Педагогика ғылымы туралы



1. Педагогика ғылымы. Педагогика пәні, нысаны, атқаратын қызметтері.
2. Педагогиканың негізгі категориялары.
3. Педагогиканың әдіснамасы. Зерттеу әдістері және оның түрлері.
Педагогика – күрделі ғылым. Басқа ғылымдар сияқты ол нақты жағдайлар және ережелерді өрнектеумен шұғылданбайды. Бұл ғылым педагогикалық қатынастардағы басты құбылыстарды айқындап, педагогикалық процесс себептері мен салдарын нақтылайды.
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып қалыптасуы үшін оны тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіреді, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол сөз мағынасын грек сөздері «пайдос» - бала, «аго» - жетектеу дегеннен алынған. Тікелей аударатын болсақ «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін береді.
Барлық дәуірлерді педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып, педагогикалық жүйе негізге келеді, тексеріледі, қажет болмаған тұстары қолданылыстан шығарылып, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Ұзаққа соөылған даму барысын бастан кешірген қазіргі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Сонымен, педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика өзіндік нысаны мен зерттелу пәніне ие салыстырмалы дербес білім саласы.
1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «жалпы педагогика» - 2005
2. В. Сластенин, И. Исаев, Е. Шиянов «педагогика».

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семинар
1. Педагогика ғылымы. Педагогика пәні, нысаны, атқаратын қызметтері.
2. Педагогиканың негізгі категориялары.
3. Педагогиканың әдіснамасы. Зерттеу әдістері және оның түрлері.

Әдебиеттер тізімі:
1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. жалпы педагогика - 2005
2. В. Сластенин, И. Исаев, Е. Шиянов педагогика.
Педагогика ғылымы. Педагогика - күрделі ғылым. Басқа ғылымдар сияқты ол нақты жағдайлар және ережелерді өрнектеумен шұғылданбайды. Бұл ғылым педагогикалық қатынастардағы басты құбылыстарды айқындап, педагогикалық процесс себептері мен салдарын нақтылайды.
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып қалыптасуы үшін оны тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіреді, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол сөз мағынасын грек сөздері пайдос - бала, аго - жетектеу дегеннен алынған. Тікелей аударатын болсақ педагогика сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері, ал педагог сөзі бала жетектеуші мәнін береді.
Барлық дәуірлерді педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып, педагогикалық жүйе негізге келеді, тексеріледі, қажет болмаған тұстары қолданылыстан шығарылып, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Ұзаққа соөылған даму барысын бастан кешірген қазіргі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика өзіндік нысаны мен зерттелу пәніне ие салыстырмалы дербес білім саласы.
Педагогиканың нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым және практик А.С. Макаренко болды. Оның пікірі бойынша: көпшілік педагогиканың нысаны бала деп біледі, алайда бұл жұрыс емес. Ғылыми педагогика объектісі - бұл педагогикалық дерек(құбылыс). Сондықтан да, педагогиканың нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуна себепткер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену(образование) атауын білдіреді.
Пелагогика пәні. Педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тәлім-тәрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-әрекетін және оқушылардың әрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен әдістерін әрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тәсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
oo Сипаттау немесе түсіндіру - озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу.
oo Анықтау(диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу.
oo Болжау(прогноздау) - барша педагогикалықт жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
oo Жобалау(проекттеу) - педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны мен сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты.
oo Жаңалау - тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану.
oo Ықпал таныту(рефлексифтік) және реттеу-түзетулер енгізу(коррекциялық)- ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісіне болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын түзетулерді енгізу.
Педагогиканың категориялары. Педагогиканың категориялары деп - ғылыми сараланған тұжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық ұғымдарды айтады. Педагогиканың категорияларына: тәрбие, оқыту және білім беру жатады.
Педагогиканың әдіснамасы. Қазіргі заман ұғымында әдіснама деп - ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз.
Әдіснама, яғни методология грек сөзінен алынған әдіс теориясы жайлы деген мағынаны білдіреді. Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік және прескрептивтік.
Дескрептивтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным қаңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескрептивтік әдіснама - зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол барысын белгілеп, көрсетеді.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі болып келеді. Оны ғалым Э. Г. Юдин ұсынған: философиялық деңгей, жалпығылымдық әдіснама, нақты ғылым әдіснамасы, технологиялық әдіснама.
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Екінші, жалпығылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.
Үшінші деңгей, нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.
Тқртінші деңгей, технологиялық әдіснама зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.
Педагогика ғылымының зерттеу әдістері. Педагогика ғылымы білім беру, оқыту және тәрбиелеу процесінде жеке тұлғаның қалыптасып дамуына қажетті теориялық мәселелерді зерттеп, анықтау үшін ғылыми тұрғыда дәлелденген әдіс-тәсілдерді қолданады.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері - білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің
жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен
қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың
жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс
қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені
зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау,
əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық
жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық
құжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау
мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы.
Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты
нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша
жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазақ педагогикасының тарихы
Жауаптар педогогика
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Пәндер