қорытынды.
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А. В. Мудрик, А. В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, С. М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А. Ю. Гавит, Э. А. Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Д. Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А. Н. Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Қоғам өмірінде отбасының маңыздылығына мемлекетте үлкен жауапкершілікпен карайды. Отбасы - болашак жастарды тәрбиелеу мен денсаулыкты нығайтуда коғамның экономикалык және әлеуметтік жетістіктерін камтамасыз етуде демографиялык процестерді жаңсартуда маңызды рөл аткарады. Онда жеке адамның мінез-кұлыктарының негізі оның еңбекке, моральға, мәдени күндылыктарға карым-катынасының негізі калыптасады. Бұл дегеніміз коғамымыздың болашағына өсіп келе жаткан болашак үрпактарымыздың экономикалык және әлеуметтік жетістіктерін камтамасыз етуде маңызды рөл аткарады. Сондыктан отбасының нығаюы үшін оған материалдык, түрғын үй, түрмыска кажетті заттармен камтамасыз ету, баланы тәрбиелеуде мемлекет тарапынан көмек көрсетудің маңызы зор.
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік .
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», »Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - коғамның аса маңызды бастапкы үясы болып табылады. Ол рухани мәдениеттің дамуын камтамасыз етеді, еңбек күндылыктарының сакталып, олардың ұрпактан-ұрпакка берілуіне катысады. Адамдардың бірлесіп өндіріс кұндылыктарын үйымдастыруда маңызы зор және ең соңғысы халык санының өсіп-өнуі осы отбасына байланысты болады. Сонымен катар, отбасы - біздің коғамымыздың жоғарғы рухани күнлылыктарлың бірі болып табылады. Отбасы - ұлттык мәдениеттің ұлттык салт-дәстүрлердің, ұлттык психологияның сактаушысы. Ол бұның барлығын ұдайы жаңғыртып отырады, бірак, сонымен бірге, өзгеріске ұшырап отыратын, әлеуметтік мәдени орта мен елдегі халыктың көп ұлтты кұрамы ыкпал-әсерінен олардың кейбірін белгілідәрежеде жокка шығарып, жойып немесе өзгертіп отырады.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз - тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері - бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
- репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру) ;
- экономикалық (өндіру және тұтыну) ;
- қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау) ;
- балаларды оқыту-тәрбиелеу ;
- эмоциялық (ерлі - зайыптылардың бірін-бірі сүюі) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz